Рецепт на настойку пустырника 5 страница



«Зат-рецептор» байланысының беріктігі бойынша қ а й т ы м д ы (көпшілік заттарға тән) және қайтымсыз (әдетте, ковалентті байланыс жағдайында) деп бөлінеді.

Егер зат белгілі бір жерде орналасқан, тек қызметі жағынан бірдей рецепторлармен өзара байланысып және басқа рецепторларға ықпал етпейтін болса, онда заттың осындай әсерін таңдамалы деп есептейді.Осылайша, кураре тәрізді кейбір заттар қаңқалық бұлшық еттердің босаңсуын шақыра отырып, соңғы пластинкалардағы холинорецепторларды айтарлықтай таңдамалы тежейді. Миопаралитикалық әсер көрсететін молшерде олардың баска рецепторларға ыкпалы аз.

Таңдамалы әсердің негізі, заттың рецепторға туыстығы (аффинитет) болып табылады. Бұл белгілі бір функционалдық топтастардың бар болуымен, сонымен қатар заттың жалпы құрылымдық кұрылысымен, берілген рецептормен езара әсерлесу үшін бірдейлігінің (адекватгы), көптігімен, яғни олардың комплементарлығымен байланысты. «Таңдамалы әсер ету» терминін, толық дәлелмен «а й р ы к ш а ә с е р е т у» терминімен жиірек ауыстырады, себебі заттың абсалютті таңдамалы әсер етуі мүлдем болмайды.

Мембрананың сыртқы бетінен сигналды ішке беретін, заттың мембраналық рецепторлармен өзара әсерлесуін бағалай отырып, рецепторды эффектормен байланыстыратын аралық бөлімдерді де ескерген жөн. G-белоктары1, ферменттер тобы (аденилатциклаза, гуанилатциклаза, фосфолипаза С) және екіншілік таратқыштар (цАМФ, цГМФ, ИФ3, ДАГ, СА2+) бұл жүйелердің маңызды компоненттері болып табылады. Екіншілік таратқыштар түзілуінің жоғарылауы, маңызды реттеуші белоктардың жасуша ішінде фосфорлануын және әртүрлі әсерлердің дамуын қамтамасыз ететін протеинкиназаның белсенденуіне әкеледі.

Бұл күрделі каскадтың бөлімдерінің көпшілігі фармакологиялық заттардың әсер етуші нүктесі болуы мүмкін. Бірақ, осындай мысалдар қазірше  өте шектеулі. G - белоктарына сәйкес, олармен байланысатын тек токсиндер ғана белгілі. GS - белоктарымен тырысқақ (холера) вибрионының токсині, ал Gi - белогымен — көк жөтел таяқшаларының токсиндері өзара байланысады.

Екіншілік таратқыштардың биосинтезінің реттелуіне қатысатын ферменттерге тікелей әсер көрсететін жекелеген заттар бар. Эксперименттік зерттеулерде қолданылатын, өсімдік тектес форсколин дитерпені аденилатциклазаны ынталандырады (тікелей әсер). Фосфодиэстеразаны метилксантиндер тежейді. Екі жағдайда да жасуша ішінде цАМФ-тің концентрациясы жоғарылайды.

Заттардың әсер етуі үшін маңызды «нысаналардың» бірі иондық каналдар болып табылады. Бұл саладағы процесс (үдеуі) көп дәрежеде жекелеген иондық каналдардың қызметін тіркейтін әдістердің жасалуына байланысты. Бұл тек иондық үрдістердің кинетикасын оқуға бағытталған негізгі зерггеулерді ынталандырып қоймай, сондай-ақ иондық ағымдарды реттейтін жаңа дәрілік заттардың жарыққа шығуына әкелді.

50-шы жылдардың аяғында, жергілікті анестетиктердің потенциал тәуелді Na+ -каналдарын тежейтіні анықталған болатын. Nа+ -каналдарын тежейтіндердің қатарына және аритмияға қарсы көптеген заттар да жатады. Сонымен қатар, потенциал тәуелді Nа+ -каналдарын тежейтін, эпилепсияға қарсы бірқатар заттар (дифенин, карбамазепин) көрсетілген болатын, сірә, олардың тырысуға қарсы белсенділігі осымен байланысты болуы керек.

