Зерттеу хаттамасына мысал келтірейік. 10 страница



1. Әрекеттің тәсілдері негізінде: 1. Вербалдық (сөздік) ойлау–тілдік құралды пайдалану арқылы адамның өз пікірін тұжырымдамауы, білдіруі. 2. Көрнекі ойлау–мәселені шешу нақты бейнелі түрде көрінуінде жүзеге асатын ойлау түрі. 2. Ойлау бағыттылығымен байланысты: 1. Шынайы (немесе реалистік) ойлау–ақиқат шындыққа басым түрде бағытталған, логикалық заңдармен реттелетін ойлаудың бір түрі. 2. Аутистік ойлау–адамның ниеттерін жүзеге асыруымен байланысты болатын ойлау түрі. Осыған ұқсас келетін эгоцентрлік ойлаудың ерекшелігі–адамның басқа біреудің позициясында тұра алмауы. Шынайы ойлаудың аутистік ойлаудан айырмашылығы мынада: шынайы ойлау негізінен сыртқы әлемге бағытталған, логикалық заңдармен реттелінеді, ал аутистік ойлау адамның тілектерін іске асырумен байланысты (біз тілегіміздегі нәрсені шын мәнінде бар нәрсе тәрізді етіп көрсетеміз). Кейде аутистік ойлаудың орнына “эгоцентрлік ойлау” деген ұғым қолданылады, ол ең алдымен басқа адамның көзқарасын қабылдаудың мүмкін еместігімен сипатталады. 1. Ойлау іс — әрекетінің өніміне байланысты: 1. Продуктивтік ойлау–адамның ойлау іс-әрекетінің жаңа өнімін шығару. 2. Репродуктивтік ойлау–ойлау іс-әрекеті барысында өмірде бар білімдерді пайдалану. Продуктивті және репродуктивті ойлауды ажырату маңызды болып табылады. З.И. Калмыкова бұл айырмашылықты “субъектінің білімдеріне қатысты ойлау іс-әрекеті процесіндегі алынған өнімнің жаңашылдық деңгейіне” негіздейді. 7. Ойлаудың функцияларына байланысты: 1. Творчестволық ойлау–ақиқат дүниге жаңалықты тудырумен, жаңа білімдерді тауып, негіздеумен байланысты болатын ойлаудың түрі. 2. Критикалық ойлау–заттар мен құбылыстарды терең зерттеу негізінде, солар жөніндегі көзқарастар мен пікірлердегі қайшылықтар мен кемшіліктерді таба білуімен байланысты болатын ғылыми дәйектелген сындық пікірден тұратын ойлаудың бір түрі. 8. Еріктік күштің жұмсалуына байланысты: 1. Ырықсыз ойлау–түс көру бейнелерін ырықсыз трансформациялау. 2. Ырықты ойлау–проблемалық жағдаяттарды, ой есептерін мақсатты түрде шешу. Еріксіз ойлау процестерін ерікті ойлаудан ажырату қажет: мысалы, түс көрудегі бейнелердің тура трасформациялары және ойлауға бірілген тапсырмаларды мақсатқа бағытталған тұрғыда шешу. Ойлаудың түрлерінің келтірілген тізімі толық емес. Олардың арасында күрделі қатынастар бар. Сонымен, мысалы, З.И. Калмыкова продуктивті ойлаудың сөздік–логикалық және интутивті–практикалық көмпоненттерін бөледі. Ойлаудың әр түрлі түрлерінің арасындағы сәйкестік тұтасымен әлі анықталмаған. Ең соңында ойлаудың әр түрлі түрлерінің айрықша ерекшеліктерінің әр түрлі адамдарда олар шешуге тиіс міндеттер шаттастырылған; олар іс-әрекеттің сипатына тәуелді құрылатын индивидуалды ерекшеліктерімен байланысты болады. Бірақ бастысы айқын: “ойлау” ұғымымен психологияда сапалық әртекті процестер белгіленеді. 