Шыныбаев Музаппар Адамбекович 5 страница



Акварель бояуы майлы және темпера бояуы сияқты құрамына желім қосылған материалдардан жасалады. Бұл бояулар құрамына: бал, қант, глицирин қосылады. Акварель әрқашан арнайы құтыда сақталады. Құтыдағы бояу суда жылдам ериді, әрине бұл бояумен табиғатта,ауада қысқа мерзімде жұмыс жазуға қолайлы. Акварель бояуының екінші түрі –жарылай қатты пластмасса ыдысқа салынған акварель бояуы. Ол суда жақсы ериді және жылдам жібиді, себебі бояудың әр қайсының беткі бөлігінде желімнің қоспасы бар.Егер бояуды әр уақытта жуа берсе, оның беткі бөлігіндегі желімнің бояудағы қосылысы азаяды, бояудың төменгі қабаты іске аспай қалуы мүмкін.    Сондықтан, живопись сабағында қолданылатын бояуды тиімді пайдаланған жөн. Акварель бояуы әрқашан құрғақ,салқын жерде сақталуы керек.                                                                                                   "Акварель" деген атау латынның "адиа" /су/ - деген сөзінен шыққан. Бұл сөзі суға езілетін бояуды да, сол бояумен орындалған шығарманы да білдіреді. Акварель бояуы қағаз бетіне мөлдіреп түседі, сол мөлдірлік акварель туындыларының ең басты, кұнды қасиеті болып табылады. Суреттің мөлдір жазылған жерлерінде қағаздың өз өңі көрініп жатады. Студенттер бояумен жұмыс істеу кезінде сол мөлдірлік заңдылығын жоғалтпауы керек. Акварель бояуымен әр түрлі түстерді жымдастырып, әдемі этюдтер жазуга болады. Мұнда түстік қасиеттер бір-біріне жігін білдірмей жымдасып, рең танытады. Әртүсті бояулардың осылай жымдаса атасуы акварельге тән касиет. Акварель бояуымен екі түрлі әдісте жұмыс істеуге болады. Кебу және дымқыл қағазды пайдаланып, бояудың бар күшімен жұмыс істеуге болады. Сонымен қатар, сабактың берілген уақытына байланысты көп қолайлы тәсілдер мен сурет салуға болады. Біртіндеп бояудың жағуын қалыңдатып, заттың көлемін, ауа кеністігін айқьндауға болады. Ерекше ескертетін жайт, акварельде ақ бояу қолданылмайды. Соңдықтан, сабақ кезінде бояумен ұқыпты, таза жұмыс істеу қажет. Бояумен салынған суреттің әдемі болып шығуы әзірленген қағаздың сапасына да байланысты [21].

Акварель жұмысына арналған қағаз қатты керілуі керек. Қағазды керу үшін мынадай желімнің түрлерін пайдалануға болады.

1.Синтетикалық /ПВА/ желім. 

2.Резиналық желім

Қағаздың сурет салынатын беті ені деп аталады. Сызық арқылы бейнеленген суретті боямас бұрын қағаз бетін сулау қажет, тек кейбір бөліктеріне ғана су тигізбеуге болады. Қағаз қатты керіліп тұру үшін арнайы тақтайша пайдаланылады. Акварель бояуына арналған қылқаламның турлері ақ тиін, бұлғын, күзен сияқты аңдардың құйрық қылынан жасалады.

Кылқаламдар мынадай болып екіге бөлінеді:  

1.Жалпақ                                                                                                                                                                                                         

2. Жұмыр                                                                     

Живопись пәнінде бояуды қолдануда нақтылы заттың түстік іздеу үшін палитра пайдаланылады.Палитра - ортасында бас бармақ сиятындай ойық тесігі бар төртбұрышты, доғал, жұқа тақтайшадан жасалады.

