Синонимы: Пакселадин. Окселадин. Окселадина цитрат.



Тусупрекс — синтетикалық препарат, таблетка түрінде шығарылады 0,01 г және 0,02 г-нан, қабықпен қапталған, қаптамада 30 данадан.

Емдік қасиеттері

Тусупрекс жөтелге қарсы және әлсіх қақырық түсіруші әсері бар. Кодеинге қарағанда тыныс алуды тежемейді, дәріге тәуелділік дамымайды.

Қолдану көрсеткіштері

Өкпе мен жоғарғы тыныс алу ағзаларының аурулары кезіндегі құрғақ жөтел, жоғарғы тыныс алу ағзаларының катары, өкпе аурулары.

Қолдану ережелері

Үлкендерге ішке Тусупрекстің 10-20 мг-нан (1-2 таблетка) тәулігіне 3-4 рет тамақтан кейін.

Балаларға азырақ мөлшерде беріледі, тек қана дәрігердің нұсқауымен, көбінесе: 1 жасқа дейінгі балаларға - 5 мг-нан тәулігіне 3-4 рет; 1 жастан асқан балаларға —5-10 мг-нан тәулігіне 3-4 рет.

Жанама әсерлері

Сирек жағдайда диспепсиялық бұзылыстар болуы мүмкін – іш ауыруы, құсу, лоқсу, іш өту. Тусупрекс бронхылардың спазмын шақыруы мүмкін.  

Қарсы көрсеткіштері

Бронхиалды астма, бронхоэктазия және бронхтардың тарылуымен сипатталынатын жағдайлар, қиын қақырық түсуімен жүретін бронхиттар.

Жүктілік және лактация

Тусупрексті жүктілік пен лактация кезінде қолдануға болады.

 

ЛИБЕКСИН

Cинтетикалық жөтелге қарсы препарат, әсер етуші заты-преноксидиазин хлориді.

Синонимы: Преноксидиазин. Тибексин.

Емдік қасиеттері

Либексин жөтелге қарсы, спазмолитикалық, тыныс алу жолдарының шырышты қабатына қабынуға қарсы және жергілікті жансыздандырғыш әсер көрсетеді. Активтілігі бойынша Либексин кодеинмен бірдей, бірақ тынысты тежемейді және үйренгіштікке алып келмейді.

Қолдану көрсеткіштері

Жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары, жедел және сощылмалы бронхит, бронхтардың ісігі, бронхиалды астма, тұмау, өкпе эмфиземасы, құрғақ және экссудативті плеврит, плевропневмония, өкпе инфарктісі, спантанды пневмоторакс;науқастарды бронхоскопия мен бронхографияға дайындағанда,  при подготове больных перед бронхоскопией и бронхографие;  т.б.

Қолдану ережелері:

Либексинді ішке қабылдайды, үлкендерге 0,1 г-нан (1 таблетка) күніне 2–3 рет, ауыр жағдайда - 0,2 г-нан (2 таблетка) күніне 3–4 рет.

Балаларға препаратты жасы мен дене салмағына байланысты тағайындайды - 0,025–0,050 г-нан (1/4–1/2 таблеткадан) бір ретке тәулігіне 3–4 рет.

Жанама әсерлері

Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабатының құрғақтығы мен жансыздануы, лоқсу, іш өту, аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері, ісіну және т.б.).

Қарсы көрсеткіштері

Тыныс алу жолдарынан шырыштың көптеп шығуы, әсіресе ингаляциялық наркоз жасағанда операциядан кейінгі жағдайда.

Шығарылу түрі: таблеткалар (1 таблеткада 100 мг преноксидиазин хлориді), қаптамада 10, 20 және 100 таблеткадан

Рецепт:

Rp.: Libexyni 0,1
 

D. t. d. N 20 in tabul.

 

S.

ГЛАУЦИНА ГИДРОХЛОРИД (Glaucini hydrochloridum) наркотикалық әсері жоқ, бірақ қосымша жөтел орталығына әсері бар және жергілікті тыныс жолымен бірге сопақша мидың орталығында жөтелу рефлекстерін басып отырады. Бұл опий тұқымдастығы өсімдіктерінен алынған алкалоид. Жөтелдік қарсы әсері жақсы, тыныс жүйесіне әсер етпейді, қанша қабылданса да құмарлық пайда болмайды.

