Рецепт на настойку пустырника 12 страница



7.2 Мақсаты:Тұтастырғыш, бүркеуіш (каптағыш), сіңіргіш, тітіркендіргіш дэрілер туралы, жіктелуі, әсер ету механизмі, негізгі әсерлері, қолдану көрсетімдері, жағымсыз әсерлері, қарсы көрсеткіштері жайлы мағлұмат беру. Танин, емен кабығының кайнатпасы, висмуттыңын негіздік нитраты, өсімдіктен жасалған дәрілер, крахмал шырышы, белсендірілген көмір, амииак ертіндісі, ментол, қыша қағазына  рецепт жазуды үйрету.

7.3 Оқытудың міндеті

Тұтастырғыш, бүркеуіш (каптағыш), сіңіргіш, тітіркендіргіш дэрілер туралы, жіктелуі, әсер ету механизмі, негізгі әсерлері, қолдану көрсетімдері, жағымсыз әсерлері, қарсы көрсеткіштері жайлы мағлұмат беру. Танин, емен кабығының кайнатпасы, висмуттыңын негіздік нитраты, өсімдіктен жасалған дәрілер, крахмал шырышы, белсендірілген көмір, амииак ертіндісі, ментол, қыша қағазына рецепт жазуды үйрету.

7.4 Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Тұтастырғыш дәрілер (танин, емен кабығының кайнатпасы, висмуттыңын негіздік нитраты, өсімдіктен жасалған дәрілер), жіктелуі, әсер ету механизмі, негізгі әсерлері, қолдану көрсетімдері, жағымсыз әсерлері, қарсы көрсеткіштері.

2. Бүркеуіш (каптағыш) (крахмал шырышы)  дәрілер, жіктелуі, әсер ету механизмі, негізгі әсерлері, қолдану көрсетімдері, жағымсыз әсерлері, қарсы көрсеткіштері

3. Сіңіргіш (белсендірілген көмір) дәрілер, жіктелуі, әсер ету механизмі, негізгі әсерлері, қолдану көрсетімдері, жағымсыз әсерлері, қарсы көрсеткіштері

4. Тітіркендіргіш (амииак ертіндісі, ментол, қыша қағазына) дәрілер, жіктелуі, әсер ету механизмі, негізгі әсерлері, қолдану көрсетімдері, жағымсыз әсерлері, қарсы көрсеткіштері

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

Ақпараттық-дидактикалық блок.

ҚАРМАУШЫ ЗАТТАР

Қармаушы заттар әсері жергілікті қабынуға қарсы (антифлогистикалық1) препараттарға жатады (қабынуға қарсы заттар жайлы 24 тарауды қара). Оларды шырышты қабаттардың және терінің қабыну үрдістерін емдеу үшін қолданады. Бұл пепараттарды енгізген жерлерде жасушадан тыс сұйықтың, шырыштың, экссудаттың, жасуша бетінің (жасуша мембранасы) коллоидтарының тығыздалуы (белоктардың жартылай коагуляциясы) байқалады. Осылай пайда болған қабық сезімтал жүйке ұштарын тітіркенуден сақтайды және ауыру сезімі төмендейді. Сонымен қатар жергілікті тамырлардың тарылуын, олардың өткізгіштігінің төмендеуін, экссудаттың азаюын, сонымен қатар ферменттердің ыдырауын шақырады. Осы көрністің бәрі қабыну үрдістерінің дамуына кедергі жасайды.

Қармаушы заттар келесі топтарға бөлінеді:

а) Органикалық

· Танин      

· Емен қабығының қайнатпасы

6) Бейорганикалық

· Қорғасын ацетаты   

· Висмуттың негізгі нитраты       

· Ашудас

· Мырыш тотығы    

· Мырыш сульфаты   

· Мыс сульфаты

· Күміс нитраты

Т а н и н - галлоилікті (галлодубильная) қышқыл. Кіші азиялық еменнің немесе сумах тұкымдас өсімдіктердің өскіншегі болып келетін сия жаңғақтарынан(чернильные орешки) (Gаllае tиrсісае) алынады. Ерітінділер және жағылмалар түрінде тағайындалады.

Емен қабығынан дайындалған қайнатпада қармаушы әсер көрсететін илік заттардың айтарлықтай мөлшері бар.

