Негізгі микросхема дегеніміз не? 13 страница



· халықтар бірлігі идеясын студенттер арасында насихаттау;

· қоғамдық жұмыстарға, университеттің мәдени іс-шараларына белсене араласу;

· салауатты ӛмір салтын жастар арасында дамыту;

· республика және халықаралық жастар ұйымдарымен ынтымақтастықты арттыру;

· бос уақытты ұтымды пайдалану;

· студент жастарының ғылыми әлуетінің дамуына үлес қосу;

· студенттің шығармашылық әлуетінің дамуы;

· әлеуметтік іс-шараларға кӛмектесу

· студент рейтингісінің жоғарылауына ат салысу керек.

Студенттің ӛзін-ӛзі басқаруы органы факультетте студент деканаты болып табылады.

 

 

АТУ студенттік ӛзін-ӛзі басқару ҧйымы

АТУ-нің студенттік ӛзін-ӛзі басқару ұйымы – Қазақстан Республикасы жастар саясаты концепциясына сәйкес Жастар ісі жӛніндегі комитеттің құрылымдық бӛлімшесі.

Студенттік ӛзін-ӛзі басқарудың негізгі мақсаттары:

- ЖОО-ның әкімшілігі мен профессорлық-оқытушылық құрамының әлеуметтік серіктесі ретінде жоғары мектепті оңтайландыру үрдісіне студенттердің қатысуын күшейту;

- алынған білімнің сапасы үшін жастардың жауапкершілік деңгейін кӛтеру және университеттің әлеуметтік кеңістігінде органикалық бірлестіктің ӛсуіне септігін тигізу;


- студенттің тұлғалық ӛсуі мен әлеуметтік-экономикалық жауапкершілік жағдайларын құру;

- бәсекеге қабілетті, қажетті және жан-жақты дамыған тұлғаны дамыту жағдайларын құру.

Студенттік ӛзін-ӛзі басқарудың негізгі міндеттері:

- студенттік ӛзін-ӛзі басқару ӛкілдерінің барлық деңгейлерде қызметі мен құзіреттілігінің (құқықтары мен міндеттері) нақты саласын қалыптастыру;

- университеттің барлық сфераларында мәселелерді шешу құзіреттілігі шеңберінде әлеуметтік серіктес ретінде студенттік активті тарту;

- заманауи маманның тұлғасын қалыптастыруда әлеуметтік-сау кеңістікті қамтамасыз ететін, тұрақты жұмыс істейтін студенттік бақылау жүйесін құру;

- рухани, азаматтық және ғылыми дәстүрлерді сабақтастыруды қамтамасыз ететін студенттік жастар, профессорлық-оқытушылық ұжым және университет әкімшілігі арасында әлеуметтік байланысты дамыту;

- жастарды олардың ӛзін-ӛзі анықтау мен ӛмірлік құндылықтарды таңдауда қолдау, патриотизм рухында толық әрі үйлесімді дамуы;

 

- студенттік жастардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау.

 

Университеттің студенттік ӛзін-ӛзі басқару (СӚБ) ҧйымының қҧрылымы:

Бұл құрылым студенттерді әртүрлі секторлармен – университет қызметінің сфераларымен басқару мүмкіндігін қарастырады. Осы арқылы, университет деңгейінде оқыту жағдайларын оңтайландыру үрдісінде студенттердің әлеуметтік-белсенді қатысуын ұйымдастыруда жаңа деңгей құрады.


Студенттік ӛзін-ӛзі басқару құрылымын құрудың қисынды аяқталуы университеттің ұйымдастырушылық кеңістігіне функционалды енгізу болып табылады. Ол келесідей жүзеге асырылады:

 

Пікірлестік пен ӛзара жауапкершілікке негізделген, әлеуметтік ӛзара әрекет ету принципі ретінде әлеуметтік серіктестік жоғары оқу орнының әлеуметтік кеңістігінде анықтаушы позицияны алуы тиіс. Студенттіктің университет әкімшілігі мен профессорлық-оқытушылық құрамының әлеуметтік серіктесіне айналуы жастардың әлеуметтік потенциалының ашылуына жол ашады, тұрақты құнды бағыты бар әлеуметтік мемлекеттің ӛзін-ӛзі ұйымдастыратын жауапты азаматтарын тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Университеттің белсенді жастары қала, облыс және университет ішіндегі қоғамдық ӛміріне белсенді қатысады. Олар біздің оқу орнының намысын қала және облыс деңгейінде ғана емес, сонымен қоса, республикалық және халықаралық деңгейлерде де қорғайды!

