Майер бойынша ойлау теориясы. 8 страница



2. Мінез бұзылыстары, олармен психологтың коррекциялық жұмысы.

 Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.[1]
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.[2]
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.
Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді. Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
жанұяда берекенің болмауы;
ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
тәрбие берудегі кемшіліктер;
өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары

3.Практик психологтың жұмыс әдістері

Билет№24

1 . Тұлғаның интеракционды теориясы туралы.

Интеракционистік теория - адамның өзектіәрекеттерін басқарудың ішкі және сыртқы факторларын өзара әрекеттестік принцип негізінде құрылады. Тұлғаның интеракционды теориясын американ психологі У.Майшел жасады. Онда адам тұлғалық факторы мінез белгілеп, оны бірнеше мынадай, топқа бөледі:

1. Адам қабілеті.

2. Когнетивті стротегиясы.

4. Құндылығы.

5. Мінез жоспары.

2. К.Юнг бойынша сана және бейсаналы сфералар туралы

Юнг бойынша адам психикасына 3 деңгей кіреді:сана, жеке бейсаналық және ұжымдық бейсаналық. Адамның тұлға құрылымында анықтаушы роль атқаратын ұжымдық бейсаналық бұрын бүкіл адамзат есте қалдырған іздерден түзіледі. Ұжымдық бейсаналық жалпы сипатта. Ол тұлғаға әсер етіп, туылғанынан бастап өзін өзі қалай ұстауын белгілейді. Ұжымдық бейсаналық та өз кезегінде түрлі деңгейлерден тұрады, ұлттық, нәсілдік және жалпы адамзаттық тағылыммен анықталады. Ең терең деңгей адамның жануар болған ата-тегінің тәжірибесінен қаланған. Сонымен, Юнгтың анықтамасы бойынша ұжымдық бейсаналық - біздің көне ата-тегіміздің ақыл-парасаты, олардың өмір мен әлемді, құдай мен адамды тану жолдары.

Ұжымдық бейсаналық жеке адамдарда архетиптер түрінде көрініс береді. Ондай архетиптер тек түстерде емес, шынайы шығармашылықтан да табылады. Архетиптер жеке адамдарға тән болғанымен оларда ұжымдық бейсаналық бейнеленеді. Архетип болып табылатын ойдағы елестетулердің жалпы формаларына эмоционалдылықтың елеулі элементі, тіпті перцептивті бейнелер де кіреді. Мысалы, ананың архетипі- өз анасына ұқсатылған сезімтал және бейнелі мазмұны бар ана идеясы. Бұл архетипті бала ата-тегінен дайын күйінде алып, оның негізінде өз анасының нақты бейнесін құрады.

Юнг бойынша ұжымдық бейсаналықтан басқа жеке бейсаналық та бар, бірақ ол санадан бөлектенбеген. Бұрын ақыл сарапынан өткен, түсінікті болғанымен кейін ұмытылған немесе естен шығарылған күйзелістер жеке бас ақыл-ессіздігін құрайды. Белгілі жағдайда олар түсінікті болуы мүмкін.

Жеке бейсаналық құрылымдық бірліктері – сезімдер, ойлар және естеліктер констелляциясы. Юнг бұларды кешендер деп атаған (мысалы, үлкен билікті иемденуге ұмтылу -билік кешені болады).

3. Маслоудың қажеттілік иерархиясы теориясының алғы шарттары.

А.Маслоу теориясы адамдардың жұмысқа ынталану негізін түсінуге зор үлес қосты.

Маслоудың қажеттілік иерархиясы. Бұның негізгі ойы адам қажеттіліктері. Бұл ертедегі теория. Бұл жерде адамның қажеттіліктерін 5 топқа бөлген:

· Физиологиялық қажеттілітер;

· Адамның қауіпсіздігі;

· Әлеуметтік қажеттіліктер- махаббат сезімі, достық;

· Адaмды силау қажеттілігі;

· Өзін-өзі көрсету;

Маслоу теориясына ұсынсақ, адам қажеттіліктерін белгілі бір орынға біріктіруге болады.

Ең үлкен қажеттілік бұл өзін-өзі көрсету. Себебі адам әлеуметтік ортада өскісі келеді сондықтан бұл процесс шексіз.

Маслоу бойынша қажеттілік пирамидасы. Маслоу адамдарды бұрын тәжірибесі бар, әрі білімді деп қарамай, оларды өзін-өзін жетілдіретін және өзін-өзі меңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде қараcтырылады. Ол адамдарда иерархиялық жүйеден тұратын көптеген қажеттілік болатындығы мойындайды. А.Маслоу бұл қажеттіліктерді бес категорияға бөледі.

· Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін керек. Бұған тамақ, су, баспана, демалу және жыныстық қатынас қажеттіліктер жатады.

· Қауіпсіздік, қорғану, және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп қатерден қорғану қажеттілігі, болашақта физиологиялық қажеттіліктің қанағаттандырылуы мүмкін.

