Негізгі микросхема дегеніміз не? 12 страница
Деректерді ӛткізу моделі – OSI деп аталады, желі бойынша OSI моделін ӛткізудің 7 түрлі деңгейі бар. Транспорттық-желілік деңгейдің интерфейсі OSI деректерді ӛткізу моделі TCP/IP базалық протоколды суреттейді, арналық деңгейінде ақпарат кадр түрінде беріледі, қолданбалы деңгейде ақпарат хабарлама түрінде беріледі.
Желі тҥрлері.Компьютерлік желілер жергілікті, аймақтық және ауқымды болып түрлі түрге бӛлінеді.
1. Жергілікті желі(LAN - Local Area Network) – бір бірімен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер. Олар мекеме ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы компьютерлерді бір-бірімен және сервермен (қуатты бас компьютер) байланыстырады. Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы бағдарламаларды және принтер, факс тәрізді сыртқы құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір компьютер желі түйіні немесе жҧмыс станциясыдеп аталады Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір- бірімен ӛте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Біррангті желі - ерекшеленген сервері жоқ, барлық ЭЕМ-дердің қатынас құқықтары бірдей желілер.
2. Аймақтық таратылған желілер(АТЖ) – WAN (Wide Area Network – широкомасштабная сеть). АТЖ – жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды ӛте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқарыла алады. Ол үшін модем немесе жоғарғы жылдамдықты сандық желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет кӛрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады.
|
|
АТЖ-дің кӛмегімен электрондық пошта арқылы мәліметтер қабылдау- жӛнелтуге, Интернетпен байланысуға болады.
3. Қалалық масштабтағы желі – MAN (Metropolitan Area Network);
4. Ауқымды (глобальдық) желі – GAN(Global Area Network) – бұған желілердің желісі болып келетін Интернет желісі жатады. Интернеттің артықшылығы – ол түрлі кӛлемде әр алуан тақырып бойынша ӛзінде сақтаулы мәліметтерді экран бетінде кӛрсетіп бере алады. Мысалы, берілетін мәліметтер: күнделікті саяси жаңалықтар, медициналық, комерциялық және банкілер саласында қызмет кӛрсету, қашықтан оқытуға арналған электрондық оқулықтар, ғылыми жұмыстар, рефераттар және т.б. күрделі мәліметтер студенттердің кредиттік технология бойынша ӛз бетімен білім алуына үлкен кӛмегін тигізері сӛзсіз.
|
|
Кейбір компьютерлер Интернетке тұрақты қосылып, желіге келіп түскен мәліметтер қозғалысын басқарып тұрады. Оларды Интернет серверлері деп атайды.Сервер арқылы Интернетке жеке компьютерлердің қосылуы да мүмкін. Қазіргі кезде қосылуды ұйымдастыратын мекеме – Провайдер деп аталады.Интернетке қосылатын компьютер үшін: пароль, желілік арнайы адрес, телефон нӛмірі және Интернетпен жұмыс істеу тәсілдері айқын болдуы керек.Интернетке қосылудың бірнеше түрлері бар, олар:
§ Провайдермен модемдік қосылу;
§ Бӛлінген арна бойынша қосылу;
§ Интернетке спутниктік ӛту;
§ Ақпаратты ұялы телефон арқылы дестелік жӛнелту технологиясын (GPRS
- General Packet Radio Service) пайдалану.
Интернет – желілердің желісі,ол кӛптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, әлемдегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Интернет желісінің атқаратын негізгі қызмет функциялары 12.2-суретте және 12.3 -суретте кӛрсетілді.
-сурет. Интернет желісінің қызмет функциялары
Windows-тың жұмыс столынан Internet белгішесін екі рет шерткенде, Интернетті бапқа келтіру терезесі кӛрінеді, онда провайдермен келіскен шартбелгілер енгізілсе,
|
|
Internet Explorerтерезесі кӛрінеді, бұл Интернетте саяхат жасау үшін қолданылатын,
браузердеп аталатын арнайы бағдарлама.
