Рецепт на настойку пустырника 39 страница



Шығарылу түрі.125, 200, 325 және 500 мг таблеткада N.10, 500 мг көпіретін таблеткада N. 4, 12 және 80 мг балаларға арналған шайнайтын таблеткалар N.12; 325 мг капсулалар N.6, 12, 30 және 500 мг N. 12; 80, 150 және 240 мг ішке қолдануға арналған ерітінді түріндегі бір реттік пакеттегі ұнтақтар; 2,4% 70, 100 және 300 мл сауыттағы ішке қабылдауға арналған суспензия; 10% суспензия 15 мл нәрестеге арналған; 2,4% 50 және 100 мл балаларға арналған сауыттағы шырын; 50, 80, 100, 125, 250, 300, 500 және 600 мг тік ішек балауыздары N. 5, 6, 10; 15% 2 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді және 1% 50 және 100 мл сауыттағы инфузия үшін ерітінді.

Сақтау шарттары:Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, +10-нан +250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек

Сақтау мерзімі3 жыл.Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Рецепт үлгісі. Rp.: Supp. cum Paracetamolo 0,05

D.t.d. N. 5

S. 1 балауыздан тік ішекке түнде.

 

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

7.6 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

2. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

7.7 Бақылау (сұрақтар, тестілер. тапсырмалыр, т.б.)

1. Парацетамолдың негізгі фармакологиялык әсерлері.

2. Ауырсынуды басатын әсерінің ерекшеліктері.

3. Анальгезиялаушы және қызуды басатын әсерлерінің механизмі.

4. Фармакокинетикалык сипаттамасы.

5. Негізгі жагымсыз әсерлері.

 

 

7.1 Тақырып №21.Психозға қарсы колданылатын дәрілер

7.2 Мақсаты:Психозға қарсы колданылатын дәрілертуралы мағлұмат беру.

7.3.Оқытудың міндеті

Психозға қарсы колданылатын дәрілертуралы мәлімет беру. Препараттарға рецепт жазуды үйрету.

7.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Адрено- және дофаминорецепторларға әсер ететін дәрі-дәрмектер.

2. Психозға қарсы колданылатын дәрілер (аминазин, трифтазин, галоперидол, хлорпротиксен, клозапин)

3. Жіктелуі.

4. Әсер ету механизмі.

5. Негізгі фармакологиялық эсерлері.

6. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

7. Айкын седативті, белсендендіретін жэне анти- депрессивті эсерлері бар психозға карсы колданылатын дэрілер.

8. Қолданылуы.

9. Нейролептиктердің негізгі жағымсыз әсерлері жэне оларды фармакологиялық тұрғыдан түзету.

10. Экстрапирамидалык бұзылыстарды сирек тұдыратын, не болмаса мүлдем тудырмайтын дәрілер (сульпирид).

11. Негізгі жагымсыз әсерлері.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

Ақпараттық-дидактикалық блок.

Психотропты дәрілер адамның психикалық қызметінің бұзылысында қолданады. Оларды психоздардың әртүрлі симптомдарымен жүретін (қорқыныш, үрей, алаңдау сезімдері) невроздық және неврозтәрізді бұзылыстарды емдеуде қолданады.

Психотропты дәрілерге келесі дәрілік топтар жатады: 1) нейролептиктер (антипсихотикалық дәрілер) 2) транквилизаторл.ар (анксиолитиктер) 3) седативті дәрілер 4) антидепрессанттар 5) нормотимиктер (литий препараттары) 6) психоқуаттандырғыштар 7) ноотропты дәрілер

Нейролептиктер

Нейролептиктер – психоздардың өнімді симптомдарын (саңдырақтау, галлюцинациялар, психомоторлы қозу) жоятын аурудың дамуын тоқтататын, седативті әсері бар дәрілік заттар тобын айтамыз. Әсер ету механизмі – лимбиялық жүйенің дофаминді рецепторлерін тежейді. Нейролептиктер Д2 дофаминорецепторлерді тежеп, антипсихотикалық әсер пайда етеді.

