Рецепт на настойку пустырника 41 страница



1. Феназепам

2. Зопиклон

3. Фенобарбитал

4. Хлорпромазин

5. Дроперидол

Тест №6

Бензодиазепиндер тобына жататын транквилизаторларды бақылаусыз қабылдау қаупінен сақтандыру үшін, науқасқа кеңес беріңіз, өйткені бұл препараттар шақыруы мүмкін:

1. Ұйқысыздық шақырады

2. Дәріге тәуелділік дамиды

3. Гипертензия дамиды

4. Жүрек аритмиясы дамиды

5. Тырысулардың дамуы жоғарлайды

Тест №7

Амбулаторлық қабылдау үшін дәрігер науқасқа күндізгі транквилизатор тағайындады:

1. Диазепам (сибазон)

2. Медазепам (мезапам)

3. Хлорпромазин (аминазин)

4. Феназепам

5. Нитразепам

Тест №8

Дәрігер жазған рецептке түзетулер жүргізу:

Rp: Dtasepami 0,5% - 2 ml

Da. Signa 2 мл ден көктамырға

Тест №9

Транквилизаторларды тағайындауға көрсетулер:

1. Нейролептанальгезия

2. Психоздар

3. Нервоздар және неврозтектес жағыдайлар

4. Маниакалды қозу

5. Депрессия

Тест №10

Бромидтердің жанама әсерлері:

1. Депрессия

2. Есте сақтаудың бұзылуы

3. Теріде бөртпелер

4. Бронхит

5. Мұрынның бітелуі, конъюктивит

Тест №11

Транквилизаторлардың негізгі фармакологиялық әсері:

1. Психозға қарсы

2. Экстрапирамидтік бұзылыстар

3. Қаңқа бұлшық еттері тонусының жоғарлауы

4. Эмоционалды кернелістің, қобалжудың, қорқыныштың жойылуы

5. Гистаминге қарсы әсер

Тест №12

Затты анықтау: фитопрепарат, аздаған тыныштандырғыш және спазмолитикалық әсерлері бар, ұйықтатқыш заттардың әсерін күшейтеді. Невроз, ұйқысыздық кездерінде қолданады:

1. Диазепам (сибазон)

2. Феназепам

3. Медазепам (мезапам)

4. Валериана тұдырмасы

5. Натрий бромиді

Тест №13

Транквилизаторлардың әсерлерін байланыстырады:

1. Дофаминдік рецепторлармен

2. Адренорецепторлармен

3. ГАМК – бензодиазепин рецепторлық кешенімен

4. Гистаминдік рецепторлармен

5. Серотониндік рецепторлармен

Тест №14

Психозға қарсы және анксиолитиктерге тән жалпы қасиеттер:

1. Наркозға арналған, ұйықтатқыш заттардың, наркотикалық анальгетиктрдің әсерлерін күшейту

2. Қозғалғыш белсендігін төмендетеді

3. Тыныштандырғыш әсер

4. Психозға қарсы әсер шақырады

5. Дәріге тәуелділік шақырады

 

Тест №15

Буспиронның әсер ету механизмі байланысты:

1. Бас ми қыртысында ГАМК – ергиялық берілуді күшейтеді

2. ОЖЖ дегі адренергиялық үрдістерді белсендіреді

3. ОЖЖ дегі холинергиялық үрдістерді белсендіреді

4. Серотониндік рецепторларға аффинитет болуына

 

7.1 Тақырып №23.Седативті дәрілер.

7.2 Мақсаты:Седативті дәрілер туралы мағлұмат беру.

7.3.Оқытудың міндеті

Седативті дәрілер туралы мәлімет беру. Препараттарға рецепт жазуды үйрету.

7.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Седативті дэрілер (натрий бромиді, шүйгіншөп препараттары, сасықшөп тұнбасы).

2. Әсер ету механизмі.

3. Негізгі фармакологиялық эсерлері.

