Рецепт на настойку пустырника 16 страница



Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Асқазанның ойық жаралары кезінде спазмолитикалық және ауырсынуды басатын дәрілер ретінде, өт жолдарының тас ауруларында және басқа да асқорыту мүшелерінің ауруларында. Тұндырмасын ішке ересектерге 5–10 тамшыдан, балаларға 1–5 тамшыдан қолданады.

Кері көрсеткіштері.Глаукома, ішек атониясы.

Жанама әсерлері. Ауыз құрғауы, көз қарашығының кеңеюі.

Шығарылу түрі. 25 мл тұндырмасы флаконда; 250 және 500 г ұнтағы; 25 г кепкен экстракт; 15 мг тік шекке арналған балауыз. Итжидектің қоспалы дәрілері демікпеге қарсы жиынтық құрамына кіреді: «Бепасол», «Бесалол», «Бекарбон», «Беллалгин», «Белластезин», «Беллатаминал» таблеткасы; «Беллоид» драже; «Анузол» мен «Бетиол» балауыз, «Солутан» тамшы.  

Рецепт үлгісі. Rp.: T-rae Belladonnae 10 ml

                              T-rae Valerianae 20 ml

                              Mentholi 0,25

                              M.D.S. Сумен ішке 5-10 тамшысын ішу.

                                              #

Платифиллин (Platyphyllinum) шеткі м-холинорецепторларға әсер етуі бойынша атропинге ұқсас, бірақ сәйкес келетін мөлшерде әсері одан кем емес және науқастар жақсы көтереді. Атропинге қарағанда вегетативті жүйке түйіндерінің н-холинорецепторларын күштірек тежейді, ОЖЖ-нің тамырларды қозғалтқыш орталығына тыныштандырғыш әсер көрсетеді, сонымен қатар миотропты спазмолитикалық әсер көрсетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Асқазанның ойық жарасы, асқорыту жолдарының түйілулері, бронх демікпесі, гипертониялық ауру, өт пен несеп жолдарының тас аурулары және көз қарашықты кеңейту үшін қолданылады (0,005 г таблетка және 0,2% ерітінді 1 мл және 0,01 балауыз).

Кері көрсеткіштері.Глаукома, миастения, сонымен қатар бауыр мен бүйректің органикалық ауруларында.

Жанама әсерлері.Ауыздың құрғауы, тахикардия, көз қарашығының кеңеюі, аккомодация салдары.

Шығарылу түрі.5 мг таблетка; 0,2% ерітіндісі 1 мл ампулада N.5, 10.

 

Скополамин (Scopolaminum) - химиялық жағынан атропинге жақын. Осыған байланысты холинореактивті жүйеге оның әсері атропинге ұқсас болып келеді, бірақ ең басты әсер ететін нүктесі орталық жүйке жүйесіндегі вистибулярлы аппарат жатады, оған тыныштандыратын ықпал етеді. Біріктірілген препарат «Аэрон» (Tabulettae «Aeronum») таблетка түрінде шығарылады, оны теңіз бен әуе ауруларында және құсу мен жүректің айнуымен жүретін басқа да ауруларда қолданылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Балалар тәжірибесінде тыныштандыратын дәрі ретінде, паркинсонизмді емдеу үшін, теңіз бен әуе аурулары кезінде құсуға қарсы. 0,05% ерітінді түрінде егу ретінде қолданылады.

Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері.Атропинге ұқсас.

Шығарылу түрі.Ұнтақ ретінде;0,05% егуге арналған ерітіндісі 1 мл ампулада; «Аэрон» таблеткасы N.10 - құрамында 0,1 мг скополамин бар.

Рецепт үлгісі.Rp.: Sol. Scopolamini 0,5%-1 ml

                                      D.t.d. N.10 in amp.

