Шыныбаев Музаппар Адамбекович 3 страница



Қызыл крплак - қанық қызыл (пурпур) түс. Мөлдір және басқа бояумен араластырганда жеткілікті қатты. Жасыл түспен араластыруға болмайды, қарайып кетеді.

Заттардың пропорциясын байқау және жарық көлеңке заңдылығы

Пропорция сөзі латын тілінен аударылғанда "арақатынас" немесе шамалас" деген ұғымды білдіреді. Бейнелеу өнерінде "пропорция" деп бейнелеуші нәрсенің бөлшектерінің өлшемдік қатынасы, немесе туындыдағы бейнеленген жеке нәрселердің өлшемдік сәйкестілігін айтады. Әр нәрсенің өзіндік пропорциясы, яғни нәрсенің жалпы биіктігінің өлшемі сол нәрсенің жекелеген бөлшектерінің өлшемдік қатынастарынан тұрады. Мысалға, әрбір келесі сан алдыңғы сандар бірлігінен тұратындығы секілді: 1,1,2,3,5,8,13, т.б.

Сол бірінші өлшем бірлігіндегі адамның белінен табанына дейінгі арақашықтық, екінші өлшем бірлігіндегі адамның тебесінен ортаңғы саусағына дейінгі арақашықтыққа тең болады. Осыған орай адам табиғатындағы немесе жалпы қоршаған ортадағы өлшемдік ара қатынасты эллиндіктердің білгенін ұлы математик Эвклид өз еңбектерінде жазды. "Бұл арақатынасты мен "алтын бөліну" деп атаймын" деген болатын Леонардо да Винчи. [ 20]

Әр нәрсенің пропорциясы оның құрылысының ерекшеліктеріне тығыз байланысты. Сондықтан да жазықтық бетінде құмыраның дұрыс пропорциялық бейнесін тұрғызу үшін, оның көлемі қандай геометриялық фигураларға ұқсайтын бөлшектерден тұратындығын анықтап, олардың өзара өлшемдік қатынасын салыстыра отырып бейнелеу қажет.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 Ал туынды бірнеше нәрселерден тұратын болса, онда олардың бейнесін бір-бірінің өлшемдік ерекшеліктеріне байланысты салыстыра отырып бейнелейді.Сурет салғанда заттың өзіне тән ерекшеліктерін, оның пропорцияларын: биіктігінің көлденеңіне, бір бөлігінің екінші бөлігіне шама қатынасын анықтап алу қажет.Сурет саларда алдымен кескіннің кағаз бетіне дұрыс орналасуын, оның белгілі бір жағында тым көп ашық орын қалмауын ойластырып алған орынды.Ол үшін суреттін, жоғарғы және төменгі, оң жағы мен сол жағындағы шекараларын белгілеп алу керек. Бірақ шеттерінен кағаз жиектеріне жеткізбей, белгілі мөлшерде ашық орын калдырған жөн. Өйткені, қағаз жиегіне тақап салынған сурет онша әдемі болып көрінбейді.Салынатын суреттің бөліктерінің өзара қатысы дұрыс көрсетілмеген болса, перспектива кұрылысы, жарық пен көлеңке, бояудың түсі жақсы берілгенімен сурет жақсы болып шықпайды.Заттың пропорцияларын дұрыс беру - оның өзіне қарап сурет сала білудегі басты міндеттерінің бірі. Пропорциялық қатыстар дұрыс берілгенде ғана көрушілер салынған суретті нанымды қабылдайды. Суреттегі өлшемдер қатысы нәрсенің өзіндегі өлшем қатысына тең болуы керек. Қарындашпен шаманы анықтағанда қолды алға барынша созып тұрып өлшеген жөн. Олай етпесе, дұрыс өлшенбейді. "Визирлеу" әдісіне онша көп әуестенбеу керек, өйткені бұл көзбен мөлшерлеуді дамытуға кедергі келтіреді, егер ұдайы жаттығудын, арқасында көзбен мөлшерлеу күшті дамыған болса, визирлеп өлшеуге қарағанда нәрсе көлемін пропорциялық өлшем бірлікке бөліп қарастыру ежелгі дәуірден "алтын бөліну" (золотое сечение) деген атаумен белгілі. "Егер адамның белінен табанына дейінгі өлшемі мен сол белінен төбесіне дейінгі өлшем адамның жалпы биіктігін құраса; сол сияқты, қолын жанына жіберіп тұрған адамның төбесінен ортаңғы саусағының ұшына дейінгі өлшемі мен сол ортаңғы саусағының ұшынан табанына дейінгі өлшем адамның жалпы биіктігін құрайды. Көзбен мөлшерлеу дәлірек болып шығады. Жарық, көлеңке - бейнелеу өнерінде заттардың көлемін, пішінін шынайы көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады. Егер геометриялық денелерді жазықтық бетіне тек сызықтармен бейнелеп қойсақ, онда ол денелер сымнан жасап қойған тәрізді болады. Осы денелер бейнесіне жарық, көлеңке реңін түсіріп бояу аркылы ол денелердің кеңістіктегі шынайы пішінін, көлемін, қандай материалдан жасалғаның жазықтық бетінде көрсетуге болады.Бейнеленетін объектілердің жарық түсіріп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады. Заттың жарық көзінен сәулелер түспейтін жақтары меншікті көлеңке деп аталады. Жарық түсіп тұрған заттан екінші заттың бетіне түсетін көлеңкені түспе көлеңке деп атайды. Жарықтан көленкеге ауысар жері шала көлеңке деп аталады. Мөлдір нәрселергежарықтың, тікелей түсіп, шағылған бөлігі жылт деп аталады.

