Негізгі микросхема дегеніміз не? 6 страница
1- кесте ДК типтері мен мінездемесі
Процесс ор моделі | Жұмыс ӛнімділігі | Жедел жады Мӛлшері | Қатты диск (винчестер) |
Типі | МГц | Мб | Мб |
Intel 286 | 8-20 | 1-2 | 20-80 |
Intel 386 | 40-60 | 2-4 | 40-200 |
Intel 486 | 66-100 | 4-8 | 80-500 |
Pentium | 100-300 | 8-32 | 500-2000 |
Pentium IV | 1000-3400 | 128-512 | 10000-80000 |
Микропроцессорлардың бір-бірінен ӛзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде), яғни оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының кӛрсеткіші - тактілік жиілігінде жатыр. Жиілігі артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да ӛсе түседі. Қазіргі уақытта PentiumIV процессорлы компьютер қолданысқа еніп, басқа кӛрсетілген модельдер ескірген.
Микропроцессордың қҧрамы:
· Басқару құрылғылары;
· Арифметикалық – логикалық құрылғы (АЛҚ);
· Микропроцессорлық жад- кэш жад;
· Микропроцессордың интерфейс жүйесі – жалпы міндет атқаратын регистрлер.
Басқару қҧрылғылары(БҚ) - орындалып жатқан операцияларда қолданылатын басқару импульстерін (сигналдарды) қажет кезінде қалыптастырып, машинаның
барлық блоктарына жібереді. БҚ – жад ұяшықтарының адресін жасайды және бұл адрестерді ЭЕМ-нің сәйкес блоктарына жӛнелтеді.
Арифметикалық – логикалық қҧрылғы(АЛҚ) - сандық және символдық ақпараттармен орындалатын барлық арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды.
|
|
Жалпы міндет атқаратын регистрлер– бұларда негізгі жадтан түсетін аралық мәндер сақталады.
Кэш-жад –процессор мен жедел жады арасында буфер ретінде қолданылатын, қойма сияқты жады, оған аралық деректер мен командалар келіп түседі. Кӛп мәліметтерді кэш-жадтан алу әрекеті процессордың мәліметтерді алуына жеңілдік келтіріп, оның жылдамдығын арттыруға жәрдемдеседі, яғни кэш-жад компьютердің жұмыс ӛнімділігін арттыруға арналған. Кэш-жад екі деңгейлі, біріншісі - процессор ішінде, ал екіншісі - процессордан тысқары, яғни тақшада орнатылады, кӛлемі 256 Кбайт-тан 512 Кбайт-қа дейін болады.
Енгізу/шығару порттарыкомпьютерді сыртқы баспа, модем сияқты құрылғылармен жалғастыру үшін қажет. Порттар екіге бӛлінеді:
ü жалпы мақсаттық параллель порт;
ü асинхронды (бір уақтылы емес) тізбекті порт. Олардың сәйкес түрде белгіленуі: LPT1- LPT3, COM1 - COM3.
Енгізу/шығару құрылғылары мен процессор арасында ӛтетін ақпарат алмасу алдымен, адаптердеп аталатын, осы құрылғылардың жұмысын үйлестіруші интегралдық схемаға келіп түседі (латынша adaptere –үйлестіруші). Адаптер - әр түрлі құрылғылардың жұмысын басқаратын құрылғы. Контроллер– мәліметтерді тасымалдау құрылғыларын компьютерге жалғау қондырғысы.
