Шыныбаев Музаппар Адамбекович 8 страница



 

Шыныбаев Музаппар Адамбекович

Техника ғылымдарының кандидаты,профессор.Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.1968 жылыҚазақ ауылшаруашылық институтын ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру мамандығы бойынша тамамдаған.2 курстан бастап сызу пәнінен білім берді.

2 МЕКТЕПТЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

2.1 Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі дидактикалық принциптері

Бейнелеу өнеріне оқыту әдістемесінің мазмұны педагогика ғылымына негізделіп құрылады. Соның ішінде бейнелеу өнерін оқытуда педагогика ғылымы зерттеп, көрсетіп берген дидактиқалық принциптерді басшылыққа ала отырып, жұмысты ұйымдастыру үлкен нәтиже береді, оқыту мен тәрбие беру процесін ғылыми тұрғыда жүйелендіреді. Алдымен дидактикалық принциптер жөнінде айтпас бұрын педагогика ғылымындағы дидактика туралы әңгіме етейік.

Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни "didaktikos' -үйретуші, "didaskolos" – мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика - білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Дидактика жалпы немесе жекеленген пәндерді оқыту ерекшеліктерін зерттеп, білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін,оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады.

Педагогикалық ғылымының даму тарихында дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Каменский (1592-1670 ж.ж.) өзінің "Великая дидактика" кітабында оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі туралы баяндаған. XVII ғасырда швейцария педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827 ж.ж.) дамытып оқыту принциптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістері жүйесінің негізін жасады. XIX ғасыр неміс педагогы Фридрих Вельгельм Адольф Дистервег (1790-1966 ж.ж.) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнекілік, еліктегіштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделіге кешу т.б. [ 4]

Ресейде орыс дидактикасынын дамуына үлес қосқан педагог ғалым К.Д.Ушинский, ал кеңес үкіметі кезінде осы педагогика саласының ілгерілеуіне үлкен әсерін тигізген Н.К.Крупская, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий -еңбектері болды.                                                                        

Педагогика ғылымының "Дидактика" саласына белгілі қазақ педагог-ғалымдары, ағарту ісінің қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әлжанов т.б шығармашылықпен еңбектеніп, өз үлестерін қосты.Соның ішінде казақтық ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 ж.ж.) қазақ балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Оның ғылыми-әдістемелік аныңтамасы бойынша оқыту әдістері - бұл балалардың сабаққа, ғылымға, өздігімен білім алуға ынталарын арттыратын, сезімін оятатын жол.

Оқыту және тәрбие беру барысында осындай дидактикалық озық тәжірибелерді зерттеп, жинақтап, оларды педагогтық өз іс тәжірибесінде орынды пайдалана білу педагогикалық жетістіктің негізі, жетекшісі бола-тындығы сөзсіз.

Ал енді оқыту мен тәрбие берудегі дидактикалық принциптерге келетін болсақ, ол оқытуға қойылатын талаптардың белгілі жүйесі. Оқыту жүйесінің заңдылыктары оның принциптерінде бейнеленеді.    Принцип - латын сөзі, "негізгі", "бастапқы деген ұғымды білдіреді.

Сонымен, мұғалім өзінің педагогикалық тәжірибесінде мынадай дидактикалық принциптерді ұстанады.

Оқу барысында игерілетін эр тақырып, ер мәселе ғылыми дәлелдерге негізделіп берілуі керек, ол окушылардын қоршаған ортадағы заттар мен күбылыстар туралы шынайы көзқарасының, дүниетанымдық және адамгершілік касиеттерінің қалыптасуына эсер етеді. Сондықтан да оқыту .әдістемесінің негізінде ғылымилық принцип орын алуы тиіс.

Бейнелеу өнері мұғалімінің міндеті - бейнеленуші табиғат көрінісінің немесе нәрсе құрылысының заңдылықтарын және оларды жазықтық бетінде бейнелеу заңдылықтарын түсіндіріп көрсету арқылы оқушылардың сурет салу барысында ойлану дағдысын қалыптастыру. Ол оқушылардың бейнелеу өнері пәнін басқа да математика, дүниетану сияқты адамның жан-жақты дамуына әсер ететін ғылыми танымдық пән ретінде тануына мүмкіндік жасайды, Мектептегі бейнелеу өнері окушылардың алдына бірнеше оқу міндеттерін қою қажет, ол оқушылардың қоршаған ортаны зерттеу арқылы танымдық көзқарасын, білімін тереңдетіп дамытады, өз бетімен ізденіске тәрбиелейді. Бұл міндеттер бейнелеу өнеріне оқытудың негізі болып табылады, ол оқушылар алдына белгілі бір жүйемен, бірізділікпен койылады.