Меншікті көлеңкенің жарықтау жерлерінде рефлекстер болады. Бұлар жақын тұрған заттардан шағылысқан сәулелердің меншікті көлеңкеге түсуінен пайда болады. [21]

Жылтыр немесе мөлдір заттардың бетіне түскен өте ақшыл даңтарын көру киын емес. Бұл - заттың өзіне түскен сәулелерді ең көп шағылыстыратын жері. Бұл дақтар заттардың дөңес және ойыс бетінде, сондай-ақ олардың қырларында көбірек байқалады.                                                                                 Бейнелеу барысында заттың қай бөліктеріне жарық түсіп тұрғанын дұрысажырату үшін жарық көзінің қандай екендігін, сондай-ақ жарық сәулелерінің бағытын анықтап алудың маңызы зор.Суретте жарық пен көлеңке өң арқылы беріледі.Өңнін қоюлығы не бәсеңдігі заттың көлеңкелері мен оған түскен жарықтың арасындағы қатынастарға сәйкес болып шығуы тиіс.Бейнелеуші объектінің түс қатынастары суреттегі өңдердің, қатынастары арқылы берілуі керек.Түстердің және жарық пен көлеңкенің үйлесімін берген кезде ақшыл нәрседегі мысалы гипстегі көлеңке қара нәрседегі жарықтан ашығырақ болатынын есте ұстаған жөн. Өңі берілетін суреттерді салғанда өңдер қатысын салыстырып, аңықтап алу керек.

Сурет салғанда ең алдымен заттың жарық түсіп тұрған бөлігіндегі ең жарық нүктені, көлеңке түсіп тұрған бөлігіндегі ең күңгірт жерді тауып алуға тырысу керек, әлбетте рефлексті де ұмытып кетуге болмайды.

Суреті салынатын нәрсенің жарық түсіп түрған бөлігі рефлекстен әрдайым жарығырақ болуы тиіс.                                                                                                                                                                                                                                                                    

Суретте өң тұтас берілуі керек. Суреттегі өң нәрсенің пішінін, түсін және жарықтың түсуін берудің құралы болып табылады. Заттың сыртқы бетінің түсі өңі деп аталады.