Табиғатты бейнелеуде нұсқамен жұмыс істеу

Төменгі курстардың студенттері үшін нәрсенің жалпы түстік қалпын анықтау кәдімгідей қиындық туғызады. Алғашқы кездері әсіресе реңді қағаздарга нобайлар жасап жаттығу қажет. Әр түрлі өңдеріне қарай дайындап қойған қағаздар басты сұрақтың шарты болып табылады. Ауа райына байланысты табиғат әуенінің түстік жағдайы салқын ба, жылы ма соны алдымен анықтаған жөн. Ол үшін, алдымен қарындашпен, қаламұшпен және қылқаламдармен нобайлар орындаумен қатар енді қағаздарға нұсқаның түстік катынастарына сәйкесқысқа мерзімді долбарлар сериясын жазу орынды. Жұмыс жазар алдында нұсқаның басты түсіне байланысты оның жалпы түсінік өңі қарастырылады. Әсіресе, түстік рең бір түсті ортадан екінші ортаға өткенде калады. Мысалы, үйден сыртқа шыққанда қоршалған ортаның түстік өзгерістері бірден сезіледі. Бұл құбылысты студенттер алғашқы әсері болғандықтан, естеріне сақтап қалуға тырысады және оны долбардың соңына дейін естерінен шығармауы қажет. Нұсқадан алған әсері бүкіл өндік долбарда жинақтадады. Әуел бастан көріністің жалпы түстік реңі айқындалмаса, онда бейненің құрылысын жақсы ұқсастыру қиынға соғады. Бірінші әсер бойынша қарама-қарсы реңнің жарық және караңғылығы, жылы, салқын түстер реңі есте сақталады. Табиғаттың жалпы түстік күйін қарастыруды және оның негізгі көріністерінің /жер, су, аспан арасындағы/ рендік қатынастарын айқындауды әдетте бірден барлық бояулармен емес, негізгі түсін таба отырып бір түсті бояумен бастау қолайлы. Біртүсті сурет салу /гризайлмен/ живопись сабағының бастапқы кезеңінде үйретіледі. Бір түсті бояулар мен жұмыс бейнелеуге қолайлы салқын түсті бояулар. [9] Ұлы орыс суретшісі Ивановтың акварельді долбарларының ішінде көк түсті бояумен орындаған қысқа мерзімді долбарлары ерекше әсер береді, мұны сіздер жеке альбомнан көрулеріңізге болады. Табиғатты бейнелеуде, акварельмен жұмыс істеуде бірнеше тәсілдер меңгеруге болады. Дымқыл және құрғақ қағаздарды пайдалануда аралас бояулар қолдануға болады. Мысалы, ақ - гуащь, түрлі түсті қарындаштар т.б. Аралас тәсілдер /ақ гуашь араластыру/ нұсқа бойынша долбар жазу орыдалу уақытына, тәсіліне және бояу жағу тәсіліне қарай ерекшеленеді. Орындау уақытына қарай долбарлар екі түрге бөлінеді:                                                                                                                                                                                                                                                             

1Ұзақ мерзімді.

2. Қысқа мерзімді.                                                                                                                                                                         

Ұзақ мерзімді долбарлардың ерекшелігі жан-жақты жұмыс істеуді негіздейді, сонымен қатар арнаулы оқулык тапсырманың шешімін таба білуге дайындайды, Орындалу уақыты екі сағаттан төрт сағатқа дейін /ұзақ мерзім/ созылады. Пленерде бір мерзімді долбарлардың орындалу ұзақтығы үш сағаттан аспайды. Көп мерзімді долбар табиғаттағы живописьтің осы күрделі түріне жатады, себебі долбарды жазуды бастағаннан оны аяқтағанға дейін табиғат күйлерінің өзгеруі сөзсіз күрделі қиындыққа әкеп соғады. Долбарды әрқашан кіші көлемді қағаздарда орындау тиімді.

Әр түрлі тиімді материалдарды қолданып, долбарлар жазып үйрену табиғатты жылдам бейнелеудің негізгі шарты болып табылады.

