Рецепт на настойку пустырника 1 страница



Nbsp; БЕКІТЕМІН Директордың оқу – әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары: Жантелиева.Л.О «­­­­­____» «___________» 2017 ж. 7.«ФАРМАКОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША (ТӘЖІРИБЕЛІК, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯ, ) САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР   Мамандығы 0306000 «Фармация» біліктілігі    0306013 «Фармацевт»       Тәжірибелік сабақтар: 3 семестр 36 сағ                                         4 семестр 54 сағ                                         5 семестр 72 сағ                                         6 семестр 36 сағ       Өткізілу ұзақтығы 2 сағ Барлығы 198 сағ     Бақылау формасы: Аралық бақылау экзамен - 3 семестр                                    Қорытынды аттестациялау – 6 семестр     Аты- жөні қызметі қолы Құрастырушы       Сатекова А.Е.  Фармакология  пәнінің оқытушысы   Фармакология  пәнінің тәжірибелік сабақтары «Фармация және медико- техникалық пәндер» бөлімінің әдістемелік цикл комиссиясының отырысында қаралып, мақұлданған. Хаттама № __ «___» ________ 2017 ж.   ЦӘК төрайымы Сатекова.А.Е._____ __________________     2017 жыл 7.1 Тақырып №1 Дәрі-дәрмектердің қатты, жұмсақ және сұйык түрлері. Дәрілік түрлерге рецепт жазу ережелері. 7.2 Мақсаты:Дәрі-дәрмектердің қатты, жұмсақ және сұйык түрлерін, дәрілік түрлерге рецепт жазу ережелерін атап көрсету. 7.3 Оқытудың міндеті - білімгерлерді фармакология пәні бойынша дәрі-дәрмектердің қатты, жұмсақ және сұйык түрлерін, дәрілік түрлерге рецепт жазу ережелерін көрсетіп үйрету. 7.4 Тақырыптың негізгі сұрақтары 1. Дәрі-дәрмектердің қатты түрлері, сипаттамасы. Қатты дәрілік түрлерге рецепт жазу ережелері. 2. Дәрі-дәрмектердің жұмсақ түрлері, сипаттамасы. Жұмсақ дәрілік түрлерге рецепт жазу ережелері. 3. Дәрі-дәрмектердің сұйық түрлері, сипаттамасы. Сұйық дәрілік түрлерге рецепт жазу ережелері. 7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.). - семинар; - аз топтармен жұмыс; - жұмыстың орындалуы; - анализ нәтижелерінің есептелінулері. Ақпараттық-дидактикалық блок. Жұмсақ дәрілік түрлер · Майлар (Unguenta) · Паста (Pastae) · Балауыз (Suppositoria) Майлар (Unguenta) – тұтқыр консистенциялы және сыртқа жағуға арналған жұмсақ дәрілік түр. Майларды әр түрлі дәрілік заттарды түр беруші затпен, яғни вазелин, ланолин сияқты майлы негіздермен араластыру арқылы жасайды. Майлы негіздерге дәрілік заттармен жақсы араласатын, жағылымы жоғары, бірақ дәрілік заттармен химиялық қосылысқа түспейтін, ауа мен жарық сәулесінен қасиетін жоғалтпайтын бейтарап заттар жатады. Рецепт көбінесе қысқаша түрде жазылады. Мысалы: Тетрациклин майының қысқаша және ашық түріндегі жазбасы. Rp.: Ung. Tetracyclini 5% - 10,0 D.S. Жараға жағу үшін, жатар алдында қолдану керек. # Rp.: Tetracyclini 0,5 Vaselini ad 10,0 M.f. unguentum D.S. Жараға жағу үшін, жатар алдында қолдану керек. #  Паста (Pastae) – дайындау кезінде 25%-дан - 60- 