Негізгі микросхема дегеніміз не? 17 страница



7. Барлық оқыту қызметінің түрлері:

· әлектрондық байланыс тәсілдерін қолдана отырып оқытушының (тьютордың) студентпен (тыңдаушымен) педагогикалық қарым-қатынасы;

· студенттің оқыту құралдарымен ӛзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылады.

Байланыс уақытына кеңестермен қатар барлық бақылау іс-шаралары кіреді: емтихан, зертханалық жұмыстарды, рефераттарды, әсселерді, курстық, есептеу-кестелік жұмыстарды, жобаларды қорғау, қорытынды мемлекеттік атестаттау.

8. Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) ӛзара іс-қимыл. Синхрондық ӛзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық ӛзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың кӛмегімен әлектрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.

Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) – қашықтықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары.

9. Оқу процесін басқару және білім алушыларға дидактикалық материалдарды жеткізіп беру үшін кӛліктік және ақпараттық коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, білімнің әлектрондық банкілері және оқытудың интерактивтік мультимедиалық құралдары қолданылады.

10. Курстарды әзірлеушілер мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың пәндері үшін оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес пәннің мазмұнын ӛз бетінше анықтауы мүмкін.

11. Білім беру ұйымы, телекоммуникациялық және спутниктік байланыс арналары бойынша жіберуге арналған оқу материалдарын,                            басқа да материалдарды, ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттаудың материалдарын дайындау мен кӛбейтуді жүзеге асырады және олармен әрбір оқушыны қамтамасыз етеді.

12. Қашықтықтықтан оқыту нысанын іске асыратын білім беру ұйымдарында электронды ақпараттық-білім беру ресурстары болуы керек.

Қашықтықтан оқыту технологиясы – тіл үйренушілердің мүмкіндіктеріне, ерекшеліктеріне бейімделген ақпарат кӛздерін қамтитын, анықтамалық, машықтандырушы қызметтерін атқаратын, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, тексеру міндеттеріне құрылған оқыту. Деңгейлік тапсырмаларға негізделген қашықтықтан оқыту технологиясы тіл үйренушінің ерекше танымдық белсенділігі мен қызығушылығына құрылған қатысымдық құзыреттілікке жетелейтін тұлғалық, нәтижеге бағдарланған оқыту ортасы болады. Қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы жүзеге асырылатын қайтарымды байланыстың тіл үйренушіге оқу материалдарының бір ізділігін ӛзгертуге не оған бейімделуге мүмкіндік беретін әсері болады. Бүгінгі қоғам сұранысын ескере отырып тіл үйренушілердің қатысымдық құзыреттілігін дамытуда қазіргі ақпараттық технологияларды және деңгейлік тапсырмаларды кіріктірген қашықтықтан оқыту технологиясының қажеттілігі дау тудырмайды.

Қашықтықтан оқыту технологиясындатіл үйренушілердің білімін ӛз таңдаулары бойынша кӛтеруіне мүмкіндік беретін оқыту үдерісі жүзеге асырылады. Бұл ӛздігінен білім алу формаларының бірі ретінде оқытудың ―жеке траекториясын‖ жасақтауға


мүмкіндік береді. Бүгінгі білімнің негізгі шарты үйренушінің жаңаны, ӛзіне қызықтыны, ӛз оқу траекториясын іздеу қажеттілігін қалыптастыру екенін ескерсек, қашықтықтан оқыту технологиясынжоспарлауда басты шарт тіл үйренушінің ӛз бетімен қатысымдық, танымдық, ізденушілік әрекетке ұмтылысын қамтамасыз ету болуы қажет.

Адам ақпараттың 10%-ын оқығанда, 20%-ын тыңдағанда, 30%-ын кӛргенде, 50%-ын кӛріп, естігенде, 70%-ын талқылағанда, және 90%-ын ӛзі орындаған кезде меңгеретінін ескерсек, компьютердің кӛмегімен аудио-бейне әсерлермен берілген, ӛз еріктерімен, ӛз күштерімен қол жеткізген білімдік ақпараттың үйренуші үшін маңыздылығы да жоғары болады, тұрақты жадында ұзақ сақталады. Бұл жӛнінде зерттеуші ғалымдар ӛз бетімен, ӛз күшімен қол жеткізген ақиқаттың танымдық құндылығы ерекше болатындығын атап кӛрсетеді. Соған байланысты оқушылардың үнемі жауап беруін, қайтарымды байланыста болуларын талап етіп отыратын интерактивті оқу құралдарын оқу үдерісіне енгізу үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

Қашықтықтан оқыту технологиясын құруда ескерілетін дидактикалық талаптар:

- Ғылыми-әдістемелік берік тұғырнамасының болуы;

- Технология талаптарына сай болуы;

- Деңгейлерге сәйкес лайықталып, іріктелген материалдарды қамтуы;

- Қашықтықтан басқару арқылы оқыту үдерісін жаңартып-жаңғыртып отыру мүмкіндігінің болуы;

Қашықтықтан оқыту технологиясын құруда ескерілетін техникалық талаптар:

- Тұтынушыларды орталықтан басқару, бақылау мүмкіндігі;

- Желілік ресурстарға тиімді қол жеткізу мүмкіндігі;

- Бағдарламалық-әдістемелік жағынан қамтамасыз етудің дидактикалық ұстанымдарға негізделген жоғары сапасы;

- Кең кӛп функционалдылық пен технологиялық ұтқырлық;

- Тұтынушылардың түрлі талаптарына жылдам жауап бере алатын бейімділігі;

- Тұтынушылардың ӛздеріне ыңғайлы, рационалды уақытта ұйымдастырылатын


үдеріс;


 

- Тікелей тұлға аралық қарым-қатынас, мықты қайтарымды байланыс;

- Үйренушілердің білім деңгейін анықтауды компьютерлік жолмен


автоматтандыру;

- Объективті бағалау жүйесі, статистикалық талдау.


Тәжірибелік сабақ-6.Бітіруші түлектердің кәсіби қызметтерінің негізгі бағыттары. Бітіруші мамандар жұмыс істейтін мекемелер, салалар және құрылымдар. Нақты аймақтағы қызмет ерекшеліктері мен қыр-сыры.

5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз етумамандығында оқып, студенттер адамның әртүрлі қызмет облыстарында ақпаратты ӛңдеу және басқарудыњ компьютерлік жүйелерін жасауға бағытталған терең білім және құралдардың қолдану дағдыларына, тәсілдеріне және әдістеріне үйренеді.

Кәсіпшілік қызметтің объектілері

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықты бітірушілерінің:

· есептеуiш техника құралдарын және ақпараттық жүйелердi (бағдарламалар, бағдарламалық кешендер және жүйелер) бағдарламалық қамтамасыз етуiн ӛңдеу және бақылап отыру;

· ақпаратты ӛңдеуi және барлық деңгейлердi басқарудың есептеуiш жүйелерiнiң әкiмдiк етуi;

· барлық деңгейлердi автоматтандырудың жүйелерiмен басқару;

· есептеу машинасын, кешендерін, жүйелерді және желiлердi жӛндеу және қызмет кӛрсету.

Бітірушілердің академиялық дәрижесі бакалавр - жҥйетехнигі

Бітірушілердің мамандығы – бакалавр—есептеуіш техника және бағдарламалау.

Бакалавр адамның әртүрлі қызмет облыстарында ақпаратты ӛңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелерін жасауға бағытталған терең білім және құралдардың қолдану дағдыларына, тәсілдеріне және әдістеріне ие болады.

5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының тҥлектері келесі лауазым бойынша жҧмыс істей алады:

- жоғары білікті маман категориясыз;

- жоғары білікті маман екінші категориялы;

- жоғары білікті маман бірінші категориялы;

Кәсіпшілік қызметтің тҥрлері:

· барлық компьютерлік жүйелердің түрлерін жӛндеу

· жобалы-конструкторлық;

· ӛндірісті – технологиялық;

· тәжірибелі – зерттемелік;

· ұйымды – басқарулық.

 

Болашақ кәсіби қызметтің бағыты:

- Деректер қорына қызмет кӛрсету мен құрастыру және ақпараттық-іздеу жұмыстары үшін бағдарламалар әзірлеу;

- Ғылыми және экономикалық тапсырмаларды шешу үшін бағдарлама құру;

- Ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты ДК стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуін және басқа қызмет түрлерін қолдану.

Болашақ кәсіби қызметтің салалары


Мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда мен ұйымдарда есептеу техникасын нығайту және қолдану бітірушілердің кәсіпкерлік қызметтік саласы болады. Сонымен қатар біздің түлектер Қазақстандық кәсіпорындарда жүргізуші маман болып, бұл – АҚ

«Қазақтелеком», АҚ «Қазақстан алюминийі», АҚ «ПМХЗ», АҚ ТНК «Казхром», ЖШС

«Кастинг» және т.б. жұмыс істейді.

 

- банктік және биржалық компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу мен қызмет кӛрсету;

- ӛндірісті басқару мен жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін құрай отырып, тұтастай сала мен жекелеген мекемелерді басқару;

- ақпараттық анықтамалық жүйелер мен кӛпшілік қызмет кӛрсету жүйелеріне кәсіпорындар мен мекемелерде қызмет кӛрсету мен әзірлеу;

- компьютерлер мен ұйымдастыру техникасын диагностикалау мен жӛндеу бойынша сервис орталығын басқару.


Тәжірибелік сабақ-7.Ақпарат, мәлімет, информатика, ақпараттық технология. Ақпаратты ӛңдеудің автоматтандырылған жүйесі мен технологиясы.Қоғамды ақпараттандырудағы ақпараттық технологияның ролі. Информатиканың іргелі ғылым ретінде қалыптасуы.

 

«Ақпарат»термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның іnfоrтаtіоп сӛзінен шыққан, дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Ақпаратты біз ауызша естиміз, жазбаша түрде оқимыз, қимыл не қозғалыс түрінде кӛреміз. Кез келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткіземіз. Қарапайым түрде айтқанда, ақпарат - белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.Ақпарат құралдары арқылы берілетін хабарлар мен ғылыми-техникалық жаңалықтар да ақпарат түрлерінің бірі.