Мысалы, көркем сурет-графика факультетінде ең әуелі акварельмен жұмыс жазу үйретіледі. Акварельмен нұсқа бойынша жұмыс істеудің кейбір ерекшеліктерін қарастырайық. Этюдтің барысында суды ауыстырып, тақтайшаны әрқашанда ұқыпты тазалап отыру кажет. Егер бұл шартты сақтамасақ, бояудың мөлдір, таза болуы, түстердің қанығуы, өңдін шешім дұрыс өз нұсқасын таппайды.

Табиғатты бейнелеу практикасының барлық кезеңіне арналған жұмыс киімінің түрлері мен құрылысы оқу тапсырмасының мазмұнына қарай аныкталады. Сонымен қатар киім тандау жыл мезгіліне, ауа райына, жол қатынасына байланысты. Жұмыс орны студенттердің жан-жақты творчестволық жұмыс істеуіне қолайлы болуы қажет. Мұнда тәсілдік құралдармен табиғатты алмастырмау қажет, себебі ол алғашқы әсердің айқындығын, қанықтығын әлсіретеді. Фотосуреттер немесе кинокадрлардан гөрі тірі табиғаттан алған әсер әрбір студенттің өз бойындағы шабытын оята түседі. Долбарларды орындалуына байланысты бірнеше кезеңге бөлуге болады:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

Қазаз бетіне табиғат көрінісін ықшамды орналастыру.                1.Көрініске тақырып іздеу және сюжет таңдау.     

2.Нұсқаны дұрыс орналастыру.                                                                                                3. Графикалық және живописьтік кұралдарда пайдалана отырып, нұсқаның образдарын тұжырымдау.   

4.Бейнелеуге арналған     суреттер,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

   II-Дайындық суреттер.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        1. Тепе-теңдікті анықтау, қозғалысты және кеңістікті көлемінің сипаттамасын анықтау.    

2.Бөлшектерді орналастыруда бір ортаға келтіру,                          

III.Живописьтік сәйкестік бейнелеуді тұжырымдау.                           

1.Жалпы түстік    реңді анықтау.                                                                                            

2. Жалпы түстік қатынастардың нұсқаға нақты көлемін бере білу. Көлемдік түрді ортақ қалыпқа келтіру, жарық, көлеңкені анықтау және оларды ауа кеңістігін ескеріп, жан-жақты живописьтік талдау. 

ІҮ-Этюдтік талдау.1.Этюдтің   басқы    және қосымша түстік    құрылымын айқындау.                                                                                                                                        2.Табиғат көрінісін бүтіндей қабылдау. Этюдті орындаудың бірнеше кезеңдеріне     тоқталайық:                                                                                                       1. Этюдтің үйлестірімділігі композиция. Жұмыс жазуға кіріскен кезде негізгі міндет - нұсқаны түгелдей қамту, табиғаттағы уйлесімділікті табу. Нұсқадағы үйлесімділік әр түрлі көру нүктесінен байқалуы қажет. Әрі сол нүктеден түрлі нобайлар салу қажет, сонда ғана ең дұрыс жақсы көру нүктесі таңдап алынады. Этюд форматының әр түрлі жағдайларына талдау жасалып, олардың әрқайсысы қашықтығы, биіктігі/ түрдің ырғақтық кұрылымымен ерекшеленеді.                                                                                                                                                                 Этюдті бояумен бастамас бұрын студенттерге бірқатар дайындық                                         жұмыстар жүргізуге тура келеді.   Мұнда ең бастысы - нұсқаның үйлесімділігін бүтіндей көре білу және оның дұрыс орналасуын табу. Этюдтің түстік құрылысы ізделінді және түстік үйлесімділігіне,   орындалуына байданысты аныкталады. Бірақ жоғарыда атылғандай, этюд жазуда бірнеше кезеңдердің бірізділігі салыстырмалы.                            

