Зерттеу хаттамасына мысал келтірейік. 19 страница



 

8 Қантамырлық аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстар: Ми қан тамырларының атеросклерозы – қан тамырларының зақымдануымен сабақтас және соның нәтижесінде мидың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы мен гипоксия болатын созылмалы кесел. Бұл ауруда алғашқы және барынша жиі кездесетін симптомдар бастағы "ауырлық, "қысым, "құлақтың шуылы, көздегі "қараңдау және "теңбілдер, жалпы әлсіздік, ұйқы бұзылуы (ұйқысыздық, сергітпейтін ұйқы), бас ауруы, кейде бас айналу, қысқа мерзімді естен тану, қол мен аяқтағы парестезия, ұю құбылыстары, денедегі "құмырсқа сезімі және т.б. болып табылады. Бұл симптомдардың бәрі баяу дамиды немесе толқын тәріздес ағым иеленеді.

 

9 Жалғасы: Есте сақтау бұзылады, ол алдымен эпизодтық сипатта болып, дене шаршағанда, эмоционалдық кернеуде күшейеді. Аталған ауытқуларды науқастардың өздері байқайды, жүре келе жад патологиясы күшейеді. Бұрынғыны еске түсіргенде ұмыт қалған тұстар пайда болады. Науқастар түкке тұрғысыз себепке бола күйіп-пісу, ашулану, ызалану түрінде күрт эмоционалдық реакция береді. Мінез-құлық бұзылыстары көрінеді. Науқас көп сөйлеп, қазымырланып, тиіскіш, менмен, әрекетсіз, жаңғалақ бола бастайды, қызығушылық шеңбері тарылады, еш құндылығы жоқ ұсақ-түйекке жете мән береді.

 

10 Церебралдық атеросклероз негізінде кемақылдылықтың дамуы мүмкін. Бұл кезде жадтың терең бұзылысы, арта түскен эмоционалдық тұрақсыздық, өз жай- күйіне сынның төмендеу симптомдары байқалады. Айналасындағылармен жиі дау-дамай туындайды, ешкіммен сиыспайды, бөгде және туыс адамдармен арадағы жүгенсіздік, шексіз менмендік білінеді. Атеросклероз кезінде депрессивтік-параноидтық, галлюцинаторлық- параноидтық симптомдарымен бірге жүретін психикалық бұзылыстардың білінуі мүмкін.

 

11 Бас-ми жарақаты кезіндегі психикалық бұзылыстар: Бас–ми жарақатының кеш кезеңіндегі психопатиялық синдромдар жарақаттан кейін бірнеше айлар, жылдар сақталады және олардың кейбір жеке белгілері сияқты толық кері дамуға ұшырамайды. Олар астениялық, психопатия тәрізді пароксизмальды синдромдармен, аффективті, галлюцинаторлы- сандырақтық және паранояльды психоздармен, және де ақыл кемдігі жағдайларымен көрінеді.

 

12 Жарақаттық астения (церебрастения). Астенияны бас-ми жарақатының алыс салдары кезеңінің нағыз бұзылысы деп атайды. Бұл кезеңге тән астенияның клиникалық көріністерінің ішінде тітіркенгіштік, әлсіздік, тез шаршау, бас ауруы, бас айналуы басым болады.Олар ыстықты, транспортты көтере алмайды, қызметтің бір түрінен екінші түріне ауысқандақиындықтар туындайды. Жарақаттық энцефолопатия( психопатия тәрізді синдром). Истериялық бұзылыстар, экплозивтілік, өткінші интелектуальды- мнестикалық бұзылыстардан тұрады. Ұзақ кезеңде жарақаттық психоздар бақылануы мүмкін, олар әдетте қайталамалы бас-ми жарақаты, улану, инфекция, психикалық жарақаттарға байланысты туындайды. Аффективті және галлюцинаторлы- сандырақтық психоздарды ажыратады.

 

13 Аффективті психоздар кезеңдік және бір реттік депрессия немесе мания жағдайларымен көрінеді, бас-ми жарақатының жеңіл және ауыр дәрежесінің нәтижесі болып табылады. Депрессивті синдром көңіл күйдің төмендеуімен, ипохондриялық және дисфориялық симптомдармен жүретін жабырқаулықпен көрінеді. Мания жағдайында көңіл күйдің көтерілуі эксплозивтілікпен, аффективті күйлермен, даукестік жүріс тұрыспен бірге жүреді.Алғашқы ұстамалар кезінде сананың күңгірттенуі болады. Аффективті психоздар бас-ми жарақатынан кейін, әртүрлі мерзімнен кейін, жиі жылдан соң дамиды. Психоздар әдетте кенеттен экзогениядан кейін бастың жеңіл жарақаты, жеңіл инфекциялар және т.б. пайда болады. Симптоматикасы жедел дамиды. Психикалық бұзылыстар диэнцефальды бұзылыстармен бірге жүреді.

