Негізгі микросхема дегеніміз не? 15 страница
6) академиялық деңгей (Degree)– қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша, тиісті оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже;
7) академиялық сағат- кесте бойынша оқу сабақтардың (аудиториялық жұмыс) барлық түрлерi немесе жеке бекiтiлген графика бойынша білім алушылардың
оқытушымен байланыс жұмысының уақыты;
8) белсенді ҥлестірмелі материалдар (КҤМ) (Hand-оuts)- білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын кӛрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, ӛз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);
9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Eхamination)- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің игеру дәрежесін немесе кӛлемін анықтау мақсатында ӛткізілетін рәсім;
10) білім алушыларды аралық аттестаттау- білім алушының емтихан сессиясы кезеңінде бір пәннің толық кӛлемін немесе бір бӛлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында ӛткізілетін рәсім;
11) білім алушылардың ӛзіндік жҧмыстары (бҧдан әрі - БӚЖ)- ӛз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің ӛзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӚЖ), магистранттың ӛзіндік жұмыстары (бұдан әрі - МӚЖ) және докторанттың ӛзіндік жұмыстары (бұдан әрі - ДӚЖ) болып бӛлінеді; БӚЖ-дің барлық кӛлемі білім алушылардан күнсайын ӛзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады;
|
|
12) білім алушылардың оқудағы жетістігі- білім алушылардың оқу үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін кӛрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті;
13) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау- жоғары оқу орындары дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі нысандары арқылы (ағымдық, межелік, қорытынды) білім алушылардың білім деңгейін тексеру;
|
|
14) білім алушылардың ҥлгеріміне ағымдық бақылау– академиялық кезең ішінде, оқытушымен ӛткізілетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;
15) екі дипломдық білім– екі тең бағалы диплом (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом (Major Minor) алу мақсатында екі оқу жоспары (білім беру бағдарламалары) бойынша параллельді білім алу мүмкіндігі;
16) Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік жинақтау жҥйесі (ECTS)- білім беру траекториясы, оқу орны және оқыту елі ауысқан жағдайда білім алушылардың игерген оқу пәндерін (кредит мен бағаларын қоса алғанда) салыстыру және қайта сынақтан ӛткізуде пайдаланылатын білім беру бағдарламалары компоненттеріне сынақ бірліктерін (несие) белгілеу әдісі;
17) жеке оқу жоспары- білім алушымен ҮОЖ және элективті пәндердің каталогы негізінде эдвайзердің кӛмегімен әрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу жоспары;
|
|
18) кредит (Credit, Credit-hour)– білім алушының/оқытушының оқу жұмысы кӛлемін ӛлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;
19) кредиттік оқыту технологиясы- білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы кӛлемінің біріздендірілген ӛлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту;
20) қорытынды бақылау– емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде жүргізілген оқу пәні бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын игеру, білім алушылардың оқудағы жетістігін бақылау; егер бірнеше академиялық кезеңдер барысында пәндер оқытылатын болса, онда оқытылған нақты академиялық кезеңде, пәндерге бӛлімдер бойынша, қорытынды бақылау жүргізіледі;
21) межелік бақылау –бір оқу пәнінің ірі бӛлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;
|
|
22) оқу пәнiне жазылу (Enrollment)– білім алушылардың оқу пәніне белгілі бір тәртіппен алдын ала жазу рәсімі;
23) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жҥйесі- халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі;
24) тіркеу Офисі- білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет;
25) оқытушының басшылығымен жҥргізілетін білім алушының ӛзіндік жҧмысы (бҧдан әрі - ОБӚЖ)– бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің ӛзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӚЖ), оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың ӛзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОМӚЖ) және оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың ӛзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОДӚЖ) болып бӛлінеді;
26) оқу ҥлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА)– (ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;
27) оқу жҧмыс жоспары(бұдан әрі - ОЖЖ) - мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат;
28) пәннің сипаттамасы (Curse Description)- пәннің мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сӛйлемнен тұрады);
29) пререквизиттер (Рrereguisite)- оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер;
30) постреквизиттер (Роstreguisite)- аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер;
31) пәндер бағдарламасы (Syllаbus)- оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы мен ұзақтығын, ӛзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау ӛлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімі;
32) транскрипт (Тrаnsсrірt)– білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары кӛрсетілген тиісті кезеңде ӛтілген пәндердің тізбесі бар құжат;
33) тьютор– студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рӛлін атқаратын оқытушы;
34) ҥлгілік оқу жоспары(бұдан әрі - ҮОЖ) - білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының оқу пәндерінің тізбесі мен кӛлемін, оларды оқытудың тәртібін және бақылау нысандарын реттейтін құжат;
35) элективтік пәндер– белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын кӛрсететін әлеуметтiк-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты ӛңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда болатын қажеттiліктерін есепке алатын компонентке кiретiн оқу пәндерi.
36) эдвайзер (Аdvisor)- тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;
Эдвайзер-куратордың атқаратын міндеттері
1.
Эдвайзер-куратор – тиісті мамандық бойынша білім алушының тәлімгері ретінде оқыту траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын қалыптастыруға), оқу барысында білім беру бағдарламасын игеруге ықпал жасайтын және университетте мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын оқытушы.
2.
Эдвайзер-куратор білім алушының академиялық мүддесін қорғайды және оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті ақпараттық материалдарды даярлап, білім алушыға жеткізеді. Оның жеке оқу жоспарын жасауға және түзетуге кӛмектеседі.
3.
