Зерттеу хаттамасына мысал келтірейік. 5 страница



Наркологиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары мен құрылымы 7. Наркологиялық ұйымдар профилактикалық жұмыстарды жүзеге асырады және мамандандырылған медициналық, сондай-ақ о зиянды салдарлары бар алкогольді және (немесе) басқа да психобелсенді заттарды (есірткі, психотроптық заттарды, психостимуляторларды, галлюциногендерді, ауада ерігштерді, темекені) (бұдан әрі – ПБЗ) тұтынатын және алкогольге және (немесе) басқа да ПБЗ тәуелді науқастарға медициналық – әлеуметтік оңалту көмегін көрсетеді. 8. Наркологиялық көмек көрсететін медицина ұйымдарына: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау миинистрлігінің «Нашақорлықтың медициналық – әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – НМӘП РҒПО); 2) облыстық, қалалық наркологиялық диспансерлер, 100 000 мыңнан астам халық саны бар қалалардағы облыстық наркологиялық орталықтардың филиалдары, наркологиялық кабинеттер, уақытша бейімделу мен детоксикация орталықтары (бұдан әрі – наркологиялық ұйымдар); 3) меншік нысанына қарамастан, құрылымында оларға жүктелгендерге қарай наркологиялық кабинеттер мен бөлімшелер ұйымдастырылатын медициналық ұйымдар жатады Экспертиза түрлері Алклгольдік маскүнемдікті анықтау үшін әртүрлі пробаларамен лабороторлық зерттеулер жүргізіледі. Раппопорт сынама – күкірт қышқылынла калий перманганатының әсерінен этил спиртының қышқылдануы әсерінен пайда болатын сынама(түссіздені). Ол үшін 2 пробиркаға 2 мл дистиллденген су құямыз. 1-ші пробиркамен зерртелуші адам аузын шаю керек, 2-ші пробиркаға 20-30 рет көпіршік пайда болғанша үрлеу керек.Содан кейін 25 тамшы концентрленген химиялық күкірт қышқылын, 1-2 тамшы 0,5% калий перманганатын пробирка қабырғасымен құямыз. Егер 2 минуттан кейін түссізденсе ашық күлгін түске дейін өзгерсе сынама «+», егер 1-015 минуттан соң өзгермесе сынама «-» Шинкаренко – Мохова сынамасын жүргізу үшін трубканы перманганат калиймен суланған мақтамен трубканың жуан соңын сүртіп, трубканың екі соңын кесіп алып тастайды да зерттелуші адам 20-30 секунд үрлейді, егер де этил спиртінің пары болса немсе сынама «+» болса, ортасында жасыл сақина пайда болады. Ал түі өзгермесе сынама «-». 2.1.19. Такырыптық науқастардың анамнезін жинау. Неврологиялық симптомдар. Есте сақтау бұзылуы, талмалар, дірілдеу, алкогольды делирий, верникекорсаков синдромы, мишық дегенерациясы, нейропатия, миопатия. Гастроэнтерологиялық симптомдар. Эзофагит, панкреатит, гастрит, гепатит, бауыр циррозы, аіж қан кетулер. Жүрек қантамырлық симптомдар. Артериалды гипертензия, кардиомиопатия. Гематологиялық симптомдар. Макроцитоз, тромбоцитопения, фолат дефициті. Тірек қимыл жүйесінің зақымы. Сүйек сынығы, остеонекроз. 