Рецепт на настойку пустырника 38 страница



· Физикалық- Тек психикалық бұзылыстар ғана емес, физикалық қызметтердің бұзылуымен сипатталады.
    Тәуелділік шақыратын дәрілік заттардың маңызы

Морфин

Морфин алкалоиды медициналық практикада барынша кеңінен қолданылады. Медициналық мақсаттағы апиында морфиннің мөлшері 10% төмен болмауы керек. Морфин ОЖЖ тежегіш әсер көрсетеді. Ал изохинолин қатарының алколоидтарына тегіс салалы бұлшықеттерге спазматикалық әсер көрсетеді.

Морфиннің негізгі фармакологиялық әсерлері:

· Ауру сезімін басады;

· Ұйқы шақырады;

· Эйфория;

· Дене температурасын төмедетеді, себебі гипоталамуста орналасқан жылу реттеу орталығын тежейді;

· Диурезге қарсы гормондар деңгейін жоғарлатады;

· Тыныс орталығын тежейді;

· Жөтелге қарсы әсер етеді;

· Көздің қарашығын тарылтады;

· Құсу шақырады;

· Брадикардия шақырады;

· Жоғары мөлшерде гипотензивті әсер көрсетеді;

· Морфин наркозға арналған заттардың, жергілікті анестезияның ұйықтатқыш әсерін күшейтеді;
Морфиннің қолданылуы:

· Ауру сезімін басу үшін;

· Операцияға дайындық кезінде;

· Жөтелді басу үшін және ұйқысыздықта;

· Өкпеге операция жасағаннан кейін жөтелде;

· Өкпе ісінуінде;
Морфиннің жанама әсерлері:

· Жүрек айну, құсу, тыныстың тежелуі, миоз, іш қату, диурездің төмендеуі.

· Морфиннің қолданылу аясы

· Промедол- жасанды анальгетик пиперидин туындысы фармакологиялық әсерлері:

· Ауру сезімін басады;

· Ұйқы шақырады, тыныштандырғыш;

· Эйфория;

· Дене температурасын төмедетеді, себебі гипоталамуста орналасқан жылу реттеу орталығын тежейді;

· Гонадотропты гормондардың секрециясын тежеу;

· Тыныс орталығын тежейді;

· Жөтелге қарсы әсер етеді;

· Көздің қарашығын тарылтады;

· Кезбе жүйке орталығын ынталандырады;

· Пролактин мен антидиурездік гормонның өнімін жоғарлатады;
Шеткі жүйкеге әсері:
1 Асқазан моторикасы мен ішектің пропульсивті жиырылуының төмендеуі,
2 Асқазанның, ұйқы безінің, ішектің секрециясының төмендеуі.
Қолданылуы:

· Жарақатта;

· Операцияға дайындық кезінде;

· Акушерлік практикада босануды ынталандыру үшін;

· Ауру сезімін басу үшін;
Ерекшелігі

Ауруды басатын белсенділігі жағынан ол морфиннен 2-4 есе кем. Әсерінің ұзақтығы 3-4 сағат. Лоқсу мен құсуды морфинге қарағанда сирек шақырады. Тыныс орталығы азырақ тежеледі. Тегіс бұлшықетті мүшелердің тонусын жоғарлатады немесе төмендетеді. Асқазан жолдарында жақсы сіңеді.

Кокаин

Медициналық практикада бірінші анестетик болып Erythroxylum coca өсімдігінің алкалоиды. Метилэкгони мен бензой қышқылының күрделі эфирінің гидрохлориді болып табылады.

