Майер бойынша ойлау теориясы. 9 страница



3. Топтық кеңес беру жұмысының ерекшелігі.

Психологиялық кеңес топтық және жеке даралық формада жүргізіледі. Топтық кеңес беру алдын ала жүргізілген жеке даралық кеңес беруден кейін ұйымдастырылады. Онда психологиялық проблемалары ұқсас адамдар топталады және мыенадай түрлерге бөлінеді:
- бір және бірнеше реттік;
- жеке ұсыныс бойынша;
- шақыру және бағыттау нәтижесінде;
- толықтырушы тестілеусіз, толықтырушы тестілеумен, т.б.
Жеке даралық кеңес беру мазмұны клиенттің тапсырмасымен анықталады. Психологтар психикалық даму кезеңдерін әрі нақты кезеңдегі механизмді білуі тиіс. Демек жеке даралық кеңес беру схемасы мына үлгіде ұсынылады: өзара іс-әрекет тапсырмалар мазмұны (тапсырыстың мәтіні) – психикалық дамудың механизмдері (психологиялық тапсырма) – психикалық даму мөлшерінің мазмұны.
Клиенттің психологиялық тапсырмасының қалыптасуында психологқа адамның өзіне ден қоюға, маманның философиялық және адамгершілік-этикалық айқындалуын талап ететін өмір мағынасы туралы сұрақтарға жауап іздеуге тура келеді.,
Топтық кеңес берудің мақсаты – адамдар арасындағы жүйені зерттеу болып табылады. Бұл қарым-қатынас мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Топтық кеңес беруде психологтың міндеті – топ мүшелерінің өзара қарым-қатынас құралын табу, кеңес беру барысында әсер етудің типтері мен олардың мазмұн, тұрақтылығын айқындау.
Психолог кеңес беру кезінде зайырлы әңгімеге бармай-ақ, тым жабыла немесе ашыла бермей, өзінің ойын еркін игере білуі тиіс. Әсіресе гипотезаны ұстануға бара бермеу керек, өйткені ол жалған болып шығуы мүмкін. Тиісті себептерсіз клиенттің пікірін елемейтіндей немесе беделін түсіретіндей тура сұрақ қоюға бармау керек, әңгіме қарымталы және өктем болмауы керек. елесЖалпы, жоғарыда айтылған психологиялық кеңес берудің ережесін сараптай келе, Р.В. Овчарова ұсынған кеңес берудің тиімді және тиімсіз жақтарына назар аудару керек.

 

Билет№26

1. Сезім. Түрлері, қасиеттері.

Сезiм - бұл адамның қоршаған болмыс заттары жəне құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған əрқилы формада көрiнiс беретiнтолғаныс, күйзелiстерi. Адам сезiмi тiршiлiк үшiн керектi де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмiр - өшкен өмiр. Ұлы ғұлама Ə. Науаи "Сезiмсiз адам - кесек, махаббатсыз адам – есек", - деген екен. Көп сезiмдерге адамның өзi құштар. Егер сол сезiмдер қандай да себептермен болмай қалса, адам "эмоциялық ашырқауға" келiп, оның орнын толтыру үшiн əн-күй тыңдайды, əсерлi фильмдер көрiп не қым-қиғаш оқиғалы кiтаптар оқиды.Стеникалық сезім дегеніміз - адамның белсенділігін арттыратын, күші мен қуатын еселейтін, адамды жігерлендіретін, сергектікке бағыттайтын сезім. Стеникалық сезім ("стиеяос" — грек сөзі, қазақшалағанда — күш деген мағынаны береді). Мысалы, күшті қуаныш, ашу сезімдері жатады.
Астеникалық сезім дегеніміз адамның белсенділігін, қуатын азайтатын, адамды тежеп отыратын сезім.
Астеникалық сезім ("астенос" - грек сөзі, казақшалағанда - әлсіздік мағынасында қолданылады). Мысалы, нәзіктік, қайғы-қасірет, қорқыныш сезімдерін жатқызуға болады.

 

2.Э.Эриксон бойынша тұлға теориясы.