                                      S. По 1 мл подкожно 2-3 раза в день.

#

Метоциний йодид (Metocini iodidum), метацин. Жасанды синтетикалық препарат - шеткері, таңдамалы М-холинолитикалық зат болып табылады. Бронх бұлшықеттеріне әсер етуі бойынша атропинге қарағанда әсері жоғары болып келеді. Сілекей және бронх бездерінің секрециясын күшті тежейді, сонымен қатар мидратикалық әсері төмендеу болып келеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара аурулары, созылмалы гастрит, бүйрек және бауыр түйілулері, сілекей мен бронх бездерінің секрециясын төмендету үшін, бронх тарылуында, ерте босану қауіпі болған кезде жатырдың жоғары қозғыштығын төмендету үшін, премедикация үшін қолданады. Ішке тамаққа дейін 2-5 мг күніне 2-3 рет тағайындау қажет; ал егу үшін 0,5-2 мл-ден 0,1% ерітіндіні. 

Кері көрсеткіштері.Глаукома, аталық безінің гиперплазиясы, жыпылықтау аритмиясы, тахикардия, бүйрек және бауыр қызметінің жедел бұзылуы, ішек атониясы, зәр шығару бұзылысы.

Жанама әсерлері.Ауыз құрғауы, іш қату, мидриаз, тахикардия, аккомодация және зәр шығару бұзылысы, көзішілік қысымының жоғарылауы.

Шығарылу түрі. 2 мг таблеткасы; 0,1% ерітіндісі егуге арналған 1 мл ампуласы.

 

Пирензепин (Pirenzepinum), гастроцепин. Пирензепин - асқазандағы М1- холинорецепті талдамды тежейтін дәрілер. Асқазандағы парасимпатикалық торапты тежейді. Асқазанның кілегей қабатын зақымдаудан сақтайды. Сілекей бездерінің секрециясын төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Асқазан және он екі елі ішектің жедел жәнесозылмалы ойық жара ауруларының түрінде, ішектің гиперацидтік гастрит және ойық жара зақымдануларында 0,5% ерітінді түрінде 1 мл ампулада және таблеткада 0,025 мен 0,005.

Кері көрсеткіші. Аталық безінің гипертрофиясы, глаукома, қақпа стенозы, жүктіліктің 1-ші үш айында.

Жанама әсерлері.Кейде ауыз қуысының құрғауы, аккомодация бұзылуы, іш өту немесе іш қату, көздің жақыннан көруінің жеңіл бұзылыстары.

Шығарылу түрі. 25 және50 мг таблеткасы N. 20, 50; 0,5% ерітіндісі егуге арналған – 2 мл ампуласы.

Рецепт үлгісі.Rp.: Pirenzepini 0,005

                                  D.t.d. N. 50 in tab.

                                  S. 50 мг күніне 2 реттен 30 мин тамақтың алдында.

#

Ипратропий бромид(Ipratropiі bromidum), атровент. Ипратропий бромиді м-холинорецепторлардың шеткі тежегіштері, антихолинергиялық әсер көрсетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Созылмалы обструктивті бронхит, бронх демікпесі, жедел ринит. Ингаляция ретінде 0,4-2 мл ерітіндіден тәулігіне 3-4 рет.

Кері көрсеткіштері.Жабық бұрышты глаукома, жүктілік. 

Жанама әсерлері.Бас ауыруы, лоқсу, ауыз құрғауы, қақырықтың тұтқырлығының жоғарылауы.

Шығарылу түрі.Мөлшерленген аэрозоль бүркуге арналған баллоны – 10 мл (21 мкг/ мөлшер; 200 мөлшер) және 15 мл (20 мкг/ мөлшер; 300 мөлшер); 0,03% аэрозоль (интраназалдық) 10, 15, 20 және 20 мл флаконы; 0,0125 және 0,025% ерітіндісі бүркуге арналған – 2 мл флаконы; 0,025% ерітіндісі тамшы ретінде егуге 20, 40 және 100 мл флаконы; 5 мг капсула ұнтағы ерітіп бүрку ретінде (0,2 мг/мөлшер); 10 мг таблеткасы; 0,05% ерітіндісі егуге арналған.

Рецепт үлгісі. Rp.: Aerosoli Ipratropii bromidі 0,03% -15 мл

                              D.S. 1 – 3 мөлшерден тәулігіне 3 - 4 рет ингацияға.

