Шыныбаев Музаппар Адамбекович 6 страница



Такырыптық бейнелеу сабақтарының мазмұны қоршаған ортаның өмір шындығы, әдеби шығармалар желісіне байланысты сюжеттер немесе белгілі бір берілген тақырып бойынша оқушылардың өз қиялдарынан құрастырып бейнелеген суреттерге негізделеді.    Тақырыптық бейнелеу сабақтары оқушылардың бейнелеу кұралдары аркылы, бейнелеу икемділігі арқылы әдеби шығармалардан, қоршаған орта өмір шындығынан алған сезімдік толғанысын, ой-пікірін немесе өзінше қиялды елестетуін, жазықтық бетінде көркемдеп бейнелеу дағдыларын қалыптастырады. Оқушылар бейнелеу өнерін көркем образдар жасау және олармен тілдесу құралы ретінде танып оған кызығушылығы артады.                                                                       

Тақырыптық бейнелеу оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, оларды өз бетімен ойлауға, жұмыс істеуге, қоршаған орта туралы өзіндік ой-пікірді толықтыруға тәрбиелейді. Көп жағдайда оқушылар өз тақырыптық композицияларында қоршаған ортаны қабылдауын тікелей, ешбір бейнелеу өнері заңдылықтарына мән берместен суреттейді. Сондықтан да бұл жұмыс тікелей мүғалімнің бақылауы және басшылығымен жүргізілуі тиіс. Бұл жұмыстың нәтижелі болуы мұғалімнің педагогикалық кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Бастауыш сынып соның ішінде І-ІІ сынып оқушыларының образдық қиялы, ой-пікірі өте нәзік болып келеді. Сондықтан педагог сурет құрастырудағы кейбір композициялық заңдылықтарды көрсету барысында олардың қиялы, ой-пікірлерімен бірге ілесе отырып, аса бұрмаламай осы кейбір композициялық заңдылықтарды пайдаланса, сурет одан әрі жандана, шарықтай түсетіндігіне көздерін жеткізген жөн. Ол үшін мұғалім әр баланың мінез-құлқын, сезімдік толғанысын жақсы білуі керек. Мұғалім берілген тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын оята білсе, онда олардың шығармашылық қиялы арта түседі. Берілген тақырып бойынша алдын ала әңгімелейді, әдеби шығармалардан үзінділер оқиды, белгілі суретшілер шығармаларын үлгі ретінде көрсетеді. Осы жұмысқа оқушылардың өздерін көбірек араластырған жөн алдын ала әңгіме, әдеби шығарма жөнінде ой-пікірін, суретші шығармаларының композициялық шешімін, мазмұнын сұрақ-жауап арқылы талдайтын әңгімелерін тыңдау олардың өзіндік пікірін қалыптастырып, дұрыс баяндау дағдыларын жетілдіреді, жаңа шығармашылық образдар елестетуіне көмектеседі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Мұғалім тақырыпқа байланысты поэтикалық шығармаларды, ертегілерді оқыған кезде ондағы әр образға еніп, өте мәнерлі оқу, тіпті кей жағдайда оқушылардың өздерін жекелеген кейіпкер ретінде ойнату олардың сол тақырыпқа қызығушылығын арттырып, образдың елестетуіне, қиялына әсер етеді [4].

Тақырыптық бейнелеу мазмұны бағдарламаның заттан қарап бейнелеу тарауында меңгерген біліммен немесе сол тақырыпқа байланысты алдын ала өткен топ серуенмен (қала алаңдары, еңбек орындары, табиғат аясы т.б) байланысты болса нәтижелі болады.  

Сонымен қатар жүмыс алдында эскиздер, жекеленген көрініс немесе   заттар мен құбылыстардың долбарларын орындауға дағдыландырған жөн. Тақырыптық бейнелеу тапсырмалары бірінші қарындашпен орындалып, содан соң акварель немесе гуашь бояуымен боялады. Жоғарыда айтылғандай тақырыптың сюжет немесе иллюстрациялардың композициялық шешімінің - ағын "жұмысшы эскизін" орындаған маңызды.

ІІІ-ІҮ сыныптарында тақырыптық бейнелеуге 2 сабақ жоспарлап, жұмысты мейлінше үлкендеу қағазға орындаған жөн, өйткені оқушы өз ойын еркін де айқын көрсетіп бейнелеуге мүмкіндік алады.

Тақырыптық бейнелеу сабағының тағы бір ерекше мүмкіндігі - ол сабақты ана тілі, дүниетану, саз, еңбекке баулу т.б, пәндермен тығыз пән -аралық байланыста өткізуге болады.

Тақырыпқа байланысты музыка, өлең тыңдау оқушылардың бейнелі ойлауын дамытып, эстетикалық қабілеттерін ұштауды, шығармашылық көркем туындыдан ләззат алады. Мысалы, II сыныптағы "Менің Қазакстаным" тақырыбындағы сабақта, III сыныптағы "Егеменді еліміз" тақырыбындағы сабакта "Елім менің" (әуені Б.Тілеухановтікі, сөзі Н.Назарбаевтікі) әнін тыңдатып, жаттатуға болады.

