Майер бойынша ойлау теориясы. 6 страница



Билет№19

1.Естің ассоциативтік теориясы.

Естің ассоциативті теориясының оны тану үшін пайдасы көп болды. ХІХ ғасырдың аяқ кезінде естің ассоциативтік теориясының орнына кезекке гештальттеория келді. Теорияның негізгі ұғымы мен басты қағидасы алғашқы элементтедіңассоциациясы емес, ал оның тұтас ұғымы – гештальт болып табылады. Гетальтизм теориясы естің ассоциативтік теориясын қатты сынға алды (гештальт – неміс сөзі, қазақшалағанда бейне, тұтас құрылымдеген мағынада қолданылады). Гештальтизм теориясының негізгі ұғымы – генетальт ұғымы – тұтас ұйымды, құрылымды білдіреді. Сонымен, ассоциативтік теорияның заттар мен құбылыстарға қарапайым элементарлық көзқарасынагештальтизм ең алдымен элементтер синтезі, тұтастық қағиданы қарсы ұсынды. Гештальтизм теориясының жақтаушылары адамның практикалықіс-әрекетіне естің тәуелділігі туралы сұраққа жауап бермеді және өз шешімінтаппады. Сондықтан да естің генезисітуралы мәселе күн тәртібінен аланып тасталды. Осы сұраққа психологиялық зерттеулердің басқа да екі бағытыныңөкілдері жауап бермеді – бихевиоризмжәне психоталдау. Бихевиоризмді жақтаушылардың көзқарастары ес проблемасына ассоциативтік теория өкілдерінің көзқарастарына жақын болды. Олардың арасындағы бірден-бір мәнді жалғыз айырмашылық – бихевиористер материалды еске сақтауда бекітудің рөлін бағалады, үйрету үрдістеріндегі естің қалай жұмыс істейтіндігін зерттеуге ерекше мән берді. З.Фрейд және оның жақтаушыларының еңбегі адам есін зерттеуде еске сақтау мен ұмытудың мнемикалық үрдістерінде жағымды және жағымсыз эмоциялардың рөлін анықтауға ерекше мән берді. Психоталдау теориясының арқасында адамның түрткілерсаласымен байланысты ұмытудың көптеген қызықты психологиялық амалдарын анықтады және суреттеді.

2. Ерік туралы жалпы ұғым.

 Ерік — адамның өз мінез-кұлкын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе,— мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің, жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл — адамнын бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардық өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларынын өзгеруі мен тұр-сипатын білдіреді.
Әрбір жеке адамнық ерікті іс-әрекеттерінін өзіндік синаты бар. Бұл сипат қоғамдық манызды жұмыстарды орындау үшін мәні аз іс-әрекеттерді соған бағындырып, өзінін жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік — адамның қарқынды іс-әрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамнын мінез-құлқы .мен әрқилы істерді орындауға ұмтылуы маңызы зор, мақсатты істерді орындауға бағытталады. Адам еркінін, көрінісі оның саналы түрдегі іс-әрекетінен байқалады. Қиын қыстау жағдайлардан жол тауып шығуға жетелейді, соны жүзеге асыруға қажетті құрал табады.

Тарихта болған белгілі адамдардың өмір жолына назар аударсақ, олардың алға қойған мақсаттарын орындау үшін орасан зор күш жұмсап, рухтанып, қиыншылықты ерікті істерімен жеңіп шыққанын көреміз. Бұған мысал ретінде «Шығыстың, қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүктің Ұлы Отан соғысындағы ерлігін айтуға болады, Ел басына күн туған шақта туған жерге деген сүйіспеншілік осынау нәп-нәзік қазақ қыздарының бойына күш-жігер, рух берді. Олар ерлік пен батылдықтың"өшпес үлгісін көрсетіп, Отан үшін жанын пида етті. Бұл да — адам еркінің бір көрінісі.
Ерік – әрекет-қылықтың саналы өзіндік реттелуі, қажеттік не мүмкіндік деп субъект пайымдаған мақсатқа жету бағытында әрекет қылық белсенділігін жұмылдыру. Еріктік әрекет болашаққа бағышталады, оның эмоциядан ерекшелігі – ағымдағы жағдайларға тәуелсіз.