4. ОЖЖ-не эсер ету ерекшеліктері.

5. Қолдану көрсетімдері.

6. Жағымсыз әсерлері.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

Ақпараттық-дидактикалық блок.

Седативті дәрілер

Негізгі әсері тыныштандыратын болып табылады. Оларға натрий, калий бромидтері, шүйгін шөп, сасық шөп тұндырмалары жатады.

Әсер ету механизмі: бас миындағы тежегіш процестердің жоғарылауы. Бромидтер ішек қарын трактысынан жақсы сіңіріледі. Бүйрекпен ұзақ уақыт шығарылады (қосымша ішекпен, тер және сүт бездерімен).

Қолдануы: невороздарда, қозу кезінде, ұйқысыздықта. Препараттар кумуляцияға ұшырап, созылмалы уланудың себебі болуы мүмкін (бромизм). Оның симптомдары: апатия, есте сақтаудың бұзылуы, терінің зақымдануы, шырышты қабықтардың тітіркенуі – жөтелмен, тұмаумен, іштің өтуімен, конъюнктивитпен сипатталынады.

 Улануды емдеу: препараттарды қабылдауды тоқтату, натрий хлоридін, көп мөлшерде су және несеп айдайтын препараттар беру керек.

Седативті дәрілердің қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.

Бір-бірімен әсерлесу: транквилизаторлар орталық жүйке жүйесін тежейтін препараттардың эффектісін күшейтеді. Бром препараттарының емдік әсерін күшейту үшін бір уақытта натрий хлоридін қолдануды шектейді.

Натрий бромиді

СинонимБромистый натрий (Natrium bromatum).

Қозу және тежелу процесстерінің арасындағы тепе-теңдігінің концентрациясы мен қалпына келуіне ықпал етеді. Натрий бромиді Бехтерев микстурасы құрамына, таблеткалар мен Карманов микстуралары құрамына кіреді.

Қолдану көрсеткіштері

Жоғары ашушаңдық, неврастения, невроздар, истерия, ұйқыссыздық, гипертониялық ауру, эпилепсия мен эпилепсилық синдромдарды емдеу. Дерматологияда натрий бромиді тыныштандырғыш зат ретінде дерматоздармен бірге жүретін невроздарда қолданылады. Оказывает положительное влияние на течение Нейродермит, псориаз,созылмалы қайталанбалы есекжем, қызыл тегіс лишай және т.б. ауруларды емдеуде оң нәтиже береді.  

Қолдану ережелері

Натрий бромиді ішке қабылдауға арналған ересектерге 0,1 г-нан 1 г-ға дейін күніне  3–4 рет.

Балаларға жасына байланысты тағайындалады: 1 жасқа дейін — 0,05–0,1 г, 2 жасқа дейін — 0,15 г, 3–4 жас — 0,2 г, 5–6 жас — 0,25 г, 7–9 жас — 0,3 г, 10–14 жас — 0,4–0,5 г.

Кейде натрий бромидін көктамыр ішіне енгізеді - 5–10 мл ерітінді 10% немесе 20% концентрацияда.

Натрий бромидін жиі басқа да седативті дәрілермен бірге тағайындайды.  

Жанама әсерлері

Ұзақ қолданғанда, шамадан тыс бергенде немесе препараттың жеке компоненттерін көтере алмаушылық болған жағдайда бромизм белгілері байқалуы мүмкін – мұрыннан су ағу, трахеобронхит салдарынан жөтел болуы, конъюнктивит, жалпы әлсіздік, тері бөртпелері, есте сақтау қабілетінің әлсіреуі. Бром препараттарымен ұзақ уақыт емдеген жағдайда бромодерма немесе бромдық безеулер пайда болуы мүмкін.

Шығарылу түрі

Натрий бромиді ұнтағы 5г,10г қаптамада

0,15г, 0,5г таблеткада, қаптамада 12 таблеткадан

5%, 10% және 20% ерітінді, ампулада 10мл-ден

Рецепт на натрия бромид

Rp.: Natrii bromidi 0,5
 

D. t. d. N 12 in tabul.

 

S.

