Зерттеу хаттамасына мысал келтірейік. 13 страница



Бейнелік жабысқақтықтарға жабысқақ күдіктенулерді /есік жабылды ма, жарық өшті ме, кран жабылды ма/, жабысқақ тілектер, әуестіктер, қимылдар, әрекеттерді қосуға болады. Кейбір науқастарда жасауға болмайтын қылық жасауға жанын қинайтын тілек пайда болады: жерлеу рәсімінде күлуге, жақсы көретін баласының көздерін шанышқымен шұқып алу. Бұл контрастылы жабысқақтық деп аталады. Егер сандырақ жөнінде емес, жабысқақ ой туралы әңгіме болса, ауру өзінің тілегін ешқашан іске асырмайды. Психоз жағдайында контрастылы құбылыстар сырттай жабысқақтық тәрізді болуы мүмкін, шынтуайтқа келгенде ол баяу түзіліп келе жатқан сандырақ сатысы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда науқастар қоғамға қауіпті әрекет жасауы мүмкін.

Ритуалдар – орындағанда қысқа уақытқа науқас жағдайының жақсаруымен көрінетін жабысқақ қимыл-әрекеттер; ритуалдық әрекеттер дұға тәрізді, қорғанысты білдіреді. Жабысқақтықтар нервоз жағдайына тән; нервотикалық деңгейде өтіп жатқан барлық психикалық ауруларда көрінуі мүмкін мүмкін. Жабысқақтықтар сау адамда да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда олар тұрақсыз болады, сананы жайламайды, эпизодты түрде пайда болады және адамның әлеуметтік ортада бейімделуіне әсерін тигізбейді.

Сандырақ пен жабысқақтықтың патофизиологиялық мәні И. П. Павлов еңбектерінде ашылған. Параноик сандырағын талдай келе, ол осы науқастарда орталық жүйке жүйесінің мықты үрдісіне көңіл бөлген. Мида фазалық күйлердің дамуына байланысты сандырақ түзуші тұрақталған қозу ошағы өз айналасында күшті тежелу зонасын түзеді (теріс индукция заңы бойынша). Критикаға сәйкес келетін ешқандай қозу, осы тежелу жиынтығынан өтіп, доминантты ошақты басуға қабілетсіз. Осы жағдай сандырақпен науқастарда критиканың болмайтынын түсіндіреді. Жабысқақ жағдайлар неврозы кезінде, керісінше, жоғары жүйке қызметінің әлсіздігі бақыланады. Бас миының әлсіз қыртысы күшті доминанты қозу ошағын түзуге қабілетсіз, ал доминантты ошақ күшті тежелу қабатымен өзін қорғай алмайды. Жабысқақтықтар ерекшелігі осылайша түсіндіріледі: жеке жабысқақтық болады (тұрақталған қозу ошағы), және оған деген критикалы көзқарас болады (қосымша қозу ошақтары), бірақ бұл критикаға сәйкес қозу негізгі ошақты басуға қабілетсіз. Тұрақты қозу ошағы қалыпты күш қатынасына бағынуы мүмкін немесе сергектік және ұйқы арасындағы жағдайда болуы мүмкін.

