Рецепт на настойку пустырника 8 страница



Идиосинкразия да (жоғарыны қара) затқа жағымсыз реакциялардың себептерінің бірі болуы мүмкін.

Заттар емдіктен артық мөлшерде уытты әсерлер туғызады. Ол әдетте мүшелер мен жүйелер қызметтерінін әртүрлі қауіпті бұзылыстары турінде көрінеді (естудің төмендеуі, вестибулярлық бұзылыстар, көру жүйкесін зақымдауы нәтижесінде соқырлыққа әкелу, миокард арқылы қозу өтуінің айқын бұлылыстары, бауырдың, қан түзілудің зақымдалуы, сопақша мидың өмірге маңызды орталықтарының тежелуі).

Уытты әсердің негізгі себебі артық мөлшерлеу, ол күтпеген жерден немесе қасақана максималды кетеретін мөлшерді арттыру болып табылады. Сонымен қатар, олардың метаболизмі бұзылуы (мысалы, бауыр патологиясында) немесе шығарылуы баяулауының (бүйректің кейбір ауруларында) нәтижесінде ағзада заттардың уытты әсері жиналып қалуы мүмкін.

Жүктілік кезінде тағайындалатын дәрілік заттар эмбрионға және іштегі нәрестеге теріс әсер көрсетуі мумкін. Осындай ықпалға заттың тератогенді(Грек тілінен tеrаs – кемтар)әсері жатады, ол баланың әртүрлі аномалиялармен туылуына әкеледі.

Дәрілік заттардың болуы мумкін тератогенді әсерлеріне бірқатар елдерде талидомидті қолданумен байланысты қайғылы оқиға назар аудартты. Бұл препарат медицина практикасына тыныштандырғыш және ұйықтатқыш зат ретінде енгізілген болатын. Бірақ, анықталғандай талидомидтің айқын тератогенді қасиеттері бар. Оны қабылдаған кезеңдерде бірнеше мыңдаған балалар әртүрлі аномалиялармен (фокомелия (Фокомелия - жарғақ тәрізді аяқ-қолдар. Грек тілінен рhоkе - итбалық,теlоs – саусақ), амелия, беттегі гемангиома, асқазан-ішек жолы жағынан аномалиялармен және басқалар) туылды. Бұл оқиғалар тек жаңа препараттарға емес, сонымен бірге бұрыннан белгілілеріне де ерекше сақтықпен қарауға мәжбүр етті.

Заттардың тератогенді әсерлерін зерттеу үшін жануарларға адекватты модель жасауға талаптанған болатын, бірақ бұл зерттеулер табысты аяқталмады. Қазірге дейін оларды медициналық практикаға енгізгенде заттардың потенциалдық тератогендігін анықтауға арналған эксперименттік әдістердің жеткілікті айғағы жоқ. Әңгіме мынада - жануарларда аномалияның дамуын көптеген препараттар, соның ішінде қолда бар мәліметтер бойынша адам эмбрионына тератогенді әсер көрсетпейтін медицинада кеңінен қолданылатын препараттар да шақырады. Сонымен, тек теріс нәтижелерге көңіл аударуға тура келеді. Егер зат жануарларда аномалияның дамуын тудырмаса, онда олар адамда да болмайды деп есептеуге негіз бар. Егер де қосылыс жануарлар үшін тератогенді болса, демек бұл әсер адамда да пайда болады деген емес. Бірақ осындай препаратгар тератогендігі болуы мүмкін деген есеппен қарау қажет. Осы сияқты анықталмаған болжамға назар аудара отырып, эмбриондардың негізгі мүшелері құрылып жатқан кезде, әйелдерге жүктіліктің бірінші 2-3 айында қабылдауға міндетті көрсетілулер болмаса, дәрілік затты қолдануға тиым салынады. Тератогенді әсер жөнінде жүктіліктің бірінші үш айын (әсіресе бірінші 3-8 апта), яғни органогенез кезеңін көбіне қауіпті деп есептейді. Бұл мерзімдерде эмбриондарда ауыр аномалиялардың даму қаупі жоғары.

Сонымен бірге, дәрілік заттар эмбрионға және іштегі нәрестеге органогенез бұзылыстарымен байланысты емес тератогенді әсерлерге жатпайтын, жағымсыз әсер көрсету мүмкіндігін ескерген жөн. Оны дәрілік заттардың жанама және уытты әсері ретінде бағалауға болады. Ол жүкгіліктің әртүрлі сатысында көрінеді. Егер осындай әсерлер жүктіліктің 12-ші аптасына дейін пайда болса, оларды эмбриотоксикалық (Грек тілінен етbrуоп – Ұрық), өте кеш мерзімдерде –фетотоксикалық(Латын тілінен fеtиs – нәресте) деп атайды.

