Майер бойынша ойлау теориясы. 5 страница



 

Билет№16
1. «Мамандану практикумы - 2» пәннің мақсаты, міндеті, категорниялары.

Мамандану практикумы IІ» – ол «Психология» мамандығы бойынша білім беру стандартында белгіленген, жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналған маңызды психология саласының бірі.
Мамандану практикумы IІ психологиялық бөлімінде оқитын үшінші курс студентеріне арналған. Бұл курс бойынша студенттер әскери саладағы теориялық және қолданбалы мәселелелерінің психологиялық ерекшеліктерімен танысады.
Пәннің мақсаты
«Мамандану практикумы IІ» пәнінің мақсаты – Студенттерді негізгі мәселелер бойынша шетел және қазақстандық отбасы психологияның теориялық зерттеулері және практикалық нәтижелермен таныстыру. Болашақ мамандардың отбасы психотерапиясы саласын оқып-зерттеуге бағытталған кәсіптік білім негіздерін қалыптастыру.

 

2. Топтық кеңес беру жұмысының ерекшелігі.

Психологиялық кеңес топтық және жеке даралық формада жүргізіледі. Топтық кеңес беру алдын ала жүргізілген жеке даралық кеңес беруден кейін ұйымдастырылады. Онда психологиялық проблемалары ұқсас адамдар топталады және мыенадай түрлерге бөлінеді:
- бір және бірнеше реттік;
- жеке ұсыныс бойынша;
- шақыру және бағыттау нәтижесінде;
- толықтырушы тестілеусіз, толықтырушы тестілеумен, т.б.
Жеке даралық кеңес беру мазмұны клиенттің тапсырмасымен анықталады. Психологтар психикалық даму кезеңдерін әрі нақты кезеңдегі механизмді білуі тиіс. Демек жеке даралық кеңес беру схемасы мына үлгіде ұсынылады: өзара іс-әрекет тапсырмалар мазмұны (тапсырыстың мәтіні) – психикалық дамудың механизмдері (психологиялық тапсырма) – психикалық даму мөлшерінің мазмұны.
Клиенттің психологиялық тапсырмасының қалыптасуында психологқа адамның өзіне ден қоюға, маманның философиялық және адамгершілік-этикалық айқындалуын талап ететін өмір мағынасы туралы сұрақтарға жауап іздеуге тура келеді.,
Топтық кеңес берудің мақсаты – адамдар арасындағы жүйені зерттеу болып табылады. Бұл қарым-қатынас мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Топтық кеңес беруде психологтың міндеті – топ мүшелерінің өзара қарым-қатынас құралын табу, кеңес беру барысында әсер етудің типтері мен олардың мазмұн, тұрақтылығын айқындау.
Психолог кеңес беру кезінде зайырлы әңгімеге бармай-ақ, тым жабыла немесе ашыла бермей, өзінің ойын еркін игере білуі тиіс. Әсіресе гипотезаны ұстануға бара бермеу керек, өйткені ол жалған болып шығуы мүмкін. Тиісті себептерсіз клиенттің пікірін елемейтіндей немесе беделін түсіретіндей тура сұрақ қоюға бармау керек, әңгіме қарымталы және өктем болмауы керек.
Жалпы, жоғарыда айтылған психологиялық кеңес берудің ережесін сараптай келе, Р.В. Овчарова ұсынған кеңес берудің тиімді және тиімсіз жақтарына назар аудару керек.

 

3. Психотерапевтік əсер ету әдістері.

