Негізгі микросхема дегеніміз не? 7 страница
Принтер -ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы, мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған принтерлер түрі мен олардың мүмкіндіктері 3-кестеде қарастырылды.
3-кесте Баспаға шығару құрылғысының мінездемесі
Принтер типі | Құрылғының баспаға басып шығару тәсілі | Шығару жылдамдығы |
Матрицал ық принтер | Символдарды қағазға нүктелер жиынтығы түрінде бояғыш лента арқылы 9, 18, 24 инелі бастикпен басып шығарады | 200-400 (символ/се к) |
Сия бүріккіш (Струйный) принтер | Ақпаратты қағазға арнайы сия тамшыларын бүркіу арқылы шығарады, жоғары сапалы қағаз түрлерін және сияны жиі керек етеді | 200-500 (символ/се к) |
Лазерлік принтер | Ақпаратты қағазға лазерлік сәулелер арқылы басып шығарады, ксерография принціпін қолданатын құралдарға жатады | 1000-5000 (символ/се к) |
Графикалық планшет(дигитайзер) – кӛркемдеуші графикалық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы. Мұндай құрылғылар суретшілер мен иллюстраторлардың қолдануына ыңғайлы.
Команданы басқару қҧрылғысы,арнайы манипулятор - «тышқан» тетігі, компьютерге электр ӛткізгіш сым арқылы жалғастырылатын кішкене пластмассалық қорап. Тышқаннан басқа манипулятор типтеріне трекбол, пенмаус, инфрақызыл тышқан жатады.
|
|
Модем(модулятор-демодулятор) — телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасуға арналған құрылғы, мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары (хаттамасы) бойынша жұмыс атқарады. Модем - компьютер желісіне (Іnternet, Relсоm, FіdоNеt, т.б.) немесе электрондық поштаға байланысты ең керекті құрылғы - телефон арналарына қосылған.
ЭЕМ-нің мультимедия мҥмкіндігі- ақпаратты бейнелеудің ең керекті түрі. Ол экранға мәліметтерді түрлі-түсті мәтіндік, графикалык, дыбыстық мүмкіндіктерді біріктіре отырып шығарады, ЭЕМ-нің барлық жылжыту, сӛйлету, музыка беру жақтарын толық пайдаланады. Мультимедиалы компьютер фотоаппараттарды, бейне магнитофондарды, бейне камераларды қосуға арналған арнаулы бейнелік тақшамен жабдықталады, ол кӛптеген бейнелік суреттерді ӛңдегенде қажет болады.
Дәріс-10. Санау жҥйесi. Санау жҥйесінің тҥрлері. Бір санау жҥйесінен екіншісіне ӛту жолы.
|
|
Санау жүйесi деп белгiлi бiр мӛлшердегi таңбалардың кӛмегiмен сандарды ӛрнектеу мен жазудың жиынтығы. Санау жүйесi екi топқа бӛлiнедi: позициялық және позициялық емес.
Позициялық емес санау жүйесiнде әрбiр цифрдық мәнi оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесiнiң мысалы ретiнде римдiк жүйенi алуға болады. Осы жүйеде жазылған ХХХ санында Х цифры кез келген позицияда 10-ды бiлдiредi. Позициялық емес санау жүйесiнде арифметикалық әрекеттердi орындау қиын болғандықтан, позициялық санау жүйесi қолданылады.
Позициялық санау жүйесiнде цифрдық мәнi оның орнына байланысты болды. Позициялық мән санау жүйесiнiң негiзiнде дәрежесi арқылы анықталады. Позициялық санау жүйесiнiң негiзi деп қолданылатын цифрлар санын айтады.
Санау жүйесi тӛртке бӛлiнедi:
1. ондық санау жүйесi;
2. екiлiк санау жүйесi;
3. сегiздiк санау жүйесi;
4. оналтылық санау жүйесi.
Ондық санау жҥйесi
Ондық санау жүйесiнегi сандарды ӛрнектеу үшiн 0-9 дейiнгi араб цифрлары қолданылады:0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.
Мыс: 234=200+30+4
2 жүздiктер разрядынан, 3 ондықтар разрядынан, 4-бiрлiктер разрядынан тұрады.
|
|
Ондық жүйе позициялық болып табылады, ӛйткенi ондық санды жазуда цифрдың мәнi оның позициясына немесе санда орналасқан орнына байланысты. Санның цифрына бӛлiнетiн позицияны разряддеп атайды.
