II-ВариантЭндокринді синдромдар



21.35 жастағы әйел мойын аймағындағы, құлағына тарайтын ауырсыну мен жұтынуының қиындауына шағымданды. Жағдайының өзгеруін басынан өткерген ЖРВА байланыстырады. Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, дене қызуы 37,80С. Қалқанша безі 2 дәрежеге дейін үлкейген, тығыз, сипағанда ауырады, қозғалуы шектелген, үстіндегі тері ылғалды, ыстық. Пульсі 96 мин. АҚ 120/80 мм сын. бағ. ҚЖА: Нв 134 г/л, лейк. 9,8 мың. ЭТЖ 30 мм/сағ. Келтірілген диагноздардың ең мүмкінінтаңдаңыз:

A.тиреотоксикоз

B.++жеделдеу тиреоидит (Де-Кервена)

C.фиброзды тиреоидит

D.аутоиммунды тиреоидит

E.жедел іріңді тиреоидит

 

22. 58 жастағы, 8 жылдан бері қантты диабетпен дертті, антигипергликемиялық дәрмектер қабылдайтын, ер кісіде, туыстарының айтуынан соңғы 7 күнде полиурия, полидипсия, әлсіздік, ұйқышылдық біртіндеп дамыған. Об-ті: санасы жоқ, беткей арефлексия, жиілеген тыныс (ацетон иісі жоқ). Терісі құрғақ, көз алмаларының тоеусы төмен. Өкпесінді везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. АҚ 90/70 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырмайды. Қан анализінен: гипергликемия 55ммоль/л; плазманың осмостығы 380мосм/л (N 320 жоғары емес).НЖА: глюкозурия, ацетон жоқ. Сіздің тұжырымыңыз:

A.церебральді кома

B.гиперкетонемиялық кома

C.++гиперосмостық кома

D.гиперлактацидемиялық кома

E.гипогликемиялық кома

 

23.38 жастағы әйел дене салмағының артуын, тер бөлінуінің азайғандығын, бетінің домбығатынын байқаған, созылмалы тонзиллиті бар. Об-ті: бойы 158 см, салмағы 98 кг. Терісінде жолақтар жоқ, айқын гиперкератоз, беті ісіңкі, көз аяшықтары жасқа толы. ЖЖС 56 мин., АҚ 100/60 мм сын. бағ. Анализдерінен: қан глюкозасы 3,3 ммоль/л; Т3 пен Т4 төмен, ал ТТГ жоғары. Ең тиімді тактиканы таңдаңзыз:

A.++тиреоидными дәрмектермен ем

B.витаминдермен ем

C.диуретиктер тағайындау

D.қабынуға қарсы терапия

E.калориясы аздау тағамдануды ұсыну

 

24.9 жастағы қызды анасы қабылдауға келесі шағымдарымен әкелді: денесінің қызуын сезу, тершеңдік, соңғы 3 айда 5 кг салмақ жоғалту. Об-ті: көңіл-күйі тұрақсыз, жылауық. Тынымсыз, қол саусақтарының майда треморы бар. Тері жамылғылары ыстық, ылғалды, көздің ағында көзін төмен түсіргенде ақ жолақ сақталып қалады. Грефе симптомы оң. Қалқанша безі диффузды ұлғайған, тығыздылығы артқан, үстінен систолалық шу естілді. Тыныш күйдегі тахикардия, жүрек ұшы түрткісі күшейген. Үлкен дәреті жиі. Диагнозын болжаңыз:

A.эутиреоздық жемсау (зоб)

B.гипертиреоз

C.гипотиреоз

D.++диффузды-токсиндік жемсау (зоб)

E.гипоталамустық синдром

 

25.38 жастағы ер кісіде гипергликемия анықталды. Об-ті тексергенде: бет әлпеті өзгерген – мұрыны, құлақтары, төменгі жақ сүйектері мен қол және аяқ бастары ұлғайған. Бас ми сауытынығ рентгендік суреттерінде: бас сүйегінің күмбезі, қарақұсының төмпектері қалыңдап, түрік ершігі кеңіген. Соматотропты гормон продукциясының жоғарылауы нақталды. Болжам диагнозыңыз:            

A.кортикостерома

B.қантты диабет

C.ауруы: Иценко-Кушингтің

D.глюкагонома

E.++акромегалия

26.50 жастағы, дене салмағы артық әйелде аш қарынға гликемия деңгейінің артқандығы нақталды: 6,9 и 7,2 ммоль/л. Келтірілгендерден еі мүмкін диагнозын болжаңыз:

A.семіздік

B.++қантты диабет, 2 типті

C.қантты диабет 1 типті

D.гликемиясының ашқарындағы бұзылысы

E.глюкозаға толеранттылығының (төзімділігінің) бұзылуы

 

