Шыныбаев Музаппар Адамбекович 4 страница



Мысыр мектебінің методикалық әдістерін негізге сала отырып, Еуропада Грек және Итальян суретшілері оны әрі қарай дамытты. Б.д.д. 432 жылы әйгілі мүсінші Поликлет өзінің "Пропорциялық заңдылық" еңбегін жазды және бірінші рет бейнелеу өнерінде адамның қимыл-қозғалысын,психологиясын көрсететін Дорифор мүсінін өмірге келтірді.Бұл өнер әлемінде жаңа бетбұрыс жасаған әдістеме еді. Осыдан кейін, ондаған ғасырлар бойы адам пішіні, жансыз тас сияқты бейнелеуден шыншылдығы мол табиғи көрініске ие болды. Енді көптеген грек суретшілері бейнелеуді табиғи натурадан салуды мақсат етіп койды. Адам бейнесін шыншылдықпен бейнелеуде, сол кездегі итальян гретшілері біршама табысқа жетті. Олар өздерінің еңбектерінде ешқандай әсерлеуге бармай, асыра сілтемей, тек табиғи бейнесін, табиғи адам мінез-құлқын берді.

Бірақ ертедегі итальян суретшілері сурет әдістемесіне айтарлықтай ештеңе қоспады, олар тек грек өнерін қайталап жалғастырушы болды.Ал, орта ғасыр дәуірінде өнердегі шыншылдық пен әсемдік, ұлы өнер туындылары христиан дінінің келуіне байланысты, соның құрбаны болды. Тамаша өнер туындылары із-түссіз жоғалып қиратылды немесе отқа жағылды. Ертедегі бай методикалық еңбектер күл-қоқысқа айналды. Осыдан өнер қайта -өрлеу дәуіріне дейін ғылыми тұрғыда дамымады. Бұл дәуірде суретшілерге бұрынғыдай натурадан салуға, табиғат аясында еңбек етуге тыйым салынды.Қайта өрлеу дәуірінде өнер қайтадан жаңданып, ең жоғары шарықтау шыңына жетті. Өнер дамуының жаңа дәуірі басталды. Талай ғасырдан кейін өнер ғылыми әдістемелік тұрғыда дами бастады [12].       

Осы кезде қазіргі өнер тануының негізін салушылар: Альберти, Леонардо Винчи, Альбрехт Дюрер, Рафаэль, Микеланджело т.б. ұлы суретшілер өмірге келді. Олар сурет өнерін бұрын-соңды болмаған биікке көтерді. Альберти – Флоренцияның ұлы суретшісі, тұңғыштардың бірі болып сурет салудың теориясьн жазды, сонымен қатар сурет өнерін ғылыммен байланыстырып, байытуды алғаш ұсынды.                                                                                                                                                                                   Ал, Леонардо да Винчи талай ғасырлар бойы рұқсат етілмеген адам ішкі құрылысын зерттеп, адам анатомиясын оқып үйренуде тамаша жетістіктерге де жетті және көптеген әдістемелік еңбектер жазды. Ол өзінің еңбегінде былай деп жазды: "Суретті салғанда ұсақ бөлшектерден емес, оның жалпы пішінін бейнелеп-сызудан бастау керек", - деді. Оның бұл теориясы сурет салуда заңдылық болып қалыптасты. Қайта өрлеу дәуірінің аса ірі теоретик-суретшісінің бірі - Альбрехт Дюрер перспективалық кеңістіктің қыр-сырын зерттеп, оның сурет салудағы маңызын алғаш жазғандардың бірі болды.                                                                                                                                                                                                                                                Сонымен қатар А. Дюрер алғаш рет адам баласының стилдік пішінін нормасын жасап, басты салуды жеңілдетудің тамаша үлгісін өмірге әкелді. Бұл үлгі обрубовка деп аталады. Ол өзінің методикалық тәжірибесін жинақтай келіп, адам басының пропорциялық жалпы құрылымын (конструкциясын) ойлап тапты. Альбрехт Дюрердің бұл ойлап тапқаны сурет салуда классикалық үлгі болып қалды, оны қазірге дейін барлық оқу орындарында пайдаланады. Бұлардан кейін сурет теориясына өз үлесін қосып, оны дамытқан: П. Рубенс, А. Ивона, Жюльен т.б. суретшілері болды.

