Рецепт на настойку пустырника 34 страница



Қосымша әдебиеттер:

1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

7.7 Бақылау (сұрақтар, тестілер. тапсырмалыр, т.б.)

1. Курысуға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер. Анықтамасы. Әсер ету принциптері.

2. Әртүрлі фармакологиялык топтағы препараттардың (бензодиазепин туындылары, натрий оксибутираты, лидокаин, барбитураттар, магний сульфаты, лидокалм, нейролептаналгезияга арналған натрий вальпроат, финлепсин) кұрысуға карсы әсері. Олардың эсер ету ерекшеліктері.

3. Тыныс алу орталығын әлсірететін әсерінің белсенділігі, жылдамдығы және әсерлерінің үзактығы бойынша сипаттама беру.

4. Эпилепсияға қарсы қолданмлатын дәрілер(фенобарбитал, дифенин, этосуксимид, карбамазепин, клоназепам, натрий вальпроат, диазепам, ламотриджин).

5. Анықтамасы. Жіктелуі.

6. Эпилепсияга карсы дэрілсрдін эсер ету механизмдері.

7. Эпилепсияны дәрі-дәрмектермен емдеудің негізгі принциптері.

8. Эпилепсияның әртурлі формаларындагы жеке препараттардың әсер ету тиімділігін салыстырмалы түрде бағалау.

9. Эпилепсиялык статусты басуға арналған дәрілер.

10. Эпилепсияга карсы дэрілердің жағьтмсыз әсерлері.

 

 

7.1 Тақырып №17. Наркозға арналған дәрілер

7.2 Мақсаты:Наркозға арналған дәрілер туралы мағлұмат беру.

7.3.Оқытудың міндеті

Наркозға арналған дәрілер туралы мәлімет беру. Препараттарға рецепт жазуды үйрету.

7.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Наркозға арналған дәрілер(фторотан, энфлуран, наркозға арналған эфир, азот шала тотығы, тиопентал - натрий, пропанидин, кетамин, гексенал, натрий оксибутират).

2. Дәрілердің ашылу тарихы және колданылуы (В. Мортон, Н.И. Пирогов, Н.П. Кравков). Наркоз жағдайына жалпы сипаттама беру.

3. Наркоздың түрлері жэне сатылары.

4. Наркозға арналган дәрілерге кыскаша физика - химиялық сипаттама беру.

5. Молекулалык эсер егу механизмдері.

6. Наркотикалык әсерлердің кеңдігі туралы түхінік.

7. Ингаляциялык наркозға арналған дэрілердің жіктелуі (белсенділігі, наркоздың даму жылдамдығы, наркотикалык әсерлердің кендігі, салдары, жүрек-кантамыр жүйесіне әсер етуі).

8. Ингаляциялық емес наркозга арналған дэрілердін әсер ету ерекшеліктері.

9. Әсерлерінің ұзактығы бойынша жіктелуі.

10. Олардың салыстырмалы бағасы (белсенділігі, наркоздың даму жылдамдьгғы, әсерлерінің ұзактығы, салдары).

11.Қолданылуы, жағымсыз әсерлері, наркозға арналған дәрілерді біріктіріп қолдану.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

Ақпараттық-дидактикалық блок.

Наркозға арналған дәрілер

Наркоз – ағзаға бір немесе бірнеше наркозды заттарды енгізумен туындаған, ағзаның көптеген қызметіне әсер көрсететін, орталық жүйке жүйесінің қызметін жасанды, қайтымды тежейді: естің жоғалуы, рефлекторлы қызметтің тежелуі, әртүрлі сезімталдық түрлерінің жоғалуы (ауыру, жанасу ж.т.б.) мен бұлшықеттерінің босансуы. Наркозға арналған заттардың негізгі ықпал әсерлері қозудың нейрон аралық өткізгіштіктің тежелуімен байланысты, ол кезде қыртысты-қыртыс асты қарым-қатынасының бұзылысы, аралық, ортаңғы және жұлын миының қызметінің бұзылыстары болады. Наркозға арналған заттардың орталық жүйке жүйесіндегі нейрондарындағы алмасу үрдісінің тежелуін түсіндіретін бірнеше теориялар ұсынылған, бірақ осы теориялардың біреуі де наркотикалық заттардың синаптикалық өткізудегі қозуларына тежегіш әсерінің механизмін молекулярлық деңгейде түсіндіре алмайды. Бас миының әртүрлі деңгейдегі қызметтік жағдайы, наркозға арналған заттарға сезімталдығы бірдей емес. Осыған байланысты бұл заттардың әсерін белгілі сатыларға бөледі. Ең көрнектісі наркозға арналған эфирде айқын байқалады:

I сатысы – анальгезиялық (ауыру сезімталдығының басылуы);

II сатысы – қозу (Қыртыс астықұрылымның белсенділігінің жоғарылауы);

III сатысы – хирургиялық ұйқы (бас миында, сонымен қатар жұлын миы деңгейінде нейрон аралық өткізгіштіктің әрі қарай тежелуі);

1 – дәрежеде – үстіртін наркоз

2 – дәрежеде – жеңіл наркоз

3 – дәрежеде – терең наркоз

4 – дәрежеде - өте терең наркоз

IV сатысы – агония сатысы, өлім алдындағы жағдай(бұл тек наркоздық дәрінің улық мөлшеріне келіп қалғанда болады. Ол сопақша мида орналасқан тыныс алу мен тамырларды қозғау орталықтырының тежелуімен байланысты, тыныс алу орталығының салдары және оның нәтижесі жүректің тоқтауына әкеледі).

Наркозға арналған дәрілерді қолданған кезде келесі сипаттамалар өте маңызды: айқын қозусыз наркоздың тез басталуы, тиімді жағдайларда операция жүргізуге мүмкіндік беретін наркоз тереңдігінің жеткіліктігі, наркоз тереңдігін жақсы басқарылуы, наркоздан тез және асқынусыз шығу. Наркозға арналған заттар жеткілікті наркотикалық кеңдікке (наркотикалық кеңдік) ие болуы керек – терең хирургиялық наркоз сатысын туғызатын заттың шоғырымы мен тыныс алу орталығының тежелу салдарынан тыныстың тоқтауы болатын ең аз улы шоғырым диапазонының арасы.

Сонымен қатар, наркозға арналған заттар енгізілген жерде тіндердің тітіркенуін туғызбауы керек, ең аз жанама әсерлерге ие болуы тиіс. Наркозға арналған заттар өрт қауіпсіздігі болмау керек. Бірақ қазіргі кезде осы талаптарға толық жауап беретін заттар жоқ. Осыған байланысты жаңа кезеңдегі анестезиологилық тәжірибеде наркозға арналған заттарды біріктіріп қолданады, ол енгізілетін дәрілердің мөлшерін және олардың қалаусыз ықпалдарын азайтуға мүмкіндік береді.

Қолданылатын наркозға арналған заттар әртүрлі химиялық жіктерге жатады, сондықтан тәжірибелік көз қарас бойынша және енгізу жолдары бойынша олар келесі топтарға бөлінеді:

1. Ингаляциялық наркозға арналған заттар.

А/ Ұшқыш сұйық заттар: галотан, энфлуран, изофлуран, севофлуран, диэтил эфирі.

Б/ Газ тәріздес заттар: динитроген оксид, ксенон.

2. Ингаляциялық емес наркозды дәрілер (дәріні тамыр арқылы енгізу):

- тиопентал натрия, пропанидид, пропофол, кетамин, натрия оксибат.

 

Кесте 7.1.1. Ингаляциялық наркозға арналған дәрілердің жалпы сипаттамасы

әсер ету механизмі Қолданылуы Кері көрсеткіштері Жанама әсерлері
ОЖЖ қозудың нейронаралық (синаптикалық) берілуін басады. Қуыстың оперативті араласулар, ауыру синдромы. Феохромоцитома, гипотензия, аритмия, қатерлі гипертермия, миастения, бас ішілік қысымның жоғары болуы, жоғары сезімталдық, Бауыр мен бүйректің органикалық зақымданулары Брадикардия, гипотензия, аритмия (n.vagus ынталандырады), қан кетуді жоғарылатады, ауыру, қалтырау.  

