Рецепт на настойку пустырника 31 страница



                                                 #

Әр түрлі топтағы ұйықтататын дәрілер

Доксиламин (Doxylaminum), донормил. Доксиламин ұйықтатқыш, тыныштандырғыш, аллергияға қарсы зат ретінде, этаноламин тобындағы H1-гистаминді рецепторлардың тежегіштері және м-холинолитикалық әсері бар. Ұйықтау уақыты қысқарады, ұйқының сапасы мен ұзақтылығы жоғарылайды, ұйқының кезеңдеріне әсер етпейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Ұйқының бұзылуы; аллергиялық реакциялар, тері қышымасы; тұмау аурулары және жөтел (қосарланған препараттардың құрамына кіреді). Ұйықтар алдында 15–30 мин бұрын ішке 7,5–30 мг-нан, қарт адамдар —7,5–15 мг-нан; емдеу курсы 2 аптаға дейін. Аллергиялық реакциялар кезінде — бір реттік 25 мг мөлшерде 4–6 сағат сайын , ең жоғары тәуліктік мөлшері — 150 мг тағайындайды. 

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, жабық бұрышты глаукома, аталық безінің гиперплазиясы, әр түрлі генезді зәр шығарудың бұзылуы, жүктілік, емшекпен емізу, 6 жасқа дейінгі балалар (гистаминге қарсы зат ретінде), 15 жасқа дейінгі балалар (тыныштандыратын-ұйықтатқыш әсері).

Жанама әсерлері.Күндізгі кездегі ұйқышылдық, әлсіздік, ауыз қуысының құрғауы, аккомодация парезі, іш қату, зәрдің қиындауы.

Шығарылу түрі.15 мг таблеткада N.30. және көпіргіш таблеткада 15 мг N. 20.

Натрия оксибат (7.1.2. Ингаляциялық емес наркозға арналған заттар тақырыбын қараңыз).

Рамелтеон(Ramelteonum) жаңа жіктегі бірінші препарат болып табылады, таңдамалы түрде MT1 және MT2 рецепторларымен мелатонинге жоғары туыстықпен байланысады. Препарат жоғары талдамдылық көрсетеді және бензодиазепинді рецепторларға әсер етпейді, сондықтан оның жанама әсерлері көп емес, тәуелділік, естің төмендеуін, алып тастау синдромын немесе пародоксалды ұйқысыздық шақырмайды. Ол мелатонин сияқты бас миында туындайтын ұйқы-сергектікті бақылап отырады. Рамелтеон ұйқысыздықта, көбінесе ұйқының бастапқы сатысында қолданады. Бұл рецепторлар, эндогенді мелатонин сияқты қалыпты ұйқыға қажет тәуліктік ырғақты ұстап тұруға қатысады. Рамелтеон 8 мг және 16 мг-дық мөлшерде 4 апта бойы ұйқы жақсарғанға дейін 40 минуттай, бірақ бақылау соңында плацебоға ұқсас болады. Субъективті бақылау бойынша ұйқы саны ұзарды. Ең маңыздысы плацебомен салыстырғанда ұйқы тез басталған.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

7.6 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

2. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

7.7 Бақылау (сұрақтар, тестілер. тапсырмалыр, т.б.)

1. ГАМҚ - рецепторларына эсер ететін дэрілер

2. Ұйыктататын дэрілер(нитразепам, лоразепам, фенобарбитал, зопиклон, имован).Жіктелуі.

3. Ұйыктататын дэрілердің әсер ету механизмі, ұйқыға эсері.

4. Барбитур кышқылы туындыларынын, алифатикалык қосылыстардың, бензодиазепиннің әсер ету ерекшеліктері жэне салыстырмалы сипаттамасы.

5. Жағымсыз әсерлері.

6.Дәріге тэуелділіктің даму мумкіншілігі.

 

 

7.1 Тақырып №16. Құрысуға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер.Эпилепсияға қарсы қолданылатын дәрілер

7.2 Мақсаты:Құрысуға және эпилепсияға қарсы қолданылатын дәрілертуралы мағлұмат беру.

7.3.Оқытудың міндеті

Құрысуға және эпилепсияға қарсы қолданылатын дәрілертуралымәлімет беру. Препараттарға рецепт жазуды үйрету.