· Әлеуметтік қажеттілік– бұл бір нәрсеге немесе біреулерге қатыстылық сезімі, өзіңді біреулерден құрметтеу сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас, құштарлық және сүйемелдеушілік сезімі.

· Құрметтеу қажеттілігінеөзін-өзі құрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқа біреулердің оны құрметтеуі, мақұлдауы жатады.

· Өзін-өзі көрсету қажеттілігі - өзінің потенциалды мүмкіндігін жеке ьасының өсіп жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі.

 А.Маслоу көзқарасы «қажеттілік иерархиясы» әдістемесі деп аталады. Ол қажеттіліктің қатаң иерархиялық құрылымды орналастыруға болады деп есептеді. А.Маслоу бойынша қажеттілік иерархиясы жорамалдауынша, төменгі деңгейдегі қажеттілік қанағаттандырылған жағдайда ғана едәуір жоғары деңгейдегі қажеттілік пайда болады да, адамдардың назарында осы жоғары деңгейдегі қажеттілікті қанағаттандыру ой ниеті туындайды. әрбір нақты уақыт кезеңіне орай адамдар өзіне аса маңызды немесе күшті қажеттілікті қанағаттандыруға ұмтылады.

Өзін-өзі көрсету қажеттілігі ешқашанда толық қанағаттандырылмайды, өйткені адамның жеке басының ой-өрісі дамуына орай оның потенциалдық мүмкіндігі ұлғая түседі. Сол себептен де мотивация процесінде адамның қажетсінуінде шек болмайды.

Билет№25

Темперамент типтері.

Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатыста — күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте — пысық. Холериктер жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Қайрат-жігері мұқалы, өз мүмкіндігіне сенімі кетсе, еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Осылайша, тек көңілі ауғанда істеушілік, оның жүйке қызметінің бір қалыпты тепе-тең еместігінен болады.
Бұл жөнінде И.П. Павлов былай дейді: «Байсалдылығы жоқ қажырлы адам кез келген іске барлық күш жігерімен кіріседі де содан соң тез шаршап қалады, кейіннен зауқы аумай қояды…»
Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Бірақ ол ылғи қызықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде болады. Мұндай іс жоқ кезде ол жабырқаңқы, сылбыр жүреді.
Сангвиникке қимыл қозғалыста – белсенділік, өмір жағдайының өзгеруіне жеңіл бейімдеушілік тән. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жатырқамайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді ақ-жарқын, іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам. Осылайша жалындап тұрғанымен іске зауқы болмаса, яғни күнделікті күйбеңі, төзімділікпен ерінбей-жалықпай істеуді қажет ететін жұмыс тап болғанда суынып қалады.
Сангвиникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Бұл — оның көңіл күйінің қолайсыз түрінен тез арылып, өзін қызықтырған іске кіріскен кезде ақ жарқын, жаны жайсаң жағдайға түсе алатындығының белгісі. Мида жаңадан жасалатын уақытша байланыстардың тез өзгеріп, қайтадан өңделуі оның ақыл-ойының оңтайлылығын байқатады. Сангвиник ойға жүйрік, өткір тілді, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді келеді. Әр түрлі, көп қырлы жұмысты нәтижелі атқарады. Бір қалыптылықты және шапшаңдықты тілейтін жұмыстар бұған өте қолайлы.
Флегматик темпераменті. И.П. Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбекқор адам. Жүйке үрдістерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.
Қозу үрдісін бәсеңдететін күшті тежелу оның ырықсыз қимыл-қозғалыстары болып, ұсақ-түйекке алаңдатпай жүйелі жұмыс істеуге, бір қалыпты өмір сүруге жағдай жасайды, флегматик ұзаққа созылатын, бірақ күшті сарқып алмайтындай жұмысты жақсы атқара (шыдамды, зейінді, орнықты). «Мінез-құлықтың қалыпты жүйесі, өмір ағысының біркелкілігі менің жұмысым мен демалуымның және қозу, тежелу үрдістерінің бір қалыптылығынан екендігі түсінікті нәрсе».

Флегматик — салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұртпен қарым-қатынасы да бір сарынды жүріп жатады.
Баяулық пен селқостық — флегматиктің осал жағы. Оған ырғалып, жырғалуға, жиналып, қамдануға біраз уақыт қажет. Селқостық оның стереотиптерінің оралымсыздығынан мінез-құлқының оңтайлы еместігінен, жаңа жағдайға тез үйлесе қоймайтындығынан жақсы байқалады. Дегенмен, бұл қасиет мінездің тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлық пен әрекет етуге төзімді болады.
Меланхолик темпераменті — бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық,қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.
Қозу және тежелу үрдістерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен тең келмеуі, кез келген күшті әсер -меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады. Меланхоликті әлсіз тітіркендіргіштер де мазалайды, одан да зор әсер алады, сондықтан да ол ұсак-түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты қуанады. Психологтар мұны меланхоликтердің күшті сезіне білу қабілетінен деп есептейді. Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-қатысқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді. Темпераменттің негізгі төрт типінің өкілдері бір қалыпты жағдайдың өзінде өздерін түрліше ұстайды екен. Осылайша темперамент адамның белсенділік сипатынан, мінез-құлықтың түрлі қалпынан үнемі өзгерістегі сыртқы ортаға бейімделе алу жағдайынан көрініп отырады.

