Парамнезия, конфабуляция, псевдоремнисенци. Пайда болу себептері.



Практикум билет жауаптары

Билет № 1

1.Ойда қалдырылатын не қайта жаңғыртылатын естің бөлімі.

Ұзақ мерзімді ес: ( жадта сақтау жүйесінің маңызды да күрделі түрі. Ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді). Есте қалдыру, қайта жаңғырту үшін жүретін әрекеттердің сипатына орай ес 3 өлшемге сай болуы керек:
Естің негізгі түрлерінің жіктемесі:
Психикалық іс-әрекет мақсатына материалдың белсенділіктің байланысты ес. сақталу ұзақтығына сипаты бойынша ес. - ырықты байланысты ес. қозғалысты - ырықсыз - қысқа мерзімді ес сезімдік - ұзақ мерзімді бейнелі - нақты қызметтік сөз логикалы (оперативная)
Қозғалысты ес - түрлі әрекеттерді есте қалдырып, сақтап, қайта жаңғырту. Онсыз біз әрекеттерді жаңадан үйреніп отыруымыз керек. Жақсы дамыған қозғалысты ес адамның еңбектегі шеберлігінен көрінеді.
Сезімдік ес – бұл біздің сезімімізді есте қалдыру мен жаңғырту қабілеттілігімізге байланысты. Эмоция есі адам өмірі мен іс-әрекетінде маңызды болып табылады.
Бейнелі ес – елестерге, табиғат көріністеріне, дәмге, дыбыстарға негізделген. Жад іздері оның мәні бұрын қабылданған нәрсені елес түрінде жаңғыртады.
Сөздік логикалы ес – мазмұнына біздің ойымыз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді. Сондықтан ой тек мағыналық болмай, сөзді-логикалы болады. Сөздік-логикалық мағыналы есте басты мән екінші сигналдық жүйеде. Сондықтан қарапайым түрдегі қозғалыс, бейнелі және эмоционалды елестер жануарда болса, мағыналы ес адамға тән. Сөздік-логикалық ес басқа ес түрлерінің дамуына көмектесіп, олардың жоғарғы деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.

2.Естің түрі, процестері мен механизмдері
Есте қалдыру
- мәліметті белсенді қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны теру процесстері. Есте қалдыру түрлері төменде көрсетілген:
Қысқа мерзімді есте қалдыру;Ұзақ мерзімді есте қалдыру;Оперативті есте қалдыру;Ырықты есте қалдыру. Жаттау - ырықты есте қалдырудағы ең негізгі тәсілдердің бірі болып табылады. Жаттаудың белсенді болуы уақытқа байланысты;Ырықсыз есте қалдыру;Логикалық есте қалдыру;Механикалық есте қалдыру - заттар мен құбылыстардың мазмұны есте сақталмай, олардың ерекшеліктері мен формалары есте сақталады.
Логикалық есте қалдыруда қабылдаған нәрселердің мазмұны есте сақталады. Логикалық есте сақтаудың тәсілдері:
Есте сақтауға тиісті материалдың жоспарын құрастыру.Салыстыру.Материалды топтастыру және жіктеу.Есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды алмастырып отыру.Бейнелі байланыстарға сүйену.Есте қалдыруда өзін-өзі бақылау.Мағыналы байланысты орнату.
Қайта жаңғырту – бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді айтамыз. Мұндағы негізгі процесс – елес. Елес – бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу. Қайта жаңғыртудың бір көрінісі – тану. Тану – бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс. Тану 2-ге бөлінеді:
Қайта жаңғыртудың біртүрі – еске түсіру. Еске түсіру – белгілі қиындықтарды жеңумен байланысты ерік күшін жұмсауды талап ететін санасы қайта жаңғыртуды айтады. Қайта жаңғырту 2-ге бөлінеді:
Ырықты.Ырықсыз.
Есте сақтау – бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс. Ол 2-ге бөлінеді:
Ырықты Ырықсыз.
Ұмыту – бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмытудың себептері:
Жағымсыз индукцияның әсері.Проактивтік тежелу.Ременисцения – кешіктіріліп еске түсіру.Шектен тыс тежелу.
Ұмытудың тағы бір ерекшелігі – амнезия.

