Зерттеу хаттамасына мысал келтірейік. 1 страница



Психиатрия және наркология 2.1.1. Психиатрия пәні және мақсаты. Психиатриялық көмекті ұйымдастыру. Қазіргі замандағы психиатрияның дәлелді медицина тұрғысынан маңызды проблемалары. Диспансерлер науқастарға емдік және социальды көмек көрсетеді. Ауылдық жерлерде ауруханаларда психиатриялық кабинеттер жүйесі және орталық аудандық аурханаларда психоневрологиялық бөлімшелер бар. Осындай кабинеттерде немесе бөлімшелерде жалпы учаскелік дәрігер және орта медперсонал психиатр кеңесі арқылы бекітілген учаскелеріндегі аурулармен күнделікті емдік және профилактикалық жұмыс жүргізеді. Ортылқ аудандық аурухананың диспансерлік бөлімінің құрамында психиатриялық, неврологиялық, балалар, психоневрологиялық, наркологиялық кабинеттер бар. Психоневрологиялық диспансер бөлімшесінің қызметкерлері осы контингент науқастарын, әсіресе алғаш дерттің белгісі бақыланған науқастарды анықтауға байланысты қмақты жұмыс өткізді. Бұл қызметте негізгі көмекті ауылдық учаскелік дәрігерлер, фельдшерлер, акушерлер, ауыл тұрғындарын жақсы білетін адамдар көрсетеді. Ауруханадан тыс психиатриялық көмек жалпы емханамен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Психоневрологиялық диспансер мен жалпы байланыста жұмыс жасайды. Психоневрологиялық диспансер мен жалпы емхана арасындағы интеграция бұрыннан қалыптасқан, яғни осы диспансерлерде қызмет ететін дәрігерлер мен жалпы емхана қызметкерлері бір аймақта және бір әкімшілік ауданда тұратын науқастарды еммен қамтамасыз етеді. Бұл диспансерлік және емханалық жұмыстарды жеңілдетеді. Яғни олармен уақытылы кеңес беру, тұрақты бақылау жасау, барлық ауруларға уақытында психиатриялық көмек көрсету, аурулардың уақытылы дәрігерге көріну тәрізді жағдайлар жасалуда. Көптеген ғасырлар бойы психиатрияның даму тарихында психикалық аурулардың табиғатын ашуда материалистік және идеалистік бағыт арасында көптеген тартыстар болды. Материалистік бағыттағы өкілдер психикалық бұзылыстарды организмде болатын материалдық өзгерістермен, мида болатын өзгерістермен байланыстырса, ал, идеалистік бағыттағылар психикалық дерттің шығу табиғатын психикалық және материалдық үрдістердің тәуелсіздігі немесе параллелизмімен түсіндірді. Психиатриядаяның басты бағыты ол клиникалық бағыт. Психиатрияның клиникалық бағытта дамуын француз психиатры Пинель реформасымен байланыстырса, отандық психиатр Баженованың бейнелік сипаты арқылы «ақылынан адасқандар» науқас адамдар ретінде қабылданды. Клиникалық бақылаулар негізінде психикалық бұзылыстар табиғатының гипотезасы құрылды. Соның ішінде жалпы психоз концепциясы, туылыс концепциясы-дегенерацияға байланысты, бұл кезде психикалық аурулар тұқым қуалаушылық және сыртқы факторлардың әсер етуімен дамып, ерекше даму сатылары болады. Бірінші буында тұқым қуалаушылық бейімділік және қолайсыз факторлар, оның ойы бойынша жеңіл психикалық бұзылыстар мен жүріс-тұрыс бұзылыстарын шақырады, кейінгі ұрпақтарында психикалық бұзылыстар ауырлап, ақыл кемсітігімен, салданумен аяқталады. Психологиялық бағыт., биологиялық бағыт. Психикалық аурулар ағымының мынадай негізгі кезеңдерін бөледі. продормальды –ерте симптомдар кезеңі; манифестті-психопатологиялық синдромдардың максимальды ашылған және күрделенген кезеңі;кері даму кезеңі-дертті үрдіс белсенділігінің басылуы және симптоматика редукциясы.   