27.Жалпы дәрігерлік практика дәрігері, 49 жастағы бойы 160 см, ал дене салмағы 84 кг әйелде ашқарынға тапсырған анализінен глюкозаның 6,9 ммоль/л деңгейін анықтады. Осы жағдайдағы дәрігерлік тактика:

A.гликемиясын кешке анықтау

B.гликемиясын ашқарынға қайталап тексеру

C.глткемиясын тамақтанудан соң қайталап анықтау

D.++глюкозаға толеранттылық тестін 75 г глюкозамен жүргізу

E.гипокалориялық тағамдану мен инсулинотерапия

28. 17 жастағы жігітте инсулинге тәуелді қантты диабеті 6 жылдан бері: тәулігіне бір рет 18 бір. актрапидті, 38 бір. инсулин лентені, 40 бір. инсулин-ультралентені егеді. Шағымдары: басының тұрақты ауыруы, бас айналулары, көз көруінің мезгілдермен өтпелі нашарлауы, мінезінде озбырлықтың пайда болуы, жұмысқа қабілетінің нашарлауы, ұйқышылдық. «Гипогликемияға» ұқсайтын жағдайларда гликемиясы 15,3 ммоль/л деңгейінде болған. Тұрақты протеинурия, мочевинасы қалыпты. АҚ 170/90 мм сын. бағ. Диагнозын таңдаңыз:

A.++инсулинге тәуелді қантты диабет, ауыр ағымды, декомпенсация фазасы, Сомоджи синдромы, диабеттік нефропатия 2 дәр.

B.инсулинге тәуелді қантты диабет, ауыр ағымды, декомпенсация фазасы, Сомоджи синдромы, диабеттік нефропатия 3 дәр.

C.инсулинге тәуелді қантты диабет, ауыр ағымды, декомпенсация фазасы, диабеттік нефропатия 2 дәр.

D.инсулинге тәуелді қантты диабет, ауыр ағымды, декомпенсация фазасы, диабеттік нефропатия 2 дәр., Киммелстилл-Уилсон синдромы

E.инсулинге тәуелді қантты диабет, ауыр ағымды, декомпенсация фазасы, диабеттік нефропатия 2 дәр., диабеттік энцефалопатия

29. 45 жастағы дене салмағы қалыпты ер кісі ЖДП дәрігерінде қантты диабеттің 2 типінен медикаменттік емес шаралармен ем алады. Емдәмді салауаттандыру нәтиже бермеді, гликемиясы тәулігіне 10 до 15 ммоль/л., несебінде өзгерістер жоқ. Төмендегі келтірілген дәрмектерден нәтижелісін таңдаңыз:

A.сульфанилмочевина дәрмектері мен бигуанидтер

B.интенсификацияланған инсулиндік терапия

C.++сульфонилмочевина дәрмектері мен инсулин

D.инсулин семилентені 10 бір. дозасында

E.емге тек бигуанидтерді қосу

30. 3 апталық нәресте, 40 апталық жүктіліктен 4000г салмақпен туылған, енжар, ұйқышыл, беті мен денесінің ісінуі бар. Тілі үлкен, дауысы қарлығыңқы, мұрын қыры кең. Емуі солғын, туылғаннан үшінші күні пайда болған сарғаю сақталуда. Диагнозын нақтауда келесі лабораториялық тексерулер міндетті:

A.++қандағы тиреоидты гормондар деңгейін анықтау

B.қандағы глюкоза деңгейін анықтау

C.кариотипін тексеру

D.жалпы билирубинін анықтау

E.қанның жалпы анализі

31. 14 жастағы қыз бала, гестозды жүктіліктен, бас ауыруына, тәбетінің жоғарылауына шағымданады. Бойы ұзын, салмағы артық, фолликулярный гиперкератоз, сандарында қызғылт жолақтар. АҚ 130/70 мм сын. бағ. Жыныстық жетілуі: Ма , Ах , Р , menses 12 жасынан. Диагнозын болжаңыз:

A.++пубертаттық кезеңнің гипоталамустық синдромы

B.гипотиреоздық семіздік

C.синдром: Иценко – Кушингтің

D.зкзогенді– конституциялық семіздік

E.гипоовариальді семіздік

 

32. 47 жастағы әйел кісі 4 ай бойына АҚ 220/120 мм сын. бағ. жоғарылауына байланысты эналаприл мен амлодипин комбинациясын нәтижесіз қабылдаған.Соңғы айда аяқ бұлшық еттерінің құрысулары мен әлсіздігі және полиурия жиілеген. Зерттеу барысында анықталуы заңды бұзылыс:

A.гиперкалиемия

B.++плазма альдостероны концентрациясының жоғарылауы

C.кортизолдың несеппен экскрециясының артуы

D.плазма ренинінің белсенділігінің жоғарылауы

E.несептің қышқыл реакциясы

 

33. Жоспарлы медициналық тексеруде ЖДП дәрігері 38 жастағы әйелдің пульс жиілігі мен ырғақсыздығына көңіл аударды. АҚ 160/80 мм сын. бағ. Пациенттің шағымдары жоқ, қазбалап сұрастыруда соңғы 4 айда 6 кг салмақ жоғалтқаны белгілі болды. Диагнозын нақтау үшін бірінші кезекте жүргізу керек:

A.электрокардиограмманы

B.қалқанша безінің УДЗ

C.метанефриндердің тәуліктік несептегі экскрециясын анықтауды

D.++қанда ТТГ, FТ4анықтауды

E.бүйрек үсті бездерінің компьютерліке томографиясын

 

34. 2 типті қантты диабеттің компенсациялану критерийлеріне жатады:

A.++ашқарындағы гликемия < 7,0 ммоль/л 

B.глюкозаланған гемоглобин (HbA1с)< 8,0 %

C.глюкозаланған гемоглобин (HbA1с)< 9,5 %

D.несеп глюкозасы> 0,5 %

E.холестерині< 6,0 ммоль/л

35. 38 жастағы әйел кісінің шағымдары: мойнының желкесіне таралатын ауыруы, жұтынуының қиындауы. Басынан өткерген ЖРВА байланыстырады. Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлық дәрежесінде, дене қызуы 37,80С. Қалқанша безі 2 дәрежелі үлкеіген, тығыздалған, пальпацияда ауырады, қлзғалуы шектелген. АҚ 120/80 мм сын. бағ. Қан анализдерінен: Нв 130 г/л, лейк. 9,8х109/л, ЭТЖ34 мм/сағ. FТ489 нмоль/л. Болжам диагнозы:

A.диффузды токсиндік зоб

B.++жеделдеу (Де-Кервеннің)тиреоидит

C.фиброзды тиреоидит

D.созылмалы аутоиммунды тиреоидит

E.жедел (жіті)іріңді тиреоидит

36. 27 жастағы әйелдің дене салмағы артық, бір жыл бойына етеккірінің келу реттілігі бұзылған. Сандары мен ішінің, сүт бездерінің терісінде қызыл-көкшіл жолақтар. АҚ 140/90 мм сын. бағ. Глюкозаға төзімділік тестінде ашқарында 4,5 ммоль/л; глюкозамен сынамадан кейін 2 сағаттан соң 8,6 ммоль/л. КТ: бүйрек үсті бездерінің екі жақты гиперплазиясы. Қанда кортизол деңгейітаңғы 8-де 1060 нг/л (N – 260-720 нг/л); сағат 14-те 1250 нг/л. Болжам диагнозы:

A.синдром: Штейн-Левентальдің

B.церебральдісеміздік

C.гипоталамустық синдром

D.++ауруы: Иценко-Кушингтің

E.экзогенді-конституциялық семіздік

37.24 жастағы әйел дәрігерге келесі шағымдармен келді: бір айда 9 кг салмақ жоғалтқан, аузы құрғайды, шөлдеу, кіші дәретке жиі бару, жүрек айнуы мен тәбетінің нашарлауы. Об-но: терісі құрғақ, алақандары мен табан терісі сарғыш, фурункулдар. Несеп анализінде қант 2,9%, ацетон. Ең тиімді тағайындауды таңдаңыз:

A.++актропид НМ 4бір.

B.диабетон 10мг

C.манинил 5мг

D.хумалогмикс 25

E.лантус 12бір.

38. 45 жастағы әйелде жарақаттанғаннан соң бас ауруы, АҚ 150/90 мм сын. бағ. дейін жоғарылауы, дене салмағының тез артуы, терісіндегі трофикалық өзгерістер пайда болған. Тері асты шел қабаты біркелкі емес, беті қызарған. Денситометрияда остеопороз белгілері. Кортизолдың қандағы деңгейі сағат 8-де часов 1100 нг/л (норма – 260-720 нг/л), ашқарындағы гликемия 6,1 ммоль/л. Ең тиімді тағайындау:

A.кальций Д3

B.сиофор

C.нифедипин

D.++парлодел

E.гидрокортизон

39. Қантты диабетпен ауыратын науқасты қабылдау бөліміне ауыр жағдайда жеткізді, бұл жағдай уланып, көптеген құсулар мен ішінің өтуінен соң дамыған. Айқын сусызданудың, гипотонияның клиникасы, олигоурия. Гликемия 27 ммоль/л, плазмаосмостығы 380 ммоль/л (320ммоль/л), несептің ацетонға тесті теріс. Юлджам диагнозы мен ең бірінші көмекті таңдаңыз:

A.++гипергликемиялық гиперосмостық кома; гипотониялық ерітінді 1 л/сағ. есеппен

B.гипергликемиялық гиперосмостық кома; инсулиннің20 бір болюспен

C.гипергликемиялық гиперкетонемиялық кома; инсулинді тамшылатып 12-14 бір. сағ.

