Рецепт на настойку пустырника 7 страница



Фармацевтикалық үйлеспеушілік заттардың химиялық, физикалык және физико-химиялық қасиеттеріне байланысты болуы мүмкін. Мысалы, үйлеспеушілік заттың еріткіште жеткіліксіз немесе толық ерімеушілігімен, дәрілік калыптардың коагулациялануымен, эмульсияның қабатқа бөлінуімен, ұнтақтардың суды сіңіруіне байланысты ылғалдануымен және еруімен жүзеге асырылуы мүмкін; белсенді заттардың жағымсыз адсорбциясы болуы мүмкін. Рецепт дұрыс жазылмағанда заттардың химиялык өзара әсерлесуі нәтижесінде, кейде тұнба түзіледі немесе дәрілік қалыптардың түсі, дәмі, иісі және консистенциясы өзгереді.

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ӘСЕР КӨРІНІСТЕРІ ҮШІН

АҒЗАНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ЖЕКЕШЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ

А) ЖАСЫ

Дәрілік заттарға сезімталдылық жасына байланысты өзгереді. Осыған байланысты, дәрілік заттың іштегі нәрестеге 24 аптадан бастап туылғанға дейін және жаңа туылған нәрестеге (өмірінің 4 аптасына дейін) әсер етуін зерттейтін перинаталдық деп аталатын фармакология бөлініп шықты. Дәрілік заттарға сезімталдығы бойынша іштегі нәресте соңғы үш айда және жаңатуылған нәресте өмірінің бірінші айында ересек адамдардаң айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл көптеген ферменттердің, бүйрек қызметінің жетіспеушілігіне, гематоэнцефалдық тосқауыл өткізгіштігінің жоғары болуына, ОЖЖ-нің толық дамымағандығына байланысты. Өмірінің осы кезеңдерінде дәрілік заттардың рецепторларға сезімталдығы басқаша болады. Мысалы, жаңа туылған нәрестелер ОЖЖ-не әсер ететін кейбір заттарға (мысалы, морфинге) ете сезімтал болады. Олар үшін левомицетин өте уытты, ол тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Бұл жаңа туылған нәрестелердің бауырында оны усыздандыратын ферменттердің жоқ болуымен түсіндіріледі. Кішкентай жастағы балаларға бездердің секрециясын (бронхиалдық, мұрынның шырышты қабығын) күшейтетін заттарды тағайындауға болмайды, себебі бұл тыныс алу үрдісін бұзуы және тыныс алу мүшелері патологиясының себебі болуы мүмкін.

Бала ағзасына заттың әсер ету ерекшеліктерін зерітеумен айналысатын фармакология саласын педиатриялық фармакология деп атайды.

Мемлекеттік фармакопеяда, әртүрлі жастағы балалар үшін уытты және қауіпті әсер ететін заттардың жоғары бір реттік және тәуліктік мөлшердің кестесі келтірілген. Басқа заттар үшін баланың әрбір жыл өміріне ересектерге арналған мөлшердің 1/20 қабылдап, жеңілдетуге болады.

Жасы егде және кәрі адамдарда дәрілік заттардың сіңуі баяулаған, олардың метаболизмінің тиімділігі аздау, препараттардың бүйрекпен шығу жылдамдығы төмендеген. Жалпы, егде және кәрілік жаста көпшілік дәрілік заттарға ссзімталдылық жоғары, осыған байланысты олардың мөлшері төмен болу қажет. Бұл кезде препараттардың көп түрлілігін, уыттылығы аз заттармен шектеу керек.

Егде және кәрі жастағы науқастарда дәрілік заттардың әсерін және қолданылу (гериатриялық деп аталатын фармакология) ерекшеліктерін анықтау көп маңызға ие болуда, себебі бұл жастағы топтардың үлесі жалпы адамдар саны ішінде өсіп кеткен.

Б) ЖЫНЫСЫ

Жануарларға зерттеу жүргізгенде көрсетілгендей, оның аналығына қараганда, аталық түрлерінде бірқатар заттарға (никотин, стрихнин) сезімталдылық аздау. Жынысына да байланысты бірқатар заттардың метаболизмінде ерекшеліктер белгіленген болатын. Сонымен қатар, клиникалық бақылаулар да бар. Мысалы, парацетамолдың клиренсі әйелдерге қарағанда, еркектерде тезірек жүреді. Әйелдерде менопауза кезінде ішекте кальций ионының абсорбциясы баяулайды. Еркектерге қарағанда, әйелдерде верапамилдің биожеткіліктігі жоғары. Әйелдерде диазепамның тотығуы тезірек жүреді. Әйелдерде аритмияға қарсы заттар аритмогенді әсерді («пируэт» деп аталатын) жиі туғызады. Операциядан кейінгі ауыру сезімді басу үшін, әйелдерге қарағанда, еркектерге морфиннің жоғарғы мөлшері қажет болады.