Егер 234 санын қосынды түрiнде былай жазамыз: 2*102+3*101+4*100 Бұл жазбадағы 10-саны санау жүйесiн негiздеушi. Санның әрбiр цифры үшiн 10 негiздеушi цифрлың орнына байланысты дәрежеленедi және осы цифрға кӛбейтiледi.
Бiрлiктер үшiн – 0; ондықтар үшiн – 1, жүздiктер үшiн – 2-ге тең негiздеушi дәреже және т.с.с
Егер сан ондық бӛлшек болса, ол терiс дәрежеде жазылады. Мыс: 38,956=3*101+8*100+9*10-1+5*10-2+6*10-3
Компьютерде ондық емес екiлiк санау жүйесi, яғни екi негiздеушiсi бар санау жүйесi қолданылады.
Екiлiк санау жҥйесi
Екiлiк жүйеде кез келген сан екi 0 және 1 цифрларының кӛмегiмен жазылады және екiлiк сан деп аталады. Екiлiк санның әрбiр разрядын (цифрын) бит деп атайды. Кез келген санау жүйесiнiң негiзiн осы санау жүйесiнде қолданылатын цифрлар санын анықтап ЭЕМ-де ақпаратты ӛрнектеу үшiн екiлiк жүйе қолданылады. Екiлiк жүйеде қосындыда негiздеушi ретiнде 2 санын қолданады. Мысалы, 1001,11 екiлiк сан үшiн қосынды мына түрде болады:
|
|
1*23+0*22+0*21+1*20+1*2-1+1*2-2
Бұл қосынды ондық сан үшiн жазылған қосындының ережесi бойынша жазылады.
Екiлiк жүйенiң маңыздғы құндылығы – цифрды ұсыну ыңғайлылығы және компьютер аппаратурасының қарапайымдылығы.
Екiлiк жүйенiң кемшiлiгi – мұнда санды жазу үшiн 0 мен 1 цифрлары кӛп қажет болады. Бұл адамның екiлiк санды қабылдауын қиындатады. Мысалы 156 ондық санының екiлiк жүйедегi түрi мынадай:10011100. Сондықтан екiлiк жүйе әдетте компьютердiң ―iшкi қажеттiлiгi‖ үшiн қолданылады, ол адамның компьютермен жұмыс iстеуi үшiн үлкен негiздеуiшi санау жүйесi таңдалды. Бұл сегiздiк және он алтылық жүйелер. Осы екi жүйелердiң және екiлiк жүйенiң арасында санды бiр жүйеден басқаға ауыстыруды жеңiлдететiн қарапайым байланыс бар.
Сегiздiк санау жҥйесi
Сегiздiк санау жүйесi, яғни сегiздiк негiздеушi санау жүйесi, сегiз цифрдың кӛмегiмен санды кӛрсетедi: 0,1,2,3,4,5,6,7.
Мысалы, 356 санын негiздеушi 8 қосындысы түрiнде жазайық: 356=3*82+5*81+6*80
Оналтылық санау жҥйесi
Оналтылық санау жүйесiнде санды жазу үшiн ондық санау жүйесiнiң цифрлары 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және жетпейтiн алты цифрды белгiлеу үшiн ондық сандарының мәнi 10,11,12,13,14,15 болатын сәйкес латын алфавитiнiң алғашқы үлкен әрiптерi: A,B,C,D,E,F қолданылады. Сондықтан оналтылың сандарда, мысалы, 3Е5А түрi болуы мүмкiн. Осы санды негiздеушi 16 қосындысы түрiнде жазайық:
3Е5А=3*163+Е*162+5*161+А*160
Сандардың қандай сандық жүйеде тұрғанын бiлу үшiн, оның тӛменгi жағына индекс жазылады және индекске қандай жүйеде екенi кӛрсетiледi.