2.2.1. Эмоцияның бұзылыстары

Эмоция— әр адамға оған әсер ететін тітіркендіргіш пен өз ісінің нәтижелерінің (қанағат болу, қанағаттандырмау) маңыздылығын бейнелейтін, индивидтың субьективті боялған ой-толқулары түріндегі реакциялар. П.К.Анохин жазуы бойынша: “Эмоциялар- айқын бейнеленген субьективті боялуы бар және адамның сезімдері мен ой-толқуларының барлық түрлерін қамтитын (терең жарақаттайтын қиналулардан бастап, қуаныш пен әлеуметтік өмір сезінудің жоғары формаларына дейін) ағзаның физиологиялық жағдайы”. Эмоция түрлері: Эпикритикалық (қыртысты)- эстетикалық, этикалық, адамгершілік сезімдер. Протопатиялық (қыртыс асты)- аштық, шөлдеу сезімін қанағаттандыру, жыныстық сезім. Оң эмоциялар- қуаныш, қанағат болу сезімі. Теріс эмоциялар- ашулану, тітіркену, уайым, мақсатқа жетудегі кедергілердің болуы. Стениялық- мақсатқа жетудегі күшті мобилизациялайтын активті белсенділік, күреске бағытталған сезімдер. Астениялық- төмен белсенділік, сенімсіздік, күдіктену сезімі. Эмоция онтогенезі Бірінші этап- нәрестелерде инстинктердің, негізінен өзін-өзі сақтау және тағмдық инстинктердің басым болуы. Екінші этап- органикалық сезіну. Оның негізі- экстра- және интрарецепторлардан түскен ақпаратты өңдеу және балада өз ойларымен сәйкес қоршаған орта жөніндегі тұрақсыз образды бейнелердің туындауы. Үшінші этап- эпикритикалық эмоциялардың дамуы, 3-4 жастан 12-14 жасқа дейін. Төртінші этап- жоғарғы адамгершілік эмоциялардың дамуы, олардың толық түзілуі 20-22 жасқа дейн аяқталады. Когда в подмышках и на шее есть папилломы, нужно на ночь капать... Доход для сайтов Эмоция бұзылуының симптомдары Эмоционалды көңіл бөлу— әр-түрлі жағдайларға жауап ретінде дамитын жедел эмоционалды реакциялар. Эксплозивтілік— жоғары эмоционалды қозғыштық, айқын аффект көріністеріне бейімділік, күші бойынша адекватсыз реакция. Эмоционалды тоқырау— пайда болған аффективті реакция ұзақ уақытқа бекітіліп, адамның ойы мен қимыл-қозғалысына әсерін тигізетін жағдай. Амбиваленттілік— бір адамға бір уақытта қарама-қарсы сезімдердің дамуы. Сезімдерді жоғалту сезімі— болып жатқан оқиғаларға немқұрайлықпен қарау, психогенді “эмоционалды салдану” кезінде кездеседі. Көңіл-күй бұзылуының симптомдары Эмоционаның күшеюімен сипатталатын бұзылыстар: Гипертимия— жоғары көңілді, қуанышты көңіл-күй, өте жақсы физикалық сезінумен, барлық сұрақтарды шешудегі жеңілілікпен, өз мүмкіндіктерін асыра бағалаумен сипатталады. Эйфория— көңіл-күйдің өте жоғарылауы, рахаттану, жоғары оптимизм, болып жатқан құбылыстарды толық емес бағалау. Гипотимия— төмен көңіл-күй, уайымдық, өмірге қанағат болмау сезімдері, қазіргі өмір, өткен шақ пен болашақ сұр тонмен бейнеленеді. Дисфория— өз-өзіне және қоршаған адамдарға деген қанағатсыздылық сезімімен сипатталатын, себепсіз, айқын басталатын көңіл-күйдің ызалы төмендеуі. Уайым— ішкі тынышсыздық, қайғыны, жаман нәрселерді, катастрофаны күту сезімі. Эмоционалды әлсіздік— лабилділік, көңіл-күйдің тұрақсыздығы, оның айқын емес құбылыстардың