Психотерапия әдістерінің классификациясы әр түрлі. Әр психологиялық бағыт жанынан психотерапевттің мінсіздігін бейнелейтін әдістер пайда болады. Әрине, себебі психотерапияның жетістігі психологтың ғылыми көзқарасы мен кәсібіи ұстанымының мазмұнымен айқындалады.
Түрлі ауруларда психотерапияның мақсаты мен міндеті психикалық ауытқудың табиғаты мен механизмдеріне қатысты автордың теориялық ұстанымымен айқындалады. Сонда да ем үшін бір ғана психотерапевтік әдістер қолданылуы мүмкін, алайда олардың әр теориялық тұжырымдамаларда өзіндік бағыты мен ерекшелігі болады.
Психотерапевтік әсер етудің негізгі әдістерін екі үлкен топқа бөлуге болады:
Жеке психотерапия;
Топтық психотерапия.
Психотерапевтік әсер етудің негізгі әдістерін сипатау үшін қазіргі психотерапевтік әдістердің әр қырын жан жақты нақты сипаттайтын келесідей классификацияны қолданамыз:
тұлғалық бағытталған(реконструктивті) психотерапия әдістері; суггестивті психотерапия әдістері; мінез құлықты(шартты рефлекторлы) психотерпия әдістері.
Осы әдістерін тобына сипаттама берейік. Тұлғаға бағытталған психотерапия әдістері оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестендірілген, олар келесідей:
емделуші тұлғасының эмоциялық жай күйін, мотивациясы мен қатынас жүйесін зерттеу;
жүйке жүйесінің жай күйін сақтау мен пайда болуына негіз болатын этипатогенді механизмдерді зерттеу;
емделушінің өзіндік қатынас жүйесі мен ауруының арасындағы ерекшеліктердің байланысын түсінуге жеткізу;
Психоапаттық жағдайларды шешуде емделушіге көмек көрсету;
Емделушінің әлеуметтік функциясының толыққанды қалыптасуына және көңіл күйінің жақсаруына алып келетін мінез құлық формаларын қалыптастыруға көмектесу.
Патогенді психотерапия аяқталу кезеңдерінде қайта тәрбиелеуге жақын, бұл туралы В.М.Бехтерев(1911), П.Б.Ганнушкин(1927), К.И.Платонов(1956), Е.К.Яковлева(1958) және т.б. жазған.Бұл әдісте психотерапевтің негізгі құралы ретінде емделуші мен оның өмірлік жағдайының арасындағы және қатынас жүйесі мен мотивация арасындағы ерекшеліктер байланысының интерпритациясы болып табылады. Интерпритация тікелей және жанама сұрақтар, ескертулер т.с.с. іске асады.

Билет№17

1.Топтық психотерапия және оның маңызы.

Топтық психотерапия ашықжәне жабықтоптан құралады. Үлкен топ 25-30 адамнан құралса, кіші топтың құрамы 8-12 адамнан құралады. Көптеген психотерапевтердің көзқарасы бойынша, топтық психотерапия адамдармен қарым-қатынастарында едәуір ауытқушылықтары бар адамдарға қолданылады. Сонымен қатар мұндай адамдарға фобикалық бұзылу қарым-қатынастық конфлик тән болғандықтан индивидуалды психотерапияда жүргізіледі. Топтық психотерапия көп жағдайда ауру адамға өзінің жекелік тұлғасы үшін қауіп қатерлі ситуация сияқты болып көрінеді. Бұл ситуация жаңа қорқыныш пен қорғануды тудырады. Ауру адамдар өздерін қорқынышта сезінеді, топта ашылудан үрейленеді, және де бұл әдістің мақсаттылығын түсіндірп беру қиынға соғады. Гипноз (лат. hypnos -ұйқы) — сананың уақытша күйі; сана көлемінің күшеюімен және оны иландырудың мазмұнына барынша шоғырландыруымен сипатталады, мұның өзі индивидуумдық бақылау және өзін ұғыну функцияларының өзгеруімен байланысты. Гипноз гипноздаушының арнайы әсер етуінің нәтижесінде немесе мақсаткерлікпен өзін-өзі иландырудан пайда болады. Гипноздық жағдайдың өздігінен болатын ерекшеліктерін саралау керек. Күйдің өзінің тән сипаттамалары: барынша иланғыштық, гипноздан кейінгі амнезияның болуы Гипноз жағдайында субъектіге оған сананың әдеттегі жағдайында тән емес физиологиялық және психикалық реакциялар пайда болуы мүмкін.

Топтық психотерапия әдебиеттерде неврозды емдеу, психогендік ауытқу, мінездің паталогиялық ерекшеліктері, наркомания, алкоголизм, токсикамания, психоз және эпилетциялар, нерв жүйесінің оргаикалық аурулары, жүрек тамыр және басқа да аурулар сипатталған.

2.Психодрама әдістерінің қолданылу аясы.

3.Арттерапияның мақсаты мен міндеттері

Билет№18

1. Темпераменттің психологиялық сипаттамасы.