Тақырыптық бейнелеу туған ел табиғатына, ел тарихына, өз ауылының, қаласының, жалпы елінің ұлы тұлғаларына, еңбек ардагерлеріне деген сүйіспеншілік, мақтаныш көзқарасын қалыптастырып, отаншылдық тәрбие беретін құрал деп те айтуға болады. Мысалы, II сыныптағы "Менің қазақстаным", "Көктем келді", "Наурыз-ұлы той", III сыныптағы "Мен

отанымды қорғаймын", IV сыныптагы "Батырларымыздың ерлігіне арнап сурет сал"тақырыптарын атауға болады. Бұл сабақтарда мүғалім тақырыпқа байланысты туған еліміздің шұрайлы табиғат көріністері, еліміздің рәміздері,тарихи жәдігерлер, ұлы тұлғалар т.б. бейнеленген суретшілер шығармаларын, фотосуреттер, кинофильмдер көрсетіп мұғалімнің өзі әңгімелеп, оқушылардыңпікірін, ойын тыңдайды.

Тақырыптық бейнелеу барысында педагог өз жұмысының нәтижесін, бейнеленуші оқушылардың ішкі жан дүниесін, әрбіреуінің мінез-құлқын танып, олардың образдық ой-қиялы, жеке дарындылығы қалай дамып келе жатқандығын қадағалай алады.

I сыныптағы тақырыптық бейнелеуде негізінен оқушы жұмысындағы

бейнеленген заттардың, көріністердін бір-бірімен тақырыптық байланысы болуы, кеңістікте орналасуы, көрушіге жақын орналасқан заттың табаны, алыс орналасқан затқа қарағанда төмен, ал алыс тұрган зат жоғары бейнеленеді.

Өлшемдері шамалас заттар көрушіден алыстаған сайын кіші болып бейнеленеді, және бейнедегі заттар мен құбылыстардың бір-біріне пропорциялык қатынасы, түсі көрсетілуі талап етіледі.

II сыныпта оқушылар тақырыптық суреттің кеңістіктік шешімін, ондағы заттар мен құбылыстардың көлемін, түстік реңін тақырыппен байланыстыра отырып көңіл-күйді және композициялық заңдылықтарды пайдаланьш тақырыптың қызықты бөлігін, басты кейіпкерін ерекшелеп көрсете білу міндеттеледі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     Ал ІІI - V сыныптарда, негізінен, заттан қарап бейнелеу сабақтарында менгерген заттар мен құбылыстардың құрылысын ескере отырып бейнелеу, перспектива заңдылықтары, жарық, көлеңке, түстік шешім табу ережелерін тақырыптық бейнелеу кезінде еркін көрсете білу міндеті кезделеді. Жаңа буын окулықтарындағы тақырыптық тапсырмалар     

І-сынып                                                                                                          "Ертегі бойынша сурет салайың", "Алғашқы қар", "Қысқы демалыс", "Ғарыш әлемінде", "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" ертегісін иллюстрациялау. ІІ-сынып "Ертегі кейіпкерлерін бейнеле", "Менің Қазакстаным", "Екі Аяз", "Наурыз - ұлы зон", "Көктем келді", "Ғарышқа саяхат", "Бейбітшілік және халықтар достастығы", "Әрқашан күн сөнбесін". 

ІІ - сынып                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

"Егеменді еліміз", "Қысқы спорт ойындары", "Ертегі кейіпкерлерін бейнелейік", Шуақты көктем", "Мен Отанымды корғаймын". ІV-сынып "Еске сақтап сурет сал", "Ұлы тұлғалар бейнесі", Ертегі" иллюстрациясы.

Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны қазақ халқының, сонымен қатар басқада туысқан халықтардың дәстүрлі тарихи өнерімен танысып, олардың көркем безендірілу технологиясын меңгеруге және әртүрлі материалдар пайдаланып көркем құрастыру, безендіру, жапсырмалау, көркем бүктеу, дизайн жасау жұмыстарына негізделген.

Бұл жұмыстар оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қиялын дамытып, ұлттық өнерге қызығушылық пен сүйіспеншілік көзқарасын қалыптастырады. Өзін қоршаған ортаны эстетикалы қабылдап қана қоймай, оны өз қолынан шығармашылық тұрғыда ұйымдастырып жасауға дағдыланады.

Осы уақытқа дейін дәстүрлі бейнелеу өнеріне оқытуда көп орын алмай келген қағаздан көркем бүктеу (оригами), жапсырмалау (аппликация, коллаж), өсімдік жапырақтарынан, гүлден композиция құрастыру (икебана), түрлі-түсті бояулармен матаны безендіру, бейнелеу (батик) жұмыстарымен танысып, олардың жасалу ереже заңдылықтарын меңгерді.