НАСТОЙКА ВАЛЕРИАНЫ

Өсімдік тектес шөптесін тыныштандырғыш препарат.

Аналогы: Валериан тамшылары (Guttae Valerianae).

Өсімдік тектес тыныштандыратын дәрі. Әсері құрамында эфир майының болуына байланысты, оның көп бөлігін борнеол мен шүйіншөп қышқылының күрделі эфирі, сондай-ақ валеопотриаттар мен алкалоидтар (алерин және хотенин) құрайды. Осы биологиялық белсенді заттар кешені құрамының арқасында, препарат орталық жүйке жүйесінің рафлекторлық қозғыштығын азайтады, тыныштандыратын және түйілуді басатын әсер береді.

Тыныштандырғыш әсері баяу білінеді, бірақ айтарлықтай тұрақты. Шүйгіншөп қышқылы мен валеопотриаттар асқазан-ішек жолы мүшелерінің тегіс бұлшық еттері мен несеп шығару мүшелеріне қатысты түйілуді басатын әлсіз әсер етеді. Дәрілік шүйгіншөптің биологиялық белсенді заттар кешені өт айдағыш әсер береді, асқазан-ішек жолы шырышты қабығының сөлініс белсенділігін күшейтеді, жүрек ырғағын баяулатады және жүрек қан тамырларын кеңейтеді. Жүрек қызметіне әсері нейрореттеуші механизмдері арқылы жүреді.

Қолдану көрсеткіштері

· орталық жүйке жүйесінің функционалдық бұзылыстарында (көңіл-күйдің жоғары қозғыштығы, ашушаңдық, ұйқының бұзылуы, невроздар, бас сақинасы, истерия)

Кешенді ем құрамында:

· жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық бұзылыстарында (нейроциркуляторлық дистония)

· асқазан-ішек жолы мүшелерінің функционалдық бұзылыстарында (түйілулер)

Қарсы көрсеткіштері

· препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

· депрессия, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуімен қатар жүретін аурулар

· эпилепсия

· гепатит, асқазан мен он екі елі ішктің ойық жаралы ауруы, созылмалы маскүнемдік

· жүктілік және лактация кезеңі

· 12 жасқа дейінгі балаларға

Жанама әсерлері

· аса жоғары сезімталдық реакциялары (тері бөртпесі, қышыну, гиперемия, ісіну)

· жабығу, әлсіздік, ұйқышылдық, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі (жоғары дозаны ұзақ қолданғанда)

Ерекше көрсетілімдер

· Шүйгіншөп тұндырмасы күн сәулесінің әсерінен күңгірттене түседі, бұл оның тиімділігіне әсер етпейді. Құрамында этил спирті бар болғандықтан, маскүнемдікке шалдыққан тұлғаларға препаратты қабылдауға болмайды.

· Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.

· Шүйгіншөп препараттарымен емдеу кезінде психомоторлық реакциялардың төмендеуі мүмкін, соған байланысты көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан бас тарту керек.

Қолданылу түрі мен ережелері

Тұндырманы ас ішкеннен кейін, азғантай су мөлшерімен сұйылтып ішке қабылдайды.

· Ересектерге тәулігіне 3-4 рет 20-30 тамшыдан тағайындайды.

· 12 жастан асқан балаларға – күніне 2-3 рет 15-20 тамшыдан.

Емдеу курсының ұзақтығын әр емделуші үшін жекелей, аурудың сипатын, ауырлық дәрежесін және ағымының ерекшеліктерін, препараттың қол жеткізілген емдік әсерінің тұрақтылыған және жағымдылығын ескере отырып белгілейді.