2.1.2. Жалпы психопатология: қабылдау, ойлау, ес, назар, интеллект бұзылыстары. Жалпы психопатология: қабылдау, ойлау, ес, назар, интеллект бұзылыстары.Ойлау процесінің және сөйлеудің бұзылуы. Ойлау және сөйлеу .Психологтар мен психиаторлар ойлаудың ауытқуы сөйлеу арқылы көрінеді деп есептейді. Адамның сөзі арқылы ойлаудың ауытқуы көрінеді . Адамның сөзі арқылы ойлаудың бұзылуының сипаты мен тереңдігі және шындықтан қаншалықты алшақтығын бағалауға болады. Ойлаудың ауытқулары екі топқа бөлінеді: түрі жағынан (формалды-логикалық)және мазмұны жағынан. Формалды – логикалық ауытқулар: · Темпі жағынан: - ойлау мен сөйлеудің тездетілуі; логорея түріндегі сөйлеудің бұзылуы; - ойлау мен сөйлеудің бәсеңдеуі (брадифазия ретінде); · Құрылысы жағынан: - үзіктенуі (грамматикалық дұрыс формадағы мағынасыздық); - байланыссыздық (логикалық және граматикалық байланыстың жоқтығы); - инкогеренттілік (буындар арасындағы байланыстың болмауы); - вербигерация (жеке сөздер мен сөз тіркестерін стереотипті қайталай беру); - паралогикалық ойлау (ой қорытындысы логикаға қарсы жүреді); - ойлаудағы үзілістер (шперрунгтер), “ойлаудың тығындалуы”. · Мақсатқа байланысты: - резонерлік (нәтижесіз көсемсіну); - аутистік ойлау (науқастың ғана ішкі дүниесін қамтитын, шындықтан алыс, бір жақты); - таңбалық (символдық) ойлау (қорытындылар кездейсок ассоциациялардың негізінде жасалады және сөздерге, айналасындағыларға түсініксіз, ерекше мағына беріледі); - әржақтылық (пікірлер мен ой қорытындылыры әр түрлі қағидалардың негізінде қалыптасады); - неологизмдер (сөйлеуде түсініксіз, ерекше сөздерді қолдану); - персеверациялар (жаңа ассоциациялар қиын жасалады, бір ассоциацияда тоқтап қалу); - ойлаудың жабысқақтығы (бір тақырыптан екіншісіне ауысудың қиындығы) және ойлаудың жан-жақтылығы (маңызды мәселелерді маңызды еместен ажырата алмау). Зейіннің шаршағыштығы – патологиялық шаршаудың салдарынан психикалық қысым түскен кездегі зейіннің негізгі көрсеткіштерінің бұзылуы. Зейіннің алаңдағыштығы – ұзақ уақыт бір объектіге сананы бағыттай алмау, бөгде тітіркендіргіштер мен ұсақ бөлшектерге зейіннің алаңдай беруі. Зейін тым алаңдағыштығы – сыртқы ортадағы болмашы өзгерістерге зейіннің ауыса беруі немесе ешқандай өзгеріс болмаған соң зейіннің өзінен -өзі ауысуы. Зейіннің инерттілігі – зейінді бір объектіден екінші объектіге ауыстыра алмау. Өз уақытында зейіннің тез ауыса алмауы немесе зейіннің патологиялық фиксациясы. Жоғарғы алаңдаушылық — бір іс әрекеттің түрінен келесі объектіге үнемі ауысып отыру, зейіннің шектен тыс қозғалғыштығы. Гипо және апрозекция — қажет уақыт ағымында зейіннің шоғырлана алмауы. Естің ауытқулары: Гипермнезия – естің күшеюі. Есте сақтаудың ерекше пәрменділігімен сипатталады. Гипомнезия – естің әлсіреуі – тұрақты немесе өтпелі де болады. Ауру өміріндегі өткен оқиғаларды еске түсіре алмау, қолжазабаға жазып жүреді. Амнезия – нақты уақыт ішінде, нақты жағдайда болған оқиғалардың естен шығып кетуі. Ұмытшақтық, есте сақтаудың болмауы. Паромнезия — есте сақтаудың тарылуы. Мнестикалық процестердің бұзылуына парамнезиялар да жатады: конфабуляциялар (естің ақ таңдақтары ойдан шығарған оқиғалармен толықтырылады), жалған реминесценциялар (болған оқиғалардың хронологиясын есте сақтамау, шындықтағы бұрын болған оқиғаларды кейінге тану), криптомнезиялар (басқа адамдардан естіген, түсінде көрген немесе кітаптан оқыған оқиғаларды өзімен болады деп баяндау). Нерв жүйесінің зақымдалуынан есте сақтаудың көптеген бұзылуларын кездестіруге болады. 