 

2. Алматы технологиялық унивеситетінің студентіне арналған ішкі тәртіп ережелері

СТУДЕНТ ҚҦҚЫЛЫ:

· мемлекеттік білім беру гранттары шеңберінде және ақылы негізде білім алуға;

· оқу түрлерін таңдауға;

· оқу үдерісіне қатысуға қажетті ақпаратты еркін алуға;

· ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне, конференциялар мен симпозиумдарға қатысуға;

· мәдени-кӛпшілік шараларға қатысуға;

· ӛзінің жұмыстарын АТУ-да және басқа басылымдарда жариялауға;


· бос уақытында оқуды еңбекпен ұйымдастыруға;

· оқудағы, ғылыми және шығармашылық жетістіктері үшін ынталандыру шараларына ұсынылуға;

· АТУ-дың студенттік ӛзін-ӛзі басқару органы – Жастар Кеңесінің жұмысына қатысуға;

· ҚР Заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес әкімшіліктің бұйрықтары мен ӛкімдерін бұздыру туралы шағым беруге.

 

 

СТУДЕНТ МІНДЕТТІ:

· ҚРКонституциясымензаңдарын, АТУ-дыңЖарғысын, ішкітәртіпЕрежелерін, жатақханадатұруЕрежелерінжәнебасқаданормативтікактілердісақтауға;

· ҚРмемлекеттікрәміздерін, ұлттықмәдениетті, Қазақстанныңтарихыменмемлекеттілігінқадірлеугежәнеқұрметтеуге, университетдәстүрлерінмұқиятсақтап, молайтатүсуге;

· елдегітәртіптітұрақсыздандыруғабағытталғанақпараттытаратпауға, рұқсатберілмегенжиналыстарға, митингілерге, шерулерге, ереуілдергеқатыспауға;

· сабақтыңбарлықтүрлерінекешікпей, оқукестесінесәйкесқатысуға;

· сабақүстіндеұялытелефондардыӛшіріпқоюға;

· сабақүстіндесӛздерімен, жүрісіменоқытушығабӛгетжасамауға;

· оқу үдерісіне белсенді қатысуға;

· денсаулығына немесе басқа да дәйекті себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда дәлелді құжаттарды уақытында әкелуге;

· оқу тобының, курстың, факультеттің жұмысына қатысуға ұмтылуға;

· оқу пәндері бойынша СӚЖ-ін жасауға;

· университет мүлкіне, кітапханалық-ақпараттық және басқа да ресурстарға ұқыпты болуға;

· оқу үдерісі үстінде тамақ ішпеуге;

· оқу ғимараттарында шылым шекпеуге, ластамауға, сағыз шайнамауға, тәртіп пен тазалық сақтауға;

· университет жарғысына сәйкес ішкі тәртіп ережелері мен жатақханада тұру ережелерін сақтауға;

· ұқыпты, таза, жалпыға ортақ қалыптасқан киім үлгісімен киінуге міндетті.

 

 

Университет          ғимаратында          қатаң          тыйым          салынады:

· сырт және бас киіммен жүруге;

· сабақ үдерісі кезінде аудиторияда немесе коридорда қатты сӛйлеуге, балағат сӛздер айтуға, шулауға;

· темекі шегуге, алкогольдік сусындар ішуге (университет территориясында және жатақханада);

· университетте, жатақханада студенттік билетсіз жүруге;

· университеттін мүлкіне зиян келтіруге, рұқсатсыз пайдалануға тыйым салынады.

 

 

.Студенттік        жатақханалардағы        ішкі        тәртіп         ережелері

Басқа қаладан келген немесе шетелдік студенттерді оқу жылы қарсаңында университет


оқу ғимараттарына ыңғайлы орналасқан үш жатақханамен қамтамасыз етеді.