3.Қозғалыс есі мен сөз логикалық ес

Қимыл- қозғалыс есі дегеніміз – ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл- қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Мысалы, коньки тебу, машинада жазу, өлең- сөздерді жаттау, қой қырқу т.б. Естің бұл түрі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады.

Сөздік- мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік- мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді қажнт кезінде бір сөз, не олардың мәнін еске сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің қызметі басым болса, сөздік- мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән- жайын есте сақтау логикалық- мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу- механикалық түрде есте қалдыру делінеді. Сөздік- мағыналлық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарынесте сақтауында жетекші мәнге ие. Естің бұл түрлері адамның әрқилы іс- әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет-тілегіне, мақсат- мүддесіне орай түрлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қалыптасады.

 

Билет№2

1. Есті зерттеген ғалымдар

З.Фрейд және оның жақтаушыларының еңбегі адам есін зерттеуде еске сақтау мен ұмытудың мнемикалық үрдістерінде жағымды және жағымсыз эмоциялардың рөлін анықтауға ерекше мән берді. Психоталдау теориясының арқасында адамның түрткілерсаласымен байланысты ұмытудың көптеген қызықты психологиялық амалдарын анықтады және суреттеді. Кибернетиканың ғылым ретінде дамуының басталуымен есептеу техникасы мен математикалық программалаудың білімнің бұл салаларында пайда болуы психологиядан тәуелсіз ес үрдістерін моделдеу басталған болатын, дәлірек айтқанда, еске сақтаудың амалдары, еске сақтаудың тәсілдері және ақпаратты қайта жаңғырту электронды-техникалық құрылымның және электронды есептеу машиналары үшін бағдарламалардың көмегімен іске асырылды. Соңғы онжылдықта осындай зерттеулердің нәтижесінде бай материал жинақталды, адам өзінің қызмет істеу заңдарын түсіну үшін оның пайдасы орасан зор болды. Өз кезегімен бұл ғылымдар өкілдерінің естің өзіндік психолoгиялық зерттеулеріне деген қызығушылығы арта түсті, себебі олар үшін алгоритмдер мен машиналардыңесін жетілдіру үшін мүмкіншіліктер ашып отыр. Осындай өзара қызығушылық психологияда соңғы жылдары ақпараттық-кибернетикалық деп аталатын естің жаңа теориясының қалыптасуына алып келді. Қазір ол алғашқы адам есін түсіну жолында көп үміт күттіретін қадамдар жасай бастады.

Іс-әрекет ретінде адамның есін зерттеудің басталуы французғалымдарының жұмыстарымен, оның ішінде П.Жаненің еңбектерінде негізісалынды. Ол алғашқылардың бірі болып, еске сақтауға, қайта өңдеуге және материалды бағдарланған есті іс-әрекет жүйесі ретінде тұжырымдады. Психологиядағы француздың ғылыми мектебі барлық ес үрдістерінің әлеуметтік байланыстылығын, оның адамдардың практикалық іс-әрекетіне тәуелділігін дәлелдеді. Кезінде біздің елімізде бұл концепция Л.С.Выготскийдің және оның ең жақын шәкірттері А.Н.Леонтьевтің, А.Р.Лурияның негізін салған адамның жоғары психикалық қызметінің пайда болуы мәдени-тарихи теорияның одан әрі дамуында көрініс тапты. А.Р.Луриянің ғылыми жетекшілігімен жүргізілген нейропсихологиялық зерттеулер естің физиологиялық амалдарын сипаттауғамүмкіншілік берді. Есті зерттеуге өзінің белгілі үлесін қосқан П.И.Зинченко мен А.А.Смирновты ерекше атауға болады. Олар ырықты және ырықсыз есте қалдырудың практикалық іс-әрекетті ұйымдастыруға және басқа жағдайларға тәуелді екендігін жан-жақты зерттеді.

