Рецепт на настойку пустырника 42 страница



Құтыларды медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары 

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтiн жерде сақтау керек!

Босатылу шарттары –Рецептісіз

Рецепт на настойку пустырника

Rp.: T-rae Leonuri 15,0
 

D. S. Внутрь по 20 капель 2 раза в течение дня и перед сном.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

7.6 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

2. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

7.7 Бақылау (сұрақтар, тестілер. тапсырмалыр, т.б.)

1. Седативті дэрілер (натрий бромиді, шүйгіншөп препараттары, сасықшөп тұнбасы).

2. Әсер ету механизмі.

3. Негізгі фармакологиялық эсерлері.

4. ОЖЖ-не эсер ету ерекшеліктері.

5. Қолдану көрсетімдері.

6. Жағымсыз әсерлері.

 

 

7.1 Тақырып №24.Антидепресанттар

7.2 Мақсаты:Антидепресанттар туралы мағлұмат беру.

7.3.Оқытудың міндеті

Антидепресанттар туралы мәлімет беру. Препараттарға рецепт жазуды үйрету.

7.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Катехоламиндер алмасуына әсер ететін дәрілер.

2. Антидепрессанттар (имизин, амитриптилин, флуоксетин, пиразидол)

3. Жалпы сипаттамасы.

4. Жіктелуі.

5. Әсер ету механизмі.

6. ОЖЖ-дегі адренергиялык, серотонинергиялык жэне дофаминергиялык процесстерге тигізетін әсері.

7. Негізгі фармакологиялык эсерлері.

8. Препараттардың салыстырмалы сипатгамасы.

9. Пиразидол жэне тразодонның әсер ету механизмдерінің ерекшеліктері.

10. Қолданылуы.

11. Жағымсыз әсерлері.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

Ақпараттық-дидактикалық блок.

Антидепрессанттар -психикалық бұзылыстар кезінде деприссивті жағдайды төмендететін психотропты заттар.  

Тыныштандырғыш әсері бар антидепресанттарды тимолептиктер деп атайды ( грек тілінен - thymos - жан; leptos – жұқа, нәзік), ал ынтандырғыш - тиморетик деп атайды (грек. - ereto – тітіркендіру).

Антидепрессанттардың жіктелуі

1.Қайтымды әсерлі моноаминооксидаза (МАО) ингибиторлері

Пиразидол (пирлиндол), бефол

2. Нейрональды ұсталудың ингибиторлері

А) Таңдамалы емес әсерлі: амитриптилин (триптизол), кломипрамин (гидифен), имипрамин (имизин, мелипрамин)

Б) Таңдамалы әсерлі: флуоксетин (прозак), флувоксамин (авоксин)

3. Атиптік антидепрессанттар – азафен

       Антидепрессантардың қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін бағалау критерилері:

1. Лабораторлы 2. Параклиникалық:а) ЭКГ б) тонометрия (көз қысымын өлшеу) 3. Клиникалық: науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру

       Қолдану көрсеткіштері:1)әртүрлі этиологиялы депрессивті жағдайлар 2) психосоматикалық аурулармен жүретін депрессивті жағдайлар 3) функционалды түнгі энурез 4) қарт деменциясы 5) әртүрлі ой және физикалық бұзылыстар.

       Бір-бірімен әсерлесу:антидепрессанттарды бір-бірімен тек бір топтың шегінде ғана қиыстыруға болады, ондай болмаған жағдайда гипертоникалық криздің, күшті тырысулардың даму қауіптілігі бар. Антидепрессанттар орталық жүйке жүйесін тежейтін препараттардың эффектісін күшейтеді.

ИМИЗИН

Үлкен мөлшердеседативты, гипотермиялық және анальгезиялық әсер көрсетеді; ми бағанасының ретикулярлы формациясын тежейді.

Синонимдері: Антидеприн. Депренил. Депримин. Депринол. Динапирин. Имидобензил. Имипрамин. Имипрамил. Имипрамина гидрохлорид. Ирмин. Мелипрамин. Психофорин. Суриликс. Тофранил. Эупрамин.

Фармакологиялық тобы: Антидепресанттар тобы. Тимолептик.

Нейроплегиялық және адренолитикалық әсері бойынша аминазиннен әлсіз, мидың биоэлектрлік активтілігіне тежегіш әсер көрсетпейді. Резерпин, Мепротан, Фенобарбитал және  морфиннің ОЖЖ-ң тежегіш әсерін төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері

Психиатрияда депрессияларды емдеу мақсатымен

Жанама әсерлері

Ауыз қуысының құрғауы, бас айналу, тершеңдік, жүрек соғысының жиілеуі, акоомодация өзгерістері, бұлшықеттер әлсіздігі байқалған жағдайда – мөлшерін азайту қажет.