D.гипергликемиялық гиперкетонемиялық кома; физиологиялық ерітінді1 л/сағ. есеппен

E.гипогликемиялық кома; коллоидты ерітінділер 500 мл/сағ.

 

40. 39 жастағы әйелді салмағының артуы, әлсіздік, бетінің ісінуі, терісінің құрғауы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі мазалайды. Об-ті: терісі құрғақ, салқын. Қалқанша безі сипалмады. АҚ 90/60 мм сын. бағ., пульсі 52 мин. Т3, Т4 төмендеген, ТТГ жоғарылаған. Ең тиімді тағайындауды таңдаңыз:

A.++тиреоидты дәрмектер

B.тиреостаттық дәрмектер

C.диуретиктер

D.йод дәрмектері

E.стероидты емес қабынуға қарсы дәрмектер

41. ДДҰ критерийлеріне сәйкес, 75 г глюкозамен сынамадан кейін 2 сағаттан соңғы, қантты диабет диагнозы қойылатын глюкоза деңгейін көрсетіңіз:

A.8 ммоль/л

B.6 ммоль/л

C.++11,1 ммоль/л

D.8.4 ммоль/лE.9.7 ммоль/л

42.11жастағы ұлда шөлдің қысуы, кіші дәретке жиі бару, әсіресе түн мезгілінде, терісінің қышуы анықталды. Диагноздық ізденісті бастау керек:

A.тәуліктік несепте глюкозаны анықтаудан

B.++ашқарынға қандағы глюкозаны анықтаудан

C.ертеңгілік несепте ацетонды анықтаудан

D.тәуліктік несепте глюкоза мен ацетонды анықтаудан

E.түн алдындағы қандағы глюкозаны анықтаудан

43. Дәрігерге 32 жастағы әйел кісі көрінді: жүрек қағуы, ентігу, әлсіздік, ашушаңдық, тершеңдік, салмақ тастау. Анамнезінен: 4-5 ай шамасында дертті, қатты күйзеліспен байланыстырады. Об-ті: әбігершілігі, көздерінің жалтырауы, қол саусақтарының дірілі, гипергидроз анықталды. Өкпесінде везикулалық тыныс. Жүрек тондары күшті, ырғақты, ЖЖС 110 мин. АҚ 160/70 мм сын. бағ. Диагнозын болжаңыз:

A.++гипертиреоз

B.нейроциркуляциялық дистония 

C.гипотиреоз

D.феохромоцитома

E.біріншілік альдостеронизм

 

44.56 жастағы 2 типті қантты диабетпен есепте тұратын науқаста, соңғы айда ангинальді синдромдар жиілеп, кардиологқа көрінген, ұсыныстар берілген. ЖИА емдеу барысында коронаролитиктерден таңдалатын топты көрсетіңіз:

A.кальций антагонисттері

B.селективті емес бета-блокаторлар

C.нитраттар (монотерапия ретінде)

D.ангиотензинді АФ ингибиторлары

E.++кардиоселективті бета-блокаторлар

 

45. 65 жастағы ер кісінің бойы 160 см, салмағы 105 кг. Шағымдары жоқ. Ашқарындағы глюкоза деңгейі 6,2 ммоль/л. Науқасты жүргізу тактикасын таңдаңыз:

A. пациенттің дені сау, тексерулер мен ем қажет емес

B.науқаста қантты диабет бар, емдәмді сақтап, глюкозаның деңгейін динамикада бақылау керек

C. ++глюкозаға толеранттылықтыңпероральді тестін жүргізу

D.пациентте гипогликемия, анамнезін мұқият қайта жинау қажет

E.глюкозаның несептегі деңгейін анықтау керек

46. 6 жастағы балғынның бойы құрдастарынан кем, әкесінің бойы 170 см, анасының бойы 160 см. Тексергенде: сүйектік жасы 3 жасар баланың жасына сәйкес. ТТГ деңгейі қалыпты. Инсулинмен сынамада СТГ барлық уақыттардағы деңгейі 5 нг/л жоғары емес. Болжам диагнозыңыз:

A.++соматотропты гормонның(СТГ) изоляцияланған дефициті

B.жанұялық тапалдық (бәкенелік)