Бірақ, жалпы бұл мәселелер жеткіліксіз зерттелген. Әрбір жағдайда, дәрілік заттардың фармакокинетикасындағы және фармакодинамика-сындағы жыныстық айырмашылықтардың себептерін аныктау маңызды.

В) ГЕНЕТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР

Дәрілік заттарға сезімталдық генетикалық негізделген болуы мүмкін. Бұл сандық қалай болса, сапалық та солай көрінеді. Мысалы, қан сарысуында холинэстеразаның генетикалық жетіспеушілігі кезінде, миорелаксант дитилиннің әсер ету ұзактығы кенеттен жоғарылайды және 6-8 сағатқа немесе одан да көпке жетуі мүмкін (әдетте, дитилин 5-7 мин. бойы әсер етеді).

Туберкулезге қарсы зат изониазидтің ацетилдену жылдамдығы жеткілікті кең түрленетіні белгілі. Адамдарды тез және баяу метаболизмдік белсенділігі бар деп бөледі. Изониазид баяу инактивацияланатын адамдарда осы препараттың ацетилденуін қамтамасыз ететін, ферменттердің синтезін реттейтін гендердің жетіепеушілігі бар деп есептейді.

Заттарға тән емес реакциялардың (идиосинкразия') мысалдары белгілі. Мысалы, 8-аминохинолин тобының безгекке қарсы заты (примахин және басқалар) генетикалық энзимопатиясы бар адамдарда гемолиз тудыруы мүмкін (глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа ферментінің жетіспеушілігі хинонның түзілуіне әкеледі, ол гемолитикалық әсер көрсетеді). Потенциалды гемолитикалық әсері бар басқа препараттар да белгілі. Оларға аминохинолиндер (примахин, хлорихин), сульфондар (дапсон), сульфаниламидтер (стрептоцид, сульфацил-натрий, сульфапиридазин), нитрофурандар (фуразолидон, фурадонин), опиоидты емес анальгетиктер (ацетилсалицил қышқылы) жәнс әртүрлі басқа заттар (налидикс қышқылы, хинин, хинидин, левомицетин) жатады.

Ағзаның дәрілік заттарға сезімталдығын анықтауда генетикалық факторлардың рөлі фармакологияның арнайы саласы - фармакогенетиканың негізгі мәселелері болып табылады.

Г) АҒЗАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

Препараттардың әсері ағзаның жағдайына, соның ішінде оларды тағайындайтын патологияға байланысты болуы мумкін. Мысалы, ыстықты түсіретін заттар дене температурасын тек қызба кезінде түсіреді (олар қалыпты температурада әсер етпейді). Жүрек гликозидтерінің қан айналымына әсері тек жүрек жетіспеушілігі кезінде көрінеді. Симпатикалық иннервацияның тонусы жоғары болған сайын, ганглиоблокаторлардың гипотензивтік әсері көп болады. Гипертиреоз кезінде миокардтың адреналинге сезімталдығы жоғарылайды.

Бүйрек немесе бауыр қызметінің бұзылуымен қатар жүретін аурулар заттардың экскрециясын және биотрансформациясын өзгертеді. Бұл кезде басқа параметрлер де - белокпен байланысуы, биожеткіліктік, таралуы өзгеруі мүмкін.

Дәрілік заттардың фармакокинетикасы жүктілікте, семіздікте өзгереді.

Д) ТӘУЛІКТІК ЫРҒАҚТЫҢ МАҢЫЗЫ

Физиологиялық1 қызмет үшін тәуліктік ырғақтың маңызды мәні бар. Сергектік пен ұйқының ауысуы жүйке жүйесі мен эндокриндік бездердің белсенділігіне және оған сәйкес басқа мүшелер мен жүйелердің жағдайына айтарлықтай ықпалын тигізетіні жалпыға мәлім. Бұл өз кезегінде ағзаның әртүрлі заттарға сезімталдығымен көрінеді. Фармакологиялық әсердің тәуліктік периодизмге тәуелділігін зерттеу, хронофармако-л о г и я деп аталған жаңа бағыттың негізгі мәселелерінің бірі. Соңғыға хронофармакодинамиканы да және хронофармакокинетиканы (Хронофармакодинамика және хронофармакокинетиканың орнына маңызы бойынша ұқсас екі термин - «хронестезиял (тәулікгің әрбір уақытында затқа сезімталдық) және «хронокинетика» (тәулік ырғағынан фармакокинетикалық сипаттайтын тәуелділігі) ұсынылған) да жатқызады.

