Негізгі микросхема дегеніміз не? 14 страница
КІММЕН ҚАЛАЙ СӚЙЛЕСУ КЕРЕКТІГІН ҦМЫТПАҢЫЗ:ӛз ойыңызды
анық жеткізіңіз, жаргон сӛздерді қолданбауға тырысыңыз! Оқытушымен сӛйлескенде ӛте сыпайы болуды естен шығармаңыз. Сонымен қатар, университетте қалай болса солай сӛйлеуге болмайтынын ескертеміз!
САБАҚҚА УАҚЫТЫНДА КЕЛІҢІЗ:студенттер аудиторияға оқытушыдан бұрын келуі тиіс. Егер Сіз кешіккен жағдайда, есікті жай ашып, оқытушымен амандасып,кешіккеніңіз үшін кешірім сұраңыз. Рұқсат алған жағдайда жылдам және студенттердің назарын ӛзіңізге аудармай орныңызға барып отырыңыз.
Аудиторияға кірерде ұялы телефоныңызды ӛшіріп қоюды ұмытпаңыз. Сабақ үстінде бӛгде дыбыстар, сонымен қатар шулау, қатты сӛйлеу, музыка тыңдау сабақ ӛтуге кедергі келтіреді. Егер Сіздің оқытушыға қояр сұрағыңыз болса қол кӛтеріп сұрай беріңіз. Есіңізде болсын, оқытушы Сізді аудиториядан тәртіп бұзған жағдайда шығаруға құқылы! Бұл жағдайда оқытушыдан үндемей кешірім сұраңыз, оқиғаның шиеленісіп кетуіне жол бермеңіз!
ОҚУ ҒИМАРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ САҚТАҢЫЗ– университетте кез-келген қоқысты тастауға арналған орындар бар. Университет қабырғаларына Сіздің шығармашылық қабілетіңізді кӛрсететін суреттер салуға, шимайлауға тыйым салынады. Бұл Сіздің тәрбиесіздігіңізбен қатар, университетті материалдық шығынға ұшыратасыз.
|
|
Университетте рұқсат берілмеген хабарландыруларды ілуге тыйым салынады. Егер стендке студенттер мен қызметкерлерге қызықты ақпарат ілгіңіз келсе, тәрбие жұмысы жӛніндегі проректордың рұқсатын алу қажет.
Университет пен жатақханада темекі шегуге тыйым салынады. Бұл ережені сақтау қатаң бақыланады, ереже бұзғандарға тәртіп жӛніндегі қатаң жаза қолданылады. Сонымен қатар, алкогольді ішімдік ішкен күйде жүру университетте тыйым салынады.
Жоғарыда аталған ережелерді қатаң ұстануға тырысыңыз, әрқашан тек жақсылық жасауға ұмтылыңыз – басқалар да Сізге сондай жауап қайтарады. Қандай жағдай болмасын, Сіз Алматы технологиялық университетінің студенті атанып, ӛмірдің бір сатысына кӛтерілдіңіз!
СІЗДІҢ КӚМЕГІҢІЗБЕН БІЗ МЫҚТЫ БОЛАМЫЗ!
ЖАСТАР КЕҢЕСІ
Жастар Кеңесі – студент жастардың тұрмыс, оқу, бос уақытын ұйымдастыру туралы маңызды сұрақтарымен ғана айналысып қоймайтын, оларға әлеуметтік қолдау кӛрсететін бастамашыл, инновациялық,тәуелсіз, жауапкершілігі мол студенттердің қоғамдық қызметі.
|
|
Жастар Кеңесінің қызметі студенттік ӛмірді жарқын және әсерлі ететін кӛптеген іс-шараларды, акциялар мен сайыс бағдарламаларын құруға және іске асыруға бағытталған. Бұл жерде студенттер ұйымдастыру шеберлігіне үйреніп қана
қоймай ӛздерінің достары мен құрдастарының таланттарын ашуға кӛмектеседі.
Жастар Кеңесінің негізгі мақсаттары:
· студенттер бойында белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру, оларды заманауи қоғамда маңызды проблемаларды шешуге белсенді түрде ат салысуға шақыру;
· АТУ студенттерінің қызығушылықтары мен құқықтарын қорғау мен ұсыну;
· АТУ имиджін тек Қазқстанда ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттерде қалыптастыру, студенттік ӛмірдің дәстүрін қалыптастыру;
· студенттердің мәдени, шығармашылық, ұйымдастырушылық қажеттіліне жағдай жасау.
