Шыныбаев Музаппар Адамбекович 2 страница



Анималистік жанр                                                                      

Мифологиялық жанр                                                                          

Батальды жанр                                                                           

Релегиялық жанр               

Көптеген атақты суретшілеріміз тек бір жанрда ғана емес, әртүрлі жанрда жұмыс істейді. Ал енді осы жанрлардың ішінде өзіме тандаған тақырыбыма, яғни «пейзаж»жанрына тоқталамын.                                                 «Пейзаж»-француз сөзі. Пейзаж бұл көркем өнер жанрының бір түрі. Ол үлкен даму жолынан өтті. Адам әу баста –ақ табиғат көрінісін салған. Бірақ көпке дейін белгілі бір оқиға мен адамның тұлға тұрпатын бейнелегенде керек фон ретінде пайдаланылып келген. Тек 17-ғасырда ғана бірынғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар туа бастады [14].            

Мұндай жанрды голланд суретшілері ойлап тапты. Табиғатпен қатал да қиын күрес голландықтарды өздерінің шағын болғанымен көрікті елін көздің қарашығындай қастерлеп, сүйіп өтуге баулиды.                               

Сондықтанда олар өз жерін бейнелейтін картиналарды өте ұнатады. Теңіз жағасында дөнкейіп – дөнкейіп жатқан тау –тау құм шағылдар, мал жайылып жатқан ну шалғын, өзен жағасындағы жел диірмендер. Соның бәрін суретшілер өз өлкесінің портреті деп ұғып, мейлінше мұқият көрсете білген . Голланд суретшілері ондай пейзаждарды шағын кенеп шаршыларға салатынды. Сондықтан, кейін жұрт оларды «кішкене голландықтар» деп атап кетті [17.18].                                                           

Табиғатты бейнелеу неолит кезеңінде кездескен Релефтерде, росписьтерде, ескі шығыста (Вавилония, Ассирия, Египет) кездесті. Пен кеңістікті пейзаж Крит өңірінде (б.э.д.14-15-ғасырларда) кездесті. Ең алғашқы фауна, флора, алғашқы табиғат өлеҢдері шыққан жерде. Сол сиякты табиғатты бейнелеудің алғашқы элементтері Египет храмдарында, сосын фрескаларда көрініс тапты. Алғашқы пейзаждар Қытайда пайда болды. Олар кітап сияқты ұзыннан – ұзақ болып жібек маталарда салынды. Орта ғасырларда шығыс еліңде пейзаж элементтері алғашында сығылған, сығылысты түрде көрсетілді, кейбір бейнелерді есептегенде. Ал 13-14ғасырларда кітап миниатюрасында олар көбірек орынды ала бастады. 15-16-ғасырларда терең, герат мектептері пейзажды фондар салды, шағылысқан таза бояумен табиғат көрінісі көрінеді, тұйық сынырлы бақшада. Табиғат тарихы бөлімдердің шынайы театры ретінде қаралып, және осы тарихпен одақты пейзаж өзіндік қолдапу тауып отырды. Сондықтан да Клод Лореннің картиналарындағы бейнелерді картинаның атымен аталғандар аз емес. Олар жер, су, және көгілдір аспан.                                                                     

Классицизм суретшілерінде кеңістік өзгеше берілді. Бірінші жспарда оның жылы және қоңыр гаммасы жазылды. Екінші одан жеңіл. Үшінші жоспар көгілдір. Осылай ауа кеңістігі арқылы шешілді. Классиктердегі композиция өзгеше. Бірінші жоспарда, ең алыста архитектуралы құрылыс, не тоғайлар орналасты.Бұл театр декорациясына ұқсас болды.                         

Рококо живописінің дамуымен бірге реалисті бағыт рөлі де күшейе түсті. Пейзаж өнерінің гүлденуіне жетті. Суретшілер жұмысында жеңілдік пайда болды, сонымен қатар қала пейзажы дами түсті [3.8].               

