Негізгі микросхема дегеніміз не? 23 страница



Ӛрістің негізгі ерекшелігі – бір ӛріс элементтері бірдей типті етіп құрылады, мысалы, сандық немесе символдық. Мұндай мәліметтер қорында кестелерді байланыстырып, олардың кейбір ӛрістері арқылы түрлі жаңа кестелер құруға болады. Мұндай кестелерді сұраныстар деп атайды. Реляциялық мәліметтер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін кӛптеген арнайы бағдарламалар дайындалған, олар: dBASEII - dBASEIV, FoxPro, Clipper, Access, т.б. Олардың бәрін де мәліметтер қорын басқару жҥйесідеп атайды.


Тәжірибелік сабақ-15.Компьютерлік желі түсінігі. Желі классификациясы. Желі топологиясы. Негізгі компоненттері. Хаттамалар түсінігі. Интернет, Интранет.

Компьютерлік желілер- бір-бірімен мәлімет алмаса алатын бірнеше компьютерлердің байланыс құралдары кӛмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат ӛңдеудің тармақталған жүйесі.

Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол) интерфейс, желілік бағдарламалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен кӛрсетіледі.

Желі топологиясы оның негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.

Негізгі желілік топологиялар.Компьютерлерді біріктірудің геометриялық схемасы желі топологиясы деп аталады.Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі бар, олар:

1. Шиналық топология.Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жӛнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте кӛрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.

2. Жҧлдыз тәрізді топология.Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін

– желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады.Бұл топологияның артықшылығы – кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

3. Сақиналық топология.Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жӛнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станциясын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады.Бұл топологияның кемшілігі – кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

Желілік техникалық қҧралдар.Желілік техникалық құралдар – компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны, 12.1-суретте желілер архитектурасы кӛрсетілген.

 

Желі архитектурасы

  Кабель
  Сервер
  Коммутатор
  Маршрутизатор
  Желілік интерфейс тақшалары
  Шлюз
  Модем

Сурет 12.1 Желілер архитектурасы

 

Сервер.Клиент/сервержелісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы бағдарламаларды сақтауға арналған жоғарғы кӛлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверде желілік операциялық жүйе NOS (Network Operating System) орнатылып, ол сыртқы құрылғыларды да басқара алады.

Коммутатор- телефон арқылы байланысу мүмкіндігін тудырады, мұнда компьютерлер бір-бірімен TCP/IP (Transfert Control Protocol/Internet Protocol) хаттамасы арқылы мәлімет алмаса алады, мұндағы TCP – транспорттық деңгейдегі хаттама, ал IP


– адрестік хаттама. Бір-бірімен ӛзара ақпарат алмасу үшін байланысқан әрбір компьютердің IP адресі 0- ден 255-ке дейінгі, нүктемен ажыратылған, тӛрт сан арқылы ӛрнектеледі, мысалы: 123.0.12.200.

Маршрутизатор     –  объектілердегі  бірдей        деректерді алмастыру хаттамаларымен біріктіру қызметін атқарады. Жүйені басқару ісінің ӛте сенімді жұмыс істеуін жүзеге асыру мақсатында оларды бір орталықтан басқармай, барлық түйінді компьютерлер бірдей тең құқықты болып жасалады. Яғни әрбір желі торабындағы компьютер мәліметтерді қабылдау–жӛнелту істерін атқарумен қатар басқа тораптардан келіп түскен хабарларды ары қарай жӛнелту кезінде оларды басқаша адрестеу (маршруттау) ісін де жүргізе алады.

Желілік интерфейс тақшаларыжелінің функциональдық элементтерін бір- бірімен үйлестіру құралдары, олар столға қойылатын және протативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады.

Шлюз– объектілердегі әртүрлі деректерді алмастыру хаттамаларымен біріктіру қызметін атқарады.

Модем((Modem)модулятор/демодулятор) - телефон желісі арқылыкомпьютердің мәліметтерді жӛнелтуін және қабылдауын жүзеге асырады, ол не компьютерге қосылған сыртқы құрылғы, немесе компьютерге қойылған тақша түріндегі электрондық құрылғы.

Желілік бағдарламалық қҧралдар- компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамассыз етеді, сондай-ақ желіні қадағалау, басқару және ондағы мәліметтерді сақтау істерінде маңызды рӛл атқарады, желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бермейді.

Бағдарламалық жабдықтармен ақпараттық ресурстарИнтернеттегі әр түрлі типтегі компьютерлер мен құрылғылардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Ақпараттық ресурстар- мәліметтер жиыны. Мәліметтерді желіде орналастырудың бір ерекшелігі – олар таралған түрде сақталады, мысалы, мәтін бір компьютерде, дыбыс пен әуен екіншісінде, ал графика - басқа желідегі, үшінші компьютерден алына береді.