 

ЖАТАҚХАНА ТҦРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚҦҚЫҒЫ:

· ішкі тәртіп және келісімшарт ережелерін сақтаған жағдайда берілген орында оқу жылының соңына дейін тұруға;

· жатақхананың санитарла-тұрмыстық ғимараттарын, бӛлмесін, жуынатын бӛлме, туалет және т.б. пайдалануға;

· тәрбие жұмысы жӛніндегі проректор мен коменданттың жазбаша рұқсатымен ғана бір бӛлмеден екінші бӛлмеге ауысуға;

· жатақхананың Студенттік Кеңесін сайлауға және сайлауға түсуге; Студенттік Кеңестің жұмыстарына қатысуға, жатақхананың тұрмыстық ӛмірін жақсартуға үлес қосуға;

ЖАТАҚХАНА ТҦРҒЫНДАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

· жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін, техника қауіпсіздігін, ӛрт қауіпсіздігін, келісімшарт және т.б. актілерді қатаң сақтауға;

· электр энергиясын, газ бен суды үнемдеп жұмсау. Бӛлмеден немесе жатақханадан шыққанда ыстық және суық су шүмектерін жауып, терезе, есіктерді жауып, жарықты және электрқұрылғыларын сӛндіріп кетуге;

· бӛлменің артық кілтін жатақхананың вахтерына ӛткізуге, жатақхананы тек тұрғылықты орын ретінде пайдалануға, кілтті немесе бӛлмені бӛтен адамға бермеуге;

· жатақхананың мүлкін күтіп ұстауға, кӛпшілік орындарда тазалық пен тәртіпті қатаң ұстауға, тұрғылықты бӛлмеде жиі тазалық жұмыстарын жасауға;

· жатақхананың мүлкіне материалды жауапкершілікте болуға, жатақхананың мүлкіне зиян келген жағдайда материалдық шығынның ақысын ӛтеуге;

· жатақханадан шығарда жатақхана мүлкін түгелімен қайтаруға;

· университет әкімшілігінің рұқсатынсыз жатақханаға бӛтен адамды кіргізбеуге.

ЖАТАҚХАНА ТҦРҒЫНДАРЫНА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

· ӛз еркімен Тәрбие жұмыстары жӛніндегі проректордың жазбаша рұқсатынсыз бір орыннан екінші орынға ауысуға. Келісімшартта кӛрсетілген бӛлмеде тұрмаған жағдайда, ол студент жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін бұзған болып саналады;

· жатақхана әкімшілігінің рұқсатынсыз жеке пайдалануға берілген мүліктерді ӛз еркімен бір бӛлмеден екінші бӛлмеге тасуға;

· жатақханаға кіру рұқсат қағазын жатақханаға кіру үшін бӛтен адамға беруге;

· жатақхананың кез-келген жерінде темекі шекпеуге, жатақханада алкогольді, нашақорлық күйде келуге, сонымен қатар наркотикалық, психотропты, алкогольді заттарды таратпауға және пайдалануға;

· аудио, теле және видеоаппаратура қондырғыларын барлық қатты дауыста қоюға;

· үй жануарларын пайдалануға, бауырымен жорғалаушы және құстарды асырауға;

· жатақхана территориясын ластауға, ас әзірлейтін бӛлмеде, кӛпшілік пайдаланатын орындарда, коридорда қоқыс тастауға;

· электрқондырғыларын пайдалануға, соның ішіндесапа сертификаты жоқ электрұзартқыш және жалғастырғыш құрылғыларды пайдалануға;

· шатырға шығуға, кӛтерілуге, балкон мен терезелерге асылып тұруға, отыруға;

· құмар ойындар ойнауға,балағат сӛздер сӛйлеуге, ұрыс-тӛбелес ұйымдастыруға;

· басқа тұрғындардың бӛлмелеріне тұрғындардың рұқсатынсыз кіруге;

· жоғарыда кӛрсетілген ішкі тәртіп ережелерін бұзған жатақхана тұрғындары, сонымен қатар техника қауіпсіздігі, ӛрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелерді,


жатақханада тұру келісімшартын бұзған, қызметкерлерді, жатақхана тұрғындарын, қабат старосталарын сыйламаған жатақхана тұрғынына қоғамдық ықпал жасау іс-шаралары мен тәртіп жӛніндегі жаза қолданылады.

