Майер бойынша ойлау теориясы. 4 страница



3 Қиял бейнелерінің жасалу жолдары.

.Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».

Билет№14
1. Сезім, түрлері

Сезім — адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты.

Мәселен, достық, адалдық сезімдері, адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілері.

Сезім түрлері: Адамгершілік- мазмұны да, құрылымы да күрделі. Достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, ұят тағы басқа жатады. Эстетикалық- адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезіну. Бұл сезімдер – сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әдемі көріністерді тамашалау немесе табиғатты көркем өнердегі, өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу кезінде байқалады. Интелле кттік- адамның таным процестерімен ақыл ой әрекетімен тығыз байланыста. Оған: болжау, ықтималдық, жанашылдық, интуиция, күдіктену, сенімділік және тағы басқа жатады.

 

2.Темперамент және жеке адамның қалпы
Адамның мінез-құлқы оның туыстан пайда болған тип өзгешелігіне ғана тәуелді болмай, жүйке қызметінің тікелей өмір барысында қалыптасатын түрімен де байланысты екенін еске ұстау қажет. Кейде тыныш бір қалыпты флегматик холерикше эмоциясы бұрқанып, күйіп-пісіп, әлек болады, ал холериктің кейбір жағдайларда өз күшіне сенбейтін, енжар меланхоликтің қалпына түсіп кететін кездері де болады.
Осындай көріністер кейбір психологтарды аралас темперамент те болады деген пікірге алып келеді. Мұндай түсінікті дұрыс деуге болмайды. Аралық темпераменттер болады деген дұрысырақ.
Бір адамның өзінде де әр жағдайда түрлі мінез-кұлық көрініп отырады, оны талдауда алғашқы кезде осы адамның типтік өзгешеліктері еске алынады, өйткені, мұндай жағдайларда жүйке жүйесінің түрлі типтерінде көңіл күйі түрліше байқалады. Мәселен, холерикке — көңілдің түсуі, бұрқануы, ал флегматикке — ұстамдылық, меланхоликке — өз күшіне сенімсіздік т.б. тән қасиет.Олай болса осы жағдайлар адамның типтік белгісі болып табылады. Егер адам сыртқы әсерге қалай болса солай қарайтын болса, осы әсердің өзі қандай екенін зерттеу қажет. Мұндайда кездейсоқ реакцияның типтік болып шығуы да ықтимал. Мәселен, флегматиктің ашуы мен эмоциялық күйіп-пісуі ұзақ уақыт ішінде сан рет қайталанған әсерден кейін туса, холерикте осындай жағдай бірден пайда болады.
Адамның жабырқауы мен солқылдақтығы да осы тектес болады. Холериктерде бұл ұзақ зорығып жұмыс істеген кездегі қажудан туындаса, меланхоликтерде бұл жайт қарым-қатынас пен өмір жағдайының түбегейлі өзгеріске түскен кезінде немесе қысқа мерзімді күйзеліс үстінде белең береді.

3. Темперамент жəне жеке адамның қалпы.

Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды.
Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге үшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигаалдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады.
Үйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан қүралған. Бұлардың негізі — адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. үйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т. б.) жүмысына бір жайсыздық түссе, бүл да адамның түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, үйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған біреуден қашады, бүдан ол ентігіп, булығады да.
Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. «Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бүрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың түсі, -деп жазды И. П. Павлов, — бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы».

Биле т№ 15

1. Тұлға дамуының теориясындағы Л.С.Выготскийдің көзқарасы.

Л.С. Выготскийдің пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің қарым – қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлға – бұл қоғамдық – тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс - әрекеті – бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуын адамның мінездемесі үшін маңызды орын алуы, яғни оның мінез – құлық пен іс - әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым – қатынастарының бірлігін құрайды. Нәтижесінде адамның кез – келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар, тұлғаның дамуында негізгі болып нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы, механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді. Л.С. Выготскийдің «баланың психикасы әлеуметтік табиғатқа ие» - деген пікірі осыған негізделеді. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, баланың тұлғалық дамуы, оның дамуындағы әлеуметтік жағдайлармен байланысты. Сонымен, тұлға – біріншіден әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен, анықталып және де біріккен әрекет пен қарым – қатынаста қалыптасып отырады. Кеңес психологиясында, адамды тұлға деп, - қоғамның субъектісі ретінде оның қарым – қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды.

2 Адлердің индивидуалды психологиясы.