|
|
Адаптердің жұмысына мысал: екілік кодтарды жадтан мониторға жіберу кезінде сәйкес адаптер (бейнеадаптер) алдымен оларды түрлі символдарға аударатын сигналдарға айналдырады: кез келген пернені басып, қоя берген кезде пернетақта сәйкес екілік кодтың сигналдарын процессорға, жадқа бірінен соң бірін ретімен жібере бастайды. Бұл кодты алдымен пернетақта адаптері қабылдайды да, оны процессор жұмыс істей алатын параллель кодқа айналдырады. Адаптерлердің ӛздері қабылдаған ағымдық команданы немесе деректерді жазып қоятын ұяшықтары бар, оларды порт регистрлерідеп атайды. Адаптерлер - процессор, жад және басқа құрылғылармен жүйелік шина немесе магистраль деп аталатын кӛп қабатты тақшаның (платаның) ток ӛткізгіш желісі арқылы байланыстырылып қойылған. Байланыстыру шинаға дәнекерленіп қосылған порттар деп аталатын ажыратып қосқыштар арқылы орындалады. Шина үш бӛлімді: адрестік шина, мәліметтер шинасыжәне басқару шинасы.Әр шина сандары бірдей емес кӛптеген ӛткізгішті сымдар тобынан тұрады. Адрестік шина арқылы ақпарат жазылатын ұяшықтың адресі жіберіледі. Мәліметтер шинасы арқылы ақпарат, ал басқару шинасы арқылы «ақпаратты жазу», «ақпаратты оқу» сияқты түрлі командалар жіберіледі.
|
|
Таймер(уақытты белгілеу) – кәдімгі сағат рӛлін атқаратын интегралдық схема. Оның қызметтерінің бірі – монитор экранында кескіндерді қалпына келтірудің уақытша аралықтарын беру, яғни синхрондау, т.б.
Магниттік дискіде жинақтауыш (дискіжетек)– ақпаратты қатты магниттік дискіге немесе иілгіш магниттік дискіге жазуға, не онда жазылған ақпаратты машина жадына енгізуге арналған құрылғы. Қатты магниттік дискі мен иілгіш магниттік дискілерді сыртқы есте сақтау құрылғылары деп те атайды. Диск түрлері:
1) Иілгіш магниттік диск немесе дискет (табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск), кӛлемі: диаметрі
|
|
89 мм болатын 3,5 дюймдік дискетте екі түрлі кӛлемде ақпарат жазылады - 1,44 Мб және 720 Кб;
2) Қатты магниттік диск (орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық корпусқа салынып, жүйелік блокта орналасады, ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дестеге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады). Ӛте кӛп ақпарат сақтауға болады. Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер)ақпаратты тұрақты сақтауға арналған. Винчестер компьютердің ішіне орналастырылған дискіжетекке бекітіліп қойылған, сондықтан ол дискіжетектен алынып-салынбайды. 80286 процессорлы ІВМ РС-де катты дискінің мәлімет сиымдылығы 20 - 40 Мб, ал Pentuim - 6 Гб-қа дейінгі деңгейде немесе одан да жоғары болады. Иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда, винчестерге ӛте кӛп мәлімет кӛлемі сияды, сондықтан оны пайдалану ӛте ыңғайлы.
Жазу құрылғыларын дискіжетекдеп, жинақты (компакт) дискілерге жазатын, не олардан оқитын құрылғыны CD-ROMдеп атайды. Бұл құрылғыны компьютерге арнайы орнату қажет. Ол қозғалатын бейнелерді, мәтіндерді және дыбыстармен жұмыс істеу үшін кеңінен пайдаланылады.
3) Компакт-диск (CD-R), қарапайым компакт-дискінің кӛлемі 650 Мб, яғни 650 миллион символ сияды, бірақ бұдан тек мәлімет оқуға болады, ал жазуға болмайды.
Соңғы кездерде магниттік таспадағы жинақтауыштар - стримерлер шықты. Стример- мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы. Олар үлкен кӛлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы баяу жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.
Дәріс-9. Дербес компьютердің ішкі жадтары
Компьютердің ішкі жадын - жедел жады (RАМ - Random Access Memory)мен тҧрақты есте сақтау қҧрылғысы (RОМ - Read Only Memory)құрайды. Осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. Ӛңделуге тиісті кез-келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадыға жазылады.
Жедел жады(RАМ) - компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу ӛңделуге тиіс мәліметтер мен программалар ғана сақталады. Жедел жадта ақпарат тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сӛндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток ӛшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам ӛзіне ұзақ уақыт керек болатын ақпаратты жоғалтып алмауы үшін оны әлсін-әлсін магниттік дискіге жазып отыруы керек.
