VIII- Вариант Эндокринді синдромдар



152. Гиперпролактинемия – қанда пролактин деңгейінің жоғарылауымен сипатталатын патологиялық жағдай. Гиперпролактинемия жасы 25-40 арасындағы әйелдерде жиі, осы жастағы ерлерде сирек дамиды. Бұл патологияның мүмкін себептерін белгілеңіз.

A++.құсуға қарсы, антидепрессанттық дәрмектерді (амитриптилин), эстрогендері жоғары жүктілікке қарсы дірмектерді қабылдау

B++. поликистозды аналық бездері синдромы, бауыр циррозы, БСШ

C. біріншілік бүйрекүстілік шамасыздық

D. инсулинге сезімталдықтың төмендеуі

E. гипертиреоз

F. сүт бездерінің рагі

G.мастопатия

154. 25жастағы әйелде қалқанша безінің 2 дәрежелі ұлғаюы анықталды. Қалқанша безінің УДЗ: диффузды қлғаю, эхотығыздылығының жоғарылауы мен құрылымының әркелкілігі нақталды. Клиникалық жағдайды шешіңіз, диагнозын дәлелдеуде шешуші диагноздық маңызы бар тексерулерді көрсетіңіз.

A. левотироксинмен сынамалы ем

B.++қанда анти-ТГ, анти-ТПО деңгейлерін анықтау

C. ++бездің жіңішке инелік аспирациялық биопсиясы

D. қалқанша безінің пальпациясы

E. қанда Т3 жалпы фракциясын анықтау

F.глюкозаға төзімділігін анықтау

G.йодуриямедианасын анықтау

H++. қанда Т4 белсенді фракциясы мен ТТГ деңгейлерін анықтау

155. 45 жастағы науқаста АҚ тұрақты 200/110 мм сын. бағ.дейін жоғарылауы, бұлшық еттерінің әлсіреуі мен құрысулары, несепке жиі баруы бір жыл барысындабақыланды. Компьютерлік томограммада сол бүйрекүсті безінің үлкеюі анықталды. Клиникалық жағдайды шешіңіз; тиімді дәрмек тағайындаңыз.

A.феохромоцитома; конкор

B.біріншілік гиперальдостеронизм; физиотенз

C.артериялық гипертензия, асқынған; фуросемид

D.синдромы – Иценко Кушингтің; индапамид

E.++біріншілік гиперальдостеронизм; верошпирон

156.Мерказолилмен емдеу барысында қан түзу жүйесі жағынан дамуы мүмкін жағымсыз әсерін таңдаңыз:

A. гипогликемия

B.эритроциттердің тұну жылдамдығының (ЭТЖ) артуы

C.++агранулоцитоз

D.лейкоцитоз

E.гипергликемия

157.17 жастағы бозбала, қантты диабеттің 1 типімен дертті,кенет есін жоғалтты. Тері жамылғылары суық, ылғалды, көз алмаларының тонусы тқмендеген. Клиникалық жағдайды шешіп, асқынуы мен шұғыл көмегін анықтаңыз:

A.++гипогликемиялық кома, глюкагон дәрмегін 5 мл б/е енгізу қажет

B.гипогликемиялық кома, тәтті сусын ішкізу керек

C.синкопе, мүсәтір спиртін ішкізу керек

D.гипергликемиялық кома қысқа әсерлі инсулинді 0,1 Б/кгтері астына енгізу керек

E.гипергликемиялық кома қысқа әсерлі инсулинді 0,2Б/кгтері астына енгізу керек

158. 38 жастағы ер кісіде 2 типті қантты диабет. Гликемия деңгейін бақылауға метформин 1000 Б 2 рет/тәу. және глимепирид 2 мг 1рет қабылдайды. Соңғы айларда АҚ 150/100 мм сын. бағ. дейін жоғарылап, аяқтарында ісінулер, бауырының үлкеюі, протеинурия қосылған. ЭКГ: жиі қарыншалық ЭС. Диабеттік макро-, микроангиопатиялар негізінде жүзеге асқан нозобірліктерді белгілеңіз:

A.++жүректің ишемиялық ауруы, ырғақ бұзылысымен: жиі қарыншалық ЭС

B.++симптомдық артериялық гипертензия 2 дәр., өте жоғары қауіп тобы

C++.диабеттік нефропатия (креатининнің, белоктің тәуліктік жоғалу мөлшерін анықтағаннан соң Могенсен бойынша сатысы қойылады)

D.ревматизмдік емес миокардит,ырғақ бұзылысы: жиі қарыншалық ЭС

E.ревматизмдік миокардит, ырғақ бұзылысы: жиі қарыншалық ЭС

F.анемиялық кардиомиопатия, қарыншалық ЭС

G.ятрогенді (дәрмектік) артериялық гипертензия ырғақ бұзылысымен

H.майлы гепатоз,семіздік кардиомиопатиясы, қарыншалық ЭС

159. 15 жылдан бері қантты диабеттің 1 типімен дертті науқаста соңғы айларда гипогликемия жағдайлары, протеинурия мен АҚ жоғарылаулары, көз көруінің нашарлауы пайда болды. Диабеттік микроангиопатиялар негізінде дамыған асқынуларды белгілеңіз.