Эриксон теориясы психоанализ практикасынан туындады. Э.Эриксон тұлға құрылымын З.Фрейд сияқты «Ид, Эго, Супер Эго» инстанцияларын бөліп қарастырады. Бұл концепцияның аса маңызды ұғымдары – топтық біртектілік және «Эго» – біртектілік. Топтық біртектілік бала өмірінің алғашқы күнінен-ақ бастап тәрбие берілген әлеуметтік топқа жатқызылуы, сол топқа тән түйсінулерді жаттықтыруға негізделеніп бағытталған. «Эго» біртектілік топтық біртектілікпен параллельді түрде қалыптасады. Және адамда өсу мен даму процесінде өтетін өзгерістерге қарамастан өзінің «Меннің» үзілместігін және табандылыққа, беріктілік сезімі субъектіде пайда болады. Эго – біртектіліктің қалыптасуы адамның бүкіл өмір бойы жүреді және бірнеше кезеңдерден өтеді.
Э.Эриксон бойынша тұлғаның өмірлік жолының деңгейлері
Өмірлік жолдың деңгейлері
Әлеуметтік қатынастар аймағы
Тұлғаның полярлық сапалары
Прогрессивтік даму нәтижесі
1. Нәрсетелік (0-1 жас) Ана немесе оның орнын алатын адам ;Сенімділік-сенімсіздік; Энергия және өмірлік қуаныш
2. Ерте жас (1-3 жас); Ата-аналар; Автономия-қобалжу, ұялу; Тәуелсіздік
3. Ойнау жасы (3-6 жас) Ата-аналар, ағалары мен апалары Инициативтілік-кінә сезімі
Мақсаттылық
4. Мектеп жасы (6-12 жас) Мектеп, көршілер Қолжеткізу-толыққансыздық Білім мен іскерлікті меңгеру
5. Жасөспірімдік жас (12-20 жас) Құрбы-құрдастар топтары Біртектілік-біртектілік диффузиясы
Өзін-өзі анықтау, жанқиярлық пен берілгендік
6. Жастық шақ (20-25 жас) Достары, жақсы көретін адамдары Интимділік-изоляциясы
Қызметтестік, махаббат
7. Ересектік (25-65 жас) Кәсіп, туған үйі Шығармашылық-тоқырау Шығармашылық пен қамқорлық
8. Кәрілік (65 жастан кейін) Адамзат, жақын адамдары Интеграция-өмірге көңіл қалу
Данышпандылық;
Өмірлік циклдің әрбір кезеңі үшін қоғаммен берілетін негізгі специикалық мәселе тән. Бұл мәселенің шешу индивидтің қол жеткізген психомоторлық даму деңгейінде, сондай-ақ бұл индивид өмір сүретін қоғамның жалпы қоғамның рухани атмосферасына да байланысты. Әрбір мәселені шешу екі шекті полюстердің арасындағы динамикалық қатынастарды бектуге негізделеді. Тұлға дамуын – дамудың келесі кезеңдеріне өту кезінде өз мәнін жоғалтпайтын бұл екі мүмкіндіктердің күрес мәселесі. Мысалы, егер де бірінші деңгейде бала да қоршаған әлемге деген сенімсіздігі қалыптасса, онда мектеп жасында мұғалімдердің әсерімен ол бала сенім жағына қарай таңдау жасай алады. Деңгейдің әр біреуінің емес қол жеткізген тепе-теңдігі өзін Эго – біртектіліктің жаңа формасын ашумен белгілейді және аса кеңірек әлеуметтік айналаға субъектісінің қосылуына мүмкіндік ашады. Эго – біртектіліктің бір формасына өту біртектіліктің дағдарысын тудырады. Оны Э. Эриксон «Бұрылу пунктары», «прогресс пен регресс, интеграция мен тоқтапқалулардың арасындағы таңдау мезеті деп атаған».

 

