Шыныбаев Музаппар Адамбекович 10 страница



Сондықтан да мұғалім сабақтың әр кезеңінде де оқушылардың саналы белсенділігін ояту үшін оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін шебер пайдалана білуі керек.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   

Жаңа сабақты түсіндіру кезінде жанама сұрақтар қою, немесе жаңа мәселе туралы оқушылардың пікірін тыңдау, сұрақ-жауап т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың саналылығын, белсенділігін арттыруға болады. Мысалы, мұғалім ұлттык қолөнермен таныстыру сабағында қолөнер түрлерін әңгімелеп, оған байланысты түрлі-түсті әсем репродукциялар т.б. -көрнекіліктер көрсетіп, оқушылардың сабакқа саналы белсенділігін ояту мақсатында сұрақтар қояды; "Қолөнер бұйымдары несімен тартымды?" Бұл сұраққа оқушылар бұйым бейнелерін жай қарамай саналы зерттей, талдай қарап жауап іздейді. Ал "бұл бұйымдар қандай өрнек түрлерімен безендірілген?" деген сұраққа окушылар өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіре отырып жауап береді. Немесе осы көрсетілген бұйымдардың тұрмыста қолданылуы, материалы, безендірілуі жөнінде оқушылардың пікірін тыңдау арқылы олардың жаңа білімді меңгеруге саналы белсенділігін ұйымдастыруға болады. Бұл оқушылардың жаңа білімді саналылықпен белсенді меңгеріп әрі бірден бекітуіне мүмкіндік жасайды.

Сабақтың машықтық кезеңінде оқушыларға ою-өрнектерден жолақтың немесе шаршының ішіне композиция жасау тапсырылады. Сабаққа оқушылардын, саналы белсенділігін арттыру максатында тапсырманы белгілі бір бұйымды безендіру үлгісі ретінде орындауға болатындығы ұсынылады. Жұмысқа үйде орындаған эскиздер немесе өткен сабақтарда танысып бейнелеген ою-өрнек элементтерін басшылыққа алу ұсынылады. Окушылар жұмыс барысында өздігінен ізденіп, өткен білім мен жаңа білімді ұштастыра отырып, белсенді жұмыс істейді. [ 18]

Мұғалім үнемі оқушыларды сыныпта немесе үйде өз бетімен жұмыс істеуге үйретуі керек. Өз бетімен жұмыс жаңа білімді, іскерлік дағдыны бекітіп, дамытып қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық ізденіске, саналы белсенділікке тәрбиелейді.

Өз бетімен жұмыс тапсырмалары мән мағынасына қарай әр түрлі болуы тиіс заттан қарап бейнелеу немесе сәндік сурет және көркем құрастыру т.б. Ол оқушыға жан-жақты іздену аясын кеңейтіп әр түрлі материалдармен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастырады. Өздік жұмыс нәтижесінен оқушының білім деңгейін, іскерлік қабілетін байқап, ол оқушымен жұмыс істеуді жоспарлау мәселесін айкындауға болады. Сонымен саналылық және

белсенділік принципін іске асыруда мұғалім мен шәкірттің бірлесіп істейтін шығармашылық жұмыстарының игі әсері мол.

Оқушылардың саналылық және белсенділік қабілеттерін дамытуда әр баланың жеке бас ерекшеліктеріне де аса көңіл бөлінуі керек. Баланың