2.1.20. Негізгі психопатологиялық синдромдар. Психопатологиялық синдромдар - түрлі сырқаттанған үрдістердің ағымымен байланысты болатын жоғарғы психикалық функцияларының бұзылыстарының жиыны. Осы психопатологиялық синдромдардың негізінде психикалық аурулардың көрінісі туындайды. Синдром аурудың ауырлық дәрежесін және сапалық ерекшеліктерін анықтайды. Психикалық сырқат кезінде симптомдар полиморфизмі орын алатынына байланысты синдромалды анализге маңызды орын беріледі. Астениялық синдром Бұл синдром нерв- психикалық әлсіздік жағдайы. Психиатрияда және неврологияда ең жиі тараған синдром. Ол психиканың сандық бұзылыстарын көрсетеді. Оның негізгі көрінісі- психикалық астения. Оның 2 варианты бар: гиперстениялық гипостениялық Гиперстениялық түріне тән: Тітркендіргіштік Эмоциялық лабильділік және әлсіздік Гипобулия Ес қабілетінің бұзылуы Метеопатия Вегетациялық өзгерістер ( іш қату, іш өту, гипергидроз, бас ауырсынуы, тахикардия, акроцианоз, ұйқының бұрмалануы — инверсия) Ойлаудың бұзылуы Гипостениялық түріне тән: Физикалық астения Шаршағыштық Пессимизм Жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі Ұйқышылдық. Демек таңертең әлсіздік, ұйқыдан нәр алмауы, баста ауырлық сезімнің сезінуі. Кездесуі Соматикалық аурулар ( жұқпалы және жұқпалы емес) Интоксикация Органикалық және эндогенді психикалық аурулар ( шизофрения, эпилепсия) Невроздар Аффективты синдромдар Қазіргі жіктелуінде осы синдромдарында 3 түрлі параметр жатыр: Деффектты полюс (депрессивты, маниакалды, аралас) Синдром құрылымы (гормониялық- дисгармониялық, типты- атипты) Көрініс дәрежесі (психотикалық және психотикалық емес) Типтік ( гармониялық) синдромдарға міндетті түрде келесі триада тән: Эмоция патологиясы ( депрессия, мания ) Ассоциативты үрдіс ағымының өзгеруі ( тездетілуі немесе баяулауы) Қозғалыс- ерік бұзылыстары ( ступор, субступор, қозу, гипобулия, гипербулия) Осында негізгісі- эмоцияның бұзылыстары боп табылады. Эта хитрость приносит миллионы! Почему раньше этого никто не замечал? Доход для сайтов Атипиялық аффективты синдромда қосымша симптомдардың ( қорқыныш, сенестопатиялар, фобия, обсессия, сандырақ және т.б.)негізгі аффективты белгілерінен басым болуы тән. Аралас аффективты синдромдарда қарама-қарсы триадаға енетін бұзылыстар тән ( депрессивты қозу). Сонымен қатар субаффективты синдромдарды ажыратады. Түрлері: Классикалық Күрделі ( аффективтік- сандырақтық, депрессивты- параноидты, депрессивты- елестік, маниакалды- парафренды) Депрессивты синдром Оған тән: депрессивтік триада Көңіл-күйінің төмендеуі Идеаторлық ( интеллектуалдық) мелшию Моторлық мелшию Ипохондриялық, өзін-өзі кінәлау сандырағы Гипобулия Ұйқының бұзылыстары ( ұйқы қысқа, беткей, ерте ояну) Соматикалық бұзылыстар ( шырышты қабықшаларының құрғақтылығы, тахикардия, іш қату, мидриаз, артериялық қысымның жоғарлауы, дене салмағының азаюы ) Кездесуі: Эндогенды депрессиялар (МДП,шизофрения) Субдепрессия. Ол депрессияның әлсіз психотикалық емес варианты. Типтік түрлері: Астено-субдепресивты ( психикалық және фихикалық әлсіздік, эмоциялық лабилділік, психикалық гиперстенция) Адинамиялық субдепрессия ( көңіл- күйінің төмендеуі, адинамия, абулия) Анестетикалық субдепрессия ( пессимизм, аффективты резонансты өзгеріс, көңіл- күйінің төмендеуі, симпатия және антипатиялық сезімнің жоғалуы) Атипиялық депрессия түрлері Үрейлі депрессия Депрессиялық- сандырақтық синдромы Апатиялық депрессия Лавирленген субдепрессия. Алдыңғы орынға қосымша симптомдар ( сенестопатия, алгия, парестезия, сексуалдық, наркоманиялық және вегето-висцералдық бұзылыстар) шығып, ал аффективты симптомдарекінші орынға шығады. Лавирленген субдепрессия түрлері. Алгиялық-сенестопатиялық