И.П. Павловтың нерв жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша 4 түрлі темперамент өкілдері бойынша сипатталады.
Мәселен, нерв процестері күшті, бірі екіншісіне тен, келмейтш адамдар көбінесе ұйтқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келді.
Олар- ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олаодың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады.Бұлар -холерик темперамен-тінің өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады. Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қаблетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ—көңіл, қызу істің адамы. Оның осал өнері -іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларыйың тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жә йыттар.
Флегматик — темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шақпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері -қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оң тайлықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.
Меланхолик — темпераментінің адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераментте адам өзге адамдармен щнша көп жүғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз
ойына шомуға бейім тұрушылық орынсыз и балылық — осы темпераменттің ең бір нашар жағы.
Орыс жазушыларының көрнекі өкілдері Герценді сангвиник, Гогольді меланхолик, Крыловті — флегматик темпераменттерінің өкілдеріне жатқызуға болады.
Табиғи жағдайда темпераменттердің “таза” түрін ажырата алу, көбінесе қиынға соғады. Өйткені олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін.
Дегенмен ұзақ уақыт бойында жүргізілген зерттеулер бізге төменгі класс оқушылары арасынан темпераментердің “таза” түрлерін тауып ашуға мүмкіндік берді. Оқушылардың сөйлеу ерекшеліктерінің қалыптасу жолын қарастыра отырып, сөздің адам психикасына ерекше реңк беретіндігін, мұ ның балалардың темперамент ерекшеліктерінен жақсы көрнетіндігін байқауға болады. Бұл жерде профессор Н.Н. Красногорскийдің бала жоғары нерв қызметі оның сөйлеу ерекшеліктеріне (атап айтқанда дауыс ырғағына, мәнерлікпен, сөйлеу қарқынына) әсер етіп отырады деген қағидасының дүрыс екендігі байқалды. Осы айтылғанмен қатар, балалардың темпераментін анықтауда олардың жалпы ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктерін, жұмыс істей білу қаблетін, осыларға байланысты түрлі қозғалыс-қимылдармен де санаспауға болмайды.

 

Аффект, сезім.

  Аффект- латын сөзі, қазақшалағанда жан толқынысы деген мағынада қолданылады. Аффектілер деп ерекше күшті, тез пайда болатын және адамды билеп кететін, қысқа мерзімде жүріп өтетін эмоциялық жағдайды айтамыз. Мысалы: қуаныш, қорқыныш, қайғы және т.б аффектілерін атауға болады. Аффектілер негізінен күшті тітіркендіргіштердің әсерінен болады. Аффектілер көп жағдайда кенеттен болады, бірнеше минут жүріп өтеді де, адамды тез арада билеп әкетеді.
Аффектілер еріктің әлсіреген жагдайында пайда болады, өзін-өзі ұстай алмаудың және өзін-өзі басқара алмаудың керсеткіші болып табылады. Әрбір адам саналы құбылыс ретінде өзінің жекебасында кездесетін аффектіні алдын ала болдырмауға, оны алғашқы байқалған кезінен басып отыруға әрекеттенуі керек.
Сезімдер атап көрсетілгендей, адамның қажеттіліктерімен және оны қанағаттандыру мүмкіндіктерімен байланысты. Қажеттіліктердің сипатына байланысты жай және жоғары сезімдер деп бөлінеді.
Жай сезімдергебелгілі бір физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмаумен байланысты сезімдерді жатқызамыз. Мысалы, аштық, шөлдеу, тою, жүрегі айну сияқты эмоциялық жағдайлармен байланысты сезімдер жатады.
Жоғары сезімдеррухани қажеттіліктерді қанағаттандыру; немесе қанағаттандырмау негізінде пайда болады. Жоғары сезімдер анық байқалатын қоғамдық сипатта болады және адамның қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтары мен құбылыстарына қатынасын білдіреді. Жоғары сезімдердің мазмұны олардың бағыттылығы адамның көзқарасымен, адамгершілік мінез-құлық ережелерімен және эстетикалық бағалауларымен анықталады.
Жоғары сезімдер адамгершілік, эстетикалық және интеллектуалдық болып бөлінеді.
Адамгершілік сезімдер- қоғамдық өмірдің талабына сәйкес керінетін адамның жоғары сезімдерінің бір түрі. Бұлардың мазмұны да, құрылымы да өте күрделі. Мұндай сезімдер тобына жолдастық, достық, махаббат, адамдық, шыншылдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, елжандылық, ұят, ұлттық мақтаныш, қазақстандық патриотизм т.б. жатады.

Эстетикалық сезімдер.Қоғамның даму үрдісінде адам моралдық талаптармен ғана емес, сонымен қатар сұлулық ұғымдарын басшылыққа ала отырып, қоршаған дүниенің құбылыстарын қабылдау қабілеттілігіне ие болады. Бұл жағдай эстетикалық сезімдердің пайда болуы үшін негіз болып табылады. Эстетикалық кәңіл-күйлер өте көп қырлы және күрделі.