Деректерді ӛткізу моделі – OSI деп аталады, желі бойынша OSI моделін ӛткізудің 7 түрлі деңгейі бар. Транспорттық-желілік деңгейдің интерфейсі OSI деректерді ӛткізу моделі TCP/IP базалық протоколды суреттейді, арналық деңгейінде ақпарат кадр түрінде беріледі, қолданбалы деңгейде ақпарат хабарлама түрінде беріледі.

Желі тҥрлері.Компьютерлік желілер жергілікті, аймақтық және ауқымды болып түрлі түрге бӛлінеді.

1. Жергілікті желі(LAN - Local Area Network) – бір бірімен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер. Олар мекеме ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы компьютерлерді бір-бірімен және сервермен (қуатты бас компьютер) байланыстырады. Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы бағдарламаларды және принтер, факс тәрізді сыртқы құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір компьютер желі түйіні немесе жҧмыс станциясыдеп аталады Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір- бірімен ӛте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Біррангті желі - ерекшеленген сервері жоқ, барлық ЭЕМ-дердің қатынас құқықтары бірдей желілер.

2. Аймақтық таратылған желілер(АТЖ) – WAN (Wide Area Network – широкомасштабная сеть). АТЖ – жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды ӛте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқарыла алады. Ол үшін модем немесе жоғарғы жылдамдықты сандық желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет кӛрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады.


АТЖ-дің кӛмегімен электрондық пошта арқылы мәліметтер қабылдау- жӛнелтуге, Интернетпен байланысуға болады.

3. Қалалық масштабтағы желі – MAN (Metropolitan Area Network);

4. Ауқымды (глобальдық) желі – GAN(Global Area Network) – бұған желілердің желісі болып келетін Интернет желісі жатады. Интернеттің артықшылығы – ол түрлі кӛлемде әр алуан тақырып бойынша ӛзінде сақтаулы мәліметтерді экран бетінде кӛрсетіп бере алады. Мысалы, берілетін мәліметтер: күнделікті саяси жаңалықтар, медициналық, комерциялық және банкілер саласында қызмет кӛрсету, қашықтан оқытуға арналған электрондық оқулықтар, ғылыми жұмыстар, рефераттар және т.б. күрделі мәліметтер студенттердің кредиттік технология бойынша ӛз бетімен білім алуына үлкен кӛмегін тигізері сӛзсіз.

Кейбір компьютерлер Интернетке тұрақты қосылып, желіге келіп түскен мәліметтер қозғалысын басқарып тұрады. Оларды Интернет серверлері деп атайды.Сервер арқылы Интернетке жеке компьютерлердің қосылуы да мүмкін. Қазіргі кезде қосылуды ұйымдастыратын мекеме – Провайдер деп аталады.Интернетке қосылатын компьютер үшін: пароль, желілік арнайы адрес, телефон нӛмірі және Интернетпен жұмыс істеу тәсілдері айқын болдуы керек.Интернетке қосылудың бірнеше түрлері бар, олар:

§ Провайдермен модемдік қосылу;

§ Бӛлінген арна бойынша қосылу;

§ Интернетке спутниктік ӛту;

§ Ақпаратты ұялы телефон арқылы дестелік жӛнелту технологиясын (GPRS

- General Packet Radio Service) пайдалану.

Интернет – желілердің желісі,ол кӛптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, әлемдегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Интернет желісінің атқаратын негізгі қызмет функциялары 12.2-суретте және 12.3 -суретте кӛрсетілді.

 

 

-сурет. Интернет желісінің қызмет функциялары

 

Windows-тың жұмыс столынан Internet белгішесін екі рет шерткенде, Интернетті бапқа келтіру терезесі кӛрінеді, онда провайдермен келіскен шартбелгілер енгізілсе,


Internet Explorerтерезесі кӛрінеді, бұл Интернетте саяхат жасау үшін қолданылатын,

браузердеп аталатын арнайы бағдарлама.

Браузер(browser) -қарап шығушы, оның атқаратын қызмет түрлері:

3) Гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған, әркімнің таңдауы бойынша мәтіннің, бейненің немесе графиктердің экранда бейнеленуін және олармен байланысқан басқа файлдарды іздестіруді қамтамасыз етедін бағдарлама;

4) Желіде жұмыс істеуге арналған қосымша бағдарламалық жасақтама;

3) Web-беттерін қарап шығуға, құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнатуға, Web – беттерді пішімдеуге, бейнелеуге, Web – беттердің іздестіруін жеделдетуге, т б. арналған бағдарлама.