Сандарды бiр санау жүйесiнен басқа санау жүйесiне ауыстыру Ондық санау жүйесiндегi сандарды басқа санау жүйелерiне ауыстыру
Ондық санау жүйесiндегi санды екiлiк санау жүйесiне ауыстыру үшiн санды 2-ге бӛлу керек. Алынған бӛлiндi екiден кiшi болғанша бӛлiнедi де, қалған қалдықты керi бағытта жазады. Мыс:
129:2=64 (1) 12910=100000012
64:2=32 (0)
32:2=16 (0)
16:2=8 (0)
8:2=4 (0)
4:2=2 (0)
2:2=1 (0)
1:2=0 (1)
Ондық санау жүйесiндегi санды сегiздiк санау жүйесiне ауыстыру үшiн екiлiк жүйесiне ауыстырған әдiстi қолданады. Бiрақ бұл кезеде санды сегiзге бӛледi. Мыс:
129:8=16 (1) 12910=2018
16:8=2 (0)
2:8=0 (2)
Ондық санау жүйесiндегi санды оналтылық санау жүйесiне ауыстыру үшiн тек санды сегiздiң орнына он алтыға бӛлу керек. Мыс:
129:16=8 (1) 12910=8116
8:16=0 (8)
Басқа санау жүйесiндегi сандарды ондық санау жүйесiне ауыстыру
Екiлiк санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару: 100000012=1*27+0*26+0*25+0*24+0*23+0*22+0*21+1*20=128+1=12910
Сегiздiк санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару: 2018=2*82+0*81+1*80=128+1=12910
Оналтылық санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару: 8116=8*161+1*160=128+1=12910
Екiлiк санау жҥйесiндегi санды сегiздiк және он алтылық санау жҥйелерiне
Ауыстыру
Екiлiк жүйедегi санды сегiздiк жүйеге аудару үшiн екiлiк санды оңнан солға қарай цифрларды үштен жеке-жеке топқа бӛледi. Содан кейiн цифрлардың әрбiр тобын кестеде кӛрсетiлген цифр түрiнде жазады.
Екiлiк жүйе | Сегiздiк жүйе |
000 | 0 |
001 | 1 |
010 | 2 |
011 | 3 |
100 | 4 |
101 | 5 |
110 | 6 |
111 | 7 |
Мыс: 1001011012=4558
Екiлiк жүйедегi санды оналтылық жүйесiне аудару сегiздiкке ұқсас жүредi, тек айырмашылықы әрбiр түрленетiн екiлiк сан оңнан солға қарай цифрларды тӛрттен жеке-жеке топқа бӛлiп, цифрлардың әрбiр тобын кестеде кӛрсетiлген цифр түрiнде жазады.
Ондыј жүйе | Екiлiк жүйе | Оналтылық жүйе |
0 | 0000 | 0 |
1 | 0001 | 1 |
2 | 0010 | 2 |
3 | 0011 | 3 |
4 | 0100 | 4 |
5 | 0101 | 5 |
6 | 0110 | 6 |
7 | 0111 | 7 |
8 | 1000 | 8 |
9 | 1001 | 9 |
10 | 1010 | A |
11 | 1011 | B |
12 | 1100 | C |
13 | 1101 | D |
14 | 1110 | E |
15 | 1111 | F |
Мыс: 0001001011012=12D16
Дәріс-11. PGP криптографиялық жҥйесі.
PGP криптографиялық жүйе Pretty Good Privacy (PGP) криптожүйе Phil's Pretty Good Software фирмасы шығарған және MS-DOS, Windows, Unix, VAX/VMS және т.б. ОЖ үшін үлкен құпия дәрежелі криптографиялық жүйе болып табылады. PGP қолданушыға файлдармен, хабарлармен алмасға мүмкіндік береді және құпиялық функцияларын, нақтылығын тексеруге, сақтауға, жұмыс істеуге ӛте тиімді. PGP криптожүйесі RSA криптографиялық жүйесін ашық кілтімен тиімді қолдануды ӛзіне біріктіреді. PGP ашық кілт функциясын тез орындайды. PGP — бұл барлығы үшін ашық кілтті криптографиялық жүйе. PGP модеммен жұмыс істеу мүмкіншілігі жоқ. Ол үшін бӛлек бағдарламманы қамттамасыз ету керек. Стандартты криптографиялық жүйелерде мысалы, US Federal Data Encryption Standart (DES), бір кілтті шифрлеу кезінде және шешіп алу кезінде қолданады және кілт құпия каналдар арқылы жіберіледі. Бұл жағдай тиімді емес. Криптографиялық жүйеде ашық кілтімен әр адамда бір бірімен байланысты екі кілті болады: жарияланған ашық кілт және құпия кілт. Осы адамдардың әр қайсысында шифрды шешіп алатын коды болады. Мұндай протокол арнайы байланыс каналдарсыз құпияны қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, хабардың нақтылығы анықталады. Электрондық қол қою арқылы қабылдап алған хабар шынымен жіберілген адамдікі ме екендігін анықтайды. Осы екі процессті құпиялықты және нақтылықты анықтау үшін біріктіруге болады. Ашық кілттер «кілттік сертификаттар» түрінде сақталады. Ашық кілттер сертификаттары ашық кілттерден, ал құпия кілттер сертификаттары – құпия кілттерден тұрады.Әр құпия кілт бӛлек парольмен шифрленеді. Кілттер файлы, немесе кілттер каталогі («кольцо с ключами» — «keyring») бір немесе бірнеше осындай сертификаттардан тұрады. PGP қол қоюды құру үшін