7.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Курысуға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер. Анықтамасы. Әсер ету принциптері.

2. Әртүрлі фармакологиялык топтағы препараттардың (бензодиазепин туындылары, натрий оксибутираты, лидокаин, барби- тураттар, магний сульфаты, лидокалм, нейролептаналгезияга арналған натрий валь- проат, финлепсин) кұрысуға карсы әсері. Олардың эсер ету ерекшеліктері.

3. Тыныс алу орталығын әлсірететін әсерінің белсенділігі, жылдамдығы және әсерлерінің үзактығы бойынша сипаттама беру.

4. Эпилепсияға қарсы қолданмлатын дәрілер(фенобарбитал, дифенин, этосукси- мид, карбамазепин, клоназепам, натрий вальпроат, диазепам, ламотриджин).

5. Анықтамасы. Жіктелуі.

6. Эпилепсияга карсы дэрілсрдін эсер ету механизмдері.

7. Эпилепсияны дәрі-дәрмектермен емдеудің негізгі принциптері.

8. Эпилепсияның әртурлі формаларындагы жеке препараттардың әсер ету тиімділігін салыстырмалы түрде бағалау.

9. Эпилепсиялык статусты басуға арналған дәрілер.

10. Эпилепсияга карсы дэрілердің жағьтмсыз әсерлері.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

Ақпараттық-дидактикалық блок.

Қояншыққа қарсы дәрілер

Қояншық – кезекті үлкен тырысу талмаларымен, ми нейрондарының бақылаусыз қозу салдарынан естен танумен жүретін және ол кезде психиканың, мінез құлықтың, тәртібінің және кезекті талмалармен көрінетін ауру.

Қояншыққа қарсы дәрілер - әртүрлі салдардан туындаған немесе айқындылығы әртүрлі дәрежеде болатын тырысудың алдын алу немесе азайту үшін қолданылатын дәрілік препараттар. Соңғысының әсері эпилептогенді ошақтарда нейрон қоздырғыштарын басумен негізделген немесе эпилептогенді ошақтан патологиялық импульстардың бас миының басқа бөлімдеріне өткізілуін тежеуге (басу) негізделген. Қояншыққа қарсы дәрілер талмалардың жиілігін және күшін азайтады, психиканың дегрдация үрдісін баяулатады.

Қояншық талмаларының төрт түрі болады:

1.Үлкен қояншық – ұстамасы (Grand mal) есінен айырылып бетімен құлайды, тілін тістеп, денесі тырысып, аузынан көбік ағып, тонико-клиникалық тырысулар болады.

2. Кіші қояншық – ұстамасы (Petit mal) науқас есінен бірнеше секундқа айырылып, құлап қалады, үлкен талмалар болмайды.

3. Психомоторлы эквиваленттер (қояншық), бұл кезде науқас түсініксіз және ессіз әрекеттер жасайды және кейіннен ол жайында есінде болмайды.

4. Миоклонус қояншық, денедегі әртүрлі бұлшықеттер уақытша ғана құрысып-қысылып қалады, есін жоғалтпайды.

Қояншық талмаларының түрлеріне және қояншық статусына байланысты қояншыққа қарсы дәрілерді келесі топтарға бөледі:

1. Үлке тырысу талмаларында қолданылатын дәрілер: карбамазепин, фенофарбитал, натрий вальпроаты, фенитоин, ламотриджин, топирамат, вигабатрин, примидон, бензобарбитал.

2. Кіші тырысу талмаларында қолданылатын дәрілер: суксимид, натрий вальпроаты, клоназепам, ламотриджин.

3. Психомоторлы эквивалентті кездегі қолданылатын дәрілер: карбамазепин, фенитоин, вольпрое қышқылы, фенобарбитал, клоназепам, ламотриджин, топирамат, габапентин, вигабатрин.

4. Миоклонус кезінде қолданылатын дәрілер: вольпрое қышқылы, клоназепам, ламотриджин.

5. Қояншық статусын шеттету үшін қолданылатын дәрілер: диазепам, лоразепам, клоназепам, фенитоин, фенобарбитал, сонымен қатар ингаляциялық және ингаляциялық емес наркозды дәрілер.