Дәрілік заттармен әсерлесуі

Препарат ұйықтататын дәрілер мен орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін өзге де дәрілік препараттардың әсерін күшейтеді. Шүйгіншөп препараттары жүрекке арналған, анальгетикалық, спазмолитикалық препараттардың әсерін әлеуеттендіруге қабілетті.

Шығарылу формасы:

25 мл препараттан тамшылатқыш тығындармен және бұрандалы полимер қақпақтармен тығындалған, шыны массадан жасалған тамшылатқыш құтыларда. Құтыларды медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қораптарға салады.

Рецепт на настойку валерианы

Rp.: T-rae Valerianae    25,0

       D. S. Внутрь по 20–30 капель в день.

САСЫҚШӨП ТҰНДЫРМАСЫ

Дәрілік түрі: 25 мл тұндырма

Құрамы:25 мл тұндырманың құрамында

белсенді зат – 5, 0 г сасықшөп шөбі           

қосымша зат – 70% этил спирті  

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар жасыл-қошқылдан қоңыр түске дейінгі мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Тыныштандыратын және ұйықтататын басқа препараттар.

Фармакологиялық қасиеттері

Сасықшөп шөбінің құрамында белсенді заттар – сапониндер, флавоноидтар, иридоидтар, органикалық қышқылдар (алма, шарап, лимон, урсол, ванил), иіткіш заттар, гликозидтер, қантты заттар, эфир майы бар. Айқын тыныштандырғыш қасиеттер, сондай-ақ гипотензиялық және кардиотоникалық әсер иеленген. Тиімді тыныштандырғыш әсер ете бастауы орталық жүйке жүйесіндегі тежелу үдерісін күшейту және қозу үдерісін кеміту есебінен жүреді. Ұйықтататын әсері жоқ, бірақ физиологиялық ұйқының басталуын жеңілдетеді. Дағдыланып алу, психикалық тәуелдену құбылыстарын туындатпайды.

Препарат жүйке жүйесін тыныштандыратын әсерге ие, артериялық қысымды төмендетеді, жүрек қызметін қалыптандырады.

Қолданылуы

- жүрек-қан тамырларының невроздарында

- вегетотамырлық дистонияда

- қатты эмоциялық қозуда, ашушаңдықта

- неврастенияда

- ұйқысыздықпен, ширығу сезімімен және жоғары реактивтілікпен қатар жүретін психоастения мен неврастенияда

- артериялық гипертензияда (кешенді ем құрамында)

Қолдану тәсілі және дозалары

Сасықшөп тұндырмасын ішке қабылдайды.

Ересектерге күніне 3-4 рет тамақтануға дейін 30 тамшы тұндырмадан қабылдау ұсынылады. Емдеу курсы 20-30 күн. 

Жағымсыз әсерлері

- диспепсия

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыма, шырышты қабықтың гиперемиясы)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдас бөліктерін жекеше көтере алмаушылықта

- он екі елі ішектің және асқазанның ойық жаралы ауруында

- эрозиялы гастритте

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік кезеңде

- жүктілікте, лактация кезеңінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сасықшөп тұндырмасы ұйықтататын, тыныштандыратын және ауыруды басатын дәрiлік заттардың әсерiн күшейтедi.

Айрықша нұсқаулар

Сасықшөп тұндырмасының жағымсыз әсерлері пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Тиімді тыныштандырғыш әсері 3 апта ішінде баяу дамиды.

Препараттың құрамында этил спирті бар!

Препаратты қант диабеті, созылмалы бауыр жеткіліксіздігі және алкогольдік тәуелділігі бар емделушілерге абайлап қолдануға кеңес беріледі.

 

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде автокөлікті және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялар жеделдігін талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін басқарғанда сақтық шараларын қадағалау қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 мл-ден тамшылатқыш тығындармен тығындалған және бұралатын қақпақтары бар тамшылатқыш құтыларда немесе тығындармен тығындалған және бұралатын қақпақтары бар медициналық шыныдан жасалған құтыларда.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 714; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!