Интеллектуалдық сезімдер- адамның ақыл-ой, іс-әрекетімен байланысты. Интеллектуалдық сезімдерге таң қалу, әуестену, өзіне-өзі сену, қанағаттану сезімдерін жатқызуға болады. Интеллектуалдық сезімдер танымдық іс-әрекетте пайда болады. Бұл сезімдер әртүрлі теориялық және тәжірибелік мәселелерді қойғанда, міндеттерді шешкенде, ғылыми жаңалық ашқанда, ойлап тапқанда, қандай да болсын жаңаны меңгергенде және танығанда пайда болады және көңіл күйді білдіреді.

3.Эмоцияның түрлері.

Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.
ға сыйю, ой-өрiстi кеңейту, бiлу, зерттеу ықыласы, бiреуге немесе бiр нәрсеге әуесқойлық және сезiм құшағында күйзелу.Қызығушылыққа қарама-қарсы эмоцияны зерiгу деп атаймыз . Ол монотондық жағдайда туады. Субъектiнiң тиiстi пәнiмен немесе ақпараттармен ерекше қарым-қатынас және жаңа жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоция күшейедi. Таңырқау, қызығу эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелiк, жаңа ұқсас жағдаяттарда туады. Бiрақ, тез уақытта өтетiн эмоция болып көрiнедi. Күштi танымдық мотив ретiнде көрiнедi, соңғы әрекеттердi итермелейдi, яғни, айқындау, бiлу, анықтау, көз жеткiзу т.б.Қуаныш эмоциясыадамның мүмкiншiлiктерi және негiзгi тұлғалық қасиеттерiн жүзеге асыруда пайда болады. Қоршаған әлеммен және басқа адамдармен, өзiмен қанағаттану сезiмiмен және өмiрге қанағаттану күйi.Оптимизм және мүмкiншiлiгiн кеңейту күштiң көбею сезiмiнен байқалады.Ұялу эмоциясысубъект өзiне, көзқарасына, ойына, тұлғалық қасиетерiне, қатынастарына, сыртқы ерекшелiгiне сәйкес емес әрекеттерiн жасаған кезде туады. Бұл күйзелiсте субъект өзiн басқалармен салыстырғанда жаман, қолынан ештеңе келмейтiн, әлсiз, кiшкентай, ешнәрсеге жарамайтын, ақымақ, тартымсыз, жол болмағандай сезiнедi. Оған басқалар оның кемшiлiктерiн көрiп, жек көретiндей көрiнедi. Сондықтан ол басқа адамдардан өзiн алшақ ұстап, жат жүруге даяр болады. өялудың жеңiл формасы қызару.Ұялуға қарама-қарсы эмоциялық күй – мақтаныш эмоциясы. Ол моральдық-эстетикалық талаптардың жоғары деңгейiнде туындайды. Ол өзiнiң мағыналығын,артықшылығын, құндылығын басқа адамдардан жақсы лебiздер естiген кезде сезiнедi.Айну эмоциясысубъектiнiң моральдық-эстетикалық талабына сәйкес емес жағдайларда, объектiлерге, құбылыстарға немесе адамдарға туындайды. Бұл адамның қылықтары, ойлары, тiлектерi, нақты заттары, iс-әрекет кемiстiгi және т.б. Айну эмоциясы сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады.Жек көру эмоциясы айнуға мағынасы ұқсас келедi, бiрақ өзiнiң қосымша ерекшелiгi бар.Ол сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады. Сонымен қатар ол жек көрген адамнан немесе топтан өзiн алшақ ұстап, өзiнiң артықшылығын, ар-намысын сезiнедi.Өзiн кiнәлау эмоциясында адам өзiнiң кiнәсiн мойындайды, өзiнiң оған қатысын немесе шығынға жауапкершiлiгiн, басқа адамдардың жайсыздығын, жолының болмауына өзiн кiнәлi сезiнедi. Бұл кезде ол өзiн-өзi кiнәлайды және өкiнедi.Қорқыныш эмоциясы адамның тұлғалық немесе дене бiтiмiне өмiрiнде қауiптiң төнуi кезiнде пайда болады. Қауiп төну деңгейiне байланысты сенiмсiздiк жағдай, мазасыздану, жамандықты сезiну, қауiптiлiгiн қамтамасыз ете алмау, қауiп, күштi қорқыныш бақылауға келмейтiн аффектiге айналуы мүмкiн.


Дата добавления: 2019-01-14; просмотров: 312; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!