A. жүректің ишемиялық ауруы, ырғақ бұзылысымен: жиі қарыншалық ЭС

B.++диабеттік ретинопатия

C++. диабеттік нефропатия (после определения креатинина, суточной потери белка с мочой ставится стадия по Могенсену)

D.симптомдық артериялық гипертензия 2 дәр., өте жоғары қауіп тобы

E.эссенциальді артериялық гипертензия 2 дәр., өте жоғары қауіп тобы

F.цереброваскулярлы ауру

G.перифериялық артериялардың созылмалы облитерациялаушы аурулары

 

160.Қантты диабеттің барлық типтерінде 2-5 жылдан соң майда және ірі тамырлардың зақымдануларымен байланысты асқынулар дамиды. Тек макроангиопатиялармен байланысты асқынуларды белгілеңіз.

A. полинейропатия

B. ++перифериялық артериялардың созылмалы облитерациялаушы аурулары

C. ++жүректің ишемиялық ауруы

D. диабеттік ретинопатия

E. диабеттік нефропатия

F. эссенциальді артериялық гипертензия

G. ++цереброваскулярлы ауру

H. диабеттік түйінді «гломерулосклероз»(Киммельстилл-Уилсон синдромы)

 

161.35жастағы эндемиялық аймақта тұратын әйелде салмағының артуы, әлсіздік, бетінің ісінуі, терісінің құрғауы, іш қатпалары, аменорея, есте сақтауының нашарлауы дамыды. Об-ті: терісі құрғақ, салқын, буындарының сырт беттерінде гиперкератоз. Қалқанша безі 2 дәр. үлкейген. АҚ 90/60 мм сын. бағ. Науқасқа қатысты дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз.

A. екіншілік гипотиреоз

B. ++қанда Т3, Т4 деңгейлері төмен

C. ++қанда ТТГ деңгейі жоғары

D. анти-ТПО, анти-ТГ ауытқулары жоқ

E. орталық семіздік

F. ++эндемиялық жемсау 2 дәр., біріншілік гипотиреоз

G. аутоиммунды тиреоидит, гипотиреоз сатысында

H. гипоталамустық синдром

 

162. 33жастағы эндемиялық аймақта тұратын әйелдебетінің ісінуі, терісінің шамалы құрғауы,есте сақтауының нашарлауы, апатия дамыды.Қалқанша безі 1 дәр. үлкейген.АҚ 90/60 мм сын. бағ., пульсі 68 мин. Субклиникалық гипотиреоз диагнозы қойылды. Осы клиникалық жағдайға қатысты дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз.

A. қанда ТТГ, белс. Т3, белс.Т4деңгейлері төмен

B. ++қанда ТТГ деңгейінің жоғарылауы

C. ++қанда белсенді Т3и Т4 деңгейлері қалыпты

D. қанда ТТГ деңгейінің жоғарылауы, Т3, Т4 деңгейлері төме

E. қанда ТТГ, белс. Т3, белс.Т4деңгейлері жоғары

F. қанда ТТГ, белс. Т3, белс.Т4деңгейлері қалыпты

G. анти-ТПО, анти-ТГ деңгейлерінің жоғарылауы

 

163. 59жастағы қантты диабеттің 2 типімен дертті әйел сиофордфң 500 мг/тәу. қабылдайды, емдәмді 1400 ккал/тәу. қадағалайды. Оң қабырға астының ауыруы мазалайды. Ашқарындағы гликемия 9,5 ммоль/л, тамақтан кейін 2 сағаттан соң 14,0 ммоль/л. Бауыры қабырға доғасынан 3-4 см шығыңқы. Дәрігерлік тактиканы анықтаңыз.

A. ++сиофорды алып тастау

B. ++ұзақ әсерлі инсулинді ұйқы алдында тағайындау

C. сиофордың бұрынғы дозасын қалдыру

D. сиофордың дозасын 1000 мг/тәу. арттыру

E. сиофорға сульфаниламид қосу

F. сиофорды алып тастау, әр негізгі тамақтану алдында қысқа әсерлі инсулинді тағайындау

G. тек қысқа әсерлі инсулинді тағайындау

164.48 жастағы пациентке диффуздытоксиндік диагнозы қойылды. Осы науқасқа тән гормондық профильді таңдаңыз.