65%-ға дейін ұнтақ тәрізді заттардан тұратын, дене температурасында жұмсаратын май қосылған баттас май. Қысқа жазбасы маймен бірдей, ал рецептті ашып жазғанда айырмашылығы болады. Мысалы: Анестезин пастасы, тек ашылған түріндегі жазбасы. Rp.: Anaesthesini 0,5 Amyli Zinci oxidi aa 5,0 Vaselini ad 50,0 M.f.pasta D.S. Жараның үстіне салуға. # Мысалы: Анестезин пастасы, тек қысқаша түріндегі жазбасы. Rp.: Pastae Anaesthesini 5% - 10,0 D.S. Жараның үстіне салуға. # Балауыз (Suppositoria) – мөлшерленген, бөлме жылуында қатты, ал дене жылуында еритін, тік ішекке (suppositoria rectalia) арналған, жалпы салмағы 3,0 г және қынапқа арналған (suppositoria vaginalia), жалпы салмағы 4,0 г болатын жұмсақ дәрілік түр. Балауыздар үш түрлі жазбамен шығарылады. Ресми, коммерциялық және жалпы түріндегі жазбалар. 1) Балауыздың ресми түріндегі жазбасы. Rp.: Suppositorium cum Metronidasolо 0,5 D.t.d. N. 10 S. 1 балауыздан жатар алдында. # 2) Балауыздың коммерциялық түріндегі жазбасы. Rp.: Suppositoria «Anaesthesolum» № 10 D.S. 1 балауыздан жатар алдында. # 3) Балауыздың жалпы тік ішекке арналған жазбасы. Rp.: Nystatini 125000 EД Olei Cacao 3,0 M.f. suppositorium rectale D.t.d. N. 6 S. 1 балауыздан жатар алдында. # 4) Балауыздың жалпы қынапқа арналған жазбасы. Rp.: Nystatini 250000 EД Olei Cacao 4,0 M. f. suppositorium vaginale D.t.d. N. 6 S. 1 балауыздан жатар алдында.   Сұйық дәрілік түрлер · Ерітінділер (Solutionеs) · Суспензиялар (Suspensiones) · Тұнба және қайнатпа (Infusa et Decocta) · Тұндырма (Tincturae) · Сығынды (Extracta) · Қоспа (Микстура - Mixturae) · Сұйық майлы дәрі (Линимент – Linimenta) Ерітінділер (Solutionеs) – деп қатты дәрілік заттарды немесе сұйық дәрілік түрлерді сұйықтықта еріту арқылы алынған сұйық дәрілік түр. Еріткіш ретінде тазартылған суды (Aqua destillata), этил спиртін (Spiritus aethylicus) немесе сұйық майларды: зәйтүн, шабдалы, вазелин (Olеum Olivarum, Persicorum, Vaselini) қолданады. Қолданылуы бойынша ерітінділер сыртқа (көз, құлақ тамшылары және жууға, шаюға арналған ерітінділер) және ішке (тамшы, ас қасықпен – 15 мл, шәй қасықпен – 5 мл, десерт қасықпен – 7,5 мл, мөлшерлі стақанмен) қолданылатын болып бөлінеді. Тамшылар 5-10 мл, ал басқа мақсатпен қолданылатын ерітінділер 50-100мл мөлшерде босатылады. 1) Сульфацил-натрийдің сулы ерітіндісі түріндегі жазбасы. Rp.: Sol. Sulfacyli-natrii 30% - 10 ml D.S. 1-2 тамшыдан көзге күніне 3 рет. # 2) Салицил қышқылының спиртті ерітіндісі түріндегі жазбасы. Rp.: Sol. Acidi salicylici spirituosae 1% - 40 ml D.S. Теріге жағуға. # 3) Токоферол ацетаттың майлы түріндегі жазбасы. Rp.: Sol. Tocopheroli acetatis oleosae 30% - 20 ml D.S. 10 тамшыдан ішуге күніне 2 рет. # Суспензиялар (Suspensiones) – ерімейтін, ұсақ бөлшектелінген қатты дәрілік заттардың қандайда бір сұйықтықта қалқымалы жағдайда болатын сұйық дәрілік түр. Суспензия дисперсионды орта (су, өсімдік майы, глицерин) мен дисперсионды фазадан (аталған ортада ерімейтін қатты дәрілік