 

2.Дисмнезия бұзылыстары: гипермнезия, гипомнезия, амнезия

Дисмнезия. Оған гипермнезия, гипомнезия, амнезия жатады. Енді осылардың әрқайсысына жеке - жеке тоқталсақ:

Гипермнезия - жадының күшеюі, ақпаратты есте сақтаудың әлсіздігімен үйлесетін күшейтілген еске түсіру. Гипермнезиясы бар ауруларда бұрын ұмытылып кеткен нәрселер есіне түседі.
Гипомнезия жадының әлсіреуі, есте сақтау қабілетінің бұзулуы кезінде байқалады. Ауру тек жарқын, анық және маңызды сәттерді ғана еске түсіре алады. Гипомнезияның ең жеңіл сатысы - санды, күнді, есімдерді есте сақтау қабілетінің төмендігі.
Амнезия - жадының жоғалуы, бұл оқиғалардың, жағдайлар мен фактілердің толығымен естен шығып кетуі. Амнезияның төмендегідей түрлері бар.

Кертартпалық амнезия - аурудың күшейген кезіндегі болған оқиғалардың естен шығуы. Мысалы, улану немесе бастан зақым болганда. Кертартпалық амнезияның созылу мерзімі (апта, ай кейде бірнеше минут) әртүрлі.
Антероградты амнезия - оқиғаның толық және бір бәлігінің пхикалық ауру жағдайынан кейін естен шығуы. Мұның да уақыт мерзімі әрқалай болып келеді.
Фиксационды амнезия - есте сақтау қабілетінің жоғалуы. Сол уақыттағы оқиғаны ғана жазып алып, кейін қайтадан ұмытып, естен шығару. Осындай бұзылуы бар адамдар өзінің кереуетінің қайда екенін, дәрігерінің атын ұмытып қалады.
Прогрессивті амнезия - Риболзаңдылығына байланысты естің ыдырауы: алдымен кеш сақталған оқиғалар мен фактілер естен шығады, ал ерте сақталғандары соңыңан жойылады. Бұдан басқа аффектогенді және психогенді амнезия кездеседі. Бұл жағымсыз аффектінің әсерінен оқиғаларды есте сақтай алмағанда байқалады.

 

Парамнезия, конфабуляция, псевдоремнисенци. Пайда болу себептері.

Парамнезия - жадының патологиялық бұзылуы, естің қате, құбылмалы түрде болуы. Адам белгілі жердегі оқиғаны есте сақтауы мүмкін, бірақ оның уақытын сақтай алмайды. Тек психикалық ауруларда кездеседі. Оның екі түрі бар:
Конфабуляция- науқас өмірінде болған, бірақ ұмытылған кейбір оқиғаларды өтірік оқиғалармен толтырады, өзі соған сенеді.
Псевдореминисценция - науқас өмірінде болған оқиғалардың уақытын шатастырады.

Билет № 3

1.Естің ассоциативтік теориясын жіктеніз.

Өткен ғасырдың 80-жылдары неміс психологі Г. Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашты: мағынасыз әріп буындарын жаттата отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі. Ал психиатр Э. Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін тексеру үшін қолданды. Адам есінің бекуі және қайта жаңғыруымен байланысты негізгі заңдар Г.Э.Мюллер еңбектерінде жария етілді.
Ес механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбылыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы кең етек алған естің ассоциативтік теориясы. Бұл теорияның мәні: дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес, өзара байланысты «топталған не тізбектелген» (Сеченов) қалыпта жүреді. Осы процеске тәуелді мида жадта қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі - уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай байланыстар психологияда ассоциациялар деп аталған. Ассоциациялардың бірі заттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоциациясы, екіншісі - олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассоциациясы, үшіншісі - қарама-қарсылыққа негізделеді (контрастық ассоциациясы), төртіншісі - себеп-салдарлы қатынастардан туындайды (каузальдық ассоциация). Бұл бағыттағы теорияны ұсынып, дамытқандар: Аристотель, Юм, Д.Джеймс, Спенсер, И.М.Сеченов, И.П.Павлов.

 

2.Есте сақтау қабілетінің дамыту жолдары.