әсерінен күрт өзгеруі. Ауырсынатын психикалық сезімнің жоғалуы (anaesthesia psychica dolorosa)- барлық адамдық сезімдердің (жақындарына деген махаббат, қайғы, қуаныш) жоғалуын қатты уайымдау. Эмоционалділіктің төмендеуімен сипатталатын бұзылыстар: Апатия— өзіне, айналасындағы адамдар мен құбылыстарға көңіл бөлмеумен, арман-мақсаттарының болмауымен және толық іссізділікпен сипатталатын эмоционалды-ерікті сфераның бұзылысы. Эмоционалды монотондылық— эмоционалды суықтық, барлық құбылыстарға, олардың эмоционалды маңыздылығына қарамастан, бірдей, суық көзқарастың болуы. Эмоционалды қатаю— ең нәзік дифференцияланған эмоционалды реакциялардың жойылуымен сипатталады: деликаттылық, біреудің қуанышына бөлену сезімі жойылып, әдепсіздік, дәрменсіздік дамиды. Эмоционалды, немесе аффективті, ақылсыздық— эмоционалды реакциялар мен қатынастардың әлсіздігімен, сезімдер төмендеуімен, кейде сезімдердің толық жоғалуымен сипатталатын бұзылыс. Көңіл-күй мен эмоция бұзылыстары кезіндегі бет бұлшықеттері мимикасының өзгерістері: Гипермимия- тез пайда болып, жоғалатын аффектілер суретін бейнелейтін, тез ауысатын мимикамен сипатталатын бұзылыс. Мимикалық реакциялар көрінісі жиі өте айқын және бейнелі болып келеді. Бейнелі өзгерістер өте тез, ауыспалы болып келеді, кейбір кезде маниакалды қозуға дейін жетуі мүмкін. Амимия, гипомимия- мимиканың әлсіреуі немесе мүлде болмауы, депрессивті жағдайларға тән қайғы, немқұрайлық мимикасының тұрақтануымен сипатталады. Парамимия- мимика мен бейнелеуші қимылдардың жағдайға сәйкессіздігі. Бұл өлікті жерлеу кезінде күлімдеудің, тойда жылау мен немқұрайлық, уайым-қайғы белгілерінің болуымен сипатталады. Кейде ішкі сезімдері сыртқы мимикасына сәйкес келмейді. Эмоция бұзылуының синдромдары Депрессивті синдром түрлері: Қарапайым депрессия. Қозу депрессиясы. Уайым депрессиясы. Апатиялық депрессия. Жасырын (соматикалық) депрессия. Депрессивті эквиваленттер. Депрессивті синдромның симптомдары: 1. Депрессивті үштік: көңіл-күйдің төмендеуі; идеаторлы тоқыраушылық; моторлы тоқырашылық; 2. Өз-өзін төмен бағалау, пессимизм. 3. Өз-өзін кінәлау, төмендету сандырағы, ипохондриалық сандырақ. 4. Әуестіктің төмендеуі: тәбетінің, жыныстық әуестің төмендеуі, қарым-қатынас орнатпау, суицидке бейімділік. 5. Ұйқының бұзылыстары: ұзақтығының қысқаруы, ерте ояну, ұйқысы қанбау. 6. Соматикалық бұзылыстар: терінің құрғақтылығы, тургорының төмендеуі, шаш пен тырнақтың сынғыштығы, жастың болмауы, іш қату, тахикардия мен АҚ көтерілуі, мидриаз, дене салмағының төмендеуі. Маниакалды синдромның симптомдары 1. Маниакалды үштік: көңіл-күйдің жоғарылауы; ойлаудың тездеуі; психомоторлы қозу; 2. Өз-өзін жоғары бағалау, оптимизм. 3. Ұлылық сандырағы. 4. Әуестіктердің жоғарылауы: тәбетінің жоғарылауы, гиперсексуалділік, қарым-қатынасқа әуестік, адамдарға көмек көрсеткісі келіп тұрады, альтруизм.+ 5. Ұйқының бұзылуы: ұзақтығының қысқаруы, бірақ шаршағыштық сезімін шақырмайды, ұйқысы қанады. 6. Соматикалық бұзылыстар тән емес.