Фармакологиялық әсерлері

· Көздің ақ қабық тамырларын тарылтып, қарашықты кеңейтеді;

· Көз іші қысымын төмендетеді;

· Ұзақ қолданғанда қасаң қабықтың эпителийінің түлеуін және ойылуын шақырады;

· ОЖЖ-ін ынталандырады;

· Бас миы қыртысының қызмет жағдайын бұзады;

· Эйфория шақырады;

· Тынышсыздық, психомоторлық қозу дамиды және шаршау, аштық сезімінің төмендеуі галлюцинация болуы мүмкін;

· Сопақша мидың орталықтарын ынталандырады, тырысу болуы мүмкін;
Кокаинмен уланғанда:

· Тахикардия;

· Мидриаз;

· Жүрек айну, құсу, диарея;

· Көру, есту бұзылуы;

· АҚ жоғарлайды;

· Қарашық басында тарылады, содан соң кеңейеді;

· Демікпе, тыныстың тежелуі;

· Тырысу пайда болады.

     Көмек көрсету шаралары:

Кокаинмен жедел уланғанда бәрінен бұрын оны енгізген жерден сіңуін азайту қажет. Егер бұл асқорыту жолдары болса, асқазанды шаю жүргізіледі. Адсорбциялаушы заттарды, іш жүргізгіш заттарды тағайындайды. Кокаин шырышты қабыққа енсе оны натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен шаяды. Ауыр уланған жағдайда қосымша тыныс, сонымен қатар трахеотомамен жасанды тыныс беруге дайын тұру керек.

Кокаинге тән ерекшеліктер:

1Ұзақ қолданғанда тәуелділік туады

2 Қабылдауды кенеттен тоқтату психикалық күрделі жағдайлар шақырады

3 Кокаинге бейімделу болмайды немесе аз дәрежеде болады.

Қорытынды:

Дәріге тәуелділік шақыратын препараттар енгізуін тоқтатса, абстиненция дамиды. Ұйқысыздық, тынышсыздық, қорқыныш, үрей, мұңаю байқалады. Көптеген физиологиялық қызметтер бұзылады. Кейде коллапс дамиды. Қозғалыс ретсіздігі, агрессивтілік және басқа да көріністер болуы мүмкін
7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

7.6 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

2. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

7.7 Бақылау (сұрақтар, тестілер. тапсырмалыр, т.б.)

1. Нейролептанальгезия туралы түсінік.

2. Жағымсыз әсерлері.

3. Наркотикалык анальгетиктермен жедсл улану және оны дәрі-дәрмектермен емдеудің негізгі принциптері.

4.Дәріге тәуелділік, элеуметтік аспектілері, емдеу принциптері.

 

 

7.1 Тақырып №20.Парацетамолдың негізгі фармакологиялык әсерлері. Ауырсынуды басатын әсерінің ерекшеліктері. Анальгезиялаушы және қызуды басатын әсерлерінің механизмі. Фармакокинетикалык сипаттамасы. Негізгі жагымсыз әсерлері.

7.2 Мақсаты:Парацетамолдың негізгі фармакологиялык әсерлері. Ауырсынуды басатын әсерінің ерекшеліктері. Анальгезиялаушы және қызуды басатын әсерлерінің механизмі. Фармакокинетикалык сипаттамасы. Негізгі жагымсыз әсерлері туралы мағлұмат беру.

7.3.Оқытудың міндеті

Парацетамолдың негізгі фармакологиялык әсерлері. Ауырсынуды басатын әсерінің ерекшеліктері. Анальгезиялаушы және қызуды басатын әсерлерінің механизмі. Фармакокинетикалык сипаттамасы. Негізгі жагымсыз әсерлері туралы мәлімет беру. Препараттарға рецепт жазуды үйрету.

7.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Парацетамолдың негізгі фармакологиялык әсерлері.

2. Ауырсынуды басатын әсерінің ерекшеліктері.

3. Анальгезиялаушы және қызуды басатын әсерлерінің механизмі.

4. Фармакокинетикалык сипаттамасы.

5. Негізгі жагымсыз әсерлері.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

Ақпараттық-дидактикалық блок.

Саудалық атауы-ПАРАЦЕТАМОЛ

Халықаралық патенттелмеген атауы-Парацетамол

СИНОНИМДЕР- ацетаминофен, панадол, тайленол, эффералган.