варианты Агрипиялық варианты ( ұйқы бұзылыстары) Вегето-висцералдық варианты ( пульс лабилділігі, артериялық гипертензия,тахипноэ, гипергидроз, дизуриялық бұзылыстар, қалтырау сезімі, субфебрилды дене қызуы) Көпшілік жағдайда диэнцефалды-гипоталамустық пароксизмдерде, вазомоторлық аллергиялық бұзылыстарына, бронх демікпеге ұқсас болады. Психопатияға ұқсас варианты ( сплин, үйден кету, бағынбау периодтары, жалқаулық ). Көп жағдайда жасөспірімдерде кездеседі. Наркоманиялық варианты ( алкогольды және нашақорлық масаюға ұқсас ) Сексуалдық сферадағы бұзылыс варианты ( периодты және маусымдық импотенция немесе фригидтілік,) Кездесуі: Невроздар Циклотимия Циклофрения Шизофрения Инволюциялық және реактивты депрессия Мидың органикалық бұзылыстары Маниакалды синдром Оған тән: Маниакалды триада: Көңіл-күйінің жоғарлауы Ойлаудың тездетілуі Психомоторлық қозу Оптимизм Ұлулық сандырағы Гипербулия Ұйқының бұзылыстары ( ұйқы қысқа мерзімді, шрашғыштық сезімі жоқ) Соматикалық бұзылыстар ( дене салмағының төмендеуі ) Кездесуі: МДП Шизофрения Циклофения Эпилепсия Симптомдық, органикалық, интоксикациялық психоздар Көндіру жағдайлар синдромы Обсессивты синдром Оған тән: Көндіру еске алулар Қозғалыс ритуалдары Антипатияны көндіру сезімі Кездесуі ( фобиясыз): Психопатия Торпидты ағымындағы шизофрения Мидың органикалық бұзылыстары Фобиялық синдром Көптеген көндіру қорқыныш сезімдермен көрінеді. Қазіргі кезде 600- ге тарта фобиялардың ( агорофобия, мизофобия, нозофобия) түрлері бар.Науқас адамда қозғалыс ритуалдары ерте көрініс береді. Кезедесуі: Невроздар, Шизофрения, Мидың органикалық бұзылыстары. Корсаковтың амнестикалық синдромы Бұл синдромды алғаш рет 1887 жылы С.С. Корсаков суреттеген. Ол естің қазіргі оқиғаларға бұзылуымен және болған оқиғаларға, тәжірибелік дағдыларға қатысты естің сақталуымен сипатталады. Оған: Фиксациялық амнезия Антероретроградты амнезия Парамнезиялар Амнезиялық дезориентировка Кездесуі: Мидың органикалық бұзылулары, Корсаковтың психозы, Ісіктер, Инсульттер, Интоксикация, Инфекциялық сырқаттар Паранойялды синдром Ол жүйелеудің жоғарғы дәрежесімен сипатталатын І интерпретациялық сандырақ. Қудалау, қызғану ипохондриялық, шығармашылық, материалдық зақым келтіру сандырағымен сипатталады. Галлюцинациялар болмайды. Кейде синдромның манифестациясына өте бағалы ойлар әсер етеді. Синдром сүлелі ағымға бейім. Емге нашар көнеді. Кездесуі: Инволюциялық психоз, Шизофрения, Пароанойялды психопатияның декомпенсация кезеңі Параноидты синдром Оған тән: Псевдгаллюцинациялар Қудалау, әсер ету сандырағы Психикалық автоматизм Сенестопатиялар Кандинский- Клерамбо синдромынан бұл синдром дәм сезу елес пен сандырағымен ерекшеленеді. Синдромның ағымында жіті, баяу және сүлелі түрлерін бөледі. Шизофренияда кездеседі. Кататониялық синдром Оған тән: 1.