Табиғат тақырыбына 19-20 ғасырларда қалам шеберлері Врубель, Нестров көптеген шығармалар жазды. Нестров картинасында адамдарды табиғат орнына береді. Бұл шығпрмалардың құндылығы адамдардың көніл-күйін, жан дүниесін, сәулесін, табиғат құбылысы арқылы жеткізеді. 19-20 ғасырда Англия суретшісі Джон Констебль алғаш рет плэнерге шығып этюд жаза бастады. Оның жұмыстары шағын және этюдке өте жақын болды. Бұл кезде реализм көркемдікке ие болды. Реализм ең бірінші пейзажда көрінді. Ол Барбизон мектебінен басталды. Олар жас суретшілер мектебінен басталды. Олар Теадор, Руссо; Жюль, Дюпре, Шарль Франсуа. Олар алдымен далада этюдтер жазды.    Олар табиғатты бар зейінімен зерттеп,сол қалпында салуға тырысты. Барбизон мектебінде ең ірі фигура Жан Франсуа Миян болып саналды. Ол адамды табиғатпен байланыстырып бейнелейді. Ал пост империалистер, мысалы: Сезан, Ван Гог, Пол Гоген пейзажға басқаша қарады.Олар түстерді жеңіл алды. Сезанның күшті жағы коларист.                  

Пол Гоген жұмыстары күрделі, ол табиғатты жоғары эмоционалды қабылдап салды.                                                                                        

Ал енді 19-ғасырдың екінші жартысында болымсыз уақытты орыс пецзажды живопись, бүкіл көркем өнердің алға жылжыған тамаша шеберлері А.К. Соврасов, И.И.Шишкин, Ф. Васильев, А.Н. Васнецов, В.О. Поленов т.б. болды [2.4]. 1870 жылы «передвижниктердің көркем выстовкасы» ашылды. Алғашқы жиылған топ суретшілер. Бұл передвижниктердің басшысы Н.Н.Крамской болды. Бұл көрме 1871 жылдың 29 қарашасында Петербургте ашылды. Пейзажистердің алғашқы бастамасы үлкен жетістікке орыс живописін алып келді. «Ұзақтар ұшып келгендегісінде» суретші ери бастаған қар, мұнартқан көкжиек далбаң-далбаң ұшып қонған ұзақтар арқылы көктем басындағы қарбаласты дәл жеткізе білген.                       

И.Левитан «Орыс өзені» еңбегінде өзеннің үстінен ирелендеп өтіп жатқан тақтай өткелді, баурайы нан қар кете қоймаған жайпауыт жылдарды дәл сол қалыпта бейнеленген. Левитан пейзаждарды тек табиғат сұлулығын ғана емес,суретшінің жан сырын да паш етіп тұрғандай.                              

Шишкиннің «Сосновый бор» деген жұмыстары орыстың әдемі табиғатын ашқан жұмыстар болды. И.И.Шишкин: пейзажист—нағыз суретші, ол терең де таза сезе біледі»дейді.                                                     

1898 жылы Рерихтің «Қуғыншы» картинасының жазылуында пейзаж пайда болдаы.Әрбір суретші туған жер тақырыбын өзінше жеткізеді. [7,10]

Мысалы: Поленов «Московский дворник», «Бабушкин сад», «Раннист сны»және басқада пейзаждарында живопись арқылы маңызды да қарапайым шындықты көрсетеді.Поленовтың ерекшелігі ол пейзаж бен тұрмыс жанрын біріктіруге ұмтылды.        

Өйткені адамдардың қозғалысы мен өмір ағымы табиғаттан рухани нәр алғандығынан туған. 20-ғасыр пейзаж тарихына жаңа традиция енгізді. Оған Жерис Брак пен Павло Пикассо еңбектеріндегі кубизм деген бола алады. Кубизмде геометриялық элементтер, сындырулар арқылы форманы шешті. Олардың ойынша шын әдемілігі мен сурет әдемілігі өзгеше заттар.               

Бірақ пейзаж жоғалып кеткен жоқ. Елімізде елуінші жылдарға дейін пленэр принципі жетекшісі болды.    Осы жылдардың өзінде–ақ халқымыздың бейнелеу өнерінің саласының бірі болған живопись саласына тартқан қылқалам пейзажистеріміз өз емес [5.6] 

Олар: Әбілхан Кастеев, Қанапия Телжанов, Ш.Шаяхметов. Мысалы: Телжановтың «Жансая», «Домбыра», Шаяхметовтың «Туған ауылда», Кенбаевтың «Шопан әні», Ү.Әжиевтің «Асы жайлауда» және тағы басқада еңбектерін атауға болады. Міне бұлар Халқымыздың бейнелеу өнерін жаңа өмірге ұштастырушы пейзаждар болып табылады.                                     