заттардың бөлшектері) тұратын дисперсионды жүйе. Суспензияны ішуге, жағуға және буынға егуге қолданылады. Мысалы: Гидрокортизонның суспензия түріндегі жазбасы. Rp.: Susp. Hydrocortisoni asetatis 2,5% - 5 ml D.S. Көз тамшысы. Күніне 3-4 рет 2 тамшыдан. # Тұнба және қайнатпа (Infusa et Decocta) – дәрілік өсімдік өнімдерінен алынған сулы сұйық дәрілік түр. Тұнбаны көбінесе өсімдіктің биологиялық белсенді құрамдарынан жеңіл алатын жұмсақ бөлігінен (жапырағынан, гүлінен) жасайды, яғни үгіп алып, суға бір рет қайнатып, бұқтырып және сүзіп алғаннан кейінгі дайын ерітінді, ал өсімдіктің қатты бөлшегінен, яғни қабығынан, тамырынан 10-15 минуттай қайнатып, содан соң бұқтырып және сүзіп алынған ерітіндіні қайнатпа дейді. Бұлар ас қасықпен ішуге арналған. 1) Термопсис шөбінің тұнба түріндегі жазбасы. Rp.: Infusi herbae Thermopsidis 0,6 – 180 ml D.S. Күніне 3 рет 1 ас қасықтан ішуге. # 2) Емен қабығының қайнатпа түріндегі жазбасы. Rp.: Dec. corticis Quercus 20,0 – 200 ml D.S. Ауыз қуысын шаюға. # Тұндырма (Tincturae) – өсімдік өнімінен қыздырусыз, спирт арқылы 1-2 аптадай тұндырып, жасалған сұйық дәрілік түр. Тұнба мен қайнатпаға қарағанда тұндырма анағұрлым тұрақты, сол себепті оның сақталу мерзімі ұзақ. Көбінесе тамшы ретінде 5-тен 30-ға дейін қолданылады. Мысалы: Сасық шөптің (пустырник) тұндырмасының жазбасы. Rp.: Tincturae Leonuri 25 ml D.S. 20-40 тамшыдан күніне 3 рет. # Сығынды (Extracta)– өсімдік өнімінен экстрагент көмегімен (спирт, эфир және хлороформ) алынған құнарландырылған сығынды түрде жасалады. Сығындылар үш түрлі болады: сұйық (Extractі fluidі), қою (Extractі spissі) және құрғақ (Extractum siccum). Мысалы: Итжидектің құрғақ сығынды түріндегі жазбасы. Rp.: Extracti Belladonnae sicci 0,015 Sacchari 0,3 M.f.pulv. D.t.d. N. 12 in charta cerata S. Күніне 1 ұнтақтан 3 рет. # Қоспа (Микстура - Mixturae) – бірнеше дәрілік түрлерді (қатты, сұйық, майлы т.б.) сулы ерітінділерді араластырып, тек ішуге және жағуға қолданылатын сұйық дәрілік түр. Қоспа көбінесе ашық түрде жазылады. Мысалы: пепсин және тұз қышқылының аралас қоспа түріндегі жазбасы. Rp.: Pepsini 2,0 Acidihydrochloridi dilute 5 ml Aq. destill. 200 ml. M.D.S. 1-2 ас қасықпен күніне 2-3 рет тамақпен бірге. # Сұйық майлы дәрі (Линимент – Linimenta) – қою сұйықтық түрдегі, бір тектес қоспадан тұратын, сыртқа қолдануға арналған сұйық дәрілік түр. Мысалы: Терпентин (скипидар) майы, хлороформ және метилсалицилат араласқан май түріндегі жазбасы. Rp.: Ol. Terebinthinae Chloroformii aa 15 ml Methylii salicylatis 10 ml M. f. linim. D.S. Жағу үшін арналған. # 7.6. Пайдаланған әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер: 1. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с. 2. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010. Қосымша әдебиеттер: 1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с. 2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009. 3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008. 