Зерттеу хаттамасына мысал келтірейік. 6 страница



2.1.22. Стресске реакциялар және адаптацияның бұзылыстары. Төтенше жағдайлар кезіндегі психикалық бұзылыстар. 1)Психикалық реакциялар – бұл интенсивті жағдайлық реакция, қорқыныш тудыратын тітіркендіргіштерге жауап рекциясы, дискомфорт тудырады. Қарапайым қорқыныштар бес түрге бөлінеді: 1) жануарлардан қорқу 2) қаннан, егулер, жарақаттардан қорқу 3) аурудан қорқу (сифилофобия, спидофобия, канцерофобия) 4) табиғаттық апаттан, судан қорқу 5) жағдайлардан, кеңістіктен қорқу ж\е даладан, қоғамнан қорқу (агрофобия), сахнадан қорқу (социофобия), кірден қорқу (мизофобия)барлық нәрседен қорқу (панфобия)2)Кризисті реакциялар – 1) қалыпты өмір сүруінің бұзылысы (ұйқы, тәбет бұзылысы), өмірлік қателіктер 2) регрессия бұл қоршаған ортаға психологиялық тәуелділік, қолдау күту, психологиялық қорғансыздық. Екі типі бар: интрузивті (жабысқақ- психикалық жарақат әсерінен м: зорлаудан). Репрессивті (үнсіздік- жасыру, болған жағдайды ұмытқысы келу)Бейімделудің бұзылуы (психодезадаптация)- клиникалық деңгейіне байланысты келесі варианттарды ажыратады: 1) патохарактерлік 2) невротикалық 3) психосомаьтикалық. Принципі б\ша : салыстырмалы тұрақты емес (қысқа уақыт, ұзаққа бармайды), үздіксіз тқрақты (жылына екі реттен көп).Психодезадаптацияның көріністері: 1) астеникалық варианты а) физикалық әлсіздік б) психикалық ә 2) дистемиялық варианты-уайымшылдық, урей, дискомфорт, қанағаттанбаушылық, пессимизм (ұзақтығы бір екі тәулік) 3) психовегетативті вариант – тершеңдік , әлсіздік, тахикардия, бас айналу, гипергидроз.Төтенше жағдайлардағы стрестік бұзылыстар. Әлеуметтік жағдайдағы төтенше бұзылыстар, радиациялық фобиялар, әскери шаршағыштық. Синдромдар: Вьетнам, Ауған, Шешен соғыстары. Төт.жағд.әсер.б\н.псих.бұз: жедел (өзінің өміріне қауіп төнсе, жақындарының өлімі) екінші кезеңде – дүние мүлкін жоғалту, кредит т.б. Өкінішке орай, соңғы уақытта қайғылы оқиғалар жиі орын алып жатады. Оның бірі – бір отбасының қайғысы болса, ал кейбір жағдайларда біздің елімізде мыңдаған адамдарға қайғы алып келеді. Әрине, бұндай жағдай туралы шұғыл көмек көрсету бойынша «қалта» оқу құралында толықтай сипаттауға мүмкін емес. Егер Сіздің қасыңызда экстремальды факторларының (терроризм, авария, өрт, туысынан айырылу, қайғылы хабар алу және т.с.с.) әсері нәтижесінде психикалық жарақат алған адам болса, сабырлы болыңыз. Зардап шегушінің іс-әрекеті Сізді қорқытып немесе таң қалдырмау керек. Оның жағдайы, әрекеті, эмоциясы – бұл қалыптан тыс жағдайға оның қалыпты реакциясы. Егер Сіз қаламасаңыз (жағымсыз немесе өзге себептер), сенімсіз болсаңыз зардап шегушіге психологиялық көмек көрсетпеңіз. Көмек көрсете алатын адамды табыңыз. «Зиян келтірме» принципін ұстану керек. Бұндай жағдайда тек жанашырлық танытып, тез арада психолог маманнан (психотерапевт, психиатр) көмек алуға барыңыз. Экстремальды жағдайдың алғашқы минутында адамның бойында үрей пайда болады. Үрей – бұл адамның биологиялық, сондай-ақ әлеуметтік жағдайына қауіп төну кезінде пайда болатын эмоция, яғни уайымдау. Осы тәріздес жағдайдағы, Сіздің іс-әрекетіңіз: Үрейге берілмеңіз; Жағдайды тез бағалап, дұрыс шешім қабылдауға тырысыңыз; Айналадағы адамдарға өзіңіздің бойыңыздағы үрейді көрсетпеңіз, бірақ өзіңіздің мүмкіндігіңізді асыра бағаламаңыз. Есіңізде сақтаңыз, үрей қауіп-қатерден құтылуға көмектескен кезде пайдалы болуы мүмкін. Сондықтан үреймен Сіздің қалыпты іс-әрекетіңізге кедергі болған