психологиялық ерекшелігіне байланысты мадақтау, өз мүмкіндігіне сенімін молайту, арнамысына тимей байыпты сынау. Мұғалімнің жекелеген оқушымен жұмыс кезі ол көбіне сабақтың машықтық кезеңінде өтеді. Оқушы жұмысындағы кемшіліктерге байланысты нұсқау беру, түсіндіру, қайталау, ескертулер, түзетулер енгізу. Бұл жүмыста мұғалім оқушы жұмысының кемшілігін түзетуші рөлінде емес, керісінше оқушымен ынтымақтастық бірлікте, кемшіліктің жіберілу себебін анықтап оны бірігіп түзету мәселесін ұйымдастырушы болғаны жөн. Оқушының мұғаліммен бірлестікте жұмыс істеуі оның сенімін молайтып, белсенділігін арттырады.Мысалы, заттан қарап бейнелеу сабағында оқушының құмыраны бейнелеген жұмысынан кемшілік байқаған мұғалім оқушының жанына келіп "Мұқият қарашы, құмырамыз дұрыс тұр ма, бір жағына қарай қисайып бара жатқан жоқ па? Қане тексеріп көріңдерші" деуі қажет. Ол үшін құмыра аузынын; ортасынан қағазымыздың жанынан табанына қарай параллель көмекші сызық түсіреміз. Оқушы құмыраның аузы мен табаны сәйкес келмей тұрғанын анықтап жұмысты өз бетімен түзетуге кіріседі. Негізінен мұғалім ез тәжірибесінде әр түрлі сабақ түрлеріне арналған оқушылардың ез машықтық жұмыс барысын, жаңа материалды игеруін өздері тексеріп отыру әдістерінің жүйесін жасап, сабақ барысында пайдалануға ұсынған жөн. Ол оқушылардың өз жұмысын үнемі тексеріп отыруға дағдыландырады.                   

Саналылық және белсенділік принципінің жүзеге асуы мынадай қағидаларға негізделеді: оқушыға алдағы жаңа білімнің және оған байланысты жұмыстардың мақсат, міндеттерін және оның болашақта пайдалылығын айқын түсіндіру; оқыту барысында танымдық материалдарды ұтымды пайдалану, топтық зерттеу және жеке зерттеуге мүмкіндік жасау; бейнелеу жұмысында жаңа бейнелеу материалдары мен құралдарын меңгерту, жаңа бейнелеу терминдерін ұсыну және пән аралық байланысты пайдалану;                                                                 

Мектептегі бейнелеу өнерін оқытуда мұғалімнің басты міндеті суретші емес, бірінші жеке тұлға тәрбиелеу керектігін ескеру; бейнелеу өнерінің және оған байланысты білім мен іскерлік дағдының және адам тұрғысында, қоғамда, қоршаған ортада алатын орнын ашып көрсету. Сабақты ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды, озық іс-тәжірибелерді пайдалану.Сонымен саналылық пен белсенділік барлық оқу-тәрбие барысында басты нысана болуы керек, өйткені қазіргі саналы да белсенді оқушы - ертеңгі қоғамның саналы да белсенді мүшесі.

Жүйелілік және бірізділік принципі                                                                                                                                                  

Педагогика ғылымы әрбір жаңа білімнің, дағды немесе жаңа тапсырманың бұрыңғы өткен білімге және іскерлік дағдыға негізделіп берілуін талап етеді. Жаңа білім мен дағдыны меңгеру келешекте өтетін сабақ пен өткен сабақтың байланысын анықтайды. Жаңа сабақтың материалың өткен сабақпен байланыстырып, бірізділікпен оқыту оқушының білімін тереңдетеді. Жаңа оқу материалы оқушының есіндегі бұрынғы білімді тексереді және оны толықтырады. Оқыту процесіндегі ең басты болып саналатын осы жиелілік пен бірізділік принципі қаншалықты үздіксіз байланыста жүрсе, соғұрлым жұмыс та нәтижелі болады. Осыған орай Я. А.Каменский: "бүгінгі мен кешегіні бекітіп, ертеңгіге созылта жол салуы үшін барлығы үздіксіз бірізділікпен жүргізілуі тиіс" деп айтқан болатын. Бейнелеу өнеріне оқытуда жүйелілік принципі бейнелеу жүйелілігінің ережелерін қатал сақтауды талап етеді. Ол - өткен сабақтағы материалдарды меңгермей, оны бекітпей жаңа сабақ материалына көшпеу. Оқушы бейнелеудің әрбір кезеңдерін бірізділікпен жеке-жеке меңгеруі, бекітуі қажет, өйткені әрбір келесі кезең өткен кезеңнің құрамдас кезеңінен туындайды. Мектептегі бейнелеу кабинетінің заттың (натуралдың) қорының кедейлігінен кейде мұғалім әр түрлі натюрморттык қойылымға бір затты пайдаланады. Ол оқушылардың сабаққа қызығушылығын азайтады және оқытудың жиілілігі мен бірізділігін бұзады. Заттан қарап бейнелеу сабақтарында қолданылатын, заттар кездейсоқты болмауы тиіс.                    