2.1.31 Ойлау бұзылыстарының түрлері. Ойлау дегеніміз адам санасында объективті шынайылық бейнелеуінің ең жоғарғы формасы. Бұл шындықты сөз және білімге сүйеніп сипаттайтын құбылыс. Ойлау негізі – түсінік болып табылады. Түсінік – заттардың өзіне тән қасиеттері туралы жалпылама білім. Ойлау үрдісі кезінде біз материалды анализдейміз, синтездейміз, салыстырамыз, табамыз, қорытынды жасаймыз. Түсінік пікірден туып, тіл, сөз арқылы көрінісін табады. Патологиялық жағдайда ассоциативті үрдіс бұзылуы мүмкін немесе ой арасындағы байланыстар бұзылады немесе жоғалады, бұл ойлаудың формасы бойынша бұзылуы. Кейбір ауруларда ой тұжырымдау үрдісі бұзылады, логика зардап шегеді, осыған байланысты ойлау мазмұны бойынша бұзылады. Ойлаудың формасы бойынша бұзылуы: Ойлау жылдамдауы Ойлау баяулауы Патологиялық байымдылық Резонерлік Ойлау үзілуі Ойлау байланыссыздығы Ойлау персеверациялары, стереотипиялары Ментизм Шперрунг Ойлау жылдамдауы – оның темпінің жоғарылауымен сипатталады. Бұл кезде алаңдаушылық, зейін бұзылыстарына байланысты пікір беткей, аяқталмаған, үстірт болады. Ассоциативті қызмет жылдамдауының ең шегі идеялар секіруі – fuga idearum деп аталады. Ойлау баяулауы – ойлау қарқынының төмендеуі, тежелуі. Науқас ойлау қызметінің қиындығына, басы босап қалған сияқты, ой тоқтауына, жоғалуына шағымданады. Сөзі баяу, кедейленген, сұрақтарға жауаптары біртекті, біраз үзілістен кейін жауап береді. Депрессиялық психозда, шизофренияда, реактивті және басқа да психоздарда кездеседі. Патологиялық байымдылық – бір ойдан екіншіге ауысуының қиындауымен, ойлаудың аз жылжымалылығымен сипатталады. Науқас маңыздысын екінші ретті мәнділіктен ажырата алмайды, детальдардан шыға алмайды, бір орнында тұрып қалады, басқа тақырыптарға ауысып кетеді. Эпилепсиялық ақыл кемділікте, эпидемиялық энцефалиттің кеш кезеңінде, ОЖЖ басқа да оргнаикалық ауруларында байқалады. Резонерлік – танымдық мағынасынын айырылған бос, өнімсіз пікір. Шизофренияда бақыланады, бұл дерттің бұрыннан бері келе жатқандығының белгісі. Ойлау үзілуі – сөйлемнің грамматикалық құрылымының сақталуымен түсініктер арасындағы мағыналық байланыстың болмауы. Мұндай жағдайда сөйлем өзінің коммуникациялық қасиетін жояды, адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ретіндегі қасиетін жоғалтады. Бұл шизофренияның көп жылғы үрдісінде байқалады. Ойлау байланыссыздығы – науқастың сөзі мағынасы бір-бірімен байланыспайтын фразалар үзінділерінен, жеке сөздерден тұрады, грамматикалық құрылымы бұзылған болады. Бұл психикалық бұзылыстардың тереңдегенін көрсетеді. Ойлау персеверациялары мен стереотипиялары – қандай да бір ойда мүдіріп қалу. Ол бір сөзді немесе сөйлемді бірнеше рет қайталаумен көрінеді, нәтижесінде науқастың жауабы мағынасыз болады. Бұл бұзылыс инсульттен кейінгі және кәрілік афазиясында, мидың органикалық бұзылыстарында кездеседі. Ментизм – науқастың еркіне бағынбайтын, еріктен тыс ойлар ағыны, оларды басқара алмау, жасанды сезім. Бұл идеаторлы автоматизм құбылысна жатады, шизофренияда байқалады. Шперрунг – анық сана фонында кенет пайда болатын ассоциациялар ағымындағы үзіліс, әңгіме желісінің жоғалуы. Шизофрения ауруында байқалады. Ойлау мазмұнының бұзылуы: Соңына түсу сандырағы Әсер ету сандырағы Уландыру сандырағы Қатынас сандырағы Зиян сандырағы Кверулянттық сандырақ Қызғаныш сандырағы Ипохондриялық сандырақ Өзін-өзі кінәлау және кемсіту сандырағы Сандырақ (бред) Сандырақ ойлар (бредовые идеи) – аурудың санасын толықтай жаулап алатын және түзетуге келмейтін қате ой түйіндеулері. Сандырақтық тану пайда болған кезде сандырақ нақты мазмұнға ие болады, эмоциональды тынышталу жағдайымен жүреді, ол сандырақ кристаллизациясы деп аталады. Соңына түсу сандырағында науқас белгілі бір адамдар немесе ұйымдардың өзін құпия немесе ашық түрде соңына түсіп, жоюға әрекет жасап жүргендігіне сенеді. Әсер ету сандырағында сол аталаған ізге түсушілер науқасқа моральді немесе физикалық әсер етеді, ол үшін күрделі техникалар мен құралдарды қолданады деп есептейді. Улану сандырағы да соңына түсу сандырағының құрамына кіреді: науқас уландырудың негізгі көзі улы тамақ, улы заттар, дәрі, ауа, су деп есептейді. Қатынас сандырағы да соңына түсу сандырағын толықтырады. Қоршаған ортада болып жатқан қарапайым бұзылыстарды бұрмалап, өзіне қарсы істелініп жатқан іс-әрекет ретінде түсінеді. Зиян сандырағы – науқас адамдарды зиянкеш көріп, материалды немесе моральді зиян келтіруде, тонап, заттарын бүлдіреді, құқығыма қысым жасайды деп ойлайды. Кверулянттық сандырақ өзінің тарапына ұқыпсыз, қайырымсыз, адал емес көзқарасты сезген науқас дауласуға дайын тұрады. Қызғаныш сандырағы науқастың жолдасының барлық іс-әрекеттері және қоршаған ортада болып жатқан нәрселермен қатынасы жұбайлық көзге шөп салу белгілері түрінде көрінеді. Ипохондриялық сандырақ тематикасы ауыр, дауасы жоқ дерттің бар екеніне сенімділік. Өзін-өзі кінәлау және кемсіту сандырақтық идеялары – ипохондриялық және депрессиялық күйлердің бірге жүруі. Науқас өзін барлық нәрсеге кінәлі сезініп, өкініш сезімін арқалап жүреді. Сандырақ жіктелуі: Біріншілік. Психиканың патологиялық өнімдері сандырақтық түрде дамиды. Екіншілік. Ой түйіндеу өзгерген фонда дамиды, мысалы, ауруға қауіп төндіруші есту вербальды галлюцинациялары және оған сәйкес соңына түсу сандырақтық идеялары бар. Жүйеленген. науқас болып жатқан оқиғаны түсінеді, алайда қиындықпен немесе ұзақ уақыт аралығында. Жүйеленбеген. Науқас санасында айтылған және болып жатқан оқиғалардың сарапталмауы. Шығу тегі бойынша: Резидуальды сандырақ. Психоз жағдайынан кейін біршама уақыт бойы жалғыз симптом ретінде қалатын бейнелік сандырақ, науқастың жүріс-тұрысына әсер етпейді. Индуцирленген сандырақ. Сау адамдардағы қате пікірлердің пайда болуы сандырақпен зардап шегетін адамдармен байланысты болады: примитивті, ситуацияны сыни көзқараспен, дұрыс түйіндей алмайтын адамдарда дамиды. Жабысқақтықтар (обсессиялар) Еріктен тыс пайда болатын, науқас ойын жаулап алатын және науқас үшін бөтен, дертті жағдай ретінде қабылданатын ойлар мен күйзелістер, науқас оларды өз ерік күшімен жеңе алмайды. Оларды екі топқа бөлеміз: 1-бейтарап, яғни науқас үшін индифферентті, айқын эмоциялық реакциялармен жүрмейді. 2-бейнелік науқас үшін ауыр және айқын аффективті жауаппен көрінеді. 2.1.32 Символикалық ойлау деген не 2.1.33 Біріншілік сандырақ. Психиканың патологиялық өнімдері сандырақтық түрде дамиды.     2.1.34. Екіншілік сандырақ.Ой түйіндеу өзгерген фонда дамиды, мысалы, ауруға қауіп төндіруші есту вербальды галлюцинациялары және оған сәйкес соңына түсу сандырақтық идеялары бар.  