                                                        #

 Тиотрпия бромид (Tiotropii bromidum), спирива. Препарат айрықша тыныс алу жолдарының М3 – холинорецепторларды тежейді, ипратропий бромидпен салыстырғанда белсенді, әсері кеш және ұзаққа созылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Өкпенің созылмалы обструктивті аурулары. Ингаляция ретінде тәулігіне 1 капсуладан .

Кері көрсеткіштері.Жабық бұрышты глаукома, жүктілік (1 үш айында), 18 жасқа дейінгі балаларға.

Жанама әсерлері.Ауыз құрғауы, іш қату, тахикардия, жөтел, зәр шығуының қиындауы, глаукоманың өршуі, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі.Ұнтақ ретінде капсуласы 18 мкг ингаляцияға арналған N.30.

Рецепт үлгісі. Rp.: Tiotropii bromidі 0,000018

                               D.t.d. N.30 in caps.

                               S.1 капсуладан күніне 1 рет ингаляция үшін.

                                               #

Гиосциана бутилбромид (Hyosciani butylbromidum), бускопан. Препарат өте таңдамалы холинотежегіш әсер көрсетеді, АІЖ арқылы нашар сіңіріледі және қан мен ми арасындағы тосқауыл арқылы өтпейді. 

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Өттің тас ауруы және несеп-тас ауруы кезіндегі түйілу ауыру кезінде, созылмалы холецистит, өңештің, өт қапшығының және өт шығару жолдарының гипермоторлы дискинезиясында, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруында, тітіркенген ішек синдромы кезінде, дисменореяда, сонымен қатар босану кезінде жатырдың кеш ашылуында, нәрестелердің пилороспазмында тағайындайды. Ішке 10-20 мг күніне 3-5 рет және бұлшықетке немесе көктамырға 20 мг (2%) күніне 1-2 рет, 3 жасқа дейінгі балаларға 5 мг тәулігіне 3 рет.

Кері көрсеткіштері.Глаукома және аталық безінің гипертрофиясында.

Жанама әсерлері.Ауыздың құрғауы, тахикардия, зәр бөлінуінің қиындауы.

 Шығарылу түрі.10 мг таблеткасы N.20; 10 мг балауызы тік шекке арналған N.5; 2% ерітіндісі егуге арналған ампуласы N.5.

Рецепт үлгісі. Rp.: Supp. cum Hyosciаnі butylbromido 0,01

                             D.t.d. N.5

                             S.1 балауыздан тік ішекке жатар алдында.

                                               #

Тровентол(Troventolum), трувент. Тровентол антихолинергиялық зат болып табылады, айрықша бронх холинорецепторына әсер етеді, атропинге қарағанда әсері күшті, ұзағырақ, науқастармен жақсы көтеріледі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Созылмалы обструктивті бронхитте, бронх тарылуында, созылмалы өкпе қабынуында, бронх демікпесінің жеңіл және орташа дәрежесінде қолданылады. Ингаляция ретінде (аэрозоль) 40-80 мкг (1-4 дем алу) тәулігіне 2-3 рет.

Кері көрсеткіштері.Жабық бұрышты глаукома, жүктілік.

Жанама әсерлері.Ауыз қуысының құрғауы, аккомодация бұзылуы, көзішілік қысымының жоғарылауы.

Шығарылу түрі.Мөлшерленген аэрозоль ингаляцияға арналған баллоны (40 және 80 мкг/мөлшер; 200 мөлшер)

Рецепт үлгісі. Rp.: Aerosoli Troventoli 0,00004

                             D.S. 1 – 4 мөлшерден тәулігіне 2 - 3 рет бүркеуге.

                                                        #

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

7.6 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

2. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

7.7 Бақылау (сұрақтар, тестілер. тапсырмалыр, т.б.)

1. М-холиноренепторларға әсер ететін дәрілер.

2. М- холиномиметнкалык дәрілер(пилокарпин гидрохлориді, ацеклидин).