Пропорциялар мен негізгі пішіндерді анықтағанда түсіп түрған көлеңкелердің шетінен бастамау керек, өйткені олар заттардын негізгі пропорцияларын да, бедерін де белгілемейді. Тіпті бұл көлеңкелер кейде заттың пішінің мүлдем бұзып, оның көзге түсіп тұрған пропорцияларын бұрмалап, өзгертіп, бүлдіріп те жібереді.Көлемді пішінді салғанда оған түскен жарықты, ақ дақты, жартылай өңді, көлеңке мен рефлексті таба білу міндетті шарт екендігі әрдайым есте болу керек.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  Жарық пен көлеңке арасындағы айқын қарама-қарсылық контраст деп аталады. Заттар бақылаушыға неғұрлым жақын тұрса, жарық түсіп түрған беті менкөлеңке арасындағы контраст соғұрлым күңгірттеу болады. Сондықтан алдынғы планда контрасттар мейлінше ашық болады да, екінші, үшінші, одан арғы планда контраст азая береді.Сонымен, бақылаушыдан алыстаған сайын, нәрсенің жарық түсіп түрған жерлері біртіндеп күңгірттене береді, ал күңгірт жерлері бұлдырлана түседі. Сурет салғанда нәрсенің көлемін барынша айқын етіп көрсетуге талаптану.Жарық пен көлеңкені дұрыс түсіру аркылы нәрсенің көлемін дәл беру, суреті салынып отырған заттың жарық жерлер мен күңгірт жерлерінің қатынасы зер салып қарауды қажет етеді. Жарық пен көлеңкені нәрсенің негізгі пішіндерімен бір мезгілде белгілеген жөн.

Сөйтіп біз жарық пен көлеңке жөнінде біршама түсінік алдық. Мұның есте сақтап, сурет салғанда дұрыс пайдалана білу керек.Суретін салып отырған затымыздың жарық пен көлеңке шекараларын айырып алудан бұрын заттың жоғарыда атап өтілген анықтамасы бойынша пропорцияларын ескере отырып, оларды дұрыс сала білу керек. Кез келген суретші өзінің болашақ шығармасын жасауға кіріспес бұрын, оған керекті кейбір нәрселердің сырт нобайын тездетіп қағаз бетіне түсіріп алады.   Заттың өзіне қарап отырып шапшан, нобайлар салу суретшінің шығармашылық процесінде маңызды рөл аткарады. Ұзақ уақыт салынатын суреттен айырмашылыгы сол, нобайларда бейнелеуші объектілердегі ең басты нәрсе, жалпы әсер беріледі. Сонымен бірге оларда заттың пішіні, пропорциясы, көлемі, бейнелеуші адамның психологиялық жай-күйі дұрыс, нанымды берілуге тиіс.

Нобайлар үйрену, танып-білу мақсатында жасалуы мүмкін. Мұндай  жағдайларда сурет заттың өзін, айналадағы өмірді зерттеп, танып-білудің, шеберлікті жетілдірудің құралы болып табылады. Ал белгілі бір шығарманың бөлшектерін, жекелеген бейнені жасау мақсатымен нобайлар салған кезде суретшінің алдына басқаша шығармашылық мақсат қойылады. Нобайлардың бұл екі қызметі де бір-бірімен табиғи байланыста. Бірқатар жағдайларда нобайлар белгілі бір оқиғалардың тікелей әсерінен немесе заттың өзіне қарап отырып жасалады да, суретшінің қиялындағы болашақ тақырыптың композициямен, нақтылы сюжетден байланысты болмайды.                       Нобайлар салудың пайдасы зор. Әсерлерді жинақтаумен қатар мұндай суреттер болмысты, заттар мен құбылыстардың өзіне тән ерекшеліктерін көре білуді дамытады. Нобайдың басқа да міндеттері бар. Белгілі бір қағаз пішініне натюрморт сала бастаудан бұрын, картина бетіне нәрселерді негұрлым тиімді орналастыру үшін бірнеше нобай жасау қажет.

Жеке-жеке қағаздарға нобайлар салынып, композиция табылғаннан кейін, яғникөру орталығы анықталып, соның айналасына натюрморт заттар орналасқаннанкейін, сурет салуға кірісуге болады. Алдымен тагы көру орталығы белгіленеді, ал  натюрморт заттары суретке негіз етіп алынған нобайдағыдай салынады. Осы нобай оңай әрі шапшаң салынады, заттардың өзіне әзірше қарамаса да болады.Сурет салған жұмысты жалпыдан бастап, ең әуелі нәрселердің жалпылама пішіннің, ортақ пропорцияларын, жарық пен көлеңкені дұрыс салып алу қажет.