C.соматогенді нанизм

D.Cеребральді-гипофиздік нанизм

E.тума гипотиреоз

 

47. 45 жастағы әйелде 1 типті қантты диабет 10 жыл көлемінде бар. Соңғы 2 жылда АҚ 150/90 мм сын. бағ. Тексергенде: НЖА патология жоқ, МАУ екі рет анықталған.Антигипертензиялық дәрмекті таңдаңыз:

A.гипотиазид

B.пропроналол

C.++лизиноприл

D.индапамид

E.лабетолол

 

48. 18 жастағы жасөспірімде 3 айдан беріаузының құрғауы, шөл мазалайды. ДМИ 25; терісі ылғалды. Ашқарындағы глюкоза деңгейі 8-10 ммоль/л, тамақтан соңғысы – 8-12 ммоль/л. Диагнозын анығырақ нақтайтын тексеруді таңдаңыз:

A.++қанның GADантиденелеріне (глутаматдекарбоксилаза) анализі

B.қанның ИРИ (иммундық-реакциялық инсулинге) анализі

C.қанның ашқарындағы С-пептидке анализі

D.глюкозаға толеранттылықтың пероральді тесті

E. қанның ашқарындағы С-пептидке жүктемеден кейінгі анализі

 

49. 35 жастағы әйел науқас Симмондс синдромына байланысты преднизолонды 10 мг/тәу., эстроген-гестагенді дәрмектер қабылдайды. АҚ, несептің тығыздығы, қандағы калий мен натрий деңгейлері қалыпты. Жеңіл гипотиреоздың клиникасы бар, ТТГ, Т3 пен Т4 деңгейлері шамалы төмен. Науқас гипотиреозына қатысты тактиканы таңдаңыз:

A.++левотироксиннің аз дозаларымен ем

B.медикаменттік емсіз бақылау

C.калий йодидінің профилактикалық дозаларымен ем

D.калий йодидінің емдік дозаларымен ем

E. левотироксиннің супрессиялық дозаларымен ем

 

50. 47 жастағы науқас ер кісі қантты диабеттің 2 типімен 3 жылдан бері ауырады, метформин мен репаглинид қабылдайды.ДМИ 26. ашқарындағы және тамақтан соңғы гликемиясы; үшглицеридтері мен жалпы холестерині қалыпты; жоғары тығыздықтағы ЛП шамалы төмен, төмен тығыздықты ЛП жоғарылаған. Осы науқасқа қатысты дұрыс тактиканы таңдаңыз:

A.ниацинмен ем тағайындау

B.фибраттармен ем тағайындау

C++.статиндермен ем тағайындау

D.метформин дозасын арттыру

E.емді өзгертпеу

51. 20 жастағы науқас әйелде қалқагша безінің 2 дәрежелі ұлғаюы анықталды. УДЗ: қалқанша безі диффузды үлкейген, құрылымы әркелкі, эхотығыздылығы жоғарылаған. Диагнозын нақтап, ем бастау үшін жүргізу керек:

A.бездің жіңішке инелік аспирациялық биопсиясын

B.қанда Т4 белсенді фракциясын анықтауды

C.қанда ТТГ деңгейін анықтауды

D.қанда ТГ мен ТПО антиденелерді анықтауды

E.++барлығын

52. 42 жастағы ер кісі эрекциялық дисфункцияға байланысты қаралды. Дене массасы артық, гинекомастия. Қанның гормондарға анализлерінен: ЛГ мен ФСГ – 0, пролактині 20000 мБ/л (нормада 20 нг/мл или 400 мБ/л ), тестостерон 0,1, эстрадиол 0,2. Болжам диагнозы мен оның шешуші тексеруін таңдаңыз.

A.сүт безінің рагі; маммография

B.++гипофиздің аденомасы (пролактинома); магниттік-резонанстық томография

C.гипофиздің аденомасы (соматотропинома); бас ми сауытының бүйірлік проекциядағы рентгенографиясы

D.гипофиздің аденомасы (гонадотропинома); түрік ершігінің көзделген рентгенографиясы

E.гипофиздің аденомасы (кортикотропинома); бүйрек үсті безі мен аталық бездерінің УДЗ

53. Нағыз уақытынан бұрын жетілу (ержету) синдромына тән гормондық профильдің өзгерістерін анықтаңыз.