2.2.2. Көңіл-күйдің бұзылысы симптомдары Эмоционаның күшеюімен сипатталатын бұзылыстар: Гипертимия— жоғары көңілді, қуанышты көңіл-күй, өте жақсы физикалық сезінумен, барлық сұрақтарды шешудегі жеңілілікпен, өз мүмкіндіктерін асыра бағалаумен сипатталады. Эйфория— көңіл-күйдің өте жоғарылауы, рахаттану, жоғары оптимизм, болып жатқан құбылыстарды толық емес бағалау. Гипотимия— төмен көңіл-күй, уайымдық, өмірге қанағат болмау сезімдері, қазіргі өмір, өткен шақ пен болашақ сұр тонмен бейнеленеді. Дисфория— өз-өзіне және қоршаған адамдарға деген қанағатсыздылық сезімімен сипатталатын, себепсіз, айқын басталатын көңіл-күйдің ызалы төмендеуі. Уайым— ішкі тынышсыздық, қайғыны, жаман нәрселерді, катастрофаны күту сезімі. Эмоционалды әлсіздік— лабилділік, көңіл-күйдің тұрақсыздығы, оның айқын емес құбылыстардың әсерінен күрт өзгеруі. Ауырсынатын психикалық сезімнің жоғалуы (anaesthesia psychica dolorosa)- барлық адамдық сезімдердің (жақындарына деген махаббат, қайғы, қуаныш) жоғалуын қатты уайымдау. Эмоционалділіктің төмендеуімен сипатталатын
 бұзылыстар: Апатия— өзіне, айналасындағы адамдар мен құбылыстарға көңіл бөлмеумен, арман-мақсаттарының болмауымен және толық іссізділікпен сипатталатын эмоционалды-ерікті сфераның бұзылысы. Эмоционалды монотондылық— эмоционалды суықтық, барлық құбылыстарға, олардың эмоционалды маңыздылығына қарамастан, бірдей, суық көзқарастың болуы. Эмоционалды қатаю— ең нәзік дифференцияланған эмоционалды реакциялардың жойылуымен сипатталады: деликаттылық, біреудің қуанышына бөлену сезімі жойылып, әдепсіздік, дәрменсіздік дамиды. Эмоционалды, немесе аффективті, ақылсыздық— эмоционалды реакциялар мен қатынастардың әлсіздігімен, сезімдер төмендеуімен, кейде сезімдердің толық жоғалуымен сипатталатын бұзылыс. Көңіл-күй мен эмоция бұзылыстары кезіндегі бет бұлшықеттері мимикасының өзгерістері: Гипермимия- тез пайда болып, жоғалатын аффектілер суретін бейнелейтін, тез ауысатын мимикамен сипатталатын бұзылыс. Мимикалық реакциялар көрінісі жиі өте айқын және бейнелі болып келеді. Бейнелі өзгерістер өте тез, ауыспалы болып келеді, кейбір кезде маниакалды қозуға дейін жетуі мүмкін. Амимия, гипомимия- мимиканың әлсіреуі немесе мүлде болмауы, депрессивті жағдайларға тән қайғы, немқұрайлық мимикасының тұрақтануымен сипатталады. Парамимия- мимика мен бейнелеуші қимылдардың жағдайға сәйкессіздігі. Бұл өлікті жерлеу кезінде күлімдеудің, тойда жылау мен немқұрайлық, уайым-қайғы белгілерінің болуымен сипатталады. Кейде ішкі сезімдері сыртқы мимикасына сәйкес келмейді.

Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/2096 Материал көшіргенде, KazMedic.kz сайтына сілтеме міндетті

2.2.3.       Ерікбұзылыстары

Ерік - бұл саналы, мақсатты психикалық белсенділік. Шетел психологтары және философ-идеалисттері ерік бостандығы принципін жариялай отырып, ерік үрдісінің детерминирленбегендігін, оның сыртқы жағдайларға, орта әсеріне тәуелсіздігін көрсеткісі келді. З.Фрейдтің пікірі бойынша адамның жүріс-тұрысының мазмұнын сыртқы тітіркендірулер емес әуестіктер анықтайды; әуестік барлық адамда бірдей және бірінші кезектегі, қарпайым қажеттіліктерді қанағаттандыруға жағдай жасайды. Осы және басқа да ерік бостандығына сүйенген реакциялық теориялар марксизм-ленинизм классиктерімен құрылды және табиғи ғылым мәліметтерімен теріске шығарылды. Адам әрекеттерінің детерминирленбеген сипаты оларды болжауды мүмкінсіз және жауапсыз етеді.

«Бостандық табиғат заңдарынан қиялдағы тәуелсіздік арқылы емес, осы заңдылықтарды танып-білу нәтижесінде іске асады, және осы білімге сүйеніп табиғат заңын белгілі мақсатқа жетуде қолдану» - деп жазған Ф.Энгельс.

Ерік қызметі ең алдымен қажеттілікпен байланысты, ешқашан одан тыс пайда болмайды. Адамның ерік қызметі әрқашан сана қызметіне тәуелді. Сана акты, оның мазмұны мен бағыты адам өмір сүретін нақты әлеуметтік-тарихи жағдайлармен детерминирленген, және адамның сеніміне, көзқарастарына, қызығушылықтарына, ойлары мен сезімдеріне тәуелді.

Еріктік әрекет бір-біріне тікелей байланысты екі фазадан тұрады:

1) әрекет етуге және шешім қабылдауға саналы талпыныстың дамуы;

2) қабылданған шешімді орындау.

Бірінші фаза таңдауға қатысты акт – саналы баға беру және таңдау. Бұл фазада қанағаттанбаған қажеттілік (тағамдық, интеллектуальдық және т.б.) сәйкес эмоциональдық күйзелістер мен ойлар туындатады, қажеттілікті қанағаттандыруға талпыныс пайда болады. Талпыныс әуестік немесе тілек түрінде көрініс беруі мүмкін.

Әуестік – нақты ой және саналы мақсаттармен байланысы жоқ талпыныс. Тілек - нақты объектке саналы талпыныс. әуестік ситуацияны ұғыну процесінде тілекке ауысуы мүмкін. Шешім қабылдау жолында тілектер олардың орындалу мүмкіндігіне қарай, тарзыға салынып бағаланады.

Егер тілектер орындалуына қажетті жағдай жоқ болса, егер олар тұлға ұстанымдарына қарсы немесе басқа себептерге байланысты орындалмаған болса, олар саналы түрде басылады. Әрекет етуге шешім таңдауы мотивтер күресінен өтеді. Мотив тілектерді ой сүзгісінен өткізу нәтижесінде пайда болады.

Екінші фаза – қабылданған шешімді орындау - адамның тәжірибелік қызметіне тікелей қатысты. Соңғысы қимыл арқылы іске асады. И.М.Сеченов кез-келген психикалық акт, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қимыл арқылы іске асатынын көрсетті. Қимыл ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Еріксіз қозғалыс шартсыз рефлекске сәйкес келеді (мысалы, ыстыққа тигізгенде қолды тартып алу); еріксіз қозғалысқа сонымен қатар эмоциямен байланысты мимикалық қимылдар, және идеомоторлы қозғалыстар жатады. Ерікті қозғалыс негізінде И.П. Павлов анықтағандай шартты рефлекторлық үрдіс жатыр. Еріктік әрекетті іске асыру үшін психикалық функция сақталған күйде болуы керек. Сөз, ойлау ыдырауы кезінде еріктік әрекет мүмкін емес, бұл апраксия деп аталады. Патология еріктік үрдістің кез-келген звеносына әсерін тигізуі мүмкін: әуестік және тілек сферасы, мативация, қозғалыс және толық жүріс-тұрысқа. Сонымен қатар еріктік бұзылыстарға зейін бұзылыстары да жатады. Клиникалық тәжірибеде зейін, әуестік патологясын, қимылдық бұзылыстарды ажыратады.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 405; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!