Жіктелуі

1. Фенотиазин туындылары: аминазин (хлорпромазин), фторфеназин (флуфеназин, модитен), левомепромазин (тизерцин), этаперазин (перфеназин), трифтазин (трифлуоперазин, стелазин)

2. Тиоксантен туындылары – хлорпротиксен (труксал)

3. Бутирофенон туындылары: галоперидол (галофен), дроперидол

4. Дибензодиазепин туындылары – азалептин (клозапин, лепонекс)

5. Бензамидтер – сульпиридтер (эглонил, догматил)

Нейролептиктердің қолдану тиімділігімен қауіпсіздігін бағалау критерилері:

1. Лабораторлы

 2.Параклиникалық:а) ЭКГ б) тонометрия (көз қысымын өлшеу)

3. Клиникалық: науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру

Қолдану көрсеткіштері:

1. Жедел психоздар, қарт психоздары, ми жарақаты 2. Нейролептоанальгезия 3. Қатерлі гипертермия, сонымен бірге жүрекке, ірі тамырларға және өкпеге операция жасағанда температураны түсіру мақсатында 4. Жаңа туған нәрестелердегі пилороспазм (бұл мақсатпен аминазин белгіленеді) 5. Наркозбен, цитостатиктермен уланумен, сауле терапиясымен байланысты құсу 6. Ұзақ жүретін кекірік 7. Өкпе ісінуі (артериялық қысымын төмендету үшін күре тамырға аминазин белгілейді).

Егер науқастар препараттарды ауыз арқылы қабылдамаса, деканоаттарды бұлшық етке енгізген дұрыс. 

Бір-бірімен әсерлесу: Нейролептиктер наркозға арналған дәрілердің, наркотикалық анальгетиктердің, этанолдың, ұйықтататын және седативті препараттардың, сонымен бірге антигипертензивті дәрілердің әсерлерін потенцирлейді. Нейролептиктер өздерінің холиноблокаторлық әсерлеріне байланысты ішектің перистальтикасын азайтады және парацетамол, леводопа, дигитоксин және литий тұздары секілді дәрілердің абсорбциясын азайтады.

Хлорпромазин (Chlorpromazinum), аминазин, ларгактил, плегомазин. Хлорпромазин - нейролептиктердің негізгі түрі, фенотиазиндердің туындысы, ол антипсихикалық, тыныштандыратын, құсуға қарсы әсері бар және басқа ерекшеліктері оның орталық адренергиялық және дофаминергиялық рецепторларға тежеуші әсер етуімен байланысты. Мұнымен қатар ол наркоздық, ұйықтататын және орталық жүйке жүйесін күйзеліске ұшырататын бірқатар заттардың әсерін ықпалдайды.  

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Шизофрения мен психомоторлық қозу белгісі бар агрессия, гипожелікпелік, желікпелі жай-күй, жедел елестік және сандырақтау синдромын, деменция кезінде қозу күйін тудыратын жағдайлар, айқын мазасыздық, үрейлену күйіне ену кездерінде үздіксіз ауырсынуларда ауыруды басатын, ұзақ ұйқысыздық пен агрессия байқалуларында ұйықтататын заттармен қоса беру ұсынылған. Ішке 25 – 600 мг тәулігіне 3 – 4 рет қолданады; 25 – 150 мг-нан 600 мг-ға дейін бұлшық етке; 40% глюкоза ерітіндісіне 50 – 100 мг-нан 2 мл мөлшерлемеде көк тамырға егеді.

Кері көрсеткіштері.Бауыр, бүйрек зақымдануларында, қан түзу мүшелерінің бұзылыстарында, микседемада, ауыр депрессияларда, өршитін ми мен жұлынның жүйелік ауруларында, жүректің декомпенсациялық ақауларында, тромбоэмболиялық ауруда, жедел инфекциялық ауруларда, феохромоцитомада, аталық безінің гипертрофиясында, сонымен қатар, бронхоэктазды аурудың кеш сатысындағы науқастарға беруге болмайды. Кей кездері өт және несептас ауруларында, жедел циститте, ревматизм кезінде, ревмокардит, қояншық, қант диабеті (сусамыр) кездерінде де беруге тыйым салынады.

Жанама әсерлері.Маужырау, әлсіздік, апатия, гипотермия, экстрапирамидтік бұзылыстар, ауыздың кебуі, іш қатулар, ауырсынып зәр бөлінуі, диплопия, аритмия, галактория, гинекомастия, етеккір циклінің бұзылуы, бедеулік, тері мен кілегейлі қабаттардағы аллергиялық көріністер, бет пен қол-аяқтың домбығып ісінуі, сондай-ақ терідегі фотосенсибилизация көріністері.

