Майер бойынша ойлау теориясы. 7 страница



Өзiн кiнәлау эмоциясында адам өзiнiң кiнәсiн мойындайды, өзiнiң оған қатысын немесе шығынға жауапкершiлiгiн, басқа адамдардың жайсыздығын, жолының болмауына өзiн кiнәлi сезiнедi. Бұл кезде ол өзiн-өзi кiнәлайды және өкiнедi (үлгерген жоқпын, iстей алмадым, ескерте алмадым, кең пейiлдiк көрсете алмадым және т.б.), көбiнесе өзiнiң кiнәсiн ақтауға тырысады (зардап шегiнуге көмектесу, кешiрiм өтiну, түсiндiруге тырысу). Тұлғаның негiзгi кемелдену көрсеткiшi – ол өзiнiң қылығына жауап беру және кiнә сезiмiн сезiну, кiнәсiн ақтауға тырысу.

Қорқыныш эмоциясы адамның тұлғалық немесе дене бiтiмiне өмiрiнде қауiптiң төнуi кезiнде пайда болады. Қауiп төну деңгейiне байланысты сенiмсiздiк жағдай, мазасыздану, жамандықты сезiну, қауiптiлiгiн қамтамасыз ете алмау, қауiп, күштi қорқыныш бақылауға келмейтiн аффектiге айналуы мүмкiн. Адам өзiнiң күштiлiгi немесе батылдығы осы сезiмдерден өткенде бағалайды.

Кез-келген адамның өзiнiң қайталанбас эмоционалдық қоры болады. Бұл нақты эмоциялық бейiмдiлiкте: қуанышта, қайғыда, қызығуда, кiнәнi сезiнуде көрiнедi. Эмоционалдық таңдауына байланысты тұлғаның эмоционалдық типтерiн анықтауға болады. Жағымды эмоциялар ситуацияны және оқиғаның адам үшiн пайдалы екендiгiн көрсетедi Олар қажеттiлiктер қанағаттанғанда немесе осыған септiгiн тигiзетiн жағдаяттарда пайда болады. Жағымды эмоциялар адамға пайдалы. Бiздiң рахаттануға деген талпынуымызда осыдан қанағаттанбаушылықтан туатын жағымсыз эмоциялар адам үшiн сәйкес жағдаяттар мен оқиғалардың зияндығын көрсетедi. Олар қажеттiлiктердiң ұзақ қанағаттанбауынан және соған кедергi келтiретiн жағдаяттарда пайда болады. Олар сәйкес жағдаяттардан шығу, жеңу немесе жоюға бағытталған әрекеттердi оятады. Екi жақты эмоциялар белгiлi бiр арақатынаста жағымды да, жағымсыз да күйзелiстердi қатар алып жүредi. Олар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделiлiгiн және қарама-қайшылықтығын көрсетедi.

2. Сана сезім.Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.
Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.

 

3. Э.Фромның гуманистік теориясы.