Аналогтары: Глаувент. Туcсиглауцин.

Емдік әсерлері

Жөтелге қарсы және гипотензивті әсер көрсетеді. Тынысты тежемейді, үйренгіштікке әкелмейді.

Қолдану көрсеткіштері

Өкпе мен жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларында (бронхит, пневмония және т.б.) жөтелді басу мақсатымен. Препаратты әсіресе жоғары артериалды қысымда қолданады.  

Қолдану ережелері

Глауцин гидрохлоридін ішке тамақтан кейін 0,05 г-нан тәулігіне 2-3 реттен қабылдайды.

Жанама әсерлері

Жеңіл қысқа уақытты бас айналу

Қарсы көрсеткіштері

Гипотония, миокард инфарктісі.

Шығарылу түрі: таблетка 0,05 г, қабықпен қапталған, қаптамад 20 данадан.

Рецепт:

Rp.: Dragee Glaucini hydrochloride 0,05

D.t.d. № 20.

S. 1 дражеден күніне 2-3 рет.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

7.6 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

2. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

7.7 Бақылау (сұрақтар, тестілер. тапсырмалыр, т.б.)

1. Жөтелге қарсы дәрілер (кодеин, глауцин гидрохлориді, либексин)

2. Орталық (наркотикалық және наркотикалык емес) және перифериялык (шеткерлік) әсері бар дэрілік заттар.

3. Жөтелге қарсы дәрілерді колдану.

4. Дәріге тәуелділіктің даму мүмкіншілігі.

 

7.2 Тақырып №30. Қақырық түсіретін дәрілер

7.2 Мақсаты:Қақырық түсіретін дәрілертуралы мағлұмат беру.

7.3.Оқытудың міндеті

Қақырық түсіретін дәрілердің фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтарына арналған білімдерін біріктіру, оларды қолдануға арналған негізгі көрсеткіштерді және олардың жанама әсерлерін меңгеру, әр түрлі дәрілік қалыптарда рецепт жаза білу, оларды сараптау және реттеу туралы мәлімет беру.

7.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Қақырык тусіретін дәрілер (термопсис шөптерінің тұндырмасы, калий йодиді, кристалдык трипсин, бромгексин, амброксол)

2. Жіктелуі.

3. Рефлекторлы және резорбтивті әсері бар какырыкты түсіретін дәрілердің механизмі Муколитикалык дәрілер.

4. Әсер ету ерекшеліктері.

5. Енгізу жолдары.

6. Жағымсыз әсерлері.

7. Қолданылуы.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

Ақпараттық-дидактикалық блок.

Қақырық түсіретін дәрілер

Қақырықты түсіретін дәрілер бронхтың шырышты секрециясын және сұйылтуын жоғарылатып, оның жөтел кезінде шығуын жеңілдетеді. Қолдану көрсеткіштері: көбінесе қабыну процестерімен жүретін бронх-өкпе ауруында, бронх демікпесенде.

Қақырық түсіретін дәрілерді бірнеше топқа бөлуімізге болады: 1) рефлекторлы әсер ететін препараттарға ақмия препараттарын (тұнба, экстракт), жалбыз тікен, жалаң ми препараттарын жатқызамыз. Осы өсімдіктердегі алкалоидтарды ішке енгізгенде асқазан рецепторлерінің тітіркенуін пайда етіп, бронх бездерінің секрециясын рефлекторлы түрде жоғарылатады, сонымен бірге жыпылықтаушы эпителий активтілігі жоғарылап, бронх бұлшық еттерінің жиырылуы күшейеді. Қақырық көп, сұйық болып жөтелмен шығарылуы жеңілденеді. Үлкен дозада бұл препараттар рефлекторлы түрде құсуды пайда ету мүмкін. Бірақ олар бұл мақсатпен қолданбайды. Ішке 30 минут тамақ алдында белгіленеді. 2) тікелей әсер ететін препараттарға ккалий иодидін, натрий иодидін, натрий гидрокарбонатын, солутан, бронхосан препараттарын, эфир майларын жатқызамыз. Әсер ету механизмі. Тікелей бронхтың кілегейлі қабығының бездеріне әсер етіп, олардың секрециясын жоғарылатады. Бұл препараттарды ішке және ингаляциялық жолдармен енгізеді. 3) Муколитиктер. Олар екі топшаға бөлінеді: А) қахырықты сұйылтатын дәрілер. Оларға муколитикалық ферменттер: ацетилцистеин, трисин, химотрипсин, карбоцистеин жатады. Әсер ету механизмі. Қақырықтың белоктарын және басқа молекулаларын ыдыратып, оның сұйылтуына әкеледі. Бұл дәрілерді ингаляциялық жолмен енгізеді. Б) Сурфактанттың пайда болуына әсер ететін дәрілер. Оларға: бромгексин (солвин), амброксол (амбробене, лазолван) жатады. Бұл препараттар бронх бездерінде синтезделінетін сурфактанттардың секрециясын жоғарылатып, қахырықтың бронхтармен жылжуын жақсартады. Көбінесе ішке таблетка және драже түрінде енгізеді.