A. ++қанда ТТГ деңгейінің төмендеуі

B. ++қанда Т3 деңгейі жоғары

C. ++қанда Т4 деңгейі жоғары

D. қанда ТТГдеңгейі жоғары

E. қанда Т3 пен Т4деңгейлер төмен

F. қандағы ТТГдеңгейі қалыпты

G. қандаТ3 пен Т4 деңгейі қалыпты

H. қанда кортизола деңгейі қалыпты

 

165. 38жастағы әйел айқын әлсіздікке, есте сақтауының төмендеуіне, жаурағыштыққа шағымданды. Терісі құрғақ, айқын гиперкератоз. Сөйлеуі анық емес, дауысы жуан, брадикардия. Қалқанша безі үлкейген, тығыз. Қанда

Т3пен Т4деңгейлері төмен, ТТГ – жоғары. ТГ мен ТПО антиденелері де жоғары. Осы пациентке қатысты дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз.

A. эндемиялық жемса (зоб)

B. ++клиникалық гипотиреоз

C. ++емі левотироксинмен

D. ++аутоиммунды тиреоидит

E. йод дәрмектерімен ем

F. диффузды токсиндік жемсау

G. емітирозолмен және бета-блокаторлармен

H. бас мисауыты жарақатының салдары, екіншілік гипотиреоз

166. 30 жастағы әйелде босанғаннан соң (босану кезеңі массивті қан жоғалту және артериялық гипотензиямен асқынған) 4-5 айдан кейін Шиен синдромы қойылды. Диагнозын қоюға негіз болған клиникалық көріністерді белгілеңіз.

++A.адинамия,бас ауырулары; АҚ 90/60 ммсын. бағ., пульсі 56 мин

++B.терісінің құрғақтығы, шаштарының, қолтық асты, қасаға түктерінің түсуі, іш қатулары

++C.аменорея, сүті шықпай қалған

D.тахикардия, АҚ жоғарылауы, ырғақ бұзылысы

E.ертеңгіліктегі ісінулер, қуқылдық

F.артық салмақ пен көкжолақтардың (стриялардың)

G.жылауықтық пен экзофтальм

H.аса белсенділіктің пайда болуы

 

167. Екі жылдан бері науқас 44 жастағы ер кісігекортикотропинома диагнозы тұжырымдалды. Диагнозын қоюға негіз болған клиникалық көріністерді белгілеңіз.

A. ++артық салмақтың қосылуы, АГ, басының, омыртқасының ауырулары, әлсіздік

B. ++об-ті: семіздік, тіні кеміген көкжолақтар, матронизм, жалған гинекомастия

C. ++қосымша тексерулерден, МРТ: гипофиз аденомасы; пролактиннің қандағы  концентрациясы қалыпты, кортизолдың – жоғары

D. шағымдары: салмақ жоғалту, АҚ төмендеуі, әлсіздік, бас ауырулары, аменорея

E. об-ті: кахексия, сыртқы жыныс органдарының атрофиясы

F. шағымдары: гипербелсенділік, күйгелектік, жылауықтық, жүрек қағуы, жүрек аймағының ауыруы

G. телеграф бағаны симптомы, экзофтальм, тахикардия, АГ

H. салмағының артуы, инерттілік пен апатия, тері құрғауы, қатпалар, брадикардия

 

168. 49 жастағы ер кісінің дене салмағы қалыпты, 5 жылдан бері қантты диабеттің 2 типімен ауырады. Тәулігіне метформинді 1500 мг және глибенкламидті 10 мг қабылдайды. HbA1C 9,5%, креатинині 160 ммоль/л. Соңғы жыл барысында 4 кг салмақ жоғалтқан. Диагнозын өзгеріс енгізу және емін коррекциялауға қатысты дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз.

A.инсулинге тәуелсіз түрі, екі дәрмектің де дозасын арттыру

B++. инсулиндік емге өткізу

C.инсулинтәуелді түрі

D.глибенкламид дозасын арттыру

E.инсулинге тәуелсіз түрі, метформин дозасын арттыру

F. ++инсулинге мұқтаж түрі

G.инсулинге мұқтаж түрі, пиоглитазонды қосу

169. 9 жастағы қызда уақытынан ерте жыныстық жетілу клиникасы бар. Осы жағдайға тән гормондық профильдегі өзгерістерді белгілеңіз.

++A.ЛГ, ФСГ деңгейлерінің жоғарылауы

++B.жыныстық гормондар деңгейлерінің жоғарылауы

C.ЛГ, ФСГ деңгейлерінің жоғарылауы, жыныстық гормондар деңгейлерінің төмендеуі

D.жыныстық гормондар деңгейлерінің жоғарылауы, ЛГ, ФСГ – төмендеуі

E.СТГ – жоғарылауы, жыныстық гормондар деңгейлерінің төмендеуі

F.ПРЛ – жоғарылауы, жыныстық гормондар деңгейлерінің төмендеуі

G.ТТГ мен Т4,Т3 деңгейлерінің жоғарылауы

 

170= 176


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 239; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!