Фромм Эрих (1900-1980) - неміс-американдық философ; психолог, социолог, неофрейдизм негізін салушы, гуманист-ғалым, әлеуметтік прогресті жақтаушы. 1933 жылы АҚШ-қа қоныс аударды. Философия, психология, антропология, тарих және дін социологиясының дамуына зор үлес қосты. Өзінің ілімін «гуманистік психоанализ» деп атады. Фромм индивид психикасы мен коғамның әлеуметтік құрылымының арасындағы байланысты анықтау барысында Фрейд биологизімінен алшақтады. Психоаналитикалық «әлеуметтік және дербес» терапия негізінде үйлесімді «дені сау коғам», жобасын АҚШ-та гуманистік позицияда ұсынды. Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп ата-латын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог. социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын. табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша. Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді. Э. Фромм К.Юнгтің аналитикалық психологиясы да адам өмірінің мәні мәселелерін назардан тыс қалдырды деп есептеді. Адамның этикалық мінез-құлықтарының бастауын адамның өзінен іздеген гуманистік этиктердің еңбектеріне сүйене отырып, Фромм моральдық ұстанымдар адамның ішкі қасиеттеріне негізделген болуы керек, әйтпесе оларды бұзу тұлғаның психикалық және эмоциялық құлдырауына әкеледі деген тұжырым жасайды. Осыдан келіп гуманистік психоанализдің мақсаты шығады – гуманистік этиканың құндылықтарын меңгеру, өзінің ішкі табиғатын танып-білу және «өмір өнерін» игеру арқылы адамның ішкі мүмкіндіктерін дамытуына, өмір сүруге ұмтылуына ықпал ету. Фромм еркіндік және жаттану категориялары арқылы адамдардың ба-сым көпшілігі өзінің нағыз «Менін», «Өздігін» емес, «Жалған Менін» да-мытатынын, осы процестің нәтижесінде өзін жоғалтып, ешшеңеге айна-латынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның онтологиялық және тұлғалық сипаттамаларына, әсіресе «үмітп » элементіне сүйене отырып, оптимистік болжамдар жасайды. Оның пікірінше, «үміт» өмір құрылымының ішкі элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу,адам рухының динамикасы, адам болмысының маңызды шарты, сондықтан да Фромм адамды Ноmо еsрегапs ( үміті бар) деп сипаттайды.

 

Билет№22
1. Л.С.Выготскийдің теориясы

Л.С. Выготскийдің пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің қарым – қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлға – бұл қоғамдық – тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс - әрекеті – бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуын адамның мінездемесі үшін маңызды орын алуы, яғни оның мінез – құлық пен іс - әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым – қатынастарының бірлігін құрайды. Нәтижесінде адамның кез – келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар, тұлғаның дамуында негізгі болып нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы, механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді. Л.С. Выготскийдің «баланың психикасы әлеуметтік табиғатқа ие» - деген пікірі осыған негізделеді. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, баланың тұлғалық дамуы, оның дамуындағы әлеуметтік жағдайлармен байланысты. Сонымен, тұлға – біріншіден әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен, анықталып және де біріккен әрекет пен қарым – қатынаста қалыптасып отырады. Кеңес психологиясында, адамды тұлға деп, - қоғамның субъектісі ретінде оның қарым – қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды.

2. . К.Юнг бойынша тұлға тұжырымдамасы

К.Г.Юнг (1875-1961) - швейцар психологы, психиаторы, мәдениеттанушысы, “терең” психологияның практигі, психологияның “аналитикалық психология” деп аталатын бағытының негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар К.Юнг философия, теология сұрақтарымен айналысқан. К.Юнг бастапқыда З.Фрейдпен бірге ұзақ жылдар бойы қызмет жасап, 1913 жылы Мюнхендегі психоаналитикалық конгрестен кейін екеуі мүлдем айрылысты. ұзақ мерзімді зерттеулер нәтижесінде К.Юнг аналитикалық психологияның теориясы мен сол теорияға сүйенген психотерапиялық практиканы қалыптастырды.К.Юнгтың кәсіби әрекетінің басын психикалық санадан тыс өнімдер және оның субúект үшін мәні туралы сұрақтар қамтыды.

З.Фрейд көзқарастарымен сәйкессіздік мына сұрақтар бойынша туындайды.

Біріншіден, З.Фрейд бойынша, либидо термині индивидтің бүкіл психикалық энергиясы ретінде қарастырылады, ол психологиялық бұзылулар сексуалдық құмарлықты басу және эротикалық қызығуды сыртқы орта обúектілерінен ішкі әлемге аудару салдарынан болады деп есептесе, К.Юнг либидо ретінде сексуалды формаға тәуелсіз жалпы психикалық ауытқу сексуалдылықты ығыстырудан басқа да, сыртқы ортамен байланысты жоғалтуға әкелетін жайттармен анықталады деп көрсетеді.