2.1.3. Жалпы психопатология: эмоциялар, ерік-қимыл сферасының, сана-сезімнің бұзылыстары. Психикалық қалыптар психикалық процестер мен қасиеттер арасында аралық орында.Психикалық процестер белгілі-бір жағдайларда психикалық қалыптар ретінде қаралуы мүмкін. Эмоция (француз тілінен толқу,қозу) деп адамға әсер ететін сыртқы орта жағдайлары мен құбылыстарының маңыздылығына толқуда, күйзелуде көрінетін және қажеттіліктермен мотивтермен, инстинктермен байланысты психикалық қалыптар класын айтамыз. Эмоциялардың арқасында адам ағзасы сыртқы орта жағдайларына өте жақсы бейімделген,сыртқы әсердің формасын, типін, механизімін және басқа да параметірлерін анықтамай жатып-ақ адам ағзасы шұғыл түрде белгілі-бір эмоция арқылы жауап бере алады. Эмоционалды – еріктік сфераның ауытқулары. Эмоционалдық қалыптық өзгерулері, аффективтік ауытқулар әртүрлі болады және психикалық функциялардың бұзылулары ішіндегі ең жиі кездесетіні.Адамның барлық эмоциялық күйлері екі үлкен топқа бөлінеді: - стеникалық- күшті, адамды қуаттандыратын сезімдер: ашу, махаббат, достық, жек көру, ыза, қуаныш, таңдану; - астеникалық- әлсіз, адам қуатын әлсірететін сезімдер: көңіл қалу, реніш, кінә, мұңаю, қамығу, жасқану; 2.1.4. Негізгі психопатологиялық синдромдар. Психикалық аурулардың жіктелуі. Психопатологиялық синдромдар— түрлі сырқаттанған үрдістердің ағымымен байланысты болатын жоғарғы психикалық функцияларының бұзылыстарының жиыны. Осы психопатологиялық синдромдардың негізінде психикалық аурулардың көрінісі туындайды. Синдром аурудың ауырлық дәрежесін және сапалық ерекшеліктерін анықтайды. Психикалық сырқат кезінде симптомдар полиморфизмі орын алатынына байланысты синдромалды анализге маңызды орын беріледі. Психопатологиялық синдромдардың жіктелуі. Үлкен Кіші Позитивты ( елес – сандырақтық, кататониялық, аффективты, және т.б.) Негативты ( психопатиялық, амнезиялық, апатиялық, олигофрения,деменциялық) Негативты және позитивты симптоматика көп синдромдарда қатарласып жүреді. Мысалы, Корсаков синдромында негативты көріністер (өмірдің оқиғаларының ұмтылуы, критиканың төмендеуі және позитивты көріністер ( конфабуляциялар) орын алады.) Қарапайым (бір синдром) Күрделі ( бірнеше синдромдар) Астениялық синдром Бұл синдром нерв- психикалық әлсіздік жағдайы. Психиатрияда және неврологияда ең жиі тараған синдром. Ол психиканың сандық бұзылыстарын көрсетеді. Оның негізгі көрінісі- психикалық астения. Оның 2 варианты бар: гиперстениялық гипостениялық Гиперстениялық түріне тән: Тітркендіргіштік Эмоциялық лабильділік және әлсіздік Гипобулия Ес қабілетінің бұзылуы Метеопатия Вегетациялық өзгерістер ( іш қату, іш өту, гипергидроз, бас ауырсынуы, тахикардия, акроцианоз, ұйқының бұрмалануы — инверсия) Ойлаудың бұзылуы Гипостениялық түріне тән: Физикалық астения Шаршағыштық Пессимизм Жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі Ұйқышылдық. Демек таңертең әлсіздік, ұйқыдан нәр алмауы, баста