Қарсы көрсеткіштері

Бауыр, бүйрек, қанжасау ағзаларының аурулары, диабет, жүрек-қантамыр жетіспеушілігі, инфекциялық аурулар, ми қанайналымының өзгерістері, атеросклероз, глаукома.

Шығарылу түрі

Драже және таблеткалар 0,025 г, 50 және 100 дана қаптамада.

1,25% ерітінді құрамы: имипрамин — 12,5 г, сусыз натрий сульфиті — 1 г, аскорбин қышқылы — 2 г, натрий хлориді — 6 г, инъекцияға арналған су —1 л-ге дейін, ампулада 1 мл және 2 мл-ден, қаптамада 25 ампула.

Рецепт на Имизин

Rp.: Imizini 0,025
 

D. t. d. N 50 in tabul.

 

S.

Амитриптилин(Amitriptyline)

Синтетикалық препарат, антидепрессант, айқын седативті әсері бар, тимолептикалық және анксиолитикалықәсерлерге ие.

Аналогтары. Амитриптилина гидрохлорид. Амициклин. Дамилен. Триптизол.

Қолдану көрсеткіштері

· Депрессия (эволюциялық, реактивті, невротикалық, медикаментозды), маниакальды-депрессивты психоздың депрессивті фазасы, эндогенді депрессиялардың басқа да типтері.

· Шизофрениялық психоз, бас миының органикалық зақымдануларында болатын депрессивті синдромда

· Аралас эмоциональды жағдайлар

Жанама әсерлері

Тахикардия, бас айналу, қолдарының треморы, шаршағыштық және ұйқышылдық сезімдері, ауыз қуысы мен мұрынның шыршыты қабығының құрғауы, іш қату, аккомодация бұзылыстары.

Қарсы көрсеткіштері

Миокард инфарктісі, глаукома, қуықалды безі гипертрофиясы, қуық безінің атониясы, 6 жасқа дейінгі жас, жүктілік, лактация.

Шығарылу түрі

Таблетка 0,01 г, қаптамада 50 данадан. Таблетка 0,075 г, қаптамада 50 данадан.

Драже 0,01 г, қаптамад 60 дражеден. Драже 0,0025 г, қаптамад 60 дражеден.

Инъекцияға арналған амитриптилиннің 1% ерітіндісі, ампулада 2 мл, қаптамада 10 ампуладан.

Рецепт:

Rp: Tab. Amitriptylini 0,025
D.t.d: №10 in tab.
S: По 1 таб. 3 раза в день внутрь.

 

ПИРАЗИДОЛ

Пиразидол — терапиялық әсері кең спектрлі антидепрессант.

Аналогы. Пирлиндол

Қолдану көрсеткіштері

Маниакальды-депрессивты психоздар, шизофрения, депрессивты жағдайлар.

Жанама әсерлері

Препаратқа жоғары сезімталдылық кезінде – ауық қуысының құрғауы, тершеңдік, бас айналу, тахикардия, артериалды қысымның өзгеруі, ұйқы бұзылысы, бұлшықеттік гипотония, дизуриялық өзгерістер. Мөлшерін азайтқанда жоғарыды айтылған жанамас әсерлер жоғалады.

Қарсы көрсеткіштер

Бауырдың жедел аурулары, қан аурулары, есірткімен, ұйықтататын дәрілермен және анальгетиктермен улану.

Шығарылу түрі

Таблетка 0,025 г (25 мг) және 0,05 г (50 мг), қаптамада 50 данадан.

ТРАЗОДОН

Әртүрлі формалы депрессивті жағдайларда қолданылады, сонымен қатар егде жастағы адамдарда.

Тразодон жақсы көтеріледі.

Жанама әсерлері: бас ауыру, артериалды қысымның төмендеуі – сирек кездеседі. Тразадонды парентеральды операция алдында енгізеді.

Шығарылу түрі: капсулалар 0,025; 0,05 және 0,1 г; ампулада 5 мл 1 % ерітінді.

Рецепт:

Rp.: Caps. Trazodoni 0,05 N. 50

D. S. По 1 капсуле 3 раза в день (при необходимости дозу увеличить)

 

Rp.: Sol. Trazodoni 1 % 5 ml

D. t. d. N. 10 in ampull.

S. Вводить внутривенно или внутримышечно.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

7.6 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

2. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

7.7 Бақылау (сұрақтар, тестілер. тапсырмалыр, т.б.)

1. Седативті дэрілер (натрий бромиді, шүйгіншөп препараттары, сасықшөп тұнбасы).

2. Әсер ету механизмі.

3. Негізгі фармакологиялық эсерлері.

4. ОЖЖ-не эсер ету ерекшеліктері.

5. Қолдану көрсетімдері.

6. Жағымсыз әсерлері.

 

7.1 Тақырып №25.Психостимуляторлар

7.2 Мақсаты:Психостимуляторлар туралы мағлұмат беру.