Бұл кезеңде суреттің және живописьті пластикалық құрылыстың қорытындысы шығарылды. Акварельдік живописьте түстік реннің күшеюі немесе әлсіреуі өте ерекше байқампаздықты қажет етеді. Түстік дақтардың шекарасындағы өткірлікті азайту үшін таза қылқалам және су қажет. Мысалы, жаңбырлы күні ауаның ылғалдығы жоғары болады да, соған байланысты жалпы рең әлсірейді. Акварельдік живописьті этюдты анықтау кезінде жалпы реңді күшейту тек үйлесімді ортаны ескергенде ғана жүзеге асады. Бөлшектердің бір бүтіндікке бағынуы заттардың образдық, мағыналық шешімдерінің негізгі топтары оқулық есептердің шешімін табуға мүмкіндік береді. Сондықтан да этюд жазу бірқатар акварельдік жазу тәсілін игерумен қатар үйлесімділікке дағдылануды да қажет етеді.           

                                      

Кескіндеме жасау техникалары

"Акварель" деген атау латынның "адиа" су деген сөзінен шыққан. Бұл сөз суға енгізілген бояуларды да, сол бояулармен салынатын шығармаларды да білдіреді. Акварель бояулары қағаз бетіне мөлдір болып түседі, сол мөлдірлік акварель туындыларының ең басты қасиеті болып табылады. Мөлдір жағылғандықтан бояу астынан қағаздың өз түсі көрініп тұрады. Ал бояу қалыңырақ жағылатын жерлерге әлденеше бояу қабаты түсіріледі. Алайда соның өзінде де суретшілер акварель бояуының артықшылығын - оның мөлдірлігін жоғалтпауға тырысады.

Акварель бояуының тағы бір өзіндік ерекшелігі сол, онда бір түс пен екінші түстің арасында айқын айырмашылық болмайды: олар бір-бірімен жымдасып, бір-біріне жігі білінбей, жұмсақ реңкпен жалғасып жатады. Акварельмен сурет салудың тиімді әдістері: акварель бояумен жұмыс жасау техникасында ақ түс қолданылмайды, өйткені оның орнына қағаздың өз түсі қолданылады. Акварель бояуының материалы - пигмент, жабыстырушы зат. Акварель бояуларының плитка тәрізді қаттысы да, фарфор ыдысқа салынған іркілдегі де, сықпа (тюбик) етіп койған жұмсағы да болады. Акварель бояуымен жұмыс жасағанда пигментті еріту үшін су пайдаланылады. Акварель бояулары –дүкендерде металдан және пластмассадан жасалған ыдыстарда сатылады. Акварель бояуы үшін әдетте, беті бұдырмақ /ватман немесе жартылай ватман қағаздарын пайдаланады. Ерте заманда акварельмен салатын суретшілер суреттерін ерекше әдіспен иленген ешкі терісіне - пергаментке салған көрінеді. Акварель бояуына арналған қағаздын барлық түрі де таза зығырдан жасалған болуы керек. Жылтыр қағаздарға қарағанда беті бұдырмақ қағаздарға акварель бояулары жақсы жұғады. Әрине, суреттің сыртқы көрінісіне және сапалы шығуына материалдық сапасы да әсер етеді. Сондықтан да акварельмен жұмыс жасағанда қағаз көтеріліп тұрмас үшін оны тегіс тақтайға керіп, жиектерін желімдеп алған дұрыс. Желімдеуге ыңғайлы болу үшін қағаздың жиектері тақтайдан 2-3 сантиметрдей асып тұруы керек.

Қағаз жиырылмай жақсы керілуі үшін оны алдымен суланған щеткамен немесе дымқыл губкамен сүртеді. Содан соң желімді тақтайдың айналасына жағады да қағаздың артын шеттерін қайырьп жабыстырады. Дайындалған қағазға суретті әбден кепкеннен кейін салу қажет.Акварельмен жұмыс жасаған кезде көбіне күзеннің немесе тиіннің түгінен жасалған қылқаламдар пайдаланылады. Акварельге арналған қылқаламдардың қылшықтары жұмсақ әрі ұзын болады, мұның өзі бояуды қалыңдатып жағуғада, кажет кезінде ұсақ детальдарды кемеліне келтіре жасауға да мүмкіндік береді.[18] Үлкен қылқаламдармен үлкен таңдақтарды, ал кішкене қылқаламмен шығарманың ұсақ бөлшектерін бояйды. Қылқаламдардың сыртында 1,2,3,4 және одан да көп сандар қойылады. Бұл сандар неғұрлым жоғарылаған сайын қылқалам да соғұрлым үлкен болады.Акварель бояуларымен жұмыс жасауға арналған қылқаламдардың қылы ұзын болады, сондықтан олар бояуды молырақ жұқтырып алуға ыңғайлы. бояуды біркелкі жағып болған соң қылқаламды таза суға жуып, суын сығып, сорғытып отыру керек.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