ауырлық сезімнің сезінуі. Кездесуі Соматикалық аурулар ( жұқпалы және жұқпалы емес) Интоксикация Органикалық және эндогенді психикалық аурулар ( шизофрения, эпилепсия) Невроздар Аффективты синдромдар Қазіргі жіктелуінде осы синдромдарында 3 түрлі параметр жатыр: Деффектты полюс (депрессивты, маниакалды, аралас) Синдром құрылымы (гормониялық- дисгармониялық, типты- атипты) Көрініс дәрежесі (психотикалық және психотикалық емес) Типтік ( гармониялық) синдромдарға міндетті түрде келесі триада тән: Эмоция патологиясы ( депрессия, мания ) Ассоциативты үрдіс ағымының өзгеруі ( тездетілуі немесе баяулауы) Қозғалыс- ерік бұзылыстары ( ступор, субступор, қозу, гипобулия, гипербулия) Осында негізгісі- эмоцияның бұзылыстары боп табылады. Вот что В.В. Путин сказал о Казахстане! Народ онемел от... Доход для сайтов Атипиялық аффективты синдромда қосымша симптомдардың ( қорқыныш, сенестопатиялар, фобия, обсессия, сандырақ және т.б.)негізгі аффективты белгілерінен басым болуы тән. Аралас аффективты синдромдарда қарама-қарсы триадаға енетін бұзылыстар тән ( депрессивты қозу). Сонымен қатар субаффективты синдромдарды ажыратады. Түрлері: Классикалық Күрделі ( аффективтік- сандырақтық, депрессивты- параноидты, депрессивты- елестік, маниакалды- парафренды) Депрессивты синдром Оған тән: депрессивтік триада Көңіл-күйінің төмендеуі Идеаторлық ( интеллектуалдық) мелшию Моторлық мелшию Ипохондриялық, өзін-өзі кінәлау сандырағы Гипобулия Ұйқының бұзылыстары ( ұйқы қысқа, беткей, ерте ояну) Соматикалық бұзылыстар ( шырышты қабықшаларының құрғақтылығы, тахикардия, іш қату, мидриаз, артериялық қысымның жоғарлауы, дене салмағының азаюы ) Кездесуі: Эндогенды депрессиялар (МДП,шизофрения) Субдепрессия. Ол депрессияның әлсіз психотикалық емес варианты. Типтік түрлері: Астено-субдепресивты ( психикалық және фихикалық әлсіздік, эмоциялық лабилділік, психикалық гиперстенция) Адинамиялық субдепрессия ( көңіл- күйінің төмендеуі, адинамия, абулия) Анестетикалық субдепрессия ( пессимизм, аффективты резонансты өзгеріс, көңіл- күйінің төмендеуі, симпатия және антипатиялық сезімнің жоғалуы) Атипиялық депрессия түрлері Үрейлі депрессия Депрессиялық- сандырақтық синдромы Апатиялық депрессия Лавирленген субдепрессия. Алдыңғы орынға қосымша симптомдар ( сенестопатия, алгия, парестезия, сексуалдық, наркоманиялық және вегето-висцералдық бұзылыстар) шығып, ал аффективты симптомдарекінші орынға шығады. Лавирленген субдепрессия түрлері. Алгиялық-сенестопатиялық варианты Агрипиялық варианты ( ұйқы бұзылыстары) Вегето-висцералдық варианты ( пульс лабилділігі, артериялық гипертензия,тахипноэ, гипергидроз, дизуриялық бұзылыстар, қалтырау сезімі, субфебрилды дене қызуы) Көпшілік жағдайда диэнцефалды-гипоталамустық пароксизмдерде, вазомоторлық аллергиялық бұзылыстарына, бронх демікпеге ұқсас болады. Психопатияға ұқсас варианты ( сплин, үйден кету, бағынбау периодтары, жалқаулық ). Көп жағдайда жасөспірімдерде кездеседі. Наркоманиялық варианты ( алкогольды және нашақорлық масаюға ұқсас ) Сексуалдық сферадағы бұзылыс варианты ( периодты және маусымдық импотенция немесе фригидтілік,) Кездесуі: Невроздар Циклотимия Циклофрения Шизофрения Инволюциялық және реактивты депрессия Мидың органикалық бұзылыстары Маниакалды синдром Оған