VII-ВариантЭндокринді синдромдар



130. Қантты диабеттің 1 типі бар қыз физикалық жұмыстан кейін есінен танды, гликемиясы 1,0 ммоль/л. Дәрігер тактикасы:

A.++глюкагон енгізу

B.инсулин енгізу

C.10% глюкоза ерітіндісін енгізу

D.коллоиды ерітінді енгізу

E.физиологиялық ерітінді енгізу

131.Әскери комиссаритатты өту барысында медициналық комиссия пациенттің сыртқы жыныс органдарының бұрыс құрылымын анықтады. УДЗ: аталық бездері шап өзегінде орналасқан. Кариотипі 46XY. Болжам диагнозы:

A.++ерлердің жалған гермафродитизмі

B.бүйрек үсті бездері қыртыс қабатының тума дисфункциясы

C.нағыз гермафродитизм

D.синдром: Кляйнфельтердің

E.синдром: Нунанның

132.36 жастағы гипотиреозды эндемиялық жемсауы бар науқас әйелдің қалқанша безі, левотироксинді 50 мкг/тәу. қабылдағанына қарамастан, бұрынғысынан кішіреймеді. ТТГ 4,0 мХБ/л. Дәрігер тактикасын анықтаңыз:

A.калий йодидін тағайындау

B.операциялық ем ұсыну

C.левотироксиннің дозасын азайту

D.++левотироксиннің дозасын арттыру

E.преднизолон тағайындау

133. 9жастағы ұлдың бойы құрдастарынан қалыңқы. Әкесінің бойы 151 см, анасының – 155 см. Тексергенде бойы 6 жасқа, сүйектік жасы 4 жасқа сай болды. Болжам диагнозын анықтаңыз:

A.кеш пубертат синдромы

B.соматогенді нанизм

C.++жанұялық бәкенелік

D.церебральді-гипофиздік нанизм

E.тума гипотиреоз

134. 8 жастағы ұлдың бойы құрдастарынан көрінерліктей қалыңқы. Әкесінің бойы 174 см, анасының – 165 см. Тексергенде бойы мен сүйектік жасы 3 жасқа сай болды. ТТГ деңгейі қалыпты. Инсулинмен сынағанда СТГ барлық уақыттық нүктелерінде 5 нг/мл жоғары емес. Болжам диагнозын анықтаңыз:

A.жанұялық бәкенелік

B.++соматотропты гормонның (СТГ) изоляцияланған дефициті

C.соматогенді нанизм

D.церебральді-гипофиздік нанизм

E.тума гипотиреоз

135. Қантты диабеттің 1 типі бар 49 жастағы әйелде соңғы 2 жылда АҚ 150/90 мм сын. бағ. дейін жоғары тіркелген. МАУ тест екі рет оң болған. Пациентке антигипертензиялық дәрмектердің қажетті тобын таңдаңыз:

A.бета-блокаторлар

B.диуретиктер

C.++ангиотензин айналдырушы ферменттің ингибиторлары

D.орталық әсерлі дәрмектер

E.тиазидтәріздес АГП (индапамид)

136.18 жастағы бозбалада 3 ай бойына шөл, аузының құрғауы бар, ДМИ 25. Тері жамылғылары мен кілегейі ылғалды. Ашқарындағы гликемиясы 10 ммоль/л, тамақтан соң – 12 ммоль/л. GAD антиденелері оң. Осы науқастың қантты диабетінің типін анықтаңыз.

A.бүйректік диабет

B.қантты диабет 2 тип

C.қантсыз диабет

D.++қантты диабет 1 тип

E.психогенді полидипсия

137. 43 жастағы Симмондс синдромы бар науқас әйел преднизолон 10 мг/тәу.,

эстроген-гестагенді дәрмектер қабылдайды. Жеңіл гипотиреоз белгілері бар. ТТГ, Т3 пен Т4 деңгейлері біршама төмендеген. Әйелдің гипотиреозына байланысты тактиканы анықтаңыз:

A.левотироксиннің аз дозаларымен өмір бойы емделу

B.++медикаменттік емсіз бақылау

C.калий йодидінің профилактикалық дозаларымен өмір бойы емделу

D.калий йодидінің емдік дозаларымен өмір бойы емделу

E.левотироксиннің супрессиялық дозаларымен өмір бойы емделу

138. 37жастағы әйелдің мойнының оң жартысы, алдыңғы бетінде томпаю мен күшті ауыру, әлсіздік дамыды. Дене қызуы 390С. Қалқанша безі: оң жартысының үстінде томпаю, қызару, қызу, күшті ауырсыну анықталды. ҚЖА: лейкоцитоз 11х109/л. Ең мүмкін диагнозын анықтаңыз:

A.қалқанша безінің токсиндік аденомасы

B.эндемиялық жемсау (зоб), қалқанша безінің оң бөлігінің түйіні

C.эндемиялық жемсау (зоб), қалқанша безінің оң бөлігінің кистасы

D.++қалқанша безінің оң бөлігінің абсцесі

E.қалқанша безінің оң бөлігіне қан құйылу

139. 43 жастағы ер кісі қантты диабеттің 2 типімен 4 жыл дертті, метформин мен репаглинид қабылдайды. ДМИ 28, ашқарын мен тамақтан соңғы гликемиясы, жалпы холестерині, төменгі тығыздықтағы ЛП (ЛПНП), жоғарғы тығыздықтағы ЛП (ЛПВП) деңгейлері қалыпты, үшглицеридтер деңгейі 2,2 дейін жоғарылаған. Дәрігер тактикасын нақтаңыз:

A.++фибраттармен ем ұсыну (трайкор, эсклип)

B.статиндермен ем ұсыну (аторва-, симвастатиндер)

C.ниацинмен ем ұсыну

D.метформиннің дозасын арттыру

E.емді өзгертпеу

140.Плюригландулярлы шамасыздық түсінігі келесі клиникалық синдромдарды біріктіруі мүмкін.

A ++гипокортицизм

B.++гипотиреоз

C.++гипогонадизм

D.гипертиреоз

E.эутиреоз

F.гипергликемия

G.уақытынан ерте жетілу синдромы

H.адипозогенитальді синдром

 

141. Акромегалии көріністерінен келесі клиникалық симптомдарының диагноздық маңызы бар:

A. кахексия

B. ++қол басы мен аяқ бастарының ұлғаюы

C. ++макроглоссия мен гипергидроз

D. артериялық гипотензия

E. гипогликемия

F. макроангиопатии

G. микроангиопатии

H. ++төменгі жақ сүйектерінің шығыңқы болуы мен фронтальді синус

142.Акромегалии көріністерінен келесі клиникалық симптомдарының диагноздық маңызы бар:

A. кахексия

B. ++кардиомиопатия, қантты диабет

C. ++гипопитуитаризм белгілері

D. артериялық гипотензия

E. гипогликемия

F. макроангиопатии

G. микроангиопатии

H. ++бет пішінінің дөрекіленуі, қол басы мен аяқ бастарының ұлғаюы

143.Қалқанша жанындағы бездерінің (қалқанша маңы бездері) гиперплазиясында немесе ісіктік зақымдануларында гиперпаратиреоз – кальций мен фосфор алмасуы бұзылуының дамитыны белгілі. Гиперпаратиреоздың басқа аттары да белгілі, олар:

A. ++синдромы: Бернеттің

B. ++фиброзды-кистозды остит

C.++фиброзды генерализацияланған остеодистрофия

D. климакстік жүйелі остеопороз

E.остеоартроз (остеоартрит), басым тізе буындарының зақымдануларымен

F.ревматоидты артрит, висцераль зақымданулармен

G.жасөспірімдердің остеохондропатиялары

Hомыртқааралық остеохондроз

144. Қалқанша жанындағы бездерінің гиперфункциясына қатысты нозологиялық бірліктер тобына келесі дерттерді топтастырады:

A++. біріншілік гиперпаратиреоз (Реклингхаузен ауруы)

B.++екіншілік гиперпаратиреоз (ұзақ уақыттық гипокальциемия мен гиперфосатемиядағы қалқанша маңы бездерінің екіншілік гиперплазиясы мен гиперфункциясы)

C.++үшіншілік гиперпаратиреоз (ұзақ уақыттық екіншілік гиперпаратиреоз негізінде дамитын қалқанша маңы бездерінің автономды қызмет жасаушы аденомалары)

D. климакстік жүйелі остеопороз

E. остеоартроз (остеоартрит), басым тізе буындарының зақымдануларымен

F. ревматоидты артрит, висцераль зақымданулармен

G.жасөспірімдердің остеохондропатиялары

H. омыртқааралық остеохондроз

145. Гиперпаратиреоздың (қалқанша маңы бездерінің гиперфункциясында)клиникасында келесі түрлерін бөлуге болады:

A. диареялық

B++. висцеральді зақымданулармен (нефрокальциноз, нефрокалкулез; өт-тас ауруы, калькулезді панкреатит; асқазанның жара ауруы)

C++.аралас түрін

D. полиуриялық

E.артериялық гипотензиямен

F.++сүйектік (остеопатия – остеопороз)