Есте сақтау қабілетін тұрақтандыру үшін қарапайым қағидаларды да ұстанған дұрыс. Ғалымдар есте сақтаудың бірнеше жолдары барын мәлімдеді. Мысалы, бос уақытта сурет салу есте сақтауды жақсартады екен. Бұл жерде суреттің сапасы мен көркемдігі маңызды емес, бастысы - сурет ойды тынықтырады. Ойдың тынығуы есте сақтау қабілетін жоғарылатады. Көзге арналған жаттығулар да естің дамуына пайдалы. Егер таңертен күнде 30 секунд жаттығу жасап отырса, есте сақтау қабілетіміз 10%-ға жақсарады. Бұл да ғалымдармен дәлеледенген.
Сөзжұмбақтар, ойша санау, логикалық сұрақтарды шешу, өлеңдерді жаттау, шет тілдерін меңгеру - миды жұмыс істеуге арналған ең тиімді әдістер болып саналады.
Жалаң аяқ жүгірудің өзі есте сақтау қабілетіңді жақсартады. Себебі, адам жалаң аяқ жүрген кезде, аяғын жарақаттап алмайын деп айналасына барлай арап жүреді емес пе, мұндай сәтте ми да белгілі бір қызмет атқарады. Ол қызметтер есті жақсартуға көмектеседі екен. Келесі тәсіл – жазу. Қазіргі кезде қолмен жазу қалып келеді. Көбінесе біз пернетақта көмегімен жұмыс жасаймыз. Дегенмен, есте сақтау қабілетімізді жақсарту үшін бір ауық қолға қалам алып, жазу жазып та тұру өте қажет.
Жаңа зерттеулер дәлелдегендей, жаттығу кезінде салмағы ауыр заттарды көтерген кезде есте сақтау 20%-ға жақсарды делінген. Биікке өрмелеу, шыңға шығу мен ағашқа өрмелеу де есте сақтау қабілеті үшін пайдалы. Себебі, тепе-теңдікті сақтау арқылы жады жұмысы жақсара түседі екен.
Бір сөзбен айтар болсақ, миды үнемі жұмыс істетіп тұру қажет.
Сөзімнің соңында ес туралы мынадай метафораны айтқым келеді: Есті кішкентай және әлсіз, сабырлы және тыныш, мүмкін үлкен және мықты өсіп, дамып келе жатқан ағашпен салыстыруға болады (немесе орманмен де). Ал, енді қандай ағаш өсіретініміз - ол өзімізге байланысты.

 

3.Ойлау танымдық теориялық іс-әрекет ретінде

Ойлау дербес процесс. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз – оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни психология детерменизм принципіне сүйене отырып ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік оәлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.
Ойлау процесс інде талдау мен біріктіру әрекеттері болады. Талдау дегеніміз – ой арқылы әрбір оьекті мен болмыстың ерекшеліктерін, қасиеттерін, белгілерін ашып көрсету тәсілі. Талдау нәтижесінде ақындалған белгілер мен қасиеттер біріктіру деп аталады. Талдаудың физиологиялық негізі - мидың жоғары бөлігіндегі қозу мен тежеудің өзара байланысы. Ал біріктірудің физиологиялық негізі – мидың жүйке жүйесіндегі уақытша байланыстардың түйсініп қосылуы. Олардың өзара байланысы мен айырмашылығы салыстыру арқылы танылады және сол тәсілден анық көрінеді.
Салыстыру тәсілі жалпылау әрекетіне қарай ойысады. Мұнда заттардың жалпылық және мәнді белгілері ашып көрсетіледі. Ойлау әрекетінде абстракциялау, нақтылау, жүйелеу тәсілдері де жиі қолданылады. Ондай тәсілдер белгілі мәселелердің түйінін шешуде адамның психологиялық толғаныстарының түр сипатын бейнелейді.
Ойлау әрекетіндегі әр қилы тәсілдер мен амалдардың бәрі де жеке адамның ниет-тілегіне, мұқтаждығы мен қажеттілігіне тәуелді болып отырады. Ойлаудың кез келген әрекетінің туындауы белігілі бір ынта-ниетке байланысты.
Психологияда ойлаудағы ниеттің пайда болуы себебінің мынандай екі түрі бар:
1. Арнайы танымдық ойлау. Бұл белгілі тілек мақсатқа сәйкес пайда болады.
2. Арнаусыз ой. Ойлаудың бұл түрі сыртқы жағдайдың әсеріне орай туады.
Адам белігілі бір мәселенің түйінін шешу ьарысында түрлі амал – тәсілдерді қолданып, алға қоойған мақсат – міндеттерді орындап шығу үшін ойланып – толғанады. Ойлаудың бұл түрі міндет – мақсатқа сәйкес жүзеге асады.