A++.деңгейлерінің жоғарылауы: ЛГ, ФСГ жәнежыныстық гормондардың

B.деңгейлерінің жоғарылауы: ЛГ, ФСГ; деңгейлерінің төмендеуі: жыныстық гормондардың

C.деңгейлерінің жоғарылауы: жыныстық гормондардың; деңгейлерінің төмендеуі: ЛГ, ФСГ

D.деңгейінің жоғарылауы: СТГ; деңгейлерінің төмендеуі: жыныстық гормондардың

E.деңгейінің жоғарылауы: пролактиннің (ПРЛ); деңгейлерінің төмендеуі: жыныстық гормондардың

54.Қантты диабеттің 1 типінде базальді инсулиннің дозасын жоғарылатуға абсолютті көрсетпе болатын жағдайды таңдаңыз:

A.күндізгі және ашқарындық гликемияның жоғарылығы

B.ашқарындық гликемияның жоғарылығы

C.++түнгі және ашқарындық гликемияның жоғарылығы

D.препрандиальді гликемияның жоғарылығы

E.ұйқы алдындағы гликемияның жоғарылығы

 

55. Қантты диабет диагнозы гликемияның келесі көрсеткішінде нақталады:

A.++ашқарындық гликемияның деңгейі 6,1 ммоль/л

B.ашқарындық гликемияның деңгейі 5,5 ммоль/л жоғары, бірақ <6,1 ммоль/л

C.ашқарындық гликемияның деңгейі 5,6 ммоль/л кем

D.тамақтанудан кейін 2 сағаттан соңғы гликемияның деңгейі 7,8 ммоль/л

E.тамақтан кейін 2 сағаттан соңғы гликемияның деңгейі 8,1 ммоль/л жоғары

56. Инсулиннің дефицитне тән симптомды таңдаңыз:

A.артық салмақты тез қосу

B.көз көрудің нашарлауы

C.++шөл

D.тершеңдік

E.“ішкі қалтырау” сезімі

57. Несептің салыстырмалы тығыздығының қантсыз диабетке тән көрсеткіштерін таңдаңыз:

A. 01005,0-1015,0

B.++1000,0-1003,

C.1010,0-1012,0

D.1008,0-1018,0

E.1025,0-1030,0

58. Тума гипотиреоз дертіне тән симптомдарды таңдаңз:

A.терісінің құрғақтығы

B.психомоторлық дамуының тежелуі

C.нәресте сарғаюының ұзақ сақталуы

D.++барлығы

E.бұлшық еттік гипотония

 

59. Гормондық профильдердің еркектердің біріншілік гипогонадизміне тән өзгерістерін таңдаңыз:

A.++жоғарылауы: ЛГ,ФСГ; тестостеронның төмендеуі

B.төмендеуі: ЛГ,ФСГ мен тестостеронның

C.төмендеуі: ЛГ,ФСГ; тестостеронның жоғарылауы

D.төмендеуі: ЛГ,ФСГ; ал тестостерон қалыпты

E.қалыпты ЛГ, ФСГ; ал тестостеронның төмендеуі

 

60. Эндемиялық аймақтарда ДДҰ ұсынған, йодтық алдан алуды топтарда жүргізу шарасын таңдаңыз:

A.йодталған нан

B.йодталған ас тұзы

C.йодталған бөтелкедегі сулар

D.++калий йодиді

E.молекулалық йод

61.Диффузды токсиндік жемсаудың патогенездік еміне ұсынылған дәрмекті таңдаңыз:

A.седативті

B.бета-блокаторлар

C.++тиреостатиктер

D.ангиотензин АФ ингибиторлары

E. левотироксин

 

62. Эндемиялық аймақтарда ДДҰ ұсынған, йодтық алдан алуды жекелеп жүргізу шарасын таңдаңыз:

A. молекулалық йод

B. йодталған ас тұзы

C.йодталған бөтелкедегі сулар

D.йодталған нан

E.++калий йодиді

 

63.СТГ тапшылығымен сипатталатаны дертті таңдаңыз.

A. гипогонадизм

B.++гипопитуитаризм

C.гипотиреоз

D.гипопаратиреоз

E.гипокортицизм

 

64.Сәбилердің крипторхизмінің емі аяқталуы тиіс –

A.бес жасқа дейін

B.жеті жасқа дейін

C.он төрт жасқа дейін

D.++екі жасқа дейін

E.жиырма жасқа дейін

 

65. Бүйрек үсті безінің тума дисфункциясында сүйектік жас –

A.өзгермейді

B.паспорттық жасқа сай

C.паспорттық жастан қалыңқы

D.++паспорттық жастан озық

E.әртүрлі болуы мүмкін

66. Сульфаниламидтердің глюкозаны азайту механизмін таңдаңыз:

++A. бета-клеткалармен инсулин секрециясын күшейтуі

B. бауырлық глюконеогенезді тежеуі

C. эндогенді инсулиннің әсерін жақсартуы

D. ішекте глюкоза резорбциясын баяулатуы

E. глюкагон секрециясын баяулатуы

 

67. Қантты диабеттің 1 типі бар науқас кенеттен есінен танды. Еі мүмкін команы таңдаңыз:

A. ++гипогликемиялық

B.кетоацидоздық

C.сүтқышқылдық

D.гиперосмостық

E.бауырлық

 

68. 33 жастағы қантты диабетпен дертті науқас Актрапид пен Протафанды қабылдайды. Физикалық жұмыспен айналысуға болатын уақытын анықтап, ұсыныс жасаңыз.