Сыйымдылығы 1 Мб немесе одан да жоғары болып келетін компьютерлердің жедел жады екі бӛлімнен тұрады - алғашқы 640 Кб қолданбалы программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалғаны тӛмендегідей мақсаттарға пайдаланылады:
· операциялық жүйенің алғашқы жүктемесін және компьютердің жұмысқа жарамдылығын тексеретін операциялық жүйенің бӛлігін сақтауға, сондай-ақ тӛменгі деңгейдегі қарапайым енгізу-шығару жұмыстарын орындау үшін;
· экранға кескіндерді беру үшін;
· компьютердің қосымша құрылғыларымен бірге жүктелетін операциялық жүйелердің әр түрлі кеңейтілген мәліметтерін сақтау үшін қажет болады.
Компьютердің жедел жадының кӛлемі ӛскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Ақпарат кӛлемін ӛлшеуде байт бірлігі (қатар тұрған сегіз бит - бір мен нӛл тізбегі) қолданылады. Осы ӛлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын ақпарат 360 Кб, 720 Кб немесе 1,44 Мб болып жазылуы мүмкін. Винчестер деп аталып жүрген қатты дискіде, 1000 - 10000 Мб (1-4 Гигабайт) және одан да кӛлемді 1 Тбайт (1 Терабайт)=1012 байт ақпарат жазылып сақталады. Жедел жадтың кӛлемін оның негізгі тақшасына микросхема қоса отырып үлкейтуге болады.
Компьютер ӛшкен кезде, оның жедел жады ешқандай программаны да, мәліметті де сақтай алмайды. Сондықтан компьютер ӛшкен мезетте–ақ процессордың адрестік шинасына бастапқы адрес қойылады, ол программаның қатысуынсыз аппаратпен іске асырылады. Бұл адрес жедел жадты кӛрсетпей тұрақты есте сақтау құрылғысын кӛрсетеді.
Тҧрақты жады(ROM) – энергияға тәуелсіз жады, ӛзгертуді қажет етпейтін мәліметтерді сақтайды, оны тек оқуға ғана болады, ӛшіріп қайта жазуға болмайды. Тұрақты есте сақтау құрылғысы - процессордың жұмыс кезінде жедел жад пен тұрақты есте сақтау құрылғысымен мәлімет алмасып отырады. Тұрақты есте сақтау құрылғысы компьютер ӛшіп тұрғанда да, ақпаратты ұзақ уақыт сақтайды. Тұрақты жадқа керекті программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар кӛбінесе компьютерді токқа жалғаған кезде оны тексеріп, іске қосу үшін қажет. Кӛлемі - 32 Кб-64 Кб шамасында. Тұрақты есте сақтау құрылғысында орналасқан программа BIOS(Basic Input Output System) енгізу/шығару базалық жҥйесідеп аталады, ол ЭЕМ іске қосылған сәтте процессордың, жедел жадының және басқа құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін тест арқылы тексереді, сондай-ақ сыртқы құрылғылар адаптерін басқаруды қамтамасыз етеді. Операциялық жүйенің келесі бӛлігі болып саналатын
жүктеуішті дискіден шақырып іске қосады.
Процессордың ӛте жылдам істейтін тағы бір шағын кӛлемді жады бар, оны кэш- жад (Саsh) деп атайды. КЭШ-жад- жедел жад пен процессордың жұмысын жеделдету үшін аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады.
Энергияға тәуелсіз жад– СMOS технологиясы бойынша жасалған, аналық тақшада орналасқан микросхема. Бұл микросхема аналық тақшада орналасқан шағын
батареямен қоректенеді. Компьютер ӛте ұзақ уақыт іске қосылмаса да батарея зарядын жоғалтпайды. Күнтізбе мен уақытқа арналған жүйелі сағат осы жадта орналасқан.