«хабарлар дайджестлерін» қолданады. Хабар дайджест — бұл криптографиялық 128- биттік,бірқатарлы, алымды хэш-функция. дайджест екі бірдей дайджестпен хабарды құруға мүмкіндік бермейді. Хабар дайджестсі электрондық қол құру үшін құпия кілтпен шифрленеді. Қабылдаушының бағдарламалық қамтамасыз ету автоматты түрде құпия кілттер каталогінаң шифрден шешіп алу құпия кілтің іздейді. Осы екі кілттер каталог түрлері ашық және құпия кілттермен жұмыс істеудін және сақтаудың негізгі әдісі болып табылады. PGP бағдарламмасын құру және қолдану. PGP (Pretty Good Privacy)- жоғарғы дәрежелі беріктігімен криптограйиялық /шифровальдық/ бағдарламма. Ол қолданушыларға толық конфиденциальды режимінде электрондық түрде ақпараттар алмасуды қамтамасыз етеді. Бұл бағдарламманың негізгі мүмкіншілігі қолданушылар шифрленген хабарды бір біріне жіберген кезде құпия кілтпен алмасу қажет емес. ӛйткені бұл бағдарламма жаңа жұмыс принципі бойынша құрылған- публикалық криптография немесе ашық кілтпен алмасу, мұнда қолданушылар
«Интернет»арқылы ашық түрде бір біріне кілттерін жібере алады, бірақ басқа адамдар олардың хабарын оқып қоя алмайды. PGP бағдарламмасы принципінде екі бір біріне байланысқан кілттер қолданылады: ашық және жабық кілттер. Жабық кілтке тек сізге қол жеткірлікті, ал ашық кілтінізді басқаларға қол жетерлік. Бұл бағдарламманың тағы бір мүмкіншілігі , ол тегін, және әрбір қолданушы оныИнтернеттен кӛшіріп ала алады. PGP шифрленген хабарды тек қабылдаушы ғана шеше алады. PGP Филипп Циммерман құрушы бағдарламманың кодың ашық түрде жариялаған, оны бірнеше специалисттар зерттеп осы бағдарламмма жайлы кемшіліктер байқаған жоқ. PGP қалай жұмыс істейді. Қолданушы PGP арқылы хабарды шифрлеген кезде бағдарламма ең бірінші мәтінді сығыстырады, ол модем арқылы жіберу уақытың қысқарту және шифрлеудін сенімділігін тудыру үшін қолданылады. Содаң сон PGPсессиялық кілтті генерациялайды. Деректер шифрленген сон сессиялық кілт хабар алушының бәріне белгілі кілті арқылы шифрленеді және шифрленген мәтін мен бірге жіберіледі. Шифрден шешіп алу қайта кезегімен ӛтеді. Хабар қабылдаушының PGP бағдарламмасы қабылдаушының жабық кілтін қолданады, сессиялық кілтті шешу үшін, содаң кейін
бағдарламма шифрленген мәтінді шеше бастайды. Кілттер Кілт – бұл мәтінді шифрлеу үшін криптографиялық алгоритмда қолданылатын сан. Ереже бойынша кілттер – бұл ӛте кӛп сандар. Кілт саны битпен ӛлшенеді. 1024 битпен берілген сан – ӛте кӛп. Публикалық криптографияда кілт үлкен болған сайын, оны басқа біреулер шешіп алу ға қиынға түседі. Бірақ егер компьютер ӛте қуатты болса шіп алуға мүмкін. Сондықтан кілттердің кӛлемі сәйкес келетін болған қажет. Кілттер сіздің компьютерінізде қатты дискта сақталып тұрады, екі файл түрінде: біреуі ашық кілт үшін, екіншісі – жабық кілт үшін. Бұл файлдарды «сақина» (keyrings) деп атайды. Цифрлық қол қою Публикалық криптографияның тағы бір мүмкіншілігі ол цифрлық қол қою мүмкіндігі. Цифрлық қол қою қолмен қол қою функцияларын орындайды, бірақ цифрлық қол қоюды басқа біреу ӛтірік қоя алмайды, ал