Зерттеу хаттамасына мысал келтірейік. 11 страница



Б) Түс және шрифт агнозиясы

В) Аушақтық агнозия.

Гнозисті сөйлеу қабілетінің бұзылуымен де ұштастыруға тырысты (К.Гольтштейн, А.Р.Лурия,Е.П.Кок). Агнозия синдромының кері әсері жағынан сұрақтарда қойылады (Лурия, Кок, Миллер) агнозияның ми ширты бөлігімен байланысты екедігі де айтылды. Агнозия тарихымен механизімін Лурия тереңірек зерттеген.

Психикалық ауытқуы бар аурулардың агнозиясына тоқталсақ, агнозиямен ауыратындар қабылдау объектісінің біресе 1, біресе 1 призніктерін синтезсіз айта бастаған: төбесінде қалпағы. Астында таяғы - бірақ не екенін білмеймін: келесі бір ауру кілтті дөңгелек стржені ретінде қарастырады. Ауру затты нақты түсіндірген мен оны атай алмайды. Бұл дәйектерді Кок, Камской, Соркин өз зерттеулерінде дәлелденген, ең алдымен аурудың қабылдау (көру) қабілеті бұзылғандығы туралы сұрақ туады (Гольштейн айтқан Ш деген ауру ол фигураларды көзьен көріп дөңгелекпен үшбұрышты ажырата алмайтын еді, ол тек қол немесе басымен айналдыру арқылы таныған).

Біздің аурулардың агностикалық құбылыстары басқаша болған. Олар форманы, конфигурацияны тахископия жариялағанда таныған. Олар затты танымай оны айталатын болған. Мысалы: тахископ ауру оған суқұйғышты көрсеткенде ол бочкаға ұқсаған ыдыс одан ұзын тал шыққан, басында дөңгелегі бар деп айтқан, немесе келесі бір науқас (ауру тарақты көрсеткенде гаризанталды сызық одан төмен қарай кішкентай жіңішке таяқшалар деп атайды. Кейде аурулар затты білмей оның суретін салатын болады).

Мысал ретінде Биренбау (1935ж.)қарастырған В. деген адамның ауруы.

43 жаста мамандығы бойынша библиограф. Диагнозы: эпидемиялық энцефалит (доктор Кагановтың ауру тарихынан).

1932 ж. ауырған, бір апатаға созылған ұйқышылдық оның соңы ұйқысыздыққа алып келді. Сілекейі аға бастаған, сол жақ иығы аурып t көтерілген. Галлюцинация пайда болған. Вентилятордың айналасында тышқандар жүгігіп жүрген, фигуралар полда секірген, билеп жүрген адамдар айналған. Осындай құ ылыспен аурулар (науқастар) Боткинск ауруханасына түскен.

Бірнеше уақыттан кейін ауру есін жоғалта бастайды, өз палатасын, төсек орнын табалмай қалады. 1933ж. ВИЭМ психиаторлық клиникасына ауыстырылды.

Біздің зерттеуімізге дейін науқастың психикалық статусы өзгереді. Науқас есі дұрыс кезінде айналасына бейімделген. Даусы жіңішке. Басының ауырғанынан көп жата береді. Анамнестикалық ақпаратты зорға дегенде береді. Сұраққа қатысы жоқ толдық түсініктемелер бере бастайды. Аз оқиды – науқастың айтуы бойынша - өзінің тірі өлмесі жоқ. Сыртан ақ көңіл, эмоцианалды. Бұл жағдай тез ашушаң, тітіркеншек, шарт-сұрт болуын тез алмасады екен. Бұрыңғы сүйген тірлігіне әуетігі жоғалады. Әдебиет оқу, жұмысқа деген құштарлық, адамдармен араласуы күрт өзгереді, ол бір типті кішкентай ортада шарасыз өмір сүреді.

Бұл жерде эмоцианалды бірыңғайлық науқастың жаңылуына қызығушылық тудырады.

Тәжірибелі – психологиялық зерттеу науқастың ойлау қызметінің қандай да бір ауытқуын көрсетпейді. Науқас инструкцияны дұрыс меңгерген, оқылған мәтіннің түсінігін айтып берген, мақалдың мәнін түсінген. Тәжірибелік жағдайда байқалған оның белсенсіздігі және қызығушылығыныңжоқтығы. Сонымен қатар патопсихология затты таңдаудағы ауытқуларды байқайды. Науқас көрсеткен заттың 40% танымаған. Суреттегі қозықұйрықты шөп үстіндегі – кристалл деп атады. Суретті бірден емес әр бір деталын айтқаннан кейін таныды. Көру қабілеті туралы пал ашу секілді: бұл не болуы мүмкін – плита, кір жуғыш па? Смертница картинасын көрсеткенде науқас бұл неқылған әйел ол не ойлап отыр? Ол неде отыр? Бұл неғылған көлеңке? – деді.