Әрбір жаңа сабаққа қойылатын зат пішіні біртіндеп күрделенеді, әр сабакта оқушылар алдына жаңа міндеттер қойылады.                                          Сабақ барысында педагог әр сабақты бейнелеу өнері пәнінін. толық тарауларындағы міндеттерді бір-бірімен саналы әрі жүйелі байланыстырғанда ғана жұмыс жемісті болмақ. Сондықтан да мұғалім әр сабақ немесе әр сабақтың кейбір кезеңдерін жеке-дара қарастырмай, толық пән міндеттерімен байланыстыра қарастыруы тиіс [20].

Бейнелеу өнері пәнінің мазмұныныдағы жазықтықта бейнелеу, сәндік қолдан балы өнер, мүсін, сәулет өнері тарауларына байланысты сабақ тар көбінеесе, мектепте жеке-дара қарастырылып оқылатын жағдайлар кезедеседі. Осыдан бейнелеу өнерін оқытудың жиілігі мен біріздідлігі бұзылады.

Тараулар арасындағы байланысты жоймас үшін мұғалім әр тақырып бойынша істелінетін машықтық жұмыстағы бейнелеу іс-әрекетіне терең талдау жасап, байланыс көз ін іздеу қажет.

Мысалы, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында мұғалім оқушыларға қолөнер суретшісі өзінің безендіру жұмыстарына ою-өрнектерді, шынайы табиғаттағы заттарды, құбылыстарды қарап оларды қалай өрнекке айналдыратыны жөнінде айтып көрсетеді. Әрине табиғаттағы өсімдік жапырақтарын, жан-жануарларды стильдік, сәндік суретке айналдыру бірден оңай меңгерілетін жұмыс емес. Сондықтан, бұл жерде бірінші оқушының заттан қарап бейнелеу сабақтарында алған білімдерін еске түсіру қажет болады. Онда оқушылар зат бейнесін бейнелемес бұрын оны мұқият қарап,құрылысымен танысып содан соң оны белгілі бейнелеу кезеңдері бойынша жазықтық бетіне түсіреді. Бірінші заттың жалпы жазықтық бетіндегі алатын орны белгіленеді. Сол белгіленген заттың жалпы сыртқы бейнесінің үстіне оның , пропорциялық ерекшеліктері түсіріледі. Екінші белгіленген пропорциялық ерекшеліктері бойынша заттың жалпылама бейнесі айқындалады. Міне, заттан қарап бейнелеудің осы кезеңіндегі пайда болған бейнені заттың стильдік бейнесі деуге болады. Әрине, бұл әдіс стильдік бейнелеудің алғашқы қадамы ғана. Стильдік бейнелеуде заттың немесе кұбылыстың құрылысының ырғақ-тылығына симметриялы, ассиметриялығына, түстік үйлесіміне мен беріледі. Сонымен, сәндік сурет салуды менгеру үшін басқа да сабақтармен; байланыс жүйелілігі үнемі сақталу керектігі айқындалады. Сабақта немесе сыныптан тыс жұмыстарда кескіндеме және композиция негіздерін оқытудағы жүйелілік пен бірізділік барысында аса көңіл бөлінуікерек. Іс жүзінде осы мәселелер бойынша жүйелілік пен бірізділік принципі бұзылып жататыны рас. Ол: кескіндеменің көркемдік мүмкіндігін, композиция негіздерін оқытуда пайдалану, сыныптар сатысы жоғарылаған сайын біртіндеп күрделенетін тақырыптың композицияларды кескіндеме материалдарымен орындау. Бұл жұмыстарда сыныптан тыс шаралардың да мүмкіндігі зор.   