жағдайда ғана күресу керек. Сіздің қалыпты тамыр соғысыңызды сезіну үшін зардап шегушінің қолын өзіңіздің білегіңізге қойыңыз, бұл «Мен сенімен біргемін, сен жалғыз емессің» дегенді білдіреді. Терең және бірқалыпты дем алыңыз. Зардап шегушіні Сізбен бір ырғақта дем алуды сұраңыз. Егер зардап шегуші сөйлессе, оны тыңдаңыз, қызығушылық, түсіністік, жанашырлық танытыңыз. Қиын интеллектуалды іс-әрекетті қажет етпейтін, алаңдататын жаттығуларды қолданыңыз. Егер Сіздің өмірлік жолыңызда тұрмыстық апат немесе табиғи апат кездескен жағдайда салқынқандылық танытып, есеппен әрекет ету және үрейге берілмеу керек. Тағы да маңызды мәселенің бірі – жергілікті әкімшілік, депутаттар мен атақты және құрметті адамдардың табиғи апат, авария немесе апат орын алған ауданның, қаланың халықтарымен үнемі қарым-қатынас жасау. Төтенше жағдайлар кезінде адамдармен әңгімелесу, жағдайды түсіндіру, тәртіпті ұстау және орынды бұйрық беру олардың іс-әрекетіне, белсенділігі мен табандылығына шешуші әсер етеді.   БАЙБАЛАМ кезіндегі психологиялық көмек Бұл не? Біздің көпшілігіміз үшін байбалам салған жағдайдағы адам – аласұрған, қол сермеген, айқайлаған адам (көбіне әйел). Алайда мұндай іс-қимыл тек соңғы жағдайда байқалады, сонымен қатар тек әйел адамға ғана тән. Бүгінде байбалам – психикалық және соматикалық көріністердің әр түрлілігімен сипатталған іс-әрекетінің түрлі жағдайын айқындайтын аса жалпылаушы термин. Байбаламды сипаттайтын психикалық белгілер: көңіл-күйінің ауытқуы, эмоционалды тұрақсыздық, сезімде үстіртін қарау, иландыруға және өзін-өзі иландыруға аса бейімділігі. Адамның іс-қимылы басқа адамдардың көңілін аудартуға жұмсалған. Соматикалық (физикалық) белгілері әртүрлі болуы мүмкін, мәселен, сал ауруы, сіңір тартылып құлау, бас ауруы, қабылдаудың және сөйлеудің бұзылуы. Барлық белгілердің бір жалпы түйіні бар – олардың пайда болуын қандай да бір соматикалық (физикалық) факторлармен түсіндіру мүмкін емес екендігін атап өту қажет Байбалам жағдайындағы құлау бірнеше минутқа немесе бірнеше сағаттарға созылады. Көз жасына қарағанда, байбалам - тоқтатуға тырысуға қажет жағдай. Мұндай жағдайдағы адам көп дене және психологиялық күшін жоғалтады. Белгілері: - ес-түсі сақталады; - аса қозғыштық, көптеген қимылдар,театрдағы позалар; - сөйлеген сөзі эмоционалды қанық, жылдам; - айқай, жылау; Бұндай жағдай неге болады? Байбалам әр адамда бола бермейді. Мұндай эмоциялы жарылыс, әдетте шығармашылықтағы және жеңіл қозғыш адамдарға тән. Әдетте бұл ұзақ уақыт жиналады. Байлам ішкі қысымды шығару үшін туындайды. Бұл ұзақ уақыт бойы жиналады. Адам ұзақ уақыт бойы сыртқы сабырлығын сақтайды, өзін дұрыс ұстайды. Ал одан кейін жарылады, байбалам басталады. Байбаламның себебі қандай да бір мақсат қою және оны жүзеге асыра алмаумен байланысты болуы мүмкін. Әсіресе бұл кішкентай балаларда жақсы білінеді. Себебі олар кішкентай кезінде өзінің тілегін білмейді. Басқа жағдайда байбалам кенеттен болған қатты қысымнан туындауы мүмкін, бұл қиын өмір жағдайында болады. Әдетте дәрменсіздігі және бір нәрсені өзгерте алмауы. Өз-өзіне қалай көмек көрсету қажет? Байбалам болған кезде, «жарылған адам» үшін ең жақсы амал, жағдайды әбден шешіп алу. Басқаша айтқанда, байламды ішке тығып, эмоцияны білдірмеуге тырыспау қажет. Ең жақсысы іштегіні шығару және «өз байбаламынан рахаттану» керек. Яғни соңына дейін ішкі шерді тарқату қажет. Егер әлі де байбаламға түспесе басқа жағдай. Онда назарыңызды басқа іске аударуға