Этюд жазуда суретшінің рөлі өте зор. Жаңадан үйренуші студенттер өздерінің этюдтерінің, обьектінің көрінісін түстік қосылыстардың тиімділігін бұрмалап көрсетеді. Тепе-теңдіктің қатаң сақталмауы, кейбір қателердің болу себебі мынада, студенттер бейнеден алған алғашқы әсерді жоғалтып алмау деген ойда болады. Студенттер табиғаттың кейбір әсерлерін тез арада жадында ұстап қалып, оны бірнеше минуттың ішінде этюдте көрсете білулері керек. Ал живопнсь шеберлері мұндай қиындықтарды кандай жолмен жеңе білетіндігіне тоқталайық. Табиғатты әсерлеу жолы, нұсқаны яғни табиғатты үнемі бақылаудың нәтижесі күнделікті дайындық суреттер, нобайлардың немесе пішіндердің нәтижәсінде қалыптасады. Дайындық суреттінің бастамасы кәдімгі қарындашпен жасалған нобайлар болып табылады.

Кейбір тәжірибелі суретшілер дайындық суретін қылқаламмен жүргізе отырып, бірте-бірте оны күрделеңдіруде дәл шешімін таба біледі. Өте аз уақытта орындалатын дайындық сурет салуда үш негізгі талап қойылады;

1. Берілген қағазда суреттің үйлесімділік шартын жоғалтпау.

2. Заттың жазықтағы бейнесін дұрыс құрай білу, құрылысын жіктеу, кейбір бөлшектеріне дейін анықтау.

3.Тепе-теңдікті сақтауда қозғалысты және сызықтық ауа перспективасын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеу. Студенттердің байқаулары бойынша табиғаттағы заттардың белгілгілі түрін сәл өзгертсе, этюд ойдағыдай шықпайды, Қозғалыс кеңістігінің дұрыс анықталмауы артқы қашықтық пен алдыңғы қашықтықтың ажырауына әкеп соғады. Соңғы кашықтықтан алдыңғы қашықтыққа дейінгі заттардың сызықты және ауа кеңістігін сақтай отырып бейнелеу. Бірыңғай живописьтегі мәнерлі бейнеде нәзік түстің үйлесімдІлік қатынастарын да таба аламыз [5].

1.Нұсқадағы өте жарық, өтө қараңғы обьектілердің арасындағы қатынас.

2.Нұсқадағы өте күшті және ете солғын түрлер арасындағы қатынас.

3.Нұсқадағы өте жылы және өте салқын түстердің арасындағы қатынас. Заттардың реңі, жарығы, түсі бойынша қатынастарын анықтау этюдтің

түстік, өңдік бірыңғайлығын құрастыру үшін ең басты шарттар болып табылады. Кейде өзіне тән түстік реңі бар, алдаңғы және соңғы қатар аралығындағы кеңістікті ортаңғы аралық деп те атайды. Ортаңғы аралықта реннің өшпес қажеттері жылы-суық бояулардың реттерімен қатаң сақталуы керек. Табиғатта зат неғұрлым қашық тұрса, ауа кеңістігі соғұрлым әсер етеді. Сондықтан, алыстан өте анық жазу кезінде ауа кеңістігін ескермесе, жақсы нәтиже бермейді. Қоршаған ортадағы нұсқаның жылы суықтығын жан-жақты ауыстыру олардың түсінің реңін анықтауға мүмкіндік береді.

Реңді тек көлденең және тіке бағытта ғана анықтап қоймай, бейнелейтін кеністіктің тереңдігін де анықтау қажет, яғни ең алдыңғы қатардағы "жылы" түстес заттардың табиғаттың ең түкпіріндегі "суық" түстес заттарға дейінгі орнын қарастыру қажет. Сөйте тұра табиғаттың кеңістігінің үзіліссіздігін ескермесе болмайды.


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 516; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!