Шығарылу түрі. Балалар үшін 10 мг таблеткалар; 25, 50, 100 және 250 мг драже N.50, 100; 2,5% құтыдағы ерітінді түрінде 1, 2, 5 және 10 мл N.5, 10.

Рецепт үлгісі. Rp.: Dragee Chlorpromazini 0,025   

                              D.t.d. N. 50                                                                

                              S. Күніне 1-2 дражеден 4 рет.   

Трифтазин — активті нейролептикалық дәрілік зат (үлкен транквилизатор), әсер ету ұзақтығы бойынша фенотиазин қатардағы препараттардан асып түседі (Аминазин, Этаперазин).

Синонимдері.Стелазин. Терфлузин. Терфлюзин. Трифлуоперазин. Трифлуперазин. Трифлюоперазин. Трифлюороперазин. Трифлюперазин. Трифторперазин. Эксазин. Эсказинил. Ятроневрил.

Трифтазин активті және ұзақ әсер ететін құсуға қарсы дәрілік зат ретінде қолданылады.

Седативті әсері бойынша Трифтазин Аминазиннен басым болып келеді,  бірақ адренолитикалық және ұйқы шақыратын әсері бойынша кем, спазмолитикалық, антигистаминді, құрысуға қарсы әсері болмайды.

Трифтазиннің әсер ету ерекшелігі Аминазинмен емделгендей тежелуді, апатия, ұйқышылдық, жалпы әлсіздікті шақырмайды.

Қолдану көрсеткіштері

Психиатрия: сандырақ және елестеушілікпен қатар жүретін шизофрения мен әртүрлі психикалық ауруларды емдеуде қолданылады.

Әсіресе галлюцинациямен қатар жүретін шизофренияның параноидты түрінде қолданылады (бұл жағдайларда әсері аминазиннен қарағанда нәтижелі болып келеді).

Маниакальды-депрессивты психозда, алкогольды және инволюциялық психоздарда, невроз және нерв жүйесінің басқа да аурулары кезінде қолданылады.

Жанама әсерлері

Депрессия, вегетативты бұзылыстар, ауыз қуысының құрғауы, басқа жағдайларда  — токсикалық гепатит, агранулоцитоз және аллергиялық реакциялар.

Кейде тері бөртпелері, көз көруінің уақытша бұзылысы, стенокардиялық ауыру сезімінің күшеюі байқалуы мүмкін.

Қарсы көрсеткіштері

Бауыр мен бүйректің жедел аурулары, Боткин ауруы; жүрек жетіспеушілігі, бүйректің асқынуы, жүктілік, қантүзу ағзаларының бұзылыстары, артериалды гипотония.

Құрамы мен шығарылу түрі

Трифтазин — синтетикалық  препарат, әсер етуші заты — трифлуоперазин.

Бұлшықеттік инъекциялар үшін трифтазиннің 0,2% ерітіндісі (трифтазин — 2 г, инъекцияға арналған натрия цитрат— 1 г, инъекцияға арналған су — до 1 л) флаконда 10 мл-ден;

Ампулада 1 мл-ден инъекцияға арналған 0,2% ерітіндісі (1 ампулада 2 мг трифлуоперазин),  5, 10 және 100 ампуладан бір қаптамада;

Ампулада 1мл-ден 0,5% ерітіндісі (1 ампула 5 мг трифлуоперазин), қаптамада 12 ампуладан;

Таблеткалар, қабықпен қапталған 0,005 г және 0,10 г, қаптамада 50 және 100 таблеткадан;

Драже 0,001 г, 0,002 г, 0,005 г және 0,010 г.

Трифтазинге рецепт:

     Rp.: Triftazini 0,005
    D. t. d. N 50 in tabul.  
    S.  

 

Галоперидол — синтетикалық препарат, нейролептикалық дәрілік зат, ОЖЖ-не айқын әсер етеді: ауыру сезімін басады, құрысуға қарсы, антигистаминді, құсуға қарсы, айқын антипсихотикалық және седативті әсер етеді. ҰЙықтатқыш заттар мен наркотиктердің әсерін күшейтеді.