Адам біртұтас өзара келісімге келген ағза деген көрініс адлер психологиясының алғышартын
құрайды. Адлер өз теориясына «индивидуалды психология» деген атау берді, өйткені латын
тілінен"individuum" «бөлінбейтін» -яғни бөлуге болмайтын мəнге ие деген мағына білдіреді.
Индивидуум өз алдына ми мен дене арасындағы сондай-ақ психикалық өмірге қатысты өзара
байланысты бөлінбейтін тұтастық болып табылады.
2. Адам өмірі жетістікке белсенді ұмтылыс ретінде.
Адам жетістікке ұмтылатындығын ескере отырып, Адлер адамдар сыртқы немесе ішкі
себептерден бастау алмайды, керісінше тұлғалық мəнге ие өмірлік мақсаттарға деген қозғалыста
болады.
Адамдар өз алдарына қойған мақсаттары жəне оған жетудегі индивидуалды жолы олардың өз
өміріне мəн беруін түсінуге қол жеткізумен түсіндіріледі. Адлердің пікірінше, бұл өмірлік
мақсаттар айтарлықтай деңгейде индивидуалды таңдалады ізінше, адамдар жетістікке жету
жолында өз əрекеттерін əрдайым жоспарлап, өз тағдырларын анықтауы керек. Көздеген
мақсаттарына жеткеннен кейін олар өзіндік бағаларын арттырп қана қоймай, сондай-ақ өз
өмірлік орындарын да табады.
3. Индивидуум шығармашылық жəне өзіндік анықталған тұтастық ретінде.
Адамдар өз өмірін басқаруға мүмкіндік беретін шығармашылық күшке ие болады. Бұл
шығармашылық күш адамның кез-келген тəжірибесінің шегіне ықпалын тигізеді: қабылдау, ес,
қиял, фантазия, арман. Ол əрбір адамды өзіндік анықталған индивидуум, өзіндік өмірінің
сəулетшісі етеді..
4. Индивидуумның əлеуметтік жағдайы
Адлер теориясындағы жетекші қағида бойынша адамның мінез-құлқы əлеуметтік контекстіде
жүзеге асады, жəне адам табиғатының мəніне əлеуметтік қатынастарды түсіну арқылы қол
жеткізуге болады. Кез-келген адамда табиғи қоғамдық сезмі немесе əлеуметтік қызығушылығы –
өзара əлеуметтік ынтымақтастық қатынасына туа пайда болған ұмтылыс сезімі болады.
5. Индивидуалды субьективтілік
Адлер көрсеткендей, адамдар олардың мінез-құлқын реттейтін қазіргі жəне өткен оқиғалар
туралы жеке пікірін көрсететін- фиктивті мақсатпен мотивацияланады. Адлердің пікірінше,
адамдар өздерін осы жеке сенімдеріне сəйкесті ұстайды.
Негізгі концепциялар жəне принциптер. 1) толымсыздық сезімі жəне компенсация; 2)
басымдыққа ұмтылыс; 3) өмір стилі; 4) əлеуметтік қызығушылық; 5) шығармашылық-
Мен; 6) туылу реті; 7) фикционды финализм.
Толымсыздық сезімі жəне компенсация.
Адлер өз еңбегінің бастамасында "Исследование неполноценности органа и ее психической
компенсации" атты монография шығарды. Мұнда адам үшін бір ауру екіншісіне қарағанда не
себептен басымдық танытады дененің бір бөлшегін екіншісіне қарағанда ауру тез алатындығы
туралы теорияны дамытты. Оның болжамы бойынша кез-келген индивидуумда бір мүшелері
екіншісіне қарағанда əлсіз болады, ал ол болса, осы мүшенің ауруға шалдығуына бейімділігімен
сипатталады. Сондай-ақ; кез-келген адам дамуы əлсіз мүшесі ауруға тез шалдығады, туғаннан
қызметі нашар бір сөзбен айтқанда «толымсыз» болады. Балалық шақта бастан кешірген
қиындықтардың кейіннен толымсыздыққа əкелген себептеріне байланысты Адлер үш қиындық
түрін көрсетті: мүшелердің толымсыздығы, шектен тыс қамқорлық көрсету, ата-аналар
тарапынан жылылық көрмеу.
Адлер бойынша, өмір стилі қасиеттердің бірлігі, мінез-құлық пен əдеттің тəсілдері түгелдей
жиынтығын алғанда индивидуумның қайталанбас өмір сүру сипатын көрсетеді.
Өмір стилі толымсыздық сезіміне қол жеткізуге бағдарлайтын біздің күшімізге негізделген,
соның арқасында басымдық сезімі берік болады. Адлер бойынша, төрт немесе бес жаста
бекитіндігі соншалық, ол кейіннен өзгертуге мүлдем келмейді.

3. Адамға тән қиялдын ерекшеліктері.

Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
2) қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».
4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;
5) адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің олғандығында.
Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша суреттейді: «Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламы , оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы — әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет.
Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады.


Дата добавления: 2019-01-14; просмотров: 295; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!