Ал орыс суретшілерінің ішінде: А.П. Лосенко, А.Е. Егороа, А.П. Сапожников, И.Н. Крамской және П.П. Чистяков көп еңбектеніп, біраз жаңа әдістер енгізді. Бейнелеу өнерінде нақты бір адамның (немесе адамдар тобының) сыртқы кейпін бейнелеуді портрет деп атайды. Әрбір портрет суреті салынып отырған адамға (немесе суретшілердің тілімен айтқанда, модельге) ғана тән, өзіндік ерекшеліктерді береді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   Алайда портреттің көркемдік құндылығы сыртқы ұқсастықпен ғана "бағаланбайды. Портрет өнері адам бейнесіндегі сыртқы ұқсастықпен қатар оның рухани мүдделерін, әлеуметтік жағдайын, өзі өмір сүріп отырған дәуірге тән белгілерді бейнелеуді талап етеді. Оның үстіне портрет авторы, әдетте, потреті салынып отырған адамның сыртқы кейпіндегі және ішкі жан дүниесіндегі ерекшеліктерді жай ғана көрсете салмайды: суретшінің ол адамға деген жеке көзқарасы, оньң дүниетанымы, шығармашылык мәнері шығармаға өз таңбасын қалдырады.

Портрет салуда немесе белгілі бір үлкен тақырыпта композициялық шығарма жазуда суретшіге адам анатомиясын жетік білу өте қажет. Ол суретшіге адам денесінің құрылысы жайында ең қажетті мәліметтер береді. Суретшінің назарын адамның кейпі мен қозғалысын байқап, ұға білуге, осы кейіпке тән ерекше белгілерді екінші дәрежелі бөлшектерден (деталь) айыра білуге көмектеседі [13].                                                                          

Мәселен, портрет салып үйрену үшін әуелі адам басының суретін салып, жаттығу қажет. Бұл үшін суретші бастың құрылысын: бас сүйекті, бас сүйектің бұлшық еттерінің орналасуын, олардың атауларын және бас сүйектің пропорциясьн жетік білуі қажет.

Суретші бастың суретін салуға кіріспес бұрын ең алдымен бас сүйек қорабының құрылысына, бұлшық еттердің орналасуының анатомиялық заңдылығына назар аударып, беттің сұлбасын (схема) зерттеуі тиіс. Мұны білу басты дұрыс бейнелеу үшін ғана емес, сонымен бірге адамның мінезін, сезімдері мен қуаныш-күйінішін де беру үшін қажет.Сөйтіп, натураны мұқият қарап болғаннан кейін, оны түрлі бұрылыстар мен ракурстарда зерттеп, басты бейнелеуге мейлінше қолайлы қалыпты таңдап алғаннан соң, жұмысқа кірісуге болады. Ол үшін көптеген көмекші сызықтарды пайдалана отырып, бастың, сұлбасы қағаз бетіне түсіріледі де, содан кейін мұрынның үстіңгі қырын қуа, бетті қақ жарып, төмен қарай тік ортақ сызық жүргізіледі. Бастын жасалған сұлбасы көлденең сызықтар аркылы бірдей етіп үшке бөліну керек. Төменгі бөлік теңдей тағы да екіге бөлініп, ол еріннің төменгі шеті болуға тиіс.

Бұдан кейін жоғарыдағы бірінші сызықтан (қастың үстіндегі қисық сызық) бастап, көздің ұясын қоршай сызықтар жүргізіліп, белгіленіп, екінші көлденең сызықтың, біткен жерінен мұрынның төменгі жағы (танауы) белгіленеді. Танау сызығы мен еріннің төменгі жақ сызығының арасындағы кесіндіні көлденең сызықпен екі жарсақ, ол еріннің жоғарғы жиегі болады. Еріндердің жоғарғы және төменгі жиектері арасындағы кесіндіні де екіге бөледі, бұл сызық ауыздың орны болып табылады. Құлақтың жоғарғы шеті қасқа тұтас та, ал төменгі танауда тұтас екі ортадағы сызықтар болуы тиіс. Екі езуді қараса бір көздің ұшы мен екінші көздің ұшындағы арақашықтыққа тең. Көздің ортасындағы тік түсірілген ортақ сызықтың езумен түйісуге тиіс.      