Бейнелеудің ғылыми негіздері перспектива, түстану, жарық-көлеңке, анатомия жөне т.б ұғымдарға бағытталады.

Суретті тұрғызудағы перспектива заңдылықтарын әңгімелей отырып, оқушылардың жұмыс барысында сызықтың, кеңістіктік перспективалардың сақталуын қадағалап, талап етеді. Заттардың құрылысына талдау жасап, оқушылардың оны бейнелеуде пайдалана білуі қадағаланады, Оқушылардың сурет салу мақамы әр түрлі болуы мүмкін, бірақ бейнені қағаз бетіне орналастыру, кеңістікті, көлемді көрсету, пропорцияны сақтау талаптары сақталуы тиіс, өйткені ол сурет салудың ғылыми дәлелденген негіздері болып табылады. Қоршаған орта шынайылығын көркем қабылдау барысын ғылыми негізсіз ұйымдастыру мүмкін емес. Осыған орай П.П. Чистяков: "Жоғарыда, шынайы живопись өнері ғылымсыз күнелтуі мүмкін емес, ғылымның ең биік көрсеткіші өнерге айналады", - деп жазған болатын. Белгілі суретшілердің өз іс-тәжірибесінде ғылымды кеңінен пайдаланғандығын тарихтан білеміз, оған Леонардо да Винчи, Дюрер т.б. әйгілі суретшілердің перспектива, пропорция, анатомия женіңдегі ғылыми зерттеу жұмыстарын атап айтуға болады. Олардың бейнелеу өнерінде ашқан кейбір ғылыми жетістіктері қазіргі кездегі оқыту әдістемелерде кеңінен пайдаланылып келеді. Танымдық ғылыми мәліметтер, әсіресе, тақырыптық бейнелеу, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында оқушылардың композиция жасауда шығармашылық жұмыстарын ғылыми дәлелдерге суйене отырып, ойланып бейнелеуіне мүмкіндік жасайды. Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын оятып, тек оны бейнелеп қана коймай, сонымен қатар сол мәселе жөнінде косымша ізденіп білуге талаптандырады.Мысалы, "Ғарышқа саяхат" тақырыбында сурет салу сабағында ғарыш әлемі, ғарыш денелерінің атаулары, олардың орналасуы жөнінде ғылыми дәлелді әңгімелер айтылады. Ғарыш кемелері, олардың кұрылысы жөнінде мәліметтер беріледі. Бұл мәліметтер оқушыларға танымдық білім беріп, өздерінің тақырыптық композицияларын ойластыруда ғылыми негіздерді пайдалануға көмектеседі. Графикалық суреттер салуға қарағанда кескіндемелік жұмыстарға оқыту үлкен қиындықтар туғызатындығы бейнелеу әдістемесінен белгілі. Мысалы, көк құмыра мен сары алмадан тұратын оқу натюрмортын бейнелеу сабағында оқушы гуашь бояуымен көк кұмыраға сары алмадан түскен қызғылт-сары рефлекс түсіріп жалпы үйлесімді әдемі жұмыс шығаруы мүмкін. Мұғалім жұмысты қарап алғашкы пікір бойынша "өте жаксы" деген бағаға бағалауы да мүмкін. Бірақ ол жұмысты ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдап қарайтын болсақ, оқушы жұмысынан кемшіліктер табуға болады, өйткені ол жұмысты түстанудың ереже-заңдылықтарын дұрыс сақтамай орындаған. Түстану заңдылығы бойынша көк құмыраға сары алмадан түскен "шағылыс жарығы" (рефлекс) қызғылт сары емес, жасыл түс болуы тиіс. Оқушы көк құмыраға қызғылт сары шағылыс жарығын тек гуашь бояуының өзіндік қасиетіне байланысты түсіру арқылы қол жеткізген, егер жұмыс акварель бояуымен орындалса, онда көк түстің үстіне жағылған қызғылт сары бояу кір түс шығарар еді.Бұл жағдайда мұғалім оқушыларға түстану және қосымша түстер заңдылықтарын түсіндірмеген. Оқытудың ғылыми принциптілігін сақтай отырып, мұғалім оқушыларға бояулардың негізгі қасиеттерін, қосымша түстер заңдылықтарын көрнекі кестелер арқылы көрсетіп түсіндіруі керек еді. Өкінішке орай, кейбір жағдайда өнердегі ғылыми негізсіз, білімсіз яғни санасыз іс-әрекеттер қоршаған ортаны, заттарды шығармашылық тұрғыдан бейнелеу деп танылып бағаланады.Әрине оқушыларды соның ішінде бастауыш мектеп оқушыларын тек заңдылықтарға ғана жүгіндіріп, олардың сезімдік әсерін  шектеуге де болмайды.                                                                       

