Шыныбаев Музаппар Адамбекович 1 страница



                                     

 

МАЗМҰНЫ:

 

КІРІСПЕ................................................................................................................3

1 ӨНЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1 Бейнелеу өнеріндегі кескіндеме «пейзаж».....................................................5

1.2Кескіндеме техникалары................................................................................10

1.3Бейнелеу өнері және сызу мамандығының тарихы.....................................32

2 МЕКТЕПТЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

2.1 Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі дидактикалық

принциптері............................................................................................................36

2.2 Табиғатты бейнелеуге арналған методикалық сипаттама...........................50

2.3 Бейнелеу өнері пәнінде оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін дамытудың талаптары...........................................................................................56

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................62

 

 

 

КІРІСПЕ

Алғашқы қоғам дамуы кезіндегі суретшілер әр түрлі бұйымдар мен жануарларды тіпті адамдар бейнесін аса шеберлікпен тас бетіне немесе сүйекке қашап, ою арқылы айқын сызықтармен түсіре білген. Бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде Қазақстан аумағында пайда болып, қазіргі кезге дейін сақталған петроглифтерді бұған дәлел етіп айтуға болады.

Жартас бетіне салынған шығармашылық бейнелердің белгісі орталығы Жетісу өңірі.Мұндай бейнелерді еліміздің көптеген жерлерінен кездестіруге болады [1.2].    Мұндағы бейне көріністерде адамдардың түрлі жануарларды (ат, өгіз, тау теке, құлан, елік, бұғы, марал, т.б) аулау сәттері бейнеленген.   Петроглифтер арасында адам, жануар бейнелерімен қатар әр түрлі таңба-белгілер кездеседі.Соның ішінде ерекше көзге түсіп,адамның қызығушылығын арттыратын бейнелердің бірі-денесі түгел салынып басынан күн сәулесі жан-жаққа тарап тұрған адам бейнесі. Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 км-дейін жердегі Анырақай тауында орналасқан. Басты жартастағы суреттің жалпы саны 2 мыңға жуық Петроглифтер жайлы алғашқы мәліметтерді Ш.Уәлиханов жинаған.    Сурет салу өнерінің тарихы тереңде жатыр.Алғашқы қауым кезіндегі суретшілер тас немесе сүйек беттеріне айқын сызықтарымен тұрлі бұйымдар, жануарлар тіпті адам бейнесін де асқан шеберлікпен сала білген. Бұл туралы Қазақстан жартастарында бейнелеу шығармашылығы толық хабардар ете алады.  1950 жылдың аяғында Аңырақай тауынан Тамғалы жартас суреттері табылып, оны зерттеу 1970-1980 жылдарда басталды. Бұл суреттердегі бейнелерге қарап отырып, бейнелеу сапасының биік дәрежедегі көрінісін көріп, суретшінің орындау шеберлігіне танданасың. Бұл сөз жоқ, суретшінің бақылау қабілетінің дамыған және көп жылдық тәжірибесі нәтижесінде пайда болған бейнелер. Адамдар өздеріне үй салуды, үй тұрмысына қажетті бұйымдар жасауды,бейнелеу өнері шығармаларын өмірге келтіруді бірден үйрене қойған жоқ. Олар біртіндеп өмірден тәжірибе жинақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырды. Ал алғашқы суретшілердің шәкірттері болды ма? Ол өз өнерін қалай үйретті немесе шәкірттері шебердің жұмыс жасау кезіндегі әдіс-тәсілін бақылап,қалай қабылдады,оны айту қиын. Сурет салуды адам кәсіпшілікте пайдаланғаны белгілі, нақтырақ айтсақ, көзешілік, яғни құмыра жасауда оның суреттері қарапайым және сызбанұсқа түрінде пайдаланылған.                                                     

Адамдар алғашқы сурет салу дағдыларын біртіндеп, қарапайым жолдармен меңгере бастады.                                                       

Сурет салу өнерінің даму кезеңі қала құрылысының дамуы,қоғамдық орындар,ірі-ірі сарайлар салудың өркендеуі кезінде дамыды, арнайы өнер мектептері ашылып, суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер дайындау қолға алынды [1.5].