 

14 Бас-ми жарақатының ауыр және орташа дәрежесінде галлюцинаторлы-сандырақтық психоздар байқалады. Психоз дебютінде сананың күңгірттенуі немесе вербальды галлюциноз синдромымен делириозды тип бойынша сана күңгірттенуі болады. Сандырақ әрқашан күйзелістің нақтылығымен, сандырақтық қызғанышпен, даукестік тенденциялармен көрінеді. Бас-ми жарақаты кезіндегі пайда болатын бұзылыстар, соның ішінде психикалық бузылыстар оның ауырлық дәрежесіне, орналасуына, сонымен қатар, басқа да көптеген жағдайларға- бір уақытта басқа мүшелердің зақымдалуы, жалпы қан жоғалту, инфекциялар, интоксикациялар қосылуына және басқа да клиникасына әртүрлі сиптоматика беріп, психикалық бұзылыстардың полиморфизмін көрсететін факторларға байланысты. Бас-ми жарақаты кезінде ем кешенді болуы қажет және жарақаттан кейінгі жағдайға, оның сипатына, жарақаттан кейін қанша мерзім өткеніне, психопатологиялық симптоматикасына, сонымен қатар неврологияоолық және соматикалық бұзылыстарға байланысты болуы керек.Бас-ми жарақатының бастапқы және жедел кезеңдерінде ми ісінуін жою

 

15 Бас-ми жарақаты кезінде ем кешенді болуы қажет және жарақаттан кейінгі жағдайға, оның сипатына, жарақаттан кейін қанша мерзім өткеніне, психопатологиялық симптоматикасына, сонымен қатар неврологияоолық және соматикалық бұзылыстарға байланысты болуы керек. Бас-ми жарақатының бастапқы және жедел кезеңдерінде ми ісінуін жою қозу жағдайын тоқтату және психоздың басқа да көріністерінжою үшін белсенді реанимациялық шаралар жүргізілуі тиіс. Дегидратациялық терапия жургізіледі, транквилизаторлар қолданылады. Жалпы терапиядан басқа басты психопатологиялық синдромды ескере отырып нейролептиктер тағайындалады.

 

16 Психикалық бұзылыстардың профилактикасы бас-ми жарақатын алған сәттен бастап науқастарға дұрыс көмек көрсету болып табылады: станционарлау, қатаң төсектік режим, белсенді бақылау,дегидратациялық терапия жүргізу, бассүйекішілік қысымның көтерілуі кезінде-жұлын пункциясы, психоздың алғашқы симптомдары пайда болғанда- транквилизаторлар мен нейролептиктерді қолдану. Бас-ми жарақатының ұзақ салдарымен науқастар үшін жұмыс және демалыс тәртібін сақтау, психикалық және физикалық зорығу жағдайын болдырмау, жылына 1-2 рет дегидратациялық терапия курсын өту, жалпы қуаттандырушы ем, интоксикацияның декомпенсациялаушы факторларының, жалпы аурулардың алдын алдын алу және болдырмауқажет. Психотерапия, тұрмыста және жұмыста қажет жағдай туғызу сияқты реабилитациялық шараларды кең түрде жүргізу қажет.

 

17 Соматикалық аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстар. Психикалық бұзылыстар жиі кездесетін соматикалық ауруларға жүрек, бауыр, бүйрек аурулары, өкпе қабынуы, ойық жара аурулары, алиментарлы дисфория, авитаминоздар, операциядан кейінгі психоздар жатады. Әртүрлі соматикалық аурулардағы басты психопатологиялық симптомокомплекс астеникалық синдром. Астеникалық синдромдар – жоғары әлсіздікпен, қозғыштықпен, көңіл-күйдің тұрақсыздық, вегетативті симптомдар жиынтығы. Астения – өте жиі кездесетін психикалық бұзылыс. Оны кез келген психикалық және соматикалық ауруларда кездестіре аламыз. Ол жиі неврологиялық синдромдармен бірге жүреді. Астенияның екі маңызды факторы: аурудың конституциональді ерекшелігі және этиологиялық фактор.

 

 

2.2.44. Седативті және ұйықтататын дәрілерге тәуелділік. Жасқа байланысты салыстырмалы ерекшеліктер.

Дәрілік заттарға тәуелділіктің 2 жолы бар:

Медициналық, дәрілерді дәрігердің нұсқауы бойынша терапевтикалық дозада ұзақ уақыт қабылдаса. Бұл кезде седативті-ұйықтатататын дәрілерге тәуелділік баяу журеді: 1-2 жыл ішінде.

Медициналық емес, седативті-ұйықтататын дәрілерді масаю мақсатында терапевтикалық дозадан бірнеше есе асырып қабылдағанда туындайды. Нашақорлықтың бірінші симптомдары дәріні қабылдап бастағанннан 1-2 ай ішінде көрінеді.