Кристаллдық трипсин(ұнтақ түрінде ампула мен флаконда мөлшері 0,005 және 0,01 г-нан егуге және бүрку (ингаляция) ретінде пайданылады; Дальцекс -трипсин және Пакс – трипсин іріңді жараға арналған сальфетка түрінде жапсыруға) - ірі малдың ұйқы безінен алынған белсенді ферменттік дәрі. Трипсиннің өліеттенген тінді ыдыратулық әсеріне байланысты баттасып қалған қақырықтың сұйылуына әкеледі.

Бұл дәріні деммен қабылдау ретінде пайдалынады. Ол үшін 5-10 мг дәріні 2-3 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіне қосып ингалятормен немесе эндотрахеалық зондпен беріледі.

Rp.: Trypcini cristallisati 0,01

D.t.d. № 6 in amp.

S. 2-3 мл-ден ингаляция ретінде.

#

Рибонуклеоза –ферменті дәрі ірі малдың ұйқы безінен алынған, РНҚ деполимеризация арқылы моно- және олигонуклеотидтерге дейін бұзады, сондықтан бұл іріңді, қою және жабысқақ - баттасты қақырықты сұйылтып, одан әрі қабыну үрдістерін де тоқтатады.

Бұл дәрінің бір жақсы қасиеті РНҚ-ы бар вирустардың көбеюін тоқтатады. Негізі трипсинге ұқсас болғандықтан, сол дәрі сияқты пайдаланып отырылады.

Бұның мөлшері 0,01; 0,025 және 0,05 г-нан жергілікті ұнтақ түрінде, аэрозоль және егу түрінде де қолданады.

Rp.: Ribonucleasae 0,01

D.t.d. № 6 in amp.

S. Ингаляция ретінде 5-10 мл.

#

Aцетилцистеин (Бронхолитин, Мукосольвин, Мукобене, Мукомист, Туссиком және т.б.). Бұл дәрі цистеин амин қышқылының туындысы – муколитикалық тиімді зат, қақырықтың сұйылтуға және шығаруға әсерін тигізеді.

Ацетилцестеин жергілікті қабыну жүрістеріне ықпалы күшті. Сондықтан бұл созылмалы іріңді жұқпа ауруларға және жұқпалы-аллергиялық, бактериялық ірің мен асқынған ауруларға да қолданып отырылады.

Бұны деммен қабылдауға болады, онда оны 2-5 мл 20% ерітіндісін күніне 3-4 рет беріп отырады, кейде кеңірдектің ішіне зондпен 1 мл-ден 10% ерітіндісін сағат сайын созып береді, ал бұлшық етке егу ретінде 10% ерітіндісін күніне 2-3 реттен.

Rp.: Sol. Acetylcysteini 10%-2 ml

D.t.d. № 10 in amp.

S. 2 мл-ден күніне 3 рет күніне 4-5 (2 жас балаларға).

#

Бромгексин (Бисольвон, Бронхотил, Муковин, Паксиразол, Сольвин, Флегамин және т.б.) түймедақ және драже түрінде мөлшері 4 және 8 мг-нан; сиропы және тамшысы 0,8% және 0,16% ерітіндісі 50 мл-ден 250 мл-ге дейін; 0,2% - 2 мл ампуласы бар.

Бұл дәрінің муколитикалық және қақырық айдайтын әсері бар. Бұның тағы бір қасиеті жергілікті сурфактанттың белсенділігін өндіріп отырады және аздап болса да жөтелді басады.