Дереализация деген не.

Дереализация (аллопсихикалық деперсонализация) – есте сақтаудың бұзылысымен жүретін, қоршаған ортаны жалған немесе жеке қабылдаумен сипатталатын, қабылдаудың бұзылысы. «Көрген» (déjà vu) немесе «ешқашан көрмеген» (jamais vu) жағдайлармен сипатталады.

2.1.36. Деперсонализация деген не.Деперсонализация синдромы, клин.мағ.науқастың өзгергенін уайымдайды, мен дегенінен айырылады. Соматопсихикалық(дененің конфигурациясы), аутопсихикалық(мен өзгерген сияқты). Тек эндогенді ауруларда байқалады.

Галлюцинация деген

Галлюциянация –ештеңе жоқ жерде белгілі бір объект немесе құбылыс бар деп танылатын қабылдау бұзылысы.

2.1.38. Галлюцинация түрлері.Галлюциянация, клин. түрлері.-ештеңе жоқ жерде белгілі бір объект немесе құбылыс бар деп танылатын қабылдау бұзылысы. Түрлері:сезім мүшелеріне қарай: есту, көрі, сезу, дәм сезу, өз денесін сезу, немесе жалпы сезім голлюцинациясы болып бөлінеді. Ұйықтар алдында п.б. гипногогикалық, оянар алдында п.б. гипнопомпикалық. Күрделілік дәрежесіне байланысты: қарапайым (вербальді: антогонисті (өзінің қорғаушылары мен жаулары арасындағы даудың куәгері болады), императивті-нұсқаулық, коментирлеуші, қорқытушы) және күрделі (бірнеше анализаторлардың бірігуінен п.б.). Шынайы және псевдогаллюцинация болып бөлінеді.Ш.-шынайы қабылдаудың барлық белгілеріне ие және шын мәнінде объектілерден ажыратылмайды. П.-жасандылық сезімімен жүретін және жалған қабылдауда елестетулер сферасымен шектелген науқас үшін шынайы заттар мен құбылыстармен бір уақытта жүретін, бірақ олармен бірігіп кетпейтін қабылдау бұзылысы.

2.1.39. Иллюзия деген не.Иллюзия, клиникалық түрлері. -шындығында бар объектіні қате қабылдау. Түрлері:аффективті, интерпретативті, парейдолиялықиллюзиялар. Аффективті ил.-науқас өзіне төнген қауіпті сезінеді, істің мәні неде екенін түсіну үшін қоршаған ортаға күдікпен қарайды. Өткінші адамдардың сөз үзінділерін көше дыбысымен біріктіріп, өз көңіл күйіне қатысты қабылдайды. Мыс:соғыс басталды, осыны өзіне қарсы шабуыл ұйымдастырылып жатыр деп түсінеді.Интерпретативті ил.-ауыратын науқас айнаға қарап отырып бетінің төменгі бөлігі алға қарай қозғалатындығын көреді, қасқыр тұмсығы сияқты.Парейдолиялық ил.-қоршаған орта туралы ақпарат науқас санасының фантастикалық елестерімен бұрмаланады. Обойдаға суреттерді құрттарға ұқсатады, клеенкадағы дақты үйіліп жатқан тарақандарға ұқсатады, таза бетті телефон квитанциясы деп қабылдайды. Сау адамдарға қарағанда, бұл науқастар осы көріністерді басқара алмайды.

2.1.40. Сезінудің, қабылдаудың пайымдаудың бұзылыстары .

Агнозияның түрлері, анықтама беру.

Сезімнің алдануы

Галлюцинацияның алғашқы белгілері.

 

Психикалық ауруы бар адамдарда қабылдау қызметінің бұқзылуы әр түрлі болып келеді. И.М.Сеченов айқандай – актіссі афферентті және эфферентті механизмнен тұрады. Көзьен қабылдау қабілетігнде тоқталған ол көз әлеміндегі затты ұстап көреді оның ұстан көруі көз бұлшық еттерінің проприоцентивті сигналмен байланысына кіреді.

И.М.Сеченов көзқарасы көптеген физиологтар мен психологтардың еңбектерінің бастамасы болды. (Р.Гранит, Е.К.Соколов, В.П.Зинченко, А.В.Запоротец, Я.А.Венгер)қабылдау (көру) қабілеті адамның бұл өмірдегі бейімделуінің негізгі екені көрсетілген.

А.Н.Зиненконың; Ю.Б.Гиппнрейтердің теориясынан, адамның қабылдау қабілеті оның өмірлік қызметінің тапсырмасынан туып, ұштасатыны байқалады. Жалпы психологияда зерттеу үшін қабылдау (көру) қабілетін адамның психологиясындағы белсенділік пен құштарлық спецификасында құрастыру керек.

С.Р.Рубенштейін болса адамның қабылдау қабілеті жалпыламалы және ол жеке тұлғаның бағытына тәуелді. Сонымен қабылдау қабілеті жалпылама мен мтивациялық негізінде перцептивті қызмет ретінде қарастыру керек. Соңғы жылдары шетел авторлары адамның қабылдау (көру) қабілеті оның жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты екенін көрсеткісі келеді. (Д.Ж.Бруннер, Ш.А.Твиткин).

Сондықтан қабылдау (көру) қабілеті - әр түрлі қызметтен бұзылуы мүмкін екендігін мойындау керек. Бұл ауытқулар сезімнің алдануының дұрыс таналмағандықтан, бірденкені танымада, ұнамаудан туады. Солардың біріне тоқталайық.

1Агнозия:

Агнозия деп бір затты, үнді тануда қиналатындарды айтады. Көз агнозиясына арналған көптеген еңбектер бар. А.Бетциядан (1928) бастап көз агнозиясы үшке бөлінеді.

А) зат агнозиясы, ауру затты оның бейнесін көре алмайды ол Лиссауэров «көңіл күй обектісінің агнозиясы» деп аталады. Бұл топқа симультантты агнозия да Полвеперттікі кіреді (ауру затты оның бейнесін көреді бірақ, не жағдай болып жатқанын түсінбейді).


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 437; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!