Рецепт на настойку пустырника 40 страница



Қарсы көрсеткіштері

Алкоголь және барбитуратитармен улану, коллапсқа бейімділік (артериалды қысымның кенеттен төмендеуі), эпилепсия, паркинсонизм, қан аурулары; айрықша зейінді қажет ететін жұмыс (транспорт жүргізушілері және т.б.)

Жанама әсерлері:

Ұйқышылдық, тахикардия, гипотония, ауыз қуысының құрғауы, экстрапирамидты  бұзылыстар (көлемі азаюымен, селкілдеумен сипатталынатын қозғалыс координациясының бұзылыстары).

Рецепт:

Rp: Chlorprothixeni 0,015
D.t.d: № 50 in tab.
S: По 1 таблетке 4 раза в день.

 

Клозапин | Clozapinum

Синонимдері: Азалептин, Азалептол, Клозалан, Лепонекс, Лозапин

Фармакологиялық әсерлері

Күшті нейролептикалық (антипсихотикалық) дәрілік препарат (ОЖЖ-не тежейтін әсер көрсетеді, қалыпты дозада ұйқы шақырмайды), седативті әсері бар (ОЖЖ-н тыныштандырады).

Көрсеткіштері.

Шизофренияда психомоторлы қозу кезінде, галлюциялық-сандырақты (сандырақ, елестеушілік) жағдайлар, маниакальды синдром, көңіол-күйінің өзгерістері және т.б. психопатиялық аурулар.

Қарсы көрсеткіштер:

Жедел алкогольды және интоксикациялық психоздар, эпилепсия, жүрек-қантамыр аурулары, спазмофилия, глаукома, ішектің атониясы (тонусы төмендеуі), жүктіліктің алғашқы триместрі. Тарнспорт жүргізушілеріне тағайындауға болмайды.

Жанама әсерлері

Ауық қуысының құрғауы, ұйқышылдық, бұлшықет әлсіздігі, сандырақтық, ортостатикалық гипотензия (горизонтальды жағдайдан вертикальды жағдайға кенеттен ауысқандағы артериалды қысымның төмендеуі), тахикардия, дене температурасының жоғарлауы, аккомодация бұзылыстары, коллаптоидты жағдайлар.

Шығарылу түрі

Таблеткалар 0,025 және 0,1 г-нан; ампулада 2мл-ден инъекция арналған 2,5% ерітіндісі.

Рецепт:

Rp: Tab. Clozapini 0,05
D.t.d: №10 in tab.
S: Принимать по 1 таб. 2 раза в день

 

СУЛЬПИРИДЭкстрапирамидалық бұзылыстарды сирек тудыратын, не болмаса мүлдем тудырмайтын(синонимдері: догматил, эглонил) —антипсихотикалық, құсуға қарсы, антисеротонинді, тимолептикалық әсер көрсетеді.

Қолданылуы:Сульпиридті апатиямен жүретін психикалық ауруларды (депрессивті жағдайлар, жедел психоздар, шизофрения т.б.) емдеуде, асқазан мен 12 елі ішекті емдеуде қолданылады. Сонымен бірге, педиатрия, гериартрияда психикалық және невротикалық ауруларды емдеуде қолданылуы мүмкін.

Жанама әсерлері: ұйқының бұзылысы, артериалды қысымның жоғарлауы, етеккірдің өзгерісі т.б.

Қарсы көрсеткіштері:ісік ауруларында, гипертониялық ауруда, қозу жағдайларында. Шығарылу түрі: капсула 0,05 г-нан; ампула 2 мл 5 % ерітінді және  флакондар 200 мл-ден  0,5 % ерітінді (0,025 г 1 шай қасықта).

Рецепт:

Rp.: Caps. Sulpiridi 0,05 N. 30                   Rp.: Sol. Sulpiridi 5 % 2 ml

D. S. По 2 капсулы 2-4 раза в день.        D. t. d. N. 10 in ampull.

                                                                    S. Вводить внутримышечно по 2-4 мл.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

7.6 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

2. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

7.7 Бақылау (сұрақтар, тестілер. тапсырмалыр, т.б.)