Қояншыққа қарсы дәрілік заттардың дәлме-дәл әсер ету механизмі әлі белгісіз, сол себептен зерттелу үстінде. Эпилептогендік ошақтағы нейрондардың қозуының төмендеуіне әртүрлі механизмдер әрекеті септігін тигізуі мүмкін деген болжам бар. Олардың бір беткейлігін алар болсақ, олар нейрондар белсенуінің тежелуінен немесе жүйке жасушаларының белсенуін баяулатқыштан болуы ықтимал. Соңғы жылдары көптеген қоздырушы нейрондардың глутаматты өтелдейтіні анықталған, яғни олардың басым бөлігі глутаматергиялық болып табылады.

Глутаматты рецепторлардың үш түрі бар, солардың ішіндегісінің ең маңыздысы NMDA түрі (талдамды синтетикалық агонист – N метил– D-аспарат). NMDA рецепторы – ионды түтікшелердің рецепторы болып табылады және глутаматпен қозу кезінде Na+ мен Ca2+ иондарының жасуша ішіне енуі жоғарылайды, нейрон белсенділігінің жоғарылауын туғызады. Фенитоин, ламотриджин және фенобарбитал қозушы нейрон ұштарынан глутаматтың бөлінуін баяулатады, сонымен эпилептогенді ошақтардағы нейрондардың белсенуінің алдын алады.

Вальпрое қышқылы мен кейбір басқа қояншыққа қарсы дәрілер, жаңа көз қарас бойынша – нейрондардың NMDA –рецепторларының антагонистеріне жатады және глутаматың NMDA-рецепторларымен әрекеттесуіне кедергі жасайды.

Нейрондарды баяулататын трансмиттерлерге – ГАМҚ жатады. Сондықтан, ГАМҚергиялық өткізгіштің күшеюі (баяулатқыш нейрондардың белсенділігін жоғарылату) эпилептогенді ошақтардағы тыныш күйдегі нейрондар потенциалын тұрақтандырудың бір жолына жатады. Бензодиазепиндер мен фенобарбитал ГАМҚ А-рецепторлар жиынтығымен әрекеттеседі. Осы кездегі туындайтын ГАМҚ А-рецепторларын аллостериялық өзгеруі, оның ГАМҚ сезімталдығының жоғарылауына ықпал етеді және нейрондарға хлор иондарының кіруін одан да көп жоғарылатады, нәтижесінде деполяризацияның дамуына кедергі жасайды. Прогабид – тікелей ГАМҚ-миметикасы болып табылады және ГАМҚ А-рецепторы тікелей қоздыру арқылы, жоғарыда сипатталған ықпалға ұқсас әсер туғызады. Тиагабиннің қояншыққа қарсы әсеріне – синаптикалық саңылаудан ГАМҚ қайта ұсталуын тежеу салдарынан туындайды. Синаптикалық саңылаулардағы осы тежегіш медиаторлардың тұрақтануы, эпилептогенді ошақтардағы нейрон рецепторыларының ГАМҚ А-рецепторларымен әрекеттесуі оның потенциялауымен жүреді және олардың қозуына әсер етуін баяулатуын күшейтеді. Вигабатрин - ГАМҚ-тарнсаминаза баяулатқышы – ГАМҚ катаболизмін тежейді және оның баяулатқыш жүйке жасушаларының ұштарында құрамын жоғарылатады.

Соңғы кездері ГАМҚ деңгейін оның метаболизмін тежеу арқылы емес, ал ГАМҚ жол салушысы – глутаматты кәдеге асыруын жоғарылату салдарынан ГАМКергиялық нейрондарда жоғарылату мүмкін. ГАМҚ түзілуін күшейту қабілетіне габепентин ие. Оның қояншыққа қарсы әсер ету механизмі сонымен қатар, тікелей калий иондары үшін түтікшелерді ашу қабілетімен байланысты. Медиатор жүйесінің тежегіш және белсендіргіш модуляциясынан басқа, қояншыққа қарсы ықпалы нейрондардың ионды түтікшелеріне тікелей әсер етуімен байланысты. Карбамазепин, вальпроат және фенитион потенциалға тәуелді натрий мен кальций түтікшелерінің инактивациясын өзгертеді, сонымен электрлі потенциалдың таралуын шектейді. Этосуксемид Т-типті кальций түтікшелерін тежейді (8.2.1 кесте).