|
|
Жастар Кеңесі жҧмысының негізгі бағыттары:
· АТУ студенттерінің бойында патриоттық мақтаныш сезімін қалыптастыру. Біздің университетіміздің тәрбиеленушісі біздің оқу орнының, біздің қаламыздың, біздің мемлекетіміздің патриоты екенін мақтанышпен сезінуі тиіс;
· студенттердің қызығушылықтарын АТУ құрылымдық бӛлімшелерінің барлық деңгейінде қорғау;
· университеттің әр түрлі қызмет шеңберінде студенттердің бастамаларын дамыту, әлеуметтік-маңызды іс-шараларды жасау және іске асыру;
· белсенді студенттерді оқыту және дайындау;
· студенттердің ғылыми қызметін ынталандыру;
· студенттік конкурстар, мерекелер және басқа да кӛпшілік іс-шараларды ӛткізу;
· АТУ студенттерін университеттің спорттық ӛміріне тарту;
· студенттердің ортасында бейәлеуметтік жағдайлардың алдын-алу;
· ҚР және шет елдегі қоғамдық ұйымдарымен және басқа да студенттік, жастар ұйымдарымен гуманитарлық және ғылыми байланыстарды дамыту;
|
|
· АТУ-дың құрылымдық бӛлімшелері арқылы халықаралық байланыстарға қатысу.
2012 жылы Жастар Кеңесі 13 жасқа толады! Сіз де біздің қатарға қосыла аласыз. Біз Сізді бас оқу корпусында 1117 кабинетте кҥтеміз. Біздің есігіміз сіздерге әрқашан ашық! Тел/факс:2924790
Жастар Кеңесінің тӛрайымы – Шаухарова Мӛлдір Ермашқызы.
«ТЕХНОЛОГ» ГАЗЕТІ
Газеттің негізгі міндеті университет қызметкерлері мен студенттерін ректораттың, Ғылыми Кеңестің, құрылымдық бӛлімшелер мен қоғамдық ұйымдардың жұмысы жайында хабардар ету, университеттің барлық негізгі жаңалықтарын жеткізу болып табылады. Басылым «Білім, мәдениеттілік, жан-жақтылық – Алматы технологиялық университеті түлегінің маркасы» атты концепцияны іске асырады. Газет А4 форматында айына 1 рет 500 данамен шығады.
Университеттің құрылымдық бӛлімшелерімен байланыс орната отырып ондағы барлық жаңалықтарды , сонымен қатар жалпыуниверситеттік іс-шаралардың жоспарын газет бетінде жариялайды. Газет Халықаралық байланыс бӛлімі, кітапхана, факультеттер,
студенттік кәсіподақ, оқытушылар мен қызметкерлер, сонымен қатар Жастар Кеңесімен тығыз байланыста.
Егер де Сіз креативті болсаңыз, мақала және ӛлең жазумен айналыссаңыз. Егер де Сіз біздің газеттің тілшісі болғыңыз келсе – біз Сізді күтеміз!
Жазбаша мақалаларыңыз мен ӛлеңдеріңіздің электронды нұсқасы мен жазбаша нұсқасын газет редакторына (523 кабинет) немесе Жастар Кеңесіне (1117 кабинет) тапсырыңыз. Біз Сізді күтеміз!
МЕДПУНКТ
Егер сіздің денсаулығыңыз сыр берсе, онда медпункттің есігі әрдайым ашық. Ол Бӛгенбай батыр 157 кӛшесі, АТУ №1 жатақханасының 2-қабатында орналасқан. Университеттің медбикесі – Сыздықбаева Светлана Сағатқызы. Студенттік емхана Бұқар жырау 14 (Ботаникалық бақша) кӛшесінде орналасқан.
СТУДЕНТТІҢ БОС УАҚЫТЫ
Университетте сабақ уақытында және де бос уақытта Ӛзіңізді біздің ұжымның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге барлық жағдайлар жасалған. Егер Сіздің бойыңызда кӛшбасшылық қабілет болса,онда Сіз ӛзіңізді топ старостасы ретінде, топтағы, университеттегі мәдени-спорттық іс-шараларды, мерекелерді ұйымдастырушы немесе бастамашы ретінде ӛз қабілетіңізді кӛрсетіп қана қоймай, оны одан әрі шыңдай аласыз.
Егер Сізде жаңа идеялар болып, соны жүзеге асырғыңыз келсе –Жастар Кеңесіңе келіңіз. Бұл жерде Сіздің идеяңызды, талап-тілегіңізді тыңдап қана қоймай, Сізге қызықты жұмыстар тауып береді, талантыңызды ашуға кӛмектесіп, жаңа студенттік жобалар Сіздің қатысуыңызбен жүзеге асып жатады.
Студенттік ӛмір – университетте оқитын әр адамның ӛміріндегі ең қызықты шақ. Жастық шақ білім алуға ұмтылған жастардың тың энергиясымен нәр алады.