3.Тренинг. Мақсаты, міндеті, түрлері

ХХ ғасырдың 40 жылдарынан қолданыс таба бастаған тренингтер оған қатысушылардың өзара әрекеттесе отырып мәселені әр қырынан талқылауын қамтамасыз етеді. Тренинг ағылшын тілінен аударғанда «train»-жаттықтыру, жаттығу деген мағынаны білдіреді. Тренинг – өзін-өзі тануға, өзін-өзі реттеуге, тұлғааралық қарым – қатынасқа, коммуникативті және кәсіби біліктілікке бағытталған психотерапиялық, психокоррекциялық және оқыту әдістерінің жиынтығы.
Тренинг – басқа адамдарды жақсы түсінуге көмектеседі, өз бейнесін басқалар қалай көретіндігін салыстыруға мүмкіндік береді, өз мүмкіндігін байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды.
Батыста білімді байыту, дағды мен машықтарды іскерлікке баулудың тиімді тәсілі ретінде танылады. Тренингтер рөлдік ойындарды қолдана отырып, топтағы жұмыс белсенділігін арттыру, теорияны практикалық тапсырмалармен байланыстыру, ақпараттар көлемін саналы меңгеру (миға шабуыл) арқылы эвристикалық әдістемеге жол ашады.
Тренинг – жеке адам не топтың ақпаратты сол кезеңде не болашақта қажеттілігіне жарату мүмкіндігі. Тренинг саналы жұмыс түріне баулиды: қатысушылар пікір алмасады, өз көзқарасын қалыптастыру, жеткізуге, сұрақты дұрыс жүйелеуге, өз білімін практикада қолдануға дағдыланады. Адамды күтпеген оқыс жағдайда ойлану мен шешім қабылдауға үйретеді. Нағыз іске, шеберлікке баулу сәттерін тудырады. Басты жауапкершілік жаттықтырушы (сабақ үдерісінде мұғалім мен көмекшілеріне) жүктеледі, оның ойынды ұйымдастыру, қарым – қатынас тұлға ретінде балаларға әсер етіп, шәкірт қабілетін аша білер кәсіби шеберлігі де аса маңызды.
Тренингтер ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса, онда берілген ақпарат тез меңгеріледі және алынған білімдер шәкірттердің мінез – құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар:
Оқушылар бір – біріне жүзбе – жүз отыратындай етіп айналдыра орындықтар қоюға мүмкіндігі бар кең бөлме (бұл жағдайда еркін пікір алмасуға, жаттығулар мен серігу кезеңдерін жүргізуге ыңғайлы болады. Бір – біріне сенімділік артып, назарға іліккен әрекеттерге қызығушылық танытады, ынталы болады);тренингке қатысушылар саны 20 – 25 адамнан аспауы керек (бұл сенім атмосферасын туғызатын және барлық қатысушылардың назарын тұрақты аударуға мүмкіндік беретін қатысушылар саны);тренингке қатысушыларды марапаттап отыру және барлығының қатысуын қадағалау;мұғалім әрбір жаттығудың кесімді уақытта жүзеге асырылуын қадағалауы керек;тренингтің бастапқы сәті «танысу» жаттығуына арналып және «келісім» (топтың жұмыс ережесі) қабылданады;теориялық тапсырмалар мен интерактивті жаттығулардың, сергітудің арасында сабақтастық болуы керек;кез келген тренинг – сабақ басталар алдында мақсаты – міндеттері айтылады, ал соңында қорытынды пікірлер жинақталады.
Тренинг түріндегі сабақты өткізген ұстаз:
өзара қарым – қатынас жасау мен хабарларды қабылдауға және ақпараттық мәліметтермен алмасуға дайын болу жағдайын жасау;ой қозғау арқылы тілдік қарым – қатынас еркіндігі мен белсенділігін арттыру;координация – іс қимылдағы өзара бағыттылық пен келісімділікті қамтамасыз ету;мотивация – қажетті эмоциялар мен қызығу ынтасын тудыра білу, сол арқылы өзгерістерді бақылауға жол ашу;қарым – қатынас орнату – байланыстар жүйесіндегі әркімнің өз орнын айқындай білуіне ықпал ету;әсер етушілік – мінез – құлықтың және басқа да мүдде – тілектерінің өзгеруіне бағдар беруге жетекшілік жасауы керек.

Тренингтің мақсаты:
— өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;
— ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту;
— ойдың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;
— қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;
— өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу;
— комуникативтік дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру;
— өзі, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;
— көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.
Жоғарыда көрсетілген тренинг мақсаттарының қайысысы болмасын адам психологиясына тікелей қатысты болғандықтан, тренинг топтамаларының мынандай міндеттері бар:
өзін — өзі түсіну;өзін — өзі реттеу;қарым-қатынас жағдайында басқаларды түсіну;қарым-қатынастың жаңа дағдыларын өз бойына қалыптастыру;
Психологиялық тренинг заңы тренингте ойланудың дұрыс , ішкі топтық үдерісті бақылауға мүмкіндік береді. Тренинг заңын тиімді қолдана білу тренинг әсерін арттырып, қатысушыларға көмекші тәсіл болып табылады.