Қоғам ӛмірінің сандық заңдылығын бейнелейтін статистикалық ақпарат ӛте күрделі. Онымен айналысатын арнайы ұйымдардың жыл сайын немесе тоқсан сайын дайындаған ақпаратын басшылыққа алмай, ел экономикасын ғылыми түрде басқаруды ұйымдастыру мүмкін болмас еді. Ұшу траекториясына әсер ететін бүкіләлемдік тартылыс заңын, денеге үйкеліс әсерін және т.б. қажетті ақпаратты білмей, ғарыш кемесін ұшыруға болмайтыны да белгілі.

Ақпаратты сандық, мәтіндік, кесте, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, магниттік жазба сияқты түрлі түрде кӛрсетіп, жинастыруға болады.

Ақпараттың қасиеттері.Ақпарат компьютерде ӛңделу үші дәл, нақты, түсінікті, толық, тиімді болуы тиіс.

 

· дәлділігі; · толықтылығы; · бағалылығы; · қажеттілігі; · тҥсініктілігі; · тиімділігі; · анықтылылығы; · және т.б.

Ақпарат мәселенің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және оған байланысты дұрыс емес шешім қабылдауға әкеліп соғады. Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың бағалылығы оның берілу жолдарында, кейбір ақпарат сізді қуандырады, кейбіреуі ренжітеді, кейбіреуінде тек фактілер баяндалады. Тіпті, хабардың берілу ырғағына, адамның мимикасына, қол сілтеу ретіне қарай ақпарат әр түрлі бағаға ие болады. Егер ақпарат толық, обьективті, пайдалы, дәл болса, ол сонша бағалыболады.

Ақпаратты ӛңдеу.Ақпаратты ӛңдеу деп бір ақпарат негізінде жаңа ақпарат алуды айтады.

Ақпараттық қорлар— ақпараттық жүйелердегі ӛздеріне сәйкес программалық жабдықтармен біріктірілген және ақпаратты тұтынушылар үшін қызықты болып табылатын жүйеленген электрондық ақпарат. Бұл кітаптар, статья, патенттер, диссертациялар, ғылыми құжаттар, техникалық аудармалар, т.б.

Кӛп салалы халық шаруашылығының күн санап ӛркендеуіне байланысты түрлі ақпаратты жинастыру, ӛңдеу, сақтау және оларды тұтынушыларға тез жеткізіп беру процестері, яғни ақпараттық процесстер,үлкен кӛлемді, әрі маңызды жұмыстардың бірі болып отыр. Осындай жұмыстарға электронды-есептеуіш машиналарын пайдалану

- оларды орындаудың шапшаңдығын күрт арттыруға мүмкіндік туғызуда. Ақпаратпен тӛмендегідей ақпараттық процестерді орындауға болады:


· қҧру; · беру; · қабылдау; · ӛңдеу; · есте сақтау; · жіберу; · дайындау; · жеткізу; · тҥрлендіру; · комбинациялау; · алу; · бӛліктерге бӛлу; · жинау; · сақтау; · іздеу; · ӛлшеу; · тарату · кӛшіру

 

 

Ақпарат тҥрлеріекіге бӛлінеді – ҥзіліссіз(аналогты)және дискретті(цифрлық).Ақпараттың қабылдаушыға жетуі үшін ақпаратты тасушы қажет. Тасушы арқылы берілетін ақпаратты сигналдеп атаймыз. Ақпаратты жіберу процессін сигнал параметрлерідеп аталады. Сигнал параметрлері белгілі бір уақыт ішінде реттелген болса (олар нӛмірленуі мүмкін), сигнал дискреттікболады, ал осындай сигналдармен жіберілетін ақпарат – дискреттік ақпаратдеп аталады. Ал егер ақпарат кӛзінен үзіліссіз ақпарат шығып жатса (сәйкесінше сигнал параметрі –үзіліссіз функция болса), ҥзіліссіз ақпаратдеп аталады.

ЭЕМ-ді компьютер деп, ал автоматты құрылғының немесе адамның ӛңдеуіне бейімделіп қолайлы дайындалған сандық, символдық, мәтіндік, т.б. ақпаратты деректернемесе берілген мәліметтердеп атайды.

Информатика – ақпарат қасиеттерін, оның кӛрсетілуі мен автоматты түрде ӛңдеу әдістерін зерттейтін және Интернет жүйесін пайдаланатын кешенді ғылым.

ЭЕМ-нің техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып, ақпаратты жинақтау, ӛңдеу және оны пайдаланушыларға жеткізіп беру тәсілдерін ақпараттық технологиядеп атайды.

Жаңа ақпараттық технологиялардепдербес компьютерлердің кӛмегімен, әсіресе олардың желілері арқылы ақпаратты дайындау, жинау, жеткізу және ӛңдеу технологияларын айтады. Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуын интернет желісінсіз, электрондық поштасыз кӛзге елестету мүмкін емес.


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 411; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!