Жүкті әйелдерге препараттарды тағайындағанда, заттар плацента арқылы өткен жағдайда олар іштегі нәрестеге жағымсыз әсерлер көрсету мумкіндігін ескерген жөн. Осылайша, жүкті әйелге тағайындалған стрептомицин іштегі нәрестеде кереңдікті туғызатын (ми-сауыттық жүйкенің VIIIжұбы зақымдалады) қабілеті бар. Тетрациклиндер іштегі нәресте сүйегінің дамуына жағымсыз әсер көрсетеді. Морфинизммен ауыратын ананың жаңа туылған нәрестесінде де морфинге сондай физикалық тәуелділігі болуы мүмкін. Егер босанатын әйелге антикоагулянттар берілсе жаңа туылған нәрестеде қан кетулер пайда болуы мүмкін. Осындай мысалдар көп. Олар плацента арқылы әртүрлі химиялық қосылыстар (липофилді) ететінін мақұлдайды. Осыған байланысты жүкті әйелдерге фармакотерапияны тек қатал көрсетілулерде жүргізу қажет. Бұл кезде, әсіресе уыттылығы өте аз және алдын ала жақсы апробацияланған дәрілік заттарды мұқият таңдау керек.

Сонымен қатар, дәрілік заттың жаңа туылған нәрестеге ана сүтімен бірге түсетінін және оған жағымсыз әсер көрсететінін ескерген жөн. Мысалы, пенициллин аллергиялық реакциялар, сульфаниламидтік препараттар -гемолитикалық анемияны, антикоагулянттар - қан кетуді туғызуы мүмкін.

Жаңа дәрілік заттарды алу кезінде, сондай-ақ химиялық мутагендік және канцерогендік сияқты қауіпті жағымсыз әсерлер жиынтығының болу мүмкіндіктерін де ескерген жөн. Мутагендік(Латын тілінен тиtаtіо — өзгеру, gепоs - шығу тегі)- бұл, заттың ұрық жасушасының және генетикалық аппаратының тұрақты зақымдалуын туғызатын қабілеті, ол ұрпақтың генотипінің өзгеруімен көрінеді. К а н ц е-рогендік (латын тілінен сапсеr – рак) — бұл, заттың қатерлі ісіктің дамуын туғызатын қабілеті.

Заттардың жағымсыз әсерлері сондай-ақ оларды бірге сәтсіз қосқанда дәрілердің үйлеспеушілігі кезінде пайда да болуы мүмкін (жоғарыны қара).

7.6 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

2. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

7.7 Бақылау сұрақтары:

1. дәрілік заттардың жергілікті және резорбтивті (жүйелік) әсерлері.

2. тікелей және рефлекторлы әсер. әсер ету орны және механизмі.

3.   дәрілік заттарға арналған «нысана».

4.  қайтымды және қайтымсыз әсері. таңдамалы әсері

5. фармакотерапиялық әсердің дәрілік заттардың қасиеттеріне және оларды қолдану жағдайларына тәуелділігі

6. дәрілік заттардың химиялық құрылысы, физико-химиялық және физикалық қасиеттері

7. мөлшерлер және концентрациялар

8. дәрілік заттарды қайталап қолдану

9. дәрілік заттардың өзара әсерлесуі

10. дәрілік заттардың әсер көріністері үшін

11. ағзаның және оның жағдайларының жекеше ерекшеліктерінің маңызы

12. а) жасы

13. б) жынысы

14. в) генетикалық факторлар

15. г) ағзаның жағдайы

16. д) тәуліктік ырғақтың маңызы

17. дәрілік емнің негізгі түрлері

18. негзгі және жанама әсерлер.

19.  аллергиялық реакциялар.

20. идиосинкразия. уытты әсерлер

ТЕСТТЕР:

~Фармакодинамика ұғымына .... жатпайды.

| дәрілік заттардың ағзада таралуы+

| дәрілердің әсер ету механизмі

| дәрілердің рецепторлармен әсерлесуі

| фармакологиялық эффектілер

| дәрілік заттардың әсерінің жинақталуы

~"Фармакокинетика"ұғымына ...жатады.

| дәрілік заттардың организмде таралуы+

| дәрілердің әсер ету механизмі

| дәрілердің рецепторлармен әсерлесуі

| фармакологиялық эффектілері

| дәрілік заттардың әсерінің жинақталуы

~Сұйық дәрілік түрлерге ... жатпайды.

| пасталар+

| тұндырмалар

| суспензиялар

| қайнатпалар

| микстуралар                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   