 

1.Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі:Жас ұрпаққа тәлім тәрбиемен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық өнерге үйрету,баулу,ұлттық сананы қалыптастыру.Жас ұрпақтың көркемдік талғамын, ұлттық сана сезімін,дүниетанымын қалыптастыру,туған халқының өнерін құрметтеп,сүйіспеншілік,мақтаныш сезімдерін ұялату,эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу,көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту,мәдениет пен өнерді, тарихи мұраларын қастерлеуге тәрбиелеу,білім мен біліктерін шыңдау.

2. Дипломдық жұмыстың мақсаты: Бұл дипломдық жұмыс негізінен майлы бояумен орындалады. Бұнда аспан, тау, ағаш, өсімдіктер барлығы бейнеленген. Кеңістік, алдыңғы көрініс, артқы фон бәрі бір-бірімен байланысып шешімін тапқан деп ойлаймын. Табиғат көрінісін бейнелей отырып біз оқушылардың патриоттық сезімдерін оятуға,отансүйгіштікке тәрбиелеудің тиімді жолдарын қарастыруды мақсат тұтамыз.Қоршаған ортадағы табиғатты тікелей көріп бейнелеуге,оны сезіммен қабылдауға оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.

3. Дипломдық жұмыстың міндеті:

-Жаңа орындалу техникаларына қызықтыру арқылы бейнелеу сабағында оқушыларға табиғаттың суретін салуды үйрету;

-Оқушыларға табиғат көрінісін салғыза отырып туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;

-Сурет салу барысында көріністің композициялық компоненттерін таңдай білу;

-Оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу;

-Жаңа техникалық аспаптарды қолдана отырып,оқушылардың назарына әйгілі өнер туындыларын ұсыну;

-мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің дұрыс бағаланып, одан ары қызығушылықтарын арттыруды қамтамасыз ету;

 

 

1 ӨНЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1Бейнелеу өнеріндегі кескіндеме (пейзаж)

 

Өнер - қуаныш көзі, өнер- адамның ақылшысы, жан серігі, рухани азығы. «Өнер» деген жалпы атауды алып қарасаң, адамзат, не болмаса тірі жануарлардың күнделікті өмірдегі іс-әрекеті, тіршілік қамының бір-бірімен артықшылығы, жетістігі, өнегейлі деп көруге болады. Адамзат өнеріндей «өнер» атауы саналылығымен, көркемдік ойлауымен ерекшеленеді.                                                                                                                        Музыка өнері,бейнелеу өнері, спорт өнері, жалпы қай өнер саласындағы халықтардың бәрі де санадан туындайды. Адамзат өмірінде «өнер» деген жалпы ұғым болса көркем «көркем өнер» атауы рухани, эстетикалық, моральдық көркемдігімен жоғары мәдениетті талап етеді [3.5].         

Өнер өзінен – өзі пайда болмайды. Оған қоғам, орта, тарих, біреудің қуанышы, біреудің мұң-мұқтажы топтың қуанышы мен әлемде немесе белгілі бір елде болып жатқан елеулі оқиғалар әсер етеді. Ал мұны сезіну үшін, осы көріністердің бейнесі болуы тиіс. Көріністі сезіну арқылы ой-пікір және идеялар туындайды. Осы идеяны толықтырып, екінші біреуге жеткізуге, айту немесе көрсету үшін белгілі бір күш жұмсалады. Осы күш соз қоры, бейнелеу шеберлігі, музыка, ақындық жасампаздық т.с.с. Адам бойындағы қасиеттерді туындатады. Өнер адамзат өмірінде, тарихында үлкен рөл атқаратын өрісі кең, ұшы-қиыры жоқ, қиын да ұзақ жол. Өнер шынпйы талант, шындық, шыдамдылық пен табандылықты, ақыл мен парасатты, терең ой, көркем сұлулықты талап етеді. Өнер туындысы болып есептелетін барлық тарихи ескерткіш мен классикалық шығармалар, туындыларын көргенде біз оның тек әдемілігіне ғана қызығып қоймай, оның мазмұнына мән бере отырып, байлықты ұрпаққа қалдырған рухани байлықты көреміз. Өнерді, оның қоғамдық тәрбиелік мәнін жан- жақты түсіну үшін әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт [5].