тырысыңыз. Мұндағы басты қағида ішкі қысым қатты болған сайын назарыңызды аударатын істе те аса көңіл аударарлық болуы керек. Ондай адамның жанында қалсаң? «Жарылайын» деп жатқан адамға қоршаған адамдар да көмек көрсете алады. Бастысы дұрыс іс-қимыл жасау. Еске сақтаңыз, егер зардап шеккен өз қимылдарына есеп берген жағдайда ғана оған психологиялық көмек көрсетуге болады. Ондай жағдайда: Біріншіден, көрермен адамдарды қуыңыз, тыныш жағдай жасаңыз. Егер ол Сіз үшін қауіпсіз болса, зардап шеккенмен жалғыз қалыңыз. Эмоционалды жарылыс кезінде адамның өзіңізге және қалғандарына зиян тигізбеуіне тырысыңыз. Егер сіз оның оқыс іс-қимылдар жасайтынын сезсеңіз араласып, қойдыру қажет: өз-өзіңді және байлам салған адамды қорғау керек. Оның алдынан қауіп және ауыр заттарды - пышақтарды, шанышқыларды, бұрағыштарды, мүсіншелерді алып тастаңыз. Екіншіден, оның назарын қатты таң қалдыратын (қатты тарсылдатын затты құлату, зардап шегушіге қатты айқайлау) кенеттен жасалған іс-қимылға аудару қажет. Егер байбалам салушы кішкентай салмақтағы адам болса, оны ваннаға немесе душтың астына тұрғызып қоюға болады. Немесе оның маңдайына суық мұзды қою керек. Бетіне суық су шашып жіберу қажет. Салқындату зардап шеккеннің назарын басқа жаққа аударуға мүмкіндік береді. Ол реакцияны баяулатады, яғни эмоцияны ұстайды. Оны байсалдылық танытуға шақырыңыз, аямаңыз және өзіңіз байбаламға түспеңіз, себебі ондай жағдай зардап шеккенді қоздырып жібереді. Зардап шегушімен қысқа фразалармен, жылы дауыспен («Су іш», «Жуын») сөйлесіңіз. Зардап шегушінің қалауын жасамаңыз. Селсоқ болыңыз немесе егер байбалам толастамаса мүлдем басқа жаққа кетіп қалыңыз. Одан кейін не істеу керек? Адамдардың көпшілігі эмоционалды жарылыстан кейін құлазыған күйде және абыржу сезімінде қалады. «Өз-өзіне» келгеннен кейін көбінесе әрең дегенде істеген ісін есіне алады. Көбі не істегенін, сол уақытта не жасағанын есіне түсіре алмайды. Байбалам біткеннен кейін, адамның ісіне ызаланбаңыз, болған іс туралы есіне салмаңыз. Адамға бір стақан суық су беріңіз немесе нашатыр спиртін иіскетіңіз. Оған ыстық шай беріп,одан кейін ұйықтату керек. Міндетті түрде психологқа немесе дәрігерге жүгініңіз, себебі ауру ушығуы мүмкін. КҮЙЗЕЛІС кезіндегі психологиялық көмек Бұл не? Күйзеліс – ағзаның күш түсуге, алаңдаушылыққа және күнделікті қарбаласқа реакциясы. Асыра күш түскен жағдайда адамның көңіл-күйі нашарлайды, басқа да белгілер пайда болады. «Күйзеліс» деген сөз ағзаның жай-күйін айқындайды, ол өмірдің қиын жағдайларына бейімделуге тырысады. Адам аса қиын физикалық және психологиялық қысымға ұшыраған кезде, ең алдымен оның ағзасы қорғануға тырысады. Бірақ одан кейін бейімделіп алады және аса жоғары қысымдағы реакциясы оңтайлы жағдай болып қалады. Мұндай жағдай оң күйзеліс деп аталады. Ол адамның дұрыс психикалық дамуына және қоршаған ортаға бейімделуі үшін қажет. Алайда ағза жиі миға салмақ түсуге немесе физикалық жүктемеге шамасы келмейді. Мұндай жағдайда кез келген қосымша қысым адамның дұрыс жай-күйін бұзуы және ауруға шалдықтыруы мүмкін. Белгілері: - Ашуланшақтық. - Ұйқы көрмеу. - Енжарлық. Көңіл-күйінің ауытқуы. - Ойын ұштастыра білмеуі. - Қызба іс-қимылы. - Жылауық. - Түңгі үрейлер. - Асыра белсенділік. - Алаңдаушылық. - Желікпе қимыл. - Тәуелділік. - Қарым-қатынасының өзгеруі Бұл неден болады? Мамандар адамды қатты эмоционалды толқуларға ұшырататын кез келген жағдай күйзелістің пайда болуына себеп болуы мүмкін деп есептейді, Күйзеліс