Гипокинезия көріністері «Ауалы жастық», капюшон симптомдары Негативизм ( пассивты және белсенді) Каталепсия Патологиялық рефлекстер ( сору, ұстау) Павлов симптомы 2. Гиперкинезия көріністері Импульсивты қозғалыстар Қозғалыс және тіл стереотипиялар 3. Паракинезия көріністері Пантомимика Эхолалия, эхопраксия, эхомимия Кездесуі: Шизофрения, Эпидемиялық энцефалит Истериялық синдром Психика, моторика, сезім, сөйлеу және сомато-вегетациялық бұзылыстармен сипаталатын синдром. Мұнда негізгісі өзіне көңіл аударту. Оған келесі бұзылыстар тән: Психика бұзылыстары ( астения, субдепрессия, амнезия, фобия,ипохондрия, эмоция әлсіздігі) Қозғалыс бұзылыстары ( классикалық үлкен истериялық ұстама, истериялық парез бен параличтер, ступор, контрактура, абазия, астазия, дисфагия) Сезімнің бұзылыстары ( анестезия, парестезия, амавроз, гемианапсия, скатома, адигестия) Сомато-вегетациялық бұзылыстар ( асқазан-ішек трактінің парезі, іш қату, анорексия, метеоризм, жүрек айнуы, бас айналуы, синкопалды жағдайлар, кардиалгия, акроцианоз, кейде викарлы қан кетулер жыныстық әуестіктің бұзылуы, жалған жүктілік сезімі ). 2.1.21. Психикалық аурулардың жіктелуі. Дәлелді медицина тұрғысынан психикалық ауруларды емдеу әдістері (биологиялық терапия, психотерапия, социотерапия). Психикалық бұзылыстардың алдын алу және реабилитациясы. Психикалық аурулардың ХАЖ-10 (МКБ-10) бойынша жіктелуі F00-F09 Органикалық, соның ішінде симптоматикалық, психикалық бұзылыстар F00 Альцгеймер ауруы кезіндегі деменция F01 Қантамырлық деменция F02* басқа аурулар кезіндегі деменция, басқа бөлімдерде жіктелген. F03 Анықталмаған деменция F04 Алкогольмен және басқа психоактивті заттардың қатысынсыз шақырылған, органикалық амнестикалық синдром. F05 Алкогольмен және басқа психоактивті заттардың қатысынсыз шақырылған делирий F06 Бас миының дисфункциясы немесе соматикалық аурумен байланысты басқа психикалық аурулар. F07 Бас миының дисфункциясы немесе зақымдалуымен байланысты тұлғалық бұзылыстар. F09 Анықталмаған органикалық немесе симптоматикалық психикалық бұзылыс F10-F19 Психоактивті заттарды қолданумен байланысты психикалық бұзылыстар және өзін өзі ұстау бұзылыстары. F10 Алкоголь қабылдаумен байланысты, психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары F11 Опиоидтерді қабылдаумен байланысты психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары F12 Каннабиоидтерді қабылдаумен байланысты, психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары F13 Седативті немесе ұйықтататын заттарды қабылдаумен байланысты психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары F14 Кокаин қабылдаумен байланысты, психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары F15 Басқа стимуляторларды қабылдаумен байланысты (кофеин қосқанда), психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары F16 Галлюциногендерді қабылдаумен байланысты, психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары F17 Табак өнімдерін қолданумен байланысты, психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары F18 Ұшқыш еріткіштерді қолданумен байланысты, психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары F19 Бірнеше нарктоикалық заттарды немесе басқа психоактивті заттарды қабылдаумен байланысты психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары. Когда в подмышках и на шее есть папилломы, нужно на ночь капать... Доход для сайтов F20-F29 Шизофрения, шизотипті және сандырақтық бұзылыстар F20 Шизофрения F21 Шизотипті бұзылыстар F22 Созылмалы сандырақтық бұзылыстар F23 Жедел және өтпелі психотикалық бұзылыстар F24 Индуцирленген сандырақтық