Бейорганикалық қосылыстардың ішінен қорғасынның - қорғасын ацетаты [РЬ(СН3СОО)2• ЗН2О]; висмуттың - висмуттың не-гізгі нитраты [ВіNO)3(ОН)2. ВіОNО3 жәнеВіООН];  алюминийдің - а ш у д а с КАІ(SО4)2 • 12Н2О;  мырыштың - м ы р ы ш т о т ы ғ ы (ZпО) және мырыш сульфаты (ZпSО4 . 7Н2О); мыстың - м ы с с у л ь-ф а т ы (СuSО4 . 5H2О);  күмістің -күміс нитраты (АgNО3) препараттарына көп көңіл бөлінеді. Аз концентрацияда олар қармаушы, ал жоғары концентрацияда күйдіргіш әсер (альбуминаттар түзіледі, белоктар тұнбаға түседі) көрсетеді. Металдар тұздарының жергілікті әсері бөлініп шығатын анионға да (қышқылдар) байланысты. Қармаушы әсер алуда бөлініп шыққанда қоршаған тіндерді зақымдамайтын тығыз альбуминаттар (қорғасын, алюминий) мен әлсіз қышқылдар түзетін металдар тұздары өте қолайлы.

Қармаушы заттар тері бетінің, шырышты қабаттардың қабынуларында жуғыш, жағылғыш, шайғыш, қынапты жуғыш және себілгіштер түрінде сыртқа тағайындалады. Кейбір жағдайларда оларды ас қорыту жолдарының қабыну үрдістерінде (энтеритте, колитте) ішке (висмут препараттары, таниннің белокты препараты -танальбин) қабылдайды. Танин ерітіндісін күйіктерде жергілікті және ауыр металдардың тұздарымен, алколоидтар тұздарымен уланғанда ішке (егер олар ішекте болса) енгізеді. Соңғыларымен танин олардың сіңуіне кедергі жасай отырып, ерімейтін қосылыс түзеді. Бірақ кейбір алколоидтармен (морфин, атропин және т.б.) тұрақсыз кешен түзеді, сондықтан асқазанды тез шаю кажет.

ҚАПТАУШЫ ЗАТТАР

Қаптаушы заттар шырышты қабаттарды жаба отырып, сезімтал жүйке ұштарын тітіркенуден сақтайды. Қаптаушы заттарға крахмалдың шырышы, жібек дәнінің шырышы және т.б. жатады. Оларды көбіне асқазан-ішек жолдарының қабыну үрдістерінде, сонымен қатар тітіркендіргіш қасиеті бар заттармен бірге қолданады. Қаптаушы заттар резорбтивті әсер көрсетпейді.

АДСОРБЦИЯЛАУШЫ ЗАТТАР

Адсорбциялаушы (сорып алушы заттар) заттар суда ерімейтін, тіндерді тітіркендірмейтін және адсорбциялық беткейлігі үлкен ұнтақ тәрізді инертті заттар. Теріге немесе шырышты қабаттарға қолданғанда олар химиялық қосылыстарды өзінің бетіне адсорбциялап, сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіргіш әсерлерден қорғайды. Сонымен қатар адсорбциялаушы заттар тері бетін немесе шырышты қабаттарды жұка қабатпен жаба отырып, сезімтал жүйке ұштарын механикалық түрде қорғайды. Мысалы, т а л ь к (4SіО2• 3МgО•Н2О) тері бетіне қолданылғанда бездердің бөлінділерін адсорбциялайды, теріні кептіреді және оны механикалық тітіркенуден қорғайды. Адсорбциялаушы заттарды (мысалы, белсендірілген  к ө м і р д і) химиялық қосылыстармен уланғанда қолдану өте маңызды.

Белсендірілген көмір ішке тағайыңдалғанда уытты заттарды адсорбциялайды, олардың сіңуін баяулатады немесе тоқтатады және мүмкін болатын жедел улануды басады. Сонымен қатар адсорбенттер диареяда (уытты заттарды адсорбциялайды), метеоризмде (күкіртгі сутекті сіңіреді) қолданылады.

ТІТІРКЕНДІРГІШ ЗАТТАР

Бұл топтың препараттары тері мен шырышты қабаттардың сезімтал жүйке ұштарына ынталандырғыш әсер көрсетеді.

Қыша қағазы (горчичник) майсызданған қышаның жұқа қабатымен жабылған. Оның тітіркендіргіш әсері қышаның эфирлік майына (алилизотиоцианат) байланысты. Қышаның кұрамында синигрин гликозиді мен мирозин ферменті бар. Қыша қағазын жылы (40 °С жоғары емес) сумен сулағанда мирозиннің әсерінен синигрин ферменттік ыдырауға түсіп, айқын тітіркендіргіш әсер көрсететін қышаның эфирлік майын түзеді. Қыша қағаздарын көбінесе тыныс алу мүшелерінің ауруларында, стенокардияда, сонымен қатар невралгияларда, миалгияларда қолданылады.