Тәулік уақытына байланысты заттың әсері сандық өзгеріп қана қоймай, сондай-ақ сапалық та өзгереді. Көпшілік жағдайларда олардың айқындығы басым әсері максималды белсенділік кезінде байқалады (адамдарда -күндізгі уакытта, түнгі жануарларда – тәуліктің қараңғы уақытында). Атап айтқанда, адамдарда ауыру сезімін басатын зат морфин таңертеңге немесе түнге қарағанда күннің екінші жартысының басында көбіне белсенді болады. Анальгетикалық белсенділігі бар эндогенді пептидтердің (энкефалиндер, эндорфиндер) өндірілуінің де тәуліктік ауытқуы байқалған. Стенокардия кезінде нитроглицерин күннің екінші жартысына қарағанда көбіне таңертең тиімді.

Тәуліктік периодизмге байланысты заттың уыттылығы да айтарлықтай өзгереді. Мысалы, жануарларға зерттеу жүргізгенде уытты мөлшерде фенобарбиталдың леталдық әсері тәуліктің әрбір уақытында 0 ден 100%-ке дейін ауытқиды.

Фармакокинетикалық параметрлер де тәуліктік ырғаққа тәуелді болады. Мысалы, адамдарда саңырауқұлақтарға қарсы гризеофульвин препаратының көбірек сіңуі шамамен күндіз сағат 12-де жүреді. Тәулік ішінде заттардың (мысалы, гексобарбиталдың) метаболизмінің қарқыны да өзгереді. Тәулік уақытына байланысты бүйрек қызметі және олардың фармакологиялық заттарды шығару қабілеті де айтарлықтай өзгереді. Адамдарда фенамин, әсіресе оның жоғарғы мөлшері таңертең ертемен бүйрек арқылы бөлінетіні көрсетілген (бұл, сірә зәрдің рН-ның ауытқуына байланысты болуы керек). Литий препаратын ішке енгізгенде күндізгі уакытқа қарағанда түнде аз мөлшерде бөлінеді.

Сонымен, заттардың фармакодинамикасы және фармакокинетикасы тәуліктік периодизмге тәуелді болады. Бұған тәуліктік ырғақтың фазасына және амплитудасына дәрілік заттардың өзі ықпал ететінін қосу керек. Әртүрлі патологаялық жағдайлар мен аурулар кезінде тәуліктің әрбір уақытында олардың ағзамен өзара әсерлесуінің нәтижесі өзгеретіндігін де ескерген жөн.

Хронофармакология саласында мәліметтердің көлемі шектеулі болғанымен, оларды қабылдау уақытына байланысты препараттарды рационалды мөлшерлеу үшін бұл мәліметтердің маңыздылығы күдік туғызбайды. Физиологиялық қызмет үшін, сондай-ақ мезгілдік ырғақтың да белгілі бір мәні бар, бұл сірә фармакологиялық заттардың әсеріне де ықпал ететін болуы керек.

ДӘРІЛІК ЕМНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

Дәрілік заттарды профилактика (Грек тілінен рrорhylакticоs — сақтандыратын) үшін қолданғанда белгілі бір аурудың алдын алуды көздейді. Осы мақсатта дезинфекциялаушы, химиотерапиялық заттар және басқалар қолданылады.

Э т и о т р о п т ы (Грек тілінен аitia - себеп, tropos – бағыт)  (каузалдық - латын тілінен саusa-себеп) ем ауырудың себебін тоқтатуға бағытталған (осылайша, антибиотиктер бактерияларға қарсы, безгекке қарсы заттар - безгек плазмодиіне қарсы әсер етеді).

Симптоматикалық емнің басты мәселесі жағымсыз симптомдарды (мысалы, ауруды) жою болып табылады, ол негізгі патологиялық үрдістің ағымына да айтарлықтай әсерін көрсетеді. Осыған байланысты көптеген жағдайларда симптоматикалық ем патогенетикалық (Грек тілінен раtos - қиналу, denesis – тегі) рөл атқарады.

0р ы н б а с у ш ы (Грек тілінен аllos - басқа, еrgon- әсер) ем табиғи биогенді заттар жетіспегенде қолданылады. Мысалы, ішкі бездер секрециясының жетіспеушілігі кезінде (қант диабетінде, микседемада) тиісті гормондық препараттарды енгізеді. Мұндай емнің ұзақтығы айлар және жылдармен өлшенеді.