Бейнелеу өнеріне оқыту әдістемесінде оқушының сезімдік әсері мен ғылыми дәлелдердің жігін үздіксіз ұштастыра білу мұғалімнен үлкен әдістемелік шеберлікті талап етеді.    Бейнелеудегі ғылыми дәлелсіз, ғылыми мәліметтерсіз тек сезімдік әсерге сүйену оқушылардың қоршаған орта, ондағы құбылыстар жөнінде жалған көзқарастарын қалыптастыруы мүмкін.Осыған орай П.П. Ростовцев: "Заттар сезімнің арқасында пайда болмайды, сезім заттар арқылы пайда болады" деген болатын. Бейнелеу өнерін ғылыми негізсіз оқыту оның басқа пәндермен қатынасын, байланысын ажырата түседі, яғни мектептегі оқыту мен тәрбие процесінің бірізділігін жояды. Өнер туралы әңгіме сабағында белгілі классикалық бейнелеу өнерінің композициялық шешімін, түстік үйлесімін тақырыптық мазмұнын өнертану ғылымының заңдылықтары бойынша талдау жүйесін түсіндіріп көрсетеді. Сонымен қатар бейнелеу өнерінің әр кезендердегі кубизм, сюрреализм,абстракционизм секілді ағымдар туралы түсінік беріліп, осы ағымдарда орындалған шығармашылық жұмыстардың философиялық мағынасын оқып қабылдауды үйретеді. Ол оқушылардың бейнелеу өнері туындыларын қандай ағымда орындалмасын оларды тек қызықтаушы рөлінде емес, үлкен ғылыми қағидаларға негізделген көзқараспен қарап қабылдауға тәрбиелейді, эстетикалық талғамдарын арттырады, философиялық дүниетанымдарын қалыптастырады.        

Өнер тарихында белгілі орын алған П. Пикассо, С. Дали т.б. дәстүрлі емес бейнелеу өнері тақырыптары мен әлемге әйгілі шығармалар қалдырған суретшілердің тақырыпты ашудағы қолданған композициялық шешімі мен  бейнелеу нақышын таңдап алудағы әсер етуші сыртқы (қоғамдық логия, тарих) жэне ішкі суретшінің философиялы дүниетанымы шығармашылық шеберлігі, таланты т.б.) күштер жөнінде ғылыми зерттеулерді әңгіме етуге болады.    

Мұғалім осылай текшені сыныпқа көрсетіп, оның құрылысымен танысып, зерттеуге мүмкіндік жасаған соң оны бейнелеуді тапсырса, онда оқушылар өз мүмкіндігінше жазықтың бетінде текшенің көлемін көрсетіп бейнелеп шығады.

Ал егер оқушыларға ешқашан көрмеген нәрсені бейнелеу тапсырылса, онда оқушылардың көпшілігі зат бейнесін жазықтық бетінде дұрыс көрсете алмайды. Өйткені олардың санасында көрмеген затқа байланысты образдық елесті құрастыру қиынға түседі.

Кез келген зат бейнесін жазықтық бетіне дұрыс түсіру үшін, алдымен бейнелеуші сол заттың құрылысы, көлемі, қоршаған ортадағы орны, дүниетанымдық мәні жөнінде білікті болуы қажет екендігін айтуға болады. Бейнеленуші зат жөніндегі біліктілік оқушының сол затты жазықтық бетіне бейнелеуді саналы түрде ойланып, заттың сыртқы бейнесін ғана емес, сонымен қатар ішкі құрылысын да елестете сезінуіне мүмкіндік жасайды.

Осыған орай ұлы Микеланджело "Суретші қолмен емес, баспен салады" деген болатын.Сонымен, адам баласы бейнелеу арқылы қоршаған әлемді таниды және оны зерттейді. Қоршаған орта шындығын тану, қабылдау ғылымға және өнерге негізделуі қажет.

Бейнелеуге мектепке дейінгі және төменгі сыныптар оқушылары үнемі үлкен құлшыныспен, ынтамен қатысып, ал сынып сатысы жоғарылаған сайын бейнелеуге ынталы балалардың қатары біртіндеп азая бастайтындығы белгілі.Бұл жағдайдың себебі сабақта оқушылардың алдына сыныптар сатысы жоғарылаған сайын ұсынылатын оқу материалдарының ғылыми дүниетанымдылық негізсіз берілуі.