A.күндіз, кез келген уақытта

B.++тамақтанғаннан соң 1 сағаттан кейін

C.тамақтанғаннан соң 2-3 сағаттан кейін

D.таңда, ертеңгі ас алдында

E.кеште, ұйқы алдында

 

69. 15 жастағы қантты диабеттің 1 типімен дертті жасөспірімде тек ертеңгілік ашқарындық гипергликемия. Себебін анықтаңыз:

A.++“таң шапағы – утренней зари” синдромы

B.түскі ас алдындағы тез әсерлі инсулиннің аздығы

C.таңғы ас алдындағы тез әсерлі инсулиннің аздығы

D.кешкі ас алдындағы тез әсерлі инсулиннің көптігі

E.түскі ас алдындағы қысқа әсерлі инсулиннің аздығы

70. Инсулинге тұрақтылықтың бауырлық патогенезінің механизмдерінің негізгілерінің бірегейін таңдаңыз:

A.липолиз

B.++гликолиз

C.глюконеогенез

D.катаболизм

E.анаболизм

71. 37 жастағы әйелде андростерома анықталды. Ең нәтижелі емін таңдаңыз.

A.диферелинмен ем

B.циклдық гормонотерапия

C.дексаметазонмен ем

D.++аденомэктомия

E.андрокурмен ем

72. 69 жастағы ер кісі 20 жылдан бері қантты диабетпен дертті. Макро-, микроангиопатиялық асқынулары, сонымен қатар, нейропатиясы бар. Диабеттік нейропатияның ауырсынулық түріне тән емес белгіні таңңдаңыз.

A.спонтанды ауырсынулар

B.ұю

C.++ыстық сезіну

D.сезімталдығының бұзылулары

E.парестезиялар

73. Пациентте аутоиммунды тиреоидиттен күдік туды. ДЕХ сәйкес тексерулер кешені тағайындалды. Диагнозын нақтауда негізгі саналатын көрсеткішті таңдаңыз:

A.++тироидблокадалаушы антиденелердің өндірілу деңгейінің жоғарылауы

B.қандағы ТТГ деңгейінің жоғарылауы

C.қандағы ТТГ деңгейінің төмендеуі

D.тироидбелсендіруші антиденелерді өндіру деңгейінің жоғарылауы

E.қандағы Т3 пен Т4 деңгейінің төмендеуі

74.Науқасқа диффузды токсиндік жемсау диагнозы қойылды. Диффузды токсиндік жемсау патогенезінің негізгі патологиялық процесін көрсетіңіз:

A.++тироидбелсендіруші антиденелерді өндіру деңгейінің жоғарылауы

B.тироидблокадалаушы антиденелердің өндірілу деңгейінің жоғарылауы

C.қандағы ТТГ деңгейінің жоғарылауы

D.қалқанша безі тінінің лимфоидты инфильтрациясы

E.фолликулалардың аутоиммунды зақымдалуы

75.27 жастағы пациентте қантты диабеттің 2 типі мен поликистозды аналық бездер синдромы бар. Осы екі дертті біріктіретін жалпы механизмін табыңыз.

A. инсулиннің абсолюттік тапшылығы

B.инсулиннің рецепторларына антиденелердің түзілуі

C.инсулинге антиденелердің түзілуі

D.++инсулинге төмен сезімталдық

E.инсулинге жоғары сезімталдық

 

76.27 жастағы пациентте семіздік, қантты диабет 2 типті және поликистозды аналық бездер синдромы мен дисменорея.Пациентке бірінші кезекте көрсетілген дәрмекті (дәрмектер тобын) таңдаңыз.

A.эстрогендерден

B.прогестерон дәрмегін

C.++метформин

D.дексаметазон

E.инсулин дәрмектері

77.ОҚО йод тапшылықты аймақтарға жатқызылған. ДДҰ осы аймақтардың тұрғындарын йод дәрмектерін жасына тәуелді 100-200 мкг дозасында күнделікті қолданымға ұсынған. Бұдан басқа өмірдің белгілі кезеңдерінде организмнің йодқа мұқтаждығы артады. Йодтың артық дозасына мұқтаж болмайтын жас санатын көрсетіңіз.

