Зерттеу хаттамасына мысал келтірейік. 4 страница



2.1.16. Психиатриялық көмек көрсетудің әлеуметтік-құқықтық аспектілері. Стигматизация мәселесі. Диспансерлер науқастарға емдік және социальды көмек көрсетеді. Ауылдық жерлерде ауруханаларда психиатриялық кабинеттер жүйесі және орталық аудандық аурханаларда психоневрологиялық бөлімшелер бар. Осындай кабинеттерде немесе бөлімшелерде жалпы учаскелік дәрігер және орта медперсонал психиатр кеңесі арқылы бекітілген учаскелеріндегі аурулармен күнделікті емдік және профилактикалық жұмыс жүргізеді. Ортылқ аудандық аурухананың диспансерлік бөлімінің құрамында психиатриялық, неврологиялық, балалар, психоневрологиялық, наркологиялық кабинеттер бар. Психоневрологиялық диспансер бөлімшесінің қызметкерлері осы контингент науқастарын, әсіресе алғаш дерттің белгісі бақыланған науқастарды анықтауға байланысты қмақты жұмыс өткізді. Бұл қызметте негізгі көмекті ауылдық учаскелік дәрігерлер, фельдшерлер, акушерлер, ауыл тұрғындарын жақсы білетін адамдар көрсетеді. Ауруханадан тыс психиатриялық көмек жалпы емханамен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Психоневрологиялық диспансер мен жалпы байланыста жұмыс жасайды. Психоневрологиялық диспансер мен жалпы емхана арасындағы интеграция бұрыннан қалыптасқан, яғни осы диспансерлерде қызмет ететін дәрігерлер мен жалпы емхана қызметкерлері бір аймақта және бір әкімшілік ауданда тұратын науқастарды еммен қамтамасыз етеді. Бұл диспансерлік және емханалық жұмыстарды жеңілдетеді. Яғни олармен уақытылы кеңес беру, тұрақты бақылау жасау, барлық ауруларға уақытында психиатриялық көмек көрсету, аурулардың уақытылы дәрігерге көріну тәрізді жағдайлар жасалуда. 2.1.17. Наркология пәні және міндеттері. Наркологиялық көмекті ұйымдастыру. Дәлелді медицина тұрғысынан қазіргі наркологияның өзекті мәселелері. Наркология пәні деп психоактивті заттарға тәуелділіктің қалыптасуының пайда болу шарттарын және механизмін, диагностика тәсілдерін анықтау, емдеу осыдан пайда болған аурулардың алдын алу мақсатында олардық токсикалық эфектін оқытатын ғылыми диссиплина. Наркологияның негізгі міндеттерінің бірі алкоголизм және наркоманиямен ауырытын науқастарды емдеу болып табылады. Емдеу негізінде ремиссия тұрақтандыру жән аурудың рецидивін алдына алу жатыр. Профилактикалық наркологиялық көмекті мынадай бөлімдер (бөлімшелер) мен наркологиялық қызметтің арнайы топтары көрсетеді: 1) тұрақты орналасқан объект және бастапқы-профилактикалық наркологиялық көмек кезеңінің негізгі құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруші болып табылатын облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің диспансерлік (емханалық) бөлімшесі; 2) алкогольге қарсы және есірткіге қарсы (облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің диспансерлік бөлімшесінің жанында жұмыс істейтін) насихаттау кабинеті; 3) облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің не басқа да құрылымдардың жанында жұмыс істейтін жасырын наркологиялық консультация беру (немесе телефондық-консультациялық қызметі) кабинеті; 4) аудандық емхананың наркологиялық кабинеті; 5) облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің диспансерлік бөлімшесінің жанында жұмыс істейтін медициналық ұйым басшысының бұйрығының негізінде құрылатын өңірдің тұрғындарына бастапқы - профилактикалық наркологиялық көмек көрсету жөніндегі арнайы топ. 10. Бастапқы наркологиялық көмек кезеңінде жұмыс істейтін бөлімдер (бөлімшелер) және наркологиялық қызметтің арнайы топтары: 1) тұрақты орналасқан объект және бастапқы наркологиялық көмек