Браузер(browser) -қарап шығушы, оның атқаратын қызмет түрлері:
1) Гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған, әркімнің таңдауы бойынша мәтіннің, бейненің немесе графиктердің экранда бейнеленуін және олармен байланысқан басқа файлдарды іздестіруді қамтамасыз етедін бағдарлама;
2) Желіде жұмыс істеуге арналған қосымша бағдарламалық жасақтама;
3) Web-беттерін қарап шығуға, құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнатуға, Web – беттерді пішімдеуге, бейнелеуге, Web – беттердің іздестіруін жеделдетуге, т б. арналған бағдарлама.
Браузерді компьютерге орнатпайынша, Интернетпен байланыс орнату мүмкін емес, бағдарлама кӛрсетілген URL-адрес бойынша керекті әріптеспен байланыс орнатуы, бүкіл World Wide Web бойынша керекті Web-бетті іздеуді және келіп түскен ақпаратты ыңғайлы түрде кӛрсетуді қамтамасыз етуі тиіс.
|
|
INTERNET қызметі
-сурет.Интернет желісінің қызмет функциялары
Web–сайт –бір тақырып бойыншабіріктірілген және гиперсілтемелер бойынша байланыстырылған Web-беттер жиынтығы, әдетте Web–сайт аты мен адресі жазылған бума түрінде серверде орналастырылып қойылады. Сайтқа Web-беттер енгізу қиын емес.
WWW мәліметтерімен жұмыс істеу үшін браузер, навигатор, кӛрсеткі, шолушы деп аталатын бағдарламалар қолданылады, мысалы:mail.ru, yandex.ru, google.com, rambler.ru, aport.ru, yahoo.com, қазіргі кезде MicrosoftInternetExplorer, NetscapeNavigator тәрізді браузерлер жиі қолданылады. World Wide Web-те ақпарат іздестірудің екі түрлі моделі бар:
§ іздестіру каталогтары, мысалы: www.ru, aport.ru, one.ru, yahoo.com;
§ іздестіру нұсқағыштары,
мысалы: yandex.ru, rambler.ru т.б.
E-Mail -электрондық пошта, бұл электрондық поштаның ағылшынша аталуы, компьютерде хат-хабарларды сақтау, тасымалдау қызмететтерін жылдам орындайды, желі қызметтерінің ішіндегі электрондық мәлімет алмасудың ең негізгісі. Электрондық
пошта кӛмегімен барлық құрылықта тұратын адамдар бір-біріне электрондық хаттар мен файлдар жібере алады.
Бҥкіл Дҥниежҥзілік Ӛрмек -World Wide Web (WWW) :
ü Internet ішінене керекті ақпаратты іздеп табуға мүмкіндік беретін World Wide Web (WWW) - дүниежүзілік кеңейтілген торап;
ü Мәліметтерді тасымалдау хаттамасы - HTTP (HyperTextTransferProtocol) арқылы жұмыс істейді;
ü Ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML (HyperTextMarkupLanguage) тілі кӛмегімен құрастырылады;
ü Интернет серверлерінен алынатын құжаттар гипермәтіндік формада дайындалған – Web – құжаттар.
UseNetжҥйесі- тармақталған дискуссия клубы, телеконференция, жаңалықтар тобы. Мұның электрондық поштадан айырмашылығы - мәліметті бір адамға ғана емес, бірнеше абоненттер тобына (телеконференциялар) жолдайсыз. Әр түрлі мәселелерді талқылау кезінде конференцияға қатынасушылар тең құқылы болып саналады.
Телеконференциялар.Интернетте атау беріліп, түрлі компьютерлерден таратылатын жаңалықтар тобы Телеконференция деп аталады.
Оны оқуға және жауап беріп, пікір-талас ҧйымдастыруға да болады. Әрбір телеконференцияның ӛзіне сәйкес “Қоймалар” (Хранилище) бӛлімінде жиналған мақалалар каталогы болады. Онда мақала авторы, мақала кӛлемі, мақала тақырыбы, мақаланың инвентарлық нӛмірінің аналогы жайында ақпарат сақталады.