 

ЖАТАҚХАНАҒА КІРУ ТӘРТІБІ МЕН ҚОНАҚТАРДЫ КІРГІЗУ ТӘРТІБІ

1. Жатақханаға кіру тәртібі комендант берген арнайы үлгідегі рұқсат қағазының кӛмегімен жүзеге асырылады.

2. Рұқсат қағазы – жатақханаға кіруге рұқсат беретін негізгі құжат болып табылады, ол жоғалған жағдайда қайта жасату керек. Жатақханаға кіру уақыты жаз уақытында 07:00-ден 22:30-ға дейін, ал қыс уақытында 07:00-ден 22:00-ге дейін.

 

3. Жатақханаға 22:00 мен 07:00 аралығында кіру тек рұқсат қағазы мен Тәрбие жұмысы жӛніндегі проректордың атына жазылған ӛтініш, жұмыс орнынан берілген анықтама декан мен Тәрбие жұмысы жӛніндегі проректордың визасы болған жағдайда жүзеге асырылады.

БІЗДІҢ ДӘСТҤР

Сіз кӛп жылғы тарихы мен дәстүрі қалыптасқан жоғарғы оқу орны – Алматы технологиялық университетінің студенті атандыңыз. Алдағы 4 жыл ішінде ол Сіздің екінші үйіңіз болып кетеді. Университет табалдырығын аттаған жағдайда, жалпыға ортақ арнайы тәртіп ережелерімен жүру керек. Оларды сақтау – табыс пен түсіністіктің кепілі.

 

УНИВЕРСИТЕТКЕ ЖИНАҚЫ КИІНІП КЕЛІҢІЗ– себебі, Сіздің сырт келбетіңізге қарап, білім алуға келген студент екеніңізді кез-келген адам түсіну керек. Кішкене құпияны аша кетсек: жинақы киінген студент ұстаздар мен университет қызметкерлері тарапынан түсіністік пен ыстық ықыласқа ие болады. Киім кигенде шектен тыс ашық түсті киінбеуге тырысыңыз. Қыз балаларға косметика мен бұйымдарды шектен тыс қолданбауға кеңес береміз.

 

ЖАН-ЖАҒЫҢЫЗДАҒЫ АДАМДАРҒА СЫЙЛАСТЫҚ ТАНЫТЫҢЫЗ –

егер кіре беріс есікте кӛп адамдар жиналып қалса, жігіттер қауымы қыз балаларға жол беруі керек, ал студенттер – университет қызметкерлерін ӛткізіп жіберуі тиіс. Егер дәл сол уақытта Сізден емтихан қабылдайтын мұғаліміңізге жол берсеңіз Сізден асқан сыпайы адам жоқ! Университетке кіргенде жігіттер қауымы бас киімдерін шешіп, ал сырт киімді барлық студенттер гардеробқа ӛткізу керек. Коридорда ары-бері жүгіруге, кез-келген жерге отыра салуға болмайды. Егер сізге шұғыл түрде жұмыс жасауға, сабақ орындауға орын керек болса кітапхананың есігі әрқашан ашық. Лифтке кірерде студенттер университет қызметкерлері мен оқытушыларға, жігіттер – қыздарға, кішілер - үлкенге жол беруі тиіс. Кӛпшілік ортада ұялы телефонмен қатты сӛйлесуге, барлық дауыста музыка тыңдауға тыйым салынады.

 

ВАХТАДАН ӚТЕРДЕкүзет қызметкеріне студенттік билетіңізді немесе жеке бас куәлігін кӛрсетуді ұмытпаңыз. Университетке келудегі мақсатыңызды айтыңыз. Аталған құжаттар болмаған жағдайда Сіз университетке кіре алмайсыз. Сонымен қатар, күзетшімен, киімді ӛткізерде – гардероб қызметкерімен амандасуды ұмытып кетпеңіз! Кӛпшілік ортада романтикалық


қатынастарыңызды ысырып қойыңыз. Себебі, бұл Сіздің айналадағы адамдарға сыйластықпен қарамайтындығыңызды кӛрсетеді.

 


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 481; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!