Акварель бояуымен сурет салғанда, жарық пен көлеңкені айырып -көрсетуден бұрын суретті қарындашпен түсіріп алған жөн. Өшіргішті өте қажет жағдайда болмаса, ретсіз пайдаланбау керек, өйткені өшірілген жерге бояу нашар жұғады. Объектінің суретін салғанда оның жарық, көлеңке, түстік ренгенктерін дұрыс айырып, дәл нұсқасын жасап алу керек.

Акварель бояуларын пайдаланғанда бір түстің үстіне екінші түсті бояуды бірте-бірте жағып отыру керек, егер бұлай етпесе, жаңсақ алынған түс суретті бүлдіріп жіберуі мүмкін. Әдетте бір түсті екінші бір түске ауыстыру немесе түстерді табу үшін палитра /тақтайша/ немесе оның орнына кішкене жалпақ тәрелке, тіпті болмаса қалың ақ қағаз пайдаланылады. Акварель бояуымен сурет салып отырған кезде бояудың тамып кетуі жиі болып тұрады. Сол себепті жағылып жатқан түстің сызықтан шығып кетпеуін және тамып кетпеу жағын жиі қадағалап отыру керек.Әдетте жұмыс аяқталған соң келесі жұмысқа даяр тұруы үшін тәрелкені жуып, оны кептіріп қою қажет. Қылқаламдарды да суға жақсылап шайып, таза құрғақ шүберекпен сүртіп, басын жоғары қаратып, кішкентай сауыттың ішіне салып қойған дұрыс.                                                                                                                        Майлы бояуды пигментті зығыр майымен араластыру арқылы алады.Майлы бояудьң әдістері әр түрлі: майлы бояу мен жұқалатып немесе керісінше,кедір-бұдыр етіп(мазок) жазуға болады. Майлы бояудың бір қасиеті акварельдей емес, ұнамаған бояу түсін қалақша (мастихин) арқылы алып тастап немесе үстінен өңдеп, қайта жазуға болады.

Ақ түс - цинковтік ақ, свинцовтік ақ, екі ақ түстің қосындысы кремицк түс.

Сары - ашық охра, алтын түс охра, сары охра, кадмий сары, -неополитандық сары, үндістан сары, кадмий лимон, марс сары, алтын – сары лак.

Қызыл – киноварь, кадмий қызыл, краплак жарық, краплак қараңғы,ағылшын қызыл, венециандық қызыл, капут-мортуум, қызыл жер поццуол,киноварь алқызыл.

Көк - ультрамарин, кобальт көк, церулеум, азуритовттік лазурь, кобальт көк қаранғы, кобальт көк қараңғы, индиго.

Жасыл - изумруд жасыл, Поль Веронез, кобальт жасыл, жасыл жер веронсттік, -грузиндік жасыл жер, волконсконт, окись хромы, богемстік жасыл жер.

Қоңыр - марс жарық қоңыр, копуг-моргуун, қоңыр жер, хотьковтік қоңыр жер, кудиновтік коңыр жер, табиғи умбра, Ван-Дик, табиғи сиена, кассиельстік қоныр жер, асфальт [19].                                                                                                                                                                

Қара - виноградтық қара, піл сүйегін күйдірілген.

Майлы бояудың кебу жылдамдығы ондағы майдың мөлшерімен, пигменттің химиялық құрамымен байланысты.Майлы бояу XV ғасырдан бастап қолданыла бастады. Майлы бояу екі түрге бөлінеді: "езілген ұсақ бояу" және эскиздік" болып. Бірінші түрі ең жақсы майлы бояу болып табылады. Соңғысы онша жауапты жұмыстарға арналмаған бояу. Оқушылардың мына бояу түрлерін қолданғаны дұрыс. Цинковтік ақ - барлық бояудың түстерімен араласа береді және жай кебеді. Бұл бояудың қасиеті түс іздеу үшін өте қолайлы.

Сары кадмий - өте жай кебетін бояу. Әр түрлі реңк (оттенок) шығаруға болады. Сары охра (ашық), қатты да тұрақты түсін өзгертпейтін бояу. Кызыл кадмин - киноварьдың орнына қолдануға болады. Өте ашық және тұрақты түс.


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 498; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!