бұзылыстар F25 Шизоаффективті бұзылыстар F28 Басқа органикалық емес психотикалық бұзылыстар F29 Органикалық емес психоз, анықталмаған. F30-F39 Көңіл күй бұзылыстары [аффективті бұзылыстар] F30 Маниакалды эпизод F31 Биполярлы аффективті бұзылыс F32 Депрессивті эпизод F33 Рекуррентті депрессивті бұзылыс F34 Көңіл күйдің тұрақты бұзылысы (аффективті бұзылыс) F38 Көңіл күйдің басқа бұзылыстары (аффективті) F39 Көңіл күй бұзылысы [аффективті] анықталмаған F40-F48 Стресспен байланысты, невротикалық және соматоформалық бұзылыстар F40 Фобиялы қорқынышты бұзылыстар F41 Басқа қорқыныш бұзылыстары F42 Обсессивті-компульсивті бұзылыстар F43 Ауыр стресске реакция және адаптация бұзылысы F44 Диссоциативті [конверсионды] бұзылыстар F45 Соматоформалы бұзылыстар F48 Басқа невротикалық бұзылыстар F50-F59 Физиологиялық бұзылыстармен және физикалық факторлармен байланысты өзін өзі ұстау синдромы F50 Тағам қабылдау бұзылысы F51 Органикалық емес этиологиялы ұйқы бұзылысы F52 Органикалық бұзылыстармен немесе аурулармен байланысты емес сексуальды дисфункция F53 Босанудан кейінгі периодтағы, психикалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары, басқа бөлімге жатпайтын. F54 Аурулармен байланысты психологиялық және өзін өзі ұстау факторлары, басқа бөлімге жіктелген. F55 Тәуелділік шақырмайтын заттарды шектен тыс қолдану. F59 Физиологиялық бұзылыстармен және физикалық факторлармен байланысты, өзін өзі ұстау синдромы, анықталмаған. F60-F69 Егде жастағы тұлғалық және өзін өзі ұстау бұзылыстары. F60 Тұлғалық спецификалық бұзылыстар F61 Аралас және басқа да тұлғалық бұзылыстар F62 Бас миының аурумен немесе зақымдалумен байланысты емес, тұрақты тұлғалық өзгерістер. F63 Әдет және әуестік бұзылыстары F64 Жыныстық идентификация бұзылысы F65 Сексуальды талғам бұзылысы F66 Жыныстық даму және ориентациямен байланысты психологиялық және өзін өзі ұстау бұзылыстары. F68 Ересек жастағы басқа тұлғалық бұзылыстар. F69 Ересек жастағы анықталмаған тұлғалық бұзылыстар. F70-F79 Ақыл есінің артта қалуы F70 Жеңіл түрдегі ақыл естің артта қалуы F71 Шамалы ақыл естің артта қалуы F72 Ауыр ақыл есің артта қалуы F73 Терең ақыл естің артта қалуы F78 Ақыл естің артта қалуының басқа формалары F79 Ақыл естің артта қалуының анықталмаған түрі F80-F89 Психологиялық даму бұзылысы F80 Сөйлеу және тілдің спецификалық бұзылыстары F81 Оқу дағдыларының спецификалық бұзылыстары F82 Моторлық функция дамуының спецификалық бұзылыстары F83 Психологиялық дамудың аралас спецификалық бұзылыстары F84 Психиологиялық дамудың жалпы бұзылыстары F88 Психологиялық дамудың басқа бұзылыстары F89 Психологиялық даму бұзылысы анықталмаған F90-F98 Балалық және жасөспірімдік шақта дамитын эмоционалды бұзылыстар. F90 Гиперкинетикалық бұзылыстар F91 Өзін өзі ұстау бұзылысы F92 Өзін өзі ұстау және эмоция аралас бұзылыстары F93 Балалық жасқа спецификалық болып келеін, эмоциялық бұзылыстар F94 Балалық және жасөспірімдік кезге тән, әлеуметтік функциялану бұзылысы F95 Тики F98 Балалық және жасөспірімдік кезде басталатын басқа эмоционалды бұзылыстар F99 Анықталмаған психикалық бұзылыстар

Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 227; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!