Эфир майларына кәдімі қарағайдың шырынын айыру арқылы алынатын тазартылған терпентин майы жатады.  Негізгі әсер етуші зат болып α-пинен (терпендер тобынан - жартылай немесе толығымен гидрирленген ароматикалық көмірсулар туындыларынан тұратын көптеген эфирлік майлар) саналады, оның айтарлықтай липофилділігі бар, сондықтан эпидермис арқылы сіңіп, сезімтал жүйке ұштарына тітіркендіргіш әсер көрсетеді. Құрамында тазартылған терпентин майы бар препараттар көбінесе жергілікті невралгияларда, миалгияларда, буынның ауыруларында ысқылап жағу үшін қолданылады.

Аталған тітіркендірігіш заттар екі мақсатпен қолданылады. Біріншіден, ауыру сезімін басу үшін зақымдалған мүшенің немесе тіннің аймағына әсері - алаңдатушы әсер деп аталады. Екіншіден, патологиялық үрдістер орын алған ішкі мүшелердің(тіндердің) трофикасын жақсарту үшін.

Алаңдатушы әсері ОЖЖ-де тітіркендірудің екі ағынының өзара әсерлесуі мүмкіндігімен түсіндіріледі - патологиялық өзгерген ішкі мүшелер мен тітіркендіргіш заттардың әсер ететін жерлеріндегі тері беті. Бұл жағдайда висцералды мүшелерден афферентті импульсацияға берілу әлсірейді. Бірақ мұндай көзқарас аса болжамалы, висцералды және соматикалық импульстердің өзара әсерлесуі физиологиялық дәлелденген. Бұл жайлы клиникалық көрсеткіштер де куә болады. Сонымен, ішкі мүшелердің ауруында терінің белгілі бір жерлерінде (Захарин-Гед аймағы) сезімталдықтың жоғарылауы байқалады. Мысалы, стенокардияда науқастар жауырынның тұсында немесе сол жақ қолында ауыру сезімін байқайды. Тітіркендіргіш заттардың әсерінен ОЖЖ-де ауыру сезімдерін басатын қасиеті бар заттар энкефалиндердің бөлінуі жоққа шығарылмаған (8 тарауды қара).

Одан басқа қоздырғыш заттар ішкі мүшелерге оң трофикалық әсер көрсетеді. Бұл бірқатар механизмдерге байланысты болуы мүмкін. Сонымен, трофикалықкәдімгі тері-висцералды рефлекстермен және постганглионарлы симпатикалық талшықтармен антидромды түрде (аксон-рефлекс түрінде) іске асадыдеп болжайды. Екінші варианттағы қоздырғыштар ОЖЖ-нен тыс тері рецепторынан ішкі мүшелерге барады. Ауыру сезімдерін басатын тітіркендіргіш заттардың алаңдатушы әсері трофикада жағымды рөл атқарады. Теріні тітіркендіргенде биологиялық белсенді заттардың (гистамин және т.б.) бөлінуінің белгілі бір маңызы бар екендігі де ескеріледі.

Тітіркендіргіш заттарды қойған жерлерде тері қызарып, біраз ісінулер пайда болады. Бірақ бұл жергілікті әсерлердің ешқандай емдік маңызы жоқ.

Гиперемия артериолдар мен капиллярлардың рефлекторлы кеңеюімен түсіндіріледі.Бұл көбінесе аксон-рефлекске байланысты жүреді. Қозу тері рецепторларынан сезімтал талшықтарға, кейін коллатералдар арқылы (ОЖЖ-нен тыс) тері тамырларына барады. Сонымен қатар тітіркендіргіш заттарды қойған жерде биологиялық белсенді заттар, мысалы, гистамин бөлінеді. Ол да тамырларды кеңейтіп, капиллярлардың өткізгіштігін жоғарылатады (соңғысы экссудацияның жоғарылауымен және тіндердің аздап ісінуімен жүреді).

Кейбір тітіркендіргіш заттар терінің және шырышты қабаттардың сезімтал жүйке ұштарына аталған әсерлерді көрсетуден басқа жүрек қызметінің, тамырлардың тонусының және тыныс алудың рефлекторлы өзгеруін шақырады. Мұндай препараттарға ментол және аммиак қосылыстары жатады.

М е н т о л бұрыш жалбызы эфир майларының негізгі компоненті. Терпендік қатардың спирті. Тоңу сезімдерін шақыратын суықтық рецепторларға таңдамалы қоздырғыш әсер көрсетеді. Тітіркендіргіш әсер әлсіз анестезиялық әсерге ауысуы мүмкін. Ментол беткейлік тамырлардың да, терең орналасқан жәнс ішкі мүшелердің тамырларының да тонусын рефлекторлы өзгертеді.