Алайда өмірде барлық адамдардың бет пішімі осындай пропорцияға үнемі сәйкес келе бермейді. Өйткені кейбір адамдардың мұрындары тым ұзын немесе қоңқақ болады, кейбіреулерінің жақ сүйектері өте шығыңқы келеді және т.б. Дегенмен адамдардың бет пішіні айтылған пропорциялардың шамасынан соншалықты көп ауытқып кете қоймайды. Қысқасы, адам басының құрылысындағы осы шамаларды естен шығармау керек. Енді жоғарыда айтылған жұмыстарды орындап болған соң, маңдайдың, бетсүйегінің, қабақтың және т.б. шекараларын анықтауға кірісу керек. Осындай жұмыстардың барлығы біткеннен кейін, портреттің объектіге (суреті салынып тұрған адамға) ұқсас болып шығуы үшін барлық шеберлік жұмсалуға тиіс.

Бұл үшін ең алдымен маңдайдың томпағы, қастың үстіндегі дөңес және иекұқыпты түрде белгіленеді. Сурет салу барысында жақтың, көздің, қастың, ерін мен мұрынның пішіндерін де дұрыс сақтап отыру керек. Бет бітіміндегі ойлы-қырлы жерлерді, яғни адам бетінде кездесетін ерекше белгілерді бір- бірімен байланыстырып сала отырып, екі көздің тең болуын, мұрынның тым сорайып кетпеуін қадағалау керек, Сол сияқты көзді көздің қиығымен, ал көз қиығын маңдаймен міндетті түрде салыстырып отыру қажет. Негізінде көзді дөнестеу етіп салады. Көздің самай жақ бітімі көздің алдына қарағанда үшкірлеу болады. Жоғарғы кірпік пен төменгі кірпіктің жасағарға тіреліп тұратынын естен шығармаған жөн [14].     Сонымен, сіз адамның тік ұстап тұрган басын суретке салып алдыңыз. Ал егер адам басын сәл еңкейтсе, оның пішіні табанда өзгеріп шыға келеді мұрын да, иек те қысқарады, көз қабақтың астында сығырайып қалады, мұрынның ұш ерінді жауып кетеді. Егер де адам басын шалқайтса, оның көріінсі керссінше өзгереді: маңдай тарылады, тамақ керіледі, төбе көрінбей кетеді, жақ иектердің етектері қырланып шыға келеді. Бір сезбен айтқанда, бастың түрліше жағдайда тұруына байланысты оның пропорциясы да түрліше өзгеріп тұрады. Суретші адам басының суретін салу жүйесін жақсы игеру үшін ұзақ уақыт тер төгумен қатар, әртүрлі адамдардың бетбейнесін қағаз бетіне шапшан, нобайлап түсіруге де жаттығып отыруы тиіс. Өйткені мұнын өзі адамның бет құрылысын мінез-құлқын жіті аңғаруға көмектеседі және жан-жақты ашып көрсетеді. Суреттерде жарық пен көлеңкелі етіп жатпайақ, жай долбарлай салу дағдыларын қалыптастырған жөн. Мұндай суреттерді кез келген жерде сала беруге болады.                                Сөйтіп, адамның басын турлі жағдайда салып жаттыққаннан кейін, адамтұлғасының суретін салуға уйренуге кірісу керек. Бір көзді қыса қарагандаадамның тұлғасы түгел қамтылатындай етіп, нұсқаны үш метр қашықтықта қарау керек. Сонан соң, ең әуелі адам денесінің салмағы қай мүшесіне түсіп тұрғанына ерекше назар аудару қажет. Егер адам бір аяғын алға таман созып тұрса, онда бір қолдың өзінен өзі кейін бүгілетінін көресіз. Ал адам еңкіштеу тұрса, онда бір аяғы алға қарай алшақ басылып тұрады. Адам денесінде салмақ түсетін жерлердің жиі ауысып отыруы, денедегі мүше салмақтарының тең түсуін де өзгертіп жібереді. Мәселен, адам түрегеп тұрса, денесінің барлық салмағы бір нуктеге түседі. Ал беті бері қарап тұрған адамды суретке салғанда тұлғасы теңдесіп тұрғанын, яғни он жағы мен сол жақтарының бірдей екенін аңғарамыз.