Браузерді компьютерге орнатпайынша, Интернетпен байланыс орнату мүмкін емес, бағдарлама кӛрсетілген URL-адрес бойынша керекті әріптеспен байланыс орнатуы, бүкіл World Wide Web бойынша керекті Web-бетті іздеуді және келіп түскен ақпаратты ыңғайлы түрде кӛрсетуді қамтамасыз етуі тиіс.

 

INTERNET қызметі

 

-сурет.Интернет желісінің қызмет функциялары

 

Web–сайт –бір тақырып бойыншабіріктірілген және гиперсілтемелер бойынша байланыстырылған Web-беттер жиынтығы, әдетте Web–сайт аты мен адресі жазылған бума түрінде серверде орналастырылып қойылады. Сайтқа Web-беттер енгізу қиын емес.

WWW мәліметтерімен жұмыс істеу үшін браузер, навигатор, кӛрсеткі, шолушы деп аталатын бағдарламалар қолданылады, мысалы:mail.ru, yandex.ru, google.com, rambler.ru, aport.ru, yahoo.com, қазіргі кезде MicrosoftInternetExplorer, NetscapeNavigator тәрізді браузерлер жиі қолданылады. World Wide Web-те ақпарат іздестірудің екі түрлі моделі бар:

§ іздестіру каталогтары, мысалы: www.ru, aport.ru, one.ru, yahoo.com;

§ іздестіру нұсқағыштары,

мысалы: yandex.ru, rambler.ru т.б.

E-Mail -электрондық пошта, бұл электрондық поштаның ағылшынша аталуы, компьютерде хат-хабарларды сақтау, тасымалдау қызмететтерін жылдам орындайды, желі қызметтерінің ішіндегі электрондық мәлімет алмасудың ең негізгісі. Электрондық


пошта кӛмегімен барлық құрылықта тұратын адамдар бір-біріне электрондық хаттар мен файлдар жібере алады.

Бҥкіл Дҥниежҥзілік Ӛрмек -World Wide Web (WWW)    :

ü Internet ішінене керекті ақпаратты іздеп табуға мүмкіндік беретін World Wide Web (WWW) - дүниежүзілік кеңейтілген торап;

ü Мәліметтерді тасымалдау хаттамасы - HTTP (HyperTextTransferProtocol) арқылы жұмыс істейді;

ü Ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML (HyperTextMarkupLanguage) тілі кӛмегімен құрастырылады;

ü Интернет серверлерінен алынатын құжаттар гипермәтіндік формада дайындалған – Web – құжаттар.

UseNetжҥйесі- тармақталған дискуссия клубы, телеконференция, жаңалықтар тобы. Мұның электрондық поштадан айырмашылығы - мәліметті бір адамға ғана емес, бірнеше абоненттер тобына (телеконференциялар) жолдайсыз. Әр түрлі мәселелерді талқылау кезінде конференцияға қатынасушылар тең құқылы болып саналады.

Телеконференциялар.Интернетте      атау      беріліп,      түрлі компьютерлерден таратылатын жаңалықтар тобы Телеконференция деп аталады.

Оны оқуға және жауап беріп, пікір-талас ұйымдастыруға да болады. Әрбір телеконференцияның өзіне сәйкес “Қоймалар” (Хранилище) бөлімінде жиналған мақалалар каталогы болады. Онда мақала авторы, мақала көлемі, мақала тақырыбы, мақаланың инвентарлық нөмірінің аналогы жайында ақпарат сақталады.

Телеконференциялардың электрондық пошта арқылы хат алуға қарағанда екі ӛзгешелігі бар, олар:

- біріншісі – белгілі бір мерзім (әр конференция үшін әртүрлі) ішінде қабылданған мақалалар жинақталып, сақталып отырады да, егер ӛте ескіріп кетсе, онда олар жойылады;

- екіншісі – кейбір телеконференциялар басқарылып отырылады, яғни мұндай конференцияға әрбір абонент тікелей мақаласын жібере алмайды. Ол мақаласын электрондық поштамен сол конференцияның жетекшісіне жӛнелтеді, ал жетекші мақаланы қарап шығып, оны жалпы кӛпшілік оқуы үшін тіркеуге алатынын немесе алмайтынын ӛзі шешеді. Соңғы кездерде желіаралық статусы бар телеконференцияларӛткізілетін болды, олар әртүрлі желілерге байланысқан пайдаланушыларды түгел қатыстыра алады. Телеконференция жұмысы сервердеп аталатын арнайы бағдарлама арқылыұйымдастырылады. Оны іске қосу үшін Internet Explorer терезесінен Жаңалықтар– жаңалықтарды оқу командасын беру керек. Ал сервер телеконференцияға қатысушы әрбір адамды оған керекті барлық сұраныстармен қамтамасыз етуге тырысады: оларды әртүрлі тақырыптағы конференцияларға міндетті түрде қатысатын етіп тіркейді, оларға анықтамалық ақпарат жібереді.


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 686; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!