Ментол жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуымен жүретін ауруларда (тамшы, жағу, интратрахеалды құюлар, ингаляция түрінде) қолданылады. Ол стенокардияда тіл астына тағайындалатын валидолдың негізгі ингредиенті. Препарат ауыз қуысына сіңіп, жиырылып қалған жүрек тамырларын рефлекторлы кеңейтеді. Ментолды невралгияда, миалгияда және артралгияда тері бетіне ысқылап жағу үшін қолданылады. Бастың сақинасында (мигренъ) оны самайдың тұсына (кұрамында 20 бөлік ментолы және 80 бөлік парафині бар ментолды қарандаш қолданылады) ысқылап жағады.

Аммиактың айқын тітіркендіргіш әсері бар.Аммиак ерітіндісінің (мүсәтір спирті - NН4ОН) буын иіскеу жоғарғы тыныс алу жолдарының

сезімтал жүйке ұштарын қоздырады және тыныс орталығын рефлекторлы ынталандырады. Аммиак ерітіндісін естен танып кұлауда, мас болуда ингаляция түрінде қолданылады. Соңғы жағдайда аммиак ерітіндісінің 5-10 тамшысын ішке беруге де (жарты стакан суда) болады. Сол сияқты аммиак ерітіндісінің дезинфекциялаушы қасиеті бар, сондықтан оны хирургтың қолын өңдеуде қолданылады.

Тұтқыр, қаптағыш және сорғыш дәрілер.

Сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіргіш факторлардан қорғайтын препараттарға -тұтқыр, қаптағыш және сорғыш дәрілер жатады.

Тұтқыр дәрілер

Тұтқыр дәрілер шырышты қабатпен жанасқан кезде коллоидты қосылыстар түзеп, нәтижесінде тамырлардың тарылуына, олардың экссудаттар үшін өткізгіштігіне төмендеуіне, ауыру сезімінің басылуына, қабыну үрдісінің азаюына әкеледі. Тұтқыр дәрілерге органикалық заттар (танин, емен қабығының қайнатпасы, шайқурай шөбінің тұнбасы, шатыраш жапырағы, зерде гүлін ж.т.б.), неорганикалық (висмут субнитраты, дерматол, ксероформ, қорғасын ацетаты, ашутас (квасцылар), мырыш тотығы, мыс сульфаты, күміс нитраты және т.б.) жатады.

Танин(Tanninum) танин қышқылы немесе галло тұтқырлық (тері илейтін) май және ерітінді түрінде шығарылады. Танин ауыр метал тұздарымен және алкалоидтармен (морфин, атропин, никотин, кокаин) қосылып нашар еритін қосылыс түзейді. 

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Ауыз қуысын, жұтқыншақты 1-2% ерітінді түрінде шаю үшін, күйік, ойық жараларда сыртқа 3-10% ерітінді және май түрінде жауыр кезінде қолданылады. Іштің өтуі кезінде таниннің шырышты қабықтарда тұнбаға түспеуі үшін, танинді ақуызбен қосылған қосындысын (танальбин) қолданады. Ауыр металл тұздарымен және алкалоидтармен уланғанда асқазанды жуу үшін 0,5% ерітіндісі қолданылады. Танин тұрақсыз қосылыстар түзейді, сондықтан асқазаннан тез шығару (3-5 минут арасында) керек.

Жанама әсерлері.Асқазанның шырышты қабатында қалаусыз тұнбалардың түзуіне әкелуі мүмкін.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Tannini spirituosаe 4% - 25 ml

                             D.S. Күйіктің ІІ сатысында теріге жағу үшін.

                                                          #

Емен қабығының қайнатпасы(Decoctum corticis Quercus), сонымен қатар таниннен тұратын басқа да өсімдіктердің тұнбасы мен қайнатпалары (шайқурай шөбі, шатыраш жапырағы, зерде гүлі, тарлан тамыры, сиырсілекей, қаражидек, мойыл ж.т.б.) стоматит, гингивит және басқа да ауыз қуысының қабынуы кезінде қолданылады.

Рецепт үлгісі. Rp.: Decоcti corticis Quercus 20,0 – 200 ml

                              D.S. Ауызды шаю үшін.

                                                 #

Висмут субнитраты(Bismuthi subnitras) және оның тендестері дерматол (висмут субгаллат), ксероформ (висмут негізінің трибромфенолаты) сонымен қатар, қорғасын ацетаты (Plumbi acetas),ашутас (Aluminum),күміс, мыс, мырыш препараттары және басқа да тұтқырлайтын, антисептикалық, үлкен шоғырымда күйдіретін әсері бар дәрілер. Терінің және шырышты қабаттың қабынулырында, энтерит, колит кезінде антисептикалық, май және сеппе ретінде теріні тазалау үшін, артық грануляцияны алып тастау үшін қолданылады.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 1311; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!