Бейнелеу заңдылықтарына (композиция, перспектива, түстану, пропорция т.б.) байланысты, жалпы дүниетанымдық мәселелерге байланысты материалдардың ғылыми деректерсіз берілуі оқушылардың бейнелеу өнеріне кызығушылығын төмендетеді. Сондықтан оқушылардың сынып сатысы жоғарылаған сайын берілетін білім қоры мен оның сапасы оқушылардың рухани сұранысын қанағаттандыратын, қызығушылықтарын оятатын ғылыми жаңалықтарға негізделген мәліметтер болуы тиіс. Мысалы, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында бастауыш сынып оқушылары ою-өрнектөрдің атауларымен танысьш, олардың қарапайым түрлерінен композиция кұрастырумен шектелсе, жоғарғы сыныптарда ою-өрнектердің этнографиялық зерттеулер нәтижесінде анықталған ғылыми деректермен танысады. Әр ою-өрнектің атауы, нышандық белгісі халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-тіршілігіне, философиялық дүниетанымына, салт-дәстүріне байланысты пайда болгандығы жөнінде мәлімет алады. Ою-өрнектердің географиялық аймақтарда байланысты өзіндік ерекшеліктері болатындығы туралы, олардың композициялық жүйесінен белгілі бір хабарды, әлеуметтік жағдайды тануға болатындығы жөнінде мәліметтер беріледі.                                            

Бейнелеуге қойылатын заттардың. Көлемі, түсі, орналасуы тартымды болумен қатар олардың бір-бірімен мазмұндык үйлесімділігі де болуы маңызды. Мұғалім сыныпта бейнеленетін заттарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап алады және оны қай жерге (көз деңгейінен жоғары немесе төмен) орналастыратындығын, қандай жарық көзін (жасанды, табиғи) пайдаланатындығын терең ойластырады, өйткені бейнелеуге қойылатын заттардың орналасу деңгейі, жарықтану жағдайы сабақтың мақсатына байланысты болады [8]. Көрнекілік болмысты (натура) байқау мен зерттеуге тығыз байланысты, өйткені ол заттар және құбылыстар жөніндегі дұрыс пікірдің қалыптасуына ықпал жасайды, яғни ол бейнені жазықтың бетіне сапалы орналастыруға әсер етеді. Негізінен көрнекілікті оқытудың алғашқы сатысында пайдаланудың маңызы зор. Мысалы, оқушыларға перспектива заңдылықтарын алғаш таныстырғанда мұғалім бірінші көкжиек сызығы бейнелеушінің көз деңгейінің тұсында болатындығын және көз деңгейінің жоғары немесе төмен өзгеруіне байланысты көкжиек сызығы да өзгеретіндігі жөнінде ауызша баяндаған соң оны көрнекі көрсеткен жөн. Мысалы, оқушылар терезеге қарап түрегеліп, содан соң қайта отырады, сонда олар терезе ойығының арғы жағындағы көріністің өздерімен бірге жоғарылап немесе төмендеп қозғалатындығын байқайды. Оқушылар көкжиек сызығы туралы түсінік алған соң, кеңістіктегі заттар сол көкжиек сызығы бойынан белгіленетін түйіндесу нүктесіне қарай барған сайын кішірейіп кететіндігін көшенің немесе электр бағаналары жағалай орнатылған темір жол желісі бейнеленген иллюстрациядан көрсетіледі. Осында сонымен қатар шаршының, шеңбердің кеңістіктікте орналасуына байланысты перспективалық өзгерістерге түсетіндігін көрнекі көрсетеді. Перспектива заңдылықтарын көрнекіліктен көрсеткенде алдымен оған оқушылардың көңілін жалпылама аударып ондағы кеңістіктік, заттардың шынайы болып көрініп тұрғандығы айтылады. Содан соң осы кеңістік шынайылығын беріп тұрған перспективаның негізгі заңдылықтарымен жеке-жеке таныстыра бастайды. Нәрселердің өлшемі бейнелеушінің көзінен қашықтаған сайын, біртіндеп кішірейе береді. Оқушылардың көңілін көрнекіліктегі теректер, электр бағаналары, жол, үйлердің бейнелеушіге жақын орналасқан бейнелеріне қарағанда қашық орналасқан бейнелердің кіші болатындығына аударады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 1260; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!