12. Адрено- және дофаминорецепторларға әсер ететін дәрі-дәрмектер.

13. Психозға қарсы колданылатын дәрілер (аминазин, трифтазин, галоперидол, хлорпротиксен, клозапин)

14. Жіктелуі.

15. Әсер ету механизмі.

16. Негізгі фармакологиялық эсерлері.

17. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

18. Айкын седативті, белсендендіретін жэне анти- депрессивті эсерлері бар психозға карсы колданылатын дэрілер.

19. Қолданылуы.

20. Нейролептиктердің негізгі жағымсыз әсерлері жэне оларды фармакологиялық тұрғыдан түзету.

21. Экстрапирамидалык бұзылыстарды сирек тұдыратын, не болмаса мүлдем тудырмайтын дәрілер (сульпирид).

22. Негізгі жагымсыз әсерлері.

 

7.1 Тақырып №22.Транквилизаторлар.

7.2 Мақсаты:Транквилизаторлар туралы мағлұмат беру.

7.3.Оқытудың міндеті

Транквилизаторлар туралы мәлімет беру. Препараттарға рецепт жазуды үйрету.

7.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Бензодиазепин рецепторларына әсер ететін дәрілер. Транквилизаторлар (диазепам, феназепам, мезапам, мебикар)

2. Анықтамасы. Нейролептиктерден айырмашылығы.

3. Жіктелуі.

4. Бензодиазепин туындыларының негізгі фармакологиялық эсерлері.

5. Әсерлерінің механизмдері.

6. Бензодиазепиндік рецепторлар туралы түсінік

7. ГАМҚ - ергиялык процесстерге тигізетін әсері

8. Әртүрлі топтағы препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

9. Күндізгі транквилизаторлар. Қолдану көрсетімдері. Жағымсыз әсерлері. Дэріге тэуелділіктің даму мүмкіндігі.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

Ақпараттық-дидактикалық блок.

Анксиолитиктер (транквилизаторлар)

Анксиолитиктер – қорқыныш, абыржу, алаңдау сезімдерін жоятын, миорелаксанттық әсерлері бар дәрілік заттар тобы.

Жіктелуі

1. Азепамдар: диазепам (сибазон, седуксен, реланиум), хлордиазепоксид (хлозепид, элениум), феназепам, оксазепам (тазепам, нозепам), мезапам (медазепам, рудотель)

2. Азоламдар – альпразолам (альпракс)

Транквилизаторлардың қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін бағалау үшін науқас жағдайының динамикасымен препаратқа жағымсыз реакцияларын зерттейді.

Қолдану көрсеткіштері: 1) невроздармен невроз тәрізді жағдайлар 2) психосоматикалық жағдайлар 3) тырысулармен бұлшық еттердің спастикалығы 4) эпилептикалық статус 5) ұйқысыздық 6) атарактанальгезия, премедикация

Бір-бірімен әсерлесу: транквилизаторлар наркозға арналған дәрілердің, наркотикалық анальгетиктердің, этанолдың, ұйықтататын және седативті препараттардың, сонымен бірге антигипертензивті дәрілердің әсерлерін потенцирлейді. Бауыр ферменттерінің индукторлары (фенобарбитал, спиронолактон) транквилизаторлардың биотрансформациясын қуаттандырады. Керісінше, циметидин, этанол, оральды контрацептивтер секілді препараттар оны тежейді.

Сибазон мысалында, дәрінің қауіпсіздігімен тиімділігін бағалау үшін қандағы оның концентрациясын анықтаумен науқас жағдайының өзгеруін тіркеуден басқа белгілі бір арнайы әдістер жоқ.