Қазіргі мектептердегі бейнелеу өнері бағдарламаларында заттан қарап бейнелеу, түстану, композиция, мүсіндеу, өнер туралы әңгіме т.б. сабақтары бойынша тақырыптар әр сыныптарда қайталанып келеді (әсіресе әр сыныптағы түстану композиция сабақтарының мазмұны бойынша). Осыған орай осы сабақтардағы мәселелер сынып сайын қайталанып бірін-бірі көшіріп кетпей ме, бұл жағдайда оқытудың жүйелілігі, бірізділігі сақталама деген сұрақтар туындайды [ 22]. Ол үшін мұғалім бейнелеу өнері пөнін оку бағдарламасына сүйене отырып, тақырыптың күнтізбелік жоспарын құрастыруда осы оқу материалдарын әр сынып бойынша бөліп, сонымен қатар әр сыныптарда сол материалдың оқытудағы білімдік, танымдык мөлшерін анықтап  жоспарлайды. Мұғалім әр сыныпта бір тақырып бойынша оқушыларға қандай жаңалық ұсынатындығын белгілеп жоспарлағанда окытудың үдемелі жүйелілігі мен бірізділігі сақталады. Мысалы, мұғалім сыныптар бойынша "Түстану" тақырыбына байланысты мынадай міндеттерді белгілейді: 1 сыныпта оқушыларға түстану бойынша негізгі түстер және олардың қоспасынан пайда болатын қосымша түстер: қызыл мен сарының қызғылт сары, сары мен көктің қоспасынан жасыл, көк пен қызылдың қоспасынан , күлгін түс шығатындығын, түстердің жылы және суық болып бөлінетіндігі жөнінде әңгімелеп көрнекіліктерден көрсетіледі;ІІ-ІІІ сыныпта оқушылар көркем бояулар жүйелерімен, атауларымен танысады: ашық сары, ашық қоңыр (охра светлая), қызыл қоңыр (кадмий оранжевый), алқызыл (кадмий алый), қызыл коңыр (охра красная), көгілдір көк (кобалый голубой), жасыл көк (изумрудный зелёный) т.б. Акварель, гуашь бояуларының түрлерімен, өзіндік қасиеттерімен танысып, осы бояуларды қолданып (акварель немесе гуашь), оқулықта көрсетілген негізгі түстердің ашықтан қоюға дейінгі реңдерінің өзгеруін қылқаламмен орындайды; IV сыныпта оқушылар өткен сыныптарда алған білімдерін одан әрі терендетіп "түсті рең" және олардың үйлесімділігі, зат реңінін, фонға байланысты өзгеруін, мысалы, қою қараңғы фондағы ашық реңді нәрсе одан әрі ашық болып, ал ашық фондағы сол ашық нәрсе күңгірт болып көрінетіндігі жөнінде, түстердің тустік шеңберде орналасу реті жөнінде мөлімет алады. Бояулардың бір-бірімен араласу ерекшіліктерін, соның ішінде, мысалы, көк пен қызғылт сары қоспасынан, қызыл бояу мен жасыл, сары мен күлгін бояулардын қоспаларынан кір түс шығатындығы жөнінде біліп, тәжірибе жұмыстарын жүргізеді.                           

Осындай сыныптар бойынша оқу мазмұнын жүйелілік пен бірізділік прңнципін сақтай отырып жоспарлауда әр сыныпқа ұсынылатын материалдың мүмкінділігі мен сәйкестілігі ескерілуі қажет.                   

Түсініктілік және сәйкестік прйнципі                                                      

Оқытудың түсініктілік принцилі мүғалімнен жаңа материалдьщ күрделілік деңгейін және оны әр сыныпта меңгерілу мүмкіңдігін білуді, сонымен қатар оқушылардың жас ерекшелігін, жеке іскерлік және танымдық қабілетін білуді талап етеді. Оқу материалын оқушының жас ерекшелігіне, жеке іскерлік қабілетіне сәйкес түсінікті етіп жоспарлау үшін мұғалім оқушылардың әр жаста белгіленген уақыт ішінде қандай білік және іскерлік дағдыларды меңгере алатындыгын білуі тиіс [22].

 

 

2.2 Табиғатты бейнелеуге арналған методикалық сипаттама

 

Көркемсурет – графика факультетінде және пән ретінде өтілетін табиғатты бейнелеу практикасы оқу процесінің тікелей жалғасы болып табылады. Табиғатты бейнелеуге үйрету студенттердің бойында мынадай қабілеттерді дамытуға бағытталған:                                                      

1.Жан-жақты кеңістік бағдар яғни үш өлшемді кеңістікте нұсқаны үлкен масштабта қабылдау.                                                                            

2.Нұсқаны, оның жалпы реңдік және түстік қасиеттерін  ескере бүтіндей қабылдау.                                                                                                                


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 437; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!