Академиялық топтың эдвайзер-кураторлығына кемінде 2 жылдық еңбек ӛтілі бар оқытушы тағайындалады. Эдвайзер-кураторларды уақтылы тағайындау жауапкершілігі декандарға жүктеледі.
4.
Тіркеу кезінде эдвайзер-куратор ұйымдық-әдістемелік және кеңес беру жұмысын атқарады.
5.
Эдвайзер-куратор жұмыс оқу жоспары және пәндер каталогымен жұмыс жасау негізінде, білім алушыға пәндерді және оқытушыларды таңдауға кӛмектеседі.
6.
Эдвайзер-куратор болашақ мансап мәселесін шешуде, ғылыми зерттеулердің бағытын анықтауда, ғылыми жетекші мен біліктілік жұмыстарының тақырыбын таңдауда, кәсіптік тәжірибе ӛту базасын анықтауда кеңес бере алады.
7.
Эдвайзер-куратор бүкіл оқыту мерзімінде білім алушыларға жетекшілік жасайды.
8.
Курстың, факультеттің ерекшелігін және академиялық топтың мүдделерін қарастыра отырып, осы Ережемен және қолданыстағы нормативтік-нұсқаулық құжаттарымен белгіленген мәселелер бойынша ӛзіне бекітілген білім алушылармен жеке және ұжымдық кездесулер ескерілген жұмыс жоспарын жасайды.
9.
Білім беру бағдарламасын меңгеруге және білім алу траекториясын жасауға кӛмектеседі.
10.
Білім алушыларға жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) жасауға кӛмектеседі. Қажет болған жағдайда, білім алушының жеке оқу жоспарына ӛзгерістер еңгізуге кӛмектеседі.
11.
Бекітілген білім алушылардың үлгеріміне бақылау жүргізеді, тіркеу бӛліміндегі ӛз факультетінің тіркеушісімен тікелей жұмыс атқарады. Білім алушылардың паспорттарын жүргізеді.
12.
Білім алушының ЖОЖ-на енгізілген арнаулы пәндер шеңберінде эдвайзер-куратордың тиісті ғылыми ой-ӛрісі болуы қажет. Ол корпоративтік және кәсіптік этика ережелерін басшылыққа ала отырып, ПОҚ және білім алушылармен қарым-қатынас орнатып, ӛз жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауы керек.
13.
Білім алушылардың бекітілген жеке оқу жоспарларын орындауына жауапты.
14.
Академиялық үлгерімді жақсарту, тәртіп және сабаққа қатысу, унивеситеттің қоғамдық жұмыстарына қатысуға ынталандыру және т.б. мәселелер бойынша ӛзіне бекітілген білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізеді.
15.
Эдвайзер-куратор студенттердің талап-тілектерін, ішкі реттілік пен оқу тәртібінің бұзылу фактілерін кафедраға, деканатқа және университеттің қоғамдық ұйымдарына жеткізіп отырады.
16.
Ӛз жұмысы туралы кафедра мәжілісінде жыл сайын есеп береді.
17.
Эдвайзердің кеңес беру қызметіне:
·
білім алушыларды білім беру үдерісін ұйымдастыру ережелерімен таныстыру;
·
білім алушылардың басымдылықтарын, бейімділік пен мүмкін-шіліктерін анықтау;
·
типтік, жұмыс оқу жоспарлары және элективтік пәндер каталогімен, міндетті және таңдалмалы пәндер тізімін жасау талаптарымен, курстың пререквизиттері мен постреквизиттерімен таныстыру;
·
білім берудің несиелік технологиясының жұмыс істеу және жүзеге асу негіздерін, еңбекшығын кӛлемін есептеуді бірегей бағалау ретіндегі несиелерді анықтау және оларды игеру тәсілдерін түсіндіру жатады.
18.Эдвайзер-куратор:
· барлық пәндер бойынша ағымдағы, аралық, және қорытынды бақылау жүргізу ережелерінің сақталуын тексеруге;
·
білім алушылардың академиялық жағдайы мен үлгеріміне қатысты мәселелерді қарайтын комиссиялардың (кеңестердің) жұмысына қатысуға;
·
ӛзіне бекітілген білім алушылардың үлгерімін қадағалауға;
·
университет әкімшілігінің немесе қоғамдық ұйымдардың оқу тобындағы студенттің дербес ісі бойынша шешімін жасауға қатысуға;
·
университетте тәрбие жұмыстарының инновациялық түрлері мен әдістерін қолдану жӛнінде ұсыныстар енгізуге құқылы
Тәжірибелік сабақ-3.Оқудың формалары мен түрлері. Оқу процесінің негізгі этаптары.
Оқу формалары
1. Оқу формасы түсінігі
2. Оқу формаларының қалыптасуы мен жетіліп баруы
3. Оқу процесін ұйымдастыру формалары
4. Оқу түрлері
1. Оқу формасы түсінігі
Студенттердің білім мазмұнын игеру іс-әрекеттері әр түрлі формада жүзеге асады. Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады: 1) оқу формасы;
2. Оқу-ұйымдастыру формасы.
Оқу тәжірибесінде келесідей оқу формалары қалыптасқан: жеке-дара, топтық, ұжымдық, жұптастық, дәрісханалық және дәрісханадан тыс.
Жеке-дара оқу формасы оқытушының бір студентпен педагогикалық қатынасқа келуінен құралады.
Оқудың топтық формасында оқушылар әр түрлі мақсатқа орайласқан топтарда оқиды, тәрбиеленеді.
Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 456; Мы поможем в написании вашей работы! |
Мы поможем в написании ваших работ!