Сондықтан бұны қақырық шығару ретінде жедел және созылмалы бронхит кезінде, асқынған бронхоэктазада, жұқпалы-аллергиялық демікпеде, туберкулездің жеңіл түрінде, жедел және созылмалы пневмонияда қолданылады.

Бромгексинді көбірек қолданғанда аллергиялық және диспепсиялық бұзылыстар байқалуы мүмкін.

Бұны жүкті әйелдерге және бала емізіп жүргенде қолданбайды.

Rp.: Sir. Bromhexini 0,08% -250 ml

D.S. 2-3 шай қасықпен күніне 3-4 рет.

#

Aмброксол (Амбробене, Амброгексал, Амбролан, Лазолван, Ласольван, Мукосольван, Халиксол, Фервекс от кашля т.б.). Бұл дәрі бромгексинге өте ұқсас келеді, ал айырмашылығы шала туылған баланың және олардың тыныс алу жетіспеушілінде жергілікті сурфактантты жақсы белсендіріп отырады.

Бұны балаларға 5 мл (15 мг) келесі мөлшерлерді жасына қарап: 2 жасқа дейін 2,5 мл күніне 2 рет; 2 ден 5 жасқа дейін – 2,5 мл күніне 3 рет; 5 жастан бастап – 5 мл күніне 2-3 рет. Ингаляция ретінде 5 жасқа дейін 2 мл күніне 1-2 рет, ал 5 жастан әрі 2-3 мл күніне 1-2 рет тыныс жолымен беріліп отырылады.

Rp.: Sol.Ambroxoli 0,75% - 100 мл

D.S. 2-3 мл бүркуге күніне 2 рет.

#

Термопсис шөбі (Мышатник шөбі). Бұл шөптің құрамындағы алкалоидтар асқазан рецепторларын тітіркендіреді, тыныс алуды қоздырады, содан соң рефлексті жолмен кеңірдек бездерінің сөл бөлуі көбейеді. Қақырықтың сұйық болып және көп шығуы жеңілдейді. Егер мөлшерін біраз көбейтіп жіберсе құстырады. Бұл уланудың алғашқы белгілері. Термопсисті жас балаларға беру өте қауіпті.

Термопсис көбінесе тұндырма ретінде қолданылады және кепкен экстракты, ұнтағы, түймедағы бар.

Rp.: Herbae Thermopsidis 0,01

Natrii hydrocarbonatis 0,25

D.t.d. № 10 in tab.

S. 1 түймедақтан күніне 3-4 реттен.

#

Жалбызтікен (алтей) тамыры (алтей сиропы, кеуделік жинақтар, мукалтин т.б.). Бұлар көбінесе тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруларында қақырықты жылдам шығару үшін және жөтелді басу үшін қолданылады.

Мукалтин(Mucaltinum) - алтей шөбін кептіріп, үгіп ұнтақ және түймедақ түрінде мөлшері 50 мг күніне 1-2 рет ас алдында қолданылады.

Rp.: Inf.red. Аlthaeae 3,0-100 ml

Sir.Althaeae 20 ml

M.D.S. 1 шай қасықтан

#

Mия тамыры (Лакричн тамыры, Глицерам, кеуде элексирі және т.б.) - мия тамырынан жасалған дәрілері өкпе қабыну ауруларына қарсы, қақырық шығаруға және асқазанның жарасына тез жазуға ықпал етеді.

Глицерам(Glycyrramum) мия тамырынан алынған глицирриздық қышқыл. Бұл дәрі бүйрек үсті безінің гликокортикоидтық гормонын белсендіреді, сол арқылы қабынуға қарсы әсеріне және өкпеден қақырықты шығаруға ықпалын тигізеді.

Бұлардың мөлшері: 50 мг кептірген сығыны ас алдында 1-2 түймедақтан 2-4 рет күніне беріледі.

Rp.: Extracti Glycyrrhizae sicci 0,05

D.t.d. № 50 in tab.

S. 1-2 түймедақтан күніне 3-4 рет.

#

Aнис жемісі (анис майы, мүсәтір-анистік тамшы). Анис жемісінен жасалған дәрілер қақырықты шығарады және ішті босатады. Ішті босататын шай 1 ас қасықтан күніне 3 рет, қақырықты шығаратын – мүсәтір -анистік тамшысы – 10-15 тамшыдан (балаларға 3-4 тамшыдан) күніне 2-3 рет және анис майы – 2-3 тамшыдан күніне 4-5 рет беріледі.