Бұл жұмыстар баланың жеке бас тұлғасын қалыптастырып, жан-жақты тәрбие берудегі бейнелеу өнерінің мүмкіндік аясын кеңейте түседі. Сонымен қатар оқушылар бейнелеу өнерінің күнделікті өмір салтымызда, тұрмысымыздаэ өндірісте үлкен орын алатындығын сезінеді. Әр істің маманы өз жұмысын көркемдік, шығармашылық тұрғыда орындау және бейнелеу өнерімен соның ішінде көркем құрастыру, дизайн өнерімен ұштастыра білу керектігін түсінеді [3].Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында оқушылар сәндік қолнер түрлерімен: ағаш өңдеу, металл өңдеу, тері өңдеу, тоқымашылық өнерлермен танысып, осы аталған қол өнерінің көркемдік негізі болып табылатын ұлттық ою-өрнектерге, олардың шығу тарихына, мән-мағынасына байланысты бірнеше топтарға бөлінетіндігі жөнінде мәлімет алады.Бұл сабақтарда жергілікті сәндік қолөнерін және оған байланысты ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану оқушылардың бойында отаншылдьқ сезімді оятып, өз ұлтының өнерін мақтанышпен қабылдайды. Ұлттың қолөнер шеберлерінің еңбегіне құрметті көзқарасы қалыптасады.                                                                                                                                   Бастауыш сыныптардағы сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында оқушылар безендіру, өрнек композициясын жасаудағы симметрия, асимметрия, ырғақ (ритм), бояулар үндестігі жөнінде мағлұмат алады. Осы заңдылықтарды алға қоя отырып өздіктерінен көкөніс, жапырақтарды, гул күлтелерін, әр түрлі нышандық белгілерді пайдаланып жолақтың, шаршының, шеңбердің, үшбұрыштың ішіне композициялар жасайды, бұйымдарды безендіреді. Осындай жұмыстар барысында оқушылардьың ой-өрісі, әсемдік талғамы дамиды.                                                                                                                                                                Бұл сабақтарда мұғалім әңгімеленетін қолөнер туындысын тек фотосуреттен немесе иллюстрациялардан көрсетіп қана қоймай, сол туындыны шынайы түп нүсқадан көрсеткені жөн. Безендіру ерекшелігі атауының мазмұнын оқушыларға ашып көрсету олардың келесі көретін ою-өрнектерге қызығушылығын оятып, сол белгілердің кездейсоқ алынбағандығын түсінуге жетелейді. Сабақты тарихи -өлкетану мұражайларына экскурсия жасап, ондағы ұлттық қолөнер жәдігерлерінің аса құрметпен сақтаулы тұрғандығын әңгімелеп өткізсе нәтижелі болады. I - сыныптағы сәндік сурет жэне көркем құрастыру сабақтары қарапайым өсімдік жапырақтарынан үлгіге қарап шаршының немесе жолақтың ішіне өрнек құрастырудан басталады. Үлгі ретінде бірнеше бір-біріне пішіні жағынан ұқсамайтын жапырақтар қойылып, оларды симметриялы, белгілі бір өзіндік ырғақпен орналастырып, түстік үйлесімін оқушылардың өздігінен тауып бейнелеу тапсырылады [1.2].Сонымен қатар, осы сынып бағдарламасында қағаздан, әр түрлі табиғи материалдардан, жылтыр жұқа фольгадан бүктеп, қиып, жапсырмалап әр түрлі ойыншықтар құрастыру, безендіру жұмыстары қарастырылады. Дайын болған жұмысты безендіруге мұғалім бірнеше қарапайым ою үлгілерін ұсынғаны жөн, ол жекелеген оқушылардың өз мүмкіндік деңгейінде жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Сол секілді "Анамызға сыйлық жасаймыз" тақырыбындағы сабақта машықтық жұмысқа әр түрлі бейнелеу материалдары мен (түрлі-түсті қағаз, акварель, гуашь т.б.)сыйлық жасау үлгілері көрсетіліп, жұмыс мазмұнын таңдап алу оқушылардың өздеріне қалдырылады. Үзіліс барысында тазалық, қауіпсіздік ережелерінің үнемі сақталуын қадағалап, ұқыптылыққа мол берілуі тиіс.

II сыныпта "Қағаздан шахмат фигураларын құрастырайық", "Қағаздан қорапша құрастырайық" немесе "Қағаздан маска құрастырайық" деген тақырыптары арқылы белгілеп, оқушыларға бұйымды шығармашылық түрғыда безендіру шешім, үндестік қағидалары сақталып, қылқаламмен бояу кезінде белгіленген өрнек жиегінен шығарып жібермей тегіс бояу талап етіледі.

Жануарлар өрнегі" тақырыбында ою-өрнектердің мән-мағынасына, атауына қарай төрт топқа бөлінетіндігі жөнінде айтылып, жануар тектес өрнек элементтерінен жолақ ішіне өрнек құрастыру тапсырылады.

Жолақ ішіне өрнектелген оюлар мен төсеніш, түс киіздердің жиектері безендірілетіндігі көрнекіліктер арқылы көрсетіліп әңгімеленеді. Окушылардың көркемдік талғамын қалыптастырып дамытуда тірі гүлдерден икебана жасау өнерінің де рөлі зор. Ол эстетикалық тәрбиемен қатар табиғатты жинақтап кептіріліп, тазартылып дайындалады.   


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 500; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!