Жастар Кеңесі жұмысының негізгі принципі – басқарудың алғашқы тәжірибесіне дағдылану, жігерлігін, байланысқа бейімділігін дамыту, мәселелерді шешу жолдарын табуды үйрену болып табылады. Тәлім алған іскерлік шеберлігі ӛмірдегі мүмкіндіктерді тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді. Бүгінгі күнде Жастар Кеңесінің негізгі міндеттерінің бірі – студенттердің патриоттық сезімін, азаматтық қасиетін, еңбексүйгіштігін, адам құқығы мен еркіндігін құрмет тұтуын, қоршаған табиғатқа, туған еліне және отбасына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Біздің университетте Жастар Кеңесінің қатысуымен студенттердің талантын шыңдауға арналған кӛптеген үйірмелер қызмет атқарады:
· «Тай-На» сән театры;
· «АТУ құрамасы» КТК(КВН) командасы;
· «Қарлығаш» би ансамблі;
· Вокал студиясы;
· «Домбыра-дастан» оркестрі;
· «Жастар» пікірсайыс клубы;
· «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанаты;
· Қазақстан Студенттерінің Альянсы;
· Қазақстан жастарының Конгресі;
· Университет Омбудсмені.
Университеттің спорттық ӛміріспорттық іс-шаралардың дамуына бағытталған, студент-спортсмендердің спорттық шеберлігін шыңдауға арналған оқу-тәрбиелеу процесінің жалғасы болып табылады. Студенттер қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып жеңімпаз, чемпиондар атанып жатады. Спортсмендер қаламыздағы әр түрлі спорттық жарыстарға (самбо, үстел теннисі, футбол және т.б.) қатысып спорттың дамуына ӛзіндік үлестерін қосады. Жеке спорт түрлерінен біздің студенттер жоғары дәрежелі жарыстарға қатысады.
Есіңізде болсын: осының бәрі Сіздің оқу ҥлгеріміңіз жоғары деңгейде болғанда ғана жҥзеге асады!
Тәжірибелік сабақ-2.Оқу процесін ҧйымдастыру
Кредиттік технология бойынша оқытудың жалпы ережелері
Ұлттық білім берудің оқу бағдарламаларын халықаралық тану, университеттің білім алушылары мен оқытушыларының ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін Алматы технологиялық университетінде бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы іске асырылады.
Алматы технологиялық университетінде оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде бакалавриаттың 22 мамандығы бойынша жүргізіледі.
Бакалавриат мамандықтарының тізімі
№ | Мамандықтың коды және атауы |
1 | 5В012000 – Кәсіптік білім беру |
2 | 5В042100 – Дизайн |
3 | 5В050600 – Экономика |
4 | 5В050700 – Менеджмент |
5 | 5В050800 – Есеп және аудит |
6 | 5В050900 – Қаржы |
7 | 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару |
8 | 5В060800 – Экология |
9 | 5В070100 – Биотехнология |
10 | 5В070200 – Автоматтандыру және басқару |
11 | 5В070300 – Ақпараттық жүйелер |
12 | 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету |
13 | 5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы |
14 | 5В072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) |
15 | 5В072600 – Жеңіл ӛнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы |
16 | 5В072700 – Азық-түлік ӛнімдерінің технологиясы |
17 | 5В072800 – Қайта ӛндеу ӛндірісінің технологиясы (сала бойынша) |
18 | 5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология |
19 | 5В073300 – Тоқыма материалдарының технологиясы мен жобалануы |
20 | 5В090200 – Туризм |
21 | 5В090400 – Әлеуметтік-мәдени қызмет кӛрсету |
22 | 5В091200 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі |
Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы кӛлемінің біріздендірілген ӛлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын ӛз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.
Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығының есебі кредит арқылы ӛлшенетін оқытылатын материалдың кӛлемі бойынша жүзеге асырылады.
Кредиттік оқыту технологиясы білім берудің барлық деңгейлері бойынша бұрын меңгерілген кредиттердің ӛспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып табылады.
Кредиттік жүйемен оқытуда тӛмендегідей негізгі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) академиялық кҥнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar)- оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) кӛрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды ӛткізу күнтізбесі;
2) академиялық кезең (Теrm)- үш нысанның біреуін таңдайтын ӛз білім беру ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан;
3) академиялық ҧтқырлық– білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына ӛзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып ӛз ЖОО-сында немесе ӛзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;
4) академиялық еркіндік– білім беру үрдісінің субъектілеріне оларды таңдау бойынша жиынтық пәндерден, оқытудың қосымша түрлерінен білім мазмұнын дербес анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің ӛкілеттіктер жиынтығы;
5) білім алушының академиялық рейтингі (Rating)– аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық кӛрсеткіші;
Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 521; Мы поможем в написании вашей работы! |
Мы поможем в написании ваших работ!