Соңғы 30 жыл ішінде, потенциал тәуелді Са2+ -каналдары арқылы жасуша ішіне Са2+ иондарының кіруін бұзатын, Са2+ -каналының тежегіштеріне зор назар аударылуда. Бұл топтың заттарына кызығушылықтың жоғарылауы, Са2+ иондарының көптеген физиологиялық үрдістерге көп дәрежеде қатысуына байланысты: бұлшық еттің жиырылуына, жасушаның секреторлық белсенділігіне, жүйке-бұлшық еттік берілуге, тромбоциттердің қызметіне және т.б.

Бұл топтың көптеген препараттарын стенокардия, жүрек аритмиясы, артериялық гипертензия сияқты өте тараған ауруларды емдеуде қолданғанда аса тиімді болып шықты. Верапамил, дилтиазем, фенигидин сияқты препараттар және көптеген басқалар кеңінен танылды.

Са2+ -каналының активаторларына да назар аударылуда, мысалы дигидропиридин туындыларына. Бұлар кардиотоникалық және вазоконстрикторлык заттар, гормондардың және медиаторлардың босап шығуын ынталандыратындар, сонымен катар ОЖЖ-сін ытнталандыратын заттар ретінде қолданылуы мүмкін. Қазірше медицинада қолдануға арналған мұндай препараттар жоқ, бірақ болашақта ондай препараттарды алу әбден іске асады.

Жүрекке, әрбір айматағы тамырларға (ми, жүрек және басқалар), ОЖЖ-не айрықша әсер ететін Са2+ -каналының тежегіштерін және активаторларын іздестіруде ерекше қызығушылық туындайды. Бұларға белгілі бір алғы шарттар бар, себебі Са2+ -каналдары гетерогенді (әр текті).

Соңғы жылдары К+ -каналының қызметін реттейтін заттарға аса назар аударылуда. Калий каналдарының, өзінің функционалдық сипатамасы бойынша өте әртүрлі болатындығы көрсетілген. Бір жағынан бұл фармакологиялық зерттеуді айтарлықтай қиындатады, ал екінші жағынан -таңдамалы әсер ететін заттарды іздеу үшін алдын ала іске асырады. Калий каналының активаторлары да және блокаторлары да белгілі.

Калий каналының активаторлары олардың ашылуына және жасушадағы калий иондарының шығуына әкеледі. Егер бұл тегіс салалы еттерде жүретін болса, онда мембрананың гиперполяризациясы дамиды және бұлшық еттің тонусы төмендейді. Гипотензивтік зат ретінде қолданылатын миноксидил және диазоксид осы механизмге сәйкес әсер етеді.

Потенциал тәуелді калий каналының блокаторлары, аритмияға қарсы зат ретінде қызығушылық туындатуда. Калий каналдарына тежегіш әсері, сірә амиодаронда, орнидте, соталолда бар болса керек.

Ұйкы безінде АТФ-тәуелді калий каналдарының блокаторлары инсулиннің секрециясын жоғарылатады. Осы принцип бойынша сульфанилмочевина тобының диабетке қарсы заттары (хлорпропамид, бутамид және басқалар) әсер етеді.

Осылай, аминопиридиндердің ОЖЖ-не және жүйке-бұлшық еттік берілуіне ынталандырғыш қасиетін олардың калий каналдарына тежегіш әсерлерімен байланыстырады.

Сонымен, әртүрлі дәрілік заттардың әсері негізіне олардың иондық каналдарға ықпал етуі жатады.

Заттардың әсер етуі үшін негізгі «нысанасы» ферменттер болып табылады. Екіншілік таратқыштардың (мысалы, цАМФ) түзілуін реттейтін, ферменттерге әсер ету мумкіндігі бұрынырақ айтылған. Қабынуға қарсы стероидты емес заттардың әсер ету механизмі, циклооксигеназаны тежеуімен және простагландиндердің биосинтезін төмендетумен байланыстылығы анықталған. Гипотензивтік зат ретінде ангиотензинге айналдырушы ферментгің тежегіштері (каптоприл және басқалар) пайдаланылады. Ацетилхолинэстераза ферментін тежейтін және ацетилхолинді тұрақтандыратын холинэстеразаға қарсы заттар жақсы белгілі.

Бластомаға қарсы зат - метотрексат (фолий қышқылының антагонисті) дигидрофолатредуктазаны тежейді, пуриндік нуклеотид - тимидилаттың синтезіне қажетті тетрагидрофолаттың түзілуіне кедергі келтіреді.

Ұшыққа қарсы ацикловир препараты, ацикловир-үшфосфатқа айналып, вирустық ДНҚ-полимеразаны тежейді.