3.Гиппократтың темперамент жайлы теориясы

Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гипократтың (б.э.д. 460-356) еібектерінде бұл жөнінде бірах пікірлер айтылған. Гипократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарларлың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын – қан, салқындататын – шырын (слизь), құрғататын – бауырдағы сары өт және оған дымқыемпераментлдық беретін қара өт (талақ). Осы төрт түрлі сұйықтың, араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал латын тіліңде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйык заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша «сангиус» - қан), ал шырын басым болса (грекше «мелай-нехоле» - қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик (грекше холе - өт) темпераменті деп аталған.
Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді, ол мидың ролін түсәне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл – адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Рим дәрігері Гален (129-199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық негұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау – сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмднің түрлеше физиологиялық өзгешіліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секрецияға бездеріне т.б. байланысты деген пікрлер де тарады. Нміс философы И. Кант (1724 - 1804) өзінің «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.

Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде де кен өріс алады.

Темперамент туралы ілім ерте кезде пайда болған. Ежелгі Греция ғалымы және дәрігер Гиппократ бұдан екі жарым мың жыл бұрын, темперамент туралы теорияның негізін салды.
Біздің дәуірімізге дейінгі 460—377 жылдар шамасында өмір сүрген Гиппократтың мектебі өмірді өзгермелі үрдіс ретінде қарастырды. Заттардың алуан түрлілігіне сүйенетін бірегей стихия туралы ілімді төрт сұйық (қан, сөл, сары өт және қара өт) туралы ілім алмастырды. Гиппократтың пайымдауынша «дененің табиғаты да осылардан құралған осылар арқылы ғана ауырады, осылар арқылы ғана айығады. Күші мен саны жағынан алғанда олардың тұтасу тепе-теңдігі сақталған жағдайда және олар жақсырақ араласа түскен кезде ғана дене сау-сергек бола түседі». Жұртшылыќқа әйгілі Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, дәлелдей алмады.
Гиппократ өзінің дәрігерлік тәжірибесінде адамдардың қимыл — әрекеттерінің бірдей еместігін, олардың жүріс – тұрысына, психикалық әрекеттерінің ағысы да, көңіл күйінің барысы да әртүрлі екендігін байқап, бұлардың не себептен осылайша болғандығына ерекше назар аударған. Ол адамды әр темпераментке бөлген. Денеде болатын 4 түрлі сұйық заттарды: қан, шырыш (шайыр), қара және сары ет, осыларды әр түрлі пропорцияларына сәйкес түсіндірген.

 

Билет №20

1.Жоғары жүйке жүйесі мен темперамент.

Жүйке жүйесінің куші дегеніміз — оның клеткаларындағы физиологиялык заттардың қоры. Қлеткада қор мол болса, қозу мен тежелу процестері де-күшті, ал қор тапшы болса, әлсіз болады. Процестері теңдес болса, қозу мен тежелу де тепе-тең, ал шамалас болмай, екеуі екі дәрежеде болса, онда бірінен-бірі алшақ, тең емес болады. Ми қабығының бір бөлігіндегі қозуды сол бөліктегі тежелу, керісінше, тежелуді козу оңай ауыстырып отырса, онда жүйке жүйесі қозғалғыш, ал оңай ауыстырмай, керенаулап қалса, онда жүйке жүйесі енжар болады. Демек, жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу процесі тең емес, бірінен ~ бірі алшақ, Қозғалғыш болса, оны шы-дамсыз тип, ал күшті, теңдес болса, оны сергек тип дейміз. Күшті, тендес, енжар болса — тыныш тип, егер жүйкесі шыдамсыз, күшсіз болса, әлсіз тип делінеді.
И .П. Павловтьщ жануарлардыа жүйке жүйесінің физиологиялық негіздерін зерттей отырып анықктаған жайттары адамның да жүйке жүйесіне типтеріне негіз бола алады. Енді осы негіздерге сүйене отырып, “Темперамент деген не?” деген сұрауға жауап берейік.
Темперамент — адамның жалпы мінездемесі. Анық мінездеме жеке адамныңщ барльщ іс-әрекетінен көрініп тұрады. Жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамепт типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындары, өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса — холерик, сергек болса — сангвик тыншы болса — флегматик, әлсіз болса — меланхолик болады.