Дәрілік түрі-Таблеткалар 0.5 г

Құрамы; Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат - парацетамол 0.5 г,

қосымша заттар – картоп крахмалы, стеарин қышқылы, крахмалды патока, тағамдық желатин

Сипаттамасы:Жалпақ цилиндр пішінді ойығы және сызығы бар ақ немесе крем реңдес ақ түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Басқа анальгетиктер-антипиретиктер. Анилидтер. Парацетамол.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі – жоғары, қан плазмасындағы ең жоғары концентрацияға 0.5-2 сағ. кейін жетеді және 5-20 мкг/мл құрайды. Плазма ақуыздарымен байланысуы - 15%. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді. Бала емізетін ана қабылдаған парацетамол дозасының 1 %-дан кемі емшек сүтіне өтеді.

Парацетамолдың плазмадағы емдік тұрғыдан тиімді концентрациясына оны 10-15 мг/кг дозада тағайындағанда қол жетеді.

Бауырда метаболизденеді (90-95%): белсенді емес метаболиттер түзе отырып глюкурон қышқылымен және сульфаттармен конъюгация реакцияларына 80% кіреді; белсенді емес метаболиттер түзген глутатионмен конъюгацияланатын 8 белсенді метаболит түзе отырып 17% гидроксилденуге ұшырайды. Глутатион жеткіліксіздігінде бұл метаболиттер гепатоциттердің ферментті жүйелерін бөгеуі және олардың некрозын туындатуы мүмкін. Препарат метаболизміне сондай-ақ CYP2E1 изоферменті қатысады. Препараттың жартылай шығарылу кезеңі - 1-4 сағ. Бүйрек арқылы метаболиттер, көбінесе конъюгаттар түрінде, тек 3% өзгермеген түрде шығарылады. Егде науқастарда препарат клиренсі төмендейді және оның жартылай шығарылу кезеңі ұлғаяды.

Фармакодинамикасы

Парацетамол – анальгетик-антипиретик. Гипоталамуста простагландиндер синтезін басу арқылы ауыруды басатын және ыстық түсіретін әсер көрсетеді. Әлсіз қабынуға қарсы белсенділікке ие.

Препарат ауыруды басатын және ыстық түсіретін қасиеттерге ие. Асқазан және ішектің шырышты қабығының тітіркенуін туындатпайды. Су-тұз алмасуына ықпал етпейді, өйткені шеткергі тіндерде простагландиндердің синтезіне әсер етпейді.

Қолданылуы

- невралгия, миалгия, артралгия, бас сақинасы, тіс ауыруы кезіндегі (айқындылығы әлсіз және қалыпты) ауыру синдромында

- инфекциялық-қабыну аурулары кезіндегі қызба синдромында

Қолдану тәсілі және дозалары

Астан кейін 1-2 сағаттан соң, көп мөлшердегі сұйықтықпен ішке қабылдау керек (тамақтан соң бірден қабылдау әсер етуінің баяулауына әкеледі). Ересектер мен 12 жастан асқан (дене салмағы 40 кг-нан асатын) жасөспірімдер: бір реттік доза – 0,5-1,0 г (1-2 таблетка) қабылдау аралығы 4 сағаттан кем емес тәулігіне 2-3 рет. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 4,0 г (8 таблетка).

6-11 жастағы балаларға: қабылдау аралығы 4 сағаттан кем емес қажет кезде тәулігіне 3-4 рет 0,25-0,5 г-ден (½ - 1 таблеткадан). Парацетамолдың бір реттік дозасы дене салмағының әр кг-не 10-15 мг құрайды, ең жоғары тәуліктік доза – 60 мг/кг.

Ең жоғарғы емдеу ұзақтығы ыстық түсіретін дәрі ретінде 3 күннен асырмай және ауыруды басатын дәрі ретінде 5 күннен асырмай қолдану.

Жанама әсерлері.Тері қышынулары, тері және шырышты бөртпелері, ангионевротикалық ісінулер, экссудативті эритема, бастың айналуы,психомоторлы қозулар мен ориентацияның бұзылуы, лоқсу, эпигастри тұсының ауыруы, гипогликемия, гипогликемиялық комаға дейін, қаназдық, агранулоцитоз, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения, нефротоксикалық ж.т.б.