 

Кесте 8.2.1. Қояншыққа қарсы дәрілердің әсер ету механизмі бойынша жіктелуі

 

  Na+-түтікшелерін тежегіштер   Ca2+-түтікшелерін тежегіштер (T-типті)

 

ГАМКергиялық жүйені белсендіруші жүйе

Глутаматергиялық жүйенің белсенділігін төмендететін заттар
фенитоин карбамазепин вальпроат Na ламотриджин этосуксимид вальпроат Na+ триметин Бензо- диазепиндер Барби - тураттар вальпроат Na (ГАМҚ синтезін жоғарылатады, биотранс-формациясын төмендетеді) ламотриджин
           

 

Сонымен, әртүрлі әсер ету механизміне ие жаңа қояншыққа қарсы дәрілердің жиынтығы, дәрігерге қояншық кезінде барабар фармакотерапияны жүргізуге мүмкіндік береді. Қояншыққа қарсы дәрілерді талдаудың ең бастысы талманың сипатымен (парциальды немесе жалпыланыс, естің тануымен немесе естің жоғалмауымен ж.т.б.) анықталынады. Сонымен қатар, дебют жасы, талма жиілігі, неврологиялық симптомдардың болуы, зерде жағдайы және т.б. ескеріледі.

Үлкен тырысу ұстамаларында қолданылатын дәрілер

Фенитоин(Phenytoinum), дифенин. Фенитоин қояншыққа қарсы, тырысуға қарсы, аритмияға қарсы және миорелаксациялық әсер көрсетеді. Парциальды және жалпыланыс (айқын тыныштандыратын және ұйықтататын ықпалы жоқ) талмары кезіндегі көрінетін тырысуға қарсы белсенділікке ие. Орталық жүйке жүйесіне белсендіргіш әсер көрсетеді. Жасуша мембранасында кальций-фосфолипидтік әрекеттесуі өзгереді және калий мен кальцийдің белсенді тасымалдауын азайтады, жүйке ұштарында нейромедиаторлық аминқышқылдарының (глутамат, аспартат) лақтырысын тежейді, ол тырысуға қарсы ықпалды қамтамасыз етеді. Глутаматты рецепторларды басу қабілетіне ие. Аритмияға қарсы белсенділігі жүрекке орталық адренергиялық әсерді төмендету арқылы жүзеге асырылады, олардың калий иондары үшін өткізгіштігін жоғарылату кезінде кардиомиоциттердің мембранасын тұрақтандырады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Қояншық (үлкен тырысу талмалары), жарақаттан кейінгі және нейрохирургиялықтан кейінгі қояншықтың алдын алу шаралары үшін, қарынша аритмиясы, сонымен қатар жүрек гликозидтерімен улануда, кейбір Меньера синдромы кезінде, үштік жүйкенің невралгиясында. Ішке тамақтану кезінде немесе тамақтан соң тағайындайды (асқазанның шырышты қабатын тітіркенуден қорғау үшін). Ересектерге – 1/2-1 таблеткадан тәулігіне 2-3 реттен, қажет жағдайда тәуліктік мөлшерді 3-4 таблеткаға дейін жоғарылатады, ең жоғары тәуліктік мөлшерді – 8 таблетканы құрайды. Балаларға 5 жасқа дейін – ¼ таблеткадан тәулігіне 2 реттен, 5-8 жаста – ¼ таблеткадан тәулігіне 3-4 реттен, 8 жастан үлкен - 1/2 таблеткадан тәулігіне 2 реттен.

Кері көрсеткіштері.Жоғары сезімталдық, бауыр және бүйрек қызметтерінің бұзылыстары, жүрек жеткіліксіздігі, кахексия, порфирия.

Жанама әсерлері. Бастың айналуы, қозу, дірілдеу, атаксия, нистагм, қызба, жүрек айнуы, құсу, дәнекер тіндерінің өзгерістері (бет келбетінің дөрекіленуі, Дюпюитрен контрактурасы), терінің аллергиялық реакциясы (бөртпелер, қышыма); ұзақ қолданғанда (әсіресе балаларда) – диспепсия, иектің гиперплазиясы, остеопатия, гипокальцемия, мегалобласты қаназдық, сирек – лимфоаденопатия, гирсутизм. 


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 626; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!