A.балалар

B.++егде кісілер

C.жасөспірімдер

D.жүктілер

E.нәрестелер

78. Қантты диабеттің 1 типі мен иммундық-жанамалық диабеттің ерекше түрлерінің ортақ механизмін анықтаңыз.

A.инсулиндік резистенттілік

B.++инсулин мен бета-клеткаларға түрлі антиденелердің болуы

C.гиперинсулинизм

D.антиденелердің – GAD 64 болуы

E.инсулин рецепторлары санының азаюы

79. 43 жастағы ер кісіге «Кортикостерома»диагнозы қойылды. Синдромды АГ емін таңдау үшін, кортикостеромадаға АГ механизмін анықтаңыз.

A.++ағзада натрийдің іркілуі

B.симпаттық адренал жүйесі белсенділігінің артуы

C.тамырлар тегіс салалы бұлшық ет кдеткаларының гипертрофиясы

D.антидиурездік гормон белсенділігінің артуы

E. антидиурездік гормонға сезімталдықтың артуы

80. 13 жастағы ұл балада қантты диабет, 1 типті. Эндокринолог глюкоза деңгейін бақылау емін тағайындады. Сент-Винсент Декларациясынасәйкес қантты диабеттің жақсы бақылануының критериін анықтаңыз.

++A.ашқарындағы глюкоза деңгейі < 7,0; тамақтан соң <10,0 ммоль/л

B.ашқарындағы глюкоза деңгейі <9,9;тамақтан соң <15,0 ммоль/л

C.ашқарындағы глюкоза деңгейі < 4,0; тамақтан соң <6,0 ммоль/л

D.ашқарындағы глюкоза деңгейі > 7,0; тамақтан соң >10,0 ммоль/л

E.ашқарындағы глюкоза деңгейі >8,0;тамақтан соң <12,0 ммоль/л

81. Глюкозаға төзімділікті тексеруде, балаларға құрғақ глюкозаның келесі мөлшері беріледі.

A. сынамаға 2,0 г/кг, бірақ 100 г көп емес

B.++сынамаға1,75 г/кг, бірақ 75 г көп емес

C.сынамаға70г на

D.сынамаға37г

E.сынамаға75 г

84. 54 жастағы пациентте 2 типті қантты диабет экссудатты фазадағы нейропатиялық жарамен асқынған. Осы жараның жергілікті емінде қолданады –

A.ихтиол майын

B.бриллиантты көк ерітіндісін

C.сутегінің асқын тотығының ерітіндісін

D.++хлоргексидин биглюконатының ерітіндісін

E.бальзамдық линиментін (Вишневскийдің)

85. 43 жастағы науқас әйелде Иценко-Кушингауруы нақталған. Иценко-Кушингауруындағы дамитын остеопороздың патогенезін белгілеңіз.

A.глюконеогенез

B.липолиз

C.++катаболизм

D.анаболизм

E.гликогенолиз

86. 39 жастағы пациентте дене салмағы артық, ашқарындағы гликемияның бұзылысы да бар. Төмендегілерден бір дәрмектосындай жағдайда әсіресе көрсетілген:

A.гликлазид

B.глимепирид

C.репаглинид

D.глулизин

E.++метформин

 

87. 19 жастағы бойжеткенге қантты диабеттің 1 типі қойылған. Ол бірінші рет кенеттен есінен танды. Ең мүмкін команы белгілеңіз:

A.бауырлық

B.кетоацидоздық

C.сүтқышқылдық

D.гиперосмостық

E.++гипогликемиялық

88.3 жастағы сәбиде басынан нейроинфекция өткергеннен соң шөлдеп, тәулігіне 3-3,5л дейін су ішу, несепке жиі, көп мөлшермен бару дамыды. Несебінің түсі су түстес. ЖДП дәрігері тексере келе, қантсыз диабет диагнозын нақтады. Осы дерттің себебін көрсетіңіз:

A.++антидиурездік гормонның (АДГ) тапшылығы

B.гонадотропиндердің артық өнуі

C.пролактин дефициті

D.соматотропты гормонның (СТГ) дефициті

E.антидиурездік гормонның (АДГ) артық өнуі

89. 3 жастағы сәбиде басынан нейроинфекция өткергеннен соң шөлдеп, тәулігіне 3-3,5л дейін су ішу, несепке жиі, көп мөлшермен бару дамыды. Несебінің түсі су түстес. ЖДП дәрігері мен эндокринолог тексере келе, қантсыз диабет диагнозын нақтады. Осы дерттің дәрмектік емін көрсетіңіз:

A.верошпирон

B.қысқа әсерлі инсулин

C.ұзақ әсерлі инсулин

D.++минириннің назальді спрейі E.метформин

 


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 465; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!