Майер бойынша ойлау теориясы. 3 страница



3.Темпераментті анықтауға арналған əдістер.

Билет № 12

1. Тұлғаның дамуындағы жағымсыз эмоциядан арылу.

Эмоция мен сезім жеке үрдістер сипатында болғанымен, белгілі жағдайда біріне-бірі ұқсас, алайда олардың өзіндік мәндері ерекше және адамның жан дүниесінің әр алуан ерекшеліктерімен байланысты болады деп қарастырылады.
Қазақ тіліне аударғанда «эмоция» сөзі – ол жан-дүниенің қозғалысы, жан-дүниенің қобалжуы. Адамның эмоциялары оның мінез құлқында ерекше рөл атқарады. Эмоциялар мынадай қызметтер атқарады:Эмоцияның жағымсыз бағалау рөлі – адамның оқиғаға адамның түрлі әсерінің болу мүмкіндігін білдіреді.

Тұлғаның эмоционалды сферасының зерттелуі психологиялық-педагогикалық тұрғыда аса маңызды. Себебі оқу тәрбие арқылы тұлға білім, іскерлік, дағдыны меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар айналадағы шындыққа, адамдарға деген эмоционалдық қатынастарды қалыптастыру мүмкіндігі туады.
В.К. Вилюнас эмоцияларды жеке психикалық үрдістер ретінде емес, тұлғаның қызметінің көрінісі ретінде қарастырды. Ол эмоционалды құбылыс бейнелеуші мазмұннан және эмоционалды күйзелістен тұрады деп санады.

Барлық эмоционалдық құбылыстар өзіне тән субъективтік және заттық мазмұнымен сипатталады. Барлық қажеттілікті қанағаттандыра алмауымен байланысты орын алатын эмоциялар сияқты шамадан артық эмоционалдық зорлану теріс белгідегі эмоциялармен байланысты болады. Қажеттілікті қанағаттандыра алмауға себеп болған жағдайлар, шарттар, адамның алдына қойған мақсатына кедергі болған әлеуметтік ортадағы өзгерістер мен жағдайлар, ағзада болып жатқан физиологиялық процестер.
Психологиялық көмек көрсету арқылы үрей, гиперсезімталдық, сенімсіздік, стрестің жойылуына жағдай жасауға болады. Адам өз эмоцияларын басқару дағдыларын меңгеру арқылы өзін сырттан қауіп төндіретін факторлардан толық қорғай алады деген ой түйіндеуге болады.

2. Формасы және мазмұны бойынша ойлау бұзылыстары

Ойлау - адам санасында объективті шынайылық бейнеленуінің ең жоғарғы формасы. Бұл шындықты сөз және білімге сүйеніп сипаттайтын құбылыс.
Ойлау әлемді сезімдік тану және адамдардың тәжірибелік қызметімен тығыз байланысты. Қабылдау актында заттың жеке қасиеті мен бүтін затты, құбылыстарды бейнелейтін сезімдік түсінуден ойлау үрдісінің айырмашылығы, ол табиғат заңдылықтарына сәйкес түрде заттар мен құбылыстар арасындағы ішкі байланысты бейнелейді. Ойлау үрдісінде адам заттың мәнін түсінеді, тікелей қабылдаудан тыс орналасқан сыртқы ортаның өзге тарапын ашады. Адам ой арқылы қоршаған ортаға белсенді әсер етеді. Адамдар тәжірибелік қызмет нәтижесінде жаңа білім қорын игереді, жаңа түсініктер, ескі түсініктерді өзгертеді. Осылайша танымдықортақ үрдіс жалпы заңдылыққа бағынады: сезімдік таным арқылы адам рационалды ойлауғ көшеді, ал одан тәжірибеге және шындыққа қол жеткізеді.
Ойлау негізі - түсінік болып табылады. Түсінік – заттардың өзіне тән қасиеттері туралы жалпылама білім. Ойлау үрдісі кезінде біз материалды анализдейміз, синтездейміз, салыстырамыз, табамыз, қорытынды жасаймыз. Түсінік пікірден туып, тіл, сөз арқылы көрінісін табады.