Қолдануға болматын жағдайлар

· препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

· 6 жасқа дейінгі балаларға

· Сақтықпен - бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі, қатерсіз гипербилирубинемия (оның ішінде Жильбер синдромы, вирустық гепатит, бауырдың алкогольдік зақымдануы), алкоголизм, жүктілік, лактация кезеңі, егде жас, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Урикозуриялық дәрілік заттардың тиімділігін төмендетеді. Парацетамолды жоғары дозаларда қатар қолдану антикоагулянттардың әсерін арттырады (бауырдағы прокоагулянтты факторлардың синтезінің төмендеуі). Бауырдағы микросомальді тотығу тежегіштері (фенитоин, этанол, барбитураттар, рифампицин, фенилбутазон, үш циклді антидепрессанттар), этанол және гепатоуытты дәрілік заттар гидроксилденген белсенді метаболиттердің өнімін арттырады, бұл тіпті шамалы артық дозалану кезінде де ауыр интоксикацияның даму мүмкіндігіне себепші болады. Барбитураттарды ұзақ пайдалану парацетамолдың тиімділігін төмендетеді. Микросомальді тотығу тежегіштері (соның ішінде циметидин) гепатоуытты әсер ету қаупін төмендетеді. Парацетамол мен басқа стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды бірге ұзақ пайдалану "анальгетиктік" нефропатияның және бүйректің папиллярлық некрозының, бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық кезеңінің басталу қаупін арттырады. Парацетамолды жоғары дозаларда салицилаттармен бір уақытта ұзақ тағайындау бүйрек немесе қуық обырының даму қаупін арттырады. Гепатоуыттылықтың даму қаупі - дифлунисал парацетамолдың плазмалық концентрациясын 50%-ға жоғарылатады. Миелоуытты дәрілік заттар гематоуытты препараттың байқалуын күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

3 күн қолданғаннан кейін шеткергі қан мен бауырдың функционалдық жағдайын бақылау қажет. Бауырдың уытты зақымдануын болдырмау үшін препаратты алкогольдік сусындарды қабылдаумен біріктіруге, сонымен қатар созылмалы маскүнемдікке бейім тұлғаларға қабылдауға болмайды.

Егде жастағы пациенттер, сондай-ақ вирустық гепатиті бар пациенттер абайлап қолдану керек.

Педиатриялық тәжірибеде қолдану

Аталған дәрілік түрде препарат 6 жастан кіші балаларға ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлікті немесе аса қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: қабылдаудан кейінгі алғашқы 24 сағ ішінде – тері жабындарының бозаруы, жүрек айнуы, құсу, анорексия, абдоминальді ауыру; глюкоза метаболизмінің бұзылуы, метаболикалық ацидоз. Бауыр функциясының бұзылу симптомдары артық дозаланудан кейін 12-48 сағаттан соң пайда болуы мүмкін. Ауыр артық дозалану кезінде - үдемелі энцефалопатиясы бар бауыр жеткіліксіздігі, кома, өлім; тубулярлық некрозы бар жедел бүйрек жеткіліксіздігі (соның ішінде бауырдың ауыр зақымдануы болмаған кезде); аритмия, панкреатит. Ересектердегі гепатоуытты әсер 10 г және одан артық қабылдаған жағдайда байқалады.

Емі: асқазанды жуу, белсендірілген көмір қабылдау, құстыру, артық дозаланудан кейін 8-9 сағаттан соң глутатион – метионин синтезі SH-топтарының донаторларын және ізашарларын және 12 сағ. соң N-ацетилцистеинді енгізу. Қосымша емдік шараларды жүргізу қажеттілігі (әрі қарай метионинді, N-ацетилцистеинді к/і енгізу) қандағы парацетамол концентрациясына, сонымен қатар оны қабылдағаннан кейін өткен уақытқа байланысты анықталады.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 689; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!