Майер бойынша ойлау теориясы. 1 страница



Ойлау-өзіндік ішкі қарама–қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ойлау дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады, яғни ойлау осы қарама–қайшылықтарды, басқаша айтқанда, проблемалық жағдаяттарды шешу барысында өрбиді.
Ойлау “ішкі” процесс пе немесе ол мінез–құлықта көрінгендіктен бар болып санала ма, міне осы даулы мәселелер әлі күнге дейін жалғасып келеді. Шахмат ойнаушы өзінің келесі жүрісін орындамас бұрын ең алдымен бірнеше минут алдын ала ойланып алуы мүмкін. Ол өзінің әрекеттерін таразылап тұрған кезде ойлау қатыса ма? Әрине, қатысады және ешқандай да сыртқы мінез–құлық байқалмағандықтан бұл жағдайда кейбіреулер қорытынды элепирикалық бақылауға емес, өз пайдасына негізделген деп айтар еді. Ойлаудың жалпы анықтамасы бұл шиеленісті ішінара шеше және онда біздің талқылауымызға көмектесе алар еді. Әдетте ойлау үш негізгі кезеңмен сипатталады (Mayer. 1983);
Ойлау когнитивті болып табылады, яғни “іштей” ақыл ойда өтеді, алайда оны мінез–құлық бойынша бағалайды. Шахмат ойнаушы жүріс жасағанда өзінің ойлауын көрсетеді.Ойлау–ол процесс, онда когнитивті жүйеде білімдермен кейбір айлалы әрекет жасалады. Өзінің жұмысын ойластыра отырып шахмат ойнаушы сол сәтте өтіп жатқан ақпараттармен бұрынғы есіндегілерді біріктіреді және жағдай жайлы өз білімін өзгертеді.Ойлау бағытталған сипатқа ие, оның нәтижелері кейбір мәселелерді “шешетін” немесе оның шешілуіне бағытталған мінез–құлықта көрінеді. Шахматшының ойындағы әрбір келесі жүрісі жеңіске жетуге бағытталған. Барлық әрекет сәтті болмайды, бірақ та ойыншының ойында олардың барлығы шешуге бағытталған.

2. Таным процестері мен түйсік арасындағы байланыс.

Түйсіктің түрлерін үлкен үш топқа бөлуге болады.
І. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстрорецептор деп атайды. Бұған көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады.
ІІ. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интерецепторлар деп атайды.
ІІІ. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бір қалыпты орналасуын қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер хабарлап отырады. Мұның рецепторы пропиорецептор деп аталады.
Қабылдау туралы жалпы ұғым.
Егер түйсік сыртқгер түйсік сыртқмен құбылыстардың жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.

3. Елестін зейінге, еске, тұлғаның ерекшелігіне тәуелділігін атаңыз.

Елес зейінге тәуелді, яғни бұл елестің зейінмен де тығыз байланыста болатынын көрсетеді.Елес тұлғаның ерекшелігіне де тәуелді болып келеді. Елес еске байланысты болады, себебі адам бұрын қабылдаған, сезген заттарын, құбылыстарын, олардың бейнелерін қайтадан елестетсе, мұндай елестеулер ес елестері деп аталады. Елестер қабылдану түрлеріне байланысты болады:

   Көру- сыртқы ортадан келген көптеген материалдарды жинауға көмектеседі. Бұлар арқылы    қабылданатын заттардың түсін, формасын, көлемін әртүрлі елестетуге болады.

Есту- көбәнесе естілетін дыбыс құрамымен, дауыс өзгешелігімен, олардың құбылуымен астарлап жатады.

Қимыл-қозғалыс- бұл елес арқылы адам барлық денесінің, не болмаса дене мүшелерінің жеке қимылдарын және әрбір сөзді айтудағы пайда болатын артикуляциялық қимылдарды елестетеді. Кейбір кезде елес өте жарқын және көптеген уақытқа дейін өткен қабылдаудағы бейненің ұсақ бөлшектеріне дейін сәйкес келеді. Бұндай ерекшелік елесте эйдетизм деп аталады. Эйдетизм элементі көру, есту, тактильді болып бөлінеді.        

Билет№6

1. Ойлауды дамыту түрлері.

Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады.Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету,яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.
Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамытуға ықпал етуге болады:
1.Ойлаудың икемділігі.
2.Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі.
3.Ойлаудың сынилығы.
4.Ойлаудың мақсаттылығы.
5.Ойлаудың жалпылығы.
6.Ойлаудың өз бетіншелдігі.
7.Анықтылығы,дәлелдігі.
Ойлауға тән осы сипаттар оқушылардың ойлауының мәдениетін көтеруге, олардың интеллектуалдық потенциалын дамытуға көмектеседі.

Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.
1.Практикалық іс-әрекеттілік.
2. Көрнекі-бейнелік
3.Сөздік – логикалық.
Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.
1/ Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту /практикалық іс-әрекеттік,көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық/
2/ Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез,салыстыру, жалпылау,классификациялау/ т.б.
3/ Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.
4/ Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.
5/ Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.
6/ Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.
7/ Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.
8/ Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.
9/ Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.

2. Зерттеу жүргізу кезінде қарастырылатын түйсіктің негізгі түрлері.

Түйсіктердің түрлері улкен үш топка бөлуге болады.
Сыртқы дуниедегі заттар мен кұбылыстардың же ке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын туйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардын рецепторларын экстероцептор деп атайды. Бұған көру, есту, иic, дәм, тepi түйсіктері жатады.
Ішкі мушелеріміздің күйін беннелейтін (хабарлайтын) туйсіктерге түрлі органикалық туйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интероцептор деп атайды.
 Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктep хабарлап отырады. Мұның рецепторы проприоцептор деп аталынады.