Билет № 27

1.Елесті зерттеген ғалымдардың тұжырымдамасы.

Фр.Бэкон таным процесі өтетін жолдарды көрсетіп қана қоймай, адамғаның (адамзаттың) ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді көрсетіп берді. Ол себептерді Бэкон «елестер» («идолдар») деп атап, төрт түрге бөліп сипаттайды:
Тектік елестер;Үңгір елестері;Базар елестері;Театр елесі.
Тектік және үңгір елестері – дүниені тануда таным табиғаты мен өз табиғатын алмастырудан туатын, адамдардың туа біткен адасушылықтары. «Тектік елестер» - танымның адам (танушы субъекттің) тұлғасының таным процесіне әсері, нәтижесінде адамның бұған дейінге сенім – нанымдары, қағидалары – таным нәтижесінде көрініс беретіндігі («үңгір» - адасушылық).
Базар – театр елестері – жүре пайда болған адасушылықтар. Базар елестері – тілдегі, ұғымдық аппараттағы сөздерді, анықтамаларды дұрыс қолданбаудан туатын адасушылық. Театр елестері – таным процесіне сол кезеңдегі таным процесінің әсері. Көп жағдайда ескі философия танымды дұрыс бағыттан кері бұрып, жаңа мүмкіндіктерге кедергі жасайды (мысалы, схоластикалық философияның танымға әсері).
Осылайша, танымның 4 түрлі негізгі кедергелерін зерттей отырып, Бэкон аталған «елестерден» барынша алшақ жүріп, олардың ықпалынан жоғары болып, «таза білімге» ұмтылуға кеңес береді.

2.Пассивтік қиял.

Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов Социометрия 1934 жылы ЯЛ. Морено "Who Shall Survive?" деген еңбегінде енгізіп, әу бастан әлеуметтік құрылымды түсіндіруге "социодрама" көзқарасының бір бөлігі ретінде сараланған ұғым. Социометрия топ ішіндегі адамдардан алынған, араласуда берілетін артықаіылықтарға (немесе көбіне құқықтық параллельдер кімнің кіммен араласатыны) қатысы бар ақпаратты белтілі бір базис пен алға қойылған мақсат аясында жүйеғе келтіреді. Зерттеудің алғашқы сатынарында Мореноның түзеу мекемесіндетілердің арасындағы даудан қашу үшін жатын бөлмедегі орындарды ауыстыруына тура келді. Сөйтіп, алғашқы қолданылуында әлеуметтанушылық тест (мысалы, достарын атап шығу) оның тікелей нәтижесін алуға бағытталса, Қазір Бұл сирек қолданылады. Тандаудың әлеуметтанушынық баламаларының жол берілетін саны белтіленген ("ең жақсы үш досыңызды атаңыз") немесе белтіленбеген ("қанша қаласаңыз, сонша есім атаңыз") болуы: сондай-ақ ол күн ілгері айқындалған болуы немесе байланыстың беріктігін білдіруі мүмкін. Бастапқыда социометриялықмәліметтерді талдау тандаудың алынған нәтижелері мен таңдаудың берілген баламаларының санына және тиісінше болды.
Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге үшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигаалдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады.
Үйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан қүралған. Бұлардың негізі — адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. үйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т. б.) жүмысына бір жайсыздық түссе, бүл да адамның түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, үйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған біреуден қашады, бүдан ол ентігіп, булығады да.
Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. «Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бүрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың түсі, -деп жазды И. П. Павлов, — бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы»

Социометрия.

көп артықшынықка ие болған немесе ештеңе алмаған "жұлдыздар" мен "жақпайтын адамдар" секілді өзгешелеп тұратын қорытынды ерекшеліктерге шоғырландырылды. Мәліметтер социограмма деп аталатын сызықты диаграммаға нүктелер мен сызықшалар тұрінде бейнеленеді, онда бөрінен көп тандалған адамдар ортаға, ал сыртка тебілген адамдар шетке орналастырынады. Социометрия топтық күрынымды байыптау үшін білім беруде және баска шағын топтар ортасында қолданынады. "Sociomietry" атты ғылыми журнал шығарылады. Баска бір әдісте ол желілік әдістермен талдауға қатысты болады.

 

Билет № 28


Дата добавления: 2019-01-14; просмотров: 291; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!