қолмен қол қоюды ӛтірік біреу ұқсастырып қоя солу мүмкін. ХЭШ-ФУНКЦИЯСЫ PGP тағы бір мүмкіншілігі, ол «хэш-функция» қолданылады , ол арқылы егер ақпарат бір битке болса да ӛзгертілсе, онда «хэш-функция» нәтежесе басқа болып шығады. «хэш-функции» және жабық кілт арқылы «қол қою» құрылады, сосын ол бағдарламма арқылы мәтінмен жіберіледі. Қабылдаушы PGP арқылы негізгі мәтінді және қол қоюды тексере алады. ПАРОЛЬДЫҚ ФРАЗА Парольдық фраза – бұл бірнеше сӛз жиыны, ол теория жағынаң парольдық сӛзден қарағанда, ӛте тиімді болып саналады. Паральдық фразалар ӛте үзың және қүрделі болу керек, сонымен қатар онда цифрлық белгілермен пунктуация белгілері болу қажет. Парольдық фразаны ұмытып қалмайтындай және үшінші адам оны шешіп алмайтындай болу қажет. Шифрленген хабарды қалай жіберуге болады. Сіздін корреспондентініздін ашық кілтін компьютерінізге енгізгеннен соң қабылдаушыға хабарды келесі түрде жіберуге болады: почталық программада Outlook Express хабар құрастырамыз. Хабар жіберуге дайын болған соң Outlook Express панеліндегі жасыл конверт бейнеге басамыз немесе tools мәзірінде encrypt using PGP тандаймыз және file мәзірінен send later командасын орындаймыз. Бұл кезде экран бетінде PGP программасының терезесі пайда болады Recipient selection атауымен, мұнда корреспонденттін ашық кілтін тауып, тышқанмен басып, O'K батырмасын басу қажет. Осыдан кейін программа автоматты түрде мәтінді шифрлейді және оны outbox бумасына кіргізеді. Одан кейін интернетке кіріп хабарды жіберуге болады. Хабарды шешіп алу Бірінші әдіс Қабылданған хабарды ашып, Outlook Express панеліндегі екінші сол жақтағы белгіні басамыз, немесе PGP мәзірінен decrypt message командасын орындаймыз. Бірнеше секундтан соң хабар шифрдаң шешіледі және терезеде пайда болады. Екінші әдіс Тағы бір әдіс бар, PGP қолданып Outlook Express арқылы шифрлеуден қарағанда күрделі. Бұл әдісті PGP-ді Outlook Exress программасын қолданған кезде енгізе алмаған жағдайда. Outlook Express арқылы хабар құрастырамыз, сосын оны edit - select all командасы арқылы белгілеп Windows буферіне copy командасымен кӛшіреміз. Осыдан кейін тышқанды PGP белгісіне әкеліп encrypt clipboard командасын орындаймыз. PGP сұхбат терезесі пайда болады key selection dialog атаумен. Осы терезеден корреспонденттін ашық кілтін тандап алып тышқанмен екі рет басу қажет, сол кезде ол астында пайда болады, содан кейін O'K батырмасын басамыз, бұл кезде программа clipboard барлық мазмұнын шифрлейді. Сосын хабарға кіріп тышқанды хабардын жолына қойып оң жақ батырманы басып paste командасын орындаймыз. Осының нәтежесінде шифрленген clipboard мазмұны алдынғы хабарды ауыстырады, сонымен шифрлеу процессі аяқталады. Енді хабарды жіберуге болады. Хабарды шифрден шешіп алуда осылайша болады: яғни қабылданған мәтінді белгілеп Windows буфері арқылы clipboard-қа кӛшіреміз, PGP мәзіріне кіріп decrypt and verify clipboard командасын тандаймыз. PGPпрограммасының терезесі пайда болады, онда пароль енгізу қажет біздін алдымызға шифрден шешілген хабар шығады. Үшінші әдіс: Мәтінді бір редакторда құрып, мысалы блокнотта, және оны файл түрінде сақтаймыз. Содан кейін проводниктен файлды белгілесек, PGPатты тағы бір команда пайда болады. Тышқанмен PGP бассақ біз тӛрт командадан тұратын ашылған мәзірді кӛреміз: encrypt sign encrypt and sign wipe бірінші команданы бассақ корресподенттін ашық
Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 524; Мы поможем в написании вашей работы! |
Мы поможем в написании ваших работ!