~"Фармакодинамика" ұғымына .... жатады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

|фармакологиялық эффектілері+

| дәрілік заттардың сіңірілуі

| дәрілік заттарды организмге енгізу

| дәрілік заттардың организмде таралуы                            

| дәрілік заттардың организмнен шығарылуы

~Парентеральды енгізу жолдарына ...жатады.

| күре тамырға енгізу+

| пероральды енгізу

| сублингвальды енгізу

| ректальды енгізу

| суббукальды енгізу

~Ең тез фармакологиялық эффектіні қамтамасыз ететін дәрілердің енгізу жолына ... жатады.

| күре тамырға+

| тері астына

| бұлшық етке

| тік-ішекке (ректальды)

| пероральды

~Дәріні қабылдағысы келіп тұратын жағдайды ..... деп атайды.

| құмартушылық+

| дәріге тәуелділік

| кумуляция

| үйренгіштік

| идиосинкразия

~Ұзақ уақыт бойында қолданылып жүрген препаратты бірден алып тастағанда негізгі аурудың аскынуын .... деп атайды.   

| доғару синдромы+

| аллергия

| идиосинкразия                                                                                   

| кумуляция

| үйренгіштік

~Дәрілерді ... енгізу энтеральды жолына жатады.

| оральды+

| қан тамырының ішіне

| бұлшық ет ішіне

| тері астына

| ингаляциялық

~Дәрілерді ... енгізу парентеральды жолына жатады.

| тері астына+

| оральды

| сублингвальды

| трансбуккальды

| ректальды

~Асқазан-ішек трактісінде дәрілік заттардың сорылуының негізгі механизмі ... болып табылады.

| пассивтік диффузия+

| пиноцитоз

| фильтрация

| активті транспорт

| активті фильтрация

~Дәрілердің ағзадан шығарылуының негізгі жолы ... арқылы болады.

| несеп+

| тер бездері

| өкпе

| жас бездері

| сілекей бездері

~Парентеральды енгізу жолына ... жатпайды.

| пероральды +

| күре тамырға

| тері астына

| бұлшық етке

| субарахноидальды

~Тері астына енгізгенде эффект ... пайда болады.

| 5-10 минуттан соң+

| 30-60 мин

| 1-5 минуттан соң

| тәуліктен соң

| 10-30 минуттан соң

~Көптеген дәрілік заттардың биотрансформация жылдамдығы .... кезінде жығарылайды.

| бауырдың микросомальды ферменттерінің индукциясы +

| бауырдың микросомальды ферменттерінің тежелуі

| қан плазмасының ақзаттарымен заттардың байланысуы

| бауыр ауруы

| бүйрек ауруы 

~Тез пайда болатын үйренгіштікті ... деп атайды.

| тахифилаксия+

| доғару синдромы

| кумуляция

| дәріге тәуелділік

| құмартушылық

~Фармакокинетика ұғымына ... жатпайды.

| фармакологиялық эффектілер+

| дәрілік заттардың сіңірілуі

| дәрілік заттарды ағзаға енгізу

| дәрілік заттардың ағзада таралуы

| дәрілік заттардың ағзадан шығарылуы

~Дәрілердің сіңірілу механизмдеріне .... жатпайды.

| биотрансформация+

| пассивті диффузия

| активті транспорт

| фильтрация

| пиноцитоз

~Энтеральды енгізу жолдарына ... енгізу жатпайды.

| күре тамырға+

| суббукальды

| пероральды

| сублингвальды

| ректальды

~Дәрілерді қайталап енгізгенде пайда болатын әсерге ... жатпайды.

| идиосинкразия+

| үйренгіштік

| тахифилаксия

| кумуляция

| дәріге тәуелділік

~Сантиграммен көрсетілген мөлшер ... болып табылады.

| 0,01+

| 0,025

| 0,0005

| 0,001

| 0,00025

~Ингаляциялық жолмен ... енгізуге болмайды.

| тұндырмаларды+

| газ тәрізді заттарды

| аэрозольдарды

| ұнтақтарды

| ұшқыш сұйықтықтарды

~... препараттарды пероральды жолмен енгізеді.

| Ішек-қарын трактысы арқылы жақсы сіңірілетін+

| Асказан шырышты қабығына айқын тітіркендіргіш қасиет көрсететін

| Қышқылдыққа тұрақсыз

| Асқазан ішек трактысының ферменттерімен бұзылатын

| Ульцерогендік әсер көрсететін

~Дәрілерді қиыстырып қолданғанда ... байқалмайды.

| кумуляция+

| эффектілердің қосындысы

| эффектілердің

потенцирленуі                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

| антагонизм                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

| синергоантагонизм

~Миллиграммен көрсетілген мөлшер ... болып табылады.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 805; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!