Екіншіден, З.Фрейд бойынша, невроз ерте балалық шақта пайда болады, оның негізгі факторы эдипкомплекстер, фантазиялар мен қалаулар болатын болса, К.Юнг бойынша, невроз себебі бүгінгі күн жағдайларында, ал балалық фантазиялар - екінші жоспарда.

үшіншіден, З.Фрейд бойынша, түс көру - жанама түрде көрініс беретін, шынайы жағдайларда орындалмаған қалаулар мен қызығулар. К.Юнг бойынша, түс көру - психикалықтың санадан тыс жағымен байланыстырушы канал, ол түсінуге өте қиын символдық тіл арқылы беріледі және оның орындалмаған қалаулармен байланысты болуы міндетті емес. Түс көру саналы күндізгі өмірдің толықтырмасы болуы да мүмкін.

К.Юнг бойынша тұлға психологиясы үш бөліктен тұрады:

1) саналы;

2) индивидуальды бейсаналылық;

3) ұжымдық бейсаналылық.

Тұлға құрылымында, оның дамуында негізгі рөл атқаратын - ұжымдық бейсаналылық бөлім. Бұл - бүкіл адамзаттың психологиялық мұрасының ізі. Бұған тарихи қалдықтар мен естеліктер енеді.

Санадан тыс сфераға эндопсихологиялық қызметтер арқылы жақындай аламыз. Бұл бейсаналы процестерді тікелей бақылау мүмкін емес. Бірақ оның санада көрінетін өнімдерін екі класқа бөліп қарастырамыз:

1) жеке адамға тән;

2) бүкіл адамзатқа тән. «Персона» (маска) – ол белгілі бір әлеуметтік рөл және қоғамда өзін көрсететін жолы. Юнг бойынша персона сондай-ақ конформдылық архетип болып табылады.

«Анимус» (рух)- индивидуалды бейсаналы бөлімнің құрамы. Индивид үшін жағымсыз, санадан тыс деңгейге ығыстырған адамның өзінің ер адаммен әйел адамның ретіндегі түсінігі.

3. Зейін бұзылыстары.

– адамның қандай да бір психикалық іс - әрекетті орындау шарты. Зейін процестерінсіз адамның психикалық өмірі хаотикалық сезімдер, қобалжулар, ойлау, түйсіктердің ағылуы. Зейін осы ағымдарды белгілі бір бағыт бойынша жіберетін психикалық құрылым болып табылады. Зейін өз бетімен өмір сүрмейді. Ол барлық таным процестерінің динамикалық жағы, сонымен қатар ойлау, қабылдау, қиял, естің ішінде көрінеді. Зейін – бұл қандай да бір объектіде, құбылыста немесе іс - әрекет түрінде ақыл – ойдың бағытталуы.
Зейіннің бұзылуының ішінде кең тарағаны және маңыздысы: концнетрацияның бұзылуы, инерттілік, жүдеу, алаңдау.
Зейіннің жүдеуі – патологиялық шаршау, жоғарғы психикалық күш жұмсау салдарынан зейіннің негізгі параметрлерін, оның барлық қасиеттердінің бұзылуы. Мұндай ауытқу көбінесе бас миының органикалық жарақаттары бар ауруларда кездеседі. Зейіннің жүдеуі – астенияның негізгі симптомы.
Зейін коцентрациясының бұзылуы. Белгілі бір обьектіге немесе құбылысқа зейінді тұрақтандыру қабылетінің бұзылуы. Мұндай өзгеріс генездің түрлі депрессивті жағдайларында көрінеді. Бұл кезде ауру құбылыстарды психикалық түрде байланыстыра алмайды.
Адаңдау. Зейін таңдамалылығының төмендеуі, ұзақ уақыт ішінде бір обьектіге зейін қоя алмауы, сыртқы тітіркендіргіштерге үнемі алаңдауы. Жоғарғы алаңдаушылық көбінесе маникальді жағдайларды кездеседі. Яғни мания кезінде ауру затқа ұзақ зейін қоя алады.
Зейіннің инерттілігі. Зейін алмастырудың жетіспеушілігі нәтижесінде, жалпы психикалық инерттіліктің салдарынан назар аударудың қиындығы, тұрып қалуы жиі кездеседі. Мұндай ауытқу эпилепсиямен ауыратын адамдарда жиі кездеседі.
Н.Д.Лакосина, И.И.Сергеев, О.Ф.Панкова зейін бұзылуының мына бір түрін көрсетеді. Яғни өте жоғары алаңдаушылық. Бұл кезде адам кез келген ұсақ түйекке санадан тыс түсінбестен зейінін бөле береді.Зейін көлемінің тарылуы оның бұзылуының тағы бір түрі, яғни бір уақытта бірнеше обьектіге зейін қоя алу қабілеті төмендейді. Бұл бұзылыстар астения жағдайында жиі кездеседі.