Зерттеудің хаттамасына бірнеше мысал келтірейік. В. деген – науқастың тәжірибелік психологиялық зерттеу сипаттамасы.

 

Көрсетілген сурет Науқастың атауы (айтуы)
Тіс щеткасы Тіс жуатын щетке. Бұл не? Сары таяқша, мүкін бахрама.
Пионер барабаны Таяғы бар құмыра. Тәжірибеші: мүмкін басқа нәрсе шығар? Науқас: кастрюльге салатын бөлке ал таяқшаны (крентел) деді. Бұл қалпаққада келеді. Бұл не?
Кнопка Ішінде үшбұрыш, мүмкін проплаз малы жасуша.
Үкі Үкі
Кітап Бисерлі жазуы бар кітап.
Кеуірт Жанатын свеча, бұл мүмкін елес, бұл лампа ішіндегі кристалл болуы мүмкін емес.
Екі барабан Тура алғашқыдай бірақ екеу; бірі таныс екіншісі таныс емес. Тәжірибеші: кішкентайлардың ойыншығы. Науқас: мүмкін столға арналған гупка шығар?
Жазуға арналған үкі, қалам, кистичка Факил, театрдағы тағы да немесе ұзын қыл қалам үкісімен бұл түсінікті свеча, кистичка.
Пионер трубасы   Музыка құрал, флейта немесе труба әсімдік, формасы бойынша сәбіз құйрығы бойынша білмеймін.
Ұшақ Бұл стрелка (ұшақтың құйрығын көрсетеді). Бұл балкон, б\ірақ неліктен бұл жерде екі Аяқ және стрепка бар.

 

Науқас тіиті дұрыс айтқанның өзінде өз жауабына сенімді болу үшін қосалқы көмек іздер еді. Ол сенімсіз әрі күмәнмен жауап береді. Науқас кітапты бірден таныды бірақ күмәнданды: не кітап бір төрт бұрышты зат па?

Төрт бұрыштың шеңгелі жоқ және мұнда бірденелер жазылған. Ия бұл кітап.

Бұдан көру қабілеті бұзылуы бар науқас геометриялық формаларды танып суретті құрылыс заңдылығымен толықтырды. Науқас суреттегі затты білмей оның формасын суреттеді. Мысалы: барабан, шкафтың суретін білмеген, ал олардың нақты формасын дәл айтты. Зерттеу барысында анықталған науқас заттарды таныған, бірақ олардың моделін білуде қиналған (жалқаулықтан). Мысалы, ұшақты, итті, жиһазды оңайлықпен танымаған. Науқас заттарды жақсы таныған, моделдерді онша танымаған, оданда нашары – суреттегі заттар. Науқас үшін ең қиыны схема түрде салынған, контур түрде келтірілген көріністер болған. Бұны жақсылап тексеру үшін тағы бір тәжирибе сериясын жүргізеді. Науқас бір затты әр түрлі көріністе көрсетеді: а) пунктерді контурда, б) қара силуэт терінде, в) немесе нақты құрал-саймандармен пресс – палвінің қасында ручка, сия салынған. Бұл тәжірибе біздің атымызд дәлелдеді. Науқас пунктерді көріністі тіпті танымады силуетті әсте-әсте таныды, жақсы танығаны нақты көріністер болды.

 

Зерттеу хаттамасына мысал келтірейік.

 

Сурет ұсынылған Науқастың түсініктемесі
Иеляпа (пунктерлі көрініс) Мен не екенін өзім білмеймін жүзікке ұқсайды. Бұндай кең тас болуы мүмкін емес.
Иеляпа (қара силуэт) Қозықұйрық емес па? Мүмкін иеляпаға ұқсас бірақ неліктн сызық бар.
Иеляпа (түрлі-түсті нақты көрініс) Бұл иеляпаға ұқсайды.
Пресс – полье (пункт) Білмеймін, бір нүкте бұл не?
Пресс – полье (силуэт) Бұл түсініксіз зат
Қайтадан иеляпа (контур) көрсетеді Бұл иеляпа емес, мүмкін шпнемен иеляпа
Пресс – полье (контур) Бұл пресс – полье

 

Сонымен тәжірибе танымдылық сатысының әр түрлілігін көрсетті, ең соңғысы объектінің нақтылығын айтқанда жақсарған. Науқас суреттің құрылысын біле тұра оны бір қандайда затқа жатқыза алмады. Бұған дәлел оған сұраулы сөйлем қоюында.