4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с. 5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005. 6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004. 7.7. Бақылау сұрақтары(кері байланыс) 1. Рецепт: анықтамасы, дәрілік заттарды рецептте жазу ережелері, улы, күшті әсер ететін, наркотикалық заттардың жазылу ерекшеліктері. 2. Қатты дәрілік түрлер туралы түсінік және олардың түрлері. Мөлшерлеу әдістері. 3. Ұнтақтар. Олардың түрлері. Рецептте жазылу ережелері; 4. Таблеткалар. Рецептте жазылу ерекшеліктері; 5. Драже. Рецептте жазылу ерекшеліктері. 6. Капсулалар. Рецептте жазылу ерекшеліктері. 7. Жұмсақ дәрілік түрлер туралы түсінік және олардың түрлері. 8. Жақпа майлар: анықтамасы, құрамды компоненттері. Май негіздері: май негіздерінің түрлері, оларға қойылатын талаптар. 9. Пасталар: пасталардың майлардан айырмашылығы, рецептте жазылу ережесі. 10. Суппозиториялар: оларды дайындау үшін қолданылатын негіздер, суппозиториялардың қолданылуы, рецептте жазылу ережесі. 11. Линименттер: анықтамасы, қолдану және рецептте жазылу ережесі. 12. Пластырь: анықтамасы, қолдану және рецептте жазылу ережесі. 13. Сұйық дәрілік түрлерді мөлшерлеудің жалпы қабылданған көлемдік өлшем бірліктері. Ерітіндіні дайындау кезінде мөлшері мен концентрациясын есептеу принциптері. Ерітінділердің концентрациясын көрсету әдістері. 14. Сұйық дәрілік түрлер: 15. Ерітінділер: анықтамасы, жіктелуі. Еріткіштердің түрлері. Рецептте жазутерекшіліктері. 16. Тұнба және қайнатпа: дайындау, сақтау және мөлшерлеу, рецептте жазылу ерекшеліктері. 17. Тұндырма және сығындылар (экстракттар): анықтамасы, тұнбадан айырмашылықтары. Дайындау және мөлшерлеу. Галенді және жаңагаленді препараттар. 18. Суспензиялар: ерітінділерден айырмашылығы. Рецептте жазылу ережелері. 19. Микстуралар: анықтамасы, олардың түрлері. Микстураның құрамындағы компоненттердің мөлшерін есептеу ерекшеліктері, рецептте жазылу ережелері. 20. Эмульсиялар және кілегейлер: анықтамасы, тағайындалуы, рецептте жазылу ережелері. 21. Инъекцияға арналған дәрілік түрлер: Инъекцияға арналған дәрілік түрлерге қойылатын талаптар. Рецептте жазылу ережелері.   Рецепт жазу есептері: 1. 0,01 г Морфин гидрохлоридінің (Morphinum hydrochloridum) 5 ұнтағына рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 ұнтақтан 2 рет тағайындаңыз. 2. 20 дана «Citramonum П» таблеткасына рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 таблеткадан бас ауырғанда тағайындаңыз . 3. 0,25 г. Ацетилсалицил қышқылынан (Acidum acetylsalicylicum) және 0,05 г Кофеиннен (Coffeinum) тұратын, 20 дана таблеткасына рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 таблеткадан 3 рет тағайындаңыз. 4. 500 ХБ-тен тұратын Эргокальциферолдың (Ergocalciferolum) 30 дражесіне рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 дражеден 1- 2 рет тағайындаңыз. 5. 100,0 г натрий пара-аминосалицилат (Natrii para-aminosalicylas) грануласына рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 шай қасықтан 3 рет тағайындаңыз. 