 

2.Ерік бұзылыстары, оларды түзету жолдары.

 Еріктің бұзылуының жалпы ұғымдары: гипобулия, гипербулия, абулия, негативизм, клептомания, мутизм
Абулия - еріктің жоғалуы, ештеңе істегісі келмейтін патологиялық жағдай.
Гипобулия- еріктің төмендеуі, бір іспен айналысуға талапсыздық, ынтасыздық, ештеңе істегісі келмейтін психикалық жағдай.
Гипербулия- еріктің күшеюі.
Клептомания- еш себепсіз ұрлық жасауға құмар болу.
Мутизм- сөйлеу аппараттары сау болғанымен сөйлесе алмау.
Негативизм- науқас адамның тілдесуші адамды жақтырмауы, сөйлеспеуі, еш себепсіз қарсылық әрекет жасауы.
Психиатриялық тәжірибеде жігердің не ырықты қызметтің бұзылуы кататониялық синдромда білінеді. Бұл синдром ступор ретінде байқалады, басқаша айтқанда негативизм белгілері бар, қозғалыс толығынан жоғалып, балауыз сияқты иіліп, ауру адам иілгіш болады. Кез келген не ыңғайсыз қалыпта бола алады.
Дәрігерлердің ауырған науқаспен көптеген күнделікті жұмысы психотерапияға жатады. Психотерапия деген сөз грек тілінен аударғанда жанды емдеу деген мағына береді. Оған ауырған адамға қайырымдылықпен қарауға арналған көптеген сұрақтар мен шаралар кіреді. Бұл жұмысқа дәрігердің диагноз туралы сөзі, ауру адамға ауруы туралы түсіндіруі, жазылған рецептті берердегі жігерлендіру сөздері жатады.
Ең алдымен жалпы психотерапияның қосымша бөлігі ретінде емдеу мекемелерінің күн тәртібін айту керек. Күн тәртібі ерекшеліктері ауру адамның психологиясымен байланысты. Олар жоғарғы түрдегі өкпелегіштік, еркелік пен қынжылу. Психиканың мұндай ерекшеліктері бір жағынан осы адамның ауруымен, екінші жағынан үйренген өмірінің бұзылып, ауруханаға түсуімен байланысты.
Сондықтан ауруханаларда, емханалар мен диспансерлерде ауру адамдардың психикасын сақтайтын барлық жағдайды жасау керек. Осы айтқандарға бөлмені безендіру, қызметшілердің тәртібі, ауру адамдармен қарым-қатынас жатады.
Ауру адамның көңіл-күйіне бөлмелердің қабырғаларын бояу, картинаны ілу, палаталарға гүлдерді қою, берілетін киім мен асханадан асты қабылдау жағдайы ұнамды эмоционалдық әсер етеді.

3.Қиял түрлері.

Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - Түс (физиология). Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге үшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады.

Ырықсыз қиял - деп, адам алдына ешқандай мақсат қоймай, өздігінен, пайда болып алдында біраз уақыт билейтін ой көрінісін айтамыз.
Ырықты қиял - деп адам алдына белгілі бір мақсат қоюы мен жасалынады.
Ырықты қиял - қайта жасау, шығармашылық, арман болып бөлінеді.
1. Қайта жасау қиялы - деп, суреттеп сызғанға немесе
жазғанға адамның жаңадан бір нәрсені елестете алуын айтамыз.
Қайта жасаушылық арқылы адам шындыққа сай, дүрыс образдар беріп отырады.

 

Билет 21

1. Жағымсыз эмоциялар түрлері, оларға сипаттама.

Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.

Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.

Жек көру эмоциясы айнуға мағынасы ұқсас келедi, бiрақ өзiнiң қосымша ерекшелiгi бар. Ол сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады. Сонымен қатар ол жек көрген адамнан немесе топтан өзiн алшақ ұстап, өзiнiң артықшылығын, ар-намысын сезiнедi.


Дата добавления: 2019-01-14; просмотров: 308; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!