А.Р.Лурия көрсеткендей «көру процесінің қорытындысын қабылдап (көріп) жатқан заьтты табуға айналған. науқас көзбен суретті қабылдай алмаған».

Оған дәләл: суреттегі көрінісін көрген науқас силуэтте көріністі танымаған. Боялған суреттен қайшыны таныған науқастан тәжірибеші сұрайды: мен сізге алдын бұл затты көрсеттім бе? – деп. Науқас ойланып таңқалған кейіпте «жоқ мен бұны бірінші рет көріп тұрмын деді; а сіз мен көрсеткен аяқшалар деп ойлап жатқан шығарсыз? Жоқ бұл қайшы емес (науқас оны ойымен салады) бұл не болуы мүмкін? мен білмеймін». Оған келесіг өтуге мүмкіндік туса да онда сенімсіздік тұрады. Боялған иеляпаны таныған ол контурға қарап. Не бұл да иеляпа деді. Тәжірибешінің жауабынан: бұл неғылған сұрақ деп көлеңкесінен көрсетеді. Кейінгі тәжірибеде оған осы суретті көрсеткенде, науқас сіз өткенде иеляпа дегенсіз деді.

Келтірілген көрсеткіштер бойынша қабылдау (көру) қабілеті бұзылуы адамның қамтылу функциясы мен шарттылығына байланысты. Егер тәжірибеші нақты затты көрсетуді ұсынса (иеляпа немесе қайшы қайда екеін көрсетіңіз, науқас дұрыс таныған). Сонымен объектіні нақты ортаға салу тануға көмектескен. Ал заттың атауы азрақ көмектескен. Сондықтан бұндай аурулар дементтік ауруларда нақты байқалған. Галлюцинация (елес). Көңікүйдің бұзылуынан көбіне галлюцинация байқалады.

Психиатрияда галлюцинацияны өтірік көру дейді. Науқас жоқ заттарды көріп, ешкім айтпаған дыбыстады естиді, жоқ иістерді сезеді.

Галлюцинация әртүрлі моделде болуы мүмкін. Е.Эскироль галлюцинацияны – адамның бірдеңені сезетіні жайында сенімді болады, бірақол сыртқы әлемде болмаған жағдай. В.А.Гилеровск Эскирольдың бұл анықтамасы галлюцинация ешқандай қоздырғышсыз болады деген клинитарлық түсінікке негізделеді. Қоздырғыштың бар болуы немесе жоқтығы сезімнің алдануын галлюцинацияға жатқызады. Галлюцинацияның мағынасы әртүрлі: олар неитралды болуы мүмкін, науқас оған жай ғана әсер етеді. Галлюцинация императивті болуы мүмкін: науқасқа бір үн бірдеңені істе деп бұйрық береді. Мысалы бір науқас үн (дауыс) киімдерді жандыр деп бұйрық берген, екінші бір науқасқа ақшаларды таста деген; дауыстар өте қорқынышты болады: олар тіпті өлтір деген бұйрық береді. Дауыстың әсерінен науқастар не бұйрық етілсе соны орындаған (киімдерді жаққан, ақшаларды лақтырып тастаған).

Науқастар галлюцинациялық бейнеге шынайы қараған. Науқастардың іс-әрекеті жалған көрумен байқалған: көбіне науқастар галлюцинация екенін жоққа шығарады бірақ олардың іс-әрекеті білдіріп қояды. Дәрігермен сөйлесіп отырған науқас бірден дауысқа жауап береді. Кедергі келтірме, көрмей тұрсынба мен бос емеспін дейді. Кейбіреулері қолында жүрген тышқандарды қуа бастайды. Иісті сезу галлюцинациямен ауырғанда науқас тамақ ішуден бас тартады: бензин, керосин сасып тұр деп.

Науқас галлюцинациялық бейнені шынайы бейнеден ажырата алмайды. Ол бұл бейне оң жақта тұр «машина терезе алдында тұр» деп айтды. Галлюцинацияық бейне сезіммен боялған: науқас дауыс тембрін еркек немесе әйел екенін ажырата алады, ашық, тұйық түстер, үлкен немесе кішкента жануарларды көреді. Бұл ашық сезімталдық галлюцинациялық бейне мен шынайы өмірдегі зат бейнесін біріктіріп адастырады. Галлюцинациялық қалыпқа адамдар өз еркімен келмейді және өз еркімен кете алмайды ол тылсым бір күш.