Rp.: Liquor ammonii anisatus 100 ml

D.S. 10-15 тамшыдан күніне 2-3 рет.

#

Hатрий бензоаты – басқа қақырықты шығаратын дәрілермен бірге тыныс алу жолдарының қабынулары кезінде (бронхит т.б. созылмалы ауруларында) қолданылады

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

7.6 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

2. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

7.7 Бақылау (сұрақтар, тестілер. тапсырмалыр, т.б.)

  1. Қақырык тусіретін дәрілер (термопсис шөптерінің тұндырмасы, калий йодиді, кристалдык трипсин, бромгексин, амброксол)
  2. Жіктелуі.
  3. Рефлекторлы және резорбтивті әсері бар какырыкты түсіретін дәрілердің механизмі Муколитикалык дәрілер.
  4. Әсер ету ерекшеліктері.
  5. Енгізу жолдары.
  6. Жағымсыз әсерлері.
  7. Қолданылуы.

7.3 Тақырып №31. Демікпеде қолданылатын дәрілер

7.2 Мақсаты:Демікпеде қолданылатын дәрілер туралы мағлұмат беру.

7.3.Оқытудың міндеті

Демікпеде қолданылатын дәрілердің фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтарына арналған білімдерін біріктіру, оларды қолдануға арналған негізгі көрсеткіштерді және олардың жанама әсерлерін меңгеру, әр түрлі дәрілік қалыптарда рецепт жаза білу, оларды сараптау және реттеу туралы мәлімет беру.

7.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Демікпеде қолданылатын дәрілер (салбутамол, фенотерол, тербуталин, изадрин, адреналин гидрохлориді, эфедрин гидрохлориді, ипратропия бромиді, метацин, эу- филлин, теофиллин, беклометазон дипропионаты)

2. Бронхолитикалық дэрілер.

3. Адреномиметиктер, М-холиноблокаторлар және миотропты әсердегі спазмолитиктер топтарынан бронхолитикалык дэрілер эсерлерінің механизміндегі айырмашылықтары. Құрама бронхолитиктер (беродуал).

4. Диметилксантиндердің эсер ету механизмі.

5. Теофиллин препараттары.

6. Бронх демікпесінде аллергияға карсы жэне кабынуға карсы дәрілерді (глюкокортикоидтар, кромолин - натрий, кетотифен) колдану.

7. Лейкотриен жүйесіне әсер ететін препараггар (зилеутон).

8. Лейкотриен рецепторларының блокаторлары (зафирлукаст, монтелукаст).

9. Әсерлері мен колданылуының ерекшеліктері.

10. Құрама препараттар (дитек).

11. Бронх демікпесінде колданылатын дәрілерді колдану көрсетімдері жэне енгізу жолдары. Жағымсыз әсерлері.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

Ақпараттық-дидактикалық блок.

Демікпеде қолданылатын дәрілер.

Демікпеге (тұншығу бара-бара ұстамалы ауруға айналады, сондықтан жедел көмек керек) қолданылатын дәрілер үш топқа болінеді.

1) b - адренорецепторларының белсенділігін арттыратын дәрілер.

Изадрин, адреналин және эфедрин. Ең тікелей кеңірдекке әсер ететін дәрі изадрин болып табылады. Ол кеңірдек тамырының қысылуын жою үшін ингаляция ретінде қолданылады. Жүрек соғуын жиілетіп, күшейтеді, артериялық қысым өзгертпейді.

Изадрин көбінесе созылмалы демікпеге, бронхиттерде және бронхоскопия жасағанда қолданылады.

Кеңірдек тарамының қысылуына қарсы адреналин де қолданылады. Оның әсері тез әрі қысқа. Ал эфедриннің әсері ұзақ болғанымен күші адреналиннен төмен.

Қолдану кезінде жанамалы әсерлері: ауыздың құрғауы, дененің дірілдеуі, жүрек фибрилляциясы болуы мүмкін.

Бұл топқа тағы да басқа дәрілер:орципреналин, фенотерол, салбутамол жатады.

Изадринге қарағанда бұлар ұзақ уақытқа әсер етеді.