 

Билет№4

1.Ойлау және ойлаудың формалары мен түрлерін айтыңыз.

Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз.
Ойлау формасы болып табылатын ұғымдар, категориялар, идеялар мен теориялар танымның субъектісі мен объектісінің арасын байланыстырып тұрған қоғамдық тәжірибенің негізінде, қоғамдық-тарихи процесте қалыптасып дамиды және заттар мен нәрселердің сезімдік таным формаларында (түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді байланыстары мен қатынастарын өрнектейді. Осының арқасында адам дүниенің заңдары мен заңдылықтарын танып білуге мүмкіндік алады, алды-артын болжап, болашағын айқындап, алдына саналы мақсаттар қойып, соларға жету жолдарын саралайды, табиғатты өзгертеді және өзі де өзгереді. Адам өмірінде, тәжірибелік және танымдық қызметінде шешуді қажет ететін мәселелер туындап, соларды қою және шешу барысында oйлау қабілеті де түрленіп, шығармашылықпен дамып отырады.

Психологияда ойлау түрлері мен оларды топтастыру проблемасы бірнеше бағытта шешімін табуда.

 

2.Есте сақтау қабілетінің бұзылуына əсер ететін факторлары.


3.Теориялық модель негізінде ойлауға көңіл бөлген ғалымдар.

Ойлау психологиясының дамуы мен қалыптасуына көп үлес қосқан вюрцбург мектебі болды. Негізін салумен О.Кюльпе ойлауға теориялық және экспериментальды зерттеу жүргізу арқылы кезеңдері мен принциптерін, арнайы талдады. Кейінен Вюрцбург мектебінің идеясын жалғастырушы О.Зельц болды. Оның «кешенді теориясы» ойлау актісінің продуктивті, репродуктивті психологиялық бірлік механизімін түсіндірді. Ал гештальтпсихология өкілдері К.Дункер ойлаудың творчествалық міндеті мен дамуын Ж.Пиаже мектебінде зерттеді. Дункер творчестволық ойлау мәселесін зерттеуге, нақты анализ жасап негізгі механизмдеріне тоқталады. Ж.Пиаже еңбегінде генетикалық деңгейде зерттеу таным процесін, оның орталығы интеллектің операциялық теориясы болды.
Ал А.Н.Леонтьев ойлауды зерттеуде, фундаментальды мәселелерді зерттеуді, жалпы психологиялық іс-әрекет теориясымен байланыстырып қарастыруды. С.Л.Рубинштейн еңбегінде ойлау процесі бойынша зерттеу принципін қалыптастыра отырып, оның заңдылықтарын бөліп және ойлау операцияларының негізгі бірлігін көрсетті. П.Я.Гальперин нақты экспериментальды зерттеу жағдайы, жолдары мен бағыттарының қалыптасуына тоқталды. Дж.Брунер еңбегінде ойлаудың даму кезеңдері оның түрлерін (көрнекі қимылды, көрнекі бейнелі ойлау) жағдайын танымдық іс-әрекетте қалыптастырып талдау жасады. Қазіргі психологиядағы ойлау сапасы оның түрлері туралы кең көлемде зерттей – отырып психологиялық әдебиеттер, терминдік ерекшеліктерін ұсынғандар: Р.Арнхейм, А.Р.Лурия, Е.Блейлер, Г.Майер. Л.Леви-Брюля, К.Гольдштейн т.б. болды.

 

Билет№5


Дата добавления: 2019-01-14; просмотров: 271; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!