Дербес компьютердің сыртқы қҧрылғылары
Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары кӛмекші операцияларды орындауға арналған. Олар мынадай түрлерге бӛлінеді:
· Мәліметтерді енгізу құрылғысы;
· Мәліметтерді шығару құрылғысы;
· Мәліметтерді сақтау құрылғысы;
· Мәліметтерді алмастыру құрылғысы.
Мәліметтерді енгізу қҧрылғысы.Ақпарат пен басқару командаларын енгізетін негізгі құрылғыларға пернетақта (клавиатура),графикалық курсормен басқарылатын құрылғы "тышқан" қолтетігіжәне графикалық немесе мәтінді ақпараттарды оқуға арналған оптикалық құрылғы - сканержатады. Енгізу функцияларын жарық қаламҧштары, жарық сезгіш планшеттер, компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік - джойстикте орындайды.
Мәліметтерді шығару қҧрылғысы - бейнемонитор. Бейнемонитор екі құрылғыдан тұрады: мониторжәне бейнеадаптер. Бейнеадаптер (Видеокарта) -бейне құрушы символдарды, график және түрлі түстерді түзетін сигналдарды монитор экранына жіберетін интегралдық микросхема.
Монитор- ЭЕМ-ге міндетті түрде қажет сыртқы құрылғы, ол компьютердің жедел жадында ӛңделетін ақпаратты экранда кӛру үшін қажет. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды(ақ-қара түсті) және тҥрлі-тҥстіболып, ал экранға шығарылатын ақпарат түрлеріне байланысты символдық (тек символдық ақпарат) және графиктік (символдық және оған қоса графиктік ақпарат) болып бӛлінеді. ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бӛліктен: монитормен адаптердантұрады. Біз тек мониторды кӛреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы.
Экранда бейненің кӛріну сапасы және нүктелердің экранда бір түсті не түрлі- түсті боялып кӛрсетілуі бейнеадаптердің үлгісіне байланысты (2-кесте).
2 - кесте Бейнеадаптер үлгілері
Бейнеадаптер үлгілері | Экран сыйымдылығы | |
Мәтіндік режим | Графикалық режим | |
CGA - Color graphics Adapter | 80х25, 16 түс | 320x200, 4 түс |
EGA - Enhanced Graphics Adapter | 80х25, 16 түс | 640-350, 16 түс |
VGA - Video Grapich Array | 80х25, 16 түс | 720х350, 16...256 түс |
SVGA - SuperVGA | 80х25, 16...256 түс | 800х600, 16..256 түс |
Соңғы кездерде кӛбірек пайдаланатын бейнеадаптер – SVGA, басқа адаптерлерге қарағанда бағасы қымбат, онда пайдаланатын түстердің саны кӛп және мониторда символдар мен нүктелер экранда анығырақ кӛрінеді. Соңғы кездерде шығарылған Pentium типті дербес компьютерлерде осы бейнеадаптер орналастырылған.
Сканер -құжаттан шығарылған сәулені қабылдап, олардан цифрлы сигналдар құрастыратын, түрлі мәтіндерді, суретті, графикалық кескіндерді, фотосуреттерді қағаз бетінен компьютерге енгізуге арналған оптикалық құрылғы. Сканермен жұмыс істеу
үшін арнайы драйвері болуы тиіс. Сканер арқылы компьютерге енгізілген мәтінді редакторлеп, ӛзгеріс жасау үшін, мәтінді Fine Reader программасы арқылы Word мәтіндік редакторының терезесіне жіберу керек.
Плоттер (график сызғыш) - мәліметтерді, негізінен графиктік ақпаратты қағазға, плакаттарға шығарады.
График сызғыштар жобалау жұмыстарын автоматтандыруда әртүрлі сызба түріндегі бейнелерді басып алу үшін қажет. Бұлар бір түсті, түрлі түсті болып, сызу сапасына қарай бірнеше топтарға жіктеледі.
Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 1016; Мы поможем в написании вашей работы! |
Мы поможем в написании ваших работ!