Осы топқа жататын дәрілердің әсер ету механизміне келсек, бұлар кеңірдек тарамының b2–адренорецепторларын белсендіріп, жасуша ішіндегі ц-АМФ-ты көбейтіп, тегіс бұлшық еті қимылының қысымын төмендетеді. Сонымен қатар үлкен жасушалардан гистаминнің шығуын тежейді.

2). М–холинді бөгегіштерге атропин, метацин, платифиллинжәне т.б. дәрілер жатады.

Бұлардың әсерлік механизмі М-холинергиялық жүйке жүйесін тежеуімен байланысты. Бұл кезде ц-АМФ азайып, содан соң М-холинергиялық ұшынан шығатын серпін тоқтайды.

3). Салалы бұлшық етке әсер ететін спазмолитиктерге эуфиллинжәне т.б. дәрілер жатады.

Эуфиллин фосфодиэстеразаны басады, ц-АТФ-ты көбейтеді. Талшық ішіндегі калий йоны азайып, кеңірдек тарамының салалы бұлшық еті босайды. Кіші шеңбердің қан қысымын төмендетіп, жүректің, бүйректің, мидың қан айналысын жақсартады. Орталық жүйке жүйесін қоздырады. Шамалы зәр айдайтын қасиеті бар.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

7.6 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

3. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

4. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

7. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

8. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

9. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

10. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

11. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

12. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

7.7 Бақылау (сұрақтар, тестілер. тапсырмалыр, т.б.)

1. Демікпеде қолданылатын дәрілер (салбутамол, фенотерол, тербуталин, изадрин, адреналин гидрохлориді, эфедрин гидрохлориді, ипратропия бромиді, метацин, эу- филлин, теофиллин, беклометазон дипропионаты)

2. Бронхолитикалық дэрілер.

3. Адреномиметиктер, М-холиноблокаторлар және миотропты әсердегі спазмолитиктер топтарынан бронхолитикалык дэрілер эсерлерінің механизміндегі айырмашылықтары. Құрама бронхолитиктер (беродуал).

4. Диметилксантиндердің эсер ету механизмі.

5. Теофиллин препараттары.

6. Бронх демікпесінде аллергияға карсы жэне кабынуға карсы дәрілерді (глюкокортикоидтар, кромолин - натрий, кетотифен) колдану.

7. Лейкотриен жүйесіне әсер ететін препараггар (зилеутон).

8. Лейкотриен рецепторларының блокаторлары (зафирлукаст, монтелукаст).

9. Әсерлері мен колданылуының ерекшеліктері.

10. Құрама препараттар (дитек).

11. Бронх демікпесінде колданылатын дәрілерді колдану көрсетімдері жэне енгізу жолдары. Жағымсыз әсерлері.

7.4 Тақырып №32. Тыныс алу стимуляторлары

7.2 Мақсаты:Тыныс алу стимуляторлары туралы мағлұмат беру.

7.3.Оқытудың міндеті

Тыныс алу стимуляторлардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтарына арналған білімдерін біріктіру, оларды қолдануға арналған негізгі көрсеткіштерді және олардың жанама әсерлерін меңгеру, әр түрлі дәрілік қалыптарда рецепт жаза білу, оларды сараптау және реттеу туралы мәлімет беру.

7.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Тыныс алу стимуляторлары (бемегрид, кофеин - бензоат натрий, этимизол, кордиамин, цититон)

2. Тыныс алуды стимуляция жасайтын дәрілердің әсер ету механизмдері.

3. Салыстырмалы сипаттамасы.

4. Этимизолдың әсер ету ерекшеліктері.

5. Жагымсыз әсерлері.

6. Қолдану көрсетімдері.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

Ақпараттық-дидактикалық блок.

ТЫНЫСТЫ ЫНТАЛАНДЫРАТЫНДАР

Бұл топқа жататын дәрілер мидың қыртыс асты туындыларының және сопақша ми орталығының белсенділігін арттырады. Бірақ қыртыс миды басып отырады. Оларды тек тыныс алуды қуаттап отыруға ғана емес, сонымен бірге бұлар психиатрияда тыныштандыру үшін де қолданылады.

Әсерлерінің негізгі бағыттарына қарай тынысты ынталандыратындарды келесі топтарға бөледі.

1. Тыныс орталығын тікелей белсендіретін заттар - бемегрид, кофеин, этимизол.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 797; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!