Галлюцинациялық бейне өзін басқарудың жоқтығынан туады. Науқасты галлюцинациялық бейненің жоқ екендігіне сендіріп болмайды. Науқас дәрігерге сіз қалайша көрмей тұрсыз оң жақ бұрышта құлақтары тікірейіп ит тұр ғой деп сенімді айтады және сіз қалайша естімей тұрсыз маған бір темекі шегетін еркектің даусы (қолынды көтер) деп айтып жатыр ғой дейді. Галлюцинациянтты сендіру қиын ол тек жалпы жағдай түзелгенде ғана жақсарады.

Галлюцинация жайында өз еліміздің және шетел психологтары көптеген еңбек жазған. Бірақ бұл жұмыстардың бәрінде Ю.Ф.Поляков айтқандай психикалық қызметтің соңғы қорытындысының нәтижесі жазылған; ол бұл өнімді шығаратын процесс жайында ештене айтылаған қарастырылмаған.

Психологтарды қатты қызықтыратыны сезімнің алдануы. Қандай да бір сыртқы объектісі болмаған заттың бейнесі елестеуі мүмкін бе? Психологиялық және әдістемелік маңызы бар қиындыққа С.Я.Рубенейтиннің тәжірибелік зерттеуге арналған, оған төменде толығымен тоқталамыз.

Галлюцинация механизмі жайында сұрақтар қайта-қайта қойылады. Кейбір авторлар галлюцинацияны рецепторлардың бұзылуы салдарынан туатын өнім дейді; кейбірі ОШШ бұзылуы салдарынан галлюцинация туады деді; ал кейбір көрініс инденсификацииясынан галлюцинация механизімін көрді. Ең соңғысына жақын болған Е.А.Попавтың концепциясы, ал галлюцинацияның тежегіштік теориясын ұсынған.

Бұл теорияға И.М:Павловтың галлюцинация гипнозтикалық парадоксальды фаза туады деуі негіз болды. Шынында да науқасты тенгистік жағдайдың бар болуын кеменикалық фактілер дәлелдейді. Анық болғаны галлюцинациялық бейне ұйқыға кеткенде, оянғанда күшие түседі екен, бір жағынан кофейн, фенамин дәрілері галлюцинацияны әлсіздендіреді. Сонымен қатар егер бром қабылдаса галлюцинациялық қабілетті пройесті күшейтеді.

Парадоксальды фаза барысында әлсіз қоздырғыштар күшейгендіктен Паповтың ойынша елес шынайы зат болып көрінеді.

Бірақ Рубенштейн байқағандай галлойдтық фразаны күшейту ешқандай нәтиже бермейді. Өйткені рефлекторлы процестен тыс мынандай көрініс болуы мүмкін емес. Диалектикаматериалдық теория психикалық қызметті шындықтың көрінісі ретінде қарастырады. Адамның сансыз қызмет формасы түрлі шынайы қоздырғыштардың салдарынан болатының автор анық көрсеткен галлюцинациялық объект арасындағы байланысты түзу мүмкін болмағандықтан оның жоқтығын дәлелдейді. Рубенштейннің айтуы бойынша объекті мен көрініс арасында қиын бір байланыс бар, бірақ әрбір психикалық актінің алғашқы салдары сыртқы қоздырғыштардан болады, оған анализатор қызметінің бұзылуына кіреді. өз гипотезасын дәлелдеу үшін Рубенштейн келесі әдісті қарастырады. Науқастарға магниттік лентасында жазылған (су дыбысы, қағаз үні) ұсынылды.

Сау адамдар оны тез ажырата білді бірақ науқас немесе бұрын галлюцинациямен ауырған ажырата алмайды. Бірақ науқас қағаздың шықырлағаның естігенде, сен жамансың деген дыбысты естігенің Рубенштейн жазады. Кейбіреуі жазылған дыбыс естиді: бұрын теңізші болған науқас теңіздің үнін естиді. Науқастардың іс-әрекеті қимылы үнді өтірік қабылдауда жауапты болады. Қорыта келе Рубенштейн галлюцинацияның қалыптасуына дыбысты дұрыс таңдай алмағандықтан, танымағандықтан фотогенетикалық деңгейде тұратынын айтады.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 389; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!