Аналогтары. Алоперидин. Галдол. Галол. Галопер. Галоперазин. Галоперидин. Галоперидола деканоат. Галопидол. Галофен. Сенорм. Серенак. Серене. Серенол. Сернас. Транкодол. Халоперидол.

Қолдану көрсеткіштері:

· Әртүрлі этиологиялы жедел және созылмалы психоздар

· Психиатрияда әртүрлі генезді психомоторлы қозу жағдайларын тоқтату үшін (маниакальды жағдайлар, деменция, олигофрения, психопатия, шизофрения, созылмалы алкоголизм, Гетингтон хореясы, агрессивтілік, егде адамдар мен балалардың жүріс-тұрысының өзгерістері), жедел сандырақ пен галлюцинациялар.

· Галоперидолдың  жоғарғы емдік әсері шизофренияның параноидты түрлерімен ауыратын науқастарда көрінеді.

· Комплексты терапияда ауыру сезімін басу, тұтығу, ықылық тию, тоқтамайтын лоқсу мен құсуда қолданылады.

Қолдану ережелері

· Галоперидол ішке және бұлшықетке қолданылады.

· Максималды тәуліктік мөлшері  100 мг.

· Тәуліктік терапевтикалық мөлшері  орташа шамамен Галоперидолдың 50–100 тамшысына сәйкес келеді.

· Сүйемелдеу мөлшері индивидуалды, тәулігіне  5–10 мг.

· Егде адамдарға үлкендердің ½ мөлшерін тағайындайды.

· Балаларға галоперидолды  тәулігіне 25–50 мкг/кг (максимально — 10 мг) мөлшерінде тағайындалады. Жасөспірімдерге мөлшерін тәулігіне 30 мг-ға дейін жоғарлатуға болады.

Жанама әсерлері:

Депрессия, ұйқышылдық, бас ауыруы; лоқсу, іш қату, іш өту, тәбетінің төмендеуі, бауыр функциясының бұзылысы; тахикардия, артық бергенде  — ұйқыссыздық.

Қарсы көрсеткіштері

ОЖЖ-ң органикалық бұзылыстары, депрессия, истерия; кома; жүрек өткізгіштігінің бұзылысы; функциясы зақымдалуымен сипатталынатын бүйрек аурулары; препараттың құрамына индивидуалды жоғары сезімталдығы; жүктілік, лактация.

Шығарылу түрі:

· Таблеткалар (1 таблеткада 1 мг, 1,5 мг, 5 мг немесе 10 мг әсер етуші заты бар), қаптамада 10, 40, 50, 100 немесе 250 таблеткадан шығарушы фирмасына байланысты

· Ішке қабылдауға арналған 0,2% ерітіндісі (10 тамшы ерітіндіде 1 мг галоперидол бар), флакондапо 10 мл және 15 мл.

· Бұлшықеттік инъекцияларға арналған галоперидолдың 0,5%-дық ерітіндісі, ампулада 1 мл-ден, қаптамада 5 ампуладан. 1 мл ерітіндіде - 5 мг галоперидол.

Галоперидолға рецепт:

Rp.: Haloperidoli 0,0015
 

D. t. d. N 50 in tabul.

 

S.

Хлорпротиксен Chlorprothixen

Синоним: Хлорпротиксена гидрохлорид, Труксал, Таразан, Ветакалм, Хлотиксен, Минитиксен, Тактаран, Тарактан, Триктал, Труксил

Фармакологиялық әсері

Тыныштандырушы (транквилизатор) және нейролептикалық (ОЖЖ-не тежейтін әсер көрсетеді, қалыпты дозада ұйқы шақырмайды) әсер; ұйықтататын және анальгетикалық дәрілердің әсерін күшейтеді.

Шығарылу түрі

Таблеткалар  0,015 және 0,05 г қаптамада 50 данадан; ампулалар 1 мл-ден  2,5% ерітінді.

Көрсеткіштері

Қорқыныш және үрей сезімімен қатар жүретін психоздар, қорқынышпен бірге жүретін невротикалық  жағдайлар, тынышсыздық, агрессивтілік, ұйқы бұзылыстары; Невроз тәріздес бұзылыстарымен сипатталынатын соматикалық аурулар (ішкі ағзалар аурулары), тері қышуы; құсуға қарыс дәрілік зат ретінде.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 546; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!