G. T интервалының ұзару синдромымен

H. аритмиялық

146.58 жастағы әйел кісіде жүрек айну мен тоқтаусыз құсу, ішінің ауыруы мен өтімсіздік клиникасы бар, соңғы 5-6 сағатта несеп бөлінбеген. Анамнезінде сүйектерінің шыдатпай ауыруы соңғы 2-3 жылда. Об-ті: терісі өте құрғақ, тургоры өте төмен. Аяқ-қолдары әлсіз, өздігінен жүре алмайды, сүйектерінің ауыруы шыдатпас деңгейде.АҚ бұрын болмаған жоғарылауы тіркелген. Сіңірлік рефлекстері төмендеген. Санасы шатасқан. Өкпесінде везикулалық тыныс, тыныс жиілігі 10 мин. АҚ 120/80 мм сын. бағ. Шұғыл тексерулерден сары сулық кальциінің 15 мг/дл (қалыптыда 8,5-10,5 мг/дл немесе 2,5 ммоль/л дейін) екендігі анықталды. Жетекші синдромы; болжам диагнозы;

 ЖДП дәрігерінің тактикасы.

A. ++гиперкальциемия (гиперальциемиялық криз); біріншілік гиперпаратиреоз; интенсивті терапия бөлімі бар ауруханаға шұғыл госпитализация

B. себебі белгісіз улану; бүйректің жедел шамасыздығы; интенсивті терапия бөлімі бар ауруханаға шұғыл госпитализация

C. цитолиз синдромы; жедел токсиндік гепатит;интенсивті терапия бөлімі бар ауруханаға шұғыл госпитализация

D.“өткір іш”; ішек өтімсіздігі; хирургия бөліміне шұғыл госпитализация

E. панкреастық диспепсия; жедел панкреатит; хирургия бөліміне шұғыл госпитализация

147. Гипоталамус-гипофиздік шамасыздық – гипофиз бен гипоталамус ядроларының зақымдануынан дамитын патологиялық жағдай; гипоталамус нейрогормондары мен гипофиздің тропты гормондарының өнуінің төмендеуімен сипатталады. Осы патологияның синдромдарын белгілеңіз.

A. ауруы: Аддисонның

B. ++гипофиздік кахексия

C. ++пангипопитуитаризм

D. жанұялық бәкенелік

E. соматотропты нанизм

F. синдромы: Сомоджи

G. ++гипопитуитаризм

H. ауруы: Иценко-Кушингтің

148. 29 жастағы әйелде асқынулары болған босанудан соң гипоталамус-гипофиздік шамасыздық дамыды. Осы гипопитуитаризмнің (Шиенсиндромы) дамуындағы мүмкін себептерді белгілеңіз.

A. жүктілердің құсуы

B++.массивті қан жоғалту (700-1000 мл)

C.анемияның ІІ дәр.

D.гестациялық артериялық гипертензия (медикаментті нормотензиямен)

E.созылмалы артериялық гипертензия (медикаментті нормотензиямен)

F++.преэклампсия

G.жүктілердің парадокстік синкопесі

 

149. Ревматологта жүйелі қызыл жегі диагнозымен есепте тұратын және соңғы 9 жыл бойына ГКС қабылдайтын әйелде бүйрекүсті безінің шамасыздығы дамыды. Бүйрекүсті безінің шамасыздығын туғызуы мүмкін болған себептерді белгілеңіз.

A. қатерлі ісіктердің метастаздары

B++.жүйелі ауруларда бүйрекүсті бездерінің иммундық қабынулық зақымдануы

C.туберкулез

D.гемохроматоз

E.бруцеллез

F.адреналэктомия

G.++бүйрекүсті безі қыртыс қабаты қызметінің ұзақ уақыттық гормондық емнен тежелуі

 

150. 28 жастағы, ішектік инфекциялардан бірнеше рет емделген, тамақтануын ұзақ уақыт күрт шектеген (тек ақ нанмен тамақтанған) әйелде дерматит, деменция, аменорея дамыды, диареясы жалғасты. Пеллагра диагнозы қойылды. Терісінің ашық жерлері күшті гиперпигментацияланған, АҚ 80/50 мм сын. бағ. Осы науқаста полигладулалық шамасыздық дамыған, соған қатысты синдромдарды таңдаңыз.

A. біріншілік гиперальдостеронизм

B++.гипогонадизм

C.анемия

D.гипогликемия

E.уремия

F++.портальді гипертензия

G. гипокортицизм

 

151. Гиперпролактинемия – қанда пролактин деңгейінің жоғарылауымен сипатталатын патологиялық жағдай. Гиперпролактинемия жасы 25-40 арасындағы әйелдерде жиі, осы жастағы ерлерде сирек дамиды. Бұл патологияның мүмкін себептерін белгілеңіз.

A. мастопатия

B++.гипотиреоз

C.біріншілік бүйрекүстілік шамасыздық

D.инсулинге сезімталдықтың төмендеуі

E.гипертиреоз

F.сүт бездерінің рагі

G.++аденомасы, өлшемдер 2-3 мм


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 250; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!