3. Негізгі фармакологиялық әсерлері. Көзге (қарашықтың көлеміне, көз іші қысымына, аккомодацияға), ішкі ағзалардың тегіс бұлшықеттеріне, бездер секрециясына әсері.

4. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, колданылуы.

5. Мускариннің уытгы әсері. Улануды емдеу.

6. М-холиноблокаторлық дәрілер (атропин сульфаты, беладонна сығындысы, платифиллин гидротартраты, метацин). Қолданылуы.

7. Атропиннің көзге, жүрек-қантамыр жүйесіне, тегіс бұлшықеттерге, бездерге тигізетін әсері. ОЖЖ-не тигізетін әсерлерінің ерекшеліктері. Қолданылуы.

8. Итжидек (белладонна) препараттары.

9. Атропинмен улану және көрсетілетін жәрдем.

10. Таңдамалы әсер ететін М – холиноблокаторлар (пирензепин, ипратропиум бромиді)

 

 

7.1 Тақырып №8 Н-холинорецепторларға әсер ететін дәрілер. Н-холиномиметикалық дәрілер (цититон, лобелин гидрохлориді). Негізгі эсерлері. Қолданылуы. Никотиннің уытты әсері. Н - холиномиметикалық заттарды темекі тартумен күрес жүргізуде колдану.

7.2 Мақсаты:Н-холинорецепторларға әсер ететін дәрілер, оның ішінде Н-холиномиметикалық дәрілер (цититон, лобелин гидрохлориді) туралы негізгі мағлұмат беру. Негізгі әсерлері. Қолданылуы. Никотиннің уытты әсері. Н - холиномиметикалық заттарды темекі тартумен күрес жүргізуі жайлы мәлімет беру.

7.3.Оқытудың міндеті

Н-холинорецепторларға әсер ететін дәрілер. Н-холиномиметикалық дәрілер (цититон, лобелин гидрохлориді). Негізгі эсерлері. Қолданылуы. Рецепт жазуды үйрету. Никотиннің уытты әсері. Н - холиномиметикалық заттарды темекі тартумен күрес жүргізуде колдану.

7.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Н-холинорецепторларға әсер ететін дәрілер.

2. Н-холиномиметикалық дәрілер (цититон, лобелин гидрохлориді).

3. Негізгі эсерлері. Қолданылуы.

4. Никотиннің уытты әсері.

5. Н - холиномиметикалық заттарды темекі тартумен күрес жүргізуде колдану.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

Ақпараттық-дидактикалық блок.

Н-холиномиметиктер

Лобелин (Lobelinum),лобесил.Лобелин алкалоид каротид шумағы рецепторларына холиномиметикалық әсер етеді. Тыныс алу және тамырларды қозғау орталығын рефлекторлы жолмен қоздырады. Алдымен қан қысымын көтеріп, сосын тез арада төмен түсіреді. Никотинсезімтал рецепторларды аз мөлшермен белсендіру, біртіндеп никотинге құмарлықты доғартады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Тыныстың рефлекторлық кідірісі (ота жасау, жарақаттар). Тынысты белсендіру үшін 1% ерітіндіні ампула түрінде 1 мл-ден қолданылады. Қазіргі уақытта әсерінің қысқа болуына байланысты сирек қолданылады. Темекі шегуді қойғызудың қосымша құралы ретінде қолданылады. Бұндай жағдайда темекі шегушілердің өздерінің темекіні қоюға ынталары болуы керек. 7-10 күн ішінде темекі шегуді қойғаннан кейін, күніне 4-5 реттен ішке 2 мг таблетканы қабылдайды.

Кері көрсеткіштері. Тыныс орталығының қозғыштығын төмендететін заттармен (ұйықтататын және наркотикалық анальгетиктер) улану кезінде, жүрек қан тамыр жүйесінің, асқазанның ойық жарасы ауруында және ұлтабар ішегінің асқыну кезіндегі ағзалық ауруларында қарсы көрсетілген.    

 Жанама әсерлері. Дәріні тез енгізген кезде демігіп қалуы, әлсіздік, бастың айналуы, жүректің айнуы және құсу сияқты әсерлер көрінуі мүмкін.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 630; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!