Тыныс арқылы берілетін наркозды дәрілер

Галотан(Haloanum), фторатан. Галотан – наркоздық белсенділігі жоғары, фтордан тұратын алифатикалық қосылыс, өзіне тән иісі бар, мөлдір ұшқыш сұйықтық. Наркоз айқын қозу сатысыз тез басталады және оңай басқарылады. Оны өз алдына наркоздың хирургиялық сатысына қол жеткізу үшін немесе басқа заттармен біріктіріп, біріктірілген наркоз ретінде қолдануға болады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Балалар мен қарт адамдардағы құрсақ пен көкірек қуысының мүшелеріне әртүрлі оперативті араласуларда. Препаратты енгізуді 0,5 көл. % оттегімен, кейін оны 2 ‑4 көл. % 1,5-3 мунит барысында. Хирургиялық наркозды ұстап тұру үшін 0,5‑1,5 көл.% құнарлықта қолданылады.

Кері көрсеткіштері.Бауыр қызметінің айқын бұзылыстарында, феохромоцитомада, қатерлі гипертермияда, аритмияда, миастенияда, бас миының ішкі қысымы жоғары болғанда.

Жанама әсерлері.Артериалды гипотензия, брадикардия, жүрек ырғағының бұзылыстары, бауыр қызметінің бұзылуы, гепатиттіер, бас миының ішкі қысымының жоғарылауы, гипертермия, бас ауыруы, наркоздан оянғаннан кейінгі жүректің айнуы және дірілдеу мүмкін.

Шығарылу түрі.50 және 250 млсарғыш-қызыл түстіжақсы тығындалып жабылған флаконда (ұшқыш сұйықтық) шығарылады.

Рецепт үлгісі. Rp.: Halotanі 250 ml                                

                              D.t.d. N.2.                                                               

                              S. Ингаляциялық наркозға арналған.                                      

                                                #

Энфлуран (Enfluranum), этран. Энфлуран қасиеті бойынша галотонға ұқсас, бірақ белсенділігі төмен. Наркоз тез, айқын миорелаксациямен жүреді және аз деңгейде миокардты адреналин мен норадреналинге сенсибилизациялайды.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Жалпы ауырсынуды басу үшін хирургиялық тәжірибеде, балаларда қысқа мерзімді оташалауда, сонымен қатар акушерлік тәжірибеде – кесар тілігін жасаған кезде қолданады. Наркозға кіргізуді 0,5 көл.% кұнарлық мөлшерден бастайды да біртіндеп 4,5 көл.% жоғарылатады кейін ұстап тұрушы құнарлық 0,5-2,5 көл.% мөлшерде, кесар тілігі кезінде 0,5-1 көл.% мөлшерде қолдану қажет.

Кері көрсеткіштері.Қояншықпен зардап шегетін немесе тырысу белсенділігі жоғары науқастарға болмайды.

Жанама әсерлері.Лоқсу және құсу, сонымен қатар гепатотоксикалық және нефротоксикалық әсері бар.

Шығарылу түрі. 125 және 250 мл тез ұшып кететін флакондағы сұйықтық.

Изофлуран (Isofluranum), форан. Изофлуран энфлуранның изомері болып табылады және наркотикалық белсенділігі бойынша галотанмен изофлуранның арасында болады. Улылығы төмен, гепатотоксикалық және нефротоксикалық қасиеттері жоқ.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Энфлуран сияқты наркозды булағыштың көмегімен беріледі. Наркозға кіргізуді 0,5 көл. % құнарлығында бастайды, ал кейін оны 1,5–3 көл % жоғарылатады оттегімен және азот тотығымен біріктіріп.

Кері көрсеткіштері. Бас ішілік қысымның жоғарылауы және қатерлі гипертермияға генетикалық бейім.

Жанама әсерлері. Аритмия дамуы мүмкін, артериалды қысымның төмендеуі және тыныстың жиілігі.

Шығарылу түрі.100 және 250 мл тез ұшып кететін флакондағы сұйықтық.