6. Құрамында 5% Тетрациклині (Tetracyclinum) бар 10,0 г ланолиннен және вазелиннен тұратын жақпа майға рецепт жазыңыз. Зақымдалған тері аймағына жағыңыз. 7. Құрамында 5% Тетрациклині (Tetracyclinum) бар 10,0 г вазелинді жақпа майға қысқартылған түрде рецепт жазыңыз. Зақымдалған тері аймағына жағыңыз. 8. Құрамында 5% Анестезині бар 50,0 г. вазелинді (Vaselinum) пастаға рецепт жазыңыз. Зақымдалған тері аймағына жағыңыз. 9. «Анестезол» («Anaesthesolum») 10 суппозиториіне рецепт жазыңыз. 1балауыздан түнгі мезгілге тағайындаңыз. 10. 125 000 ХБ Нистатиннен (Nystatinum) тұратын, 6 ректальді суппозиторийге рецепт жазыңыз. 1 балауыздан түнгі мезгілге тағайындаңыз. 11. 125 000 ХБ Нистатиннен (Nystatinum) тұратын, 6 қынаптық суппозиторийге рецепт жазыңыз. 1 балауыздан түнгі мезгілге тағайындаңыз. 12. 30% - 10 мл Сульфацил-натрий (Sulfacyli-natrium) ерітіндісіне рецепт жазыңыз. Көз тамшысы. Тәулігіне 1-2 тамшыдан 3 рет тағайындаңыз. 13. Құрамында 2,5% Гидрокортизон ацетаты бар (Hydrocortisoni aсetas) 5 мл сулы суспензияға рецепт жазыңыз. Көз тамшысы. Тәулігіне 2 тамшыдан 3-4 реттен тағайындаңыз. 14.0,6 г Термопсис шөбінің 180 мл тұнбасына (herbae Thermopsidis) рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 ас қасықтан 3 рет тағайындаңыз. 15.200 мл Емен қабығының қайнатпасына (cortех Quercus) рецепт жазыңыз. Ауыз қуысын шаю үшін тағайындаңыз 16. 25 мл Валериана тұндырмасына (Valeriana) рецепт жазыңыз. Тәулігіне 25 тамшыдан 3-4 реттен тағайындаңыз. 17. 20 мл Крушинаның (Frangula) сұйық экстрактысына рецепт жазыңыз. Тәулігіне 20 тамшыдан 3 рет қабылдауға тағайындаңыз. 18. Бір рет қолданғанда құрамында 0,015 г. Кодеин фосфаты (Codeini phosphas) және 0,5 г. Калий бромиді бар (Kalii bromidum) 180 мл микстураға рецепт жазыңыз. Тәулігіне 1 ас қасықтан 3 рет тағайындаңыз. 19. 5% - 25 мл арнайы Синтомицин (Synthomicini) линиментіне рецепт жазыңыз. Зақымдалған тері аймағына жағыңыз. 20. 0,25% - 200 мл стерильді Новокаин ерітіндісіне (Novocainum) рецепт жазыңыз. Өткізгіштік анестезия үшін, 2-3 мл – ден бұлшықетке тағайындаңы 21. 5 мл (40 ЕД в 1 мл) инсулиннен (Insulinum) тұратын 6 флаконға рецепт жазыңыз. Тәуілігіне 0,5 мл (20 ЕД) 2 рет тері астына енгізуге тағайындаңыз. 7.1 Тақырып №2Инъекцияға арналған дәрі-дәрмектер. Дәрі-дәрмектің баска түрлері. Улы, эсері күшті, наркотикалык дәрілерге және еліткіш әсері бар препараттарға рецепт жазу ерекшеліктері. 7.2 Мақсаты:Инъекцияға арналған дәрі-дәрмектер туралы мағлұмат беру. Улы, эсері күшті, наркотикалык дәрілерге және еліткіш әсері бар препараттарға рецепт жазу ерекшеліктерін үйрету. 7.3 Оқытудың міндеті - білімгерлерді фармакология пәні бойынша инъекцияға арналған дәрі-дәрмектер туралы мағлұмат беру, улы, әсері күшті және наркотикалық препараттарға рецепт жазу ерекшеліктерін көрсету 7.4 Тақырыптың негізгі сұрақтары


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 620; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!