3. Темперамент, түрлеріне сипаттама.

Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатыста — күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте — пысық. Холериктер жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Қайрат-жігері мұқалы, өз мүмкіндігіне сенімі кетсе, еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Осылайша, тек көңілі ауғанда істеушілік, оның жүйке қызметінің бір қалыпты тепе-тең еместігінен болады.
Бұл жөнінде И.П. Павлов былай дейді: «Байсалдылығы жоқ қажырлы адам кез келген іске барлық күш жігерімен кіріседі де содан соң тез шаршап қалады, кейіннен зауқы аумай қояды…»
Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Бірақ ол ылғи қызықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде болады. Мұндай іс жоқ кезде ол жабырқаңқы, сылбыр жүреді.
Сангвиникке қимыл қозғалыста – белсенділік, өмір жағдайының өзгеруіне жеңіл бейімдеушілік тән. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жатырқамайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді ақ-жарқын, іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам. Осылайша жалындап тұрғанымен іске зауқы болмаса, яғни күнделікті күйбеңі, төзімділікпен ерінбей-жалықпай істеуді қажет ететін жұмыс тап болғанда суынып қалады.
Сангвиникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Бұл — оның көңіл күйінің қолайсыз түрінен тез арылып, өзін қызықтырған іске кіріскен кезде ақ жарқын, жаны жайсаң жағдайға түсе алатындығының белгісі. Мида жаңадан жасалатын уақытша байланыстардың тез өзгеріп, қайтадан өңделуі оның ақыл-ойының оңтайлылығын байқатады. Сангвиник ойға жүйрік, өткір тілді, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді келеді. Әр түрлі, көп қырлы жұмысты нәтижелі атқарады. Бір қалыптылықты және шапшаңдықты тілейтін жұмыстар бұған өте қолайлы.
Флегматик темпераменті. И.П. Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбекқор адам. Жүйке үрдістерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.
Қозу үрдісін бәсеңдететін күшті тежелу оның ырықсыз қимыл-қозғалыстары болып, ұсақ-түйекке алаңдатпай жүйелі жұмыс істеуге, бір қалыпты өмір сүруге жағдай жасайды, флегматик ұзаққа созылатын, бірақ күшті сарқып алмайтындай жұмысты жақсы атқара (шыдамды, зейінді, орнықты). «Мінез-құлықтың қалыпты жүйесі, өмір ағысының біркелкілігі менің жұмысым мен демалуымның және қозу, тежелу үрдістерінің бір қалыптылығынан екендігі түсінікті нәрсе».

Флегматик — салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұртпен қарым-қатынасы да бір сарынды жүріп жатады.
Баяулық пен селқостық — флегматиктің осал жағы. Оған ырғалып, жырғалуға, жиналып, қамдануға біраз уақыт қажет. Селқостық оның стереотиптерінің оралымсыздығынан мінез-құлқының оңтайлы еместігінен, жаңа жағдайға тез үйлесе қоймайтындығынан жақсы байқалады. Дегенмен, бұл қасиет мінездің тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлық пен әрекет етуге төзімді болады.
Меланхолик темпераменті — бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық,қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.
Қозу және тежелу үрдістерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен тең келмеуі, кез келген күшті әсер -меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады. Меланхоликті әлсіз тітіркендіргіштер де мазалайды, одан да зор әсер алады, сондықтан да ол ұсак-түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты қуанады. Психологтар мұны меланхоликтердің күшті сезіне білу қабілетінен деп есептейді. Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-қатысқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді. Темпераменттің негізгі төрт типінің өкілдері бір қалыпты жағдайдың өзінде өздерін түрліше ұстайды екен. Осылайша темперамент адамның белсенділік сипатынан, мінез-құлықтың түрлі қалпынан үнемі өзгерістегі сыртқы ортаға бейімделе алу жағдайынан көрініп отырады.

 

Билет №7

1.Елес туралы жалпы түсінік және оның түрлері.

Елес- дәл қазір қабылданбайтын заттар мен құбылыстардың миға түскен бейнесі. Қызметіне байланысты: ес елесіжәне қиял елесі болып, жалпылау дәрежесіне байланысты: жалпы елес және жалқы елес болып бөлінеді. Елес арқылы адам заттар мен құбылыстарды аз да болса жалпылай бейнелей алуға мүмкіндік алады. Елес заттардың бейнелерін сақтауға, ол заттардың типтік басты белгілерін көрсететін ой-пікірлерін көшуге, оның мәнін танып, білуге көмектеседі. Демек белгілі бір зат жөнінде елесіміз болса ғана, оның ерекшелігін, не үшін қажет екендігін тереңірек ұғынамыз да, еске жақсы сақтай аламыз.

2.Ой қорытындыларының түрлері: индукциялық, редакциялық, аналогиялық.

Ой қорытындыларының үш түрі болады:

1.Редакциялық- жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Дедукциялық ой қорытындысында бала өзі білетін нақтылы фактілерді, байланыстарды, қатынас-тарды сол жалпы заңдылықтарға негіздей ұғуға тырысады.

2.Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы, мәселен, оттегі болмаған ауада өсімдік өсе алмайды, сондай-ақ оттегі жоқ ауада жануарлар да, адам да тіршілік ете алмайды.

3. Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.

Ұқсастық бойынша ой қорытындыла-рын жасау. Мәселен, И.Ньютон бүкіл әлемдік тар-тылыс заңын топқанда, ой қорытындысының осы түріне сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қоз-ғалуы, әсіресе құлауы мен аспан денелерінің қозға-луы арасындағы ұқсастықты түсіндіруде анало-гияны келтіреді.

3.Қиял бейнелерінің жасалу жолдары.

Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».


Дата добавления: 2019-01-14; просмотров: 310; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!