Диазепам(Diazepam), реланиум, седуксен, сибазон. Диазепам бензодиазепинді транквилизатор, тыныштандыратын, үрейге қарсы, ұйықтатқыш, орталықты миореласациялаушы және тырысуға қарсы әсер көрсетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Невроз тәрізді және психопаттық тәрізді бұзылыстар, үрей, қорқыныш, тырысу синдромы, психомоторлы қозғыштық, премидикация, маскүнемдік абстиненция, ұйқының бұзылуы. Ересектерге ішке 2,5-10 мг-нан күніне 1-2 рет (ұйқысыздық кезінде ұйықтар алдында), 1-5 жастағы балаларға тәулігіне 2 рет, көктамырға және бұлшық етке (жедел қозу кезінде және тырысу реакцияларында) 5-10 мг-нан 1-2 мл 0,5% ерітінді тәулігіне 2-3 рет.

Кері көрсеткіштері.Жедел бауыр және бүйрек аурулары, миастения, наркотикалық немесе маскүнемдік тәуелділігі, глаукоманың жедел ұстамасы, жабық бұрышты глаукома, жүктілік, емшекпен емізу.

Жанама әсерлері.Ұйқышылдық, бұлшықеттің әлсіздігі, атаксия, диплопия, нистагм, дірілдеу, зейіннің тез реакциясы және зейін қоюдың төмендеуі, брадикардия, нейтропатия, іш қатуы, либидоның төмендеуі, аллергиялық реакциялар, ұзақ уақыт қолданған кезде – тәуелділік дамиды, есте сақтаудың бұзылуы.

Шығарылу түрі.2,5; 5, 10 және 20 мг-ды драже (таблетка) N.10, 20, 30, 50; 10 мг тік ішек балауыздары; 0,2 және 0,5% 2,5 мл-гі тік ішекке енгізуге арналған түтіктегі ерітінді; 0,5% 1 және 2 мл-гі ерітінді N.5, 10 егуге арналған ампулада.Список Б.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Diazepami 0,5% - 2,5 ml                                       

                             D.t.d. N. 5                                                

                            S. Түтіктің құрамын 20 – 30 мл сумен араластырып, клизма ретінде тағайындау қажет.

Феназепам- әсері жағынан белсенді препарат. Айқын тырысуға қарсы, ұйықтататын, миорелаксантты әсер көрсетеді.

Қолданылуы: - неврозды емдеу үшін

- - эпилепсияға қарсы зат ретінде.

Жағымсыз әсерлері: жүрістің бұзылысы, ұйқышылдық, бастың айналуы, көп қолданған кезде тәуелділік.

Қолдануға болмайтын жағдайлар:

- миастенияда, бауыр мен бүйрек бұзылыстары;

- (шоферлар мен ұшқыштарға) жұмыс уақыты кезінде.

Шығарылу түрі: таблеткалар 0,0005 г және 0,001 г-нан; ампулалар  1 мл 3 % ерітінді. Список Б.

Rp.: Tab. Phenazepami 0,0005 N. 50

D. S. По 1 таблетке 2-3 раза в день.

Хлозепид. Нозепам:

Фармакологиялық әсері екі препаратқа ұқсайды. Бірақ әсер ету белсенділіктері төменрек.

Бұл препараттар негізінен невроздарда және невроз тәрізді жағдайларды қолданады. Оларды хирургиялық кірісулер жүргізер алдындағы премедикацияларда тағайындайды. Олар ұйқызыздықта, эпилепсиялық статуста (көк тамырға енгізеді), қаңқа бұлшық еттерінің гипертонусымен жүретін неврологиялық бұзылыстарда тиімді.

Бұл препараттарды қызметі ерекше көңіл бөлуді және жылдам реакцияларды талап ететін науқастарға (мысалы: көлік жүргізушілеріне) амбулаториялық түрде тағайындауға болмайды.