Түрегеп тұрған адамның тұлғасын суретке салудағы жұмыстардың алғашқы, екінші және үшінші кезеңдерін көмекші сызықтар арқылы көрсетіп отырамыз. Сондықтан да суретші мұндай жұмыс жүргізгенде адам денесінің құрылысын, бұлшық еттерін және денедегі толып жатқан ұсақ бөлшектерді мұқият ескеруге міндетті. Суретті бастамас бұрын ұзындығының мөлшері 30-40 см-лік қағаз алыңыз,оның үстіңгі жақ шетінен 2 см төмен, ал төменгі жақ шетінен 2 см жоғары белгі жасау керек. Жоғарыдағы белгі салатын суретіңіздің жоғары шеті болады да, ал төменгісі алға созып басқан аяқтың табаны тұратын сызық болып табылады. Сонда сіздің салатын суретіңіздің үстіңгі және төменгі шекаралары көрініп, суретіңіздің кандай көлемде болатыны алдын ала белгілі болып тұрады. Содан кейін суреттің дәл ортасын айыратындай етіп, қағазды екі жара тік сызық түсіру керек. Мұндай сызықтарды әдетте ортақ сызық деп атайды, адам денесіндегі түрлі пропорциялық бөлшектерді анықтауда ортақ сызық өте қажет. Міне, осы ортақ тік сызықтын бойына бастың мойынның, иықтың, қолдың, елдің, санның, тізенің және табанның орындарын белгілеп алу қажет. Суреті салынатын адамның барлық мүшелерін өзара салыстыра отырып және олардың көлденең, тік сызықтарға қарағандағы орналасу жағын тексере отырып, жалпы пішінін түсіріп аламыз [15] .                          Суретте өлшем алшақтықтары болмас үшін дене пропорцияларының дұрыстығын және оның құрылысын үнемі тексеріп отыру керек. Сонда ғана сурет әдемі, әрі дұрыс болып шыгады.                                                     Адам тұлғасын салып үйрену жұмыстарында алғашқыда салбыратып қойылған жіпті (оның төменгі ұшына салмақты зат байланады) пайдаланған жөн,ол үшін бір қолыңызға жіпті алыңыз,жіп ұстаған қолыңызды ілгері қарай созып, бір көзіңізді қысып,тұрыңыз да, адам тұлғасына қарай бағыттаңыз.Одан да көп бояуларды бір-бірімен араластырсақ, онда түсті өзгертіп,бұлыңғырланып кететінін байқаймыз. Себебі, күнделікті қолданылатын бояулардың кұрамы химиялық қосылыстардан тұрады.      Адамның бойының биіктігі әдетте сегіз бастын биіктігіне тең классикалық пропорция болады. Сондықтан да өзіміз белгіленген тік сызықтын кесіндісін сегіз бастың өлшеміне тең етіп, сегіз бөлікке бөлеміз. Бірінші сызық бастын жоғарғы нүктесінен иекке дейін, екінші –иектен бастап төс сүйектің ұшына дейін, үшіншісі-төс сүйектің ұшынан кіндікке дейін, төртінші –кіндіктен шаптың сызығына дейін, және бесінші бөлігі-жамбас сүйек пен аяқтың басымен қоса есептегенде төрт бастың биіктігіндей болуға тиіс.Сонымен бас пен кеуде адам бойының жартысы болып табылады. Иықтынң ені бастың бтіктігіне тең. Бірақ бұл пропорциялар сәйкес келмей, ауытқи береді,көбінесе кем болып шығады. Адам суретінің жарық пен көленкесін айырғанда ең әуелі оның жалпы аумағын негізгі штрих сызықтармен белгілеп, аңықтап алып, содан кейін ғана адам денесінің мүшелерін түгелдей біржола анықтауға кірісу керек. Әдетте, отырған адамды суретке салу анағұрлым қиынға соғады, себебі отырған адамның мүшелері қалыптағыдан өзгеріп көзге көрінеді. Сондықтан отырған адамның суретін ең әуелі онайлау көріністе салып дағдыланған дұрыс.

Табиғатты бейнелеуде акварель бояуын қолдану                          


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 495; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!