Седативті — ұйықтатын заттар тобына әр түрлі химиялық структуралы препараттар жатады.Оларға бензодиазепин (нитразепам, феназепам, рогипнол, хлордиазепоксид), барбитураттар (фенобарбитал, циклобарбитал), оксибутират натрий, өсімдіктен жасалған препараттар т.б. жатады. Осы препараттар аз дозада антифобиялық тыныштандыратын және көп дозада седативті — ұйықтатын қасиетке ие ОЖЖ –нің депресанттары болып табылады. Эмоционалды күштемені төмендетуге табиғи ұйқыға кетуді жеңілдететін және оны тереңдетуге және адамды тыныштандыруға арналған өсімдік текті немесе синтетикалық дәрілік заттардың тобы.

2.2.45. Кем ақылдылық.Олигофрениялық және дементтік синдромдар.Олигофрениядеп(кем ақылдылық) ең алдымен мидың экзогенді бұзылыстары,метаболизм кеселі,туа біткен кемтарлық,хромосомдық ауытқу себепші болатын патологиялық күй. Клиникалық көрінісіне байланысты үш түрін ажыратады:идиотия,имбицильдік,дебильділік.Идиотия – маңайдағыларға нашар әсер етуі,сөз дамымайды,бассқалардың сөзі өте қиындықпен қабылданады,сөздің мәні де түсініксіз болады. Азап шегетін адам күтім қажет етеді басқалардың көмегінсіз тіршілік ете алмайды. Ашулану мен ызалану жиі байқалады. Имбицильділік– орташа сатысы. Маңайдағылаға жауабы да ширағырақ болады. Ауру сөз қызметін меңгерген,алайда сөз қоры бірнеше ондаған сөздермен шектеледі,ойлау өте нақты,есте сақтау шектеуді,маңайдағылардың айтқанын қайталайды. Өз бетімен тіршілік ете алмайды,күтімді қажет етеді.Дебильділік – жеңіл сатысы. Аурудың жеткілікті сөз қоры болады. Қарапайым жинақтау қолынан келеді,бірақ абстактілік түсініктердің неғұрлым деңгейіне жетудің оған сәті түспейді. Сөздік қоры едәуір жеткілікті болуы мүмкін,бірақ сөз бірынғай жұтаң,ойлаудың өнімділігі аз.Д – интелект қызметінің бұзылысымен жүретін жүре пайда болған психикалық бұзылыс. Клиникалық көрінісі: органикалық(абстрактілі ойлау қабілетінің төмендеуі және есте сақтаудың бұзылысы:а)лакунарлы(ұялшақ,эмоциональды тұрақсыз,жылауық,критикасы сақталған) б)тотальды(логикалық қабілеті жоғалады және шынай өмірге көз қарасы жоқ,);эпилептикалық(есте сақтауы бұзылады,іс қимылын орындай алмайды);шизофрениялық(есте сақтауы,абстрактілік ойлау сақталған,барлық болып жатқан оқиғаға бейғам қарайды,апатико-абулиялық синдром ретінде жүреді.

2.3.1. Эпипсихоз және эпистатус.Эпилептикалық ұстама- кенет дамитын, қысқа уақыттық, қайталануға бейім, сана бұзылысымен, тырысулармен немесе басқа да еріксіз қозғалыстармен және вазовегетативті реакциямен көрінетін ұстамалар. Үлкен э.ұ- бір сәтте сананың толық жоғалуымен және кенеттен құлаумен жүретін генерализацияланған тырысулық ұстама. Аурадан басталады бірнеше сағат, күн бұрын бас ауру, әлсіщдік, көңіл-күй өзгрісі, еңбекке қабілеттік төмендеу, сенсорлы ( ауаның жеңіл қозғалысы, галлюцинация, психосенсорлы, дереализациялық, және деперсонализациялық, бұзылыстар, моторлы ( стереотипті автоматтандырылған қозғалыстар көрінеді) вегетативті (вазоматорлы және секреторлы), психикалық (аффективті, сандырақтық) Тырусулық ұстама басталған уақытта барлық көлденең жолақты бұлшыққеттердің тоникалық кернелуіне байланысты науқас («шалынған» тәрізді құлайды- тоникалық. Дене керіледі, қол-аяқ жазылады, өйткені жазғыш бұлшыққеттер күші басым болады. Тынысалу бұлш-ң жиырылу нәт-де кеуде қуысынан, спазмдалған дыбыс, айқай болып естіледі. Ауыз бірнеше секунд ашық болады, сонан соң тістері сақылдап, тілі мен ұрты шайналады. Көз бұлшыттері жиырылғандықтан көз аларады, 15-30сек созылады., клоникалық 20-40 сек, барлығы босаңсиды, науқас ұрылып соғылады, сілекей көбіктенеді, еріксіз несеп, нәжіс немесе ұрық шығару болады. Құрысудың барлық кезеңінде дем алмай бозарып, цианоз да болады. Құрысу аяқталғаннан кейін коматозды жағдай болады- жиі ұйқыға ауысады., құрысу есте қалмайды, ретроградты амнезия болады. Кіші э.Ұ—кенеттен қысқа уақытқа сана сөнуімен тырысусыз ұстама, бұл уақытта, науқас құламайды, бастапқы қалпында қалады. Ұстама бірнеше секунд . Эпилептикалық статус- ко


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 447; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!