баланың дүниеге келуі, күйеуге шығу (үйлену) сияқты оң эмоцияларды, сол сияқты баланың қаза болуы, жақын адамның қайтыс болуы сияқты кері эмоцияларды тудыруы мүмкін екендігін есепке алу қажет. Күйзеліске ықпал ететін жағдай болар-болмас сипатта да болуы мүмкін (көп уақыт кезек күту немесе жолда кідіріп қалу). Күйзеліске кез келген сәтте, кез келген жаста ұшырауы мүмкін. Күйзеліс – ауру емес, бұл қорғаныс механизмі, бірақ мұндай қорғаныс тұрақты болса, онда адам ауруларға осал болып келеді. Жалпы күйзеліс әр адамға қажет, олай болмаса ол талапсыз адам болады. Күйзеліс – бұл өзіндік энергия көзі. Бастысы оның ұзаққа созылуына жол бермеу керек. Адам ағзасының жауы – ұзаққа созылған күйзеліс. Ол орасан – шамамен 90%. Ұзақ күйзеліс ағзаның қорғаныс қабілетін азайтады, қант диабетінің, ісіктің, туберкулездің даму қаупін арттырады, егер әйел жүкті болса, оның ішіндегі балаға зиян тиеді, яғни барлық зардаптарын тізіп жеткізу мүмкін емес. Барлық мәселе мынада, ұзаққа созылған күйзеліс кезінде ағза адреналин мен энкефалинді шығармайды, сол үшін С және В витаминдерінің, цинктің, магний мен басқа да минералдардың запастарын асыра жұмсайды. Бұл өз кезегінде нервті жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді, ақыл-ой және дене белсенділігін төмендетеді. Өз-өзіне қалай көмек көрсетуге болады? Күйзелісті жеңу үшін алдыңа нақты міндеттер қою және салауатты өмір салтын ұстана білу маңызды. Күйзеліспен күрестегі басты қару – кез келген қоздырғыш факторларға деген эмоциямыз бен реакциямызды бақылау. Егер сонда да күйзеліске ұшырасаңыз бірнеше оңай қағиданы есте сақтап, қолдану қажет. Бірінші қағида: Барынша өз-өзін сергіту. Дем алысыңызды қадағалаңыз, толық кеудемен ауызды ашып демалуға тырысыңыз (әдетте күйзеліс жағдайындағы адам тісін шықырлатады, ал біздің міндетіміз барлық бұлшық еттерді босату). Созылып, керіліңіз бірнеше минут мойынға массаж жасаңыз. Соңғы релаксация қолды ыстық сумен жылыту, себебі ағзада адреналиннің бірден өңделмеуі қол-аяқ ұштарындағы қан айналымын төмендетеді. Ыстық қол барлық ағзаның босауына ықпал етеді. Екінші қағида: қозғалу қажет. Жүріп қайтыңыз, ал ең жақсысы кішкене жүгіріп қайтыңыз. Белсенді іс-қимыл сізді ашуланудан арылтады. Үшінші қағида: өзіңізге ұнайтын тәтті бір нәрсе жеңіз. Бұл арада керемет көмекші балмұздақ болуы мүмкін. Балмұздақтың негізгі құрамы сүт пен кілегей, бұнда ұйықтай алмау, депрессия кезінде, көңіл-күйді жақсарту және қорқыныш пен алаңдаушылық сезімдерін азайту үшін медицинада қолданылатын табиғи триптофан транквлизаторы бар. Сондай-ақ күйзеліс кезінде шоколад та көмектеседі – ағзада серотонинды тудырудағы көмекші, «бақыт гармоны» ретінде де аса белгілі. Сонымен қатар, шоколадта бұлшық ет пен нерв жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне қажетті екі минерал магний мен калий бар. Төртінші қағида:сергітетін шөптермен, майлармен немесе тұзбен ванна қабылдаңыз. Су процедуралары кезінде жағымды музыканы тыңдауды үйлестірген жөн. Бұл сізге тыныштықта және жайлы атмосферада демалуға мүмкіндік береді.Су процедураларын жағымды музыка тыңдаумен үйлестіріп, одан кейін жақындарыңызға массаж жасату қажет. Бесінші қағида: қандай да бір күлкілі жақсы фильм көріңіз. Ал мұндай фильм әр фильмотекада барына сенімдіміз. Барынша күліп, көңіл көтеріп, осы көңіл-күйде ұзаққа қалуға тырысыңыз.

Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 271; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!