Севофлуран(Sevofluranum), севоран, тез әсер ететін, бу түзеуші наркозды зат, жеңіл басқарушы және наркоздан тез шығаратын қасиеті бар.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Ересектер мен балалардағы стационарлық және амбулаторлық жағдайларда хирургиялық оташалауда кіріспе және ұстап тұрушы жалпы анестезияда. Наркозға кіргізуде ересектерде де балаларда да 2 минут барысында құнарлығы 8 көл. % қолданылады. Ұстап тұрушы құнарлығы 0,5-3 көл. % мөлшерде азот тотығымен бірге қосып қолданады.

Кері көрсеткіштері.Жоғары сезімталдық, қатерлі гипертермия (генетикалық төзімділікпен қолданған немесе күдіктенгенде).

Жанама әсерлері.Жүректің және тыныстың қызметін мөлшерге тәуелді тежеуі, лоқсу, құсу, жөтелдің күшеюі, артериялық қысымның төмендеуі немесе жоғарылауы, ұйқышылдық, қалтырау, брадикардия, тахикардия, бас айналу, сілекейдің көп бөлінуі, интубациядан кейінгі апноэ, ларингоспазм, қызба.

Шығарылу түрі. 100 және 250 мл тез ұшатын флакондағы сұйықтық.

Диэтил эфирі(Aether diaethylicus), наркозға арналған эфир. Диэтил эфирі наркоздық кеңдік әсері үлкен және белсенділігі жоғары. Айқын анальгезия туғызады және ұзақ қозу сатысын туғызады, сонымен қатар бір қатар қалаусыз ықпалдары көп.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Қазіргі кезде эфир өте сирек қолданылады. Барбитураттар мен азот тотығынан кейінгі кіріспе наркоздарда, сол сияқты соны ұстап тұрушы мөлшерде құнарлығы 2 – 4 көл.%.

Кері көрсеткіштері. Тыныс алу жолдарының жедел ауруларында, бас миының ішкі қысымының жоғары болуы, айтарлықтай қан қысымы жоға болып келетін жүрек-тамыр ауруларында және жүрек қызметінің декомпенсация кезінде, бауыр мен бүйректің ауыр ауруларында, жалпы қалжырау, қант диабеті, ацидоз.

Жанама әсерлері.Сілекей мен бронх бездерінің секрециясын күшейту, тыныстың рефлекторлы тежелуі мүмкін және жүректің жиырылу жиілігінің азаюы, құсу.

Шығарылу түрі. 140 және 150 мл металды фолгамен жабылған қара түсті герметикалық флаконда шығады.

Рецепт үлгісі. Rp.: Aetheris diaethylicі 150 ml                                

                              D.t.d. N. 3.                                                                   

                              S. Ингаляциялық наркозға арналған.                                      

                                                #

Динитрогена оксид(Dinitrogenі oxidum), азот тотығы. Түссіз, иіссіз газ, эфир буымен қосылып жарылыс қоспасын түзейді. Аз құнарлықта мастық және жеңіл ұйқы сезімін туғызады, осыдан оны «көңілдететін газ» деп атайды. Оттегімен қоспасы өзгермеген күйде шығады. Басты кемшілігі наркоздық белсенділігі төмен.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Жалпы жансыздандыру (кіріспе наркоз және наркозды ұстап тұру); операциядан кейінгі ауыру синдромын шеттету үшін (жарақат шоктарының алдын алу шаралары), босану кезінде, тұрақсыз стенокардия, миокард инфаркты, жедел панкреатит және т.б.; естен тануды қажет ететін медициналық емшараларды орындағанда ауырсынуды басу кезінде. Наркоз кезінде жансыздандыруды құнарлығы оттегімен 50-66% қамтамас етеді, басқа ингаляциялық немесе ингаляциялық емес наркозды заттармен біріктіріліп қолданылады. Естен тандырмастан жансыздандыру. Жедел көмек көрсету кезінде, акушерлік тәжірибеде («талап бойынша жансыздандыру» немесе «өзіндік жансыздандыру») оттегімен қоспасы 50% құрайды.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық; ауыру синдромын шеттету кезінде — жүйке жүйесінің ауыр аурулары, созылмалы маскүнемдік, маскүнемдік жағдайларда (қозу, елестер болуы мүмкін).


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 717; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!