Дәрілік заттардың әсері үшін тағы бір болуы мүмкін «нысана» - бұл полярлы молекулаларға, иондарға, ұсақ гидрофилді молекулаларға арналған тасымалдаушы жүйелер. Оларға заттарды жасуша мембранасы арқылы алып өтетін, тасымалдаушы деп аталатын белоктар жатады. Олардың эндогендік  заттар үшін танитын бөлімдері бар,  олар дәрілік заттармен өзара байланыса алады.  Үшциклдік антидепрессанттар норадреналиннің, нейроналды ұсталуын осылайша тежейді. Резерпин норадреналиннің көпіршікте қорға жиналуын тежейді. Үлкен бір жетістіктердің бірі - асқазанның шырышты кабатындағы протоңдық насостың тежегіші (омепразол және басқалар) алынуы, олар асқазанның және он екі елі ішектің ойық жараларында, сондай-ақ гиперацидтік гастрит кезінде жоғары тиімділік көрсетті.

Қазіргі кезде заттар әсер ету үшін маңызды «нысана» гендер болып есептеледі. Олардың көмегімен гендердің белсенділігін реттеуге болатын, сондай-ақ мутацияның нәтижесінде олардың бұзылған қызметін қалпына келтіру үшін оңды препараттар қажет. Бірак, физиологиялық қызметтердің генетикалық бакылауы жөнінде қажетті мәліметтер болмағандықтан, бұл мақсатқа жету едәуір қиын. Соған қарамастан, бұл зерттеулер моногенді бақыланатын үрдістер үшін, ағза ішінде қажетті өнімдердің синтезін қамтамасыз ететін, белгілі бір пептидтің синтезін күшейте де және төмендете де алатын нуклеотидтердің жасанды ізбасарларын түзу жолы арқылы гендік инженерия әдісін қолдануымен практикада іске асырылады.

Гендік емнің бағыттарының бірі өзінің әсерін транскрипция және трансляция деңгейінде жүзеге асыратын антисенсті деп аталатын олигонуклеотидтердің түзілуіне байланысты. Соңғысы ген-«нысана» орналасқан, нуклеин қышқылының аймағына комплементарлы нуклеотидтердің салыстырмалы түрде қысқа тізбегі (15-20 негізден) болып табылады. Антисенсті нуклеотидтермен өзара әсерлесуі нәтижесінде осы геннің экспрессиясы тежеледі. Әсердің бұл принципі ісік ауруларын және кейбір жұқпалы ауруларды (мысалы, АИТВ-инфекцияны) емдегенде қызығушылық туындатады. Антисенсті олигоиуклеотидтер тобының бірінші препараты -витравен алынған. Оны цитомегаловирустық инфекцияда ретинитті емдеу үшін қолданады.

Сонымен, дәрілік заттардың бағытталған әсер ету мүмкіндіктері сан алуанды.

ФАРМАКОТЕРАПИЯЛЫҚ ӘСЕРДІҢ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖАҒДАЙЛАРЫНА ТӘУЕЛДІЛІГІ

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ, ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Дәрілік заттардың қасиеттері көп дәрежеде, олардың химиялық кұрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына, олардың молекуласының қалыбына және өлшеміне байланысты болады. Зат рецептормен өзара тиімді әсерлесу үшін оның рецептормен тығыз жанасуын көбірек қамтамасыз ететін, дәрілік заттардың құрылымы қажет. Заттың рецептормен жақындасу дәрежесінен молекула аралық байланыстың беріктігі тәуелді болады. Сонымен, иондық байланыс кезінде, 2 әртүрлі аттас зарядтардың электростатикалық тартылыс күштері, олардың арасындағы аралықтардың квадратына кері пропорционалды, ал ван-дер-ваальстік күштер аралықтың 6-7 дәрежесіне кері пропорционалды болатыны белгілі.

Зат рецептормен өзара әсерлесу үшін, олардың әсіресе кеңістікте сәйкес келуі, яғни комплементарлығы өте маңызды. Бұл стереоизомерлер белсенділігінің ерекшеленуімен дәлелденеді. Осылайша, D(+) адреналин артериялық қысымға әсер етуі бойынша L(-) — адреналинге қарағанда белсенділігі жағынан анағұрлым төмен. Бұл қосылыстар молекуланың құрылымдық элементтерінің кеңістікте орналасуымен ерекшеленеді, олардың адренорецепторлармен өзара байланысуына шешуші маңызы бар.