7.3.Оқытудың міндеті

Психостимуляторлардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтарына арналған білімдерін біріктіру, оларды қолдануға арналған негізгі көрсеткіштерді және олардың жанама әсерлерін меңгеру, әр түрлі дәрілік қалыптарда рецепт жаза білу, оларды сараптау және реттеу. туралы мәлімет беру.

7.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Психиканы стимуляция жасайтын дәрілер (фенамин, амфетамин, меридил, кофеин, мезокарб).

2. Жіктелуі.

3. Әсер ету механизмі.

4. Психостимуляторлык әсеріне сипагтама беру.

5. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

6. Кофеин, оның ОЖЖ-не, жүрек - қантамыр жүйесіне, заттар алмасуына тигізетін әсері. Психостимуляторларды қолдану көрсетімдері.

7. Жағымсыз эсерлері.

8. Дэріге тәуелділіктің даму мүмкіндігі.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

Ақпараттық-дидактикалық блок.

Психоқуаттандырғыштар

Психоқуаттандырғыштар деп көңіл-күйді жоғарылататын, психомоторлы активтілікті пайда ететін, шаршау сезімін төмендедетін, физикалық және ақыл-ой жұмыс қабылетін жоғарылататын, уақытша ұйқы қажеттілігін төмендететін дәрілік заттар тобын айтамыз.

Амфетамин (фенамин).Әсер ету механизмі. Синапс аралығында норадреналиннің және дофаминнің мөлшерін жоғарылатады. Осыған байланысты ойлау процестері күшейеді, ұйқышылдық жойылады, тәбет төмендейді, тыныс алу орталығы қуаттанады. Шеткерлік a-адреномиметикалық қасиетінен артериялық қысым жоғарылайды. ІҚТ жақсы сіңіріледі. Гематоэнцнфалды бөгеттен жақсы өтеді. Қолдануы: невроздық супдепрессиялар, патологиялық ұйқышылдық (нарколепсия). Жанама әсері: кумуляция, үйренгіштік, дәріге тәуелділік, қозу, мазасыздық, тахикардия. Меридил.Шеткерлік адреномиметикалық қасиеттері жоқ, жүрекке әсер етпейді, психоқуаттандырғыш активтілігі төмен. Сиднокарб.Психоқуаттандырғыш әсері жоғары препарат. Әсері біртіндеп басталынып, ұзақ уақыт сақталынады. Әсер ету механизмі. Норадренергиялық жүйенің активтілігін жоғарылатады. Симпатомиметикалық қасиеттері, эйфория, қозғалыстың қозуы болмайды. Жанама әсері. Дозасы асып кеткен жағдайда қозу, мазасыздық,, артериялық қысымның жоғарылауы пайда болады.

Кофеин– шай жапырақтарында, кофеде, какаода және кола тұқымдарында болатын алколоид.

 

Кофеин психикалық қызметті ынталандыратын, ақыл – ой және физикалық жұмысқа қабілеттілігін, қозғалыс белсенділігін жоғарлатады, реакциялардың уақыттарын қысқартады. Оны қабылдағаннан кейін сергектік, уақытша шаршау, ұйқышылдық жойылады немесе төмендейді.

Психоқуаттандырғыш және аналептикалық қасиеттері бар препарат. Кіші дозаларда (150 мг) – психоқуаттандырғыш әсер, орташа дозада (300-500 мг) – аналептик ретінде, токсикалық дозаларда – жұлынға әсер етіп, тырысуларды пайда етеді. Аздаған миотропты спазмолитикалық қасиетке ие. Гликогенолизді жоғарылатып, гипергликемияны пайда етеді. Асқазан бездер секрециясы мен диурезді жоғарылатады.

Фармакологиялық әсерлері:

- жүйке жүйесіне аз мөлшерде – ынталандырғыш, көп мөлшерде – тежегіш әсер көрсетеді;

- тыныс және тамыр қозғалтқыш орталықтарына тікелей ынталандырғыш әсер көрсетеді.

- жүрек-тамыр жүйесіне ынталандырғыш әсер көрсетеді. Көп мөлшерде тахикардия, кейде аритмия шақырады.

Кофеиннің әсерінен асқазан бездерінің секрециясы жоғарылайды және бұл диагностикалық мақсаттар үшін қолданады.

Кофеин ішектен жақсы сіңеді. Кофеинді ұзақ қолданғанда айқындығы төмен бейімделу байқалады. Психикалық тәуелділік (теизм) дамуы мүмкін.

Қолданылуы: шаршағанда «бас сақинасында», гипотензияда, психиканы қуаттандыру үшін, шаршаған сезімінде, мигрень, гипотензия.

«Цитрамон», «Пирамеин», «Кофетамин» сияқты жұптастырылған препараттардың құрамына кіреді.

Жанама әсері:

Психостимуляторлардың қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігіннауқас жағдайы-ның динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 602; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!