НЕГЗГІ ЖӘНЕ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕР. АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР. ИДИОСИНКРАЗИЯ. УЫТТЫ  ӘСЕРЛЕР

Дәрілік заттарды ауыру сезімді азайту үшін, гипотензивтік заттарды артериалдық қысымды төмендету үшін және т.б белгілі бір фармакотерапиялық әсерлер алу үшін тағайындалады. Бұның барлығы -препараттардың негізгі әсерлерінің көрінісі, оларды осыған байланысты медицина практикасьнда қолданады. Бірақ барлық заттар қажетті әсерлермен қатар жағымсыз ықпал да көрсетеді, оларға табиғаты аллергиялық емес теріс жанама әсерлер, аллергаялық реакциялар, уытты және басқа әсерлер жатады.

Табиғаты аллергиялық емес жанама әсерлер-д і ң көріністеріне заттарды тек емдік мөлшерде қолданғанда пайда болатын және олардың фармакологиялық әсер ету спектрлерін қарайтын әсерлерді ғана жатқызады. Атап айтқанда, эпилепсияға қарсы зат ретінде фенобарбиталды қолданғанда ұйқышылдықтың себебі болуы мүмкін. Ауыру сезімін басатын морфин препараты емдік мөлшерде эйфория туғызады, асқазан-ішек жолының сфинктрлерінің тонусын жоғарылатады.

Біріншілік және екіншілік жанама әсерлер болуы мүмкін. Біріншілік әсер берілген препараттың белгілі бір субстратқа тікелей ықпал етуі салдарынан пайда болады (мысалы, зат асқазанның шырышты қабатына тітіркендіргіш әсер еткенде лоқсу, құсу байқалады). Екіншілік жанама әсерлер тікелей емес пайда болатын жағьмсыз ықпалдарға жатады (мысалы, антибиотиктермен ішек микрофлорасын тежегенде гиповитаминоз дамиды).

Заттардың жағымсыз әсерлері сипаты бойынша өте әр алуан, айқындығы және ұзақтығы әртүрлі. Жанама әсерлер жүйке жүйесіне, қанға және қан тузілуіне, қан айналу, тыныс алу, ас қорыту мүшелеріне, бүйрекке, эндокриндік бездерге және т.б. бағытталған болуы мүмкін. Жанама әсерлердің кейбіреулері салыстырмалы түрде оңай өтеді (аздап локсу, бастың ауыруы және т.б.), басқалары ауыр және өмірге қауіпті (бауырдың зақымдалуы, лейкопения, апластикалықанемия) болуы мүмкін.

Дәрілік заттармен көрсетілетін теріс әсерлерге сондай-ақ аллергиялық1 реакциялар жатады, олардың жиілігі-айтарлықтай жоғары. Олар заттың енгізілген мөлшеріне қарамастан пайда болады. Берілген жағдайда, дәрілік заттар антигендердің (аллергендердің) рөлін атқарады. Дәрілік аллергияны әдетте 4 типке бөледі.

1 тип (жедел аллергия). Гиперсезімталдықтың берілген типі реакцияға антидене – 1gЕ-нің қатысуына байланысты болады. Бұл есекжеммен, тамьфлык ісінумен, ринитпен, бронхоспазммен, анафилаксиялық шокпен көрінеді. Осындай реакциялар пенициллиндерді, сулъфапиламидтерді және басқаларды қолданғанда болуы мүмкін.

// тип. Дәрілік аллергияның бұл типінде ІgС- және ІgМ- антидене, комплемент жүйесін белсендендіре отырып, айналып жүрген қан жасушаларымен өзара әсерлеседі және олардың ыдырауын туғызады. Метилдофа осылайша гемолитикалық анемияны, хинидин -тромбоцитопениялық пурпураны туындатуы, бірқатар препараттар(мысалы, анальгин) кейде агранулоцитоз дамуының себебі болуы мүмкін.

IIIтип. Сірә,дәрілік аллергияның осы типінің дамуына ІgО-, сонымен қатар ІgМ- және ІgЕ- антиденелері (+ комплемент) қатысатын болар. «Антиген-антидене-комплемент» кешені тамырлық эндотелиймен өзара байланысады және оны зақымдайды. Сарысу деп аталатын ауру пайда болады. Ол есекжеммен, артралгиямен, артритпен, лимфоадснопатиямен, қызбамен көрінеді. Сарысу ауруын пенициллин, сульфаниламидтер, йодидтер және басқа препараттар туғызуы мүмкін.

IV тип. Берілген жағдайда реакция сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер және макрофактар кіретін иммунитеттің жасушалық механизмі арқылы жанама түрде жүреді. Затты жергілікті қолданғанда пайда болады және жанасқан дерматит түрінде көрінеді.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 535; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!