тән: Маниакалды триада: Көңіл-күйінің жоғарлауы Ойлаудың тездетілуі Психомоторлық қозу Оптимизм Ұлулық сандырағы Гипербулия Ұйқының бұзылыстары ( ұйқы қысқа мерзімді, шрашғыштық сезімі жоқ) Соматикалық бұзылыстар ( дене салмағының төмендеуі ) Кездесуі: МДП Шизофрения Циклофения Эпилепсия Симптомдық, органикалық, интоксикациялық психоздар Көндіру жағдайлар синдромы Обсессивты синдром Оған тән: Көндіру еске алулар Қозғалыс ритуалдары Антипатияны көндіру сезімі Кездесуі ( фобиясыз): Психопатия Торпидты ағымындағы шизофрения Мидың органикалық бұзылыстары Фобиялық синдром Көптеген көндіру қорқыныш сезімдермен көрінеді. Қазіргі кезде 600- ге тарта фобиялардың ( агорофобия, мизофобия, нозофобия) түрлері бар.Науқас адамда қозғалыс ритуалдары ерте көрініс береді. Кезедесуі: Невроздар, Шизофрения, Мидың органикалық бұзылыстары. Корсаковтың амнестикалық синдромы Бұл синдромды алғаш рет 1887 жылы С.С. Корсаков суреттеген. Ол естің қазіргі оқиғаларға бұзылуымен және болған оқиғаларға, тәжірибелік дағдыларға қатысты естің сақталуымен сипатталады. Оған: Фиксациялық амнезия Антероретроградты амнезия Парамнезиялар Амнезиялық дезориентировка Кездесуі: Мидың органикалық бұзылулары, Корсаковтың психозы, Ісіктер, Инсульттер, Интоксикация, Инфекциялық сырқаттар Паранойялды синдром Ол жүйелеудің жоғарғы дәрежесімен сипатталатын І интерпретациялық сандырақ. Қудалау, қызғану ипохондриялық, шығармашылық, материалдық зақым келтіру сандырағымен сипатталады. Галлюцинациялар болмайды. Кейде синдромның манифестациясына өте бағалы ойлар әсер етеді. Синдром сүлелі ағымға бейім. Емге нашар көнеді. Кездесуі: Инволюциялық психоз, Шизофрения, Пароанойялды психопатияның декомпенсация кезеңі Параноидты синдром Оған тән: Псевдгаллюцинациялар Қудалау, әсер ету сандырағы Психикалық автоматизм Сенестопатиялар Кандинский- Клерамбо синдромынан бұл синдром дәм сезу елес пен сандырағымен ерекшеленеді. Синдромның ағымында жіті, баяу және сүлелі түрлерін бөледі. Шизофренияда кездеседі. Кататониялық синдром Оған тән: 1.Гипокинезия көріністері «Ауалы жастық», капюшон симптомдары Негативизм ( пассивты және белсенді) Каталепсия Патологиялық рефлекстер ( сору, ұстау) Павлов симптомы 2. Гиперкинезия көріністері Импульсивты қозғалыстар Қозғалыс және тіл стереотипиялар 3. Паракинезия көріністері Пантомимика Эхолалия, эхопраксия, эхомимия Кездесуі: Шизофрения, Эпидемиялық энцефалит Истериялық синдром Психика, моторика, сезім, сөйлеу және сомато-вегетациялық бұзылыстармен сипаталатын синдром. Мұнда негізгісі өзіне көңіл аударту. Оған келесі бұзылыстар тән: Психика бұзылыстары ( астения, субдепрессия, амнезия, фобия,ипохондрия, эмоция әлсіздігі) Қозғалыс бұзылыстары ( классикалық үлкен истериялық ұстама, истериялық парез бен параличтер, ступор, контрактура, абазия, астазия, дисфагия) Сезімнің бұзылыстары ( анестезия, парестезия, амавроз, гемианапсия, скатома, адигестия) Сомато-вегетациялық бұзылыстар ( асқазан-ішек трактінің парезі, іш қату, анорексия, метеоризм, жүрек айнуы, бас айналуы, синкопалды жағдайлар, кардиалгия, акроцианоз, кейде викарлы қан кетулер жыныстық әуестіктің бұзылуы, жалған жүктілік сезімі )


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 247; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!