Егер заттың бірнеше функционалды топтастары бар болса, онда олардың арасындағы аралықты ескерген жөн. Осылайша, бис-төртіншілік аммонилік қосылыс (СН3)3N+- (СН2)n- N+(СН3)3 -2Х- қатарындағы  ганглиоблокаторлық әсер үшін n=6, ал жүйке-бұлшық еттік берілуді тежеу үшін n= 10 және 18 оңтайлы (оптималды). Бұл, төртіншілік азот атомының иондық байланысы жүретін н-холинорецепторлардың аниондық кұрылымдары арасындағы белгілі бір аралық жөнінде мәліметтейді. Осындай қосылыстар үшін катиондық орталықтарды «экрандайтын» (жабатын) радикалдардың да, оң зарядталған атом өлшемі және зарядтың концентрациясының, сонымен қатар катиондық топтастарды біріктіретін молекула кұрылысының да үлкен маңызы бар.

Заттың химиялық құрылысы және олардың биологиялық белсенділігі арасындағы тәуелділікті анықтау жаңа препараттарды алуда аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, бірдей типті әсерлі әртүрлі топтың қосылыстары үшін оптималдық(оңтайлы) кұрылысын сәйкес келтіру берілген дәрілік заттар өзара әсерлесетін рецепторлардың құрылысы жөнінде белгілі бір мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Заттар әсерінің көптеген сандық және сапалық сипаттамалары физико-химиялық және физикалы қасиеттеріне, суда, липидтерде ерігштігіне, ұнтақ тәрізді қосылыстар үшін - олардың еру дәрежесіне, ұшқыш заттар үшін -ұшу дәрежесіне де тәуелді болады және т.б. Диссоциациялану дәрежесінің маңызы зор. Мысалы, кұрылымы бойынша екіншілік және үшіншілік аминдерге жататын миорелаксанттар толық иондалған төртіншілік аммонилік қосылыстыларға қарағанда азырақ иондалған және белсенділігі де аздау.

МӨЛШЕРЛЕР ЖӘНЕ КОНЦЕНТРАЦИЯЛАР

Дәрілік заттардың әсері көп дәрежеде, олардың мөлшерімен анықталады. Мөлшерге (концентраиия) байланысты әсеінің даму жыламдығ, оның айқындығы, ұзақығы, кейде сипаты өзгереді. Әдетте мөлшердің(концентрацияның) жоғарылауымен латентті кезеңі азаяды және әерінің айқындығы мен ұзактығы ұлғаяды.

Бір рет қабылдауға арналған дәрінің санын мөлшер деп атайды (әдетте бір реттік мөлшер сияқты белгіленеді). Тек бір рет қабылдауға (рrо dosi) есептелген мөлшер гана емес, сонымен бірге тәуліктік мөлшер (рrо dіе) жөнінде де хабардар болу қажет.

Мөлшерді граммен немесе грам үлесімен белгілейді. Препаратты өте дәл есептеу үшін олардың мөлшерін дененің 1 кг салмағына есептейді (мысалы, мг/кг, мкг/кг). Жекелеген жағдайларда затты мөлшерлегенде, дене беткейінің көлеміне (1м2 -не) сүйенуді жөн көреді.

 

Дәрінің бастапқы биологиялық әсерін тудыратын минималдық мөлшерді табалдырық немесе минималдық әсер етуші деп атайды. Практикалық медицинада орташа емдік мөлшерді бәрінен жиі қолданады, бұл науқастардың басым көпшілігінде препараттардың қажетті фармакотерапиялық әсерін көрсетеді. Егер оларды тағайындаған кезде әсері жеткілікті айқын болмаса, онда мөлшерді жоғарғы емдікке дейін жоғарылатады. Сонымен қатар, заттар ағза үшін кауіпті уытты әсерлер шақыратын у ы т т ы мөлшерге және леталдық мелшерге бөледі.

Кейбір жағдайларда препараттың мөлшері курстық емге көрсетіледі (к у р с т ы қ  м ө л ш е р). Бұл әсіресе микробтарға қарсы химиотерапиялық заттарды қолданғанда маңызды.

Егер ағзада дәрілік заттардың жоғары концентрациясын жылдам түзу қажет болса, онда бірінші мөлшер (с о қ қ ы) соңғылардан жоғары болады.

Ингаляциялық жолмен енгізілетін дәрілер үшін (мысалы, наркозға арналған газ тәрізді және ұшқыш заттар) тыныс алатын ауада олардың концентрациясының негізгі маңызы бар (көлемдік процентпен белгіленеді).

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ҚАЙТАЛАП ҚОЛДАНУ

Дәрілік заттарды қайталап қолданғанда, олардың әсері жоғарылау жағына да және төмендеу жағына да өзгеруі мүмкін.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 547; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!