Эскиз болашақ шығарманың түпкілікті өзі емес, тек нобайы болғанымен, мұнда суретші нобайға қарағанда көбірек еңбек сіңіреді. Эскиз көбіне ой-қиялбойынша, бірақ бейнеленуші объектінің өзін бақылау негізінде жасалады. Оны қарындашпен де, акварель бояуларымен де, майлы бояулармен де пастельмен де жасауға болады. Эскизде суретші композициялық міндеттерді  шешеді: болашақ картинаның неғұрлым лайықты көлемін, оның композициялық және мағыналық орталығын, жарық түсу сипатын, түстер гаммасын және т.б. іздестіреді.Сондай-ақ ол жекелеген элементтерді: қандай да бір фигураның қимыл қозғалысын, бет-бейнесіндегі ым-ишараны егжей-тегжейлеп көрсетуге ұмтылады.Кез келген елеулі көркем шығарманы жасауға кірісу үшін алдын ала көптеген нобайлар мен эскиздер жасап алу қажет. Бейнелеуге үйренудің алғашқы кезінде қарапайым бұйымдардың -шар, цилиндр, пирамида және т.б. сияқты заттардың суретін салып, көптеген жаттығу жұмыстарын жасаған пайдалы. Мұндай қарапайым жаттығулар жазықтықта тұрған заттардың кеңістікте орналасу заңдылықтарын дұрыс ұғынуға көмектеседі. Осылайша біршама жаттыққаннан кейін адамның, түрлі хайуанаттардың суреттерін салуға кірісуге болады.       

Сурет - бейнелеу өнерінің негізі. Кескіндемеші де, мүсіншіде, сәулетші де суретке соқпай өте алмайды. Қайта өрлеу дәуірінің алыбы Микеланджело былай деген болатын: "Нобай жасау өнері деп басқаша аталып жүрген сурет -живописьтің де, скульптураның да, архитектураның да еңбек нүктесі; сурет кез келген ғылымның қайнар көзі мен түп тамыры. Сондықтан сурет салумен енді айналыса бастаған суретшіге ең алдымен сурет салуды, оның ережелері мен зандылықтарын меңгеру керек". Адамды бейнелеудің ғасырлар бойғы даму әдісі. Адамның басын салудың, мыңдаған жылдар бойғы қалыптасқан салу жолдары бар. Әр заманда, кезеңде сурет өнерін оқып-үйренуде айшықты із қалдырған, тіпті қазірге дейін қасиетін жоймаған методикалық жолдар, жеке суретшілердің заманында жазып кеткен оқулықтары бар. Олардың өзіндік тарихы және бүкілөнер әлеміне үлесі ұшан-теніз [11]. Адам баласы сонау ерте заманнан айналадағы қоршаған табиғатты,жануарлар дүниесін және өз болмыс-тіршілігін бейнелеуге әрқашан ынтық болды, соған қызықты.Соның ішінде адам бейнесін салу ерекше қарқынмен дамыды .Оған осыдан 30-40 ғасыр бұрын Пасха аралының тұрғындары жасаған  тас мүсіндер немесе Мысырдағы фараондардың мүсіндері, тас бедеріне қашалган ежелгі суреттер дәлел бола алады.Қазіргі заман өнері немесе сурет салу жолдарыньщ түп тамырынын өзі осы өнер туындыларынан басталғанына күмән жоқ.Сонау елу ғасырдай тарихи жолы бар Пасха аралының тас мүсіндері, яғни ондағы адам бейнесі жалпылама пішінде жасалған, әсіресе бастыңпропорциялық өлшемдерінің жалпы пішіні өте дәлдікпен алынғанына кайран қаласың. Яғни, ол кездегі суретшілердің де өзіндік мектебі, сурет салу жолдары болғанға ұқсайды. Бірақ, бір өкініштісі олардың әдістемелері бізге жетпеген.Ал, Мысыр суретшілерінің өзіндік мектебі, сурет салу жолдары болғаны бізге белгілі. Олар адам бейнесін бейнелегенде немесе алып мүсіндер жасағанда өзіндікәдіс - "кононға" сүйеніп жасайтын болған.Онда адам мүшелері мен пропорциялық өлшемдері өте дәл математикалық есепке негізделген болатын.Олар ортаңғы саусақтың ұзындығын адам бейнесінің өлшемі етіп алған. Осыөлшем арқылы бастың пропорциялық көлемін тауып, жүздеген жыл бойы пайдаланып келді.


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 967; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!