Rp.: Tab. Nozepami 0,01 N. 50

D. S. По 1 таблетке 3-4 раза в день

Мезапам - фармакологиялық әсері барлық препараттарға ұқсас, айырмашылығы – емдік мөлшерде ұйықтатқыш әсер және бұлшық еттердің босаңсытуға әсер көрсетпейтін болғандықтан «күндізгі» транквилизатор деп аталады және бұл препарат күндізгі уақытта көлік жүргізушілергі тағайындауға болады.
Rp: Mezapami 0,01
D. t. d. N 50 in tab.
S. По 1 таблетке 1-2 раза в день.

МЕБИКАР— анксиолитикалық әсері бар, бірақ ұйқы шақырмайды. Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар. Шығарылу түрі: таблетка 0,3 г-нан. Список Б.

Rp.: Tab. Mebicari 0,3 N. 10

D. S. По 1 таблетке 3 раза в день (при необходимости дозу можно увеличить до 2-3 г в сутки).

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

7.6 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

3. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

4. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

7. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

8. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

9. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

10.Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

11.Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

12.Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

7.7 Бақылау (сұрақтар, тестілер. тапсырмалыр, т.б.)

1. Бензодиазепин рецепторларына әсер ететін дәрілер. Транквилизаторлар (диазепам, феназепам, мезапам, мебикар)

2. Анықтамасы. Нейролептиктерден айырмашылығы.

3. Жіктелуі.

4. Бензодиазепин туындыларының негізгі фармакологиялық эсерлері.

5. Әсерлерінің механизмдері.

6. Бензодиазепиндік рецепторлар туралы түсінік

7. ГАМҚ - ергиялык процесстерге тигізетін әсері

8. Әртүрлі топтағы препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

9. Күндізгі транквилизаторлар. Қолдану көрсетімдері. Жағымсыз әсерлері. Дэріге тэуелділіктің даму мүмкіндігі.

Тесттік сұрақтар

Тест №1

Транквилизаторларға тән жанама әсерлерді, қолдануға қарсы көрсетулермен сәйкестендіру:

Жанама әсерлері:

1. Көзішілік қысымның жоғарлауы

2. ОЖЖ белсенуі

3. Ұйқысыздық

4. Ульцерогенді әсер

5. Ұйқышылдық, тежелу

Қолдануға қарсы көрсетулер:

А. Ұйқының бұзылуы

Б. Психоздар

В. Тез реакцияны талап ететін жұмыстар

Г. Ойық жара ауруы

Д. Глаукома

Тест №2

Транквилизаторлардың әсер ету механизмі:

1. Эмоционалды реакцияларға жауап беретін бас ми құрылымы қозғыштығын азайтады, ГАМК ың тежегіш әсерлерін күшейтеді

2. Орталық дофоминдік Д2-рецепторларды тежейді

3. Орталық Н1-гистаминдік рецепторларды тежейді

4. Опиатты рецепторларды белсендіреді

5. Тыныс алу және тамырқозғалтқыш орталықтарын белсендіреді

Тест №3

«Анксиолитикалық» әсер терминінің дұрыс анықтамасы:

1. Психикалық жағыдайын жақсы сезіну

2. Қобалжу, тынышсыздық, қорқыныш сезімдерін басады

3. Психоз белгілерін жояды (сандырақтау және елестер)

4. Барлық сезімталдықтың қайтымды жойылуы

5. Ауру сезімін таңдамалы жою

Тест №4

Транквилизаторлардың фармакологиялық әсерлерін және қолдануға көрсетулерін сәйкестендіру:

Фармакологиялық әсерлері:

1. Анксиолитикалық

2. Ұйықтатқыш

3. Тырысуға қарсы

4. Бұлшық етті босаңсыту

5. Әсерлерді күшейту

Қолдануға көрсетулер:

А. Ұйқысыздық

Б. Невроздар, абстиненттік синдром

В. Эпилепсия, эпилептикалық статус, тырысу жағыдайы

Г. Премедикация

Тест №5

Дәрігерге кеңес беріңіз, диазепамды қандай препаратпен айырбастау керек:


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 710; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!