Формасы бойынша.Ойлау жылдамдауы оның темпінің жоғарылауымен сипатталады. Бұл кезде алаңдаушылық, зейін бұзылыстарына байланысты пікір беткей, аяқталмаған, үстірт талданады, рифм ұйқастыруға бейімділік болады. Ассоциативті қызмет жылдамдауының ең шегі идеялар секіруі - fuga idearum деп аталады. Бұндай жағдай сөздік қозумен көрінеді, бұл айқын көрініс бергенде сөз «сөздік қиқымдарға» айналады.

Ойлау жылдамдығымен науқастың стенографиялық жазбасында:
«Менің толықтай денім сау, менде тек маниакал. Әдіс емес, нәтиже маңызды. Сіздің күтушіңіз бүгін жұмысқа келді, оның ішкі киімі көйлегінің астынан көрініп тұр. Жұмадан соң сенбі... Ертең сенбі, Сіз мені ертең шығарасыз ба. Сіздің галстугыңыз дұрыс болмай тұр, мен сізге жөндеп жіберейін, ойламаңыз, мен сізге жағымпазданып тұр деп. Бүкіл әлемге қаншама рет жағымпаздықтың қажетсіз, зиянды екені айтылды. Мен сізге ғашықпын, бұнда тұрған не бар? Махаббат ұят емес, үлкен күнә. Мен сізге өлең түрінде хат жаздым, оқып берейін бе?» және т.с.с.
Ой жылдамдауы маниакальды-депрессивті психоз, шизофрения, экзогенді психоз шеңберіндегі маниакальды жағдайда бақыланады.
Ойлау баяулауы - ойлау қарқынының төмендеуі, тежелуі. Науқас ойлау қызметінің қиындығына, басы босап қалған сияқты, ой тоқтауына, жоғалуына шағынданады. Сөзі баяу, кедейленген, сұрақтарға жауаптары біртекті, біраз үзілістен кейін жауап береді. Депрессиялық психозда, шизофренияда, реактивті және басқа да психоздарда кездеседі.
Патологиялық байымдылық - бір ойдан екіншіге ауысуының қиындауымен, ойлаудың аз жылжымалылығымен сипатталады. Науқас маңыздысын екінші дәрежелі мәнділіктегі ойдан ажырата алмайды, детальдардан шыға алмайды, бір орында тұрып қалады, негізгі тақырыбынан бөлек басқа тақырыпқа ауысып кетеді, біраз уақыттан кейін қайтадан сол тақырыпқа келіп, артық ассоциациялармен қайта көңілі бөлінеді.

Ойлау үзілуі - сөйлемнің грамматикалық құрылымының сақталуымен түсініктер арасындағы мағыналық байланыстың болмауы. Науқастың сөзін мысалға келтірейік:
«Сіздің үлкен ынтаңызды біле отырып, осы көзқарасыңызға толық қосыла отырып, мен жақын жатқан сөре деңгейіне дейін төмендей аламын. Бірінші және екінші жағдайда да дұрыс болар еді, себебі аспанға тек бір саусақпен жету қиын»
Мұндай жағдайда сөйлем өзінің коммуникациялық қасиетін жояды, адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ретіндегі қасиетін жоғалтады, тек өзінің сыртқы түрін сақтап қалады. Ой үзілуі шизофренияның көп жылғы үрдісінде бақыланады.
Ойлау байланыссыздығы. науқастың сөзі мағынасы бір – бірімен байланыспайтын фразалар үзінділерінен, жеке сөздерден тұрады; грамматикалық құрылымы бұзылған. Ойлау байланыссыздығы өте ауыр ағымдағы жалпы және психикалық аурулар кезінде психикалық бұзылыстардың тереңдігін көрсетеді. Ол сананың аменция түрінде бұзылуы жағдайында байқалады.
Ойлау персеверациялары және стереотипиялары – қандай-да бір ойда мүдіріп, тұрып қалу. Ол бір сөзді немесе сөйлемді бірнеше рет қайталаумен көрінеді, нәтижесінде науқастың жауабы мағынасыз болады. Мысалы:
Сұрақ: Сіздің аты-жөніңіз кім?
Жауап: Виталий Александрович.
Сұрақ: Сіз нешедесіз?
Жауап: Александрович.
Сұрақ: Сіз қайда тұрасыз?
Жауап: Александрович.
Персеверация және стереотип инсульттан кейінгі және кәрілік кезеңдегі ақыл кемдігі бар науқастардың афазиясымен бірге жүреді және мидың басқа да органикалық зақымдануларында кездеседі.
Ментизм(ой ағымы) – науқастың еркіне бағынбайтын, еріктен тыс ойлар ағыны, оларды басқара алмау, олардың жасандылығы сезімімен жүреді. Бұл идеаторлы автоматизм құбылысына жатады, шизофрениямен науқастрда байқалады.
Мазмұны бойынша:

Сандырақ ойлар – аурудың санасын толық жаулап алатын және түзетуге келмейтін қате ой түйіндеулер.
Қате талдау, ой түйіндеу әрбір адамда болады. Дегенмен сау адамдарда логикалық қателіктер қосымша түзетулер немесе фактілер арқылы түзетілуі мүмкін. Сандырақ кезінде науқас өз ойларын түзетуге қабілетсіз ғана емес, дұрыс емес пікірлерді сырттан түзетулерге, сыни көзқарастарға мүлдем берілмейді. Бұл науқастың сөздерінен ғана емес, оның жүріс-тұрысынан да көрінеді. Жалған дұшпандарының бар екендігіне сенімді сандырақ жағдайындағы науқас, жаудан қашады, жасырынады немесе оған шабуыл ұйымдастырады, жауларының әсер көрсетіп отырған аппараттары, биоөрістерінен қорғанатын тәсілдер ойлап шығарады, өздерін қатаң жазалауды өтінеді, жалған қылмыстары үшін өздерін қинайды, өздерінің жасаған жобаларын жоғарғы инстанцияларға жібереді.

Соңына түсу сандырағында науқас, белгілі бір адамдар немесе ұйымдардың өзін құпия немесе ашық түрде соңына түсіп, жоюға әрекет жасап жүргендігіне сенімді.
Әсер ету сандырағы соңына түсу сандырағының бөлігі немесе оның бір түрі болып табылады: со аталған ізге түсушілер науқасқа моральді немесе физикалық әсер етеді, ол үшін күрделі тәсілдер және қазіргі жаңа техникалық құралдарды қолданады деп есептейді. Науқас өзінде гипноз, телепатиялық әсерді сезінеді, электр тоғы, сәуле, магниттердің әсері жөнінде айтады.
Уландыру сандырағы да соңына түсу сандырағының құрамына кіреді; науқас уландырудың негізгі көзі құрамында улы заттары бар дәрі, су, ауа, тамақ деп санайды.
Қатынас сандырағы соңына түсу сандырағын толықтырып отырады. Науқас өзіне байланыссыз жағдайларды өзіне қатысты деп септейді. Мысалы, үйде жарық жоқ болып, қараңғы болса, ол оның қараңғы, білімсіз адам екенін арнайы көрсету үшін жасалған деп қабылдайды. Егер дәрігер халатының 3 ілгегі салынбаса, ол ауруханаға 3–рет жататындай, автокөліктің кенеттен жол қиылысына бұрылуы, науқас өмірінде де өзгеріс болатындай әсер етеді. Науқастың айналасындағы болған оқиғалар ол үшін екі түрлі мағына береді, науқас бәріне ерекше көңіл аударады.

Зиян сандырағы: науқас зиянкештер оған материальды немесе моральді зиян келтіруде, тонап, заттарын бүлдіреді, құқығына қысым жасайды деп сенеді.
Қызғаныш сандырағы кезінде науқастың жолдасының әрекеті, сыртқы келбеті мен жүріс-тұрысы, жолдасының сөздері, қоршаған ортадағы түрлі оқиғалар жұбайлық көзге шөп салу белгілері түрінде көрінеді («дәлелдер»).
Ипохондриялық сандырақ тематикасы – ауыр, дауасы жоқ дерттің бар екендігіне сенімділік.
Өзін-өзі кінәлау және өзін-өзі кемсіту сандырақтық идеялары, ипохондриялық және депрессиялық күй бірге жүреді. Науқас пікірі бойынша оның бүкіл өткен өмірі күнаға толы деп санайды; өздерін кінәлайды, өкінеді.

3. Түйсік қасиеттерін зерттеуге арналған психологиялық әдістемелер.

Билет№13

1.Зейін, оның түрлеріЗейіннің түрлері – адамдардың зейініырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердіңысқырығына жалт қарайды т.б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орыналады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекетке (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасыөте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгішкеледі. Әрине,бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу – ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу– ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде қызығу орын алуы тиіс.

Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам істен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе ісөнбейді, күткен нәтиже шықпайды.
Ырықсыз зейін физиологиялықтұрғыдан барлау (ориентировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен рөл атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргішарқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіст.б.), заттар мен құбылыстардыңжаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуіт.б.).ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсаткөздеп, объектіге ерекше зер алып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктерменсипатталады;Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейініңді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.

Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойдыаулақтатқан жөн.Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпенберілген дұрыс.


2. Темпераментті зерттеген ғалымдар, теориялар.

 Темперамент туралы ілім ерте кезде пайда болған. Ежелгі Греция ғалымы және дәрігер Гиппократ бұдан екі жарым мың жыл бұрын, темперамент туралы теорияның негізін салды.
Гиппократ өзінің дәрігерлік тәжірибесінде адамдардың қимыл — әрекеттерінің бірдей еместігін, олардың жүріс – тұрысына, психикалық әрекеттерінің ағысы да, көңіл күйінің барысы да әртүрлі екендігін байқап, бұлардың не себептен осылайша болғандығына ерекше назар аударған. Ол адамды әр темпераментке бөлген. Денеде болатын 4 түрлі сұйық заттарды: қан, шырыш (шайыр), қара және сары ет, осыларды әр түрлі пропорцияларына сәйкес түсіндірген.
Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде заттардың біреуінің көп, кейбіреулерінің аз болуы – олардың бірімен-бірінің пропорциясы бұзылса, бірі екіншісінен артық, не кем болса, белгілі темпераменттің төрт түрінің біреуіне жататын болған. Мәселен, сангвиник темпераментіндегі адамдардың қаны басым келеді. Мұндай адамдар тез қозғыш, тез тыныштанғыш болып табылады. Меланхолик темпераментіндегі адамның тәнінде қара өт басым болады. Мұндай кісі өте тұйық, жігерсіз келеді. Холерик темпераментінде сары ет басым болады. Олар жігерлі болып қимыл-қозғалысы күшті, ұстамсыз, ерекше пысық келеді. Ал флегматик темпераментінде төрт түрлі сұйықтық ішінен шырыш дейтіні көбірек болады. Бұлар тез қозбайды, бірақ істі аяғына дейін жеткізе алады. Әрине, Гиппократтың темпераменттердің әр түрлілігі де денедегі сұйық заттардың пропорциясына байланысты деуі ғылыми жағынан дәлелсіз. Кейінгі кездерде темперамент жайында басқа да теориялар шыға бастады. Соның бірі – белгілі неміс философы Қант адам темпераментін екі топқа бөледі: 1) сезім темпераменттері. Бұған ол сангвиникалық меланхолика темпераменттерін ендіреді; 2) әрекет темпераменттері. Бұларға Қант холерик және флегматик темпераменттерін жатқызады. Қант адам сезімдері мен әрекеттерін сипаттауға байланысты ол темпераменттерді адамның мінезімен қосарластыра қарайды, яғни мінез бен темпераменттің арасына теңдік белгісін қояды.
Неміс психологі В.Вундт та темпераменттерді екі топқа бөлді: 1) эмоциясы күшті темпераменттер; 2) әлсіз эмоциялы темпераменттер. Біріншісіне холерик және меланхолик темпераменттерін жатқызады. Өйткені, холериктің эмоциясы күшті болады да және тез әрекет етеді, ал меланхоликтің жан дүниесінің ауысып отыруы өте шабан, жай болып келеді.
ХХ ғасырда темперамент туралы теориялық пікір айтқан ғалымның бірі Э.Кречмер (1888 – 1964). Ол «Тән құрылысы және мінез» атты еңбегінде темперамент түрлі адамның дене құрылысымен конституциясымен байланысты болады деді. Кречмер адамдарды бөледі. Олар: пикник, атастик, астеник. Кречмердің сипаттауынша пикниктердің денесі төртпақ, қол, аяғы мен мойны қысқа, бұлшық еттері нашар, сүйектері борпылдақ, іші мен бөксесі үлкен, көкірек бездері шығыңқы, беті жұмсақ, ажарлы, денесі семіз келеді; Атлетиктер бойы ұзын, бұлшық еттері жақсы жетілген, жауырын мен бөксесі оңтайлы, мойны ұзын, дене құрлысы пропорциялы болып келеді. Астениктер (лептозондар) арық, беті сопақ, аяқ-қолы, мойыны ұзын,


Дата добавления: 2019-01-14; просмотров: 259; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!