Телеконференциялардың электрондық пошта арқылы хат алуға қарағанда екі ӛзгешелігі бар, олар:
- біріншісі – белгілі бір мерзім (әр конференция үшін әртүрлі) ішінде қабылданған мақалалар жинақталып, сақталып отырады да, егер ӛте ескіріп кетсе, онда олар жойылады;
- екіншісі – кейбір телеконференциялар басқарылып отырылады, яғни мұндай конференцияға әрбір абонент тікелей мақаласын жібере алмайды. Ол мақаласын электрондық поштамен сол конференцияның жетекшісіне жӛнелтеді, ал жетекші мақаланы қарап шығып, оны жалпы кӛпшілік оқуы үшін тіркеуге алатынын немесе алмайтынын ӛзі шешеді. Соңғы кездерде желіаралық статусы бар телеконференцияларӛткізілетін болды, олар әртүрлі желілерге байланысқан пайдаланушыларды түгел қатыстыра алады. Телеконференция жұмысы сервердеп аталатын арнайы бағдарлама арқылыұйымдастырылады. Оны іске қосу үшін Internet Explorer терезесінен Жаңалықтар– жаңалықтарды оқу командасын беру керек. Ал сервер телеконференцияға қатысушы әрбір адамды оған керекті барлық сұраныстармен қамтамасыз етуге тырысады: оларды әртүрлі тақырыптағы конференцияларға міндетті түрде қатысатын етіп тіркейді, оларға анықтамалық ақпарат жібереді.
Егер сервис-провайдер UseNet телеконференцияларына қосылуына мүмкіндік берсе, тұтынушы NNTP (NetworkNewsTransportProtocol - Тораптық Ақпаратты тарату хаттамасы) хаттамасымен қуатталатын телеконференциялармен жұмыс істеп, хабарлар жаза алады.
IСQ (Iseekyou - мен сені іздеймін) - желі тұтынушыларына нақты уақыт кезеңінде (масштабында) хат-хабарламалар араласып, бірден чат (chat-әңгіме) құрып, файл жіберіп, әңгімелесуге мүмкіндік беретін қызмет.
IRC(Internet Relay Chat) - нақты уақыт кезінде телеконференция ӛткізудің бір түрі, тұтынушылардың бір-бірімен әңгіме-дүкен құруға болатын қызметі. IRC-
серверлері мен IRC- клиенттері кӛмегімен бір-бірімен «виртуальді» әңгіме ӛткізуді пернетақтада сӛздерді теру арқылы жүргізіледі.
IP-телефония -Интернетте телефондағы дауыс арқылы алмасуды ӛте тиімді деп айтуға болмас, бұл TCP/ІР хаттамалары негізінде электрондық мәлімет алмасудың жеке бір түрі ғана. Адамның дауысы сандық файлға түрлендіріледі де, желідегі қарапайым мәліметтер дестетері тәрізді түрде тасымалданады.
Чат - әңгімелесу -Интернеттің onlineрежимінде тікелей сұхбаттасу.
12.2 Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері
Интернеттің артықшылықтары:
· Қарым-қатынас- кӛптеген адамдармен пошталар, форумдар, чаттар, және конференциялар арқылы қатынас жасай алады, және де жеке дара сұхбаттасуға болады. Бір идеямен, қызығушылықтарымен ортақтасқан адамдар клуб құрып, қарым-қатынас жасай алады;
· Электрондық пошта– кәдімгі пошталарға қарағанда электрондық пошта тез (хатты жер шарының басқа түпкіріне жеткізуге бірнеше сағат жеткілікті) және арзан. Хатқа әр түрлі файл енгізуге болады;
· Бағдарламалар -Интернетте тегін бағдарламалардың жаңа түрлері кӛрсетіледі немесе ақылы дэмо-бағдарламалық тақшалардың жаңа түрлері шығарылады;
· Жаңалықтар- әрдайым пошталық таратулар жүріп отырады, сол сияқты жаңалықтар сайтына кіріп, әлемдегі соңғы жаңалықтарды білуге болады;
· Музыка және графика- ӛте тығыздалған форматтағы МР3пайда болғалы, желіге әр-түрлі группалардың әндерін енгізу мүмкін болды. Формат JPEGжелісі арқылы кӛптеген үлкен және түсті, жоғарғы сапалы кескін тасымалдауға мүмкіндік береді;
· Тегін хостинг- әрбір желі тұтынушысы ӛзінің сайтын аша алады, тегін немесе ақылы серверде және ӛзінің қажетті жұмысының, жобасының алға жылжуымен айналыса алады. Әрине ол заңға қайшыкелмесе,олай болмаған жағдайда сайтын жояды.