2.Адлердің индивидуалды психологиясы.

Адам біртұтас өзара келісімге келген ағза деген көрініс адлер психологиясының алғышартын
құрайды. Адлер өз теориясына «индивидуалды психология» деген атау берді, өйткені латын
тілінен"individuum" «бөлінбейтін» -яғни бөлуге болмайтын мəнге ие деген мағына білдіреді.
Индивидуум өз алдына ми мен дене арасындағы сондай-ақ психикалық өмірге қатысты өзара
байланысты бөлінбейтін тұтастық болып табылады.
2. Адам өмірі жетістікке белсенді ұмтылыс ретінде.
Адам жетістікке ұмтылатындығын ескере отырып, Адлер адамдар сыртқы немесе ішкі
себептерден бастау алмайды, керісінше тұлғалық мəнге ие өмірлік мақсаттарға деген қозғалыста
болады.
Адамдар өз алдарына қойған мақсаттары жəне оған жетудегі индивидуалды жолы олардың өз
өміріне мəн беруін түсінуге қол жеткізумен түсіндіріледі. Адлердің пікірінше, бұл өмірлік
мақсаттар айтарлықтай деңгейде индивидуалды таңдалады ізінше, адамдар жетістікке жету
жолында өз əрекеттерін əрдайым жоспарлап, өз тағдырларын анықтауы керек. Көздеген
мақсаттарына жеткеннен кейін олар өзіндік бағаларын арттырп қана қоймай, сондай-ақ өз
өмірлік орындарын да табады.
3. Индивидуум шығармашылық жəне өзіндік анықталған тұтастық ретінде.
Адамдар өз өмірін басқаруға мүмкіндік беретін шығармашылық күшке ие болады. Бұл
шығармашылық күш адамның кез-келген тəжірибесінің шегіне ықпалын тигізеді: қабылдау, ес,
қиял, фантазия, арман. Ол əрбір адамды өзіндік анықталған индивидуум, өзіндік өмірінің
сəулетшісі етеді..
4. Индивидуумның əлеуметтік жағдайы
Адлер теориясындағы жетекші қағида бойынша адамның мінез-құлқы əлеуметтік контекстіде жүзеге асады, жəне адам табиғатының мəніне əлеуметтік қатынастарды түсіну арқылы қол жеткізуге болады. Кез-келген адамда табиғи қоғамдық сезмі немесе əлеуметтік қызығушылығы –өзара əлеуметтік ынтымақтастық қатынасына туа пайда болған ұмтылыс сезімі болады.
5. Индивидуалды субьективтілік
Адлер көрсеткендей, адамдар олардың мінез-құлқын реттейтін қазіргі жəне өткен оқиғалар туралы жеке пікірін көрсететін- фиктивті мақсатпен мотивацияланады. Адлердің пікірінше, адамдар өздерін осы жеке сенімдеріне сəйкесті ұстайды. Негізгі концепциялар жəне принциптер. 1) толымсыздық сезімі жəне компенсация; 2) басымдыққа ұмтылыс; 3) өмір стилі; 4) əлеуметтік қызығушылық; 5) шығармашылық-
Мен; 6) туылу реті; 7) фикционды финализм.
Толымсыздық сезімі жəне компенсация.
Адлер өз еңбегінің бастамасында "Исследование неполноценности органа и ее психической компенсации" атты монография шығарды. Мұнда адам үшін бір ауру екіншісіне қарағанда не себептен басымдық танытады дененің бір бөлшегін екіншісіне қарағанда ауру тез алатындығы туралы теорияны дамытты. Оның болжамы бойынша кез-келген индивидуумда бір мүшелері екіншісіне қарағанда əлсіз болады, ал ол болса, осы мүшенің ауруға шалдығуына бейімділігімен сипатталады. Сондай-ақ; кез-келген адам дамуы əлсіз мүшесі ауруға тез шалдығады, туғаннан қызметі нашар бір сөзбен айтқанда «толымсыз» болады. Балалық шақта бастан кешірген қиындықтардың кейіннен толымсыздыққа əкелген себептеріне байланысты Адлер үш қиындық түрін көрсетті: мүшелердің толымсыздығы, шектен тыс қамқорлық көрсету, ата-аналар тарапынан жылылық көрмеу. Адлер бойынша, өмір стилі қасиеттердің бірлігі, мінез-құлық пен əдеттің тəсілдері түгелдей жиынтығын алғанда индивидуумның қайталанбас өмір сүру сипатын көрсетеді. Өмір стилі толымсыздық сезіміне қол жеткізуге бағдарлайтын біздің күшімізге негізделген,
соның арқасында басымдық сезімі берік болады. Адлер бойынша, төрт немесе бес жаста бекитіндігі соншалық, ол кейіннен өзгертуге мүлдем келмейді.


Дата добавления: 2019-01-14; просмотров: 659; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!