Мысалы, П.Корин « Өнер – адамды асқақ сезімге бөлеуге, адамның жан дүниесін нұрландырып, байыта түсуге, ал өмірдің өзі кемелдендіріп, игілікті етуге тиіс».Өнердің сан алуан түрі бар. Олардың барлығы халыққа қызмет етеді. Өнерді бағалаушы да, қолдаушы қолданушы да, жоюшы да даналықтың өзі. Сондықтан да оны ешбір адам жоққа шығара алмайды Өнердің әрбір түрі адамның тірлігі үшін қажет көрініс. 

Әр адамның асып түспесе де өзіндік бір өнері болу тиіс. Халқымыз «жігітке жеті өнер де аз» - деп, жастарды өнерге талпынысқа шақырмаушы ма еді?Өнер бізді бүкіл әлемнің заңдарын түсінуге жетелейді, адамға рухани күш береді, ерекше қуаныш, толқу сезімін оятады. Өмірге деген құштарлықты арттырады. Өнер – бұл көне заманнан, адамзат қоғамының алғашқы құрылыс дәуірінен басталған.                                 

Испаниядағы аты әлемге әйгілі Альтамира үнгірінде салынған хайуанаттар суреттерінен бастап, қылқалам шеберлері Пикассо, Сезан туындыларына дейін өнер тарихы күрделі қилы кезеңдерді артта қалдырды.

Белгілі америка ғалымы, эстетик психолог, өнер зерттеушісі Р.Арихеим былай дейді: «ерте дүние адамында шыншылдық пен бейқампаздық қасиеті цивилизациясы жоғары елдердің адамдарына қарағанда әлде қайда күшті дамыған [8]. Сондықтан біз ерте дүние өнерін жәй кездейсоқтықтан туған деп қарамай, оған көп көніл бөліп қарауымыз және үйренуіміз керек.Өйткені, бұл – өнердің бастау бұлағы суын сусындап, содан нәр алып ғарыштадық темеспе!

Өнер мемлекеттен, жеке меншіктен бұрын пайда болды. Адамзат қоғамы әлі ғылым дегенді металл өндеуді,мал шаруаылығын кәсіп етуді білмейді, ал өнер деген керемет дүниені өмір керегіне жаратып, тұрмыс қаеттілігіне айналдырған. Келе-келе сурет өнерінің даму арқасында саулет, мүсін, живопись, кескіндеме өмірге келді. Адамдар сәулетті сарайлар, қалалар, ірі қорғаныс құрылыстарын салды, ғажайып мүсіндер тұрғызды.Біздің эрамызға дейінгі 4-ғасырларда кеңінен дамыды. Осы кезендерде адам жасаған ұлы өнер туындылары бірінен кейін бірі өмірге келіп жатты.Фараондар салған Египет пирамидалары Греция еліндегі әйгілі «Зевс» және «Радос» мүсіндері, Ұлы Қытай қорғаны және Есік «Алтын адамы» т.б бұлардың бәрі бейнелеу өнерінің құдіретін өмірге тән еткен қайталанбас асыл мұралар еді [10.12].Өнер қашан және қайда пайда болған? Адамзат не үшін өнер үлгілерін ойлап тапты? Міне, бұл сұрақтарға қысқаша жауап беру мүмкін емес. Әр оқиғаның, әр құбылыстың ізгі бастамасы бар. Өнер – өмір бұлағы, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнер өмірдің көрінісі.
Өнер халық ескерткіші.                                                                                  

1.Мен дипломдық жұмысымды табиғат көрінісін майлы бояумен бейнелеу әдісін тандадым. Өзімді қоршаған табиғат пен адамзат бір-бірімен тығыз байланысты. Табиғаттан біз әдемілік пен керемет құбылыстарды көре аламыз.Сондықтан да мен дипломдық жұмысымда осы табиғатты бейнелегім келеді.