 

Билет №23

1.З.Фрейд пен неофрейдистер тұлғаның жалпы психологиясын жасауда қандай үлесі болды.

З.Фрейд пен неофрейдистер тұлғаның жалпы психологиясын жасауда үлесі болды. Олардың үлесі қорғаныс механизмі, мінез-құлық детерминизациясы мен бейсаналық мәселесіне қатысты.
Жеке адам психологиясын анықтауда гуманистік психологияның да өзіндік үлесі бар. Жеке адам психологиясы мен мінезі гуманистік дәстүрге сай құрылымда зерттелінді және ол зерттеулерді психодинамикалық, интеракционды, құрылымды-динамикалық, экспериментті емес типіне жатқызуға болады. Негізінен адамның ішкі тәжірбилік құрылымы мен дамуына өзіндік сана мен ойлануына мән беріп, оларды кеңірек сипаттайды. Оларды адам нені қабылдайды, қалай түсінеді және өз өмірінің нақты жағдайларын қалай түсіндіреді деген сияқты сұрақтар қызықтырды. Олар осылай тұлға феноменологиясын сипаттды. Өмірлік тәжірбиесіне негізделіп, «өмір мәні» «құндылықтары», «өмірлік мақсаты» және т.б. терминдер типімен сипаттауға тырысты. Гуманистік тұрғыда тұлға теориясын анықтауға талпынған американ психологтары А.Маслоу мен К.Роджерс болды. К.Роджерс әрбір адамның қандай қабілеті бар және ол ұмтылу мен бірлесу тұлғаның өзіндік жетілуіне көмек беретін тұрғысын қарастырды. Жоғары саналыққа ие адам өзінің өмірінің мәнін, мақсаты мен құндылығын белгілейді, әрі оның жоғары соты мен эксперті деп есептейді. Роджерс теориясының негізгі түсінігі «Мен» түсінігі. Әрбір адам мен кіммін? Не істей аламын? Кім бола аламын? Ондай болу үшін не істей аламын? деген сүрақтарға жауап береді. «Мен» образы адамның өмірлік тәжірбиесі арқылы айналаны қабылдауы, бағалауы жүзеге асады да, мінезі қалыптасады.
Адамның негізгі қажеттілігі-өзін жүзеге асыру (самоактуализация ) өзіндік жетілуге талпыну мен өзіндік ой болып табылады. Гуманистік психология тұлғаның теориялық бағытын анықтауда өзін жүзеге асырудың барлық бағытымен байланысты болады. А.Маслоу өзін жүзеге асыру сипаттарына ақиқатты белсенді қабылдауы мен оған дұрыс бағдарлану қабілетін; өзін және өзгенің болмысының қандай болғанына қарай, дәл сол түрғысында қабылдауды және т.б. белгілерге қатысты психологиялық ситпттаулар жүргізді. Өзін жүзеге асырушы адам белгілі бір іспен шұғылданады, оны беріліп атқарады және олар мойындауды қажет етеді деп сипаттайды. Олар үнемі таңдауды және шешуші қадам жасаушылар, олар үнемі алда жүруді және кез-келген кедергілерді жеңуде өз мүмкіндігін көрсете алады.


Дата добавления: 2019-01-14; просмотров: 280; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!