көрсету жөніндегі арнайы топтың, осы кезеңде жұмыс істейтін басқа бөлімшелердің (кабинеттердің) қызметін негізгі үйлестіруші болып табылатын облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің диспансерлік бөлімшесі; 2) жасырын (телефонмен) консультация беру кабинеті не наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйым жанында жұмыс істейтін арнайы мамандандырылған телефондық - консультация беру қызметі; 3) аудандық емхананың наркологиялық кабинеті; 4) бастапқы наркологиялық көмек кезеңін іске асыру бойынша медициналық ұйым басшысының бұйрығымен құрылатын наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйым қызметкерлерінің арнайы тобы (наркология бойынша тақырыптық жетілдіруі бар психиатр - дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, оңалту бойынша нұсқаушылар – тәуелділік бойынша консультанттар); 11. Амбулаториялық емдеу және оңалту кезеңінде жұмыс істейтін бөлімдер (бөлімшелер): 1) жалпы диспансерлік наркологиялық бөлімше; 2) балалар диспансерлік наркологиялық бөлімшесі; 3) учаскелік дәрігер-наркологтың кабинеті; 4) балалар дәрігер-наркологының кабинеті; 5) ПБЗ тәуелді тұлғаларды жасырын емдеу кабинеті; 6) диспансерлік наркологиялық бөлімше жанындағы психотерапиялық кабинет; 7) диспансерлік наркологиялық бөлімше жанындағы психолог кабинеті; 8) диспансерлік наркологиялық бөлімше жанындағы әлеуметтік қызметкер не әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман кабинеті; 9) алкогольмен және есірткімен мастануды сараптау кабинеті; 10) сот - наркологиялық сараптама кабинеті; 11) диспансерлік наркологиялық бөлімше жанындағы ем-шара кабинеті; 12) клиникалық - биохимиялық зертхана; 13) нейрофизиологиялық зертхана; 14) патопсихологиялық диагностика зертханасы; 15) диспансерлік наркологиялық бөлімше жанындағы күндізгі стационар; 16) физиотерапия бөлімшесі; 17) ПБЗ-ға тәуелді тұлғаларды амбулаториялық емдеу және оңалту кезеңін іске асыру бойынша ақпаратты жинау, сақтаудың техникалық мүмкіндіктерімен диспансерлік бөлімше жанында тіркеу; 18) аудандық емхана жанында жұмыс істейтін наркологиялық кабинет; 19) амбулаториялық наркологиялық көмек көрсететін наркологиялық кабинет (орталық); 20) ПБЗ тәуелді тұлғаларға және тәуелдес тұлғаларға бейінді психотерапиялық көмек көрсететін психотерапиялық кабинет (орталық); 21) ПБЗ тәуелді тұлғаларға және тәуелдес тұлғаларға бейінді консультациялық - психологиялық көмек көрсететін психологиялық консультация беру кабинеті (орталығы). 12. Стационарлық емдеу және оңалту кезеңінде жұмыс істейтін бөлімдер (бөлімшелер): 1) қабылдау бөлімшесі; 2) қарқынды терапия бөлімшесі (палаталар); 3) реанимация бөлімшесі (палаталар); 4) жіті және жіті асты абстинентті жағдайларды дәрі-дәрмектік түзету, ПБЗ тәуелді тұлғаларды уәждемелік терапия жүргізуге бағдарланған стационарлық наркологиялық бөлімше (ересектер); 5) балаларға арналған наркологиялық бөлімше; 6) МӘО II кезеңін іске асыруға бағдарланған психотерапия және оңалту (ересектер) бөлімшесі; 7) МӘО III кезеңін іске асыруға бағдарланған әлеуметтік оңалту (ересектер) бөлімшесі (орталық); 8) балаларға арналған психотерапия және әлеуметтік оңалту бөлімшесі (орталығы); 9) ПБЗ тәуелді тұлғаларды мәжбүрлеп емдеу бөлімшесі (ерлерге, әйелдерге арналған); 10) психиатриялық аурухана жанындағы наркологиялық бөлімше; 11) көп бейінді аурухана жанындағы наркологиялық бөлімше; 12) туберкулезге қарсы диспансер жанындағы наркологиялық бөлімше; 13) клиникалық-биохимиялық зертхана; 14) нейрофизиологиялық зертхана; 15) бактериологиялық және вирусологиялық зертхана; 16) функционалдық және сәулелік диагностика бөлімшесі (кабинет); 17) физиотерапия бөлімшесі (кабинет); 18) жарақтандырылған дәріханалық қоймасы бар дәріхана. 13. Рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңінде жұмыс істейтін бөлемдер (бөлімшелер) және наркологиялық қызметтің арнайы топтары: 1) облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерлерінің диспансерлік бөлімшесі; 2) балаларға арналған диспансерлік наркологиялық бөлімше (не диспансерлік наркологиялық бөлімше құрамындағы мамандандырылған балаларға арналған наркологиялық кабинет); 3) рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңін іске асыру жөніндегі бекітілген функциялары бар стационарлық наркологиялық бөлімше; 4) рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңін іске асыру жөніндегі бекітілген функциялары бар балаларға арналған стационарлық наркологиялық бөлімше; 5) диспансерден тыс наркологиялық көмек құрылымында рецидивке қарсы және қолдаушы терапия функциялары бар арнайы наркологиялық кабинет; 6) жасырын емдеудің наркологиялық кабинеті; 7) аудандық емхана жанындағы наркологиялық кабинет; 8) психотерапиялық кабинет (орталық); 9) консультациялық-психологиялық кабинет (орталық); 10) клиникалық-биохимиялық зертхана; 11) бактериологиялық және вирусологиялық зертхана; 12) нейрофизиологиялық зертхана; 13) ПБЗ-ға тәуелді тұлғаларға рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңдерін іске асыру бойынша наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде құрылатын диспансерлік наркологиялық бөлімшенің арнайы тобы (наркология мәселелері бойынша біліктілігін арттырған «психиатрия», «наркология» мамандығы бойынша дәрігерлер, және (немесе) психотерапия мәселелері бойынша біліктілігін арттырған «психиатрия», «наркология» мамандығы бойынша дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және әлеуметтік жұмыс бойынша мамандар); 14) ПБЗ-ға тәуелді тұлғаларға рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңдерін іске асыру бойынша наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде құрылатын стационарлық бөлімше мамандарының арнайы тобы (наркология мәселелері бойынша біліктілігін арттырған «психиатрия», «наркология» мамандығы бойынша дәрігерлер және (немесе) психотерапия мәселелері бойынша біліктілігін арттырған «психиатрия», «наркология» мамандығы бойынша дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және әлеуметтік жұмыс бойынша мамандар). 14. Наркологиялық көмек көрсету кезеңдерін ақпараттық, басқарушылық және ресурстық қамтамасыз ету мынадай бөлімдерге (бөлімшелерге) және наркологиялық қызметтің арнайы топтарына жүктеледі: 1) наркологиялық жағдайды мониторингілеудің басқару топтарымен және кезеңдерде наркологиялық көмекті жоспарлаумен наркологиялық көмекті көрсету кезеңдерін іске асыру туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдауға арналған компьютерлік орталығы бар ұйымдастыру-әдістемелік бөлім (кабинет); 2) наркологиялық көмек көрсету кезеңдерін ресурсты қамтамасыз ету функциялары бар наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымның әкімшілік, шаруашылық және экономикалық блоктары; 3) облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің жанындағы жұмыс істейтін және наркологиялық көмек кезеңдерінде қызметтің стратегиялық және шұғыл жоспарлау функцияларын жүзеге асыратын медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде құрылатын наркологиялық көмекті жоспарлаудың арнайы тобы; 4) облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің құрылымында жұмыс істейтін және бейінді ғылыми орталықтармен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде құрылатын инновациялық енгізу жөніндегі арнайы топ; 5) наркологиялық көмек кезеңдерінде көрсетілетін көмектің сапасына бақылауды жүзеге асыратын медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде құрылатын наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымның ішкі аудит және сапаны бақылау жөніндегі комиссиясы. 15. Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсетудің ұсынылатын кезеңдерінің сапасы осы Стандартқа 1-5-қосымшаларға сәйкес наркологиялық көмектің кезеңдерін ұйымдастыру стандартын іске асыру кезінде қол жеткізілетін индикаторлар бойынша наркологиялық көмектің тиімділігіне мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылады. 2.1.18. Наркологиялық ауруларды тексеру тәсілдері және диагностикалау тәсілдері. Наркологиялық көмектің құрылымы. Экспертизалардың түрлері. Наркологияда науқастарды анықтау және диагностикалау өзіндік ерекшелігі бар. Кей кезде едәуір қиындық туғызады, себебі: Науқас маскүнемдігін жасырады Өз маскүнемдігіне бей жай қарап, зияндығын түсінбейді. Маскүнемдік диагнозын тек сертификацияланған маман қоя алады (нарколог немесе психиатр). Наркологияда диагностика негізделеді: Абстинентті синдром белгілеріне Ішімдікке тәуелділік пен оны ұзақ қабылдауды анықтау Соматикалық, неврологиялық, вегетативті, психикалық бұзылыстарды анықтау Абстинентті синдром белгілері Тершеңдік Бет, кеуде, білезік гиперемиясы Тремор және қозғалыс тепе-теңдігінің бұзылысы Артериальды гипертензия мен тахикардия Мазасыздық, ұйқысыздық, ұйықтататын дәрілер беруін сұрау Госпитализациядан кейін 1-3 күнде өткір психоз Госпитализациядан кейін 1-3 күнде эпилеитикалық талмалар Ішімдікке тәуелділік пен оны ұзақ қабылдауды анықтау: Ішімдіктен ұзақ уақыт толықтай бас тарту Ішімдікке жоғары толеранттылық Белгіленген уақытта науқастың сау болу-болмауын анамнезінде белгілеу Жұмыс орнын жиі ауыстыру, ұзақ уақыт жұмыссыз жүру Отбасының болмауы немесе отбасы ішіндегі татулықтың болмауы Мас кезінде жасаған құқық бұзушылық Отбасы мен әлеуметтік жағдайына тигізетін кері әсеріне қарамастан ұзақ уақыт бойы ішімдік ішу Лабораториялық көрсеткіштеріндегі бейспецификалық өзгерістер (АСТ, ЖТЛП, ІгА, зәр қышқылы, т.б) Соматикалық, неврологиялық, вегетативті, психикалық бұзылыстарды анықтау: Полинейропатия Атаксия Энцефалопатия Гепато(сплено)мегалия Панкреатит Гигантты паротит (хомяк беті) Анамнез жинау кезіндеішімдікке тәуелділіктің жанама белгілерін анықтауға болады. Олар ішімдікті қанша уақыт қабылдамағанына мән береді: «демалыс бойы ішкен жоқпын», «наурыз айынан мамырға дейін» ішкен жоқпын дейді, ал ішкілікке салынбаған адамдар соңғы рет қашан ішкендерін естерінде сақтамайды. Ал науқасқа «Ішімдік ішесіз бе» деп емес, «Ішімдікке деген көзқарасыңыз қандай», «қандай ішімдіктер ұнайды» деген сұрақтар қою керек. Ішкілікке салынған адамдардың көздері жайнап, қызығушылықпен талқылайды. Наркологиялық стационар 1. Өз еркімен келгендер бөлмесі: маскүнемдер – 25 күн нашақорлар – 30 күн емделеді. 2. Мәжбүрлік жағдайда түскендер бөлмесі 6 айдан 2 жылға дейін ем алады 3. Экспертиза кабинет 4. Зертханалық кабинет 5. Стоматолог кабинетінен тұрады  Наркологиялық стационарға госпитализациялау көрсеткіштері: Үйде өздігінен ішімдіктен (запой) шығара алмау. Медициналық препараттар арқылы токсиндерді стационарда шығару. Эпилептикалық талмалар немесе масаю психозы болса Ауыр абстиненттік синдромда Науқас өзі қаласа

Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 334; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!