2.Бұл дипломдық жұмыс негізінен майлы бояумен орындалады. Бұнда аспан,тау, ағаш, өсімдіктер барлығы бейнеленген. Кеністік, алдыңғы көрініс, артқыфон бәрі бір-бірімен байланысып шешімін тапқан деп ойлаймын.

3.Бейнелеу өнеріндегі басқа тжанрлардан да живопись жанрының орны бөлек, қиын да қызықты жанрдың бірі. Өзімізді қызықтыратын өнердің бірі. Бұл өнер табиғаттың керемет сұлулығын ашып көрсетеді. Көрермендерді өзіне тартады таңқалдыра алады.                                     

Живопись- мынандай бір аңыз бар. Бірде грек суретшісі Зевксис сағағына толып тұрған жүзім суретін салыпты да, боялары кепсін деп деп терассада қалдырыпты. Сөйтсе құстар суретті шын жүзім екен деп, бірінен сон бірі кеп шұқи бастапты.                                                                 

Бәлкім бұндай оқиға өмірде ешқашан болмаған шығар. Бірақ, бұл аңыз живопись өнері төнірегіміздегі сол қаза қалпында айнытпай жеткізе алатынынан хабар бергендей.                                                                          

Бейнелеу өнерінің орыс тілінде «живопись» деп аталатыны да осыдан [14.16] Қайта өрлеу дәуірінде де ежелгі Египет пен Грецияда да өмір сүрген. Живопись шеберлері әр заманда әр түрлі әдіс қолданған. Ол көбіне көп қандай тәсіл, қандай бояудың пайдаланылуына тікелей байланысты. Мәселен , қайта өрлеу дәуірінің шеберлері салған суретке қай бояудың қалай жағылғаны, қылқаламның кенеп бетіне қалай тигені байқалмайды. Ол үшін олар негізгі бояу кепкеннен кейін үстіне жұқалап, үстіне түссіз бояу жағатын болған.Мұндай әдісті «лессировка» дейді. Кейін суретшілер қылқаламның ізін жасырмауды әдетке айналдырды. Біреу кенепке бояуды қылқаламның ұшын тиер- тимес қып жұқалап жағады. Екіншілері бояуларды баттитып – баттитып батыл жағады да өзіне керек реңкті бірте-бірте сатылап емес,бірден табады                                                                                    

Живопись- бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі,онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Живописьте түс,сурет, сәуле мен көлеңке үйлесімділігін маскалары фактурасы және композицияға мүмкіндік беру, бай бояу әлемінде жазықтықты көрсету, түс ауасы оның теренділігі көрсетіледі. «Живопись сөзі өнер емес»-дейді Делакруа. Живописьтін әдебиеттен айырмашылығы әртүрлі техникада және әртүрлі материялда орындалады. Соның ішінле живописьте ең көпқолданылатың бояу түрі-майлы бояу.Майлы бояуды 15 ғасырдан бастап қолдана бастады.

Майлы бояу алғаш рет 10-ғасырда шыққан.Бірақ ол кезде оны ешкім пайдалана қоймаған. Олар кенінең дәстүрге енуі 15-ғасырда өмір сүрген. Нидерланды суретшілері ағалы – інілі Ван-Эйктердің атымен тығыз байланысты. Олар көп тәжірибе жасап, құрғақ ұнтақ бояуларды жеміс майына езіп көрді. Ақырында бояуларды жанғақ майы мен зығыр майына жақсы еритінін аңықтады. Ондай сайларға ерітілген бояу тез құрғайды, оның үстіне ереше ажарлы болады [4]. Живописьтін мынандай жанр түрлері бар:                                                

Портрет                                                                    

Пейзаж                                                                               

Натюрморт                                                                                 

Тарихи жанр                                                                              

Тұрмыстық жанр                                                                        


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 540; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!