Интернеттің кемшіліктері:
· Белгілі бір бақылауда болмауы- Интернетте белгілі бір шектеулер болмайды. Сондықтан кейбір адамдар желіні заңсыз іс-әрекеттерге қолданады, мысалы: порнографиялық сайттардың болуы, сайттар мен желілерге бұзып кіру т.б.;
· Ақпараттың реттелмеуі- Желіде ӛте кӛп ақпарат бар. Бірақ кейде ӛзіңе керек ақпаратты табу үшін бірнеше сағат қажет болады, ӛйткені ондағы ақпарат реттелмей орналасады.
· Жарнамалар - Интернет жарнамалары анимацияланған баннерлер
(мультфильм тәрізді) түрінде орналастырады, бұлар желі жұмысын баяулатады.
· Вирустардан қорғану мҥмкінділігінің тӛменділігі –желідегі кӛптеген вирустардан, яғни бағдарламалардағы, сол сияқтыMS Office дестесінің - *.doc, *.xls,
*.mdb ... типті құжаттар арқылы келетін вирустардан абай болу керек, оларды антивирустық бағдарламалар арқылы тексеріп отыру қажет.
Сервер қауіпсіздігі.Нашар басқарылатын Web–сервер жүйенің қауіпсіздік жұмысының бұзылуына себеп болуы мүмкін. Мысалы: тӛменгі деңгейде жазылған CGI-сценарий, жаман пиғылдағылардың жүйеге енуіне мүмкіндік беруі мүмкін, мұндай жағдайларды тоқтату үшін, Web–сервер Администраторы серверді басқару ісіне мұқият қарап, жауап беруге тиіс.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ
5В070300–«Ақпараттық жҥйелер» мамандығына арналған ТК МК 1202 - «Мамандыққа кіріспе»пәні бойынша
Тәжірибелік сабақтардың орындалуына арналған әдістемелік нҧсқаулық
Алматы, 2017 ж.
Тәжірибелік сабақ-1.Университеттің ұйымдастыру бӛлімшелері. Студенттің ӛзін ӛзі басқару қызметі. Студенттің құқықтары мен міндеттері.
Студенттің ӛзін –ӛзі басқару – Қазақстан республикасының мемлекеттік жас саясатының пішіндерінен, жастардың мақсаттары, студенттің қоғамдық қозғалысының консолидация, қоғамды ең толық игерушілігі, студент мәселесінің шешімдері, әлеуметтік-экономикалық ӛзгеріс; факультет студенттерідің бірлескен шешімі ,бойынша студенттің ӛмірінің сапасының кӛтермелеуі болып табылады. Бүгінгі таңда студенттің ӛзін-ӛзі басқару, студент белсенділерінің қатысуы бойынша басқара алады.
Сондықтанда, студенттер ӛздерінің жауапкершіліктерін сезіне білуі және алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруы тиіс, ал жоғарғы оқу орындарының міндеттері сапалы білім мен үлгілі тәлім-тәрбие беру және студент жатақхасында қолайлы жағдай жасаулары тиіс.
Студенттің ӛзін-ӛзі басқаруы арқылы қоғамға белсенді араласа отырып, азаматтық тәрбиені түсінуі тиіс.
Студенттің ӛзін-ӛзі басқарудың негізгі мақсаты Қазақстан дамуының стратегиясын жүзеге асыруға белсене араласу болып табылады.
Студенттің ӛзін-ӛзі басқару қҧқықтары мен міндеттері:
· студент жастарының әлеуметтік және мәдени мүддесін қорғау;
Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 547; Мы поможем в написании вашей работы! |
Мы поможем в написании ваших работ!